Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 336:316. 334. 22 (574) Қолжазба құқығында

ИСАХОВА ПАРИДА БАКИРОВНА

Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету

08. 00. 10 - Қаржы, ақша айналысы және несие

Экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2008

Жұмыс Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде орындалды

Ғылыми кеңесші: экономика ғылымдарының докторы Интыкбаева С. Ж

Ресми оппоненттер: экономика ғылымдарының докторы Искакова З. Д.

экономика ғылымдарының докторы Нурумов А. А.

экономика ғылымдарының докторы Ержанов М. С.

Жетекші ұйым: М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және

коммуникациялар академиясы

Қорғау 2008 жылдың 25 сәуірінде сағат 14. 00-де Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін іздену үшін құрылған Д 14. 02. 01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде өтеді, мекен-жайы: 050035, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55, 144 бөлме.

Диссертациямен Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің кітапханасында танысуға болады.

Автореферат «__ » 2008ж. таратылды

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, э. ғ. д Темирбекова А. Б.

Жұмыс Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде орындалды

Ғылыми кеңесші: экономика ғылымдарының докторы Интыкбаева С. Ж

Ресми оппоненттер: экономика ғылымдарының докторы Искакова З. Д.

экономика ғылымдарының докторы Нурумов А. А.

экономика ғылымдарының докторы Ержанов М. С.

Жетекші ұйым: М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және

коммуникациялар академиясы

Қорғау 2008 жылдың 25 сәуірінде сағат 14. 00-де Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін іздену үшін құрылған Д 14. 02. 01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде өтеді, мекен-жайы: 050035, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55, 144 бөлме.

Диссертациямен Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің кітапханасында танысуға болады.

Автореферат «__ » 2008ж. таратылды

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, э. ғ. д Темирбекова А. Б.

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституцияда кепілдік берген әлеуметтік құқтарын іске асыру әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің деңгейіне байланысты.

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізу болып табылады. Адам факторы, адам дамуы - Қазақстан үшін стратегиялық мін­дет. Адам әрқашан да қоғамдық өмірді жаңарту, алдыңғы қатарлы экономикалық жетістіктер­ге жетуде негізгі рөл атқарады. Қоғамның барлық жіктері мен әлеуметтік топтарының өмір сүру деңгейін ұдайы жақсарта түсу мемлекет саясатының негізгі басымдығы болуы қажет.

Жеке адамның экономикалық тұрғыдан қажетті жағдайда өсіп-өнуі үшін мемлекет барлық жағдайды жасауға тиіс, бұл өз кезегінде қаржы ресурстарының үйлесімді, тиімді пайдалануын қамтамасыз ету тетіктерін жасауды қажет етеді. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бюджеттің, бюджеттен тыс қорлардың, корпорациялардың қаражаттары тартылады.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету тиімділігі әлеуметтік саясаттың басым бағыттары шеңберінде ғылыми негізделген әдіснаманы және рыноктық экономикаға кіріктірілген қаржылық механизмдерді әзірлеуді қажет етеді.

Халықты әлеуметтік қорғаудың негізділігі мен біріздендірілуі ғылым мен практика тарапынан жеткіліксіз зерттелген.

Халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің әдіснамасын, нысандары мен тәсілдерін ғылыми-баламалы тұжырымдама арқылы әзірлеу Қазақстанның негізгі проблемаларының бірі болып табылады, өйткені оны шешу мемлекеттің келешектегі әлеуметтік қана емес экономикалық өсуіне де жағдай жасайды.

Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін тұрақты қаржы көздерімен қамтамасыз етудің әдіснамалары, зейнетақы қорлары мен міндетті әлеуметтік сақтандыру қорларының қаржыларын тиімді қолдану проблемалары ғылыми ізденістердің шеңберінен тыс қалып отыр.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың әлеуметтік проблемаларды шешуге пайдаланатын қаржы ресурстарының тиімділігін қамтамасыз ету арқылы және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін нығайту арқылы әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге болады.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің қазіргі жағдайда қолданылып жүрген тетіктері тұрақты және тиімді пайдаланылмайды. Халықты әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік және корпоративтік саясаттың жаңа тетіктерін жүйелі түрде әзірлеу қажет.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің бюджеттен тыс көздерінің маңызы мен тиімділігін, әлеуметтік стандарттарға сай келетін табыстылығын қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін жоғарылатуға септігін тигізеді.

Жаңадан қалыптасқан үш сатылы әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуы жеткілікті талданбаған, белсенді халықтың еңбекке ынталылығын арттыратын, экономиканың дамуына септігін тигізетін әлеуметтік сектордың нәтижелілігін бағалайтын арнаулы критерийлер жеткілікті зерттелінбеген.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ететін институттар қызметінің тиімділігін, осы салаға арналған шығындардың, әлеуметтік қызмет көрсетудің толықтылығын бағалау, ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтаудағы әдіснаманы жетілдіру халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржыларын тиімді пайдалануға жағдай жасайды.

Осы жағдайлар зерттеу тақырыбын таңдауға, диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін айқындауға жағдай жасады.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етуді теориялық және әдіснамалық негізде талдау, қаржылық институттардың тиімділігін анықтау таңдалып алынған тақырыптың өзектілігін анықтайды.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі . Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің ұтымды бағытын теориялық және әдіснамалық тұрғыда зерттеу үшін оның негізін қалаушылар мен олардың ой-пікірлерін ары қарай жалғастырушы көптеген экономист ғалымдардың еңбектеріне сүйенуді және ондағы маңызды ұсыныстарды пайдалануды қажет етеді. Олардың қатарына батыстың С. Бриттан, Д. Норта, Л. Столерю, Ф. Хайек, И. Шумпетер Л. Эрхард сынды ғалымдарын жатқызуға болады.

ТМД елдерінде әлеуметтік қорғаудың қаржылық аспектілерін әр түрлі деңгейде талқылап, экономикалық маңыздылығын зерттеген ғалымдар көптеп кездеседі. Әлеуметтік мемлекет құру, әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттыру жөніндегі пікірлерді А. Бабич, Л. Дробозина, Е. Егоров, В. Жеребин, Е. Жильцов, С. Кадомцева, Г. Поляк, В. Роик, М. Седова, Е. Шутяк, И. Шейман, С. Шишкин, С. Янова, Ю. Якушев өз еңбектерінде жан-жақты қарастырған.

Әлеуметтік саясатты жүргізуде экономикалық тетіктерді қолдану тиімділігі жайында белгілі-экономист ғалымдар О. Баймұратов, А. Зейнельгабдин, Ө. Есқараев, Қ. Ильясов, Ж. Ихданов, С. Интыкбаева, Ұ. Искаков, В. Мельников., Н. Нурланова, Қ. Оқаев, Г. Осипова, Г. Сансызбаева, Н. Хамитов, Б. Чумаченко және тағы басқа ғалымдар өздерінің теориялық ізденістері мен зерттеулерінде, ғылыми еңбектерінде аталған проблеманың әр түрлі тұстарын қарастырып, олардың практикада қолданыс табуына өз үлестерін қосты. Соған қарамастан, рынок талаптарына сай келетін әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржы ресурстарын кемелдендіруді және әлеуметтік тәуекелдердің залалдарын жабудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін жаңа институттар мен құрылымдарды дамыту аясында әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің кейбір аспектілері одан әрі зерттеулерді талап етеді.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің тиімділігін ғылыми тұрғыдан, оны реформалауда жүргізілетін шараларды зерттеген ғылыми жұмыстар жеткіліксіз.

Сондықтан халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржы қорларының қалыптасуы мен пайдаланылуын теориялық және әдіснамалық тұрғыда саралау қажеттігі диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтауға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің теориялық және әдіснамалық негіздерін жүйелі түрде зерттеу және қаржымен қамтамасыз етудің тұжырымдамасын жасау болып табылады.

Қойылған мақсаттарға сәйкес зерттелімде мынандай міндеттерді шешу қарастырылған:

- халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің теориялық және әдіснамалық негіздерін жүйелі түрде зерттеу;

- әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің тұжырымдамасын әзірлеу;

- халықты әлеуметтік қорғау шығындарын қаржыландыруға арналған бюджет қаражаттарының нәтижелілігін талдау;

- міндетті әлеуметтік сақтандыру институтының қалыптасуы мен дамуының ұтымды бағытын анықтау;

- мемлекеттік емес зейнетақы қорларының халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудегі атқаратын рөлін талдау;

- әлеуметтік қорғау жүйесін салықтық реттеуді жетілдіру жолдарын қарастыру;

-микроқаржыландыру мен микронесиелеудің халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі алатын орнын анықтау;

-корпоративтік деңгейдегі халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне талдау жасау, халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудегі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің даму бағытын анықтау;

- әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациялардың әлеуметтік проблемаларды шешуге арналған қаржы ресурстарының қалыптасуы мен пайдалану бағыттарын зерттеу;

Зерттеу объектісі - Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету институттары мен қаржы ресурстары.

Зерттеу пәніне халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржы ресурстарының қалыптасуы мен оларды пайдалану үдерісіндегі экономикалық қатынастар жатады.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етуді талдауға арналған отандық және шетелдік экономистердің іргелі және қолданбалы зерттеулері болып табылады. Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғауды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету және әлеуметтік шығындарды қаржыландыру мәселелерімен айналысатын мамандардың ғылыми еңбектері негізге алынды. Зерттеудің әдістемелік негізіне халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етуді зерттеу мәселелерін ашып көрсету мүмкіндігі, өзара байланыстары мен өзара шарттасу диалектикалық қағидаттары алынды.

Зерттеудің мәліметтік базасы ретінде Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қаржы министрлігінің, интернеттің Web- сайтында орналасқан кәсіпорындардың, ірі ұлттық компаниялардың қаржы-шаруашылық көрсеткіштері мен іскерлік ақпараттары пайдаланылды.

Диссертациялық жұмыста статистикалық топтау, салыстыру, сараптаушылық бағалау, талдау және синтез, экономикалық талдау, болжау сияқты экономикалық - статистикалық әдістер қолданылды.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығына Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің теориялық және әдіснамалық негізін зерттеу, қаржымен қамтамасыз етудің тұжырымдамасын әзірлеу жатады.

Диссертациялық зерттеуді жүргізу барысында ғылыми жаңалық сипаты бар келесі нәтижелер алынды:

- халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржы ресурстарының қалыптасуының теориялық негіздері зерделеніп, халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің тұжырымдамасы жөніндегі автордың жеке ұстанымы берілді;

- әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған бюджет қаражаттарын пайдаланудың нәтижелілігін бағалайтын критерийлер ұсынылды;

- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қалыптасуы мен қаржыларын басқарудың әдістемелігі, сақтандыру жарналары тарифтерінің саясаты зерттелініп, міндетті сақтандыру қорының қаржылық қызметін бағалайтын интенсивтік және экстенсивтік көрсеткіштерді енгізу ұсынылды;

- халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржы ресурстарының өсу серпініне, әлеуметтік төлемақылардың көлеміне әсер ететін факторларды анықтайтын экономикалық-математикалық модель ұсынылды;

- халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі жинақтаушы зейнетақы қорларының рөлі талданып, олардың табыстылығын жоғарылататын әдістемеліктер ұсынылды, ерікті зейнетақыны сақтандыруды дамыту жөніндегі автордың жекеше ұстанымы берілді;

- әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ететін ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтаудың жаңа әдістемесін қолдану туралы автордың жеке ұсыныстары әзірленді;

- халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудегі корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті нығайту жолдары қарастырылды;

- әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың әлеуметтік проблемаларды шешудегі орны анықталып, өңірлік даму институттарының елімізде енгізілген моделіне талдау жасалынды, соның негізінде артықшылықтары мен осал тұстары сарапталып, баға берілді.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

- халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етудің тұжырымдамасы;

- мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын халықты әлеуметтік қорғауға арналған шығындардың тиімділігін анықтайтын критерийлер;

- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық қызметін бағалау және тарифтік саясатын жетілдіру әдістемесі;

- жинақтаушы зейнетақы қорларының табыстылығын жоғарылату тетігі;

- бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің тиімділігін анықтайтын қаржылық-экономикалық индикаторлар;

- ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтаудың автор ұсынған жаңа әдістемесі;

- әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың әлеуметтік проблемаларды шешуге арналған қаржылық ресурстарының тиімділігі.

Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңызы :

Жүргізілген зерттеу нәтижелері:

- халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржы ресурстарының қосымша көздерін тартуға;

- интенсивтік және экстенсивтік көрсеткіштер арқылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық қызметін бағалауға;

- әлеуметтік көмек, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру институттарын дамытудың басым бағыттарын анықтауға;

- жинақтаушы зейнетақы қорларының табыстылығын арттыруға;

- азаматтарды әлеуметтік қорғаудың барлық әдістері мен түрлерін есепке алатын, ай сайынғы ақша төлемінің мөлшерін көрсететін әлеуметтік төлемдердің біртұтас реестрін енгізу туралы ұсыныс жасауға;

-корпорациялардың әлеуметтік жауапкершілігін нығайтуға;

  • әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациялардың әлеуметтік проблемаларды шешуге арналған қаржы ресурстарының тиімділігін арттыруға жағдай жасайды.

Осы нәтижелердің практикада жүзеге асырылуы елдің экономикалық қарқынының өсуі мен Қазақстанның әлеуметтік бағдарланған мемлекетке айналуына, әлеуметтік саланың дамуына, халықты әлеуметтік қорғау қаржы институттарының тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Зерттеу нәтижелерін іске асыру. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда талқыланды және мерзімді басылымдарда жалпы көлемі 44, 59б. т. 40 ғылыми мақала жарияланды. Автор «Сорос-Қазақстан» қорының «Жергілікті өзін-өзі басқару»бағдарламасының қаржылық қолдауымен «Алматы қаласы бюджетінің әлеуметтік сферадағы мөлдірлігіне қол жеткізу» деп аталатын жобасында сарапшы-кеңесші ретінде Алматы қаласы бюджетінің әлеуметтік сфераға арналған шығындарының нәтижелігіне талдау жасап, талдамалық құжаттар әзірледі.

Зерттеу жұмысының нәтижелері ғылыми- практикалық конференцияларда баяндалып, мақалалар жарияланды. Автордың жеке ұсыныстары мен маңызды пікірлері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы және әлеуметтік департаментінде, Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінде, Павлодар облысы бойынша салық комитетінің жұмыстарында, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының «Қазақстандағы кедейлік деңгейін төмендету: нәтижелері мен келешектегі сабақтары» жобасына енгізіліп, практикалық қолдау тапты.

Ізденушінің ғылыми ұсыныстарын халықты әлеуметтік қорғау бағдарламаларын дайындауда, оларды жүзеге асыруда назарға алынып, тәжірибелік сипатта қолданылуына негіз бар.

Жұмыстың негізгі ережелерін сынақтан өткізу . Зерттеу нәтижелері халықаралық, республикалық, аймақтық, жоғары оқу орындарында өткізілген ғылыми конференцияларда, соның ішінде «Экономические ориентиры на пути к ускоренной модернизации» халықаралық ғылыми - практикалық конференцияда (Алматы, 2005), «Рыночные отношения и интеграция в мировое пространство» (Алматы, 2002), «Екінші Рысқұлов оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (2007), «Национальная экономика в условиях глобализации» халықаралық ғылыми симпозиумда (Алматы, 2005) баяндалды.

Зерттеу нәтижелерінің жарияланымы.

Диссертацияның тақырыбы бойынша 1 жеке монография, 2 оқу құралы, 40 ғылыми мақала жарияланды, оның жалпы көлемі- 44, 59 баспа табақты құрады.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі . Диссертациялық жұмыс кіріспеден, 5 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан және 50 кесте, 26 суреттен тұрады

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету институттарының даму заңдылықтары мен үрдістері

“Әлеуметтік қорғау“ ұғымы отандық әдебиетте 90 жылдардың басында пайда болды. Бастапқыда бұл түсініктің мағынасы халықтың кейбір санаттарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету деп танылды. “Әлеуметтік қорғау“ ұғымы көбінесе саясаттық мақсатта қолданылып, қоғамдағы мемлекеттің қабылдаған нақты әлеуметтік-экономикалық шешімдеріне сай келмеді. Шет ел сөзінің “social security” аударымы әлеуметтік қорғау емес, әлеуметтік қауіпсіздік деп анықталады.

1980-1990 жылдар аралығында “әлеуметтік қорғау“ ұғымы “әлеуметтік сақтандыру” мен “әлеуметтік қамсыздандыру“ ұғымы ретінде қарастырылып, әлеуметтік, экономикалық өзгерістердің зиянды зардабынан қорғау шаралары деп анықталған. Дегенмен, 90-жылдары бұл ұғымның мағынасы одан әрі қарай дамытылып, оның маңызы өмір деңгейі мен сапасын бір қалыпты ұстау саясатының әдістері мен түрлері деп танылды.

Ресейлік профессор М. Г. Назаров «әлеуметтік қорғау» әлеуметтік топтарға ең төменгі күнкөріс деңгейін қамтамасыз ететін экономикалық, құқықтық, әлеуметтік кепілдіктердің заң жүзінде бекітілген тәртібі, әдістері, нысандары деген анықтама берсе, В. Д. Роик «Әлеуметтік қорғау жұмыскерлерді өмір сүру сапасын төмендететін жағымсыз жағдайлардан қорғауда қолданылатын экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, ұйымдастырушылық, медициналық және техникалық шаралар жиынтығы» деп атап көрсетеді.

Әлеуметтік қорғау туралы экономист-ғалымдардың әр түрлі көзқарастарын талдай отырып, екі топты бөліп көрсетуге болады: бір жағынан, әлеуметтік қорғау мұқтаж азаматтарды мемлекет тарапынан қаржылық қолдауды қамтамасыз ететін мемлекеттің әлеуметтік саясаты деп қарастырылса, басқа жағынан әлеуметтік қорғау жеке адамның өзін -өзі әлеуметтік қорғауына, қалыпты өмір сүруіне, рухани дамуына жағдай жасайтын әлеуметтік қатынастар жиынтығы ретінде қарастырылады.

Автордың пайымдауынша, әлеуметтік қорғауға қоғамдық дамудың нақтылы жағдайларына сәйкес азаматтардың қалыпты тіршілік әрекетінің кепілді деңгейін қамтамасыз етуге арналған басымдықтардың және оларды мемлекеттік және басқадай институттар арқылы жүзеге асыру механизмдерінің жүйесі жатады. Әлеуметтік қорғау қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының ахуалына, ішкі жалпы өнімнің көлеміне, қордаланған ұлттық байлыққа және оларды бөлудің сипатына, жүйені іске асыру механизмдерінің жұмыс тиімділігіне байланысты.

Әлеуметтік қорғаудың қаржылық тұлғалануы арнаулы ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қайта бөлгіштік қатынастарда көрінеді, бұл қорлардан халыққа әр түрлі әлеуметтік төлемақылар беріледі.

Халықтың әлеуметтік қауіпсіздігіне кепілдік беру мемлекеттік бюджеттің қаражаттарын қолдануды, әлеуметтік сақтандыру жүйесін құруды және азаматтардың өзін - өзі қаржымен қамтамасыз ету жағдайын жақсартуды қажет етеді. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі күрделі құрылымға ие және өзіне әлеуметтік төлемақылар және әлеуметтік жеңілдік беру сияқты қаржылық институтты кіріктіреді. Бұл қаржылық институттардың да өзіне тән құрылымдары бар. Халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз ету осы қаржылық институттардың қызмет етуі арқылы жүргізіледі.

Теориялық талдаулар негізінде диссертацияда халықты әлеуметтік қорғауды қаржымен қамтамасыз етудің ғылыми негізделген анықтамасы берілді. Қаржылық институт ретінде халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету үрдісін ақшалай қатынастарға негізделген арнайы қаржылық тетіктерді қолдана отырып, халыққа әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржы ресурстарын басқару жүйесі деп қарастыруға болады.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз етуді ақша ағындарының екі жақты қозғалысы ретінде қарастыруға болады.

Осы қаржы ресурстарының екі жақты қозғалысының арқасында халықтың кейбір әлжуаз топтары әр түрлі нысанда әлеуметтік көмек ала алады.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігі бірінші кезекте қаржы ағындарының толықтылығына, үздіксіздігіне, атаулылығына және әлеуметтік қорғау нысандарының сапасына байланысты. Қаржылық механизм объективтік және субъективтік сипатқа ие.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржылық саясаты

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржылық механизмі

Қаржылық әдістер

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржыларын басқару

Ақпараттық қамтамасыз ету

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржы ресурстарының қалыптасуы және пайдаланылуы

Әдістемелік

құқық-

тық қамтамасыз ету

Қаржылық тұтқалар

\

Мүгедектер мен табысы төмен азаматтардың саны;

Отбасы құрылымы;

Ең төменгі күнкөріс деңгейі;

Жан басына шаққандағы табыс;

Ең төменгі жалақы;

Әлеуметтік жеңілдіктер;

Зейнетақы мен жәрдемақылар;

АӘК;

Әлеуметтік қызметтердің құрылымы;

Әлеуметтік стандарттар

Инвестициялар;

Үлестік жарналар;

Әлеуметтік сақтандыру;

Зейнетақыны сақтандыру;

Әлеуметтік қамсыздандыру;

Бюджеттік жоспарлау;

Бюджеттік кредит беру;

Банктік кредиттеу;

Салық салу;

Материалдық ынталандыру;

Атқару органдары;

Қаржы министрлігі;

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

Бюджеттен тыс қорлардың әкімшілігі;

Банктер, сақтық компаниялары, ЖЗҚ және басқа қаржы рыногының субъектілері

Әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржы ресурстарының қалыптасуы мен пайдаланылуы туралы ақпараттық база

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қаржымен қамтамасыз ететін қаржылық бөлімдер

Азаматтардың әлеуметтік бірегей электрондық әлеуметтік картасы

Сурет 1- Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржылық механизмі

Ескертпе-құрастырған автор

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржылық ресурстарын басқарудың қаржылық механизмін әр түрлі элементтердің блоктарына бөлуге болады: салық мөлшерлемесі, жан басына шаққандағы қаржылық нормативтер, жан басына шаққандағы табыс, ең төменгі күнкөріс деңгейі, ең төменгі жалақы, бюджеттік кредиттер және т. б.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қаржы ресурстарын басқарудың қаржы механизмін өмір сүру сапасын жоғарылату, кедейлікті төмендету, әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу мақсатында пайда болатын қаржылық қатынастарды ұйымдастыру нысандарының, қаржы қорларының қалыптасу мен пайдалану әдістерінің жиынтығы ретінде қарастыруға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету туралы
Дағдарысқа қарсы басқаруда стратегияның мәні
Қазақстандағы және дамыған елдердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау
Мемлекеттік шығындар
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау жайлы мәілмет
Қаржы механизмінің жүйесі
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында жергілікті бюджеттің әсерін талдау (Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мысалында)
Денсаулық саласын талдау
Мемлекет бюджетінің тапшылығы
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz