Күріш дақылын өсіріп-өндіру технологиясы. Ауыл шаруашылық дақылдарын интенсивті технология негізінде өндірудегі, зиянды организмдерден қорғау жүйесі


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1. Кіріспе . . . 2

1. 1. Қызылорда облысының климат жағдайы . . . 3

2. Негізгі бөлім . . . 4

2. 1. Күріш дақылын өсіріп-өндіру технологиясы . . . 4

2. 2. Күріш дақылының зиянкестері . . . 7

2. 3. Күріш дақылының аурулары . . . 13

2. 4. Күріш дақылының арамшөптері . . . 15

3. Өсімдік қорғау тәсілдері. Химиялық тәсілдің ерекшеліктері . . . 18

4. Ауыл шаруашылық дақылдарын интенсивті технология негізінде өндірудегі, зиянды организмдерден қорғау жүйесі . . . 19

5. Пестицидпен жұмыс істегенде жеке басты қорғау және еңбек

қауіпсіздігін сақтау ережелері . . . 22

6. Пестицидтерді қолданғанда табиғи ортаны қорғау талаптары . . . 24

7. Қорытынды . . . 30

8. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 31

Кіріспе

Ауыл шаруашылығы - шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы - неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1, 3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2, 6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүние жүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді.

Астық және басқа ауыл шаруашылық өнімдері зиянкестерінің түр құрамымен танысу және оларға қарсы күресу шаралары. Зиянды бунақденелер мен кенелердің көптеген түрлері қоймадағы астықты және басқа да ауыл шаруашылық дақылдарының өнімдерін зақымдауға бейімделген. Бұл зиянкестер астық дәндерімен және олардан жасалған азық-түліктермен, сондай-ақ кептірілген жемістермен және көкөністермен қоректеніп, олардың санын кемітеді, экскременттерімен ластайды және тұқымдық материалдардың өнгіштік қасиетін төмендетеді. Зиянкестер қоймаға астық дәндерімен және басқа дақылдардың өнімдерімен бірге енеді, оларды кемірушілер мен құстар апаруы мүмкін. Бұрын табиғи жағдайларда тіршілік еткен және кемірушілердің іні мен құстардың ұясында өсімдік типті азық-түліктің қорымен қоректенген көптеген зиянкестер ұзақ уақытқа созылған тарихи процесстердің нәтижесінде бірте-бірте жабық орындарда мекендеуге бейімделіп, қарқынды түрде өсіп-өне бастаған. Бұған азық-түлік сақталатын қоймадағы ерекше жағдайлар, яғни күн сәулесінің жоқтығы, ауа ылғалдылығының жоғарылығы, температураның бірқалыпты болуы да едәуір мүмкіндік туғызған.

Дақылдардың зақымдану сипаты, оның салдарынан шығынның мөлшері тек қана өсімдіктердің зиянкестік әрекетіне ғана тәуелді емес, сонымен қатар сорт ерекшелігіне, агротехника дәрежесіне, егіннің орналасу тәртібіне және тағы басқа шараларға сәйкес өсімдіктің зиянкеске төзімділігіне де байланысты болады. Бұрынғы одақтас республикаларының ішінде Қазақстанның ұлан-байтақ жерінің табиғаты алуан түрлі екендігі белгілі. Алуан түрлі табиғат ерекшеліктеріне сай мұндағы өсімдік түрлері өте көп. Қазіргі кезде республиканың егістік жерлерінің көлемі барынша ұлғайып миллиондаған гектарға жетіп отыр. Осыншама ұлан-байтақ алқаптардан жыл сайын мол да тұрақты, әрі сапалы өнім алу үшін жергілікті жердің табиғи ерекшеліктеріне қарай жасалатын агротехникалық шаралар құрамында зиянды организдерге қарсы күрес шарасының да мәні зор. Республиканың кең байтақ жерінде тіршілік етіп, алуан түрлі өсімдіктермен қоректенетін ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін елеулі дәрежеде кемітетін зиянкестердің түрлері де көп-ақ.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянды жәндіктерден ойдағыдай қорғаудың негізгі шарты - оларды бір-бірінен ажырата білу. Онан кейін олардың тіршілік әрекеттерін, яғни биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін жете білу керек. Сонда ғана зиянкестерге қарсы күрес шараларын дер кезінде тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік туады.

Өсімдіктерді химиялық қорғау әдісі - зиянкестермен және арамшөптермен күресу үшін пестицидтердің барлық түрлерін қолдану. Пестицидтерді пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Қазіргі кезде оларды көп қолданатын болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп жатыр. Оларды пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте көбейіп кетті. Бунақденелілер пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін және ол қасиетін ұрпағына бере алатын қабілеті бар. Сондықтан пестицидтерді қолданарда зиянкестердің түріне қарай таңдап алу керек.

1. 1. Қызылорда облысының климат жағдайы.

Облыс аумағының негізгі бөлігі Тұран ойпатында, шығысында Қаратау тауының жоталары, солтүстік-батысында Арал маңы Қарақұмы, оңтүстік-батысында Қызылқұм орналасқан. (1-сурет)

C:\Users\User\Desktop\index.jpg

1-сурет. Қызылорда облысы эмблемасы.

Қызылорда облысының климаты жазы ұзақ мерзімді ыстық және қары аз қысқа мерзімді суық, күрт өзгермелі континентті. Мұндай климаттық режим еуроазиялық материгінің ішінде орналысуымен, оңтүстік аймаққа жақындығымен, атмосфераның ауысымдылығының ерекшелігімен және өзге де факторлармен сипатталады. Климаттың континенталдығы көптеген метеорологиялық элементтердің тәуліктік, айлық және жылдық өзгеруімен байқалады. Жазы ыстық және ұзақ мерзімді. Бұл кезеңде температурадағы күрт өзгеру сипаты байқалмайды. Кейбір жерлерде шілде айының орташа температурасы 36-39℃. Облыс аумағының басым бөлігінде температураның абсолютты максимумы 44-48℃ құрайды. Қыс мезгілінде облыстың солтүстік және оңтүстік аймақтарынының арасында температурада айтарлықтай айырмашылықтары бар. Мысалы, ең салқын ай-қаңтардағы орташа температура 35-360 ℃ градусты құрайды. Солтүстікке ашықтылық қасиеті облыс аумағына кедергісіз салқын ауа массасыынң енуіне мүмкіндік береді және нәтижесінде қыс айларында күрт салқындайды. Ауа температурасының абсолютты минимумы 420℃градусқа дейін жетеді. Құрғақшылық - облыс климатының ерекшелектерінің бірі. Жауын-шашын өте аз жауады. Орташа жылдық мөлшері 100-190 мм аспайды және жыл маусымдарында оның түсімі біркелкі емес: барлық жауын-шашынның 60 % көктемгі-қысқы кезеңдерге тиесілі. Облыстың климаты тым континеттік. Қысы суық, жазы құрғақ әрі аңызақты ыстық. Ауа-райының орташа температурасы қаңтарда -13°С, шілдеде 26-28°С. Жазда ыстықтың көтерілу шегі 42-44°С-қа дейін барады. Құм 60-70°С-қа дейін қызады. Жауын-шашынның орташа мөлшері 100-115 мм. Арал теңізінің тартылуынан, Байқоңыр ғарыш алаңы тарататын улы заттары және экологиялық ортаның нашарлауына байланысты қышқыл жауын-шашын жауатын болды

Облыс аумағының барлық бөлігінде солтүстік-шығыс бағытындағы күшті және жиі желдер болып тұрады. Оның орташа жылдық жылдамдығы секундына 3, 1 метрден 6 метрге дейін ауытқып отырады. Қыс мезгілдеріндегі күшті желдер төменгі температура жағдайында жер бедерлерінің биік беткейлеріндегі қар жамылғыларын ұшырып кетеді, нәтижесінде топырақтың беткі қабаттарының терең қатуына және жарылуына әкеліп соғады. Жазғы уақытта шаңды дауылдар байқалады

2. 1. Күріш өсіру технологиясы.

Күріш - астық тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық өсімдік. Сабақтары бұтақталған, жапырақтары таспа тәріздес, жасыл, қызғылт, күлгін түсті. Гүлдері көп масақты сыпырғы гүл шоғырына жиналған. Оның биіктігі 60 - 150 см, бір жылдық өсімдік. Шашақты тамыры болады (70 - 80 см тереңдікке дейін кетеді) . Осы тамырларында ауа жинап өткізуші ұлпалар - аэренхима дамиды. Сабақтың жоғарғы буын аралығының іші қуыс, төменгі буын аралығының ішінде паренхималық ұлпалар бар. Жапырақ саны сабақ буындары санына сәйкес келеді, бұл Күріштің сорттық қасиетін көрсетеді. Гүлшоғыры - сыпыртқы тәрізді, масағы бір гүлді. Гүлдері екі қабат - жоғарғы жағында аналық, төменгі жағында аталық гүл орналасады. Күріш өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сортына байланысты вегетация кезеңі 90 - 130 күн, жылуды, суды көп қажет етеді. Күрішті егуден 5 - 6 күн бұрын тұқымын күнге қыздырып, 2 тәулік жылы суда жібітеді, тұқымды себу алдында кептіреді. (2-сурет)

Oryza sativa - Köhler–s Medizinal-Pflanzen-232.jpg

2-сурет. Күріштің ботаникалық сипаттамасы.

Күрішті бір жерге екі әрі кетсе үш жылдан артық себуге болмайды. Өйткені топырақ батпақтанып және сортаңданып кетеді. Сонымен қатар топырақтың ауа режимі бұзылады, анаэробты процесс жүріп, алюминий, темір металлдарының шала тотықтары пайда болады, сөйтіп, күріштің өсуіне зиян келтіреді. Сондықтан күрішті жақсы алғы дақылдан кейін орналастырудың маңызы зор. Күріш үшін ең жақсы алғы дақыл жоңышқа болып есептеледі. Сонымен қатар күріш ауыспалы егістігіне екпе немесе таза паренгізген дүрыс, одан кейін күрішті екі жыл егуге болады. Республикада негізінен күріштің 7танапты ауыспалы егіс игерілген. 1, 2-ші танап-жоңышқа, 3, 4-танап-күріш, 5-танап-таза пар, немесе сүрлемдік жүгері, 6-7 танап-күріш.

Алғы дақыл. Күрішті бір орынға екі, әрі кетсе үш жылдан артық орналастыруға болмайды, өйткені топырақ батпақтанып және сортаңданып кетеді. Сондықтан күрішті суда өспейтін жақсы алғы дақылдардан кейін орналастырудың үлкен маңызы бар. Сонымен қатар, топырақтың ауа режимі бұзылады, анаэробты процесс жүріп, алюминий, темір металдарының шала тотықтары пайда болады, сөйтіп, күріштің өсуіне зиян келтіріледі. Ғылыми-зерттеу мекемелері мен алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың тәжірибесі күріштің ең жақсы алғы дақылы жоңышқа екенін дәлелдеді. Одан кейінгі алғы дақыл жоңышқа қыртысының аударылған алқабы. Күріш ауыспалы егісіне екпе немесе таза сүрі жер (мелиоративті танап) енгізген дұрыс, одан кейін күрішті бір-екі жыл себуге болады.

Тыңайтқыштар. Күріш егісі ылғи суда түруына байланысты оған минералды және органикальіқ тыңайтқыштар енгізу аса тиімді. Тыңайтқыштарды қолдану жердің мелиорациалық жағдайына, топырақтың қүнарлылығына, алынатын өнімінің мөлшеріне тікелей байланысты. Күріш азотты көп қажет етеді. Оған аса зәру шағы-түптену мен генеративтік органдарының күралу кезеңі. Азот тапшы болса, күріш баяу өсіп, нашар түптенеді және шашақтары шала дәндейді. Фосфор күрішке көктеп шыққан уақытта қажет. Ол жетіспеген жағдайда өсімдіктегі белок алмасуы тежеледі. Калийді күріш өсу кезеңінің екінші жартысында көбірек пайдаланады. Күріштің биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып минералдық және органикалық тыңайтқыштарды қолдану оның өнімін арттыруға жәрдемдеседі. Органикалық тыңайтқыштар (көңді) бір гектар жерге 20-30 тонна көң шашу керек. Үстеп қоректендіру самолет (үшақпен) жүргізіледі. Мөлшері: N = 3ц, Р=5ц (суперфосфат) беру керек .

Суару жүйесі . Күріш өндіруді механикаландыру үшін инженерлік суару жүйесін жасау керек. Суару жүйесінің басты элементі - атыз. Оның көлемі 2-Зга. Су ағып кетпес үшін танапты айнала биіктігі 30-35см топырақ үйіндісімен қоршайды. Атыздың ені 20м, үзындығы 700-1500м. Су бас арықтың екі жағынан бірдей жіберіледі. Әр атыздың ұзына бойына, бас арыққа қарама-қарсы терендігі ең кем дегенде 0, 7м қашыртқы арық қазылады. Ол негізінен егістік бетіндегі артық суды шығаруға арналады. Су бас арықтан атызға және одан қашыртқы арыққа ашып-жабатын қақпағы бар қүбырлы тоспалар арқылы ағып барады.

Топырақты өңдеу. Топырақты өндеу алғы дақылға байланысты. Көп жылдық шөптерден кейін оның қыртысын сәуір-мамыр айларында 7-8см тереңдікке БДТ-2, 8 БДТ-4, 0 ауыр дискілі тырмалармен өңдейді, содан кейін ПН 4-35 туреңді плугымен 18-20см тереңдікке немесе 25-27см жыртады.

Мамыр айында топырақты 8-10см тереңдікте БДТ-3, БДТ-7дискілі қүралдармен екінші рет өңдейді, содан кейін танаптарды тегістейді.

Себуге әзірлеу және себу . Түқымды себер алдында ауада 7-10 күн бүрын күнге қыздыру керек. Себер алдында суға салып өнгіштігін арттырады. Түқымды дәрілейді (1т түқымға 2кг гранозан) . Күріштің ең қолайлы себу мерзімі топырақтың түқым сіңіру тереңдігінің 12-14°С қызған уақыты немесе мамыр айының басы болып есептелінеді. Себу мөлшері топырақ қүнарлылығына түқымды сіңіру тереңдігіне, себу мерзіміне, сорттың биологиялық ерекшеліктеріне, танаптың арамшөптерден тазалығына, тұқым сапасына, алғы дақылға тікелей байланысты. 6-7-8млн4 - өнгіш дән немесе 160-200кг/га күрішті СЗ-3, 6, СРН-3, 6 сеялкаларымен тар қатарлы немесе тоғыспалы әдіспен 1, 5-2, Осм терендікке себеді.

Егісті күтіп-баптау және жинау. Күріш суда өсетін дақыл. Сондықтан себілгеннен кейін 2-3 күннен кейін атызға 3-5см деңгейде су жіберіледі. Күріш түптенгеннен кейін су деңгейі 12-15см көтеріледі. Гербицидтер қолданылады. (бір жылдық астық тұқымдастар үшін)

Үстеп қоректендіру . Жинау: Ору қыркүйек - қазан айларында күріштің дәні қамырланған кезінде атыздарға су құю тоқтатылды, жер құрғайды. Күріш бөлектеніп орылады. Дәндері 85-90% толық піскенде күріш дестеге салынады, содан 3-5 күннен кейін комбгйндармен жиналып, бастырылады.

Күтіп-баптау жұмыстары. Күтіп-баптау жұмысына күрішті үстеп қоректендіру де жатады. Балдырларды жою үшін суға, гектарына 0, 5-1, 0 кг мөлшерінде тотыяйын қосып суарады. Ол үшін су жіберетін арықтың басына тотыяйынды мәрліге орап байлап қояды, сонда тотыяйын суда біркелкі ериді. Балдырлар тым көбейіп кетсе егістіктің суын 7-8 күнге ағызып жіберіп топырақ беті кептіріледі. Көктеу кезеңінде жағалау шыбыны және күріш масасына қарсы 25% э. к. ровикурт (0, 3-0, 6 л/га) немесе актеллик 500 э. к. (0, 5 л/га) инсектицидтері қолданылады.

Күрішті жинау - ең жауапты кезең. Оны ору қыркүйек - қазан айларында жүргізіледі. Дестеге түсіру кезінде жер толық құрғақ болуы үшін күріштің дәні қамырлана бастағанда су беру тоқтатылады. Күріш толық піскен кезде атыздардағы су тартылап, жер құрғайды. Күріш негізінен екі кезеңді бөлектеп жинау тәсілімен іске асырылады: ең алдымен ЖНУ-4, ЖРК-5 дестелегіштерімен шашақ бастағы дәннің 85-90% толық піскенде күрішдестеге шабылады, содан 3-5 күннен кейін СҚД-5Р, СКПР-6, СКГД-б комбайндарымен жинап, бастырылады.

2. 2. Күріш дақылының зиянкестері.

Қызылорда облысы күріш егістігінде кездесетін зиянкестерге жағалық шыбын, күріш масасы, швед шыбыны, күріш көбелегі шаян тектестерден дулығар су шаяны жатады. Осы зиянкестер күріш егісіне жыл сайын едәуір зиян келтіреді.

Күріш бізтұмсұғы - Sitophilus oryzae L. Қазақстанның барлық облыстарында таралған. Солтүстік және орталық Қазақстанда жылыжайларды, сонымен қатар қоймаларда ылғал шамадан жоғары болған жағдайда дән үймелерінің өздігінен қызған жерлерін мекендейді. Қоңыздың ұзындығы 2-2, 5 мм, түсі күңгірт қоңыр, немесе аздап жылтыр, арқа сақинасында тығыз орналасқан көптеген ірі шұңқырлар бар. Үстіңгі қанаттарының әр қайсысында қызғылт түсті 2 дақ пайда болады. Артқы қанаттары жақсы дамыған. Дернәсілдерінің сыртқы пішіні жағынан қамба бізтұмсұғының дернәсілдеріне ұқсас. Қоңыздар 3 айдан 8 айға дейін өмір сүреді. Осы уақыт ішінде ұрғашыларының әр қайсысы 500-ге дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын біреуден дәннің ішіне орналастырады. (3-сурет)

КҮРІШ БІЗТ.jpg КҮРІШ БІЗ.jpg

3-сурет. Күріш бізтұмсығы.

Ұрықтың дамуы 4-8, дернәсілдерінің дамуы 25-30, қуыршақтың дамуы 5-8 күнге созылады. 18˚С температура жағдайында бір ұрпақтың дамуы 3, 5 айға, ал 21-22, 5˚С 1, 5 айға дейін созылады. Қолайлы жағдайлар болса, Солтүстік облыстарда жылына 7-8 ұрпаққа дейін беріп, өсіп-өнеді. Қамба бізтұмсұғымен салыстырғанда күріш бізтұмсұғы жылу сүйгіш бунақденелілер, оның белсенді тіршілігі үшін үйлесімді температура 27-29˚С шамасында. Суыққа ең төзімдісі жұмыртқа, одан кейін төзімдірегі қуыршақ пен дернәсіл, ең төзімсізі ересек қоңыз. Р. С. Ушатинцкаяның мәліметі бойынша -10˚С ересек қоңыз 15, қуыршақ 27, дернәсілі 24, жұмыртқа 90 сағаттан кейін тіршілігін жояды. Дәннің дымқылдығы 10% төмен болған жағдайда қоңыздар дами алмайды. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 73% болғанда салатын жұмыртқаларының саны азаяды, ал 50% қоңыздар қырылады. Дернәсілдерінің дамуы үшін дәннің дымқылдығы 17% асқанда, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 89% болғанда ғана қолайлы жағдайлар туады.

Қамба бізтұмсығына қарағанда күріш бізтұмсығы көпқоректілерге жатады. Ол масақты дақылдардың көптеген түрлерінің, күріштің, жүгерінің дәндерін және әртүрлі жармаларды, ұннан жасалған тағамдарды, бұршақты, мақта тұқымын, темекіні, шошқа жаңғағын, және т. б көптеген өсімдік өнімдерін зақымдайды. Ол қамба бізтұмсығына қарағанда жақсы ұша алады және егіс далаларында масақты, пісіп келе жатқан астық дәндерін де зақымдайды. Одан соң ол астықпен бірге қоймаға енеді.

Жағалық шыбын - Ephydra maullaria bgg. Кең тараған және күріш егісіне қауіпті зиянкестер қатарына жатады. Жағалық шыбын су жағаларында өсіп-өнетін зиянды жәндіктер тобына тобына жатады. Ол республиканың оңтүстігіндегі барлық күріш егілетін аудандарда кездеседі. Шыбынының ұзындығы 4мм. Төсі мен бауыры жасыл, ал аяқтары қызғылт - жасыл, қанаттары ұзын. Шыбынның дернәсілі күңгірт-сарғыш, денесі 12 сегменттен тұрады. Есейген дернәсілдің ұзындығы 7 мм-ге жетеді, денесінің құйрық жағы түтік тәріздес. Дернәсілі өз өмірінде үш рет түлейді. Ересек зиянды жәндіктер қысты күні өсімдік қалдықтарының астында, әртүрлі қуыстарда, ескі үйлер мен шатбақтарда жабысып қыстап шығады. Олар ұшып шыққаннан кейін 6-10 күн өткен соң-ақ жұмыртқа сала бастайды. Әуелі жұмыртқасын ұсақ суларда, судың температурасы 16-17 градус болған кезде салады. Сонымен қатар шыбындар жұмыртқасын арамшөп қалдықтарына, судың бетіндегі биологиялық қабықтарға, балдырларға, судың бетіне салады. Жұмыртқалау мерзімі 4-6 күнге созылады. Жаппай жұмыртқа салуы маусым айының екінші екінші он күндігінен, яғни күріш егісінің өсіп-жетілу кезеңінің орта мерзіміне тура келеді.

Күріш егістігінде шыбын, күрішті суға бастырған соң 2-3 күннен кейін пайда болады. Осы кезеңде атыздағы судың температурасы 15-16 градусқа көтеріледі. Шыбынның қарқынды қоректену кезеңі 13 сағаттан 16 сағатқа дейін созылады. Жаппай жұмыртқалауы тұқымның ісіну кезеңіне сәйкес келеді. Эмбриональдық дамуы ауа райының жағдайына байланысты 6-дан 10 күнге дейін созылады. Шыбындардың көп жиналатын жері күріш атыздарының бұрышы және атыз жағасының ұзына бойында дернәсілдер көп кездеседі. Дернәсілдер атыздың ішіне, өсімдіктерге су толқынымен, әсіресе желді күндері таралады. Дернәсілдің тууы әуелі уақытша су көздерінде, судың температурасы күріш суына қарағанда 5-6 градустан жоғары болғанда басталады. Күріш атызында дернәсіл күндізгі судың температурасы 17 градустан төмен болған кезде пайда болады. Ол мамыр айының бірінші онкүндігінде, күріш тұқымының өсу фазасында байқалады. Дернәсіл күріш атызында немесе басқа су көздерінде, ауа және су температурасына байланысты қарқынды немесе жәй қозғалып өмір сүреді. Дернәсілдер жалған аяқтары арқылы қозғалады. Температура режимінің (күн мен түнде, жылы және сақын күндері) өзгеруіне байланысты дернәсілдер ылайлы бөлікке 5 миллиметрдей тереңдікке кетеді де, тыныс алатын түтігін жоғарыда қалдырады.

Ересек зиянды жәндіктер қыстыкүні өсімдік қалдықтарының астында, әртүрлі қуыстарда, ескі үйлер мен шарбақтар да жабысып қыстап шығады. Қыстап шыққан шыбын ауаның температурасы +10 - +12 градустан жоғары және ылғалдылығы 42-45% болған кезде, яғни сәуір айының алғашқы он күндігінің аяғында ұша бастайды. Ұшып шыққан шыбын көлшіктерде, уақытша жиналған суларда, күріштің суландыру жүйесінде мекен етеді. Шыбындар жұмыртқа салғанға дейін су бетіндегі балдырлар мен тұнбадан пайда болған кілегейлерді жеп қоректенеді. Шыбындардың, қосақтанып жұмыртқа сала бастаған кезеңінде оларды атыздар мен каналдардың немесе басқа да су жолдарының желден ықтасын қуыстарынан табуға болады. Бұл фактілер жағалық шыбынға қарсы күрес жургізудің уақытын анықтауға жақсы көмек көрсетеді. Бұл ерекшеліктерді химиялық жолмен егістіктерді өңдегенде мұқият ескерген жөн.

Дернәсілдер тууы әуелі уақытша су көздерінде, судың температурасы күріш суына қарағанда 5-6°С-тан жоғары болғанда басталады. Күріш атызында дернәсіл күндізгі судың температурасы 17°С-тан төмен болған кезде пайда болады. Ол мамыр айының бірінші онкүндігінде, күріш тұқымының өсу фазасыңда байқалады.

Дернәсілдер әуелі топырақтың ылайлы бөлігімен, шіріген өсімдік қалдықтарымен және су бетіндегі балдырлардың қабықтарымен қоректеніп, одан соң күріш көгінің тамырына ауысады. Әуелі дернәсілдер тамыр ұлпасын қырып жейді. Желінген тамырда ойық пайда болады. Үш жастағы дернәсіл күріш көгінің тамырын түгел кеміріп тастайды. Жағалық шыбынның күріш егістігінде қуыршақтануы 20-25 мамырда басталады. Қуыршақтану орны -күріштің тамыры, жапырағы, сабағы, арамшөптер және атыздың шұңқыры мен сулы жерлер болып табылады. Ересек шыбын қуыршақтың жоғарғы жақ бөлігіндегі саңылаудан шығып денесінің ылғалды сіңірмейтін қасиеті арқасында су бетіне тез жүзіп шығады. (4-сурет)

жаға шыбыны.jpg жаға шыбыны2.jpg

4-сурет. Жаға шыбыны-Ephydra macellaria Egg.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күріш тамырының жүйесі - шашақ тамыр
Өсімдікті интегралды қорғау жүйесінде шаруашылықты ұйымдастыру
Күріш ауыспалы егіс жүйесі
Күріш дәнді дақылы
Күріш өздігінен тозаңданатын өсімдік
Күріш арнайы ауыспалы егісіндегі минималды нөлдік технологиясын зерттеп, күріш дақылдарын өсіру технологиясының экономикалық тиімділігін бағалау
Шаруашылықтың топырақты-климаттық жағдайы. Астықжан ЖШС-нің қызмет нәтижелері
Ауыспалы егістерде топырақтағы органикалық заттардың баланысын есептеу
Ашытқы дақылдарының биомассасында белоктың жинақталу мөлшерін анықтау
Өсімдіктерді интегралды қорғау жүйесі бойынша сұрақ/жауаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz