Ұннан жасалған кондитер өнімдері



Жоспар:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1 Бірінші топтағы дәнді дақылдар және оларға сиппатама
2 Екінші топтағы дәнді дақылдар және оларға сиппатама
3Ұннан жасалған кондитер өнімдері
4Дәстүрлі емес ұн түрлері қолданылған ұнды кондитер өнімдерінің тағамдық және биологиялық құндылығын жоғарылату(қарақұмық ұны, сұлы ұны)
III Қорытынды
IV Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Астық шаруашылығы – дәнді дақылдар өндіру жүйесі, Қазақстандағы егіншілік кәсібінің негізгі саласы. Қазақстанда дәнді дақылдар егу ерте замандардан бері қалыптасқан (қ. Егіншілік). Бірақ егістік жерлердің ауқымы мен алынған өнімдердің мөлшері жайында нақты мәлімет жоқ. 20 ғ-дың бас кезінде (1913) Қазақстан аумағына астық шаруашылығы дақылдары 4,1 млн. га-ға себілді. Оның 94%-ы дәнді дақылдар, негізінен, бидай болды. Ол кезде Ақмола, Торғай облыстары жер өңдейтін ірі аумақ болып есептелетін. Оларда 1914 – 15 ж. егіс аумағы 2171,7 мың га-ға (53,4%-ы бидай) жетті. Дәнді дақылдар өсіру Қостанай, Ақтөбе, Орал (қазіргі Батыс Қазақстан), Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында да дамыды. 1913 ж. астық өнімділігі орта есеппен гектарына 5,6 ц-ден ал, бидай 5,2 ц-ден келді. Ол жылдардағы егіншілік табиғи шығымдылыққа негізделді. Қазақстанда 2-дүниежүз. соғыстың аяғында (1945 ж.) егістік аумағы мен өнім шығымдылығының осы деңгейі сақталды. Астық шаруашылығы дақылдарын, оның ішінде дәнді дақылдарды өндіру соғыстан кейін (1953 жылға дейін) біршама артты. Жалпы егістік аумағы 7,1 млн. га-ға (оның ішінде бидай 4,5 млн. га) жетті. Барлық дәнді дақылдар түсімі 5,425 мың т болды. 1953 ж. басталған тың және тыңайған жерлерді игеру барлық астық шаруашылығы дақылдарын, ең алдымен дәнді дақылдардың егістік көлемін күрт арттырды. 6 – 7 жыл (1954 – 1960) ішінде Қазақстанның егістік алқабы 25,5 млн. га-ға жетті, яғни 3,5 есе артты. Оның 17,0 млн. га-сы (66,6%-ы) солт. облыстардың (Қостанай, Ақмола, Көкшетау, Солт. Қазақстан және Павлодар) үлесіне тиді. 1960 – 90 ж. егістік аумағы 23 – 25 млн. га мөлшерінде сақталды. Бұл кезеңдегі астықтың жылдық орташа түсімі 18,6 млн. т болды. 1991 – 93 ж. егістік алқабы 22,5 млн. га-ға, 1995 ж. 18,8 млн. га-ға, ал 2005 ж. 14,8 млн. га-ға дейін төмендеді. Соған қарамастан Астық шаруашылығы Қазақстанның астық шаруашылығыөндірісінің негізі болып отыр. Астық шаруашылығы – мал ш-н жедел дамытуға да ықпал жасайтын жем-азық көзі. Қазақстанның Астық шаруашылығы Астық шаруашылығы дамыған облыстарының ауа райы тым континенттік, құрғақ болғандықтан протеині мен қуаты жоғары сапалы астық алуға қолайлы жағдай тудырады.
Пайдаланған әдебиеттер
1 Г.Аношкина. Натуральная молочная сыворотка // Хлебопродукты – 2006, № 7. – С 56-57.
2 Е. Бельчук, З.Скобельская, Е.Рогозкин, В. Маклюков, П.Аксенов. Выпечка печенья с молочной гидролизованной сывороткой //Хлебопродукты – 2006. - №12. – С. 50-53
3 Пат. 2176882. РФ. Способ производства заварного пряника. /Синявская Н.Д., Мельникова Г.В., Кузнецова Л.И., Стативко Н.Ф.; опубл. №35, 2001г.
4 Е.Бельчук, В. Асташина, З.Скобельская. Молочная сыворотка для мучных кондитерских изделий //Хлебопродукты – 2006. - №5. – С. 60-62.
5 https://kk.wikipedia.org/

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1 Бірінші топтағы дәнді дақылдар және оларға сиппатама
2 Екінші топтағы дәнді дақылдар және оларға сиппатама
3Ұннан жасалған кондитер өнімдері
4 Дәстүрлі емес ұн түрлері қолданылған ұнды кондитер өнімдерінің тағамдық және биологиялық құндылығын жоғарылату (қарақұмық ұны, сұлы ұны)
III Қорытынды
IV Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Астық шаруашылығы - дәнді дақылдар өндіру жүйесі, Қазақстандағы егіншілік кәсібінің негізгі саласы. Қазақстанда дәнді дақылдар егу ерте замандардан бері қалыптасқан (қ. Егіншілік). Бірақ егістік жерлердің ауқымы мен алынған өнімдердің мөлшері жайында нақты мәлімет жоқ. 20 ғ-дың бас кезінде (1913) Қазақстан аумағына астық шаруашылығы дақылдары 4,1 млн. га-ға себілді. Оның 94%-ы дәнді дақылдар, негізінен, бидай болды. Ол кезде Ақмола, Торғай облыстары жер өңдейтін ірі аумақ болып есептелетін. Оларда 1914 - 15 ж. егіс аумағы 2171,7 мың га-ға (53,4%-ы бидай) жетті. Дәнді дақылдар өсіру Қостанай, Ақтөбе, Орал (қазіргі Батыс Қазақстан), Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында да дамыды. 1913 ж. астық өнімділігі орта есеппен гектарына 5,6 ц-ден ал, бидай 5,2 ц-ден келді. Ол жылдардағы егіншілік табиғи шығымдылыққа негізделді. Қазақстанда 2-дүниежүз. соғыстың аяғында (1945 ж.) егістік аумағы мен өнім шығымдылығының осы деңгейі сақталды. Астық шаруашылығы дақылдарын, оның ішінде дәнді дақылдарды өндіру соғыстан кейін (1953 жылға дейін) біршама артты. Жалпы егістік аумағы 7,1 млн. га-ға (оның ішінде бидай 4,5 млн. га) жетті. Барлық дәнді дақылдар түсімі 5,425 мың т болды. 1953 ж. басталған тың және тыңайған жерлерді игеру барлық астық шаруашылығы дақылдарын, ең алдымен дәнді дақылдардың егістік көлемін күрт арттырды. 6 - 7 жыл (1954 - 1960) ішінде Қазақстанның егістік алқабы 25,5 млн. га-ға жетті, яғни 3,5 есе артты. Оның 17,0 млн. га-сы (66,6%-ы) солт. облыстардың (Қостанай, Ақмола, Көкшетау, Солт. Қазақстан және Павлодар) үлесіне тиді. 1960 - 90 ж. егістік аумағы 23 - 25 млн. га мөлшерінде сақталды. Бұл кезеңдегі астықтың жылдық орташа түсімі 18,6 млн. т болды. 1991 - 93 ж. егістік алқабы 22,5 млн. га-ға, 1995 ж. 18,8 млн. га-ға, ал 2005 ж. 14,8 млн. га-ға дейін төмендеді. Соған қарамастан Астық шаруашылығы Қазақстанның астық шаруашылығыөндірісінің негізі болып отыр. Астық шаруашылығы - мал ш-н жедел дамытуға да ықпал жасайтын жем-азық көзі. Қазақстанның Астық шаруашылығы Астық шаруашылығы дамыған облыстарының ауа райы тым континенттік, құрғақ болғандықтан протеині мен қуаты жоғары сапалы астық алуға қолайлы жағдай тудырады.

1.Бірінші топтағы дәнді дақылдар және оларға сиппатама
Бірінші топқа бидай, қарабидай, арпа және сұлы жатады. Олардың негізгі ерекшеліктері - дәндерінің бауыр жағында тілігі болады, дән тамыршалары 3-8 дана, масақшаның төменгі гүлдері жақсы дамыған. Өсіп-дамуы үшін жылуды аз мөлшерде, ал ылғалды көбірек талап етеді, сабақтарының іші қуыс болып келеді. Олар ұзақ күннің өсімдіктері, сондықтан вегетациясының алғашқы кезеңінде тезірек дамып, арамшөптермен шамалы ластанады.
Бірінші топтағы дәнді дақылдардың екі түрі бар.
Күздік дәнді дақылдарКүздік дәнді дақылдар - күздік бидай, қарабидай, күздік арпа.
Бұл дақылдардың биологиялық ерекшеліктері - алғашқы даму кезеңінде оларға 1 айдай 1-10°С-тай төмен температура қажет. Сондықтан оларды тұрақты суық түскенге дейін 55-60 күн қалғанда себу қажет. Күздік дәнді дақылдар жаздықтарға қарағанда өнімді артық береді. Оның себебі, олар күзгі және көктемдегі жауын-шашынды тиімді пайдаланады, күзде жақсы түптенеді, ал ерте көктемде тез өсіп-дамып, ерте піседі.
Күздік дәнді дақылдардың өнімділігі олардың қыстың қолайсыз жағдайынан жақсы шығуына тікелей байланысты. Себебі, күзде, қыста және көктемде күздік дәнді дақылдар әр түрлі қолайсыз жағдайларға ұшырайды (қатты суық, қардың жұқа түсуі, ауа температурасының күрт өзгеруі және т.б.). Осы аталған қолайсыз жағдайларға төзімді болу үшін, күздік дәнді дақылдар шынығу сатысынан толық өтуі керек.

Жаздық дәнді дақылдар
Жаздық дәнді дақылдар - жаздық бидай, арпа, сұлы, күріш, жүгері, қарақұмық, тары, қонақ жүгері.
Жаздық дәнді дақылдар өздерінің жылу сүйгіштігіне қарай екі топқа бөлінеді:
Ерте себілетін - жаздық бидай, арпа, сұлы. Оларды ерте көктемде, топырақтың тұқым сіңірілетін тереңдігі 5-7°С-қа жылыған кезде себеді.
Кеш себілетіндер - күріш, жүгері, тары. Бұл дақылдарды топырақтың тұқым сіңірілетін тереңдігі 10-12°С-қа қызған кезден бастап себеді.

Бидайдан ұн, ұнтақ жармасын, тритикале және булгур жармасын жасайды. Ұнтақ жармасы - өзімізге белгілі манная крупа. Тритикале - будандастырылған бидай мен қарабидайдан жасалған жарма. Ұннан нан, макарон, кондитерлік тағамдар өндіріледі. Кебектің қайнатпасы теріні жұмсартады. Бидайдың масағы флористикада гүл шоғырлары мен композицияларын безендіру үшін қолданылады.
Биіктігі 40 -- 130 см, тамыр жүйесі -- шашақты, тарамданған. Сабағы қуыс, жұмыр, жапырағы таспа тәрізді, сағағы сабағын орай орналасқан. Гүл шоғыры -- күрделі масақ, оның қынабында 2 масақша қабыршағынан тұратын масақтар орналасқан, ал олардың аралығында 3 -- 5 гүлдері болады. Масақтың пішіні ұршық тәрізді, түсі ақ, қызғылт, кейде қара, ішінде қылтанағы болады. Тұқымы -- ұзына бойына тартылған сызаты бар, беті жылтыр дән. Масақ қылтығына, түсі мен масақша қабыршағының түк басуына, қылтықтары мен дәндерінің түсіне, т.б. байланысты бидайдың түрлері түршелерге бөлінеді, ал әрбір түрше сорттардан тұрады. Қазақстанда негізінен жұмсақ және қатты бидай өсіріледі.
Жұмсақ бидайдың (triticum aestіvum) масағы да жұмсақ, дәні жұмыр әрі жылтыр, сабағы қуыс. Оның ұнынан көбіне нан пісіріледі, ол нәрлі және жоғары сапалы болып саналады, құрамында 16%-тей ақуыз болады, жылтырлығы 70%, дән уызы серпімді әрі созылмалы келеді. Жұмсақ бидай Қазақстанда егіс көлемінің негізгі бөлігін алып жатыр. Табиғаттың әр түрлі жағдайына ыңғайлы, өсу қабілеті жоғары болуына байланысты оны көптеген аймақтарда өсіреді. Бидайдың дәнінен жарма, ұнынан нан, макарон, кеспе жасайды, кондитер өнеркәсібінде кең пайдаланады. Әсіресе, Қазақстанның Батыс, Орталық, Шығыс аудандарында өсетін жұмсақ бидай өте құнды болып есептеледі.
Қатты бидайдың (triticum durum) дәні ірі, сопақша, жылтыр. Оның дәнінде 24% ақуыз бар, ұнының сапасы жақсы, одан кеспе және макарон жасайды, бірақ жұмсақ бидайға қарағанда наны онша көтерілмейді. Қазақстанның климаты қуаң жерлерде өсетін қатты бидай ұнының сапасы өте жоғары болады.
Бидай егістігі.
Жұмсақ және қатты бидайлардың жаздық және күздік сорттары бар. Жаздық бидай көктемде, күздік бидай күзде егіледі. Күздік бидайдың тұқымы 1 -- 20С жылылықта, 7 -- 9 күнде көктеп шығады. Сол қалпымен қар астында қыстап, көктемде өсіп, дән салып, жазда піскен соң орылып жиналады. Күздік бидай дәнінің толыға бастаған кезінде ылғалды көп керек етеді. Көктемгі қуаңшылық оның өнімінің азаюына әсер етеді, дәні солыңқы болады. Сондықтан қыста қар тоқтату жұмыстарын жүргізу керек. Күздік бидай, көбінесе, оңтүстік облыстарда өсіріледі. Күздік бидайдың белгілі сорттары: "Жетісу", "Қарлығаш", "Комсомолдық -- 1", "Мироновтық -- 808", "Прогресс", "Шыны тәріздес-24". Егіс көлемі, түсімі, дәнінің сапасы жағынан жаздық бидай бірінші орын алады. Ол, көбінесе, Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық облыстарында өсіріледі, оның тұқымы 12 -- 140С жылылықта бітік шығады. Түптену және сабақтану кезеңінде суды көп керек етеді, әрі топырақтың құнарлығын қалайды. Әсіресе, қызыл-қоңыр, құнарлы, саздау топырақтарда, тың жерлерде жақсы өседі. Тұқым себу мөлшері мен мерзімі әр аймақтың ауа райына, топырағына байланысты. Қазақстанда жаздық бидайдың көп тараған сорттарына ерте пісетін "Қазақстан-15", "Қазақстан-19", "Қазақстан-25", "Қарабалықтық-90", "Лютесценс-32", "Саратовтық -- 29", т.б. жатады.
Жаздық және күздік бидайдан мол өнім алу үшін олардың тұқымы ылғалы аз, қуаң аймақтардағы ауыспалы егістен кейін, немесе таза сүдігерге (парға) егілгені жөн. Бұл әдісті қолданғанда бір жыл бидай, келесі жылы бір не көпжылдық шөп егіледі. Қазақстанның далалық қуаң аудандарында бидай себуге арналған топырақты сыдыра қопсытып жыртқан жақсы нәтиже береді. Мұндай әдіспен өңдегенде бұрын қандай шөп егілгендігі, қандай арам шөптер өскендігі ескеріліп, жер терең немесе таяз жыртылады. Оңтүстіктегі суармалы сұр топырақты аудандарда күздік бидай егілетін
Сұлы (Avena) - астық тұқымдасы. Екі түрі бар. Олар: бір жылдық екпе дәнді дақыл, көп жылдық шөптесін өсімдік. Солтүстік Африка 25-ке тара түрлері тараса, ең көбі екпесі (А. Sativa). Сұлы әрі азық-түлік, әрі құнарлы мал азығы. Әсіресе жылқы сүйсіне жейді.
Сұлы ұны. Оны печенье және балаларға арналған нәрлі қоспалар даярлау үшін де пайдаланады.Сұлы жармасы. Құрамындағы белок пен май мөлшері жағынан дақыл тұқымдастар дәнінен пайдаланылатын жарма арасында алғашқы орында. Сұлыдан: буланған дәні бүтін және жаншылған жарма дайындап, пайдаланады да, сұлы жармасынан түрлі тағамдар да әзірлейді. Буданып, уатылмаған сұлы жармасын түктеу арқылы пайдаланады, дейді мамандар. Сұлы талқаны дәнінен арнайы өңдеуден өткізіп алынатын жоғары сапалы нәрлі тағам. Талқаннан диеталық және балалар тағамдарын да жасайды.

Қарақұмық -- жеңіл, сіңімді ақуызы мен крахмалы мол бағалы жармалық дақыл. Жарма құрамында 1,6 пайыз май, органикалық қышқылдар мен адам ағзасына пайдалы фосфор, темір, кальций және мыс қосылыстары да болады. Қарақұмық жармасыемдік қасиеті бар құнды тағам. Дән маңызы (клейковина) болмағандықтан, қарақұмықтың ұндық-нандық сапасы төмен. Қарақұмық ұнын шелпек дайындауға ғана аз мөлшерде пайдаланады. Сабанын басқа жемдерге қосып малға азық етеді. Сабанының күлі мен дәнінің қалдықтары -- құнды тыңайтқыш. Олардың құрамында 40 пайыздан жоғары К2О, 10 пайыздан көп Р2О5 және 19 пайызға дейін СаО бар. Қарақұмық -- тамаша балды өсімдік. Оның егісінің әр гектарынан аралар 60-100 кг. дейін дәмі мен иісі тамаша бал жинайды. Дәнді дақылдардың ішінде қарақұмық өте қысқа, вегетациялық кезеңімен (60 -- 70 күн) ерекшеленеді. Бұл оны күздік және ерте жаздық дақылдардың көктері шықпай қалған танаптарына қайта егуге және де аңыздық аралық дақыл ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Қарақұмық кәдімгі жапырақтары шыққаннан кейін тез өсіп, бұтақтанып арам шөптерді басып тастайды. Сондықтан, ол жаздық дақылдар үшін жақсы алғы дақыл, ал ерте пісетін сорттары екпе сүрі жер дақылы.
Қарақұмықтың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Қарақұмықтың сорттары. Мәдени қарақұмық -- қарақұмық тұқымдасына жататын біржылдық өсімдік. Тамыр жүйесі кіндікті, топыраққа 80 см. дейінгі тереңдікке енеді. Сабағы -- бұтақты, іші қуыс, сырты қырлы, биіктігі 70-100 см. және піскенде қызарады. Жапырағы -- жүректәрізді үшбұрышты. Гүл жоғыры -- қойын шашақгүл, жартылай шатыршагүл. Гүлдері қосжынысты. Олардың түсі ақ, алқызыл, қызыл және құрылысы түрліше болып келеді. Бір гүлдерінде аталықтары қысқа, аналықтарының бағаншалары қысқа. Жемісі -- ашық-қоңырдан қараға дейінгі түсті және әртүрлі формалы үшқырлы, қабықты жаңғақша. 1000 дәннің салмағы 18-32 г. Жағдайлар мен сортқа байланысты қабықтылығы 15-30 пайыз.
Қарақұмық қысқа күн өсімдігі. Ол насекомдар және желдің көмегімен айқас тозаңданады. Тозаңдар ұзын аталықты гүлден ұзын бағаншалы гүліне және қысқа аталықты гүлден қысқа бағаншалы аналық гүлге түскен жағдайда ғана өсімдік бірқалыпты ұрықтанады. Керісінше жағдайда тұқым байлау нашар болады. Қарақұмқытың гүлдеуі ұзақ. Ыстық, құрғақ және жауын -- шашынды ауа райы тозаңдануға нашар әсер етіп, өнім күрт төмендейді. Қарақұмық жылуды бірінші топ астықтарына қарағанда көп қажет етеді. Оның тұқымы 7 -- 8 С өнеді, бірақ біркелкі көктеуі үшін жоғары температура қажет. Қарақұмықтың өніп -- өсуіне қолайлы температура 18 -- 25 С. Ол сәл ғана үсіктің өзін көтере алмайды.

2. Екінші топтағы дәнді дақылдар және оларға сиппатама
Екінші топтағы дәнді дақылдарға тары, жүгері, күріш, қонақ жүгері жатады. Оларды дәндерінің бауыр жағында тілігі жоқ, масақшаның жоғарғы гүлдері жақсы дамыған. Бұлар бірінші топтың дақылдарына қарағанда жылуды көп, ал ылғалды, күріштен басқасы, аз талап етеді. Жүгері мен қонақ жүгерінің сабақтары өзекшемен толтырылған. Екінші топ дақылдары - қысқа күннің өсімдіктері және олардың күздік түрлері болмайды.
Астық дақылдары дәндерінің құрамы Астық дақылдары дәндерінің құрамында су, ақуыз, май, крахмал, жасұнық және күл болады. Олар дәндерінің химиялық құрамы жағынан бір-бірінен ерекшеленеді. Мысалы, дәндегі ақуыз мөлшері қатты бидайда 13,8-20,0% болса, ал күріш дәнінде 6,7-7,6% ғана болады.
Астық дақылдарының дәндерінде майдың мөлшері 1,5-3,0%, ал көмірсутегі 67,8-80,9% шамасында болады.
Дәннің химиялық құрамы аймақтың топырақ-климат жағдайына, қолданылатын агротехникалық шараларға тікелей байланысты. Қазақстанның қуаң далалық аймағында өсірілетін жаздық бидай дәніндегі ақуыздың мөлшері басқа өңірлермен салыстырғанда біршама көбірек болады, сондықтан олар жақсы бағаланады.
Екпе күріш
Екпе күріш - биіктігі 50-150 сантиметрге дейін жететін біржылдық өсімдік . Сабағы түптеніп өседі. Жасыл, күлгін немесе қызғылтым жапырағының ұзындығы 50 ем, ені 1 ем болады. Гүлшоғыры - ұзындығы 10-40 ем көп масақты сыпыртқыгүл. Масақшалары тік өседі, қысқа гүлсаеацта бір ғана гүл болады. Гүл қабыршағы қатқыл қабықшалы, ұзын қырлы болып келеді. Оның төменгі бөлігінде көбінесе қылтанақ байқалады. Күріштің аталығы 6-ау. Дәнегі - жұқа қабықшалы. Гүл формуласы: Гс2А3+3Ж(3) Күріш - жылуды, ылғалды, жарықты және құнарлы топырақты сүйетін дақыл. Өсімді мерзімі 90-165 күнге созылады. Тұқымы +10-12оС-де өне бастайды. Сәл суық түссе, өркендері тіршілігін тоқтатады. Күріш сула өседі. Тұқымы себіле салысымен күріш егістігіне су жіберіп, топырақты суға қандырады. Өркендер көктеп шыққаннан кейін су деңгейі күріш сабағының төрттен үш биіктігіне дейін жеткізіледі. Суды дәнегі қамырланған кезде ғана ағызып жібереді. Сөйтіп егістік құрғатылады. Күріш топырағы тыңайтылған ауыспалы егістікте өсіріледі. Оның тамыр жүйесі нашар дамыған, кенеулі заттар болмаса, жеткілікті қоректене алмайды. Екпе күріш - азықтық дақыл. Дәнегінде 9-12% нәруыз, 65-70% көмірсу және 4-6% май болады. Күріш дәні ботқа, палау жасауға пайдаланылады. Күріш нәруызы ағзаға өте сіңімді. Күріш қайнатпасы - асқазан ауруына қолданылатын тамаша дәрі. Күріштей алынатын өнімдер де (ұн, крахмал) мол. Күріштің дәнегінен сабын мен шырақ дайындау үшін май алынады. Ал сабансабағы жоғары іріктемелі қағаз жасауға жұмсалады. Сабаны, дән жармасы, кебегі - малға азық.

Күрішті Оңтүстік-Батыс Азияның тропиктік елдері алғаш мәдени дақылға айналдырды. Үндістанда, Қытайда, Үндіқытайда 4-5 мың жыл бұрын күріш егілгендігі туралы деректер бар.
Ғаламшарымызда күріш 140,8 млн гектар аумаққа егіл еді. Дүниежүзілік диқаншылықта әр гектар дай 24 ц күріш түсімі алынатыны мәлім. Қазақстан бұл межеден асып түсті. Қызыл ор да облысы Шиелі ауданының Қызылту колхозының звено жетекшісі Ы. Жақаев дүниежүзілік рекорд жасады.
Құмай - астық тұқымдас біржылдық өсімдік . Сабағының биіктігі - 100-300 м. Сабағы өзегі толық, мықты, қалың өскен. Жапырағы жалпақ, сырты балауызды өңезбен қапталған. Гүлшоғыры - сыпыртқыгүл. Сыпыртқыгүлінің пішіні әр түрлі: тік өскен, имек басты болады. Кейбір сыпыртқыгүлдері тармақты, қымқырылған, жинақы болып келеді. Құмай (сорго) - азықтық, малазықтық және техникалық өсімдік. Оның отаны - Африка. Бұдан 5 мың жылдан астам бұрын құмайды баптал, өсірген. Құмай - жылу сүйгіш, ыстыққа, құрғақшылыққа төзімді өсімдік.
3 Ұннан жаслған кондитерлік өнімдер
Ұннан жасалған кондитер өнімдері - жалпы кондитер өндірісінің 40 % құрайды. Олар Әр түрлі құрамы мен қасиеттерімен ерекшеленеді.Қолданылатын шикізатқа және технологиялық үрдістерінің ерекшелігіне байланысты келесідей топтастырамыз: печенье, крекер (құрғақ печенье), галеттер, пряниктер, вафли, пирожное мен торттар, кекстер.
Ұннан жасалған кондитер өнімдері қазіргі таңда түр-түрімен және жоғары сапасымен ерекшеленуде.Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің негізі ұн болып табылады, оның құрамында крахмал түріндегі көміртегі, сондай-ақ өсімдік белоктары бар. Крахмал ағзада қантқа айналады және негізгі энергия көзі қызметін атқарады, белоктар клеткалар мен тіндердің құрылуы үшін пластикалық материал болып табылады. Көптеген ұннан жасалған кондитер өнімдері қант бөліп шығарады, нәтижесінде олар тез сіңетін көміртегімен толығады. Көптеген өнімдерді дайындау кезінде пайдаланылатын жұмыртқа толыққанды белокқа, майға және дәрумендерге бай.
Жұмыртқа, май (сары май, маргарин) немесе майға бай өнімдерді (сүт, кілегей, қаймақ) пайдаланудың арқасында кондитер өнімдеріндегі дәрумендер артады. Оларды дайындаған кезде дәмі мен иісін ғана жақсартып қана қоймай, бұл өнімдердің тез қорытылуына әсер ететін дәрумендер құрамы артады.
Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің құндылығы мен сіңімділігі жоғары, олар дәмінің тәттілігімен және сыртқы түрінің тартымдылығымен ерекшеленеді,. Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің жоғары тағамдық құндылығы оның құрамындағы елеулі көміртегіне, май мен белокқа негізделген. Ылғалдылығының төмендігі нәтижесінде көптеген өнім ұзақ сақталатын бағалы тағамдық концентраттарымен ерекше қасиетке ие болуда.
Кептірілген өнімдер. Бұл өнімдердің ылғалдылығының төмендігі (9-12 %) олардың қатып қалуын баяулатады, көгеруден сақтайды, бұл оның ұзақ сақталуына мүмкіндік береді. Осылайша кепкен өнімдер нан консервілерінің рөлін атқара алады.
Өнімнің бұл тобына кептірілген нан, гренкалар және қытырлақ нан кіреді. Өнімнің әрбір түрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кондитер өндірісінің жаңа инновациялық технологиясы
Кептірілген нан, печенье және өзге де нан пісіру өнімдері цехын құру
Қарақұмықтың ұнды кондитер өнімдеріне тигізетін әсерін зерттеу
Кондитерлік өнімдер өндіру
Қанттан және ұннан даярланған кондитерлік өнімдер
Ұнды кондитер өнімдері
Нан-тоқаш бұйымдарын өндіруге арналған цехты жөндеу
Макарон өнімдерінің сапасын жақсарту
Кондитер өнімдерінің жалпы сипаттамасы
Кондитерлік тағамдарды дайындау технологиясы
Пәндер