Кеңес психологиясындағы тұлға теориясы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Кеңес психологиясындағы тұлға теориясы

Отандық ғылыми-педагогикалық ой-пікірдің ертеден қалыптасқан тарихы мен дәстүрі бар. Оның тарихи тамырлары өз бастауын ХІХ ғасырдан алады. Біздің елімізде психологияға деген қызығушылық тарихи тұрғыдан қоғамдық ғылыми білімнің дамуымен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік үрдістерді дұрыс түсінуде қоғамдық ұмтылыспен, адамгершілік, педагогикалық, діни, құқықтық сипаттағы проблемаларды қою және шешумен байланысты.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында отандық ғалымдардың психологиялық көзқарастары материализм мен идеализмнің, ғылым мен діннің шиленіскен күресі жағдайында қалыптасты. Біздің елімізде психология ғылымының жаңа бағытын талдауға алғашқылардың бірі болып сұраныс берген, сол кездегі әлемде үстемдік еткен бағыттардан өзгеше, аса көрнекті орыс физиологі И. М. Сеченовтың еңбектері болып табылады. Ол материалистік бағытты ұстана отырып, психикалық құбылыстар ағзаның рефлекторлық қызметінің құрамына кіретіндігін көрсетті, рефлекстің бөлінбейтін бөлігін құрайды, сонымен қатар органикалық үрдістер ретінде мінез-құлықты басқарады.

ХІХ ғасырда кең тараған, үстемдік еткен ескі интроспективтік психологияны жақтаушылар психикалық құбылыстардың мәні мен рөлін осылайша түсіндіріп, түпкілікті жоққа шығарған болатын.

Өткен ғасырдың аяқ кезінде Ресейде И. М. Сеченовты жақтаушылар мен ескі психологиялық мектептің арасында өткен ғылыми пікірталас өте қызу түрде жүргізілді. И. М. Сеченов интроспекция әдісін психикалық құбылыстарды тану әдісі ретінде жоққа шығарды, ал оның қарсыластары ол әдісті психикалық құбылыстардың мәнін түсінудің негізгі тәсілі ретінде қарастырды. Біздің елімізде психологиялық білімді одан әрі дамытуда, оның ішінде іс-әрекеттің психологиялық теориясын талдауда Сеченовтың идеялары В. М. Бехтерев және И. П. Павлов сияқты белгілі отандық ғалымдардың еңбектеріне ықпал етті. Сеченовтың ықпалымен ағзаның рефлекторлық қызметі туралы ілімді В. М. Бехтерев, И. П. Павлов сияқты талантты ғалымдар негіздеді. Олар орталық жүйке жүйесі жұмысының қызметін әр түрлі атаған болатын: Бехтерев «біріккен рефлекс», ал Павлов - «шартты рефлекс» деп атады. Олар алғаш рет психологияға мінез-құлықты (реакцияны) зерттеу пәні ретінде енгізді. Бірақ бихевиоризмді жақтаушылармен сол кезде жұмыс істеген Бехтерев пен Павлов және мінез-құлықты зерттеген отандық физиологтардың арасында ерекше қағидалық айырмашылықтар болды.

Бихевиористер сананы, психиканы жоққа шығарды. «Бехтерев пен Павловтың бихевиористерден айырмашылығы, - деп жазды М. Г. Яршевский, - олар сананың да рөлін, субстракттылықтың да рөлін жоққа шығарған емес». Олар жаңа материалистік психологияның қалыптасуы үшін ғылыми - жаратылыстану негіздерін қалады, оның қалыптасуы үшін ғылыми - жаратылыстану негіздерін қалады, оның қалыптасуы мен дамуы қазан төңкерісінен кейін іске асты.

1923 жылы бірінші Психоневрологиялық съезд шақырылып, онда психологияның міндеті қабылданған болатын. Орыс, кеңес психология ғылымының бой көтеруіне еңбек сіңірген ғалымдар: Б. Г. Ананьев, П. П. Блонский, А. С. Выготский, А. В. Запорожье, К. Н. Корнилов, А. Н. Леонтьев, А. Р. Лурия, С. Л. Рубинштейн, А. А. Смирнов, Б. М. Теплов, Д. Н. Узнадзе және басқалар болды. Кеңестер Одағының психологиялық ой орталықтары Москва, Киев, Тбилиси қалаларындағы психологиялық ғылыми-зерттеу институттарында, сондай-ақ университеттер мен педагогикалық институттардың психология кафедраларында болды.

Психология ғылымының негізгі принциптері 30-жылдары жүйелестірілді. Олардың ішінде негізгілері: детерминизм принципі, сана мен іс-әрекет бірлігі принципі, даму принципі.

Детерминизм принципі бойынша әрқандай психикалық құбылыс өмір салты, қоршаған орта әсерлеріне орай пайда болады, тіршілік жағдайының ауысуымен психика да өзгеріске келеді. Хайуанаттар психикасының дамуы табиғи сұрыптаумен айғақталады да, ал адам санасының дамуы - түпкілігінде қоғамдық даму ережелерімен, өндіріс әдістерінің даму заңдылықтарымен анықталады. Сонымен, психиканың адамдық қасиеттерге тән ерекшеліктері мен сананың пайда болуын және дамуын ғылыми тұрғыдан зерттеуге нақты негіз қаланды.

Психологиялық құбылыстарды себеп-салдарлы негізде қарастырудан интроспектік әдіснама және оның зерттеу әдістері ғылым саханасынан ығыстырыла бастады. Енді психика өзімен өзі тұйықталған құрылым емес, ол сыртқы әсерлердің себебінен пайда болған құбылыс, ал оның салдарлы мәні тысқы іс-әрекетте көрініс береді деген тұжырым үстем болды. Өзіндік бақылау орнына объектив әдіс қолданымын тапты. Бұл әдіс психологиялық зерттеулерде а) адамға әсер етуші факторларды анық білуге; б) осы әсерлердің сандық және сапалық сипаттамасын беруге; в) тысқы жауап, әрекет-қылықтарды белгілеп қалуға; г) тітіркендіргіш ықпалдарды салыстыруға мүмкіндік берді.

Детерминизм принципі психикалық процестердің табиғи механизмдері қоғамдық-тарихи факторлардың ықпалымен өзгеретіні, яғни адамның психикалық дамуына оның адамзат мәдениеті өнімін игеруі, қоғамдық қатынастарға араласуы маңызды ықпал жасайтыны жөніндегі концепцияға негіз болды.

Осы принцип негізінде қалыптасқан кеңес психологиясының және бір жаңалығы - қоршаған ортамен қатынаста тысқы дүниеге қарсы тұратын жай саналы адам емес, ол жасампаз, объектив дүниені белсенді қабылдаушы, керек болса өзгертуші адам. Әлеуметтік ықпалдарды қабылдау, мәдениет-руханият туындыларын игеру адамның сыртқы дүниемен белсенді араласуында, оның іс-әрекеті процесінде жүзеге келеді. Психология теориясы мен практикасында детерминизм принципінің іске асуы психика дамуы, оқу мен тәрбие проблемасының шешілуіне негіз болды. Осыған орай психикалық дамуға ықпал жасаушы күштер жөніндегі мәселе үлкен маңыз алып, даму теориясындағы детерминизм табиғатын түсіну осы мәселенің шешіміне тәуелді болды.

Психикалық дамудың қозғаушы күштерін сипаттау үшін детерминизмді бірізді қолдану процесінде психологтар әрдайым психика дамуында биологиялық және әлеуметтік факторлар ара қатынасы, ішкі заңдылықтар мен сыртқы әсерлердің байланысы, даму мен оқудың сабақтастығы жөніндегі сұрақтарға кезіге берді. Бұл мәселелердің көбі әлі өзінің нақты шешімін таппағанымен, олардың біртарапты материалистік негіздемесінің қабылдануы психика дамуының себеп-салдарлық принципін ұстанғаннан болып отыр.

Психологиядағы детерминистік бағыттың іске асуының және бір жолы психиканың ми қызметіне қатынасты мәселе екені жөніндегі шешімінен. Детерминизм - психикалық құбылыстарды түсіндіруге физиологиялық қаңдылықтарды қолданудың негізі болды.

Алғашқы кеңес психологиясында детерминистік бағыт арнайы принцип ретінде қарастырылмаған еді. 50 жылдары С. Л. Рубинштейн бұл принцип рөліне баса мән беріп, оның әдіснамалық маңызы барын тұжырымдап, алға тартты. С. Л. Рубинштейн детерминизм принципін психикалық құбылыстардың табиғаты мен мәнін талдау үшін қолданып, психикалық құбылыстарды материалдық дүниемен өзара байланыста қарастырды.

Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі. Сана және іс-әрекет - жантану ғылымының өзекті категориялары. Бұл принциптің жүйелі зерттелуі 30 жылдары басталды. Алғашқы рет сана мен іс-әрекеттің бірлігі жөніндегі идеяны алға тартқан Л. С. Рубинштейн. ол «іс-әрекет және сана назар аударылған объектінің екі, әртүрлі тарапы емес. Олар табиғи біртұтас; теңдік емес, бірлік» - деп жазған.

Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі әрекеттің санасыз, ал сананың әрекет қатыспайынша қалыптаспайтынын негіздейді. Мұндай көзқарастан сананы тану іс-әрекетті зерттеу арқылы ғана мүмкін екені дәлелденді. Әрқандай ғылыми таным әрекет пен оның өнімін бөлуден олардың орындалу барысында көрінетін басқа психикалық процестерге өтуі қажет. Осылай, сана мен әрекет бірлігі принципі психологияның барша объектив әдістерінің негізіне айналды.

Ғылымға бұл принциптің енуі іс-әрекет теориясын дұрыс түсінуге бағыт берді. Осы кезге дейін психологияның қай бағыты болмасын, психиканы - ішкі құбылыс, ал әрекетті - сыртқы деп түсіндіретін. Ал сана мен әрекет бірлігі принципіне келетін болсақ, шыныда да, психика, сана тек ішкі құбылыс болып қалмайды. Осылайша, әрекет те тек тысқы көріністерімен танылып қалмай, өзіне тән ішкі мазмұнға да ие, бірақ бұл қасиет оның бір тараптан толық сипатын бере алмайды. Сана мен әрекет бірлігінің мәні: тұлғаның санасы мен барша психикалық қасиеттері әрекетте көрініп қана шектелмей, сол әрекет процесінде қалыптасады.

Адамның ішкі де, сыртқы да әлемінің бастауы мен барша мазмұны осы іс-әрекетте. Осындай пайымдаудан, сана мен психика әрекеттің ішкі сипатын құрап, ал әркеттің сырттан бақылауға келетін әртүрлі қылық формасында көрінуі қасиеті сол психиканың мазмұн сипаты ретінде қарастырылуы әбден ықтимал (С. Л. Рубинштейн) . Нәтижеде, психика жөнінде әңгіме қозғай отырып, психолог өз назарында бөлек, оқшауланған бір құбылысты ұстамай, оны іс-әрекеттің мәнді тараптары немесе ажыратылмас бөліктері деп қарастыруы тиіс. Яғни психика ішкі де, сыртқы да сипаттамаларына ие біртұтас жүйе, ал іс-әрекет болса, осы психикалық жүйені өзіне қамтып, оның қызмет атқаруына нәр беретін шексіз әлем.

Даму принципі. Даму категориясы философия ғылымының түсініктер жүйесінде жетекші маңызға ие. Даму идеясы Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалымен еніп, алғашқыда бала, кейін ересектер психологиясының қалыптасу негізіне айналды. Психика дамуы психика проблемаларын зерттеуде жалпы принциптік немесе әдістеме қызметін атқарады. Барша заңдылықтар, соның ішінде психикалық та, даму барысында қозғалыс пен өзгеруден туындап және жойылуына орай танылады (Л. С. Рубинштейн) .

Ғылыми психология дамуды жеке адамның бүкіл өмір сүру процесінің негізгі тәсілі ретінде қабылдайды.

Жантану ғылымы үшін даму принципі ерекше маңызға ие, себебі оның зерттейтін объектісі психика - өзінің аса үлкен динамизмімен сипатталады. Барша психикалық болмыс нақты даму процесінде пайда болады, жасайды және өзгереді (Б. Ф. Ломов) .

Психология әдістері. Ғылым - ең алдымен зерттеу ісі. Сондықтан, ғылым сипаттамасы тек оның пәнін анықтаумен шектелмей, әдістер аймағын тануды да қамтиды. Әдістер дегеніміз ғылымның пәндік мазмұнын анықтаудың жолдары, тәсілдері. Ғылым әдістері жаңа заңдылықтарды аша отырып, сол ғылымның негізгі заңдылықтарына иек артады. Осыдан зерттеу әдістері ғылымының өзімен бірге дамып, өзгерістерге келіп отырады.

Зерттеу әдістері қандай да бір әдіснамалық талаптарға сай болады, мұндай ғылыми-психологиялық зерттеулерге қойылатын талаптар келесідей:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
С.Л. Рубинштейн психологиясындағы әрекет оның түрлері, әрекет пен қозғалыс және әрекет пен дағды мәселелері
Қазіргі таңдағы басқару мәселесі
Балалар психологиясы ғылымының теориялық негіздемесі
Жетекші (басшылардың) стильдерінің қабылданған басқару шешімдеріне тигізетін әссрлерін зерттеу
Тұлғаны зерттеудегі теориялар мен ықпалдар
Индивид ­биологиялық түр өкілі, жеке тірі пенде
Тұлға теорияларының компоненттері
Жеке тұлға теориясындағы бихевиоралды бағыт
Педагогика және психология мамандығына арналған Психологиялық менеджмент
Тұлға теориясына байланысты тұжырымдамаларға шолу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz