Корпоративтік табыс салығын жетілдіру жолдары


КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Табыс салығы ежелгі және классикалық салықтардың бірі болып табылады. Салықтың бұл түрі негізінен XIX және XX ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде кең дамыды. Қазақстан Республикасында табыс салығы 1991 жылдың 24 желтоқсанынан «Қазақ ССР азаматтарынан, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардан алынатын табыс салығы туралы» заң негізінде енгізілді. Заңды тұлғалар 1994 жылдан 2001 жыл аралығында табыс салығын төледі. 2002 жылдан бастап табыс салығы корпоративтік табыс салығы болып өзгерді
Экономикамыздағы әр түрлі салалардың ішінде қазіргі кезде ең маңызды саласы заңды тұлғалар болып табылатын ірі кәсіпорындар мен өндіріс болып табылатындықтан және шикізат шығарушы ел болып қала бермеуіміз үшін елбасы бұл мәселелерді шешуді және жетілдіруді ең басты мақсат етіп қойды.
Бұл экономикалық категориялардың мазмұны, әсересе олар салық салу объектісі ретінде қызмет атқарса, олар тұрақсыз болады. Жалпы алғанда, пайда дегеніміз шығыстарды шегергеннен кейінгі табыс, ал табыс - шаруашылық субъектілерінің өз тауарын, қызметін, жұмысын сатқаннан түскен түсім.
«Табыс» категориясы қашанда «пайда» ұғымынан кең екендігі белгілі. Қазақстанда қабылданған салықтық есеп ережесіне сәйкес, табыс - бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі немесе міндеттемелердің азаюы. Табыс алынған немесе алынуға тиіс өткізу құны бойынша бағаланады. Өткізу құны салық төлеуші мен сатып алушы немесе активтерді қолданушы арасындағы келісіммен анықталады.
Қаржы Министрлігі заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын есептеу мен төлеудің тәртібі туралы бөлек 2 нұсқаулық дайындады. Жаңа Салық Кодексінде осы кемшіліктер ескеріп Салық Кодексінің табыс салығына байланысты ең негізгі ерекшелігі заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығының бір тұтастығы бұзылып, жеке - жеке салық болып бөлінген және дүниежүзілік халықаралық стандартқа сәйкес заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы корпорациялық табыс салығы деген жаңа терминмен алынатын болды. Қабылданған концепцияға сәйкес корпорациялық табыс салығының салық салу негізінде заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының салық салу принциптері алынған. Корпорациялық табыс салығы корпорациялардың табысына салынатын тікелей салық. Сондай - ақ бюджеттің реттеуші кірісі болып табылады.
Бюджеттің кірісін реттелетін және бекітілетін салықтар құрайды.
Реттелген салықтар - қалыпты мөлшер бойынша бюджеттің әр деңгейі арасындағы бөлінетін салықтар.
Бекітілетін салықтар - тек бір бюджетке түсетін салықтар.
Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде анықталды.
Салық салынатын табыс = жылдық жиынтық табыс = шегерістер.
Жылдық жиынтық табыс - заңды тұлғалардың бір жыл ішінде түрлі көздерден алған табысы.
Салықтық шегерістер - заңмен бекітілген шекте салық төлеушінің ЖЖТ - ты алуға байланысты шығындары. Оған өткізілген тауар, қызмет, жұмыс бойынша шығындар және басқа да шығындар, оның ішінде:
- Тауарлар - материалдық қорлар бойынша;
- Тіркелген активтер;
- Еңбекке ақы төлеу;
- Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша;
- Сыйақы бойынша;
- Теріс бағамдық айырма бойынша;
- Әлеуметтік төлемдерге жұмсалған шығыстар бойынша;
- Сақтандыру сыйақылар бойынша;
- Тіркелген активтерді жөндеуге жұмсалған шығыстар бойынша;
- Бюджеттен төленген салықтар бойынша;
- Басқа да шығыстар бойынша шегерімге жатады.
Біздің мемлекетімізде корпоративтік табыс салығы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімінің ең басты көзі болып табылады. Оны мына төмендегі кестеден көруге болады.
2010 жылдағы жоспарланған корпоративтік табыс салығының толық орындалмауы немесе артығымен орындалмауы мына себептерден көруге болады.
- біріншіден, кейбір кәсіпорындардың корпоративтік табыс салығын төлеуден жалтарынуы;
- екіншіден, кәсіпорындардың жұмыс дұрыс істемеудігінен;
(01. 12. 2009ж-01. 12. 2010ж)
Млн теңге
Қазақстан Республикасындағы салықтардың орындалуы
Дерек көзі: ҚР Қаржы Министрлігінің жылдық есебі мәліметтері бойынша
Мемлекеттік бюджеттің кірістері 2010 жылғы жағдай бойынша жылдық жоспардың 97, 3%-ына орындалды және іс жүзіндегі түсімдер 669 987000 теңгені құрады. Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспарланған 688 623000 теңге орнына, бюджетке 669 987000 теңге түсті немесе жоспар 97, 3%-ға орындалды. Бұл жағдай коропоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуінің нәтижесі деуге болады.
Салық жүйесін, оның ішінде кез келген салықты жетілдіру жолдарына сәйкес ұсыныс айту үшін, бұл алдағы өзгерістердің мемлекет, салық төлеуші және халық үшін не береді, олардың мүддесі қалай сақталады деген пікірді негізге ала отырып айту қажет.
Салықтық құралдың реттеуші рөлі экономиканың дағдарыс жағдайында өте ерекше. Салықтың фискалдық қызметін дамытумен шектелу мүмкін емес. Салық өнім өндірушілердің еркін шешім қабылдауына мүмкіндік беруі тиіс. Дағдарыстан шығудың бірден-бір жолы болып өндірісті ынталандыру табылады. Ал, өндірісті ынталандыру елдегі шағын және орта бизнесті дамытумен тікелей байланысты. Әлемде шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау ең алдымен салықтық жеңілдіктер берумен іске асырылады. Бұл орайда, Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында шағын және орта бизнеске арналған арнайы салық салу режимі жүзеге асырылады. Дегенмен, салықтық жеңілдіктердің көп мөлшерде болуы тиімді емес.
Біріншіден, салық жеңілдіктері барлық салық төлеушілерінің теңдігі принципін бұзады, өйткені бұл жеңілдік берілген салалар басқаларға қарағанда артықшылықта болады.
Екіншіден, салық жеңілдіктері есептеу механизмін қиындатады, ал бұл түрлі қателіктер мен түсініспеушіліктерге әкелетіні сөзсіз.
Үшіншіден, жеңілдік берілген саланың кәсіпорындары, жеңілдік құқығын рәсімдеудің күрделілігіне байланысты оны дұрыс пайдалана алмай, жеңілдіктен бас тартуға мәжбүр болатын кездері де байқалуда.
Тәжірибе көрсеткендей кез-келген жеңілдік белгілі бір қиындықтарға әкеледі. Жеңілдікті кәсіпорындар белгілі бір шартпен алғандықтан, олардың өз әрекетін еркін жүргізуіне кедергілер пайда болады. Ал, шағын және орта бизнесті дамыту үшін кедергінің неғұрлым аз болғандығы жақсы. Ал, барлық кәсіпорындарға тең жағдайда салық салу үшін, корпоративтік салық ставкасын төмендету ең тиімді шешім болып табылады. Бұл мәселе Жаңа Салық кодексінде көрініс тапқан, яғни заң бойынша корпоративтік табыс салығының ставкасы 2009 жылы - 20%, 2010 жылы - 20%, 2011 жылы - 20% құрамақ. Біздің ойымызша, бұл мемлекеттің салық саясатындағы салық механизмінің элементерінің бірі салықтардың, соның ішінде корпоративтік табыс салығы бойынша қабылдаған дұрыс шешім. Дегенмен, Жаңа Салық кодексінде әлі де шешімін таппаған мәселелер бар.
Заңды тұлғаның табысына қазіргі салық салу механизмі өнімді шығару көлемінің өсуін ынталандырмайды, өзіндік құнын төмендетпейді, керісінше, шегерімді ұлғайтып, соның нәтижесінде заң негізінде салық салудан босатылуына әкеледі. Мысалға, корпоративті табыс салығы бойынша залалды ауыстыру мерзімінің 3 жылдан 10 жылға ұлғаюы салықтан жалтарыну мәселесінің одан әрі ұлғаюына әкелуі мүмкін. Сондықтан, біздің ойымызша, корпоративтік табыс салығы бойынша залалды ауыстыру мерзімін 10 жылдан 3-5 жылға дейін төмендету және бұл жеңілдік түрін тек экономиканың басты салаларына ғана беру керек.
Мемлекеттің шағын және орта бизнесті қолдау мәселесіне сәйкес, қазіргі таңда, өзекті мәселелердің бірі болып «ТАТ Ипотека» Ипотекалық ұйым» АҚ-ның Басқарма басшысының орынбасары Асхат Серикбекұлының пікірінше, микронесиелік ұйымдардың табысына салынатын корпоративтік табыс салығы бойынша шегерімдердің Жаңа Салық кодексінде көрініс таппаған. Атап айтқанда, күмәнді және тұрақсыз деп танылған микронесиелер бойынша қалыптасқан провизиялар (резервтер) бойынша шығындардың шегерімге жатпауы, бірнеше жылдар бойы өтелмеген жеке тұлғалармен ұсынылған микронесиелердің сыйақылар бойынша күмәнді талаптарының шегерімге жатпауы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz