Бизнес жоспардың анықтамасы, мақсаттары мен тапсырмалары


1. 1 Бизнес жоспардың анықтамасы, мақсаттары мен тапсырмалары.
Өзінің іс-әрекеттерін жоспарламай және алдағы нәтижелерді болжамай, қазіргі кездегі өзгермелі экономикалық жағдайда оңтайлы шешімге қол жеткізу мүмкін емес.
Жоспарлау - кәсіпорынды басқарудың маңызды тетіктерінің бірі. Нарық жағдайындағы кәсіпорынның барлық коммерциялық ортада қолданатын ортақ тетігі бар, олар тәуекелдікті азайтып, еңбекқабілеттілігін жоғарылатып, кәсіпорынды бәсекеге қабілетті етеді.
Кез - келген бизнес саласындағы кәсіпорын үшін өндірістік - шаруашылық тактикасы мен стратегиясын ұйымдастыру маңызды болып табылады. Жоспарлау - кез-келген кәсіпорынға қажетті. Нарықтық қатынастарға өтуге бағытталған қазіргі экономикалық жағдай кәсіпорындарға ішкі фирмалық жоспарлаудың жаңа қадамдарын енгізуді талап етеді. Олар қабылданған шешімдердің максималды тиімділігін қамтамасыз ететін жоспарлаудың формалары мен модельдерін іздеуге міндетті.
Тиімді шешімдерге жетудің оңтайлы нұсқасы ол - жоспарлаудың прогрессивті түрі, яғни бизнес жоспар. Бизнес жоспарда кәсіпорын болашақ және ұзақ мерзімді кезеңде жүзеге асыратын барлық іс-әрекеттері, қызметтері көрсетіледі. Алайда кәсіпорын өзі әсер ете алмайтын сыртқы факторларды ескеруі қажет.
- Инфляция, жұмыссыздық дәрежесі, тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігі, несиенің пайыздық мөлшерлемесінің көлемі және т. б.
- Саяси, табиғи, ғылыми - техникалық факторлар және т. б.
Кез - келген басқару жүйесі белгілі бір анықталған ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бюджеттік басқару - бухгалтерлік және басқару есебінің ережелеріне сәйкес құрылады. Басқару есебінің тәртібі мемлекеттік нормативтік құжаттармен бекітілген. Ресейдің кәсіпорында қазіргі таңда басқару есебінің тәртібі тек қана ішкі корпоративтік құжаттарда бекітілген.
Бизнес жоспар қаржы менеджментінің жүйесінде үлкен рөл атқарады. Сондықтан онда кәсіпорын қаржылық - экономикалық көрсеткіштері жайлы бөлім болуы қажет; кәсіпорынның мақсаты жайлы бөлім; алға қойған мақсаттардың жалпы санын, сол мақсатарға қол жеткізуге кететін мерзім. Кәсіпорынның қаржылық - экономикалық талдау арқылы қабылданған бизнес- жоспар негізінде оның қаржы ресурстарын басқаруда шешімдер талқыланып, қабылданады. ( 1. 1 - кесте) . Бизнес - жоспарда көрсетілген мына жағдайларды ескере отырып, коммерциялық жобаны қаржыландыру жөнінде шешім қабылданады:
- Қаржылық - экономикалық тартымдылығының бағалауан;
- Техникалық - экономикалық нәтижесін.
Бизнес - жоспар фирманың өзінің кәсіпкерлік іскерлігінің объективті бағасы ретінде көрінеді, сонымен қатар ол нарық қажеттілігіне сәйкес инновациялық жобаларды қабылдау үшін қажетті құрал болып табылады.
Ол жерде коммерциялық кәсіпорынның негізгі аспектілерінің мінездемелері, ол қақтығысатын проблемаларды талдау және оларды шешу жолдары бекітіледі. Бизнес - жоспар бірмезгілде ізденіс, ғылыми - зерттеулік және жобалық жұмыс. Бизнес жоспар мақсаты жаңа өнім шығару немесе қызмет көрсету, несие алу не болмаса инвестицияларды тарту, фирманың стартегиялық - тактикалық бағытын анықтау болып табылады. (кесте 1. 2) .
1. 2 - кесте. Бизнес - жоспарда инвесторлар мен кәсіпкерлердің қызығушылықтарының көрінуі.
Осыған сәйкес, кәсіпорын бизнес жоспарының басты мақсаты:
- Ұсынылған жобаның пайдалы жақтарын көрсету;
- Өндірістің даму мүмкіншіліктерін көрсету;
- Коммерциялық іскерліктің мақсаттары мен тапсырмаларын орындау бағдарламаларымен таныстыру;
- Инвесторларды және қаржы серіктестіктерін тарту.
Сәйкесінше, бизнес жоспар кәсіпорынның функционалдық қызметінен тәуелсіз алда тұрған стратегиялық және тактикалық тапсырмалардың шешімін қарастырады:
- Кәсіпорынның ұйымдастырушылық - басқарушылық және қаржылық - экономикалық жағдайын бағалау;
- Кәсіпкерліктің іскерлік потенциалды мүмкіншіліктерінің байқалуы, күшті және әлсіз жақтарын талдау;
- Жоспарланған мерзімде инвестициялық жобаларды қалыптастыру;
Бизнес - жоспарда мыналар қарастырылады:
- Нарық шарттарына негізделген кәсіпорынның жалпы және негізгі қызметі;
- Бәсекелестіктің стратегиясын және тактикасын таңдау;
- Кәсіпорынның мақсатына жетуге қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының бағалануы;
Бизнес-жоспар өндірістің даму мүмкіншіліктерінің объективті көрінісін береді, Инновацияның нарыққа өту әдістерін, бағаны, болжанған түсімді, кәсіпорынның басты қаржылық-экономикалық нәтижесін, сонымен қатар тәуекелділік дәрежесін белгілейді және оны төмендету жолдарын ұсынады. Бизнес - жоспардың қолданылуы қызмет сферасына немесе кәсіпорынның жекеменшік және ұйымдастырушылық формаларына байланысты емес. Бұл жерде кәсіпорынның басқарылуымен байланысты ішкі және сыртқы мәселелері, сонымен қатар басқа да фирмалармен, ұйымдармен қарым - қатынасы шешіледі.
Осылайша, бизнес жоспар бұл тек қана құжат емес, ол кәсіпорынның болашақтағы коммерциялық қызметінің мақсаты мен тапсырмаларын көрсететін, сонымен қатар стартегиясы мен жетістіктерін белгілейтін техникалық, экономикалық - қаржылық және басқару бизнесінің құралы.
Бизнес - жоспарда кәсіпорынның өндірістік - технологиялық және инновациялық саясатын сипаттайтын бөлім болуы қажет:
- Белгілі бір уақыт аралығында өндірілетін өнім көлемі; ( 1 жылдан 5 жылға дейін) ;
- Өндірістің қуаттылығы;
- Ұзақ мерзімді активтер жайлы;
- Өндірістік процесті басқару, өнімнің сапасын қамтамасыз ету;
- Өндірісті материалды қамтамасыз ету;
- Қоршаған ортаны қорғау.
Осылайша, бизнес - жоспар кәсіпорын қызметіне талдау жасауға және маңызды мақсаттарды таңдауға, фирманың функционалдық стратегиясын анықтауға мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz