Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

1. 3 Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті

мемлекеттік қолдау

Шағын және орта бизнесті қолдаудың шетелдік тәжірибесін зерттеу, әлемдік аренада шағын және орта кәсіпкерлікке негізінен қолдаукдың екі түрі көрсетілетінін анықтады: мемлекеттік және орталықтандырылмаған. Олар өз кезегінде әр түрлерге бөлінеді. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау келесі формаларда жүзеге асырылады: қаржылық, инновациялық, экономикалық, сыртқы экономикалық және ұйымдастыру - басқарушылық; орталықтандырылмаған - франчайзинг, венчурлік бизнес, субмердігерлік, лизинг. Мемлекеттік қолдаудың негізгі формасы қаржылық қолдау болып табылады, ол қайтарымсыз көмек, несиелер, венчурлік бизнес, салық жеңілдікткрі және тағы басқалар түрінде көрсетіледі. Шетелдік қаржылық қолдаудың әр түрлі формаларын талдау, олардың арасында ШКС ұзақ мерзімді несиелеу жүйесі, мемлекет кепілдігімен және төмен пайыздық ставкалармен немесе жаңа технологияларды игеруші ШКС салық жеңілдіктерін беру; пайдаға салынатын салық дифференциясы көңіл бөлуге тұрарлық.

ШОБ субъектілерін инновациялық қолдау жаңалықтарды дайындаумен ғана емес, сонымен қатар оларды белсенді түрде енгізумен айналысатын кәсіпорындарды ерекше қолдаудан тұрады, бұл да ғылыми - техникалық прогресті жетілдірудің шарттарының бірі болып табылады. Мұндай қолдауды жүзеге асыру инновациялық жобаларды қолдайтын және қаржыландыратын арнайы ұйымдардың, төменгі пайыздық ставкалардың, ұзақ мерзімді несиелеудің, технопарктердің болуына байланысты. Елдің швағын кәсіпкерлігіне инновациялық процесті белсендету үшін инновациялық жобаларды төменгі пайыздық ставкаларымен ұзақ мерзімге несиелейтін қолдаушы және қаржыландырушы арнайы органдар жүйесін ұйымдастыру қажет.

Шағын және орта бизнесті экономикалық қолдаудың бір формасы оны мемлекеттік келісім - шарттарды орындауға қатыстыру болып табылады. Қолдаудың бұл түрін экономиканың отандық секторында іске асыру шағын кәсіпорындарды субмердігелер ретінде тарту қажеттілігін қарастыратын арнайы заңды қабылдау нәтижесінде мүмкін болады. Соңғы 10 жылда көптеген мемлекеттер шағын кәсіпкерлікті орталықтандырылған қолдаудың жеке объектісі ретінде сыртқы нарықта өзін жақсы көрсетеді. Қолдаудың берілген түрін көрсетудің шетелдік тәжірибесін бізге өнімді экспортқа шығарумен айналысатын ШКС несиелеудің және салық салудың жеңілдетілген түрлерінен үлгі алу қажет.

Шетелдерде орталықтандырылған мемлекеттік соңғы объектісі кәсіпорындарды тіркеуден, кәсіпкерлерді оқытудан, ақпараттыққызмет көрсетуден тұратын, ұйымдастыру - басқарушылық қолдау болып табылады. Экономикасы дамығын барлық елдерде ШКС тіркеуге алудың ықшамдалған тәртібі бар. Кейбір елдерде бұл 24 сағатты алады. Бұл аймақта ШКС қазіргі замаңғы компьютерлік технологиялар көмегімен коммерциялық ақпаратпен қамтамасыз ету тәжірибесі қызықты. Шетелдерде шағын кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне орталықтандырылған қолдау көрсетіледі. Оның қажеттілігі мемлекеттің қаржы ресурстарының объективті тапшылығымен байланысты.

Орталықтандырылмаған қолдаудың арасында шетелде франчайзинг кең қолдауға ие болады, ол бір сауда белггісімен жұмыс істейтін, бірдей кәсіпорындардың кең жуйесін құруды қарастырады. Франчайзинг ХХ ғасырдың ортасында өз өрлеуіне жетті. Қарастырылған қызмет сферасында көпшілікке танымал лиддерлер «Макдоналс», «Зиңгер», «Херц», «Кодакс», «Холидей-Инн» және тағы басқалар болып табылады. Қазіргі кезде отандық кәсіпкерлікте шағын кәсіпкерліктің құрылымына өндірістік және сауда франчайзингің енгізуге мүмкіндіктер көп.

Орталықтандырылмаған қолдаудың екінші формасы, ірі компаниялар жағынан қаржыландыру мен бақылау жағдайында шағын кәсіпорындар күшімен ғылыми - техникалық жобаларды жүзеге асыруды қарастыратын, венчурлік бизнес болып табылады. Венчурлік бизнес шағын кәсіпорындарға аз шығынмен және едәуір қысқа мерзімде инновациялық дайындамаларды енгізуді қамтамасыз етеді.

Ірі бизнес жағынан шағын кәсіпкерлікте көрсетілетін қолдаудың келесі бағыты - субмердігерлік, ол шағын кәсіпкерлікке дайын өнімді үнемі өзгеріп отырған жартылай фабрикаттар мен жинақтаушы бұйымдарды шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ірі компаниялар белгілі шарттармен шағын кәсіпорындарға өндірістік жабдықты жалға бере алады, ол аз шығындармен өнім мен қызметтер өндірісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. , мемлкеттік шағынкәсіпкерлікті орталықтандырылмаған қолдаудың елдің шағын кәсіпкерлігін дамыту себебінің қуатты факторы болып табылатынын көрсетті. Берілген қолдаудың барлық қарастырылған формалары Республикада кең қолдау үшін оның барлық формаларын пайдалану қажет.

Эконормикалық, мемлекетіміздің дамуын қазіргі кезеңде кәсіпкерліті дамыту ең үлкен міндеттердің бірі бодғандықтан 1997 жылы маусымның 19-на «Шағын кәсіпкерлікті мемлкекеттік қолдау туралы» заң қабылданды. Заңға шағын кәсіпкерлікті қолдаудың төрт принципі қарастырылған. Олар:

-Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік дамуының басымдылығы;

-шағын кәсіпкерлікті мемлкеттік қолдау кешенділігі;

-шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылысының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсіпкерліктің барлық субъектілері үшін қол жеткізерлік болуы;

- шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымастық болып табылады;

Шағын кәсіпкерлікті мемлкеттік қолдау мына бағыттар бойынша жүзеге асады.

-шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін дайындау жәнеолардың біліктілігін арттыру;

- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мғемлекеттік қаржылық, статистикалық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық талдамалар мен технологияларды пайдалануына жеңілдіктер жасау;

- шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеудің, олардың қызметін лицензиялаудың, олардың өнімдерін сертификаттаудың оңайлатылған тәртібін белгілей;

- шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін салық салудың, кеден бажын төлеудіің жеңілдіктері режимін қамтитын қолайлы жағдай жасаудың құқықтық режимиін белгілеу;

- шағын кәсіпкерлік субъектілері қолдау мен дамыту үшін инвестицияларды. оның ішінде шетел инвесиицияларын тарту мен пайдалану жүйесін құру;

-шетелдік әріптестерімен сауда, ғылыми-техникалық, өндірістік және өзге де байланыстарын қоа алғанда, олардың сыртқы экономикалық қызметін қолдау;

- қаржы көздерін анықтай отырып, шағын кәсіпкерлік субъектіліріне несие берудің арнаулы бағдарламаларын қабылдау;

-өнімдер өндіруге, жұмыс атқарып, қызмет көрсетуге мемлекеттік сатып алуды орналастырған кезде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне артықшылықтар беру.

Еліміздің даму жылдарында шағын бизнесті қолдау көп шаралар жүзеге асырылады, ең басты -нормативтік заң базасы жасалып бекітіледі. Қазаөстан Республикасы заңына сәйкес кәсіпкерлік ретінде (кәсіпкерлік терминімен қатар ағылшынша баламас бизнесте көп қолданбады) азаматтар мен заңды тұлғалардың, меншік түріне қарамастан, тауарға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру жолы мен таза табыс алуға бағыттталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекетттік кәсіпорындарды шаруашылық жүрзізу құқығына негізделген интицативалық іскерлігі жауапкершілікпен жүзеге асырылады.

Шағын және орта бизнес субъектілері орташа жылдық жұмыскерлер саны 50 адамнан аспайтын, жылдық жалпы актив құны алпысмың есептік көрсеткішпен аспайтын кәсіпкерлік іскерлікпен пайналысатын заңды тұлғалар және заңды тұлға құрмаған жеке кәсіпкерлер болып табылады. Айлық есептік көрскткіг Қазақстан Рнспубликасының «Республикалық бюджет туралы» заңына сәйкес тағайындалады. 2009 жылы айлық есептік көрсеткіш 1273 теңгені құрады.

Қазақстанда шағын кәсіпкерлік дамуын мемлкеттік қолдау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымын, дағы салық кодексінеде шағын бизнес субъектілеріне арнайы салық рижимі қарастырылған.

Арнай салық режимі төлеу кезінде ұсталатын жеке табыс салығынан басқа әлеуметтік салық және корпоративтік немесе жеке табыс салығын есмептеуде. Жеңілдетілген тәртібін шағын бизнес субъектілері үшін қолданылады. Аталған пунктер көрсетілмеген салық және басқада міндеттітөлемдер бойынша салық есебін беру, есептеу және төлеу жалпыға тағайындалған тәртіпппенжүргізіледі. Салық кодексінде « Шағын бищнес субъектілері» тенрмині қолданылып, оған сәйкес табыс, саны және іскерлік түрлі бойынша шектеулер қойылады.

Арнайы салық режимі бір реттік талон, патент және жеңілдетілген декларация негізінде жүзеге асырылатын шағын бизнес субъектілеріне арналған режим. Арнайы салық режимін немесе жалпыға бірдей салық салу тәртібін таңдау кәсіпкердің өзінің таңдауына негізделеді бұл жерде шағын бизнес субъектісі бюджеттен есептеудің тек бір формасын ғана таңдауға құқығы бар.

Шағын бизнесті субъектілері үшін бюджеттен есептеудің тағы бір жеңілдетілген түрі енгізілген-ол жеңілдетілген салық режимі.

Жеңілдетілген деклапрация негізіндегі жеңілдетілген салық салу режимі шағын кәсіпкерлік субъектілеріне салық жүктемесінтөмендетуге бағытталған жеңілдік ставкаларын салық төлеу мен есептеудің жеңілдетілген тәртібін және басқа да механизмдерді қарастырылған. Бұл форма жалдамалы еңбек күшін қолданатын кәсіпкерлерге арналған.

Жеңілдетілген декларация боынша салық соммасын салық төлеуші квартал соңында, есептік кварталдағы алынған нақты тасбысқа сәйкес ставка шкаласын қосу жолымен есептейді, ол ставка жеке тұлғаларда табысына қарай 14-тен 11% -ға, заңды тұлғаларда 5-тегн. 13 %-ға дейін өзгереді. Салық ставкасы жұмысшы табысынан табыс салығын алу қағидасы боынша тағайындалған.

Шағын қолдау, салалық және аймақтық бағдарламалар негізінде жүзеге асырылып, шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шаралар кешенін білдіреді.

Шағын бизнесті мемлкеттік қолдау жүйесіндегі басты міндеттердің бірі қаржы-несие институтттары және кәсіпкерлік субъектілері арасындағы несиелік қарым-қатиынасты жетілдіру болып табылалды.

Шағын бизнесті қолдаудың істегі формасы шағын кәсіпкеерліктің дамуының мемлкеттік бағдарламысы болып табылады. Барлық Республикалық бағдарламалардың басты мақсаты шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдауды қамтамасыз ететін қажеттті өндірістік-шаоуашылық, қаржылық, материалды, әлеуметтік-экономикалық басқа да жағдайларды құру болып табылады.

Аталған бағдарламада міндеттерді, негізі шараларды, шараларды қаржыландыру көздерін және жүзеге асырудағы соғңы нәтижені қарастырған.

Мемлекет дамуындағы он жыл ішінде рекспубликада шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың алты мемлкетттік бағдарламасы қабылданды.

  1. Қазақстан Республикасының 1994-1995 жылға арналған шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.
  2. Қазақстан Республикасының 1995-1996 жылға арналған шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.
  3. Қазақстан Республикасының 1999-2000 жылға арналған шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.
  4. Қазақстан Республикасының 2000-2001 жылға арналған шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.
  5. 2001-2005 жылға арналған шағын кәсіпкерлікті дамытудың институционалдық мемлекеттік бағдарламасы.
  6. Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылға арналған шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту боынша жедел шаралар бағдарламасы.
  7. Қазақстан Республикасының 2008-2012 жылдарға арналған шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша жедел шаралар бағдарламасы.

Кәсіпкерлік дамуы және соның ішінде жеке кәсіпкерлік дамуы мақсатты, тұрақты заң болмауымен, сәйкес салық заңының болмауымен, инвестиция және несие алудағы қиындықтар мен шикі зат ресурстарын ақпаратты алуымен т. б. кәсіпкерлікті мемлкеттік қолдаудың нақты мехзанизм жоқтылығымен тезеледі.

Қазақстан Республикасындағы 1992-1994 жылға арналған шағын кәісіпкерлікті қоллау және дамытудың мемлкеттік бағдарламасы кәсіпкерлік қалыптасуы мен дамуының негізін салды. Бұл жылдардағы республикадағы шағын кәсіпкерлік коорпаратив, шағын және жеке кәсіп орындар бар болуымен сипатталады. Бұл кезеңде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің көп бөлігі тек коммерциялық іскерлікпен шұғылданалы. Кәсіпкерлік дамуы және соның ішінде жеке кәсіпкерлік дамауы мақсатты, тұрақты заң болмауымен, сәйкес салық заңының болмауымен, нивесиция және несие алудағы қиындықтар мен шикі зат ресурстарын ақпаратты алуымен, инвестиция және несие алудағы қиындықтар мен шикі зат ресурстарын ақпаратты алуымен т. б. кәсіпкерлікті мемлкеттік қолдаудың нақты мезанизм жоқтылығымен тезеледі.

Осыған орай Қазақстан Республикасында 1995-1996 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаумен дамытудың екінші бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарлама мықты жеке кәсіпкерлік, әсіресе шағын кәсіпкерлік құру үшін жағдайлар қарастыру керек болды. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру Қазақстан Республикасы заңына жеке меншіктен куәсіпкеерлік еркіндігі қорғауда келесідей өзгерістер мен толыөтырулар енгізуге мүмкіндік берді; жаңа Салық кодексінің жобасына ұсыныстар даярлау, шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағыттау үшін отандық және шетелдік ресурстар квотасын анықтау; шағын банктік қызмет көрсетуді жетілдірі боынша ұсыныстар жасау, биржалық іскерлікті кеңейту: жеке бизнес қалыптасуы үшін жеке, сақтандыру. заңдық, бухгалтерлік, консалтингтін басқа да арнайы компаниялар мен фирмалар дамуын қолдау; алғашқы бизнес орталықтар мен технопарктер құру; кәсіпкерлер даярлаула оқу әдістемелік құралдар кешенін шығару.

Осы жылдары кәсіпкерлікті Еворпалық реконструкция және даму банкінің 100-миллиондық несиенің бірінші траншынан жүеге асырылады. 1995 қоры құрылды, ол төрт жобаны қаржыландырады.

1995 жыл алдында ЖҰӨ шағын кәсіпкерлік үлесі 2 % құрады, бизнес сферасындағылар үлесі жалпы ел экономикасында жұмыспен қамтығандардың 5, 2% құрады, ал төлемдер көлемі барлық салықтармен түсімдердің 7, 9% құрады.

Шағын бизнестің ары қарай дамуы 1996-1998 жылғы реформалар тереңдету боынша үкімет істерінің бағдарламасына орай жүзеге асты онда келесі міндеттер шешіледі:

-шағын және орта кәсіпкерлік түсініктерін нақтылау және заңдық немесе нормативтік бекіту, ең алдымен жеке, үйдегі және отбасылық кәсіпкерлікке түсінік беріледі.

- Босаған жұмыс күшінің тез арада мамандық бағытын ауыстыруға әсер ететін іскерліктің ерекше және арнай шарттарын мемлкетттік реттеуде құрудың жеңілдетілген режимін анықтау;

- Мемлкеттік бюджет және заемдық қарадат есебінен іскерлігін жартылай қардыландыруды ескере отырып шығын бизнес орталықтарын құру және бекітуде тікелей қолдау көсету.

Бұл кезеңде шағын кәсіпкерлікті мемлкетттік қолдау республикада бірқатар белсенденеді. 1997-1998 жылдар аралығында президентің «Шағын кәсіпкерлкті мемлекеттік қолдау және белсендендіруді күшейту бойынша шаралар туралы» және Қазақстан Республикасындашағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың приортиеттері және аймақтық бағдарламалары туралы екі жарлығы: «Жеке кәсіпкерлік туралы», «Шағын кәсіпкерлікті мемлкеттік қоллдау туралы», « Шағын кәсіпкерлікті мемлкеттік қоллдау боынша Қазақстан Республикасы кейбір Заң актілеріне қосымшалар мен толықтырулар енгізу тура» төрт заң, министрліктер мен ведомстволардың он бір нормативтік актісі қабылданды: 1998 жылдың сәуірінде шағын бизнесті қолдау Шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік қоры құрылды.

Шағын кәсіпкерлікті дамытуға келесі қадам Қазақстан Республикасының 1999-2000 жылғы арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қоллаудың мемлкеттік бағдарламысы шағын бизнестің негізін салды. Соымен қатар кәсіпкерліктің дамуын тежеп отырған бірқатар мәселелерді де анаықталады. :материалдық және қаржы ресурстарының шектеушілігі: шағын бизнесті қолдаудың әлсіз инфрақұрылымы, кадрлардың жеткіліксіз даярлығы; өткізу нарығының жоқтығы, төмен қабілетінің төмендігіне орай халықтың өнім мен қызметке сұраныс төмендігі.

Сонымен қатар, айтуынша мемлкетттік мекемелердің Қазақстанда шағын бизнес кәсіпорындарда шығарылатын өнімдердің импорттық аналогтарын сатып алуға тыйым салған дұрыс, ол отандық өнімдерге кепілдікті сұраныс қалыптастыруды ақпаратттық қамтамасыз ету орта мерзімдік перспективада бірқатар шаралардың жүзеге асуын көздейді. Оның бәрі кәсіпкерлік пен шағын бизнеске бағытталған оқытушыларды транфертін жүзеге асыру; дистонционалыдық тарабын құруғақатысты.

Ең соңғы бағдарлама Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға аранлған шағын және орта кәсіпкерлікдамуы боынша жедел шаралар бағдарламасы: Бағдарламаны жасаушы Қазақстан Республикасының экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі.

Бағдарлама мақсаты:

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің іскерлік сферасын неғұрлым кеңейтуге бағытталған институционалдық жағдайлады жетілдіру және іскерлігін белсендірі есебінен Қазақстаннның бәсекелестік қабілетін жоғарлату.

Бағдарлама міндеттері:

1. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін неғұрлым анық заң негізін құру;

2. Экономиканы және әкімшілік кедергілерді жою;

3. Кәсіпкерлік тарапынан көзқарас негізінде қмірлік қабілетті инфрақұрылым жүйесін құру және қамтамаыз ету;

4. шағын және орта кәсіпкерлікте көлеңкелі айналымды қысқарту;

5. Мемлкетке тән емес қызметтерді нарықтық ортаға ең біріншіден шағын және орта кәсіпкерлікке беру;

Жоғарыда аталған міндеттер келесі негізгі шараларды жүзеге асыру жолымен орындалады. 2005 жылы:

1. Ревизиялар жүргізі, Қазақстан Республикасының бірқатар заң және нормативтік актілер жасап қабылдау;

2. Шағын және орта кәсіпкерлік сферасының заң негізінің неғұрлым нақтылығын қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

3. Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы мемлкеттік органдардың бақылау және қадағалау қызметтеріндегі іскерлік түрленрне талдау жүргізі;

4. шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы мемлкеттік органдардың бақылау және қадағалау функцияларын қысқарту және жүйцелендіру бойынша шаралар қабылдау;

5. Орта және шағын бизнес субъектілерін несиелендірі көлемін 10 млрд теңгеге қосымша ұлғайтуды қамтамасыз ету;

6. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» Ақ шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық өолдауда рөлінен күшетуді қамтамасыз ету;

7. Қаржылық супермаркет құру да жұмыстарды ұйымдастыру.

2006 жылы:

1. Мемлкет және акционерлік қоғамдардың мамандық қызметтеріне таңдау жасап, мемлекет қатысуымен шығын және орта кәсіпкерлікке беру;

2. Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендірудің көлемін 25 млрд теңгеге ұлғайтуды қосымша қамтамасыз ету.

2007 жылы:

1. Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендірідің көлемін 25 млрд теңгеге ұлғайтуды қосымша қамтамасыз ету.

2. Мемлекеттік жеке секторымен арақатынасының жаңа идеологиясын құруды аяқтау.

Ең соңғысы: Меншікті заңдастыруға бірқатар шаралар кешенін қабылдау қажет, атап айтсақ, қалаға ауылдан қоныс аударғандар мен шағын кәсіпкердің жері мен шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын құруға бағытталған жағымды институционалдық климат құру мақсатында қабылданды.

Қазақстан республикасы Үкіметі шағын бизнесті қолдаудың тағы бір жолын қарастырады: 07. 05. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен Қазақстан Республикасы 2001-2002 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

Бұл бағдарлама мазмұны алдыңғы бағдарламаның шағын кәсіпкерлікті қоллдану бағыттарынан құрылды. Сондай -ақ аталған мәселелерді шешудегі жаңа көзқарастарға негізделуде. Оларға келесілерді жатқызуға болады.

-Шағын кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелерінде қоғамдық мәселелер ролін күшейту;

-Шағын бизнесті қолдау және қорғаудың т/инфрақұрылымын қолданудағы тиімділікті арттыру;

- Шағын кәсіпкерлік сферасындағы нормативтік құқықтық актілерді әрі қарай жетілдіру және олардың орындалуын бақылауды күшейту;

-шағын кәсіпкерлікті қолдаудағы қаржы несиелік және инвестициялық саясат механизмін ары қарай жетілдіру;

- шағын кәсіпкерлікте кеадр даярлау, ғылыми-әдістемелік қаржылық және ақпараттық жүйесін қамтамаз етуде тұтастық құру.

Сорндай аөқ бұл бағдарламадағы шығын бизнестің қаржылық мәселелері ассигнациячлау шегінде республикалық және жергілікті бюджетпен жүзеге асырылады. Жыл саын Республикалық бюджеттен 50 млн. Теңге көлемінде қаржы бөлінеді.

Бағдарлама шегінде алғашқы шаралар ретінде келесілер көрсетілген:шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымының субъектілері тарбын дамыту; жергілікті деңгейде істегі заңның орындалуы бойынша атқарушы тәртібі жоғарлату; негізі және айналым қорын несие ресурстарына қол жеткізуді қамтамасыз ету; экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарғаа өндіріс орындарын алу процедураларын жеңілдету; кадрларды аярлау мен шағын бизнесті ақпараттық қолдануды жасау.

Шағын бизнестің жектістікпен анықтайтын басты шарттардың бірі шағын кәсіпкерлік субъектілердің іс-әрекетін қамтамасыз ететін инфрақұрылым элеметтерінің болуы болып табылады.

Шағын кәсіпкерлікті қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау тендерлік негіздегі мемлкеттік мақсатты неселер тарту арқылы жүзеге асырылады, соның ішінде шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы жеңілдетілген жағдайда. Банктер беретін несиелерді қамтамасыз ету мақсатында аймақтарда кепілдік қорлар құру ұсынылуда.

Шағын кәсіпкерлікті ары қарай дамыту үшін 2003-2015 жж. Қазақстан Республикасының индустиаолдық-инновациялық даму стратегиясы бойыншаарнайы даму институттары құрылды. Олар: Қазақстанның инвестициялық қоры, Қазақстанның Даму Банкі, Инновациялық қоры, Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация. Қазақстаннның инвестициялық жобараын жүзеге асыруға қаржылай көмек көрсету.

Қазақстанның Даму Банкінің негізгі міндетті ұзақ мерзімді және орта мерзімді төмен процентті банк несиелерін, оның ішінде экспорттық несиелер беру арқылы, сондай-ақ басқа несиелік инститтуттар беретін заемдар мен несиелер бойынша кепілді міндеттер беру арқылы шағын кәсіпорындарға қаржылай қолдау көрсету болып табылады. Инновациялық қордың міндеті Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпорындардың инновациялық өндірістегі дамытуға жәрдемдесу. Ал экспортты сақтандыру жөніндегі корпарацияның негізгі міндеті саяси және регулятивтік қатерді сақтандыру арқылы Қазақстандық мен қызметтерінің экспортталуына тікелец жәрдемдесу болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлік мемлекеттік қолдау туралы» заңы мен Қазақстан республикасының индустиралдық-инновациялық даму стратегиясын өткізу мақсатында 2003 жыл 29 желтоқсанында Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 2004-2006 жж. Арналған бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның негізгі ақсаты ең көп қосылған құн мен жоғары технологиялық өндіпіс құруға бейімделген шағын кәсіпкерлікті дамыту жолымен орта топты қалыптастыруға бағытталған инстутутционалдық шарттарды жетілдіру. Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

1. шағын кәсіпкерлікте салықтық әкімділік жүйесін жетілдіру;

2. шағын кәсіпкерлікте несиелік ресуртарға қол жеткізуді жеңдеті;

3. шағын кәсіпкерлікті қолдауды мемлекеттік және мемлекеттік емес институттарды тиімділігін арттыру;

4. шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді оптимизациялау;

5. шағын кәсіпкерлікті қолдаудың білімдік және ақпараттық әдістемелік біріңғай жүйелерінен құру;

6. кәсіпкерлік мәселелері боынша нормативтік құқықтық базаларды жетілдіру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті дамыту
Ұсақ бизнес
Қазақстан Республикасындағы кіші бизнестің даму тенденциясы және оны қаржылық - несиелік қолдау механизмін талдау
Шағын және орта бизнестің инновациялық әлеуеті
Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы және дамуы
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесінің қалыптасуы
Шағын және орта бизнес
Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігінің жағдайы туралы жалпы мағлұмат
Қордын даму кезеңдері мен қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz