Арнайы миссиялар дипломатиясының халықаралық-құқықтық негіздері



Жоспар
КІРІСПЕ
I. Арнайы миссиялар дипломатиясының халықаралық.құқықтық негіздері
1.1 Мемлекеттердің сыртқы байланыстары мен сыртқы байланыстар құқығы
1.2 Сыртқы байланыстар құқығы аясындағы арнайы миссиялар институтының
жалпы сипаттамасы
II. Арнайы миссиялардьщ қазіргі заманғы халықаралық құқықтық мәртебесі.
2.1 Арнайы миссиялар туралы 1969 жылғы Вена Конвенциясының жалпы
сипаттамасы
2.2 Арнайы миссиялардың иммунитеттері мен артықшылықтары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Халықаралық қатынастардың маңызды және өзекті мәселелерінің бірі болып - дипломатиялық байланыстар және оларды халықаралық реттеу табылады. Дипломатиялық қатынастар-халықаралық қатынастардың бүкіл жүйесінің сыртқы қыры болып табылады және оларды реттейтін дипломатиялық қүқық нормалары халықаралық ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты дамытудың жалпы саяси және қүқықтық негізін құрайды.
Мемлекетаралық қатынас және бірінші кезекте әртүрлі мемлекеттер арасындағы барлық қатынастар негізі болып табылатын-олардың бейбіт қатар өмір сүру қағидасы - дипломатияның әртүрлі нысандарын қолдану арқылы жүзеге асады. Дипломатия халықаралық қүқықтың жалпы мойындалған қағидалар мен нормаларға сәйкес жүзеге асырылғанда ғана мемлекеттердің ынтымақтастығы мен бейбіт қатар өмір сүруінің шынайы құралына айналады.
Дипломатиялық қатынастарды дамытудың мақсаты мемлекеттердің қауіпсіздігі мен бейбіт қатар өмір сүру жағдайында олардың арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту және үлғайту, ал мемлекеттер арасындағы ресми қатынастарды үйымдастыру мен реттеу қызметі ретіндегі дипломатияның өзі қазіргі халықаралық қүқықпен күш қолдануға тыйым салынған жағдайда, мемлекеттердің сыртқы саясатын жүзеге асырудың маңызды құралы болып табылады. 1960-1980 жылдары БҰҰ-ның жетекшілігімен мемлекеттердің сыртқы байланысына қатысты халықаралық құқық нормаларын жүйелеу мен жедел дамыту бойынша орасан зор жұмыс жұргізілді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. К.К.Сандровский. Специальные дипломатические миссии. Киев. «В
школа». 1977.с.15.
2. Д.Б.Левин. Принцип невмешательства в современном мире. Н. «
международной жизни» 1966. №11 с.31.
3. Курс международного права. В шести томах, т.І. М., " Наука", 1967.
4. К.К.Сандровский. Дипломатическое право. Киев: В школа, 1981,-34
бет.
5. Л. Оппенгейм. Международное право, т.І. М., ИЛ, 1949, с.311.
6. Мысалы: Д. Анцилотти. Курс международного право, т.1. М., 1961,
с.242., А.В.Гефтер. Европейское международное право. Спб, 1880, с-
376.
7. Международное публичное право: Учебник. под. ред. К.А. Бекяшева,
М. "Проспект", - 2003 г. 237 бет.
8. К.К.Сандровский. Специальные дипломатические миссии. Киев:
"Вицца школа", 1977.С.ЗЗ.
9. курс международного права. В томах. Т.ІІ, с.52.
10. "Во имя мира, безопасности и сотрудничества". К итогам совещания
по безопасности и сотрудничеству Европе.
11. Э.Сатоу. Руководство по дипломатической практике.М,
ИМОД961.С.53.
12. К.К.Сандровский. Специальные дипломатические миссии.Киев:Вища
школа. 1977.С.91.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
КІРІСПЕ
I. Арнайы миссиялар дипломатиясының халықаралық-құқықтық негіздері
1.1 Мемлекеттердің сыртқы байланыстары мен сыртқы байланыстар құқығы
1.2 Сыртқы байланыстар құқығы аясындағы арнайы миссиялар институтының
жалпы сипаттамасы
II. Арнайы миссиялардьщ қазіргі заманғы халықаралық құқықтық мәртебесі.
Арнайы миссиялар туралы 1969 жылғы Вена Конвенциясының жалпы
сипаттамасы
Арнайы миссиялардың иммунитеттері мен артықшылықтары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Халықаралық қатынастардың маңызды және өзекті мәселелерінің бірі болып
- дипломатиялық байланыстар және оларды халықаралық реттеу табылады.
Дипломатиялық қатынастар-халықаралық қатынастардың бүкіл жүйесінің сыртқы
қыры болып табылады және оларды реттейтін дипломатиялық қүқық нормалары
халықаралық ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты дамытудың жалпы саяси
және қүқықтық негізін құрайды.
Мемлекетаралық қатынас және бірінші кезекте әртүрлі мемлекеттер арасындағы
барлық қатынастар негізі болып табылатын-олардың бейбіт қатар өмір сүру
қағидасы - дипломатияның әртүрлі нысандарын қолдану арқылы жүзеге асады.
Дипломатия халықаралық қүқықтың жалпы мойындалған қағидалар мен нормаларға
сәйкес жүзеге асырылғанда ғана мемлекеттердің ынтымақтастығы мен бейбіт
қатар өмір сүруінің шынайы құралына айналады.
Дипломатиялық қатынастарды дамытудың мақсаты мемлекеттердің қауіпсіздігі
мен бейбіт қатар өмір сүру жағдайында олардың арасындағы саяси,
экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту және үлғайту, ал мемлекеттер
арасындағы ресми қатынастарды үйымдастыру мен реттеу қызметі ретіндегі
дипломатияның өзі қазіргі халықаралық қүқықпен күш қолдануға тыйым салынған
жағдайда, мемлекеттердің сыртқы саясатын жүзеге асырудың маңызды құралы
болып табылады. 1960-1980 жылдары БҰҰ-ның жетекшілігімен мемлекеттердің
сыртқы байланысына қатысты халықаралық құқық нормаларын жүйелеу мен жедел
дамыту бойынша орасан зор жұмыс жұргізілді.

I. Арнайы миссиялар дипломатиясының халықаралық негіздері
1.1 мемлекеттердің сыртқы байланыстары мен сыртқы байланыстар құқығы
Мемлекетаралық қарым-қатынастарды реттейтін халықаралық құқық
мемлекеттердің өздерімен жасалады және ол өздерінің сыртқы функцияларын
жүзеге асыру жөніндегі осы мемлекеттердің қызметтері нәтижесінде
дамытылатыны белгілі. Сыртқы функциялар мемлекеттің сыртқы байланыс
органдарымен жүзеге асырыладыжәне ол тиісті мемлекеттің халықаралық аренада
қызметінің басты бағыттарының мазмұнын құрайды. Сыртқы функцияларды жүзеге
асыру жөніндегі қызметті былай анықтауға болады: мемлекеттер өздерінің өмір
сүруі барысында халықаралық деңгейде әртүрлі қатынастарға,соның ішінде –
саяси, экономикалық ,мәдени,ғылыми-техникалық және т.б қатынастарға
түседі,олар өз кезегінде халықаралық құқық нормаларымен реттеледі.
Кез-келген дербес,тәуелсіз мемлекет белгілі бір деңгейде даму үшін басқа
мемлекеттермен қарым-қатынасқа түсекді. Онсыз мемлекеттің дамуы ,өсіп
өркендеуі, белгілі бір экономикалық мәдени ғылыми-техникалық табыстарға
жетуі мүмкін емес. Басқаша айтсақ,сыртқы байланыстар орнатпай,сыртқы
функцияларды жүзеге асырмай,бір де бір мемлекет мемлекет ретінде өмір сүре
алмайды.Яғни,мемлекеттердің бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуі объективті
қажетті сипатқа ие деуге болады. Салыстырмалы түрде мынадай формула
келтіруге болады: Адамдар мемлекетте өмір сүреді,ал әрбір мемлекет
мемлекеттер жүйесінде өмір сүреді.Халықаралық қатынастардың басты алғы
шарты болып экономикалық тәртіп факторлары табылады.Соның ішінде,еңбек пен
әлемдік нарықтың халықаралық бөлініске түсуін жатқызуға болады.Көп жағдайда
халықаралық экономикалық қажеттіліктер түбінде мемлекеттердің халықаралық
ынтымақтастығы саяси,ғылыми техникалық,мәдени мүдделерін
анықтайды.Экономикалық өмірдің одан ары интернациялануы,сонымен қатар
ғылыми-техникалық қарқынды дамуы мен жалпы әлеуметтік прогрес мемлекеттер
арасындағы байланыстар мен қатынастардың көпқырлы және жан-жақты сипатқа ие
болуына алып келеді.
Мемлекеттердің кез-келген сыртқы байланыстарында саяси астар болады
деп күмәнсыз айтуға болады.Яғни мемлекетаралық қатынас қай салада болмасын
(экономикалық,мәдени,ғылыми-техника лық және т.б)өзінің саяси сипатын,саяси
мүддесін жоғалтпайды.Кезінде кеңестік бір ғалым айтқандай саяси қарым-
қатынастар арасында ынтымақтастық элементіне қарағанда конфликтіге түсу
элементі басым тұрады.
Мемлекеттердің сыртқы байланыстары осы мақсатта құрылған тиісті сырқы
байланыс органдарымен белгіленіп,жүзеге асырылады.Сыртқы байланыстардың
түпкі мақсаты болып тиісті мемлекеттің экономикалық,саяси және басқа да
қажетіліктерін неғұрлым толық жүзеге асыруға ұмтылуы табылады.
Осыдан келіп, сыртқы байланыстарды былайша анықтауға болады:-бүл
өздерінің сыртқы функцияларын бейбіт қүралдармен жүзеге асыру мақсатында
мемелекеттер арасындағы және халықаралық қүқықтың басқа да субъектілері
арасында ерекше мемлекеттік органдармен орнатылып , жүргізілетін ресми
байланыстар мен қатынастарды қамтитын мемлекеттердің халықаралық қызметінің
бір бөлігі.Сипаты бойынша дипломатиялық нысандар мен әдістер арқылы жүзеге
асырылатын, мемлекеттердің сыртқы байланыстар аясындағы қызметі әрқашан да
халықаралық маңызға ие екені сөзсіз. Сыртқы байланыстар процесі барысында
ғана тиісті мемлекеттер арасында ресми қарым-қатынастар бекітіліп,
ресімделеді. Ал сыртқы байланыстар органдарының іс-әрекеттері заңдық
тұрғыдан тиісті мемлекеттердің өздерінің іс-әрекеттері ретінде бағаланады
және оларға халықаралық-қүқықтық мағынада сәйкесінше міндеттер жүктеп,
қүқықтар береді. Бұл қатынастарға қүқықтық нормалардың белгілі-бір кешені
сай келеді, өйткені солардың негізінде осындай ресми қатынастар жүзеге
асырылады. Сыртқы байланыс органдарының қарауына жататын мәселелер аясы
мемлекетаралық сипатқа ие. Сол себептен бірінші кезекте бүл жерде
халықаралық құқық нормалары тұрады, бірақ сыртқы байланыс органдарын құру
туралы және олардың өкілеттіктерінің көлемі туралы мәселелер әр мемлекеттің
ішкі қүқығымен шешіледі. Сыртқы байланыстарды қүқықтық реттеудегі
халықаралық қүқық нормаларының басты рөлін көрсете отырып, белгілі кеңестік
ғалым-заңгер Д. В. Левин былай деген: "Мемлекеттердің сыртқы байланыстары,
әдетте, халықаралық қүқық нормаларымен реттеледі".
Мемлекеттердің сыртқы байланыстар аясындағы қызметі - бүл оның
халықаралық аренадағы барлық байланыстары мен қатынастарын қамтитын кең
мағынадағы дипломатиялық қызметі. Осы қызметті мемлекеттер арасындағы
келісімдер негізінде реттейтін қүқықты қазіргі таңдағы әдебиеттерде,
әдетте, дипломатиялық және консулдық қызмет деп атайды, ол өз кезегінде
жалпы халықаралық қүқықтың бір саласы болып табылады. Дипломатиялық қүқықты
екі мағынада түсінуге болады. Кең мағынада дипломатиялық қүқық барлық
сыртқы байланыс органдарының (атап айтқанда, елшіліктер, консулдық
мекемелер, арнайы мисииялар, халықаралық үйымдар жанындағы өкілдіктер,
сауда өкілдіктері және т.б.) қызметін қамтиды. Ал, тар мағынадағы
дипломатиялық құқық тек дипломатиялық өкілдіктер мен олардың
персоналдарының қүқықтық жағдайы мен мәртебесіне қатысты нормаларды
қамтиды.
Әдебиеттерде халықаралық құқық пен дипломатиялық қызметтің ара
қатынасына қатысты мынадай ой бар: "халықаралық құқық мемлекеттің бүкіл
дипломатиялық қызметінің қүқықтық негізі болып табылады"4 Қазіргі заманғы
халықаралық құқық мемлекеттердің дипломатиялық қызметін жүзеге асыру үшін
кең мүмкіндіктер береді және олардың қорғалуына барлық көзделген
қүралдармен кепілдік бере алады.
Дипломатиядағы кұқықтык бастаулар тек жалпы көпжақты шарттармен ғана емес,
сондай-ақ екі жақты (мемлекеттер арасындағы) және арнайы шарттармен де
(мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар арасындағы) қолдау тауып отырады.

II. Арнайы миссиялардың қазіргі заманғы халықаралық құқықтық мәртебесі
2.1 Арнайы миссиялар туралы 1969 жылғы Вена конвенциясының жалпы
сипаттамасы.
XX ғ. дейінгі халықаралық қатынастарда, шетелдегі дипломатиялық қызмет
негізінен түрақты елшіліктер мен миссияларға сүйенген кезеңде, ал арнайы
миссиялар ерекше жағдайларда жіберіліп отырған уақытта арнайы миссияларға
қатысты халықаралық құқықтық нормаларды кодификациялау қажеттілігі
соншалықты өткір болмады. Тек XX ғ. бастап, арнайы миссиялар институты кең
қолданысқа ие болған кезеңде осы институтты дамытуға және оны жүзеге
асырудың қүқықтық нысандарын жетілдіруге көп көңіл бөліне бастайды. Жалпы
алғанда, халықаралық қүқықтың кез-келген саласын алмасаңыз да,
кодификациялау мәселесі көбінесе БҮҮ-ның бастамасымен жүзеге асырылғаны
және жүзеге асырылып отырғаны белгілі.
Дегенмен де, арнайы миссиялар мәселесін зерттеп білу мен реттеу талпынысы
бүрындары да орын алған. Бірақ олар оның жекелеген қырларын ғана қамтыған
болатын. Бұл орайда, арнайы миссиялар әр уақытта да жалпы халықаралық
құқықтың қорғауында болғанын атап өткен жөн.
Арнайы миссиялар аясын кодификациялаудың алғашқы талпынысы ретінде 1815
жылы сегіз жетекші еуропалық державалар арасында дипломатиялық агенттерге
қатысты Вена конгресінде қабылданған қаулыларды атауға болады. Қарастырылып
отырған мәселеге тікелей қатысты болып 19 наурыз 1815 жылғы Вена
регламентінің 3 бабы табылады: "Төтенше миссияларды жүзеге асыратын
дипломатиялық агенттер осы жағдайға орай рангісі бойынша ешқандай ағалыққа
ие болмайды". Алайда, 1815 жылғы Вена регламентінде арнайы миссиялардың
ерекшеліктері туралы ештеңе айтылмайды. Бұл заңды қүбылыс еді, өйткені сол
замандағы мемлекеттердің тәжірибесі әлі тұрақсыз еді. Соның салдары
ретінде, мемлекеттердің ішкі заңдары да арнайы миссияларға қатысты
нормаларды сирек қамтитын.
Осындай жағдайларда әрекет етуші нормаларды жүйелеу көптеген мемлекеттер
үшін қолайлы болатын арнайы миссиялар туралы конвенция жасап шығару үшін
жеткілікті болатын қүқықтық материал бере алмайтын еді.
1949 жылы БҮҮ халықаралық қүқық Комиссиясының "дипломатиялық қатынастар
және дипломатиялық иммунитет" тақырыбы кодификациялануға тиіс және мүмкін
болатын пәндердің бірі ретінде таңдап алынған. Бірақ сол кезде негізгі ой
жалпы дипломатиялық қүқық пен бірінші кезекте түрақты дипломатиялық
өкілдіктердің қызметін қүқықтық реттеу туралы болғанмен, Б¥¥ аясында арнайы
миссиялар туралы нормаларды кодификациялау тарихы дәл осы сәттен басталады
деуге болады. Мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынастарды анықтайтын
құқықтық нормалар негізінен түрақты миссиялардың
жағдайы мен қызметіне негізделгенмен, соған дейінгі кодификациялау
талпыныстарында көптеген ережелер әдетте тұрақты миссиялармен қатар
уақытша, арнайы миссияларға да қатысты қолданылуға жарамды екені
анықталған. Дипломатиялық қатынастардың бұл нысандары бір-бірімен
соншалықты тығыз байланысты, тіпті олардың қүқықтық мәртебелері ортақ
құқықтық бастаулармен анықталады. Мәселен, арнайы миссиялар туралы
тақырыпты зерттегенде Халықаралық құқық Комиссиясы алдын - ала дайындалған
және соңынан қабылданған тұрақты дипломатиялық өкілдіктер туралы баптар
жобасына сүйеніп отырған. Әдетте, ол арнайы миссиялардың мәртебесін түрақты
миссиялардың мәртебесімен салыстыра отырып анықтап отырған.
1959 жылы өзінің он бірінші сессиясында Халықаралық құқық Комиссиясы
арнайы миссиялар туралы мәселені (ол кезде бүл тақырып "аё һос
дипломатиясы" деп аталған) арнайы тақырып ретінде өзінің 1969 жылғы он
екінші сессиясына енгізу туралы шешім қабылдайды. Бұл тақырып туралы
баяндаманы бүған дейін мемлекеттердің дипломатиялық қатынастары туралы
баяндаманы дайындаған швед заңгері Сандстрем дайындайды. Бүл, өз кезегінде,
аталған екі тақырыптың (яғни тұрақты миссиялар мен арнайы миссиялардың)
қаншалықты өзара тығыз байланысты екенін байқатады. Осы баяндаманың
негізінде Комиссия арнайы миссияларға қатысты ережелер туралы ұсыныстар
әзірлеп шығарған екен.
Комиссия қабылдаған жоба өте қысқа болды. Онда асі һос дипломатиясына
қатысты небары үш бап қана болған. Мұндағы басты ой мынада еді:
дипломатиялық қатынастар туралы ережелер жалпы алғанда анология бойынша
арнайы миссияларға да қолданыла алады. Бірақ, арнайы миссиялар туралы бүл
жоба өте қысқа болғанмен, онда кейбір концептуалды ережелер көрініс тапқан.
Атап айтқанда, арнайы миссияға анықтама берілген еді."Арнайы миссия" деген
сөз тіркесі арнайы міндетті атқару үшін бір мемлекеттен басқа мемлекетке
жіберілетін, мемлекеттің өкілдерінен қүралатын ресми миссияны білдіреді.
Бұл түсінік сапар шегуші елшіге де қолданылады.
12 желтоқсан 1960 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы өзінің XV сессиясында № 1504
(XV) резолюциясын қабылдады, соған сәйкес алтыншы комитеттің үсынысы
бойынша жоғарыда аталған үш бап дипломатиялық қатынастар туралы баптар
жобасымен қатар талқылануға жіберілу туралы шешім қабылданады.
Дипломатиялық қатынастар туралы 1961 жылғы Вена конференциясында арнайы
миссиялар туралы мәселе осы мақсатта қүрылған подкомитетте беріледі. Бұл
подкомитет, өз кезегінде, арнайы миссиялар туралы баптар 1961 жылғы
дипломатиялық қатынастар туралы Конвенцияға енгізуге әлі толық дайын емес
деп шешеді, бүл мәселе мүқият зерттеуді қажет етеді деп шешіліп, арнайы
миссиялар туралы баптар жобасы өз алдына жеке конференция шақыруды қажет
етеді делінеді. Осыған орай, 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар мен
имунитеттер жөніндегі Вена конференциясының төртінші
пленарлық
отырысында резолюция қабылданады. Соған сәйкес арнайы миссиялар туралы
мәселе қайтадан Бас Ассамблеяның қарауына жіберіледі. Ол өз кезегінде
халықаралық құкық комиссиясына арнайы миссиялар туралы мәселені одан әрі
зерттеуге тапсырыс береді.
Ұзақ жылдардағы жұмыстың нәтижесі ретінде 8 желтоқсан 1969 жылы БҰҰ Бас
Ассамблеясы №2530 (XXIV) резолюциясын қабылдады. Соған сәйкес ол арнайы
миссиялар туралы Конвенция мен оған дауларды міндетті түрде шешу туралы
факультативті хаттаманы қабылдап, қол қоюға ашады. Сөйтіп, арнайы
миссияларға қатысты халықаралық қүқық нормаларын кодификациялау мен
прогрессивті дамыту жөніндегі жүмыс өзінің жемісті аяғына жетеді. 1969
жылғы қабылданған арнайы миссиялар туралы конвенцияның да өзіндік
кемшіліктері болғанмен, ол мемлекеттермен кабылданғаннан кейін халыкаралық
қарым-қатынастың әрекет етуші қүралына айналғаны сөзсіз еді.
Енді өз жиынтығында қазіргі заманғы арнайы миссиялардың халықаралық
күкықтық мәртебесін қалыптастыратын, арнайы миссиялар туралы Конвенцияның
жалпы ережелерінің мәнді тұстарына тоқталайық.
1969 жылғы Конвенцияның басты идеясы мынада- қазіргі заманғы
дипломатияның ажырамас және аса маңызды күрамдас бөлігі ретіндегі арнайы
миссияларға бүрын түрақты дипломатиялык өкілдіктер үшін белгіленген режимге
неғүрлым жақын режим берілуге тиіс. Бірақ сонымен бірге дипломатияның бүл
нысанының ерекшеліктерін де ескере отыратыны да анық.
Құрылымдық жағынан алып қарағанда арнайы миссиялар туралы 1969 жылғы
Конвенция преамбула мен 55 баптан түрады. Бұл баптар бөлімдерге
топтастырылмағанмен, олардың іс-жүзіндегі орналасуы Конвенцияның бар
мазмүнын үш негізгі бөлікке бөлуге мүмкіндік береді.
Бірінші бөлім 2-21 баптар аралығын қамтиды. Онда арнайы миссияларды жіберу
мен олардың қызмет етуіне қатысты мәселелер қарастырылады. Екінші бөлім 22-
46 баптардан түрады және оған арнайы миссиялардың жалпы артықшылықтары мен
имунитеттерін анықтаумен байланысты ережелер топтастырылған. 47-55 баптарда
1961 және 1963 жылдардағы дипломатиялык және консулдық қатынастар туралы
Вена Конвенцияларының тиісті баптарының ережелері кейбір өзгерістерімен
қайта көрініс тапқан.
Конвенцияның преамбуласына келетін болсақ, ол мазмүны бойынша 1961 және
1963 жылдардағы Вена Конвенцияларының преамбулаларына ұқсас. Бүл факт,
біздің ойымызша, дипломатияның осы нысанының мемлекеттердін сыртқы
функцияларын жүзеге асырудың басқа екі маңызды аяларымен тығыз ажырамас
байланыста екенін куәландырады. Конвенцияның 1-бабында терминдердің
анықтамалары көрініс тапқан. Онда арнайы миссияның анықтамасы бар. Соған
сәйкес, арнайы миссия- бүл бір мемлекетпен екінші мемлекетке оның келісімі
бойынша онымен бірге белгілі-бір мәселелерді қарастыру үшін немесе соған
қатысты белгілі бір міндеттерді атқару үшін жіберілетін, сипаты бойынша
мемлекетті білдіретін уақытша миссия.
Осы анықтамада жіберілетін миссияны арнайы деп тану үшін белгілі-бір
минималды талаптар сақталу қажет екені байқалады. Атап айтқанда, миссия
(арнайы) бір мемлекетпен басқа мемлекетке жіберілуі тиіс (тек мемлекетпен,
халықаралық қүқықтың қандай да бір басқа субъектісімен емес). Яғни,
Халықаралық құқық Комиссиясының түсініктемесіне сәйкес, Конвенция ереуілші
қозғалыстармен немесе азаматтық соғыстағы тараптармен жіберілетін немесе
қабылданатын миссиялар туралы мәселені қамтымайды.
Бірақ, біздің ойымызша, бүл сүрақты біржақты қарастырып, біржақты жауап
беруге болмайды. Өйткені, халықаралық қүқық субъектілері ретінде тек
мемлекеттер, өз тәуелсіздігі үшін күресіп жатқан және өз мемлекеттілігін
құруға талпынып жатқан үлттар ғана емес, сондай-ақ белгілі-бір жағдайларда-
халықаралық қүқықтың төмендегідей ерекше субъектілері де танылады:-
халықаралық-қүқықтық түрғыдан соғысушы тарап ретінде танылған білдіру
органдары мен қозғалыстар "айдауда" жүрген үкіметтер, эмиграциядағы
үкіметтер және т.б. Осы аталған стандартты емес халықаралық қүқық
субъектілері үшін халықаралық қүқық тарапынан арнайы миссиялар институтын
пайдалану мүмкіндігін тану қажет. Тәжірибе жүзінде де осы жол бойынша
дамыған дүрыс. Тарихта уақытша үкіметтердің қашып жүрген немесе эмиграцияда
жүрген үкіметтердің басқа мемлекеттерге арнайы миссиялар жіберіп
отырғандығы туралы мысалдар көп. Мәселен, Алжир республикасының уақытша
үкіметі 1962 жылы келіссөздер жүргізу үшін Францияға арнайы миссия жіберген
және т.с.с. мысалдар көп.
Арнайы миссиялардың өзіндік табиғаты мен осы институттың өмір сүру мәнісі
мынада- арнайы миссиялар әртүрлі мәселелер бойынша және әртүрлі деңгейлерде
байланыстар орнатып, оны жүзеге асыруға мүмкіндік береді, және бұл орайда
арнайы миссияларды жіберу мен қабылдау фактісінің өзі тану актісі ретінде
танылып, автоматты түрде арнайы миссиялар міндетінің аясынан шығатын қандай
да бір басқа кең міндеттемелер туындатпайды.
Миссия арнайы деп есептелу үшін қойылатын тағы бір талап- бүл тиісті
миссияның өкілдік сипатқа ие болуында. Арнайы миссия жіберетін мемлекет
тарапынан өкілдік уәкілеттермен жабдықталуға тиіс; басқаша айтсақ, ол
өзінің нақты міндеті аясында тиісті мемлекеттің еркін білдіру жөніндегі
қүқық қабілеттілікке ие болуға тиіс. Бірақ бүл жерде "өкілді" деген сөз кең
мағынада қолданылады деген үсыныстар болған екен. Қазіргі заманғы
дипломатияда мемлекет және үкімет басшыларының жеке өкілдері институты кең
қолданысқа ие болып таралуда. Олар да басқа мемлекеттерге арнайы миссиялар
бойынша жіберіледі. Сонымен, өкілдік сипат - арнайы миссиялардың аса
маңызды критерийі болып табылады. Яғни, тек өкілдік сипатқа ие арнайы
миссиялар ғана 1969 жылғы арнайы миссиялар туралы конвенцияның реттеу
объектісі бола алады.
Арнайы миссиялардың жоғарыда аталған анықтамасынан туындайтын келесі белгі
- бүл арнайы миссиялардың уақытша сипатқа ие болуында.
Халықаралық қүқық комиссиясы арнайы миссиялар туралы Конвенцияның 1-бабына
түсініктеме берген кезде мынадай ой айтқан:
"Арнайы миссия мемлекеттер арасында жалпы дипломатиялық қатынастарды
қолдап отыру үшін жауапты болатын миссия сипатына ие болмауға тиіс, және
оның міндеттері нақты анықталуға тиіс. Тәжірибе жүзінде кейбір арнайы
миссияларға өте ауқымды міндеттер, соның ішінде мүдделі мемлекеттер
арасындағы жалпы саясатқа шолу жасау мен олар үстануға тиіс жалпы саясатты
қалыптастыру жүктеледі. Дегенмен де, кез-келген жағдайда арнайы
миссиялардың міндеттері нақты анықталады және ол осынысымен түрақты
дипломатиялық өкілдіктің функциясынан ерекшеленеді". Сонымен бірге арнайы
миссияның нақты-мақсатты сипаты оның міндеттерінің шектелгендігін
білдірмейді. Бүл міндеттер кең ауқымды және жан-жақты болуы мүмкін. Алайда,
арнайы миссиялардың алдын-ала анықталған және нақты сипаттағы міндеттерінің
болатындығы туралы жалпы ережені байыта отырып, бүл ережеден өзіндік
ерекшеліктер болатындығын есте үстаған жөн деп ойлаймыз. Мысалы, арнайы
миссияны қабылдайтын мемлекетте түрақты дипломатиялық өкілдік болмаған
кезде, сондай-ақ жоғары деңгейлі арнайы миссиялар туралы сөз болатын барлық
жағдайларда, арнайы миссиялардың міндеттері мен олардың іс-жүргізу аясы
алдын-ала нақты белгілене алмайды.
Арнайы миссия әдеттегі дипломатиялық қатынастарды қамтамасыз етіп отыруға
жауапты емес екені сөзсіз, алайда оларды орнату көбіне арнайы миссиялар
қызметінің нәтижесі болып табылады, және дәл осыдан аё һос дипломатиясы
институтының қүндылығы мен маңыздылығын байқауға болады деп ойлаймыз. Біз
осы айтылған ойларымызда конвенцияның 1-бабына толығырақ тоқталып өттік.
Өйткені ол арнайы миссиялар институтының жалпы мәні мен халықаралық-
қүқықтық табиғатын анықтайтын бірқатар маңызды ережелерді қамтиды. Егер
жоғарыда айтылғандарды жиынтықтайтын болсақ, бүл ережелер арнайы
миссиялардың үш негізгі критерийлеріне келіп тоғысады: а) оның өкілдік
сипатына; б) оның уақытша сипатына ; в) арнайы миссиялар міндеттемелерінің
нақтылық сипатына. Төртінші белгі ретінде арнайы миссиялардың тек
мемлекеттерге ғана тән болуы аталған. Бірақ бүл белгі қазіргі дипломатиялық
қатынастардағы арнайы миссиялар институтының іс-жүзіндегі мәртебесін толық
анықтайды. Олай дейтініміздің себебі арнайы миссиялар тек егеменді
мемлекеттермен ғана емес, сондай-ақ басқа да халықаралық қүқық
субъектілерімен, және соның ішінде, сыртта жүретін, қуғында жүретін
үкіметтермен жіберілетін маңызды дипломатиялық қүрал болып табылады.
Сондықтан, арнайы миссиялар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің қалыптасу тарихы
Арнайы миссиялар
Ватикан дипломатиясының қалыптасуы, дамуы
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің құрылымы
Ресейдің дипломатиялық қызметі
Үндістандағы дипломатиялық қызмет
ТМД мемлекетінің арасында дипломатиялық қатынастарды орнату
Англия дипломатиясы
Дипломатиялық құқық тарихы
Қазақстан Республикасының ТМД мемлекетінің дипломатиялық қатынастары
Пәндер