Студенттердің психологиялық ерекшеліктері



Студенттердің психологиялық ерекшеліктері
Мотивация психология ғылымында жеке бастың мінез-құлқы, іс-әрекеті мен белсенділігін реттейтін фактор ретінде қарастырылады. Ал жеке тұлғаның іс-әрекеттің қандайына болсын мотивациялық ерекшеліктерін ескермей әлеуметтік психологиялық тиімді өзара әрекет, қатынас жасау мүмкін еместігі белгілі. Әрбір жеке тұлғаның мотивациясы өзіндік сипатқа ие болатындықтан, нақтылы фактілер мен заңдылықтарды талқылауға өтпей тұрып, негізгі ұғымдарды анықтап алу керек. Қазіргі кездегі психология ғылымы мотив, мотивация ұғымдарына әр түрлі анықтамалар береді. Сондықтан бұл ұғымдарды бірегей анықтау белгілі ғылыми мәселе болып табылады. Кейбір авторлар (В.В. Юрчук, М. Кордуэлл) мотив ұғымы арқылы психикалық құбылысты [1-2] сипаттаса, ал басқалары (А.К. Маркова, В.И. Ковалев) [3-4] жеке тұлғаның қылықтары мен іс-әрекетті таңдау себептерін түсіндіреді.
Біз мотивті іс-әрекетті оятушы күш және ол белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады; мотив ретінде жеке тұлғаның қызығушылықтары, әлеуметтік құрылымдар, құндылықтар, идеалдар әсері алынады деген пікірді ұстанамыз. Мотивтің мотивациядан айырмашылығы, мотив – субъектінің тұрақты, жеке басына тән қасиеті және белгілі бір іс-әрекет жасаудағы ішкі оятқыш күші болып табылады [2].
Мотивтер, қажеттіліктер және мақсаттар – адамның мотивациялық сферасын құрайтын негізгі элементтер. Олардың арасындағы қатынасты және адамның мотивациялық сферасының құрылымын төмендегі Р.С. Немов жасаған схемадан көруге болады.
Кезінде мотивация теориялары ежелгі философтардың еңбектерінен-ақ көріне бастаған. Адам мотивацияның тоғысу шегі және табиғатын зерттеу мәселесі бірнеше рет өзгеріске ұшырады, бірақ философиялық екі ағым: рационализм мен иррационализм арасында өзгеріссіз қалды. Рационалистік позиция тұрғысынан қарағанда адам мінезінің мотивациялық бастауы оның ақыл-ойында, санасында, ерік-жігерінде жатыр. Ал иррационалдық пікір бойынша жануар адамға қарағанда санасыз, органикалық қажеттіліктерді ғана қалайтын қараңғы, биологиялық күштермен ғана басқарылады. ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап тек адамға ғана қатысты мотивация концепциялары бөлініп шыға бастады. Алғашқы осындай концепциялардың бірін К. Левин ұсынды. Ізінше гуманистік психология өкілдері А. Маслоу, Г. Олпорт, К. Роджерс мотивация ұғымын анықтайтын өз еңбектерін жарыққа шығарды. А. Маслоу адам қажеттіліктерін иерархиялық тұрғыдан қарастыра отырып, қажеттіліктердің индивидуальді даму үрдісінде пайда болатынын атап көрсетті [4].
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Юрчук В.В. Современный словарь по психологии. – М.: «Современное слово», 1998 г.
2. Кордуэлл М. Психология. А-Я.: Словарь – справочник. – М.: Фаир-Пресс, 1999 г.
3. Маркова А.К. Мотивация учения и ее воспитание у школьников. – М.: Педагогика, 1983 г.
4. Ковалев В.И. Мотивы поведения и деятельности. – М.: Наука, 1998.
5. Дубовицкая Т.Д. Методика диагностики направленности учебной мотиваций. Психологическая наука и образование, 2002. - № 2.
6. Маркова А.К. Формирование мотиваций учения в школьном возрасте. – М.: Просвещение, 1983 г.
7. Немов Р.С. Психология. – М.: ВЛАДОС, 1995 г.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедрасы: Философия
және тарих

Баяндама
Тақырыбы: Студенттердің психологиялық ерекшеліктері

Оқытушы: Бекмуратова Г.Т.

Магистрант: Мердемгалиева Г.Ш.
Мамандығы: Қаржы менеджменті

Алматы 2011

Студенттердің психологиялық ерекшеліктері
Мотивация психология ғылымында жеке бастың мінез-құлқы, іс-әрекеті мен белсенділігін реттейтін фактор ретінде қарастырылады. Ал жеке тұлғаның іс-әрекеттің қандайына болсын мотивациялық ерекшеліктерін ескермей әлеуметтік психологиялық тиімді өзара әрекет, қатынас жасау мүмкін еместігі белгілі. Әрбір жеке тұлғаның мотивациясы өзіндік сипатқа ие болатындықтан, нақтылы фактілер мен заңдылықтарды талқылауға өтпей тұрып, негізгі ұғымдарды анықтап алу керек. Қазіргі кездегі психология ғылымы мотив, мотивация ұғымдарына әр түрлі анықтамалар береді. Сондықтан бұл ұғымдарды бірегей анықтау белгілі ғылыми мәселе болып табылады. Кейбір авторлар (В.В. Юрчук, М. Кордуэлл) мотив ұғымы арқылы психикалық құбылысты [1-2] сипаттаса, ал басқалары (А.К. Маркова, В.И. Ковалев) [3-4] жеке тұлғаның қылықтары мен іс-әрекетті таңдау себептерін түсіндіреді.
Біз мотивті іс-әрекетті оятушы күш және ол белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады; мотив ретінде жеке тұлғаның қызығушылықтары, әлеуметтік құрылымдар, құндылықтар, идеалдар әсері алынады деген пікірді ұстанамыз. Мотивтің мотивациядан айырмашылығы, мотив - субъектінің тұрақты, жеке басына тән қасиеті және белгілі бір іс-әрекет жасаудағы ішкі оятқыш күші болып табылады [2].
Мотивтер, қажеттіліктер және мақсаттар - адамның мотивациялық сферасын құрайтын негізгі элементтер. Олардың арасындағы қатынасты және адамның мотивациялық сферасының құрылымын төмендегі Р.С. Немов жасаған схемадан көруге болады.
Кезінде мотивация теориялары ежелгі философтардың еңбектерінен-ақ көріне бастаған. Адам мотивацияның тоғысу шегі және табиғатын зерттеу мәселесі бірнеше рет өзгеріске ұшырады, бірақ философиялық екі ағым: рационализм мен иррационализм арасында өзгеріссіз қалды. Рационалистік позиция тұрғысынан қарағанда адам мінезінің мотивациялық бастауы оның ақыл-ойында, санасында, ерік-жігерінде жатыр. Ал иррационалдық пікір бойынша жануар адамға қарағанда санасыз, органикалық қажеттіліктерді ғана қалайтын қараңғы, биологиялық күштермен ғана басқарылады. ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап тек адамға ғана қатысты мотивация концепциялары бөлініп шыға бастады. Алғашқы осындай концепциялардың бірін К. Левин ұсынды. Ізінше гуманистік психология өкілдері А. Маслоу, Г. Олпорт, К. Роджерс мотивация ұғымын анықтайтын өз еңбектерін жарыққа шығарды. А. Маслоу адам қажеттіліктерін иерархиялық тұрғыдан қарастыра отырып, қажеттіліктердің индивидуальді даму үрдісінде пайда болатынын атап көрсетті [4].
Бұл концепцияға сәйкес адам дүниеге келгеннен есейгенге дейін төменде көрсетілген қажеттіліктер класы пайда болып және дамып отырады: 1) физиологиялық (органкалық) қажеттіліктер; 2) қауіпсіздік қажеттіліктері; 3) махаббат қажеттіліктері; 4) сыйластық қажеттіліктері; 5) танымдық қажеттіліктер; 6) эстетикалық қажеттіліктер; 7) мақсатқа жетудегі қажеттіліктер.
Мотивация категориясына қазіргі кездегі психологиялық көзқарас тұрғысынан қарасақ, ол жеке тұлғаның тұрақты мотивтерінің жиынтығы және сол жеке тұлғаның бағыттылығын көрсететін белгілі иерархиясы бар мотивациялық аймақ болып табылады.
Мотивацияның оқу іс-әрекетіне және оның нәтижесі болуына тигізетін әсері өте зор. Оқу іс-әрекетінің табыстылығы психологиялық әлеуметтік және педагогикалық факторларға байланысты екендігі мәлім. Оқу іс-әрекетінің табыстылығына оқу мотивациясы мен оның құрылымының тигізер әсері ерекше. Осыған орай кезінде Черкс Дедсон өзінің классикалық заңы арқылы іс-әрекет тиімділігі мотивация күшіне тәуелді деп ашып көрсетеді. Сонда мотивация күші жоғарылаған сайын іс-әрекет нәтижесі өседі.
Студенттердің оқу мотиві олардың оқу әрекетінің әр түрлі жақтарына деген бағыттылығы деп анықтаймыз. Мысалы, егер студенттердің белсенділігі оқылатын объектіге (лингвистикалық, биологиялық т.б.) бағытталса, онда бұл жағдайда танымдық мотив түрлері туралы сөз қозғалады. Ал студенттің белсенділігі оқу барысында басқа адаммен қарым-қатынас жасауға бағытталса, онда мәселе әлеуметтік мотивтерді қамтиды.
Осыған сәйкес студенттердің оқу үрдісіне қатысты орын алатын мотивтерді үлкен екі топқа бөлуге болады: 1) танымдық мотивтер; 2) әлеуметтік мотивтер.
Танымдық мотивтер өз ішінен бірнеше шағын топтарға бөлінеді: 1) кең ауқымды танымдық мотивтер; 2) оқу-танымдық мотивтер; 3) өзін-өзі дамыту мотивтері.
Ал әлеуметтік мотивтердің түрлері мынадай болады: 1) кең ауқымды әлеуметтік мотивтер; 2) тар ауқымды әлеуметтік мотивтер немесе позиционды мотивтер; 3) әлеуметтік тұрғыдан бірлесіп еңбек ету мотиві.
Аталған мотив түрлерінің қалыптасуы келесі кезеңдерді қамтиды: дағдылы мотивтердің актуализациялануы, осы мотивтер негізінде жаңа мақсаттардың пайда болуы, мақсатқа жету барысында мотивтің бекуі және соның негізінде жаңа мотивтердің шығуы, әр түрлі мотивтер иерархияның құрылуы, бірқатар мотивтерде жаңа қаситтердің пайда болуы т.б.
Мотивтердің сапасы оқу іс-әрекетінің спипатына байланысты мазмұнды және тұлғаның психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты динамикалық болады [2].
Студенттердің мотивтері оқу үрдісінде әр түрлі жағдайларда көрініс табады. Мысалы, кең ауқымды танымдық мотивтер тапсырманы орындау барысындағы шешім қабылдаудан, қосымша мәліметтерді білу негізінде оқытушыға қойған сұрақтарынан білінеді; оқу-танымдылық мотивтер - тапсырманы өз бетімен орындауда әр түрлі амал, тәсілдерді іздестіруі, жұмысты орындау тәсілдерін салыстыру туралы оқытушыға қойылатын сұрақтар; өзін-өзі дамыту мотивтері - оқу еңбегін рациональді ұйымдастыруға байланысты ұстазға қойған сұрақтарынан көрінеді. Әлеуметтік мотивтер студенттің жауапкершілігі мен парызын түсіну әрекеттерінен көрінеді; позиционды мотивтер - құрдастарымен қарым-қатынас жасауға ұмтылысы, жолдастарына көрсеткен көмегі мен пікірі; әлеуеметтік бірлескен еңбек мотивтері - ұжымдық жұмысқа ұмтылысы негізінде пайда болады.
Студенттердің оқу мотивтері олардың бағыттылығына және дәрежесіне байланысты; мотивациялық аймақтың иерархиясына байланысты; жеке мотивтердің өзара келісімділігі мен үйлесімділігі бойынша; мотивтердің тұрақтылығына байланысты; мотивтердің әрекеттері мен олардың мінез-құлыққа тигізетін әсері бойынша сипатталады.
Мотив формаларының ерешкеліктері мотивтердің динамикалық сипатын құрайды. Оларды жекелеп, айқындалық.
1. Алғашқы немесе маңызды ерекшеліктердің бірі - мотив тұрақтылығы. Мен студенттер үшін құнды мотивтердің тұрақты болып қалыптасуы аса маңызды деп санаймын.
2. Мотивтердің көріну формасының екінші ерекшелігі - оның эмоциональдік бейнесі, модальдігі. Психологтар оқу мотивациясының жағымды және жағымсыз жақтары туралы сөз қозғайды. Жағымсыз мотивация студенттердің оқу үрдісінде жауапсыздық таныту кезінде саналы түрде пайда болатын жағдай (ескерту, төменгі бағалар, берілетін сөгіс, уайымдау, т.б.) арқылы көрінеді. Жағымды мотивация - студенттің оқу еңбегінде жеткен жетістіктері мен, жаңа білімді меңгерімен, қоршаған адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуымен байланысты.
Мотивтердің басқа формалары - мотив күшінен, көрінісінен, пайда болу жылдамдылығынан көрінеді. Олар мысалы: студенттердің тапсырманы орындау уақытының ұзақтылығынан, студенттің тапсырманы орындай алатын шамасынан көрінеді.
Оқу мотивтерінің формалары әрқашанда оқытушы назарында болуы тиіс; олар бойынша оқытушы студенттің мотивациясының сипаты туралы алғашқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманғы психологиялык білім мен оның тэжірибесіне деген қызығушылықтың өсуі
Студенттердің түлғалық жэне кәсіби даярлығына психологиялық кеңес беру тәсілдерінің тиімді эсерін зерттеу
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Полиэтностық ортадағы студенттердің танымдық іс-әрекетінің даму ерекшеліктері
Студенттердің даму ерекшеліктерінің ғылыми-психологиялық негіздері
СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХИКАЛЫҚ ТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 7 ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Студенттік шақ
Дипломалды практика бағдарламасы
Өндірістік практика бағдарламасы
Психологиялық атмосфераны және топ ұжымын бағалау - ПРАКТИКА ЕСЕБІ
Пәндер