Майкененің өсіру технологиясы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1. Майкененің халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі.

2. 2. Майкененің ботаникалық сипаттамасы және биологиялыц ерекшеліктері сорттары.

2. 3 Өсіру технологиясы

а) алғы дақыл

ә) топырақ өндеу жүйесі

б) себу жұмыстары

в) күтіп баптау жұмыстары

г) жинау

2. 4 Ғылыми зерттеулер

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығы өндірісінің бір саласы Еліміздің 2030 жылға дейінгі дамытудың ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа жүз жылдықта еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі» атты халыққа жолдауында ауыл шаруашылығы өндірісін ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету белгіленген. Бағдарламаның мақсаты - табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, аграрлық-өндірістік кешенде жаңа технологиялар жасау мен өндіріске енгізу жөніндегі ғылыми кепілдемелер негізінде Қазақстан халқын қоректік өнімдермен және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Еліміздің ауыл шаруашылығы өндірісі негізінен екі саланы өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын біріктіреді. салаларды қарқынды дамытып қана қоймай, азық-түліктің өзіндік қүнын азайтып, аталған салаларда еңбек өнімділігін анағұрлым арттыра отырып, бәсекеге қабілетті өнімдер өндіру күн тәртібінде тұрған мәселердің бірі.

Бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті өнімдердің бірі Майкене дақылы болып табылады.

Майкененің отаны - Африка елдері, атап айтқанда Эфио мемлекеті. Оны ертеректе Египетте өсірген, одан Азияға, Америкаға содан кейін Европаға таралған.

Майкене - жоғары майлы өсімдік. Тұкымында жалпы 47-50% кеппейтін май болады, ал ядросында 64-71% болса, жаңа сорттар құрамындағы майдың мөлшері 73-74% жетеді.

Майкене тұқымында өте улы зат - рицин болады және оның құрамында циан тобы мен рицинин (алкалоид) кіреді.

Өсімдік майы өзінің жабысқақтылығымен және төменгі температурада

(-16°С дейін) қатаймайтын қасиеттерімен құнды. Сондықтан, оны машиналардың тез қозғалатын бөліктерін майлауға пайдаланады.

II. Негізгі бөлім

2. 1. Майкененің халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі.

Майкене майы соңғы кезде авиацияда және космонавтикада сұранысқа ие. Сонымен қатар, тұқымын ыстықтай сығымдау немесе еріткіш қосып экстракциялау ар-қылы майкене майын өндіреді, оны тері илеу, мақта-мата, лак-бояу, сабын қайнату және өндірістің басқа салаларында кеңінен пайдаланады, ал суықтай сығымдау арқылы медицинада қолданылатын кастор майы алынады. Екі тәсілмен алынған майлардың айырмашылығы, егер майкене майында аздаған мөлшерде улы зат сақталса, ол кастор майында кездеспейді.

Кұнжарасынан казеин желімін алады және тыңайтқыш ретінде пайдаланады, себебі оның құрамында 7, 5% азот болады.

Соңғы жылдары май сығу зауыттарында майкене күнжарасын залалсыздандырып, малға азық ретінде қолданады. 100 кг күнжарасында 92 азықтық өлшем және 2, 6 кг. қортырмалы протеин бар.

Жапырағын жібек құрттарын қоректендіруге пайдаланады, сабағынан арқан, жіп есіледі.

Дүние жүзілік егіс көлемі 1, 5 млн гектарға жуық. Ең көп егісі Индия, Бразилия және Қытайда. ТМД елдерінде Солтүстік Кавказда, Украинада және Ресейдің Кубань, Ростов облыстарында және Орта Азияда өсіріледі. Егіс көлемі 100 мың гектарға жуық, ал Казақстанда мүлдем жоқтың қасы, тек қана жабайы түрлері кездеседі. Стратегиялық маңызды дақыл бола тұр, қажетті деңгейде өсірілмеу себебі, тұқымын жинау қиыншылығы, яғни арнайы комбаиндардың болмауы кедергі болуда.

Тұқымның орташа өнімділігі 8-10 ц/га, ал суармалы жерлерде 15-20 ц/га түсім жинауға болады.

2. 2. Майкененің ботаникалық сипаттамасы және биологиялыц ерекшеліктері сорттары.

Майкене туыстығына, сүттіген тұқымдастығына жатады. Тропикалық және субтропикалық белдеулердің көпжылдық өсімдігі, ал біздің елімізде бір жылдық өсімдік ретінде өсіріледі, себебі қыстың суығына шыдамайды.

Майкене атауы латынша - кене деген сөзден шыққан, себебі дақыл тұқымының пішіні кене пішініне ұқсас. Кәдімгі майкененің бірнеше түрлері бар, олар майлы (касторник), дәрілік (рицина) және жабайы рай ағашы.

Кәдімгі майкене төрт түртармаққа бөлінеді: қан-қызыл, маньчжуриялық, занзибарлық және периялық. ТМД елдерінде персиялық және қан-қызыл түртармақтары таралған.

Майкене өсімдігі - кіндік тамырлы, тамыр жүйесі жақсы жетілген, топырақтың 3-4 м тереңдігіне және жан-жағына 1, 5-2 м. жайылып тарайды. Сабағы тік, ортасы қуыс, күшті бұтақтанған, биіктігі 1 -3 м жетеді, ал көпжылдық жабайы түрлері 10 м дейін барады.

Сабағының түсі жасыл немесе қызыл-қоңыр. Жапырақтары ірі, ұзын сағақты, ұзыннан тілінген 7-11 бөліктерден тұрады. Негізгі сабақта 5-20 аралығында ірі жапырақтар болады, сағағының ұзындығы 20-60 см. Жапырақтары кездесіп орналасады, алақаны тықыр, қалқан тәрізді, ені 30-80 см.

Гүл шоғыры - шашақгүл ұзындығы 60-80 см. Бір өсімдікте 2-12 дейін гүлшоғырлар болады. Шашақгүлдің жоғарғы жағында аналық гүлдер, ал төменгі бөлігінде аталық гүлдері жиналған. Біздің елімізде бір өсімдікте тек қана 3-5 шашақгүл ғана пісіп жетіледі, ал отанында 100-150 дейін піседі.

Әрбір шашақгүлдерде 50-200 дана гүлдер бар. Гүлдері ұсак, жай бес ескекті гүл серігінен тұрады, дара жынысты. Аталық гүлдерде аталықтар көп, ал аналық - үш ұялы жатын, үш қос ескекті тозаңдардан тұрады. Майкене- айқас тозаңданатын өсімдік. Жемісі - үш ұялы шар тәріздес қауашақ, әрбір ұяда бір-бірден тұқым орналасады. Сырты тегіс, кейде тікенді. Алдымен орталық шашақгүлдегі қауашақтар піседі, содан соң бүйіріндегілері, піскен кезде қан-қызыл түртармақтың қауашақтары жарылып тұқымдары шашылады, ал персиялық түр-тармақ қауашағы жарылмайды. Тұқымы - сопақша жұмыртқа пішінді, қабығы әлсіз. Тұқымның сырты ала, түсі сұрдан - қара қоңырға дейін. 1000 тұқым салмағы 200-500 г.

Майкене - жылу сүйгіш өсімдік. Тұқымы 12-13°С өне бастайды, көгі жаппай 16"-18°С пайда болады. Өсіп, жетілуіне қолайлы температура 25-30°С. Өсімдік барлық өсу кезеңдерінде аз уақыттағы үсіктерден (-2°С) зардап шегеді.

Вегетация кезеңінің ұзақтығы 110-150 күн және өсу дәуіріндегі қажетті белсенді температуралар жиынтығы (10°С жоғары) -2500-3200°С тең.

Ылғалға талабы жоғары. Жоғары өнімді ылғалды жылдары немесе суармалы жерлерде береді. Қуаңшылық жылдары өсімдіктің жапырақтары түсіп, гүлдері мен қауашақтары жетілмейді. Ылғалдың жетіспеуі өнімділікпен май шығымдылығына да кері әсерін тигізеді.

Жарық сүйгіш өсімдік. Топырақ құнарлылығына қатаң талаптар қояды. Ең жақсы топырақ типтері - қоректік заттарға бай қара және сұр топырақты жерлер. Топырақ ертіндісінің қолайлы реакциясы 6, 0-7, 3. Майкене үшін қолайсыз ауыр сазды, бастапқы және тұзданған жерлер.

Сорттары: Донская крупнокистная, ВНИИМК 165 улучшенная, Херсонская 10, Краснодарская 3, Хортицская және т. б.

2. 3. Өсіру технологиясы

Ауыспалы егістегі орны . Майкенені күздік. бидай. дәнді бұр-шақтар, жүгері және көп жылдық шөптер өскен. жердің жыртылған танабына еккен қолайлы. Ал майкененің өзі күздік бидай және жаздық дақылдар үшін жақсы алғы дақыл.

Топырақты өңдеу жұмыстарының басты мақсаты - топырақта ылғал жинап, сақтау, арамшөптермен және оның зиянкестерімен күресу. Сондықтан дәнді дақылдарды жинап болысымен, олардың сабақ қалдығын кұрта отырып, 25-30 см терең сүдігер жыртады.

Тұқымды себер алдында 6-8 немесе 8-10 см тереңдікте жүргізілетін қопсытуды тырмалаумен бір уақытта атқарады. Арамшөптері көп немесе қыстаған арамшөбі бар қатты нығыздалған топырақта ғана ерте көктемгі қопсыту жургізіледі.

Арамшөптермен күресу үшін әр гектарға, тұқымды себер алдындағы қопсытумен бірге, 2 кг трефлан, өркені жер бетіне шықпастан 3-5 күн бұрын, 50% суда ерітілген 2, 4 Д амин тұзын 1, 6-2, 0 кг мөлшерінде қолданады. Трефланды майкене егістігінде пайдалану, топырақты өңдеу санын 8-10 реттен 3-4 дейін қысқарта отырып, жоғары өнім алуды қамтамасыз етеді.

Тыңайтқыш . Майкене топырақтан қоректік заттарды көп алатындықтан, органикалық және минералды тыңайтқыштарды сіңіргенде өнімі молая түседі. Сүдігер айдаудың алдында органикалык' тыңайтқыштардан әр гектарына 20-30 тоннадан берілген кең және М 40 Р 60 мөлшеріндегі минералды тыңайтқыштар тиімді болады. Майкенені сиреткеннен кейін N 15 Р 20 мөлшерінде берілген косымша тыңайтқыштың да маңызы зор.

Майкененің қоректік заттарға да талабы жоғары. Ол 1 ц. тұқым қалыптастыру үшін, топырақтан 7, 2 кг. азот, 1, 7 кг. фосфор және 5, 0 кг. калий жұмсайды. Дақыл үшін жақсы тыңайткыш болып көң саналады және оны 20 т/га. мөлшерінде шашу тұқым өнімділікті 20-25% жоғарылатады. Бүкілодақтық майлы дақылдар ғылыми зерттеу институтының деректері бойынша, майкене плантациясына Р 90 К 30 кг әсерлі затпен минералды тыңайтқыштар беру тұқым өнімділігін 16-20% көтереді.

Топырақ өңдеу . Майкене өсірілетін танапты күзде алғы дақылды жинағаннан кейін, сыдыра жыртып, содан соң 25-27 см тереңдікке сүдігер тартады. Ерте көктемде танап тырмаланып және қажетіне қарай культивацияланады.

Дақылды индустриалды технологиямен өсіруде арамшөптермен күресу үшін, тиімділігі жоғары топырақ гербицидін трефланды (6-8 кг/га) себер алдындағы культивацияға салады.

Тұқым себуге дайындау . Егістік материалға қатаң талаптар қойылады. Себуге ірі және біркелкі сортқа тән тұқым іріктеп алынады. Тұқымдық материалдың тазалығы 98% және өнгіштігі 85% төмен болмау керек. Себер алдында тұқымдық материалды ауруларға қарсы дәрілейді.

Тұқымды себу. Майкенені үсік шалу қаупі өткеннен соң, топырақтың 10 см қабаты 12°С жылынғанда себе бастайды. Ерте немесе кеш себу өнімділікті төмендетеді. Республиканың оңтүстік-шығысындағы майкене себудің қолайлы күнтізбектік мерзімі мамыр айының бірінші онкүндігінің соңы.

Майкенені шаршы ұялы (70x70 см) және пунктирлі тәсілмен 70 см қатараралықпен СУПН-8, СПЧ-6МФ сепкіштерімен себеді. ТН. Нұрғасенов және т. б. (2010), республиканың оңтүстік-шығысының суармалы жерлерінде майкенені 90x60 см нобаймен себуді ұсынады.

Себу мөлшері ірі тұқымды сорттарды 20-25кг/га және ұсақ тұқымдыларды-10-12 кг/га. Себу тереңдігі 6-10 см. Гектардағы өсімдіктер жиілігі 45-60 мың дана аралығында болу керек.

Күтіп-баптау шаралары. Егістіктегі арамшөпті майкене жер бетіне шықпас бұрын, тамыршасы 1 см жеткенде және екінші рет өскіннің 2-3 жапырағы пайда болғанда себу бағытына көлденең, сағатына 3-5-5 км жылдамдықпен отағыш тырмалармен отап тастайды.

Бұдан соңғы күту жұмыстары 6-8 см тереңдікте 1-2 рет қатар аралықты қопсытудан тұрады. Өсіретін аймағына және себілетін сортына байланысты әр гектардағы өсімдік қалыңдығы 55-80 мың дана аралығында болады. Майкенені сирету қажет болса оны екінші жапырағы шыққан соң бастайды. Пісуін тездетіп және өнімін жоғарылату үшін 4-5 жапырағы пайда болғанда шырпу жүргізеді.

Вегетация кезеңінде қатараралық 2-3 рет өңделеді, сонша рет суарылады, әрбір суғару мөлшері 400-500 м 3 /га. Арамшөптермен күресуде гербицидтер қолданылады.

Өнімді жинау. Майкене қауашақтары біркелкі піспейді, бірінші кезекте орталық шашақгүлдегі қауашақ піседі, содан соң басқа қатардағылар піседі. Жинау үшін қауашақтардың біркелкі пісуі және тұқым ылғалдылығы төмен болуы керек. Сондықтан қауашағы жарылмайтын өсімдіктерді десикациялайды, яғни тамырында құрғатады. Десикант ретінде магний хлораты 15 кг/га және оны 100 литр жұмыс сұйығына араластырып өсімдікке бүркеді. Десикант қолданғаннан кейін 12-15 күннен соң, тұқымды жинауға болады

Қауашағы жарылмайтын майкене сорттарын бір сатылы тәсілмен майкене жинайтын комбаиндармен ККС-6, ал екі сатылы тәсілмен жинау үшін алдына арнайы қондырғы қойылған астық комбайндарын пайдаланады. Соңынан майкене ұнтақтағышымен КЦМ-2 бастырады. Қамбада сақталатын майкене тұқымының ылғалдылығы 6% аспау керек.

Бүгінгі таңда майкене дақылы елімізде көп өсірілмейді, көп зерттелмеген. Ең алғашқы болып 2009 жылдан бері университетіміздің мұғалімдері: ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторлары, профессорлар Арыстанғұлов С. С., КаракальчевА. С., Нұрғасенов Т. Н., Сәйкеновтер Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданы"Агроуниверситет″ оқу тәжірибе шаруашылығында Донская Крупнокистная, Внимиская, Шунджа сорттарын өсіріп. өніп-өсу ерекшеліктерін зерттеп майкененің өнімділігін арттыру мақсатында Ғылми-ізденістер жасап жатыр.

Қорытынды

Қорыта келгенде, кәдімгі майкене сүттіген тұқымдасына жатады. Ол негізінде тропикалық және субтропикалық белдіктің көпжылдық өсімдігі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Майкененің халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі
Дақылдың биологиялық ерекшеліктері
Майкененің өсіп-дамуына себу тәсілі мен мөлшерінің әсері
Майкене - жоғары майлы өсімдік
Азықтық майларды зерттеу
Тұқымды себуге әзірлеу
Зығыр дақылын зерттеу
Тағамдық өнімдерде бөгеттік технологияның тұжырымдамасы туралы түсінік
Протопласт өнімдері
Жасушаны зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz