Шағын бизнестің: қазіргі кездегі дамуы мен қалыптасуы және оны мемлекеттік қолдаудың теориялық аспектілері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . .

1. Шағын бизнестің : қазіргі кездегі дамуы мен қалыптасуы және оны мемлекеттік қолдаудың теориялық аспектілері . . .

1. 1Шағын бизнестің қазіргі кездегі даму тенденциялары . . .

1. 2Шағын бизнестегі кәсіпкерлік қызметі мемлекеттік қолдаудың салықтық аспектілері . . .

1. 3 Шағын бизнес қызметін жетілдірудің шетелдік тәжірибесі . . .

2. Шағын бизнес кәсіпорының қаржылық көрсеткіштерін талдау . . .

2. 1. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес кәсіпорындарының рыноктық экономикада қызмет ету тенденциясы

2. 1 Арнаулы салық режимі -шағын кәсіпкерлікке салық салудың тиімді нысаны ретінде . . .

2. 3. ҚР шағын бизнес кәсіпорының қаржылық көрсеткіштерін талдау ( Мысалыға кәсіпорынның аты ) .

3. Шағын бизнес қызметті дамытуда және жетілдіруде мемлекеттің алатын ролі . . .

3. 1 Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау қызметін жетілдірудің негізгі принциптері

3. 2 Еліміздегі шағын бизнес субъектілерінің салықтық ынталандыру мәселелері және оны дамыту жолдары . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау орта және кіші бизнестің дамуына жағдай жасайтын, олардың қызметтерін ынталандыруға мүмкідік тудыратын экономикалық құқықтық жағдай жасауды, сонымен қатар оларға жеңілдіктерді пайдалана отырып материалдық және қаржылық ресурстарды салуды білдіреді. Кәсіпкерліктің көзқарасы бойынша, олардың максималды пайда табуы, салынған инвестицияның тиімділігі, тәуекелділік деңгейінің жоғары болуы, меншік пен азаматтардың құқықтық жағынан қорғалуы сияқты діттеген мақсаттарына жетуіне тек мемлекет қана жағдай жасай алады. Ал, мемлекеттің көзқарасы бойынша кәсіпкер ең жоғары деңгейдегі мүдделер мен мақсаттарға жетуі тиіс (мысалға, қоғамдық байлықтың өсуіне, жұмысбастылық мәселесін шешуге, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалын тигізуі қажет және т. б)

Мемлекет пен шағын бизнес кәсіпкерліктің мақсаттары мен мүдделерін түйістіру барысында тиімді мемлекеттік саясат жүргізілуі тиіс.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасында шағын бизнес кәсіпорындары қызметінің көрсеткіштері талдап және даму проблемалары мен оларды мемлекеттік қолдау бағыттарға әсер ету тиімділігін теориялық тұрғыда негіздеу болып табылады.

Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қарастырылады:

  • Қазақстанда шағын бизнесті дамытудың әлеуметтік- экономикалық алғы шарттары;
  • Қазіргі жағдайдағы Қазақстан Республикасында шағын бизнес кәсіпкерлік қызметінің даму жағдайы;
  • Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау тетігі ретіндегі салық жүйесінің атқаратын рөлі;
  • Шағын бизнес кәсіпорындарының қызметін жетілдіру жолдары

Зерттеудiң нысаны ретiнде Қазақстан Республикасының шағын бизнес кәсіпорындарының рыноктық жағдайдағы қаржылық көрсеткіштері алынған.

Зерттеу пәнi Қазақстан Республикасының шағын бизнес кәсіпорындарының кәсіпкерлікпен айналысу кезінде пайда болатын экономикалық-қаржылық қатынастар болып табылады.

Зерттеудің ақпараттық базасы. Қазақстанда шағын бизнес кәсіпорындарының заңдық- нормативтік актілер, содан кейін көптеген классик- экономистердің, отандық ғалымдардың, экономика саласындағы қзметкерлердің ғылыми еңбектері, оқу құралдары, оқулықтары және түрлі мақалалары қолданылып отыр.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі . Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындылар мен ұсыныстардан тұрады. Жалпы көлемі компьютерде терілген бет, кестеден құралған. Пайдаланған әдебиеттер тізімі әдебиеттен тұрады.

I Шағын бизнестің : қазіргі кездегі дамуы мен қалыптасуы және оны мемлекеттік қолдаудың теориялық аспектілері

1. 1Шағын бизнестің қазіргі кездегі даму тенденциялары

Нарықтық қатынастар жүйесі, шағын бизнестегі кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасайтын және олардың міндеттерін тауарлары мен қызмет түрлерінің сапасы мен құрылымын, көлемін арттыра отырып жұмыс тиімділігін жоғарылататын шаруашылықты жүргізудің универсалды үлгісі болып табылады.

Шағын бизнестегі кәсіпкерлік дамыту бүгінгі күні Қазақстанның экономикалық саясатында үлкен орын алады. Оның себептері Қазақстан нарықтық экономикаға жету жағдайында түрлі меншік формасындағы шағын және орта бизнестегі кәсіпорындар құруға деген қажеттілік пайда болды, яғни, тұтыну нарығына тез тауарларын шығарып, халықты жұмыспер қамтамасыз ету, экономиканы жан- жақты дамыту әлемдік рынокқа шығу, ұлттық байлығымызды көтеру және т. б.

Сонымен, шағынбизнестегі жеке кәсіпкерлік дегеніміз - азаматтардың, мемлекеттік емес кәсіпорындардың өзіндік жеке меншігіне негізделген және пайда табу мақсатында бағытталған инициативалық іс-әрекеті болып табылады.

Жеке кәсіркерлікті заңды ұйым құрмай-ақ жеке азаматтардың өздері де өз алдына жүзеге асыруына болады.

Дамушы елдерде шағын және орта бизнесті мемлекеттің экономикалық деігейін жоғарлатудың негізі болып табылады.

Әлемнің өнеркәсібі дамыған елдердің өзінде шағын жіне орта бизнестің даму деңгейі сол елдің немесе аймақ пен қаланың жетістіктерінің бұлжытпас дәлелі екенін көрсететін көрсеткіш есебінде қабылдау әдеттегі нәрсе болып табылады. Кез келген қоғам бірқалыпты даму деңгейіне жеткісі келсе, ең бірінші экономикада азаматтардың инициатива көтеруіне мүмкіндік жасауы қажет. Шағын кәсіпкерліктің дамуы бұқаралық тұрғыда экономикалық инициативаның пайда болғанын дәлелдейді. Егер, оған тереңірек үңілетін болсақ, ТМД-ның елдерінің барлығында нарықтық қатынастардың пайда болуы мен қалыптасуы, олардың кеңес үкіметі кезінде меншіктің ешкімнің иелігінде болмауы себебінен пайда болады. Сондықтан реформаның мақсаты: халыққа өз елінің қожайыны екенін білдіретін сезімді қайтару. Ал, шағын бизнес бұл үшін іс әрекет жасаудың нағыз сәйкес келетін аумағы болып табылады.

Бұл нарықтық қатынастардың дамуының заңдылығы, өйткені макроэкономикалық реформалардың іргетасы болып шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады.

Президентіміз айтып өткендей, “орындаушы органдар макроэкономиканың мәселерімен көбірек айналысып, түрлі меншік формаларының, әсіресе шағын жіне орта бизнестегі кәсіпорындардың жұмысының дамуына аса көңіл бөлмейді . . . Бұл секторлардың жұмысын жандандырмай тұрып, біз өркениетті нарыққа қол жеткізе алмаймыз”- деп атап көрсетті (25; 5) .

Базалық салаларды құрылымдық жағынан қайта құруды жүзеге асыру көптеген себептерден өте баяу жүріп отырғандықтан, протекционисттік шараларды іс жүзіне асыру арқылы еңбек күшін көбірек қажет ететін түрлі жұмыс орындарын құруды ынталандырудың объективті қажеттілігі күннен күнге артып отыр. Экономиканың басты секторлары болып қазіргі жағдайда ұсақ сауда делдардары, фермерлер және де басқа ауыл шаруашылық өндірушілері, құрылыс фирмалары, сондай-ақ түрлі бизнес циклдерінен тұратын кәсіпкерлікі табылуы керек.

Қазақстан Республикасы шағын кәсіпкерлікті дамыту барысында аз жұмыстар жасалған жоқ. Егер де кәсіпкерлік қызметті оларды дамуынан бастап реттейтін заңдылықтарға келетін болсақ, онда, кәсіпкерлікті дамытудың алғашқы іргетасы ең алдымен кооперативтер құру негізінде қаланды. 1988 жылғы “Кооперация туралы” заңы мемлекеттік және экономикалық колхоздық- кооперациялық секторларының бірдей құқықтық деңгейде жұмыс жасауын көздеді. Қазақстан кәсіпкерлерінің бірінші даму сатысы 1990 жылғы “Қазақ ССР кәсіпкерлікті және шаруашылықты іс әрекетті дамыту” заңы шыққаннан кейін қалыптаса бастады. Кооперативтер мен ұйымдар саны 15 мыңға жетті, ал онда жұмыс істейтіндер саны 300 мың адамға жетті. Олар елдегі тауарлар мен қызметтердің төрттен бір бөлігін шығарды.

Кейінірек, қайтадан "Кооперация туралы" заң жаңаланып, өңделіп қайтадан шықты. Осыған орай кәсіпорындар жұмыс істегенімен сатып алу-сауда кооперативтеріне салық салу қатал түрде жүргізілуінің әсерінен олардың іскерлік қызметі құлдырауға ұшырады. Осыдан кейін 1992 жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алуының артын ала " Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы" заңның пайда болуы азда болса ілгері жылжуға әкелді. Сонымен бірге "Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы" заңының пайда болуы да оған тұстас келді. Кейіннен 1995 жылдың 2 мамырында ҚР Президентінің "Шаруашылық серіктестіктер туралы" жарлығы шықты. Бұл заңдылықтардың барлығында дерлік кәсіпкерлік қызметті табыс табуға немесе сұранысты тауарлар арқылы қанағаттандырумен пайда табуға бағытталған өзінің мүлкіне, өзіндік тәуекелге негізделген азаматтардың іс-әрекеті деп қарастырады.

Содан бері біраз уақыт өтті, экономикада да заңдылықтарда да күтпеген өзгерістер болды. Шағын және орта бизнестегі кәсіпорындар пайда болып, нығайа түсті.

Қазақстан Республикасында шағын бизнес субъектлері болып сәйкес заңдылықтар бойынша жұмысшыларының саны 50-ден аспайтын, материалды активтерінің құны алпыс еселенген айлық есептік көрсеткішке теңестірілген, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар табылады. Заңды тұлғалар өз қызметін келесі формада жүзеге асыруы мүмкін: толық серіктестік, аралас серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершіліктегі серіктестік, өндірістік кооперативтер.

Бірнеше қызмет түрлерін жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектлері жылдық айналым көлеміне келесі ең көп қызмет түрлерінің өлшемдері бойынша жатқызылады.

Кәсіпкерлік туралы заңдылықтарда заңды тұлғалардың егер олар, бір немесе бірнеше шарушылық серіктестіктерде құрылтайшылар болатын болса, онда олардың жеке кәсіпкерлердің жарғылық қорындағы үлесі 25% мөлшеріне

дейін шектеледі.

Азаматтардың жеке өзіндік кәсіпкерлігі тауарларды сату жолымен, қызмет пен жұмыстарды іске асыру жолымен кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формасы болып табылады.

Адамдар қызметін оның сипатына қарай екі түрге бөлуге болады: еркін (ағашқы, базалық) және еріксіз (екінші немесе келесі) . Ал, кәсіпкерлік еркін қызмет түріне жатады, өйткені, ол жеке адамның өз қызығушылығынан туындайды өзінің ерік-жігеріне, таңдап алған мақсатына, жету құралына, оның нәтижесі мен жүзеге асу процесіне тікелей байланысты.

Заңдылықтарға байланысты өзіндік жеке кәсіпкерліктің екі түрі бар: жеке азаматтың меншік құқықтық бойынша өзіне тиеселі мүлкіне негізделген немесе топтық, жалпы біріккен немесе үлестік меншікке негізделген кәсіпкерлік.

Топтық кәсіпкерлік үш түрлі кәсіпкерлік қызметтен тұрады:

Жанұялық кәсіпкерлік, жалпы мүлікке негізделген шаруа қожалықтары немесе жекешелендірілген үй-жайларға негізделген, кәсіпкерлік қызмет үлестік меншіктен тұратын жай серіктестік.

Ауыл шаруашылығындагы жеке кәсіпкерлік осы уақытқа дейін 1990 жылғы 21 мамырдан "Шаруа қожалықтары туралы " заңы бойынша реттеліп келген болатын, қазір "Жеке кәсіпкерлік туралы" заңы бойынша реттеліп отырады.

Фермерлік шаруашылық болып, қызметі тікелей өндіріспен байланысты болатын және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және қайта өңдеумен шұғылданатын жерді ауыл шаруашылығына бейімдеп жұмыс істейтін шаруашылықтар табылады. Оның негізгі түрлерінс жеке кәсіпкерлікке негізделген фермерлік шаруашылықтар жэне шаруа қожалықтары жатады. Шаруа қожалықтары біріккен қызметке негізделген жай серіктестік түрінде құрылған шаруашылық болып табылады. Сонымен қатар оларға жалдау мүмкіндіктері берілген.

Заңды тұлғалар бөлігіндегі шағын кәсіпкерлікті реттеу мақсатымен

08. 04. 2008 ж. Осы сферада жұмыс істеушілердің санын келесілер бойынша шектеу қарастырылған:

  • өнеркәсіпте, құрылыста және ауыл шаруашылығында -50 адамғадейін;
  • сауда мен тұрмыстық қызмет көрсетулерде -30 адамға дейін;
  • транспорт пен байланыста- 25 адамға дейін;
  • ғылыми және инновациялық қызметте- 20 адамға дейін және басқада қызметтерде (ойын жэне шоу-бизнестен басқасы) -15 адамға дейін.

Осы жерде айта кетерлік тағы да бір жайт, шет ел практикасында жеке кәсіпкерлікті бөліп-жарып жіктемейді. Мысалға, Англияны алып қарайтын болсақ оларға капитал нарығына кірмейтін (бағалы қағаздарды шығаруға және таратуға болмайтын фирмалар) бір немесе бірнеше меншік тұлғалары басшылық ететін фирмалар жатқызылады. Мұндай фирмаларда жұмыс істейтіндер саны 200-ден аспауы керек.

Жапондық фирмаларда жеке кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер саны 100 адамнан аспауы керек екен. Францияда нақты дифференциация жоқ: біреулер 50 адам дейді, біреулер 100 адамнан аспауы керектігін айтады.

Европалық контингентте капиталдың шекті айналымы жеке кәсіпкерлікті анықтаудың негізі болып табылады.

Осылайша әр түрлі елдерде шағын кэсіпорындарға әр түрлі кәсіпорындарды жатқызады.

Қазіргі кезде біздегі орташа кәсіпорындардың статусы әлі де болса анықталған жоқ, дегенмен 2008 жылы "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" Заңда шағын және орта, ірі кәсіпорындардың ресми түрде анықтамасы берілген болатын. Онда орта бизнес субъектлеріне жұмысшыларының саны 250 адамнан және жалпы активтерінің құны 325000 АЕК -тен аспайтын кәсіпорындарды жатқызылған болатын. Осы уақытқа дейін, нақты қандай кәсіпорындарға жатқызылатыны белгісіз, шағын кәсіпкерлігі қайсы, орта кәсіпкерлігі қайсы, бәрібір үкіметтің барлық құжаттарында орта және шағын бизнесті қолдау туралы сөз болып жатады. Сондықтан мемлекеттік қолдауды қажет етіп жататын орташа кәсіпорындарды анықтап, олар бойынша мониторинг ұйымдастыру негізгі мәселелердің біреуі болып табылады.

Келесі маңызды мәселе кәсіпкерлік қызметтің жұмыссыздық проблемасын шешудегі атқаратын ролін қарастыра кету өсуін болады деп есептейміз, өйткені қазіргі шешуі қиын мәселелердің бірі осы жұмыссыздық мәселесі.

Нарықтық экономикада шағын кәсіпкерлік екі түрлі негізгі қызмет атқарады: экономикалық жене элеуметтік. Экономикалық қызметтің негізінде бәсекелік орта туғызу, ішкі рынокты тауарлармен және қызмет түрлерімен қамту, ұлттық өндірісті қолөнерді дамыту жэне т. б. Кәсіпкерліктің элеуметтік кызметі жұмыссыздық проблемасын шешу, кедейшілікті жою, коғамды демократияландыру және т. б.

Түрлі экономистердің талдау жасағаны көрсеткеніндей, Қазақстандағы жеке кәсіпкерліктің негізгі тенденциялары болып:

-жеке кәсіпкерлік субъектлерін тауарлар мен қызмет көрсету сферасына жұмылдыру;

-шағын кәсіпорындарды өнеркәсіптік дамыған аймақтарға бағыттау;

-соңғы жылдардағы болып келген салық салу, несиелеу, осы уақытқа дейін әлі де болса дұрыс шешімін таппай келе жатқан олардың мемлекеттік органдармен арақатынасын нығайту проблемаларын шешу;

-шағын кәсіпкерлік субъектлерінің сан жағынан өсуі жэне олардың жұмысбастылық санының өсуіне тигізетін әсері.

Бүгінде Қазақстанда 2008 жылдың 1-қаңтарындағы мәліметтер бойынша шағын бизнес кәсіпкерлікпен айналысатын 177334 заңды тұлғалар, орта кәсіпкерлікпен айналысатын 10700 заңды тұлға тіркелген. Шағын кәсіпкерлікті қарастыратын болсақ, онда 2007 жылдың 1-қаңтарындағы мәлімет бойынша 68708 кәсіпкер қызмет етеді, ондағы жалдамалы жұмыскерлер саны 748785 адам.

Шағын бизнес кәсіпорындары субъектілерінің дамуында соңғы бірнеше жылда жеке тұлғалардың өсуі байқалады, ал заңды тұлғалар - шағын кәсіпорындар көп болмаса да азайған. Мысалы, 2008 жылы олардың саны 45124 бірлік болса, бүгінгі күні олардың саны 68708. 2007-2008 жылдары шағын кәсіпкерліктің белсенділігі алдыңғы жылдарға қарағанда едәуір артты. Бұл мемлекеттік қолдау шараларының күшеюімен, халықтың нақты кірісінің артуымен байланысты. Бірақ, бұған қарамастан, қарастырылған мерзім ішінде шағын кәсіпорын субъктілерінің - заңды тұлғалар мен ондағы жұмыс істеп жатқандардың санының жоғарылағаны көрінеді .

Соңғы кезде өзіміз білетіндей үкімет тарапынан қолданылып жатқан шараларға қарамастан кіші кәсіпкерлік көбінесе тауарлар сату мен қызмет көрсету сферасында дамып отыр, ал, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, транспорт және байланыс ірі кәсіпкерлік үлесіне тиіи отыр. Мысалға, өнеркэсіпте кіші кәсіпкерлікте жұмыс жасайтындардың алатын үлесі 12 процентті құраса, ал, бөлшек саудада жұмыс жасайтын адамдар 90 процентке жетеді екен.

Кесте 1-Шағын бизнес кәсіпкерліктің салалық кұрылымы

Салалар: Салалар
Жалпы енім өндірудегі ШКС өнімініц үлес салмағы, %: Жалпы енім өндірудегі ШКС өнімініц үлес салмағы, %
ШКС жалпы жұмысбастылық санындағы үлес салмағы: ШКС жалпы жұмысбастылық санындағы үлес салмағы
Салалар: Ауыл шаруашылығы
Жалпы енім өндірудегі ШКС өнімініц үлес салмағы, %: 5, 9
ШКС жалпы жұмысбастылық санындағы үлес салмағы:

11, 2

Салалар: Өнеркәсіп
Жалпы енім өндірудегі ШКС өнімініц үлес салмағы, %: 12, 2
ШКС жалпы жұмысбастылық санындағы үлес салмағы:

15, 0

Салалар: Қайта өңдеу
Жалпы енім өндірудегі ШКС өнімініц үлес салмағы, %: 10, 7
ШКС жалпы жұмысбастылық санындағы үлес салмағы:

13, 3

Салалар: Құрылыс
Жалпы енім өндірудегі ШКС өнімініц үлес салмағы, %: 12, 4
ШКС жалпы жұмысбастылық санындағы үлес салмағы:

14, 9

Қызмет көрсету, аренда: Қызмет көрсету, аренда
18, 4:

18, 4

15, 8:

15, 8

Қызмет көрсету, аренда: Көлік жэне байланыс
18, 4:

5, 4

15, 8:

5, 8

Қызмет көрсету, аренда: Сауда, автокөлік жөндеу
18, 4:

39, 1

15, 8:

29, 0

Қызмет көрсету, аренда: Және т. б. қызметтер
18, 4:
15, 8:

*(Қазақстанның жыл сайынғы Стат. мәліметтері. ҚР Статистикапык Агенттігі. Алматы. 2009ж. )

Кестеде көрсетілгеніндей шағын кәсіпкерлік субъектлерінің салалық құрылымы мен жұмысбастылар санындағы нақты үлесі ең жоғары сала, ол бөлшек сауда да, ең аз көрсеткіш ауыл шаруашылығы мен көлік, байланыс, өнеркәсіп өндірісінде болып отыр. Ол дегеніміз, еліміздің экономикасында өнеркэсіптен гөрі сауданың дамуы басым екенін тағы да дәлелдеп отыр. Жалпы өндірілген өнімдегі және жалпы жүмысбастылықтағы үлесі экономиканың белгілі бір салалары бойынша көрсетілген.

Енді шағын кәсіпкерлікті аймақтар бойынша қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерліктің көбінесе тұрғындар жиі орналасқан жерлерде, неғұрылым өнеркәсібі жақсы дамыған жерлерде көбірек таралған. Ондай жерлерге Алматы қаласында кіші кәсіпкерлердің жалпы санына шаққанда 29, 8%, Оңтүстік-Қазақстан облысында-9, 9%, Қарағандыда-7, 5% және Шығыс-Қазақстан облысында-7, 0% (27; 5-10) .

Аталған аймақтардағы кәсіпкерлік қызметтің көп таралуы салыстырмалы түрде олардың табыстарының жоғары екенін көрсетеді жэне өндірістік, кіші кэсіпкерлікті қолдаудың нарықтық инфроқүрылымдарыныц дамығандығымен сипатталады.

2009 жылдың қазан айында Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің Форумында, елбасы Н. А. Назарбаев кәсіпкерлер алдына орындауға біраз мәселелер қойған болатын, оның ішінде негізгілері болып, біріншіден ішкі өндірістегі өнім мөлшерін 60-70%-ға жеткізу. Ол үшін өндірістік кәсіпорындарды дамыту керек және экономика саласында тқрақтылыққа қол жеткізу және келешекте шикізат өндіру көзінен пайда табудан ақырындап алыстауымыз қажет. Сонда ғана көздеген мақсатымызға жетуге болады. Екіншіден, шағын және орта бизнесті "жүйені"

50-70 %-ын құрауы қажет. Ол үшін әрине, орта және кіші бизнес цикілдеріне жан-жақты қолдау қажет, әсіресе мемлекеттің салықтық құралдар сияқты реттеу тетіктерін тиімді түрде іске қосу қажет.

1. 2. Шағын бизнестегі кәсіпкерлік қызметі мемлекеттік қолдаудың салықтық аспектілері

Экономиканы мемлекеттік реттеу, оның ішінде экономиканың негізгі

құрамдас бөлігі болып табылатын шағын бизнесте кәсіпкерлік қызметті реттеу соған сәйкес те икемді келетін негізгі құралдарға сүйенеді. Осы құралдардың бірі- салық.

Мемлекеттің экономикаға араласуы тек қана шаруашылық субъектлерінің

кәсіпкерлік іс-әрекетін дұрыс жүргізу ережелерін белгілейтін мемлекеттік

нормативті актілерді шығарып қана қоймай, олардың өздеріне және

тұрғындардың әлеуметтік топтарына қаражаттарды қайта қайтару немесе қайта

білу мақсатында шаруашылық субъектілерінен олардың мүліктері мен

қаржыларының бір бөлігін алу болып табылады. Осылай, салықтар ұлттық

табыс және жалпы ішкі өнімді тарату процесінде маңызды рөль атқарады.

Жалпы ішкі өнімді бөлу және қайта бөлуде салықтың фискальді жэәне реттеуші

қызметі пайда болады. Мемлекет өз табысын қалыптастыра отырып

экономикаға мақсатты түрде әсер етеді. П. Самуэльсон айтқанындай: " . . .

адамдардың салық салу мәселесін шеше отырып, қоғам қажетіне керек ресурстардың басқа адамдар мен оларға тиеселі кәсіпорындардан салық қалай алынатынын және олардың мемлекеттік тауарлар мен қызметтер өндіруіне қалай жұмсалатынын анықтауына мүмкіндік береді" .

Мемлекет салықтарды ала отырып бір жағынан өзін өзі қаржыландырып отыратын болса, екінші жағынан олар арқылы шаруашылык субъектлерінің қызметтерін реттеп отырады. Сырттан қарағанда бұл екі функция бір біріне қатысы жоқ екі бөлек нәрсе сияқты, ал шындап келгенде олар бір-бірінен бөліп алып қарауға болмайтын біртұтас қызмет болып табылады.

Мемлекеттік каржылық реттеу негізінде салықты пайдалану

мүмкіндігі салықтың табиғатынан шығады, қарағанда олардың ішкі маңыздылығы мен функцияларынан шығады. Салық фискальды қызметті орындай отырып және мемлекет пайдасына ұлттық табысты бөлу бойынша спецификалық өндірістік қарым қатынасында экономикалы категория болып табылады. Қорыта айтқанда салық, реттеуші фукцияларды атқарады, яғни процесте шектеу, санкциондау жэне стимулдау орындалады.

Мемлекет жоғарғы заңды орган бола отырып салықтың түрлерін және оларды алудың түрлі механизмін ойлап табуға құқылы. Егер қалыптасқан салық жүйесі өндірістің объективті тұтынуларымен қарама қайшылықта болса, онда ол белгілі бір уақыт аралығында өзінің кемшілігін көрсетеді. Қоғамның экономикалық, саяси жэне әлеуметтік жағдайына байланысты, бұл тиімсіздік салықтан шаруашылық субъектлері көп бөлігінің одан ауытқуын және салық базасының қысқаруының нәтижесінде салықтық түсімнің азаюуын көтеруге болады.

Салықтық реттеу, бұл шаруашылық субъектілерінен және қолында құны бар жеке тұтынушыларынан алым алу жолымен орындалады, яғни олардың өндірістік жэне өндірістік емес тұтыну мүмкіндіктерін қысқарту жолымен орындалатын іс әрекет .

Салық ставкасын көтеру, жеңілдікті қысқарту бойынша мемлекет іс әрекеттердің кейбір түрлерін шектеуі кәсіпорынның қажетсіз іс әрекетінің дамуын қысқартуы мүмкін.

Салықтық реттеу практикада бір жағынан сұранысқа әсер етуімен қайта өндірістік жағдайын өзгертуіне, ал екінші жағынан салық төлеушіге ынталандыру түрінде әсер етуімен анықталады .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм индустриясындағы бизнес жоспардың мән – мазмұны мен ерекшіліктері
Шағын кәсіпкерлік қызметі
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау механизмдері
Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту мәселелері
Экономикадағы кәсіпкерліктің рөлі мен теориялық негіздері
Еңбек қолдаудың инновациялық модельдері
Шағын бизнесті дамытуды мемлекеттік қолдау
Кәсіпорынның инновациялық қызметін басқару
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы
Нарықтық экономика жағдайындағы шағын бизнесті ұйымдастырудың қажеттілігі мен экономикалық мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz