Көшетті әдіспен тәтті бұрыш өсіру


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1Көшетті әдіс.

2. 2. Тәтті бұрыш

2. 3. Көшетті әдіспен тәтті бұрыш өсіру.

III. Қорытынды

IV. пайдаланылған әдебиеттер.

I. Кіріспе

Көкөніс дақылдары - көкөніс (шырынды өнімдер, жапырақты өсімдіктер, тамыр-жемісті өсімдіктер, баданалар) алу үшін өсірілетін өсімдіктер. Олардың 80 тұқымдасының 600-ден астам түрі бар. Жемісұрықтылар (қызанақ, қияр, бұрыш), жапырақтылар (капуста, салат), бадана (пияз және сарымсақ), тамыр-жемісті өсімдіктер (сәбіз, қызылша, ақжелкен) Қазақстанның суармалы егіншілікпен айналысатын аудандарында өсіріледі.

Көкөніс шаруашылығы - көкөніс алу мақсатында оларды өсірумен айналысатын өсімдік шаруашылығының бір саласы. Көкөніс шаруашылығының басқа өсімдік шаруашылығынан ерекшелігі - мұнда көкөніс дақылдары ашық және қорғалған жерлерде өсіріледі. Көкөніс шаруашылығы өсіру тәсілдері бойынша: танаптық көкөніс шаруашылығы, ашық танаптағы көкөніс шаруашылығы және қорғалған жердегі көкөніс шаруашылығы болып бөлінеді. Қорғалған жердегі көкөніс шаруашылығының ең жетілген түрінде (мысалы, осы заманғы жылыжайларда) өсімдіктің өсіп-дамуына қажетті барлық жағдайлар жасалады және жылдың кез келген мезгілінде (қыста, ерте көктемде және қара күзде) көкөніс алуға мүмкіндік береді.

Ашық танаптағы көкөніс шаруашылығы - көкөністі танаптық жағдайларда өсіреді. Көкөніс шаруашылығында өсімдікті ерте көктету, өсіріп жетілдіру (мысалы, түсті капусталар), көшеттерді тығыз (мысалы, кеш пісетін капусталар аралықтарына ерте пісетін капусталар отырғызылады) және қайта егу (мысалы, ерте алынатын шалғам орнына аскөк отырғызылады) мен отырғызу әдісі кеңінен қолданылады. Деректерге сүйенсек, біздің заманымыздан бұрынғы 3 мыңыншы жылдары-ақ көкөніс өсірумен Ежелгі Қытайда, Мысырда, Ежелгі Грекияда және Ежелгі Римде айналысқан.

Көкөніс шаруашылығы - көкөніс дақылдарының биологиясын, көкөніс өнімділігін жоғарылату мен сапасын жақсартудың озық технологиясын, еңбек шығыны мен өзіндік құнын төмендетуге бағытталған прогрессивті тәсілдерді зерттейтін ғылым. Көкөніс өсіруші ғалымдар көкөніс дақылдарының жаңа, жетілген сорттарын шығарумен де шұғылданады.

II. Негізгі бөлім

2. 1Көшетті әдіс.

Көшет отырғызу технологиясы өте күрделі процесске жатады. Себебі отырғызатын көшеттердің сан алуан түрлерімен қоса оларды ыдыста немесе ыдыссыз өсіреді. Осыларқа байланысты ондай көшеттермен жұмыс атқару технологиясыда өзгешеленеді. Осындай технологиялық жұмыстарды іске асыратын машиналар ыдыспен немесе ыдыссыз өсірілген көшеттерді егістік жерге отырғызуға арналған. Олармен көшетті катарлап немесе шаршы-ұялап отырғызуға болады. Қатарлап отырғызғанда қатар аралық 50, 60, 70, 80 см, ал бір қатардағы өсімдік аралығы 35, 50, 60, 70, 80 және 100 см болады. Шаршы-ұялап отырғызу аралығы 50x50, 60x60, 70X70 см болады. Бұл кезде өлшегіш сымды пайдаланады. Көшет отырғызатын машиналар топырақта арықша қазады да оған көшетті орналастырады, оны сұйық тыңайтқышпен немесе сумен суарады, бұдан кейін арықшаны көмеді де көшеттің айналасын тығыздайды. Осы жұмыстарды атқаратын машина бөлшектерін екіге бөлуге болады: біріншісі - трактордың аспалы механизміне бекітілген көшет отырғызатын бөлік, екіншісі - трактор үстіне бекітілген қосымша бөліктер. Отырғызатын бөлікке рама, огырғызғыш аппарат, қопсытқыш, тірек дөңгелектері, беріліс механизмі, түзеткіш механизм және із көрсеткіштер жатады. Ал трактор рамасына бекітілген қосымша бөліктер су құйған ыдыстан, көшет салынған жәшіктер қойылатын текшелерден және шаршылап отырғызуға керекті қондырғыдан тұрады. Отырғызғыш аппарат (3. 10. -сурет) машина рамасына топсалы жалғасады. Оның негізгі бөліктері рама, көшет ұстағыштар 7 бекітілген отырғызғыш диск 5, сошник 10, суарғыш ыдыс 4, көмгіш дөңгелек 8, қопсытқыш 2 және көшет жәшігін доятын стол 6 мен орындық 3. Машина жұмыс істеген кезде бір отырғызғыш аппаратты бір адам басқарады. Ол үшін адам отыратын орындық 3 бар. Аппарат жұмысты мынадай ретпен атқарады. Машина қозғалып жұмысқа кірісу алдында су келетін шүмекті ақытады. Көшет салынған жәшікті столға орналастырады. Басқарушы адам орындыққа отырады. Осындай дайындық жұмыстарынан кейін агрегат өте баяу қозғалады. 2. 10-сурет. Көшет отырғызатын аппарат: а-бүйірінен көрініс; б-алдынан көрініс; 1-рама; 2-қопсытқыш; 3-орындық; 4-суарғыш ыдыс; 5-отырғызғыш диск; 6-көшет ыдысы; 7-көшет ұстағыш; 8-көмгіш дөңгелектер; 9-тазартқыш; 10-сошник. Агрегат қозғалған кезде отырғызғыш дискілер айнала бастайды. Оған айналыс екі түрлі әдіспен беріледі. Егер көшетті қатарлап отырғызатын болса, онда айналысты тірек дөңгелектерінен алады, ал шаршы ұялап отырғызатын жағдайда, отырғызғыш дискіні өлшегіш сым қозғалысқа келтіреді. Соңғы жағдайда диск үздік-үздік айналады, яғни сымның түйінді шайбалары әсер еткенде ғана айналады, ал басқа кезде тоқтап тұрады. Отырғызғыш аппарат машинаның тірек дөңгелектері мен қозғалысқа келтірілгенде диск үнемі айналып тұрады. Мұндағы беріліс санын диск шеңбері арқылы жердегі салыстырмалы жылдамдық болмайтындай етіп жасаған. Сондықтан диск көшетті жерге отырғызған кезде оны өзімен бірге ілестіріп сүйреп кетпейді. Сонымен отырғызудың екі тәсілін қолданқан кезде

Көшеттер отырғызу

1-сурет. Көшет.

дисканың айналу жылдамдығы жүрген жол шамасымен тікелей байланысты, яғни ол агрегаттың жылдамдығына тәуелді болады. Сондықтан агрегатты жылжытқанда басқарушы көшетті отырғызғыш дискіге үлгеріп тұратындай жылдамдықпен қозғайды. Айналып тұрған дисканың көшет ұстағыш алақандағы басқарушыға кезекпен келіп отырады. Оларға көшетті адам қолмен береді. Ол үшін көшет жақындаған кезде алақан ашылады. Оның ашылуын, картоп отырғыштары сияқты, лекало атқарады. Ашылған көшет ұстағышқа басқарушы өсімдік тамырын өзіне қаратып орналастырады. Өсімдік салынғаннан кейін көшет ұстағыштағы екінші басы лекалодан шығады да серіппенің көмегімен жабылады. Ол кезде көшет сабақынан қысылып ұсталып қалады. Отырғызғыш диск әрі қарай айналады да көшетті төмен қаратып, сошник жасаған арықшаға жеткізеді. Көшет тамыры жерге жеткеннен кейін арнаулы суарқыш механизм көмегімен суару ыдысындағы су немесе сұйық тыңайтқыш өсімдік түбіне төгіледі. Енді сошник артында келе жатқан жасырғыш дәнгелектер арықшаға екі жанынан итеріп топырақ түсіреді. Көшет түбі топырақпен ептеп көмілгеннен кейін көшет ұстағыш ашылады. Ол үшін де лекало қойылған. Көшет ұстағыш әрі қарай бос айналады, өсімдік жерге бекіп орналасады. Оны жасырғыш дөңгелектер топырақпен жасырып түбін тығыздайды. Аппарат осы ретпен әрі карай жұмыс істей береді. Көшет отырғызатын машиналардың басқа отырғызғыш машиналардан айырмашылығы - олар түзеткіш механизммен жабдықгалған. Ол механизм өзара біріктірілген, екі тісті муфтадан тұрады. Бұл муфта отырғыш аппараттарқа козғалыс беретін негізгі білікке орналасқан. Түзеткіш механизм көмегімен көшетті егіске көлденең бағытта бір түзудің бойында орналастыруға болады. Ол үшін машинист алғашқы жүрісте отырғызылған көшеттердің көлденең қатарларына қарайды. Егер қатарлар дұрыс орналаспаса, онда ол түзегіш механизмнің тұтқасын тартып муфтаны ажыратады. Бұл кезде отырғызғыш аппарат тоқтайды. Енді дисканың төменгі жақындары көшет бұрынғы отырғызылған көшет қатарына дәл келген кезде түзеткіш механизм тұтқасын босатады. Одан әрі аппарат жұмысын істей береді. Жүріс дөңгелегі тұғырына отырғызғыш аппараттарқа қозғалыс беретін мынадай екі түрлі жұлдызша бекітуге болады: тіс саны 40 немесе 36. Оларды отырғызу қадамына сәйкес пайдаланады . Отырғызу жұмысын ұйымдастыру. Отырғызу бағытын жер жағдайына қарай анықтайды. Жер беті көлбеу болса, отырғызу бағытын оған көлденең етіп алады, ал жер беті тегіс болса, отырғызу бағыты оның ұзындығы бойымен сәйкес келеді. Отырғызылатын көшеттердің тамыры шоғырланған жинақы және сабақтары болуы керек. Бір гектарға егілетін көшет санын мына формула бойынша есептеп табуға болады: К = 1/bl1, мұндағы: К - көшет саны (бір гектардағы) ; b - қатар аралығы, м; l - өсімдіктер аралығы, м. Көшет отырғызғыш машинаның бір жұмысшы жүрісіне қажетті су мөлшерін мына формуламен есептеп шығарады:, л мұндағы: Q - машинаның бір жұмысшы жүрісі үшін қажетті су мөлшері, л; n - машинадағы отырғызғыш секция саны; l - бір жұмысшы жүріс ұзындығы, м; q1 - бір көшетке керекті су мөлшері (0, 4-0, 7) л; l1 - өсімдік аралығы, м. Машинаның бір жұмысшы жүрісіне керекті көшет санын мына формуламен есептейді: K1=l·n/l1, мұндағы: К1 - бір жұмысшы жүрісте отырғызылатын көшет саны; l1, n және l - жоғарыда көрсетілген шамаларды білдіреді.

2. 2 Тәтті бұрыш

Бұрыш- Бұршаққынды бұрыш көкөністік және дәмдік болып бөлінеді. Көкөністік және дәмдік болып бөлінеді. Көкөністік немесе тәтті бұрыш тамаққа жас, бұқтырылған, фаршталынған, тұздалған және консервіленген күйінде пайдаланылады. Дәмдік немесе ащы бұрыш әр түрлі тағамға тұздық, сонымен бірге қиярды самсарды және басқа да көкөністтерді тұздағанда дәмдеуші ретінде қолданады.

Бұрышта 5 тен 12% дейін құрғақ заттар және 2 ден 8% ға дейін қанттар болады. С дәрумені бойынша ол басқа көкөністерден асып түседі. Тәтті бұрыштың 100 г шикі жемісінде 270 мг С дәрумені болады, ащыды 380мг тиісінше, А дәрумені 9 және 12 мг. Дәмдік бұрыштың ауыз қуырғыш дәмі, ондағы алколоид капсаицинаға байланысты, көкөністік бұрышта ол, біршама азырақ болады.

http://massaget.kz/userdata/users/user_54584/1376908692.jpg

2-сурет Тәтті бұрыш

Бұрыш (Сapsіcum) - алқа тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның оңтүстік облыстарында бір жылдық түрлері өсіріледі. Тропиктік аймақтарда көп жылдық өсімдік ретінде өседі. Қазақстанда Бұрыштың 1 түрі - қызыл Б. (С. annuum) бар. Бұрыш - жылу және ылғал сүйгіш өсімдік. Биіктігі 30 - 130 см, сабағынан жанама сабақшалар шығады. Жапырағы жұптасып орналасқан, жұмыртқа тәрізді тықыр немесе түкті келеді. Маусым - шілдеде гүлдейді, гүлдері жалқы немесе жұптасқан, түсі ақ сары, күлгін түсті. Б. тұқымынан алынған көшеттерінен өсіріледі. Қазақстанның оңт. ауд-нда Б-тың “астрахандық”, “болгарлық”, “ласточка”, “подарок”, “ротонда”, т. б. сорттары егіледі. Б-ты тамаққа дәм беруге, маринадтауға, консервілеуге және салаттар жасауға пайдаланады. Бұрыштың аурулары: шірік, вирус, солу. Зиянкестері: жұмыр құрттар, көбелектер, т. б.

Бұрыш (Латын атауы:Capsicum annum) Жемістерінің сұрыбына байланысты әр түрлі пішіні, түсі және көлемдері бар жылу сүйетін өсімдік. Бұрыш Америкадағы ең ежелгі өсірілетін көкөніс деп есептелінеді. Оны, тіпті, бес мың жыл бұрын өсіргенін зерттеушілер анықтады. Бұрыштың шыққан елі- Перу. Жүгерімен, үрме бұршақпен және асқабақпен қатар ол Америкадағы Колумбқа дейінгі негізгі көкөністердің бірі болды. Еуропаға бұрыш Христофор Колумбтың дәрігері алып келді. XVI ғасырдан бастап, бұрыш бүкіл Еуропағатарады және өзінің орнын жерорта теңізі және балқан асханасында тапты. Сонымен қатар, бұрыш - бұл венгрлердің ұлттық көкөнісі және дәмдеуіші. 1912 жылдан бастап, Сковилл межесі - бұрыштың ащылығын бағалауға арналған арнайы меже бар.

Тәтті бұрыштың сапасына қойылатын талаптар , 13908-68 МҮҚ бойынша жемістері жас, таза, дертсіз пішіні мен түсі аталған сұрыпқа сәйкес, жеміс сағағы болуы керек. Жемісінің ұзындығы 6см кем емес, дәмі сүйкімді, сәл ащылау болғаны дұрыс

Бұрыштың тұқым шаруашылығы- тәтті бұрыш үшін кеңістік оқшаулау ашық жерде 300 м болуы керек, қорғаулы жерде 100 м, ащы үшін 1000м. Үлескіде бір рет сұрыптық тазарту жүргізеде де, жемісі типтес барлық өсімдіктерді аластайды. Егер тәтті бұрыш арасында ащы бұрыш кесдессе, оны ғана емес барлық өсімдіктерді аластайды. Егер тәтті бұрыш арасында ащы бұрыш кездессе, оны ғана емес сонымен бірге төңірегіндегі тәтті бұрыштың 6-8 өсімдігін де аластайды.

Тәтті бұрыштың жемісін биологиялық піскенде, олар сұрыпқа тән түске енгенде жинайды да, пісіп жетілуі үшін, оларды жылы жерге жайып тастайды. Өсімдігімен бірге жұлынған жемістің пісіп жетілуі жақсы жүреді. Тұқымын жеміс сағағымен бірге кесіп, қолмен босатып алады. Қалған жемісін консервілеуге немесе тұздауға пайдаланады да, ал тұқымын бөліп алып кептіреді және ұшырып тастайды.

Ащы бұрышты күнге кептірген соң, тамыртурағышпен ұсақтайды. Тұқымын бөліп алады, жемісін паприка алу үшін өңдейді. Ащы шаңнан қорғану үшін дәке таңғыш байлайды және көзілдірік киеді.

Тәтті бұрыштың жемісінде 150-300 тұқым болады, ал ащынікінде 400-450. Бір тонна жемістен 12-17 кг тұұым алынады. Бір гектардан тұұым өнімі 0, 5-1, 0 ц. Өнгіштігі 70%-дан сұрыптық тазалығы 99%-дан кем болмауы керек. Тұқымы өнгіштігін 4-5 жыл сақтайды.

2. 3 Көшетті әдіспен тәтті бұрыш өсіру.

Ізашарлар және топырақты дайындау . Тәтті бұрыш жеңіл, су сіңгіш, аздап карбонатты болатын және жылытылатын топырақты жерде жақсы өсіп, жеміс береді. Суық ауыр топырақта бұрыштың өсуі нашар, өнімі төмен болып, вертициллезді солуға тап болады. Ең жақсы ізашарлар - бір жылдық бұршақ тұқымдастар, орамжапырақ қияр, дәнді дақылдылар.
Топырақты бұрышты егуге дайындау үшін, алғы егісті жинаған соң, жер телімін бір жылдық арамшөп басып кеткен болса, оны 4-6 см, ал көп жылдық тамырлы және тамыр сабақты арамшөп басып кеткенде, 10-12 см тереңдікке сыдыра жыртады. Сүгідер жер жыртуды 25-26 см тереңдікке жүргізеді. Жазғытұрым егінжайды (көшеттерді отырғызар алдында) тырмалап, 12-14 см қопсытады. Қопсытқаннан бұрын гербицидті енгізуге болады.

Көшеттерді өсіру және отырғызу . Көшеттерді өсіргенде, 1 га егу үшін, көшетхана немесе жылыжайдағы 50-80 м² пайдалы жер көлемі болуы тиіс. Көшеттерді кассеталық әдіспен өсіру ең қолайлы әдіс болып келеді. Көшетке тұқым өсіру үшін ең жақсы мерзім - ақпан- наурыз, мамырдың бірінші жартысында топырақтың егінді қабатында температура 15°С жоғары болып, суық түсу қауібі болмаған аймақтар үшін тіпті қаңтар-ақпан айлар болады. Көктеулер ең қолайлы температурада (22-27°С) 12-15 күн ішінде шығады. Бірінші жапырағы шыққан кезеңде өсімдікті 6×6 немесе 8×8 см көлемді құмыраларға сиретіп отырғызады. Шуақты күні, жарықтың түсуін төмендету үшін сиретілген көшеттерді көлеңкеге қояды. Бұрыштың көшеттері жарықтың жетіспеушілігіне төзімді болып, қызанақтың көшеттері сияқты созылып кетпейді. Көктеулер пайда болғанша температураны 24-25°С, ауа ылғалдылығын 80-90% деңгейде сақтайды. Көшеттер пайда болған соң, температураны 16-18°С дейін, түнде 12-14°С дейін төмендетеді. Келесі күндері оны қайтадан: шуақты күні 22-28°С дейін, бұлтты күні 18-20°С дейін, түнде 15-18°С дейін қайта көтереді. Көшеттерді жиі және молымен суарады, бірақ асыра ылғалдатуға болмайды, өйткені тамыры шіріп кетуі мүмкін.
Нунемс бұрышын өсіру үшін көшеттердің ең қолайлы мерзімі - 40-50 күн (ең көбі 60) . Оны 5-6 жапырағы (биіктігі 15-16 см) болған кезеңде отырғызады. Ерте мерзімде отырғызғанда, тамшылық әдісімен суарғанда, отырғызу жиіктілігі - 1 га 30-35 мың, кеш мерзімде отырғызғанда немесе кәдімгі (мысалы, жаңбыр арқылы) әдіспен суарғанда, жиілікті 1 га 40-45 мыңға дейін көбейтеді. Отырғызу сызбасы 60-80-90×35-40-50 см. Көшетті өсіру аймағына байланысты жайлы температуралар болған кезде - мамырда - маусымның басында отырғызады.

Өсімдіктердің қалыптасуы . Әдеттегідей жас өсімдікте көп жеміс түйнектеліп, вегетативтік өсу тоқтатылады. Өсімдікке жүктелуді құру өсу мен түйнектелу арасында жақсы теңгерімнің қалыптасуына көмектеседі. Өсімдіктің ортасындағы алғашқы жемістерін алып тастағанда, өсуі ынталандырылып, өнім көлемі өседі. Өсімдікті жылыжайда өсірген кезде, сабақтарын жатып қалу мен сынып қалудан сақтау үшін тіреулер қою керек. Өсімдіктің әр негізгі сабағы үшін тігінен тартылған жіп арқанды, немесе қатардың бойымен көлденең тартылған екі сымды қолдануға болады. Байлаудағы құруды бір, ең көбі екі сабаққа жасайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көкөніс дақылдарының көшетін өсіру
Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында тәтті бұрыш дақылын өсіру
Алқа тұқымдастары қызанақ, бұрыш және картоп дақылдарының тарихы
Көшет отырғызу технологиялары
Көшеттерді отырғызудың агротехникасы
Ұсақ жемісті қызанақтар
Көшет отырғызу технологиясы
Көкөніс шаруашылығындағы тұқым шаруашылығы ерекшеліктері
Тұздалған және ашытылған көкөніс өнімдерінің құрамындағы микроағзалардың түрлерін анықтау
Ылғалсүйгіш өсімдік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz