Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы жағдайында қызанақты аурулардан қорғау шараларының жүйесі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
1. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1.Алматы облысының табиғи.климаттық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Алматы обылысы Еңбекшйқазақ ауданы жағдайында қызынақ өсіру технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.7
1.3. Қызанақта кездесетін негізгі ауруларға сипаттама ... ... ... ... ... ... ..8.13
1.4. Қызанақты аурулар кешенінен қорғау жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ...14.18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығындағы өндірісінің бір саласы. Еліміздің 2030 жылға дейінгі дамытудың ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентінің Жаңа жүз жылдықта еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі атты халыққа жолдауында ауыл шаруашылық өндірісін ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету белгіленген. Бағдарламаның мақсаты –табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, аграрлық-өндірістік кешенде жаңа технологиялар жасаумен өндіріске енгізу жөніндегі ғылыми кепілдермен негізінде Қазақстан халқын қоректік өнімдерімен енгізу жөніндегі ғылыми кепілдемелер негізінде Қазақстан халқын қоректік өнімдермен және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Еліміздің ауыл шаруашылық өндірісі негізінен екі саланы-өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын біріктіреді. Бұл салаларды қарқынды дамытып қана қоимай, азық-түліктің өзіндік құнын азайтып, аталған салаларда еңбек өнімділігін арттыра отырып, бәсекеге қабілетті өнімдер өндіру күн тәртібіне тұрған мәселелерінің бірі.
Біздің елімізде өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығының бір саласы ретінде басымдыққа ие. Өсімдік шаруашылығының негізгі құралы-жасыл өсімдіктер, оның ішінде ауыл шаруашылық дақылдары қоректік заттардың негізгі көзі болып табылады.
Өсімдік шаруашылығының өнеркәсіп өндірісін айтарлықтай айырмашылығы бар: басты айырмашылығы-маусымдық қалыпты жағдайларда тәуелділігі; өнім мөлшері мен сапасының топырақ-климат жағдайларына тәуелділігі, өсімдік тіршілігіне қолайлы жағдай жасауда далалық жұмыстардың топырақ өңдеу, тыңайтқыш жүйесін қолдану, себу (отырғызу), егістікті күтіп баптау, егінді жинау т.б. дер кезінде және сапалы іске асыру т.б
Өсімдік шаруашылығы мал шарушылығымен тығыз байланысқан: оған ол ірі сабақты, шырынды, құнарлығымен жем азық берсе, мал шаруашылығынан ол тұрақты және мол өнім алу үшін, әсіресе құнарлығы төмен жерлерде, органикалық тыңайтқыштар алады.
Қазіргі кезде өсімдік шарушылығы өндірісінде қоршаған ортаны қорғау, экологиялық таза өсімдік және мал өнімдерін өндіруді қабыстыра жүргізген жөн. Сондықтан да осы заманға ғылыми жетістіктерге сүйенген оңтайлы технологияны қолдану,қоршаған ортаны қорғау шараларына кепілдік береді. Жалпы қоршаған орта, оның ішінде топырақ,неғұрлым таза су көздері, мал, өсімдік гендік қорлары, жануарлар әлемі біздің болашақ ұрпақтарымызға лайықты мұра болып қалу керек.
1. А. Ж. Ағыбаев, А. К. Тулеева, З. Ш. Сүлейменова« Ауыл шаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау », Алматы, 2010 ж.
2. Р. Д. Карбозова « Фитопатология », Алматы, 2002 ж.
3. А. О. Сагитов, А. А. Джаймурзина, К. Н. Туленгутова, Р. Д. Карбозова,
« Ауыл шаруашылық фитопатологиясы», Алматы, 2000 ж.
4. К. В. Попкова « Общая фитопатология », Москва, 1989 г.
5. Агибаев А.Ж., Ысқақ С., Карбозова Р.Д. Зиянды нематодалар, кенелер және кеміргіштер. Алматы, «Агроуниверситет», 2005 ж.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Кафедра: Жеміс-көкөніс шаруашылығы, химия және өсімдік қорғау

Семестрлік жұмыс

Тақырыбы: Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы жағдайында қызанақты аурулардан қорғау шараларының жүйесі

Орындаған:Қалисаев Қ.Қ. ЗР-307К
Қабылдаған:Жунусова А. С.

Алматы 2015ж

Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
1. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1.Алматы облысының табиғи-климаттық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Алматы обылысы Еңбекшйқазақ ауданы жағдайында қызынақ өсіру технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-7
1.3. Қызанақта кездесетін негізгі ауруларға сипаттама ... ... ... ... ... ... .. 8-13
1.4. Қызанақты аурулар кешенінен қорғау жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ..14-18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

Кіріспе

Өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығындағы өндірісінің бір саласы. Еліміздің 2030 жылға дейінгі дамытудың ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентінің Жаңа жүз жылдықта еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі атты халыққа жолдауында ауыл шаруашылық өндірісін ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету белгіленген. Бағдарламаның мақсаты - табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, аграрлық-өндірістік кешенде жаңа технологиялар жасаумен өндіріске енгізу жөніндегі ғылыми кепілдермен негізінде Қазақстан халқын қоректік өнімдерімен енгізу жөніндегі ғылыми кепілдемелер негізінде Қазақстан халқын қоректік өнімдермен және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Еліміздің ауыл шаруашылық өндірісі негізінен екі саланы-өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын біріктіреді. Бұл салаларды қарқынды дамытып қана қоимай, азық-түліктің өзіндік құнын азайтып, аталған салаларда еңбек өнімділігін арттыра отырып, бәсекеге қабілетті өнімдер өндіру күн тәртібіне тұрған мәселелерінің бірі.
Біздің елімізде өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығының бір саласы ретінде басымдыққа ие. Өсімдік шаруашылығының негізгі құралы-жасыл өсімдіктер, оның ішінде ауыл шаруашылық дақылдары қоректік заттардың негізгі көзі болып табылады.
Өсімдік шаруашылығының өнеркәсіп өндірісін айтарлықтай айырмашылығы бар: басты айырмашылығы-маусымдық қалыпты жағдайларда тәуелділігі; өнім мөлшері мен сапасының топырақ-климат жағдайларына тәуелділігі, өсімдік тіршілігіне қолайлы жағдай жасауда далалық жұмыстардың топырақ өңдеу, тыңайтқыш жүйесін қолдану, себу (отырғызу), егістікті күтіп баптау, егінді жинау т.б. дер кезінде және сапалы іске асыру т.б
Өсімдік шаруашылығы мал шарушылығымен тығыз байланысқан: оған ол ірі сабақты, шырынды, құнарлығымен жем азық берсе, мал шаруашылығынан ол тұрақты және мол өнім алу үшін, әсіресе құнарлығы төмен жерлерде, органикалық тыңайтқыштар алады.
Қазіргі кезде өсімдік шарушылығы өндірісінде қоршаған ортаны қорғау, экологиялық таза өсімдік және мал өнімдерін өндіруді қабыстыра жүргізген жөн. Сондықтан да осы заманға ғылыми жетістіктерге сүйенген оңтайлы технологияны қолдану,қоршаған ортаны қорғау шараларына кепілдік береді. Жалпы қоршаған орта, оның ішінде топырақ,неғұрлым таза су көздері, мал, өсімдік гендік қорлары, жануарлар әлемі біздің болашақ ұрпақтарымызға лайықты мұра болып қалу керек.
Халықтың өскелең талабы, өнеркәсіптің өркендеуі өсімдік шаруашылығы өнімдерінің үздіксіз ұлғаюына талап етеді.
Өсімдік шаруашылығы саласы өзіне егіншілікті, көкөніс, жеміс-жидек, жүзім, гүл, шалғындық, орман шаруашылықтарын біріктіреді. Алайда ғылыми пән ретінде тек қана танаптық дақылдарды-дәнді астық, дәнді бұршақ, картоп, мал азықтық, бақша, талшықты дақылдары ж.б қарастырылады.
Қазақстанда соңғы жылдары өсімді шаруашылығы маңызды танаптық дақылдарының егістік аумағы, жалпы түсімі мен өнімі келтірілген.
Егістіктерді, бақтарды, бақшаларды, саяжай үлескілерін ұтымды және тиімді қорғау жолдарында мамандармен ауылдық өңдеушілер, фермерлер өзінің біліктілігін арттыру үшін зиянкестердің, аурулар мен арам шөптердің биологиясын, оларды есептеуді және күресу шараларын, құралдарын білу керек.
Өсімдікті ауруға әр түрлі паразитті ағзалар - саңырауқұлақтар, вирустар, бактериялар, гүлді паразиттер шалдықтырады. Өсімдік ағзаларында таралу ерекшелігіне қарай аурулар шектелген және жалпы болып 2-ге бөлінеді. Локальды ауру өсімдіктің аз ғана бөлігін немесе белгілі бір ағзасын (жапырақ дақтары) залалдаса, ал жалпы ауру, әдетте бүкіл денесін (өсімдіктің солуы) қамтиды.
Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан ойдағыдай қорғаудың негізгі шарты - оларды бір-бірінен ойдағыдай қорғаудың негізгі шарты - оларды бір-бірінен ажырата білу болып саналады. Онан кейін олардың тіршілік әрекеттерін, яғни биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін жете білу керек.
Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің ең маңызды бөлігі екені бізге мәлім. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Біздің еліміз аграрлы мемлекет. Қазақстанда мәдени дақылдар, техникалық дақылдар және т.с.с. дақылдардың бәрін өсіріп, өнімін алады.

1.1 Алматы облысының табиғи-климаттық жағдайы

Облыс оңтүстігінде Солтүстік Тянь-Шань жотасы, солтүстік батысында Балқаш көлі және солтүстік шығысында Іле өзені арасында орналасқан; шығысында ҚХР-мен шектеседі.
Оңтүстік бөлігін 5000 м дейінгі биіктіктегі жоталар алып жатыр: Кетмен, Жетісу Алатауы және солтүстік сілемі Күнгей Алатау. Оңтүстік бөлігінің барлығы -- жоғары сейсмикалық аудан.
Алматы облысының климаты негізінен континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа темп-ра солт. жазық бөлігінде -- 10-160С, оңтүстікте -- 4-90С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа темп-расы солтүстігінде 250С, оңтүстігінде 270С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа темп-расы -- 5-90С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа темп-расы тау бөктерінде 21-230С, тау аңғарларында 19-220С. Жауын-шашын тау бөктерінде 400-600 мм, тау аңғарларында 700-1000 мм. Облыс жерінде жауын-шашын негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Солт. өңірдің жазығы мен тау бөктерлерінде қар жамылғысының орташа қалыңд. 10-30 см, тау беткейлерінде 40-100 см. Балқаш және Алакөл жағалауларында бриз желі соғады.
Алматы ауа райы
Көрсеткіш
Қаң
Ақп
Нау
Сәу
Мам
Мау
Шіл
Там
Қыр
Қаз
Қар
Жел
Жыл
Абсолюттық максимум, °C
18,2
19,0
28,0
33,2
35,1
39,3
43,4
40,5
38,1
31,1
25,4
19,2
43,4
Орташа максимум, °C
0,7
2,2
8,7
17,3
22,4
27,5
30,0
29,4
24,2
16,3
8,2
2,3
15,8
Орташа температура, °C
−4,7
−3
3,4
11,5
16,6
21,6
23,8
23,0
17,6
9,9
2,7
−2,8
10
Орташа минимум, °C
−8,4
−6,9
−1,1
5,9
11,0
15,8
18,0
16,9
11,5
4,6
−1,3
−6,4
5,0
Абсолюттық минимум, °C
−30,1
−37,7
−24,8
−10,9
−7
2,0
7,3
4,7
−3
−11,9
−34,1
−31,8
−37,7
Жауын-шашын мөлшері, мм
34
49
75
107
106
57
46
30
27
60
56
42
684
Алматы облысының табиғи жағдайы шөл даладан мәңгі қар жататын аумаққа дейінгі 5 климаттық аймақтан тұрады. Климаты тым континенталды, жазық далада қаңтардағы орташа температура -15 С, таулы аймақта - 6-8 С; маусымда сәйкесінше - +16 С және +24 +25 С. Жазық далада жыл бойы түсетін жауын-шашын көлемі - 300 мм дейін, аулы аймақтар мен тауда - 500-700-ден 1000 мм дейін.

0.1. Алматы обылысы Еңбекшіқазақ ауданы жағдайында қызынақ өсіру технологиясы

Қызанақ-Lycopersicon esculentum mill.
Қазіргі кезде қызынақ,көкөніс дақылдарының ішінде маңызды жемістік көкөніс өсімдігі ретінде маңызы орын алады. ТМД елдерінде ол 370 мың га жерге отырғызылады. Орташа өнімі-150-170цга,қорғаулы жерде-8-10 кгм2.
Қазақстанда қызынақ 25 мың га артық жерге өсіріледі. 2004 жылы үй маңайындағы жерлерде, қызынақ бүкіл егістіктің 72,3% қамтыса, қожалықтарында-25,2%. Қызанақтың негізгі егістіктері-Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда обылыстарында. Ең жоғарғы өнімділік-Солтүстік Қазақстан және Алматы обылыстарында жоғары өнім шаруа қожалықтарында. Қазақстанның Солтүстігінде қызанақ 4 мың гектар жерге егіледі.
Қызанақ биологиялық сипаттамасы
Қызанақтың отаны-Оңтүстік Америка. Қызанақ көкөніс дақылы ретінде 1778ж бастап белгілі болды. Жемісінде 4-7 құрғақ зат, 2-24 қант, 0,3-0,6 қышқыл, 0,6 азотты заттар, 0,5 минералды тұздар. Дәрумен мөлшері бойынша ол ол лимон мен апелиьсиннен сәл кем түседі. Онда 20-23мг С дәрумені, 0,6 каротин, сондай-ақ В1,В2,РР дәрумені бар. Құрамындағы темірі мен магний бойынша қызанақ көкөніс дақылдарының ішінде алдыңғы қатарда. Қызанақтан 125-тен артық азық-түлік түрлерін дайындауға болады. Қызанақтан қалдық қалмайды қабығы мен тұқымы да пайдаланылады. Қызанақтың қуатты, тез дамитын тамыр жүйесі бар. Ересек өсімдіктің тамыры, әсіресе, көшетсіз өсіргенде, 1,5 м дейін болмайды, жан-жағына 1,2 м дейін жайылады. Екі түртектес жапырағы бар:әдеттегі тілімді дара қауырсынды және картоп түрпектес. Олардың түсі жасыл,сарғылт-жасыл болады. Гүлдері қос жынысты, ұсақ, бұтақбасқа шоғырланған.
Гүлшоғырының құрылымы бойынша жинақы және борпаң болуы мүмкін. Ол гүл сидамының ұзындығымен, гүлдерінің орналасу жиілігі мен және гүл сағағының ұзындығымен анықталады. Гүлдерінің саны боиынша аз 7-9 және көп 10-20 одан да көп гүлді гүл шоғырын ажыратады.
Қызанақ-өздігінен тозаңданатын өсімдік, бірақ ыстық құрғақ ауа райында жел жел мен бунақденелердің көмегімен айқас тозаңдануы мүмкін. Жемісі әр түрл:і шар тәрізді, жайпақ, қырлы, қара өрік тәрізді және әр түсті қызыл күрең, қызыл, сарғылт-қызыл, сары, ақ және т.б болады. Жемісі 2-8 қағанақты болады. Тұқымы жайпақ, үшбұрышты-бүйрек пішіндес, қою түкті.

Қызанақты көшетпен өсіру
Егер алғы дақылдардың-орамжапырақпен қиярдың танабында органикалық тыңайтқыш енгізілген болса, онда сүдігер көтергенде тек 4-4,5ц суперфосфат және 1ц хлорлы калий енгізіледі. Қызанақ 100ц өніммен топырақтан 32кг азот, 10кг фосфор және 43кг калий алып шығады. Егер өткен жылы көң енгізілмесе,онда құнары кемдеу топыраққа,күзде жыртқанда га шіріген көңнің -20-30 т енгізілегні дұрыс болады.
Ертерек отырғызу-жоғары өнімнің кепілі. Көшеттерді танапқа мамыр айында отырғызған жағдайда га 332ц өнім жиналған. Қазақстанның солтүстігіне маусымның алғашқы күндерінде бозқыраудың қайталану мүмкіндіктері болғандықтан, көшеттерді грунтқа әдетте маусымның ортасына қарай отырғызады:ең дұрысы бұлыңғыр күндері, ал шуақты ауа райы болса,түс ауа қызанақтың көшеттерін әдетте, 140*20см сұлбасымен отырғызады.
Отырғызуға құмарсыз өсірілген 40-45 тәулік көшеттерді пайдаланады. Бұл құмарда өсірілген ірі көшеттерді отырғызып өсіреген қызанақтың га өңдеуге кеткен шығынмен салыстырғанда біршама төменірек болады.
Көшеттерді көшет отырғызғыш машиналармен отырғызады. Кішігірім алаңдарға,сондай-ақ бойлап өсіп кеткен көшеттерді әдетте, қолмен отырғызады.
Көшеттерді булыжайда және жылыжайда өскенмен салыстырғанда 4-5см тереңірек, ал ірілеп көлбейтіп, сабақтың төменгі жағын, 2-3 буын аралықтарын ала, культивация кезінде олар топырақ бетіне шығып қалмас үшін қатар бойымен бағыттап отырғызады.

Қызанақты көшетсіз өсіру
Қызанақтың тұқымын топыраққа сеуіп өсіру өте тиімді. Көшетсіз өсіргенде өсіп-даму кезеңі 12-15 тәулікке азаяды. Тұқымдарының шынығуы топырақта өтіп, өскіндері қысқа мерзімдік-3С шыдайды. Тұқымдары топыраққа сепкенде өсімдік терең бойлайтын,қуатты тамыр жүйесін қалыптастырады,соның есебінен суландыру азырақ талап етеді және ауруға азырақ шалдығады.
Арамшөптермен күресті қызанақ өскіні көрінбей-ақ тұрып жүргізу үшін, оның тұқымымен бірге шалғамның тұқымын себеді. Егер қызанақ тұқымы шалғамның тұқымына қоса себілсе, онда егістікте тырмалу жүргізілмейді, қолмен отап, өсімдіктің га санынан 40 мың ға жеткізеді. Өскіндерді жарақаттап алмау үшін культиваторға ұстара табан қояды. Сиреген жерлерге қолмен қосымша көшеттер отырғызады және суландырады. Одан кейін күтіп-баптау жұмыстары көшетпен отырғызған қызанаққа ұқсас.
Грунттық қызанақтың жеміс салуы көшеттерден кешірек, бірақ қолайлы күзде өнімділігі көшеттік қызанақтікіндей, сонымен бірге пісіп-жетілген жемістердің пайызы азырақ болады.
Қызанақты пленка астында өсір.
Пленка астындағы тез пісетін,біркелкі өнім беретін сұрыптарды өсіреді. Сүдігердің әр га 25-30т көң,4-5ц суперфосфат және 1,0-1,5ц хлорлы калий енгізеді. Көшетті ашық жерге қарағанда,20-25 тәлік ерте отырғызады; ағаш қаңқа астына қатараралығын 50-60см етіп з қатар,бір қатардағы өсімдіктерді бірінен-бірі 25-30см; тоннелді жабуда 2 қатармен, қатараралықтарын 40см және қатарда 30см етіп орналастырады. Суландырудан кейін қаңқа мен тоннельде ауаның ылғалдылығын төмендету үшін жетілдіреді.
Пленкалы жылыжайдағы күтіп-баптау жұмыстары қыстық жылыжайға ұқсас. Бірақ пленкалы жылыжайларда топырақтың және ауаның жылынуы мен ылғалдылығының оңтайлы режимін мұқият қарап, қалыптастыру керек. Ауаның тым жоғары ылғалдылығы жол бермейді. Топырақтың ылғалдылығы жеміс салғанша 70-75% блғаны жөн,жеміс саған кезде-80-85%. Ауа райы жылы күндері пленкалы жылы жайдың бүкіл жоғарғы кәсектерін алып қояды.
Қызанақ сапасына қойылатын талаптар.
Жемістер бүтін, ауруға шалдықпаған, зиянкестермен зақымдалмаған, механикалық жарақатсыз, күнге күймеген, таза, жеміс сағағымен немесе сағақсыз, пісіп кетпеген, қызыл, қызғылт болғаны жөн. Жемістің көлденең диаметрі 4см.
Толығырақ тозаңдануына,жемістің көлемі,оның сапасы және жемісіндегі тұқым саны,ең соңындағы өнімділігі бойынша жақсы нәтижені,гүлдері тозаңдатуға электромагниттік дірілдеткішті,сондай-ақ тозаңдатқыштың ауа ағысын қолданған.
Қызанақ өсімдігінің өсуіне,жеміс салуына,тұқымдық өнімділігіне және тұқымның сапасына температураның әсері өте зор. Жемістің байлануына оңтайлы температура күндіз-18С. Қызанақты СО2 үстеп қоректендіру де тиімді. Жылыжай ауасында СО2 шоғырлануын 0,7-0,2%көтеру жеміс өнімділігін 15-30%арттырады. Микротыңайтқыштарды қолданудың ең жақсы тәсілі-тұқымдарды кешенді ертіндіге малып алу.
Ірі тұқым алу үшін өсімдікті азырақ гүл шоғырымен қалыптастырады. Жылыжайда салмақтырақ тұқымды алғашқы гүл шоғырынан алады.

0.2. Қызанақта кездесетін негізгі аурулар және олардың даму циклі

Макроспориоз немесе құрғақ дақ
Республикада кең таралған ауру. Залалданған жапырақта құрғақ, дөңгелек, шеңберлі айқын дақтар түзіледі. Олардың көлемі бірнеше миллиметрден 1,5 см дейін болуы мүмкін. Ауруға өсімдіктің басқа да мүшелері - жеміс сағақтары, жемістері және өркендері шалдығады.
Жеміс бетінде түсі қоңыр сәл басылған дөңгелектеу дақтар пайда болып, оның үстінде түсі қара мақпалды өңез түзіледі. Кесел жемістің сағаққа тіркелген бөлігінен басталады.
Ауру қоздырғышы - Macrosporium solani Ell. et Mart. саңырауқұлағы. Оның жіпшумағы эндофитті, ұлпа бетіне конидия тасушылар мен конидиялар шығады. Конидияларының құрылысы әртүрлі болады. Жас конидиялары бір клеткалы, түссіз жетілгендері - бір-екі перделі, ал толық жетілгендерінің пішіні шоқпар тәрізді, бірнеше көлденең және бойлаған перделері бар. Құрғақ, ыстық ауа райымен жаңбыр немесе мол шық алмасқан жағдайда, ауру қарқынды дамиды. Инфекция қоры өсімдік қалдықтарында жіпше мен конидия түрінде және ауру жемістің қалдықтарында, тұқым арасында сақталады. Аурудан жапырақтың ассимиляциялық көлемі кішірейіп, тұқымның сапасы төмендейді.

1-сурет .Қызанақтағы макроспориоз ауруының даму циклі

Қызанақ фитофторозы
Инфекцияның дамуына қолайлы жағдай жаз айларының екінші жартысында жиі жауған өткінші жаңбыр кезінде туындайды (пайда болды). Аурудың алғашқы белгілері жапырақта қара қоңыр дақтар түрінде шілде айының бірінші - үшінші онкүндіктерінде анықталды. Фитофтроз ауруы Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалды. Ең қарқында дамуы Алматы облысының таулы аймақтарында күндізгі ауа температурасы 20-22°С, түнде 10-12°С болғанда көрінді. Республика бойынша таралуы 1-6%-ды, дамуы 0,5-12%-ды құрады. Бұл аурудың жеміске ауысуы анықталған жоқ.
2009 жылы аурудың таралуы және қарқында дамуы тұқымдық материалдың сапасына, топарақтағы инфекция қорына, агротехникалық іс-шараларға және өсу кезеңіндегі ауа райы жағдайына байланысты болады.
2-сурет . Қызанақтағы фитофтороз ауруының даму циклі


Септориоз немесе ақ дақ
Қызанақтың кең таралған ауруының бірі. Өсімдіктің залалданған мүшелерінде ұсақ, түсі ақ-сұр, айналасы қоңыр жиекті дақтар пайда болады. Дақ бетінде қара пикнидалар түзіледі. Кесел алғаш өсімдіктің төменгі жапырақтарында дамып, кейін жоғары орналасқандарына жылжиды. Залалданған жапырақтардың түсі қоңырланып, ширатылып, қурап түседі. Сонымен қатар сағақтар, тостаған жапырақшалар кейде жемістер де ауруға шалдығады.
Ауру қоздырғышы - Septoria lycopersici Speg. саңырауқұлағы. Қоздырғыштың түссіз жіпшумағы клетка аралығымен тарайды.
Пикнидалары шар тәрізді, түсі қара, саңылауы кең, ішіндегі споралары түссіз, цилиндр пішінді, ұшы сәл иілген. Пикноспоралар жіпшеге өніп, кутикула арқылы өсімдікке енеді. Инкубациялық кезеңі 8-14 күн. Саңырауқұлақ 15-270С температура мен 77-94% ылғалдылықта жақсы дамиды. Инфекция қоры - шірімеген ауру өсімдік қалдықтарында сақталатын пикнидалар мен пикноспоралар.
Кеселдің зияндылығы залалдану мерзіміне байланысты. Дамуының ерте кезеңінде ауруға шалдыққан қызанақ жапырақтары мерзімінен бұрын қурап, өсімдік қорының едәуір бөлігі жаңа жапырақтар түзуге жұмсалуға байланысты, өнімнің шығымы мен сапасы кемиді.
3-урет. Қызанақтағы септориоз ауруының даму циклі
Бактериялы қара дақ
Кең таралған ауру, әсіресе жауын-шашын мол жылдары жиі кездеседі. Жас және ересек өсімдіктердің барлық жер үсті бөліктері вегетациялық кезеңдерде ауруға шалдығады. Жас ұлпалар ауруларға төзімсіз келеді. Тұқым жарнақтың бетін-де жүйкені бойлаған қара дақтар түзіледі. Жапырақтағы майда, майлы дақтардың түсі алғаш қара-қоңыр болып, кейін қарайып, сарғыш жиекпен шектеледі. Сабақ пен сағақтағы қара дақтар, аталған мүшелерді бойлап, созылыңқы орналасады. Ылғалы мол жылдары залалданған сабақ шытынап, жарылады. Жемістегі дақтар алғаш ұсақ, жиекті, сүйел тәрізді болып, кейін олар ұлғайып (диаметрі 6-8 мм) ойық жараларға айналады.
Ауру қоздырғышы - Xanthomonas visicotoria Dow. бактериясы. Ол өсімдікке устьица және жарақат арқылы еніп, клетка аралығымен тарайды. Залалданған жапырақта қоздырғыштың инкубациялық кезеңі 3-6, ал жемісте 5-6 күнге созылады. Аурудың дамуына 25-300С температура және жоғары ылғалдылық қолайлы жағдай туғызады. Инфекция қоры - залалданған тұқым мен шірімеген өсімдік қалдықтары.
Бұл қоздырғыш қызанақтан басқа бұрышты залалдайды. Кеселдің себебінен өсімдіктің өсуі саябырлап, өнімнің шығымы мен сапасы төмендейді.

Төбе шірігі
Төбе шірігі қызанақ егілетін жылыжайларда және егістіктерде кездеседі. Бұл ауруға көк және пісіп жетіле бастаған жемістер шалдығады. Кесел жас жемістерде, алғашқы бірінші немесе екінші жеміс шоқтарында кездеседі. Жеміс төбесінде алғаш майда, сулы дақ пайда болып, кейін өсе келе қоңырланып, сәл басылады. Залалданған жеміс қатайып қурайды. Ылғал мол жағдайда құрғақ шірік сулыға айналады.
Өсімдікке су мөлшерінің жетіспеуі, әсіресе алғашқы жеміс байлану кезеңіндегі ылғал тапшылығы, сондай-ақ ыстық, құрғақ ауа райы, азот тыңайтқышының топырақтағы артық мөлшері және кальцийдің жетіспеуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызанақтың микрорганизмдік аурулары
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы қызанақ дақылы мен оның аурулары
Қызанақ дақылын өсіру
Қызанақ көшеттерін өсіру
Бақша дақылдарын зиянкестерінен қорғау жүйесі
«Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында қызанақ егістерінде кездесетін зиянды нематодтардың, кенелердің және кеміргіштердің таралуы, зияндылығы және күресу шаралары»
Алматы облысы, Жамбыл ауданы жағдайында қиярдың аурулары, арамшөптері және зиянкестерімен кешенді күресу тәсілдерін жүргізу
Сиыр лейкозын балау
Маринаттауға арналған қызанақтың сорттарына қысқаша сипаттама
Алматы облысы, Қапшағай қаласында қызанақты зиянкестері мен арамшөптерінен қорғау шаралары
Пәндер