ШҚО Абай ауданы жағдайындағы сұлы өсімдігінің аурулары, зиянкестері, арамшөптері


Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының географиялық жағдайы.
- Сұлы дақылы, өсіру технологиясы, зиянкестері, аурулары арамшөптері және олармен күресу жолдары.
- Өсімдік қорғау тәсілдері. Химиялық тәсілдің ерекшеліктері.
- Ауыл шаруашылық дақылдарын интенсивті технология негізінде өндірудегі, зиянды организмдерден қорғау жүйесі.
- Пестицидпен жұмыс істегенде жеке басты қорғау және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережелері
- Пестицидтерді қолданғанда табиғи ортаны қорғау талаптары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі таңда агроөндірістік кешеннің негізгі бағыттарының бірі - елімізді ауыл шаруашылық шикізаттары және өнімдері мен тұрақты қамтамасыз ету. БҰҰ тамақ және ауылшаруашылық ұйымының санағы бойынша жыл сайын зиянды ағзалар ауылшаруашылық өнімдерінің 30 пайызын төмендетеді. Оның ішінде топырақтағы ылғал мен қоректік заттарды сіңіретін, күн көзінен көлеңкелейтін, улы тұқымдарымен ластайтын арам шөптердің үлесі мол. Ауылшаруашылық өнімдерінде таралған ауру қоздырғыштары (қара күйе, тат, ақ ұнтақ, таз қотыр, жалған ақ ұнтақ, фитофтороз және т. б. ) дәнді залалдап, микотоксиндер (афлатоксиндер, охратоксиндер) түзеді. Талдау бойынша микотоксиндер жоғары улы заттарға (ЛД50 1, 6-30 мг/кг) жатады. Аурулардың эпифитотиялық таралу жағдайында ауылшаруашылық дақылдары өнімін түгелдей жояды. Жәндіктер, кенелер тез көбейіп, мысалы колорад қоңызы бір мезгілде 3 рет генерацияланып, 30 млн. дана, ал қандала одан да көп жұмыртқа салады. Қазақстанда 2000 жылы жәндіктердің ішінде шегірткенің кең көлемде таралып, егістіктер мен шабындықтарға орасан зиян келтіргені белгілі.
Адамзат өсімдік шаруашылығымен айналысқаннан бастап, өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен, арамшөптермен әр түрлі жолдармен күресуде. Өсімдікті химиялық заттармен қорғау осыдан 2000 жыл бұрын басталған. Демокрит (б. э. б. 460-380 ж. ) өсімдікті аурулардан плинус (б. э. б. 79-23 ж) күл, ұсақталған кипарис жапырақтарын және сұйытылған зәр ерітіндісін өсімдікті қорғау үшін ұсынған. Қазіргі кезде жер шарында адамзат саны жылдан жылға өсуде. Болжам бойынша дүние жүзінде 2040 жылдары халық саны 8, 5 млрд. құрауы мүмкін, ал адамзатқа жер өңдеу өнімдерінің мөлшері бірнеше есе артуы тиіс.
Ауылшаруашылық өнімдерін жоғарылату үшін - экстенсивті механикаландыру, топырақ қопсыту тәжірибесін жақсарту, жаңа сұрыптарды алу, т. б. шаралардың кешендері қолданылады. Өсімдікті химиялық әдіспен қорғау негізгісі болып саналады. Ол өзінің биологиялық және экономикалық тиімділігімен ерекшеленеді. Сондықтан өсімдікті қорғайтын химиялық заттардың өндірісі жылдан жылға артуда. Мысалы АҚШ-да 20 мың препарат тіркелген (675 әсер етуші заттар) оның ішінде 470-і ауылшаруашылықта қолданылады. Ресейде (194 әсер етуші заттар) 633 препарат тіркелген, ал Қазақстанда пестицидтер тізімін 249 дана құрайды.
Өсімдікті қорғайтын химиялық заттар ауылшарушылық дақылдары өнімін арттырады, механикалық және адам қолымен жасалатын жұмыстарды жеңілдетеді.
Пестицидтерді ауылшаруашылығында қолдану негізгі мәселелердің бірі болғанымен, олардың қоршаған ортаға, адамзатқа кері әсерінің бар екенін ескеру қажет. Пестицидтерді экология жағынан қауіпсіз қолдану өте маңызды. Қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін пестицидтердің көпшілігі табиғатта кездеспейтін синтетикалық улағыш заттар. Пайдаланылған пестицидтердің қалдық мөлшерлері қоршаған орта нысандарында жиналып, пайдалы флора мен фаунаға кері әсерін тигізуі мүмкін. Пестицидтер - химиялық улы заттар, оларды дұрыс қолданбау қоршаған ортаның биологиялық нысандарына, адам өмірі мен жануарлар әлеміне қауіпті. Химиялық заттар - өсімдіктерді қорғауда, олардың сыртқы пішінін, дәм сапасын және азық-түлік құнарлылығын өзгертіп, өсімдік бойындағы зат алмасу процестеріне әсерін тигізеді.
Сондықтан ауылшаруашылық дақылдарын, орман және жайылым алқаптарын зиянды ағзалардан қорғау үшін пайдаланылатын пестицидтердің қолдану регламентін (мерзімі, жұмсалу мөлшері, қайталау) қатаң түрде сақтау қажет. Сол сияқты ауылшаруашылық дақылдарынан алынатын тамақ өнімдерінде пестицидтер қалдығы гигиеналық норматив бойынша ең жоғарғы рұқсат етілген препараттар мөлшерінен аспауын қадағалау керек.
Өсімдікті химиялық қорғау пестицидтердің физикалық- химиялық, токсикологиялық қасиеттерін, зиянды ағзаларға, қоршаған ортаның элементтеріне әсерін, қарқынды технологияда интегралды қорғау шараларында қолданылуын зерттейтін ғылым.
Өсімдікті химиялық қорғау курсының негізгі мақсаты - заманауи пестицидтерді талапқа сай қолдануға, әсер ету механизмінің табиғатын зерттеуге, барынша тиімді және қауіпсіз қолдануға үйретеді.
Өсімдікті химиялық қорғау курсының талаптары - ауылшаруашылық дақылдарын қорғау әдістерін жақсарту үшін, әр түрлі химиялық қорғағыш заттардың зиянды ағзаларға және мәдени өсімдіктерге әсерін зерттеу.
Өсімдікті химиялық қорғағыш заттардың барлығы адам ағзасына және жан-жануарларға зиянды болғандықтан, пестицидтермен жұмыс жасау кезінде сақталатын жеке және қоғамдық қауіпсіздік шаралары қарастырылған.
1 бөлім Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының географиялық жағдайы.
Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы - Семей қаласынан оңтүстік батысқа қарай Шыңғыстаудың бөктерінде орналасқан.
Аудан 1928 жылы құрылған. Жер көлемі 20, 9 мың км². Халық саны 16978 адам. Ауданның экономикасының негізгі бағыты - мал шаруашылығы. (1-сурет)
1-сурет. Абай ауданы эмблемасы.
Ауданның батысы мен солтүстігі ұсақ шоқылы жазық. Оңтүстігінде Шыңғыстау жоталары жатыр. Облыстың климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. Қар қарашадан наурызға дейін жатады. Қаңтар айының орташа температурасы -14, 2 С; шілдеде - 20, 7 С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 250-300 мм. Жауын-шашын:
- солтүстік-шығысында 350 - 380 мм
- оңтүстік-шығысында 250 - 300 мм
- батысында 200 - 250 мм аралығында
- 1000 - 1500 мм
175 - 200 тәуліктіқұрайды.
Облыстың, әсіресеКенді Алтай өңіріжербетісуларына бай. ОларЕртісөзені мен Балқаш - . Шаған, Ащы су, Қарауыл, Құндызды, Шет, Мұқыр сияқты өзендер бар.
Облыстың топырағы мен өсімдік жамылғысы жазық бөлігінде ендік белдем бойынша, ал таулы аудандарда биіктік белдем бойынша тараған. Облыстың батыс жағында, ұсақ шоқылар тараған аудандарда солтүстіктен оңтүстікке қарай топырақ жамылғысы оңтүстіктің қара топырағынан шөлді-далалық топырақтарға ауысады.
Ауданның жері қоңыр және сортаң топырақты келеді. Өсімдіктерден далалық өңірде селеу, бетеге, жусан, ши, таулы өңірлерде терек, қайың, өзен бойларында тал, қарақат, мойыл өседі. А. ш-на пайдаланатын Жер аумағы 3271, 2 мың га (2006), оның ішінде егістік жері 66, 6 мың га, шабындық 61, 4 мың га, жайылым 3141, 1 мың га (2001) .
2 бөлім.
2. 1. Сұлы дақылының өсіру технологиясы.
Сұлы- біржылдық азық-түліктік және малазықтық өсімдік, оның дәнінде 12-13% белок, 40-45% крахмал, 4-6% май болады. Оның белогының құрамында адамға және жануарларға қажетті айырбасқа жатпайтын барлық амин қышқылдары бар; құрамындағы май жоғары сіңімділігімен ерекшеленеді. В 1 (тиамин) дәрумені сұлыда бидай мен арпаға қарағанда анағұрлым жоғары. Сондықтан сұлы және оның өңдеу өнімдері диэтикалық, балалардың қоректенуінде қолданылады. Сұлы астығынан әртүрлі жармалар (үлпектер, геркулес, кисель ұны) дайындалады.
2-сурет. Сұлы дақылы
Сұлының химиялық құрамында әртүрлі қоректік заттардың мол болуына байланысты оны көптеген жануарларға мал азығы ретінде өсіреді.
Сұлыны мал азығына басымырақ пайдаланады: оның бір кило астығы малазықтық құндылық эквиваленті және бір азықтық өлшем ретінде қабылданған. Бұл барлық жануарлар түрлеріне, оның ішінде жас төлдерге өте жақсы мал азығы болып табылады. Сұлыны сиыржоңышқа, егістік асбұршақпен араластырып өсіру кең тараған. Оны ноғатық, сиыржоңышқа және бұршақ тұқымдас дақылдар қоспасымен пішенге өсіреді. Сұлының таралу ауқымы бидай мен арпаға қарағанда шектеулі. Қазақстандағы егістік көлемі орта есеппен 5 жылда (2005-2009жж) небәрі 157, 4 мың га шамасында болды.
Бұл дақылдың өнім потенциалы айтарлықтай жоғары: егіншілік мәдениеті жоғары болғанда 30-40 ц/га және орташа егіншілік жүйесінде 20-25 ц/га деңгейінде бола алады.
Сұлының Қазақстандағы астық өнімі орта есеппен 2005-2009 жылдары 12 ц/га құрады.
Ботаникалық сипаттамасы . Сұлы қоңырбастар тұқымдасына жатады. П. И. Жуковскийдің жүйелеуі бойынша ол екі секцияға бөлінеді:
AvenaGriseb- барлық түрлері біржылдық (нағыз) сұлылар; бұған 16 мәдени және жабайы түрлер біріктірілген.
AvenastrumKoch - түрлері көпжылдықтар, олар шалғындық астық тұқымдастар және малазықтық шөп ретінде пайдаланылады.
Avena туысының өсімдіктерінде гүл шоғыры, қомақты, қысылған немесе бірбүйірлі болып келетін сіпсебас (шашақ) . Шашақ орталық біліктен тұрады және ол сабақтың жалғасы болып табылады, одан 2-3 дәрежелі бұтақтар тарайды, әрбір бұтақтың басында 2-3 гүлді немесе көпгүлді масақшалар орналасқан. Масақша қауыздары ірі, әрі жалпақ, жарғақты және көпжүйкелі. Гүл қауыздары дәнді тығыз қаптаған. Дәнннің бүкіл беті жұмсақ түктермен көмкерілген.
Жабайы сұлы түрлері астық дақылдары және басқа танаптық дақылдар егістіктерін ластайды.
Қоршаған ортаға қоятын талаптары. Температураға талаптары. Сұлы- қоңыржай климаттың өсімдігі. Тұқымдары 1-2 0 С өне бастайды. Көктеу мен түптену кезеңдерінде салқындау (15-18 0 С) ауа-райы дұрысырақ. Егін көгі қысқа мерзімді бозқырауды- 7-8 0 С жақсы көтереді. Өсімдіктерінің дамуына қарай оның төменгі температураға төзімділігі төмендей береді және гүлдену кезеңіндегі бозқырау ол үшін қауіпті. Толысу кезеңінде салқынға сезімталдығы шамалы, оның астығы (дәндері) - 4-5 0 С бозқырауды қалыпты көтереді.
Өсіп-жетілу (вегетация) кезеңінде сұлы үшін белсенді температура жиынтығы ерте пісетін сорттарында- 1000-1500 0 С, орташа мерзімдегілерінде- 1350-1650 0 С, ал кещ пісетін сорттарында- 1500-1800 0 С.
Сұлы тез дамитын тамыр жүйесіне байланысты жаздық бадай мен арпаға қарағанда көктемгі құрғақшылықтан аз зардап шегеді.
Жоғары температура және жазғы ауа құрғақшылығын жаздық мен арпаға қарағанда сұлы нашар көтереді. 38-40 0 С-да 4-5 сағаттан кейін сұлы өсімдігінің устице құрылымы сал ауруына шалдығады (ал жаздық бидайда ол 10-17 сағ., арпада- 25-30 сағ. соң басталады) .
Дәннің толысуы сұлыда бидайға қарағанда төменірек температурада қалыпты жүреді. Сұлы жоғары температурадан осы кезеңінде ғана емес, сонымен қатар гүлдену және дәннің толысу кезеңдерінде де қиыншылық көреді. Ыстық ұруға сұлы өте бейім келеді. Оның үстіне жапырақтар жасыл күйінде қурап қалады, масақша қауыздары ағарып кетеді. Вегетативтік мүшелерінің қалыптасу кезеңдеріндегі оңтайлы температура 12-16 0 С.
Ылғалға талаптары. Сұлы ылғал сүйгіш өсімдік. Қабықты дәндері жалаңаш дәнді дақылдарға қарағанда бөрту үшін көбірек ылғалды талап етеді.
Сұлының тұқымы өну кезеңінде өзінің массасының 65%-дай су сіңіреді. Сұлының транспирациялық коэффиценті 400-600 аралығында өзгереді. Оның ылғалмен салыстырғандағы қиын-қыстау кезеңі өсімдіктердің түтікке шығуынан шашақтануға дейін, әәсіресе шашақтануға 10-15 тәулік қалған кездегі топырақтағы ылғал тапшылығы өте қауіпті.
Сұлы барынша жоғары астық өнімін ылғалды, жаздың бірінші жартысындағы жауын-шашынды жылдары береді. Солтүстік аудандарда жаздың екінші жартысындағы жауатын мол ылғалды сұлы нашар пайдаланады, өсімдіктерде сабан өркендер түзіледі де вегетация кезеңі созылып кетеді, нәтижесінде бозқырауға дейін сұлы пісіп үлгермейді.
Топыраққа талаптары. Сұлы салытырмалы түрде топырақ талғамайды, алайда құмдақ және сортаңдау топырақтарда нашар өседі де сазданған жерлерді көтере алады. Ол үшін барынша байланған, қиын еритін түрде болса да қоректік заттары көп топырақтар жарамды. Басқа астық дақылдарына қарағанда қышқыл мүкті алқаптарда жақсы өсе береді. Сортаңданған топырақтардың оған жарамдылығы шамалы.
Өсіп-жетілу (вегетация) кезеңі- 70-100 тәулік.
Өсіруге рұқсат еткен сорттары:
- Синельниковский 14- Ақмола, СҚО, Қостанай облыстарында;
- Мирный- Ақмола, СҚО, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында;
- Скакун, Черниговский 28- Қарағанды обылысында;
- Ертіс- Солтүстік Қазақстан облысында;
- Бітік- Ақмола, Қызылорда, СҚО;
- Льговский 82- Шығыс Қазақстан облысында;
- Казахстанский 70- Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында.
Астыққа өсіру технологиясы. Ауыспалы егістегі орны. (алғы дақылдар) . Тамыр жүйесінің дамуы және қоректік заттарды жақсы сіңіруіне байланысты сұлы бидай мен арпаға қарағанда топырақ құнарлығына аздау талап қоятын дақыл деп есептеледі. Алайда сұлының астық өнімі жақсы алғы дақылдардан кейін күрт артады, сондықтан оны отамалы және дәнді бұршақ дақылдарынан кейін орналастырған дұрыс. Ол көп мөлшерде азотты қажетсінеді, осыған байланысты оған дәнді бұршақ дақылдары, әсіресе асбұршақ жақсы алғы дақыл болып табылады. Фитосанитарлық жағдайға байланысты сұлыны өзінен және арпадан кейін орналастырмаған жөн.
Топыраққа аз талғамы, алғашқы кезеңдегі шапшаң өсуі және жоғары жапырақтылығы ауыспалы егісте сұлыны соңғы дақыл ретінде орналастыруға мүмкіндік береді. Ауыспалы егісте оны соңғы дақыл етіп орналастырғанда басқа дақылдармен салыстырғанда астық өнімін шамалы ғана төмендетеді. Сонымен қатар жақсартылған агротехника шараларына оның қайтарымы мол.
Сұлыға цикадамен жұқтырылатын вирустық ауру шашақтың шыратылу (закукливание) - қауіпті болып табылады. Бұл ауруға, ол көктеу және түптену кезеңдерінде барынша бейім және сұлыға көп зиян шектіреді.
Тыңайтқыштар. Сұлы органикалық және минералды, әсіресе азотты тыңайтқыштарды жақсы қажетсінеді, сонымен қатар ол органикалық және минералдық тыңайтқыштардың соңғы әсерін жақсы пайдаланады. Алайда олар алғы дақылдарда жетімсіз болса, онда себумен бірге Р 2 О 5 берген жөн (15-20 кг/га ә. е. з. мөлшерінде) .
Тыңайтқыштардың жетімсіздігінен Солтүстік Қазақстан аймағында сұлы үшін тыңайтқыш енгізілмейді, ол әдетте сүрі танабына бидайға енгізілген тыңайтқыштардың соңғы әсерін пайдаланады.
Сұлы үшін топырақ өңдеудің негізгі мақсаты- оның өсуіне және дамуына қолайлы жағдайлар жасау, топырақта оңтайлы ауа- ылғал және қоректік заттар ережесін қамтамасыз ету, жалпы алғанда сұлыға топырақ өңдеу жүйесі арпаға ұқсас.
Экологиялық және экономикалық себептерге байланысты топырақ өңдеу мақсаттары мүмкіндігінше жұмыс операцияларының санын, өңдеу қарқындылығын азайтуды қарастырған дұрыс, басқаша айтқанда, минималды топырақ өңдеу жағдайына егістікті тікелей себу ойдағыдай жауап береді. Қыста қар тоқтату (СВУ-2, 6, СВШ-7, СВШ-10) ылғал қорын молықтыруға көп септігін тигізеді. Көктемгі ылғал жабу (БИГ-3, жалпақ дискілі сыдыра жыртқыштар), себу алдыңдағы топырақ өңдеу (КПШ-5, КПШ-4, КТС-8, КТС-10-2 ж. б) .
Тұқымды себуге дайындау . Тазалау, бірінші (негізгі) және екінші дәндерді бөлу, сұлы триерлерін пайдаланып ірі дәндерді сұрыптау, құрғақ ауада қыздыру және дәрілеу жұмыстарын қарастырады. Негізінен аталған агрошаралар бидайға ұқсас. Алайда тұқымды дәрілеуде кейбір ерекшеліктерді есте ұстаған жөн: қатты қаракүйеге қарсы Витавакс 200 ФФ, 34% (2, 5-3 кг/т), ал тозаңды қаракүйені 40% формалиннің судағы ерітіндісін (1:80 қатынасындай) пайдаланып (0, 38 л/т) тұншықтыру тәсілімен дәрілегенде өңделген тұқымды брезент жапқыштың астында 4 сағат ұстайды да, соңынан ауада кептіріледі,
Себу мерзімі - Қазақстанда сұлыны астыққа өсірудің маңызды агрошарасы. Биологиясына байланысты сұлы ерте мерзімде себілетін дақыл. Алайда Солтүстік Қазақстанда ерте себілген сұлы төмен астық өнімін береді, ең алдымен қыста болатын тоң қабатының баяу жібуінің әсерінен топырақтағы микробиологиялық үдерістің әлі әлсіз жүруінен сұлыға азот қоректік затының жетімсіздігімен түсіндіріледі. Аталған ерекшелік негізінен сұлы дақылына тән, өйткені ол өсіп - жетілуінің басында өте тез өседі, ал сұлыны әдетте азот қоректік затының қоры аз топырақтарға орналастырылады. Оның үстіне, ерте себілген егістіктер Қазақстанда әдетте байқалатын көктемгі және ерте жазғы құрғақшылыққа тап болады да сұлының «ширатылу» ауруына ұрынады, осының нәтижесінде өнім күрт төмендеп кетеді. Айтарлықтай ерте себілгенде сұлының толысу кезеңі де қолайсыз жағдайларда өтеді.
Жоғары температурада (кейде өте ыстықта) піскенде сұлы қабықтылығы жоғары және ұсақ дән қалыптастырады.
Солтүстік Қазақстанда сұлының оңтайлы себу мерзімі - 25 мамыр-5 маусым аралығы. Өйткені аталған аймақтың далалы және орманды - дала аудандарында өте ерте себілген сұлы егістігі «ширатылудан» көп зардап шегеді. Ауруға ұрынған сұлы молынан түптенеді және мүлде шашақ түзбейді, әсіресе бұл ауру ылғалды жазда күштірек байқалады.
30 мамыр - 5 маусымда себілгенде сұлының ылғалмен салыстырғандағы қиын-қыстау мерзімі түтікке шығу - шашақтану - аймақта жиі болатын жаздың екінші жартысындағы мол жауын-шашынға сәйкес келеді. Орталық Қазақстанда сұлының жақсы себу мерзімі 28-30 мамыр. Батыс және Шығыс Қазақстан жағдайлары сұлының оңтайлы себу мерзімін мамырдың 15-нен 25-не дейін аралыққа жылжытады.
Себу мөлшері топырақ, климат жағдайларына қарай 2, 5-4, 5млн/га өнгіш тұқым аралығында өзгереді: Қарағанды, Павлодар облыстарында 2, 5-3, 5; Ақмола, Қостанай -3, 5-4; Солтүстік Қазақстан облысында - 4, 0-4, 5 млн/га.
Солтүстік аудандардың ауыр топырақтарында тұқымның себу тереңдігі 4-5 см, механикалық құрамы жеңіл топырақтарды кеш себілгенде және ылғал жетімсіз болғанда-6-8 см.
Егістікті күтіп-баптау себуден кейінгі топырақты тығыздаудан басталады. Салқын және ылғалды көктемде арамшөптерге қарсы және топырақ қабыршығын құрту мақсатында тұқым өскіндері, дән ұзындығына тең кезеңде егістікке көлденең бағытта тісті тырмалармен тырмалау жүргізіледі.
Қос жапырақты арамшөптерді құрту үшін жазғы бидай егістігінде қолданылатын гербицидтердің бірімен сұлының түптену кезеңінде бүріккен дұрыс.
Егінді жинау. Сұлы біркелкі піспейді, әсіресе сабан өркен(подгон) көп болады. Пісу кезеңінде бір өсімдіктің әртүрлі шашақтарында, тіпті бір шашақтың өзінде дәндердің пісуінде алшақтық байқалады.
Сұлы дәніне пластикалық заттардың жинақталуы бидайға қарағанда ұзағырақ жүреді, сондықтан тым ерте жинағанда айтарлықтай бөлігі толысып үлгермейді.
Сұлы сабанының пісуі дәннің пісуінен өте кешігеді (дәннің жинау кезеңінде сабақтары әлі жасылдау және өте ылғалды күйде болады) . Сондықтан сұлының ең оңтайлы жинау мерзімі - шашақтағы масақшалардың жоғарғы бөлігі толық пісіп, ал төменгі бөлігі балауызданып пісу кезеңіне жеткенде жинау барынша тиімді деп есептеледі.
Дестеде түсіргенде немесе бастырғаннан кейін дән толық пісіп-жетіледі де себу сапа көрсеткіштері қалыпты жағдайда болады. Мұндай жинау тәсілінде сабаны мал азықтық құндылығы да жоғары.
2. 2 Сұлының зиянкестеріне сипаттама
Жолақ цикада- тең қанаттылар отрядының цикада тұқымдасына жатады. Ересек цикаданың ұзындығы 3, 5-5 мм, күңгірт сары немесе қоңырқай түсті, алдыңғы қанаттарының ұшы доғаланып бітеді және қоңыр түсті жүйкелермен көмкерілген. Аяқтары ақшыл сары. (2-сурет)
Зиянкес күздік бидайдың немесе астық тұқымдас көпжылдық шөптердің сабағында немесе жапырағында тілікке салынған жұмыртқа күйінде қыстайды. Личинкалары оңтүстікте сәуір, солтүстікте мамыр, осыған орай ересек цикадалар оңтүстікте мамырдың басында, солтүстікте маусымның бас кезінде шығады. Олардың ең көп шығатын мерзімі жаздық егіннің түптену фазасында және сабақтану фазасының бас кезіне туракеледі.
2- сурет. Ересек цикада
Ересек цикада және олардың личинкалары өсімдіктің сабағы мен жапырағының шырынын сорып қоректенеді. Соның нәтижесінде зақымданған жапырақта ақшыл ұсақ дақтар пайда болады. Өсімдіктің өсуі тежеледі. Зиянкес дәнді дақылдардың барлығын, ал құрғақшылық жылдары әсіресе жаздық бидай мен арпаны қатты зақымдайды. Сонымен қатар цикадалар бидайдың, сұлының, күріштің және басқа астық тұқымдас дақылдардың мозайка, қортық, қуыршақтану сияқты аса қауіпті вирус ауруларын таратады.
Зиянды цикадалардың бұл түрінен басқа Қазақстанда қара цикада, алты нүктелі цикада деген түрлері де кездеседі. Олар көбінесе солтүстік далалық аудандарда едәуір зиян келтіреді.
Сұлы бітесі. Қанатсыз «негіз салушы» ұрғашы бітенің ұзындығы 2, 7-3 мм, жасылдау немесе сарғыш-қоңыр, аяқтары, мұртшалары, шырын түтікшелері, құйрықшасы ұзын. Қанатты ұрғашы бітенің көкірек бөлімі қызғылт-қоңыр, құрсағы жасыл түсті.
Зиянды бақашық. Жартылай қатты қанаттылар немесе қандалалар отрядының қалқаншалы бақашықтар тұқымдасына жатадыы.
Ұзындығы 10-13 мм, көлденеңі 6-7 мм, қалқаншасы дөңестеу келген және қанаттары мен құрсағын түгелдей жауып жатады. Жалпы түсі ақшыл-сарыданқара-қоңырға дейін өзгереді. Бүйір жағынан қарағанда тасбақаға өте ұқсайды. Бақашық қандала деп атайтын себебі осыдан. (3-сурет)
3-сурет. Зиянды бақашық.
Зиянды бақашық қандала Ресей мен Украинаның оңтүстік аудандарында, Кавказда, Орта Азия республикаларында, ал Қазақстанда Орал, Ақтөбе, Шымкет, Жамбыл, Алматы, Талдықорған облыстарында таралған. Жылына бір генерация беріп көбейеді.
Көктемде орташа тәулік температурасы 14-16, ал күндізгі температура 20 0 С асқанда, яғни жазғы егіс көктеп шыққан кезде қандалалар егінге қарай ұша бастайды. Олардың жаппай ұшу мерзімі және оның ұзақтығы негізінен көктемгі ауа райының жағдайларына байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz