Бухгалтерлік есепті компьютеризациялау


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 97 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Қазақ қыздар педагогикалық университеті»
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ КОМПЬЮТЕРИЗАЦИЯЛАУ
ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Алматы
2010
ББК 65. 051
М79
УДК 657. 1(075) :681. 3(075)
Мурсалим М. О., Тазетдинова В. Х .
М79 Бухгалтерлік есепті компьютеризациялау:Оқу құралы. -Алматы:КазАТК, 2008 ж.
ISBN 978-601-207-123-8
Бұл оқу құралы «Қазақстан Республикасына арналған 1С: Бухгалтерия 8» бағдарламасын алғаш оқып үйренушілер үшін өте тиімді. Оқу құралы мысалдар негізінде құрастырылған. Төмендегі көрсетілген әрекеттердің барлығы тізбектеліп көрсетілген: Ұйымдар мен кәсіпорындар туралы барлық мәліметтерді толтыру, ұйымның бухгалтерлік және салық есебі бойынша есеп саясаты, ұйымның контрагенттері туралы мәліметтер, сатылатын және сатып алынатын тауарлардың номенклатурасы, бағдарламада негізгі шаруашылық операцияларды көрсету енгізілген, проводкалар мен бухгалтерлік балансты талдау үшін есеп беруді құрау қарастырылған.
ББК 65. 051
Пікір жазғандар: Дауренбекова А. Н. э. ғ. д. - Абай атындағы ҚазҰПУ
Оралбаева Ж. З. э. ғ. к. - Абай атындағы ҚазҰПУ
Әлиев М. К. э. ғ. к. - Мұхаметжан Тынышпаев атындағы ҚазККА
ISBN 978-601-207-123-8
© Мұхаметжан Тынышпаев атындағы ҚазККА, 2008.
© Мурсалим М. О., Тазетдинова В. Х., 2008.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . ……5
1С: ҚАЗАҚСТАНҒА АРНАЛҒАН БУХГАЛТЕРИЯ БАҒДАРЛАМАСЫН
ОРНАТУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ . . . . ……. 10
1С: Кәсіпорын 8 тұғырнамасының орнатылуы . . . . . . 10
Нұсқаны орнату . . . 10
1С: Кәсіпорын 8 жүргізу . . . . . . 10
Ақпараттық қорды редакциялау . . . . 11
Ақпараттық қорды тізімнен жою . . . …… . . . . 11
Бағдарламаның қызмет көрсету мүмкіндіктері . . . ……… . . . 13
Параметрлерді орнату . . . . 13
Мәтіндік редакторды күйге келтіру . . . . . . 13
Алмастыру буферімен жұмыс . . . 14
Терезелерді басқару . . . . 15
Құралдар тақтасы . . . . 17
Файлдарды салыстыру . . . . . . 21
Уақытша тежеу . . . 23
Белсенді пайдаланушылар тізімі . . . . . . 24
Пайдаланушы параметрлерін орнату . . . 25
Тіркеу журналы . . . . . . 25
Аралықтарды орнату . . . ……… . . . 26
Іріктеуді орнату . . . . . 27
Тіркеу журналын сақтау . . . . . 30
Қателер жөнінде хабарлау … . . . . . . 30
Бейнелеу баспасы…… . . . . . . 31
1С:ҚАЗАҚСТАНҒА АРНАЛҒАН БУХГАЛТЕРИЯ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ЖҰМЫСТЫ БАСТАУ. . . . 32
Ұйым туралы мәліметтерді толтыру . . . . . . 32
Бухгалтерлік есептің есептік саясатының параметрлерін толтыру . . . 34
Салықтық есептің есептік саясаты параметрлерін толтыру …… . . . ……35
Есеп параметрлерін күйге келтіру . . . . . . 36
Бухгалтерлік және салықтық есеп шоттарының жоспарлары. . ……… . . . 38
Ұйымның іскер әріптестері туралы мәліметтерді толтыру. . . . . 40
1С:ҚАЗАҚСТАНҒА АРНАЛҒАН БУХГАЛТЕРИЯ БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ . . . . . . 45
Ұйым сатып алатын және сататын тауарлар және қызметтер туралы мәліметтерді толтыру . . . . . . ………45
Шаруашылық операцияларын құжаттар көмегімен бейнелеу . . . ……… . . . 47
Бухгалтерлік және салық жүргізілімдерін автоматтандырылған
түрде енгізу . . . 49
Операциялар журналы және жүргізілімдер журналы. . . . 51
Тауарларды сатып алу. 53
Сатып алушыға төлем шоттарын көрсету . . . . . . 59
Ұйымның есеп шотына сатып алушыдан ақша қаражатының түсуі…… . . . 63
Тауарларды сату . . . 65
Жеткізушіге ұйымның есептік шотынан ақша қаражатын аудару: төлем тапсырмасы . . . . . . 68
Төлемдік тапсырма басылымы . . . 69
Кезеңнің (айдың) аяқталуы . . . . . . 71
ЕСЕП БЕРУДІ ҚҰРУ . . . . . . 73
Бухгалтерлік және салықтық есеп шоттарының қалдықтары және айналымдары бойынша деректер алу . . . . . . 73
Стандартты есеп берулер . . . 73
Регламенттелген есеп - қисапты құру: бухгалтерлік баланс. . . . . 91
Бухгалтерлік баланс . . . . . . 92
Регламенттелген есеп беруді дайындау . . . . . . 95
Регламенттелген есептердің сақталуы …… . . . . . . 96
Регламенттелген есептерді электронды түрде шығару . . . . . . 97
ӘДЕБИЕТ . . . . . . . 98
«1С: Қазақстанға арналған бухгалтерия 8» бағдарламасының сипаттамасы
«1С: Қазақстанға арналған бухгалтерия 8» - бухгалтерлік және салықтық есепті автоматтандыру үшін жаппай тағайындаудың әмбебап бағдарламасы. Бұл бағдарламаның негізінде мейлінше әртүрлі бизнес- қосымшаларды құруға және түрлендіруге мүмкіндік беретін «1С: Кәсіпорын 8» жүйесінің икемді технологиялық тұғырнамасы жатыр. Бағдарламалық өнім жеткізілімінің жиынтығына қолданбалы шешім - «Қазақстанға арналған бухгалтерия» нұсқасы жатады.
«1С: Қазақстанға арналған бухгалтерия» бухгалтерлік және салықтық есептің жүргізілуі үшін, сонымен қатар коммерциялық қызметтің кез келген түрін: көтерме және бөлшек сауданы, қызмет көрсетуді, өндірісті және т. б. іске асыратын ұйымдардағы міндетті (реттемеленген) есеп-қисаптың нысандарын әзірлеуге арналады.
Бухгалтерлік және салықтық есеп Қазақстан Республикасының пәрменді заңдарына сәйкес іске асырылады. Нұсқада нұсқауға сәйкес бекітілген Қаржы Министрлігінің 22. 12. 2005 ж. № 426 «Қаржылық есептің халықаралық стандартына сәйкес қаржылық есеп-қисапты құрайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есептің жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі Нұсқаулықты (негізді) бекіту туралы» Бұйрығына сай әзірленген шоттар жоспары іске асырылған.
Бірнеше ұйымдардың қызметінің есебін жүргізу
«1С: Қазақстанға арналған бухгалтерия 8» көмегімен бірнеше ұйымның шаруашылық қызметтерінің бухгалтерлік және салықтық есебін жүргізуге болады. Әрбір ұйым үшін есепті жеке ақпараттық негізде жүргізуге болады. «1С: Қазақстанға арналған бухгалтерия 8» сонымен қатар бірнеше ұйымның бухгалтерлік және салықтық есебінің жалпы ақпараттық негізде (сондай-ақ жеке ұйымдар ретінде жеке кәсіпкерлер бой көрсетуі мүмкін) жүргізілуіне мүмкіндік береді. Бұл, егер осы ұйымдардың шарушылық қызметі өзара тығыз болса, ыңғайлы: тауарлардың, контрагенттердің (іскерлік серіктестердің), жұмыскерлердің, қоймалардың (сақтау орындарының), және т. б. тізімдерін жалпы түрде, ал міндетті есеп-қисапты жекелей қалыптастыруға болады.
Тауарлы-материалдық қорлардың есебі
ТМҚ есебін ұйымдастыру үшін материалдық - өндірістік қорлардың оларды істен шығуы кезіндегі бағалануының келесі тәсілдерін ұстанады:
орташа өзіндік құны бойынша;
материалдық-өндірістік қорлардың сатып алу кезіндегі алғашқы өзіндік құны бойынша (ФИФО тәсілі) ;
материалдық-өндірістік қорлардың сатып алынған кезіндегіден соңғы өзіндік құны бойынша (ЛИФО тәсілі) ;
Бағалаудың ФИФО және ЛИФО тәсілдерін қолдану үшін материалдық-өндірістік қорлардың есеп шотында топтамалық есеп жүргізіледі. ТМҚ есебінің әртүрлі шоттары үшін өзіндік құнды бағалаудың әртүрлі тәсілдері қолданылуы мүмкін (МСБУ 2 сәйкес) .
Қоймалық есеп
Қоймалар бойынша сандық немесе сандық - сомалық есеп жүргізілуі мүмкін. Алғашқы жағдайда тауарлар мен материалдардың бағалануы олардың қандай қоймадан алынғанына байланысты емес. Қоймалық есеп, егер оның қажеттілігі болмаса, жабылуы мүмкін.
«1С: Қазақстанға арналған бухгалтерия 8» бағдарламасында есептік деректермен автоматты түрде салыстырылып қаралатын түгендеу деректері тіркеледі. Түгендеу негізінде анықталған артықшылықтар және жетімсіздіктерді есептен шығарулар көрініс табады.
Сауда операцияларының есебі
Тауарлар мен қызметтердің түсім және өткізілім операцияларының есебі автоматтандырылған. Тауарларды сату кезінде төлеуге есепшот жазылады, жүкқұжаттар және фактуралық есепшоттар рәсімделеді. Көтерме сауда бойынша барлық операциялар сатып алушылар және жеткізушілермен шарттардың аясында есептеледі.
Тауардың сатып алушыдан жеткізушіге қайтарылуының көрініс табуы автоматтандырылған.
«1С: Қазақстанға арналған бухгалтерия 8» бағдарламасында бағаның бірнеше тұрпатын қолдану қолдау табады, мысалы: «көтерме», «ұсақ көтерме», «бөлшектік», «сатып алу» және т. б. Бұл түсім және өткізілім операцияларының көрініс табуын жеңілдетеді.
Банкілік және кассалық операциялар есебі
Нақты ақшалай және қолма-қол ақша қаражатынсыз қозғалыстың және валюталық операциялардың есебі іске асырылған. Төлем жүктеухаттарының, кіріс және шығыс кассалық ордерлерінің енгізілуі және басылуы қолдауға ие. Жеткізушілермен, сатып алушылармен және жауапты тұлғалармен есеп айырысу, есеп айырысу шотына қолма қол ақшаның салынуы және ақшалай чек бойынша қолма қол ақшаның алынуы, шетелдік валютаның сатып алыну және сатылу операциялары автоматтандырылған. Операциялардың көрініс табуы жағдайында төлем сомалары автоматты түрде аванс төлеуге бөлінеді. Кассалық құжаттар негізінде белгіленген үлгідегі кассалық кітап жасалады.
Контрагенттермен есеп айырысу есебі
Жеткізушілер және сатып алушылармен есеп айырысу есебін теңгемен, шартты бірліктермен және шетел валютасымен жүргізуге болады. Әрбір операция бойынша бағамдық және сомалық айырмашылықтар автоматты түрде есептеліп отырады. Контрагенттермен есеп айырысуды жалпылама шарт бойынша немесе есеп айырысудың нақты құжаттарының көрсетілуімен жүргізуге болады. Есеп айырысуды жүргізу тәсілі әрбір шарт үшін жеке анықталады. Түсім және өткізім құжаттарын рәсімдеу кезінде барлық контрагенттерге жалпы бағамен қатар нақты бір шарт үшін жекелей де баға қолдануға болады.
Негізгі қаражаттың және материалдық емес активтердің есебі
Есеп бойынша барлық операциялар автоматтандырылған: түсім, есепке қабылдау, өтелімнің есептелуі, табыстау, есептен шығару, түгендеу. Бірнеше шоттар немесе талдамалы есеп объектілері арасында есептелген өтелім сомасының айға үлестірілуі мүмкін. Маусымдық пайдаланылатын негізгі қаражаттар үшін өтелім есептелудің кестесі қолданылуы мүмкін.
Негізгі және көмекші өндірістің есебі
Негізгі және көмекші өндіріс өндіретін өнімдердің және қызметтердің өзіндік құнын есептеу, алыс-беріс өнімінің қайта өңделуінің есебі автоматтандырылған. Бір айдың ішінде шығарылған дайын өнімнің есебі жоспарлық өзіндік құн бойынша жүргізіледі. Айдың соңында шығарылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құны есептеледі.
Жартылай фабрикаттар есебі
Жартылай фабрикаттар шығаратын болжалды аралық сатыдағы күрделі технологиялық процестер үшін жартылай фабрикаттардың қоймалық есебі және олардың өзіндік құнының автоматтандырылған есеп айырысуы қолдауға ие.
Жанама шығындар есебі
Жанама шығындарды есептен шығару кезінде өнімнің (қызметтердің) номенклатуралық топтары бойынша бөлудің әртүрлі тәсілдері қолданылуы мүмкін. Жанама шығындар үшін бөлудің келесі негіздерінің мүмкіндіктері бар:
- шығарылым көлемі;
- жоспардағы өзіндік құн;
- еңбекке ақы төлеу;
- материалдық шығындар.
Жалақы есебі және кадрлық есеп
«1С: Қазақстанға арналған бухгалтерия 8» бағдарламасында негізгі жұмыс орны бойынша және қоса атқару бойынша жұмыскерлердің есебін қосқандағы қызметкерлердің қозғалыс есебі жүргізіледі, бұл жағдайда ішкі қоса атқару опциональды түрде қолдау табады (яғни, қолдауды кәсіпорында оның қажеттілігі болмаса алып тастауға болады) . Еңбек заңы бойынша сәйкестендірілген нысандарды құру қамтамасыз етіледі.
Автоматтандырылған:
кәсіпорын жұмыскерлеріне есептеудің әрбір түрі үшін жекелей есептегі көрініс табу тәсілін көрсету мүмкіндігімен жалақы есептеу;
жұмыскерлермен өзара есеп айырысуларды жалақы төлеуге дейін жүргізу;
депозитке салынатын жалақыға байланысты операциялар;
орындау парақтары бойынша есептеу;
кәсіпорын жұмыскерлерінің жалақысы салық салыну негізі болып табылатын заң жүзінде реттемеленген салықтар мен жарналарды есептеу;
реттемеленген қажетті есеп-қисапты қалыптастыру (салықтық есеп-қисап және статистикалық есеп беру нысандары) ;
ҚҚС (Қосылған құн салығы) есебі
Жеткізушілерге және мердігерлерге төленген, соның ішінде ҚҚС есепке алынуға тыйым салынған және сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер құнына кіретін операциялар бойынша қосылған құн салығының есебі автоматтандырылған. Есептелген ҚҚС, оның ішінде бейрезиденттерден сатып алынған қызмет бойынша есеп автоматтандырылған.
ҚҚС есебі мақсатында бөлектей және үйлесімді тәсідермен есепке алынатын салықтарды анықтау тәсілдері қолдау табады.
307. 00 «Салықтық кезең (есеп беру тоқсанының) уақытында сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша фактуралық шоттар тізілімі» нысанын толтыру автоматтандырылған.
Салықтық есеп (пайдаға салынатын салық бойынша)
Нұсқада салық салудың жалпы белгіленген тәртібі қолдау табады.
Салықтық есептің (корпорациялық табыс салығы бойынша) нұсқада жүргізілуі үшін шоттардың арнайы (салықтық) жоспары қосылған. Бұл «Табыс салығы бойынша есеп» СБУ 11 талаптарының орындалуы үшін бухгалтерлік және салықтық есеп деректерін салыстыруды жеңілдетеді. Сонымен қатар шоттардың салықтық жоспарында салық есебінің ҚР СК 15 тарауына сәйкес өзіндік ерекшеліктері де көрініс табады. Салық тық есептің деректері бойынша автоматты түрде салық тіркелімдері жасалады және корпорациялық табыс салығы бойынша салық мағлұмдамасын толтыру үшін деректер дайындалады.
Айдың қорытындылаушы операциялары
Айдың аяқталуы бойынша орындалатын, реттемеленген операциялар, оның ішінде валюталарды қайта бағалау, болашақ кезеңдердегі шығындарды есептен шығару, өтелімді есептеу, қаржылық нәтижелерді анықтау және басқалар автоматтандырылған.
Тұрпаттық операциялар
Шаруашылық операцияларының есепте көрініс табуының негізгі тәсілі ретінде алғашқы бухгалтерлік құжаттарға сәйкес келетін нұсқалық құжаттардың енгізілуі болып табылады. Бұдан басқа жекелеген өткізбелердің тікелей енгізілуі рұқсат етіледі. Өткізбелердің топтық енгізілуі үшін қолданушы арқылы жеңіл, әрі тез күйге келтірілетін автоматтандырылудың қарапайым құралы - тұрпаттық операцияларды қолдануға болады.
Стандарттық бухгалтерлік есеп берулер
«Кәсіпорын бухгалтериясы» нұсқасына қалдықтар мен айналым шоттары және түрлілігі әрқалай шамадағы өткізбелер бойынша деректерді талдауға арналған стандарттық есеп беру жинақталымы кіреді. Олардың ішінде айналымдық-сальдолық тізімдеме, шатыраш кестелі тізімдеме, шот бойынша айналым-сальдо тізімдемесі, шот айналымдары, шот карточкасы, шотты талдау, субконто талдауы бар.
Реттемеленген есеп-қисап
Нұсқаның құрамына бухгалтерге қажетті есеп берудің толық жинақталымы: қаржылық, статистикалық, салықтық есеп берулер кіреді. Салықтық есеп-қисаптың барлық нысандары үшін XML пішіміндегі түсірім қарастырылған.
Компьютерге және бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1С: Кәсіпорын 8 жүйесі IBM-қоса атқарылатын дербес компьютерлеріндегі жұмысқа арналған. Компьютерде болуы міндетті:
Microsoft Windows 98/Me, Microsoft Windows NT 4. 0/2000/XP/Server 2003 (Microsoft Windows 2000/XP/Server 2003 ұсынылады) операциялық жүйесі;
Intel Pentium II 400 МГц және одан жоғары процессор (Intel Pentium III 866 МГц ұсынылады) ;
128 Мбайт және одан жоғары жарамдылықтағы жады (256 Мбайт ұсынылады) ;
қатты диск (орнатылу кезінде 120 Мбайт төңірегінде қолданылады) ;
компакт-дискілерді оқу құрылғысы;
USB-порт;
SVGA дисплейі;
Бағдарламаның қалыпты жұмысы үшін экранның күйін келтіргішінде 16-биттік (немесе одан жоғары) түстер бояуын таңдау керек.
Қатты дискідегі көрсетілген бос кеңістік 1С: Кәсіпорын 8 жүйесі нұсқамасының орындалуы үшін талап етіледі. Талап етілетін бос кеңістік 1С: Кәсіпорын 8 жүйесінің жұмысы кезіндегі ақпараттық қор көлемінің ұлғаюын есепке алмайды. Сізге өз бетіңізбен қатты дискідегі бос кеңістіктің жеткілікті болуын қадағалау қажет.
Дәріс 2. 1С: ҚАЗАҚСТАНҒА АРНАЛҒАН БУХГАЛТЕРИЯ БАҒДАРЛАМАСЫН ОРНАТУ ЖӘНЕ ІСКЕ ҚОСУ
Берілген құралда 1С:Қазақстанға арналған бухгалтерия 8 бағдарламасының 1С:
Кәсіпорын 8 және ақпараттық қорлар орнатылмаған компьютерлерге орнатылуы және жүргізілуі сипатталады; ақпараттық қордың жергілікті компьютерге қондырылуы қарастырылады.
Төменде сипатталатын әрекеттер нәтижесінде қолданушының компьютеріне «1С: Кәсіпорын 8» тұғырнамасы орнатылады, ақпараттық қордың алғашқы тізімі жасалады және «Қазақстанға арналған бухгалтерия» нұсқасының таңдалынған қоры орнатылады.
1С: Кәсіпорын 8 тұғырнамасының орнатылуы
Тез орнату тәртібі орындалуы үшін тізбекті түрде келесі әрекеттерді орындаңыз:
Орнату бағдарламасын қосыңыз;
Орнату бағдарламасының бастапқы менюінен «1С: Кәсіпорын 8» таңдаңыз:
Орнату бағдарламасы дайындық әрекеттерін тудырады және ақпараттық терезеге алып шығады. Жалғастыру үшін «Әрі қарай>» батырмасын басыңыз. Терезеге барлық қажетті компоненттер әлдеқашан таңдалып қойылған орнатылу компоненттерінің тізімі шығарылады. Орнатуды жалғастыру үшін «Әрі қарай>» батырмасын басыңыз;
Орнату бағдарламасын файлдарды көшіру орындайды;
« Дайын» батырмасын басыңыз. 1С: Кәсіпорын 8 орнатылды. Бұл жағдайда «Жүргізу - Бағдарламалар» менюінде ақпараттық қормен жұмыс үшін 1С: Кәсіпорын 8 жүргізілуіне көмек беретін «1С: Кәсіпорын 8» тобы жасалады.
Нұсқаны орнату
Нұсқаның тез орнатылу тәртібі орындалуы үшін тізбекті түрде келесі әрекеттерді орындаңыз:
Бастапқы менюден «Қазақстанға арналған бухгалтерия» нұсқасының
орнатылуын таңдаңыз:
Тізімді таңдау терезесінде ақпараттық қордың қандай тізімге орнатылатыны көрсетіледі. Тізімнің аталуын өзгертпей, «Әрі қарай>» батырмасын басыңыз, ал орнату бағдарламасы файлдардың көшірілуін орындаған соң «Дайын» батырмасын басыңыз. Таңдалған ақпараттық қор орнатылды.
1С: Кәсіпорын 8 жүргізу
1С: Кәсіпорын 8 жүргізіңіз (мысалы, «Жүргізу - Бағдарламалар» менюінің тармағын қолдана отырып) . Алғашқы жүргізу кезінде экранға ақпараттық қордағы тізімнің бос екендігі туралы мәлімет шығады. «Иә» деп жауап беріңіз (батырманы басыңыз) . Бағдарлама ақпараттық қордың қосылуын бастайды.
Экранға құрылу нұсқаларын таңдау терезесі шығады. «Жаңа ақпараттық қор құруды» таңдаңыз. «Әрі қарай» батырмасын басыңыз.
Экранға үлгіден ақпараттық қорды таңдау терезесі шығарылады. Үлгі тізімінен ақпараттық қор ағашын ашыңыз. Егер берілген нұсқа мүмкіндіктерімен танысу үшін ақпараттық қорды орнату қажет болса, демонстрациялық қорды таңдаңыз; егер жұмысқа қажетті ақпараттық қор орнату қажет болса, әдеттегі қорды таңдаңыз. «Әрі қарай» батырмасын басыңыз.
Экранға ақпараттық қордың аталуын және орналасу түрін таңдауды көрсетуге арналған терезе шығарылады. «Әрі қарай» батырмасын басыңыз. Орнатылған деректерді өзгертпей, «Әрі қарай» батырмасын басыңыз.
Ақпараттық қор параметрлері көрсетілуі үшін экранға терезе шығарылады.
Ақпараттық қорды таңдаудан басқа тілді таңдау ұсынылуы мүмкін. Орнатылған деректерді өзгертпей, «Дайын» батырмасын басыңыз. Ақпараттық қор ақпараттық қор тізіміне қосылады.
Ақпараттық қормен ақпараттық қор тізімінде жұмыс жүргізу үшін қажеттісін
көрсетіңіз және «1С: Кәсіпорын 8» батырмасын басыңыз. Әкімшілік әрекеттерді орындау (мысалы, конфигурацияны жаңарту, қолданушылар тізімін жүргізу, ақпараттық қорды енгізу немесе шығару) үшін «Конфигуратор» батырмасын басыңыз.
Егер таңдалған ақпараттық қор үшін қолданушылар тізімі анықталса,
түпнұсқаландыру үшін экранға сұхбат (қолданушыны таңдау және қорға кіруге мүмкіндікті көрсету үшін) шығарылады. Егер демонстрациялық қор ашылса, онда қолданушылар тізімінен кез келген қолданушыны таңдауыңыз жеткілікті (мысалы, ең біріншіні) . Демонстрациялық қорға кіру паролі берілмейді. «ОК» батырмасын басыңыз.
Ақпараттық қор ашылған соң келесі әрекеттер таңдалған жұмыс тәртібіне (мысалы,
қолданушылар тізімін жүргізу, нұсқаларды жаңарту немесе деректер енгізу және әртүрлі есептер алу) байланысты болады.
Ақпараттық қорды редакциялау
Тізімде ақпараттық қордың аталуын немесе тізбесін түзету үшін тізімнен қордың
аталуын таңдау керек және «Өзгерту» түймесін басу қажет. Экранға құрамында таңдалған ақпараттық қордың аталуы және тізбесі бар «Ақпараттық қорды редакциялау» терезесі беріледі.
Іс-әрекеттер тәртібі «Бар ақпараттық қорға қосымша» параграфында суреттелген.
Ақпараттық қорды тізімнен жою
Ақпараттық қорды тізімнен жою үшін тізімнен оның аталуын таңдап, «Жою» батырмасын басыңыз. Таңдалынған ақпараттық қор тізімнен жойылады.
Бұл операцияның тек тізімнен ғана жойғанымен, ақпараттық қор тізбесін компьютердің қатты дискісінен жоймайтынын айта кеткен жөн. Егер қажет болса, бұл операцияны өз бетінше жеке жүргізу қажет.
Бұл құрал «1С: Қазақстанға арналған бухгалтерия 8 » бағдарламасын тек қана меңгере бастағандарға арналған. Құрал өтпелі мысал түрінде құрылған. Сіздің алдыңызда төменде сипатталған барлық әрекеттерді тәртіп бойынша орындау тұр: сіздердің ұйымдарыңыз, ұйымның бухгалтерлік және салықтық саясаты есебі, сіздердің ұйымдарыңыздың іскер әріптестері, сатылатын және сатып алынатын тауарлар номенклатурасы туралы мәліметтерді толтыру, бағдарламада шаруашылық операцияларының негізгі қатарын көрсету, енгізілген өткізбелер мен бухгалтерлік балансты талдау үшін есеп беруді қалыптастыру.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Параметрлерді орнату.
1С: Кәсіпорын 8 жүйесі жұмысының әртүрлі параметрлерін орнату үшін «Сервис-Параметрлер» тармағы қолданылады.
Параметрлер нақты қолданушының бағдарламаның әртүрлі тәртібі жұмысын күйге келтіруі үшін арналған. Бұл бір ақпараттық қормен бірнеше пайдаланушының жұмыс жағдайында параметрлердің мағынасы әрбір пайдаланушы үшін тәуелсіз орнатылатынын білдіреді. Көптеген параметрлер бағдарламамен жұмыс аяқталған кезде есте қалады және жүйенің келесі жіберілуі кезінде сол мағынада орнатылады.
«Параметрлер» сұхбаты картотека түрінде орнатылады. Орнатуға болатын барлық параметрлер «Параметрлер» сұхбатының кез келген салынымы бойынша тышқанды шерту арқылы өзара ауысатын бірнеше топқа біріктіріілген.
Параметрлер мағынасы өзгерген соң, олардың жүйеге орнатылуы үшін «ОК» батырмасын басу керек, бұл жағдайда параметрдің жаңа мағыналары орнатылады және параметрлер терезесі жабылады.
«Қолдану» батырмасын басу сонымен қатар параметрлердің жаңа мағынасын орнатады, бірақ бұл жағдайда параметрлерді орнату сұхбаты терезесі ашық қалдырылады.
Орындалған өзгерістердің орнатылмауынсыз параметрлерді орнату режимінен шығу үшін «Болдырмау» батырмасын басу керек.
Жалпы параметрлер
Жұмыс уақытын орнату. Жұмыс уақыты нақты уақыт көрсетілмеген жағдайларда уақыттың анықталуы үшін қолданылады. Мысалы, жұмыс уақыты жаңа құжатты енгізу кезіндегі құжат уақыты ретінде автоматты түрде қойылады.
Егер «Компьютердің ағымдағы уақытын қолдану» жалаушасы орнатылса, уақыт компьютердің жүйелік уақытынан таңдалады. Егер жалауша алынып тасталса, жаңа жұмыс уақытын орнатуға болады.
Мәтіндік редакторды күйге келтіру
«Мәтіндер» салынбасының басқарушы элементтері 1С: Кәсіпорын жүйесінің кіріктірілген мәтіндік редакторын басқаруға арналған.
Мәтінді тасымалдау. Мәтін блоктарын тасымалдау және көшіру үшін мәтіндер редакторында “drag & drop” («тасымалда және қалдыр») тәртібін қолдануға болады.
Жолдардың аяғында курсорды жылжытуға берілетін рұқсат. Егер параметр орнатылып қойса, ондай жағдайда курсорды жолдардың соңынан кейін жылжытуға болады. Қарсы жағдайда курсор «жолдардың көшірілуі» символының жағдайымен ғана шектеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz