Ришельенің Францияның дипломатиялық қызметіне қосқан үлесі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Т. РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ришельенің Францияның дипломатиялық қызметіне қосқан үлесі
Ғылыми жетекші: т. ғ. к. Жузтаева Б. Н.
Х\қ 1 магистранты: Ағыбаева Ж. Б.
Алматы, 2011
ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
1 ФРАНЦИЯНЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ . . . 5
1. 1 Франция дипломатиялық қызметнің тарихи дамуы . . . 5
1. 2 Қазіргі кездегі Францияның Сыртқы істер министрлігі . . . 8
2 ФРАНЦИЯНЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ РИШЕЛЬЕНІҢ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ . . . 11
2. 1 Ришельенің өмірі және саяси қоғамдық қызметі . . . 11
2. 2 Ришелье Франция тарихындағы ұлы дипломат . . . 24
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 32Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 35
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі . Халықаралық аренада Француздар өздерін дипломатияның өнері, өздерін дипломатияның шебері ретінде көрсете білді. Францияда дипломатиялық қызметі пайда болғанынан бастап, ең бастысы оның ұйымдасу принциптің дамуына, дипломатия өнеріне, анықтауына және тәртіп сапасына көңіл бөлген. Француз дипломатиясын үлкен үркерлердің атақты адамдар қалыптастырды - мемлекеттік және саяси қайраткерлер, көрнекті ғалымдар, жазушылар. Соның ішінде Ришельенің франция дипломатиясының қызметіне қосқан үлесі туралы қарастырылған.
Курстық жұмыстың нысаны . Ришельенің Франция дипломатиясының қызметіне қосқан үлесі, және Францияның сыртқы істер министрлігі.
Зерттеу жұмысының мақсаты . Францияның қайраткері - кардинал Ришелье дипломатияға үлкен өзгерістер енгізген кезеңін зеріттеу. Осы мақстақа қол жеткізу үшін төмендегі міндеттерді алдыға қойдық:
- Францияның дипломатиялық қызметі
- Франция дипломатиялық қызметнің тарихи дамуы
- Қазіргі кездегі Францияның Сыртқы істер министрлігі
- Францияның дипломатиялық қызметіне Ришельенің қосқан үлесі
- Ришельенің өмірі және саяси қоғамдық қызметі
- Ришелье Франция тарихындағы ұлы дипломат
Зерттеу жұмысының деректік негізі . Зерттеу тақырыбына қатысты орыс тілдерінде жарияланған құжаттық деректерден тұрады.
Деректердің негізгі тобына кітаптар жатады. Сонымен қатар курстық жұмысты жазу барысында әлемдік электронды интернет жүйесіндегі «google. kz», «wikipedia. org», «webirbis. ksu. kz», « www. globalaffairs. ru», « www. allbest. ru/referat/Ришелье» сайттардан қарастырылды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Францияның дипломатиялық қызметі және Кардинал Ришельенің қосқан үлесі туралы жазылған еңбектер аз емес. Ол еңбектердің көбісінде Францияның Сыртқы істер министрлігінің тарихы туралы және Ришельенің өмір баяаны туралы жазылған. Зонова Т. В. «Дипломатия иностранных государств» [1] атты кітабында, Францияның дипломатиялық қызметінің даму тарихы мен Ришельенің Францияның дипломатиялық қызметіне қосқан үлесі туралы жазылған. Дубинин Ю. В. «Дипломатическая служба Франции» [2] еңбегінде ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында Францияның қайраткері - кардинал Ришелье дипломатияға үлкен өзгерістер енгізгені туралы айтыла кеткен. Ф. Кальер «Новая и новейшая история» [3] кітабында Ришельенің келіссөдерді қалай жүргізу керек екендігі туралы айтып кетті. Андреев А. Р. «Гений Франции, или Жизнь кардинала Ришелье» [4] еңбегінде Ришельенің өмірбаяаны, Франция дипломатиясына қосқан үлеі иуралы жазылған. Кнехт Р. «Ришелье» [5] атты еңбегінде Ришельенің Францияда болған саясаты туралы жазылған. Лактионова А. «История дипломатии» [6] кітабында Францияның Сыртқы Істер Министрлігі туралы жазылған. Волков Ф. Д. «За кулисами второй мировой войны» [7] атты еңбегінде Ришелье кезіндегі Австрия және Испания араларындағы дипломатиялық қызметі туралы айтылған. Сондықтан осы еңбектердегі пайдаланылған деректер мен жасалған тұжырымдарға сүйену мақсатында оларды ғылыми саралаудан өткізген болдық.
Зерттеу жұмысының теориялық-әдістемелік негізі . Курстық жұмыстың методологиясы тарихтану ғылымының, халықаралық қатынастар тану ғылымының және саясаттану ғылымдарының қазіргі замандағы теориялық методологиясы қағидаларына негізделді.
Курстық жұмыстың құрылымы . Курстық жұмысы кіріспеден, негізгі
бөлімі екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ФРАНАЦИЯНЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
1. 1 Франция дипломатиялық қызметнің тарихи дамуы
Халықаралық аренада Француздар өздерін дипломатияның өнері, өздерін дипломатияның шебері ретінде көрсете білді. Дипломатия тарихының маманы, неміс Р. Заллет Францияның дипломатиясы туралы былай айтқан: «Францияның Сыртқы Істер Министрлігі және дипломатиялық қызметі ғасырлық тарихын және дәстүрлерін жақсы сақтаған». «Бұл аймақта бірде бір мемлекет Франция мемлекеті сияқты мақьан тұта алмайды». Басқа атақты зерттеуші Г. Никольсон былай жазған, ХVІІ - ХVІІІ жүз жылдықта француздар дипломатияда «үлгі көрсетіп, барлық еуропа мемлекеттері осы тағылымға ерді». Францияның дипломатиялық қызметі, сол кездердегі басқа елдермен салыстырғанда тармақты болған, және де сол кезеңдерде латын тілінің орнына дипломатиялық тілдесудің тілі француз тілі болды.
Францияда дипломатиялық қызметі пайда болғанынан бастап, ең бастысы оның ұйымдасу принциптің дамуына, дипломатия өнеріне, анықтауына және тәртіп сапасына көңіл бөлген. Француз дипломатиясын үлкен үркерлердің атақты адамдар қалыптастырды - мемлекеттік және саяси қайраткерлер, көрнекті ғалымдар, жазушылар.
Париждің бағалауы бойынша, Франция шетел өкілдері боынша АҚШ - тан кейін екінші орында. [5]
Франция дипломатияның пайда болуы орталықтандырылған мемлекеттердің пайда болуымен және Францияның халықаралық істерге қосылуымен пайда болды. Алғашқы Францияның дипломатиялық қатынастардың қалыптасуы Людовик ІХ (1226 - 1270 жж. ) атымен байланысты. Людовик ІХ арқасында Франция Еуропадағы ықпалды мемлекеттердің бірі болды. Людовик ІХ немересі Филипп ІV Көркем (1285 - 1314 жж. ) Франция дипломатиясының негізін ары қарай қалаған. Филипптің патшалығында үлкен келіссөздердің санымен атап өтілген. Бұл келіссөздер соғыстың алдын алуын, тоқтатылуын, немесе территорияларды алуды мақсаттарға ие болған. Бұрын шетел мемлекеттермен дипломатиялық қатынастар сиректі және қысқа мерзімді миссияларға апаратын. Келіссөздер көбінесе ауызша түрінде жүргізілетін. Тек Филипп ІV кезінде ғана дипломатиялық қарым - қатынастар жазбаша түрде жүргізіле бастады және де елшіліктер жиі құбылыс бола бастады.
Людовик ХІ (1461 - 1483 жж. ) дипломатияны мемлекет саясатының басты бағытына айналдырды. Людовик ХІ өз өкілдерінің шетелге тәжірибесіне кең бағытта қолданды және уақытша миссияларды тұрақтыға айналдыру маңызды деп есептеді. Ұзақ уақыт бойы сыртқы саясатты король (патша) басшылық етті. Сыртқы саясатты жүргізетін жауапты уәкіл болған жоқ. Тек Генрих ІІІ бұйрығы бойынша, 1589 жылы Францияның шетел байланысына Луи Револьға статс - хатшы атағы берілді. Луи Револь Францияның СІМ - нің тізімінде бірінші.
ХІV Франсуа Кальер (1645-1717ж. ) ХІV Людовик кезінде елші болған. Оның ойынша «Дипломатияда алдау, өтірік айту дипломаттың ең төмен іс әрекеті» деп айтқан. «Дипломат әр қашан есінде сақтау керек - сенімділік тек ашық саясатта ғана болады. Дипломат түзу және адал адам болуы керек. Елші болу елінде өзіне орналастыруға және сенімділікке қол жеткізе ала білу керек». Кальердің дипломатия мәні туралы пікірлері бүгінде маңыздылығын жоғалтпады.
1790 ж. Дериктории мансапының үкіметі кезеңінде Сыртқы істер қатынастың министрі Шарль - Морис Талейран болды. 1800 жылдың наурызында Талейран мемлекеттік баяндамасында дипломатия қызметін 2 категорияға бөліп қарастырды:
- Сақтық, Қарапайымдылық, Адал ниеттілік, Мемлекеттің ішкі саясатын бақылау.
- Саяси қатынастарға рухани қарау, кез-келген мәселені тез қабылдау, кең түрде ойлау .
Талейран Сыртқы істер министіріне сай қасиет туралы пікір айтқан: «өзіндік түйсігі болу керек, өзін қалай ұстау керек екенін жылдам ойға салу, кез - келген келіссөздің басталмай тұрғанында атына кір келтірмеушілікке тап болмау».
Талейран насихаттауға үлкен көңіл бөлген. Осыған байланысты ол Сыртқы Істер қатынаста арнайы құпия бөлім құрды. Бұл бөлім Англияға қарсы насихат жүргізді.
Сыртқы қатынас департаментінде Талейран 2 негізгі территориялды басқаруға оралды - солтүстік және оңтүстік және де сауда қатынастар басқаруды құрды, немесе консулдық бюро. 1800 ж. Талейран дипломатиялық қызмет мекемесінде қызметкерлердің ағалық дәрежесінің бастаушысы болды. Қазірге дейін көбісі сақталған. Олар осылар болған: аспирант, жабдықтаушы - хатшы, референт, 2 және 1 класс миссия хатшылары, уәкіл, елші және министр. Министр тағайындалған кезде оған елші лауазымы тағайындалды. 1815 ж. Вена конгресіндегі қабылданған жұмыс тәртібі Талейран атымен байланысты, шетелде дипломатиялық уәкілдердің ағалық дәрежесін халықаралық жоспарда анықтаған. [6]
Екінші империя заманында француз дипломатиялық қызметі маңызды өзгерістерге төзе алмады. Сол уақытта сыртқы істер министірлігіне жаңа ғимарат салынды (негізі 1853 ж. бітірді) . д’Орсэ жағалауында орналасқан. Сол кезден бастап Кэ д’Орсэ Францияның Сыртқы Істер Министрлігінің кейіпі болды.
ІІІ Республика (1871 - 1940 жж. ) кезеңінде сыртқы саясатта үкімет анықтаушы рөлге тиіс болды. Президент уәкіл функциясын орындады. Осы уақытта сыртқы саясатты қалыптастыру және іске асыруға маңызды ықпалға Кэ д’Орсэ аппараты ие болды. 1871 - 1932 жылдар аралығында Францияда 50 премьер - министр және 50 сыртқы істер министрі ауысты. Осы жағдайда дипломатиялық аппарат министрдің және үкіметтің пікіріне түбегейлі ықпалды мүмкіншілік алды. Осыған байланысты 1915 ж. Кэ д’Орсэға бас хатшы лауазымын енгізу маңызды адым болды. Оның қызметі президент заңында көрсетілген: «министрдің атынан және басшалақтың астында барлық қызметтерді жоғарғы басқару».
ІІІ Республиканың дипломатиясы қарама - қайшы болды. ХІХ ғасырдың аяғында ағайындылар Поль және Жюль Камбон, Баррер, Жюссеран ерекше француз дипломатия мектебін ашты. Олар Францияның сыртқы саясатына күшті ықпал тигізді. Олар одақ жүйесінің ұйымында көп жұмыс істеген (ең біріншіден Ресей, Франция және Англия одағы туралы), Германияға қарсы тұруы және Бірінші дүниежүзілік соғыста Франция жеңіп шығуға дайындаған. [1]
Екі әлемдік соғыстар кезеңінде француздық сыртқы саясатта екі тенденцияның күресі атап өтілді - Еуропада Франция саясатының дәстүрлі жақтастары. Екінші тенденцияның жеңісі мюнхендік азғындыққа алып келді, ІІІ Республика құлдырап Виши қуыршақ тәртібіне алып келді. ІV Республика кезеңінде француз дипломатиясы атлантика саясаты шегінде жүргізілді және колониалды әскерлер топтамасы ауырлық түсірді.
1946 ж. қабылданған конституция бойынша сыртқы саясатта басты рөл парламентте болды, дәлірек айтсақ астыңғы палата - Ұлттық жиналыс. Үкіметтің мақсаты сыртқысаясат бағдарламасын дайындау болды. Халықаралық істерде президент маңызды рөл атқармады. ІV Республика кезінде үкімет жиі ауысатын. Бірақ сыртқы саясаттың тұрақтылығы 1947 - 1954 жж. аралығында (ІV Республика 1958 жылға дейін өмір сүрді) бір католиктік паридің екі адамы сыртқы істер министрлігінің лауазымын басқарды: Жорж Бидо және Робер Шуман. Осыған қоса Массильи былай жазған, Франция - бұл мемлекет, «үкімет ауыстырса да, саясатын ауыстырмайды».
1958 жылы Голльдің таққа отыруы тәртіптің алмастыруын және V Республиканың жаралуына алып келді. Француз сыртқы саясатында түбегейлі өзгерістер болды, оның механизмнің қалыптасуы және жүзеге асуы. Сонымен қатар Франция халықаралық істерде дербес курс саясатын жүргізе бастады. [7]
1. 2 Қазіргі кездегі Францияның Сыртқы істер министрлігі
V Республика конституциясы (1958 ж. бастап қазіргі таңға дейін) бойынша сыртқы саясатты жүргізуде басты роль атқаратын президент. Ол тек мемлекет басшысы емес, сонымен қатар үкімет отырысында қатысады. Оның өкілділігі, сыртқы саясаттың саласында, АҚШ президентіне қарағанда кеңірек болып табылады. Егерде Францияның халықаралық міндеті «қатаң және тікелей қауіп - қатерде болса», президент Конституцияның 16 бабын қолдануға құқы бар. Бұл бап бойынша президенттің ең үлкен уәкілдігі бар.
Үкіметтің рөлі (премьер - министр және сыртқы істер министрі) айтарлықтай шектелді. Президент премьер - министрді өзінің көзқарасы бойынша тағайындайды. Премьер - министрдің мойына осындай міндеттер жүктелді, үкіметтің сыртқы саяси әрекеттерін парламентке ақпарат беріп отыру. Сонымен қатар Сыртқы істер министрлгімен хатама алмасу болып табылады. Кэ д’Орсэмен байланыста болуға дипломатиялық кеңесшінің кабинеті көмектеседі.
Голль кезінде сыртқы саясаттың негізі бүгінде сақталуда. «Үлкен жетілікті» құру бастамасы Францияға тән, қазір Ресей қосылғалы бері «Үлкен сегіздік» деп аталатын болды.
ХХІ ғасырда әлемнің жүйесі қандай болуы керек деген сұраққа, Францияның президенті Жак Ширак (1995 - 2007 жж. ) былай жауап береді: «нағыз көпполярлы халықаралық жүйесі құрылады». Францияның халықаралық маңызды мәселелерге дербес келуі француздың дипломатиялық қызметі рұқсат етеді. Бұған осы мемлекеттің президенті дөптейді. [1]
Сыртқы істер министрі үкіметтің мүшесі және де Сыртқы істер министрліктің басшысы. Ол президенттің сыртқы саясатта басты кеңесшісі. Сыртқы істер министрі Францияның дипломатиялық қызметімен күн сайын басшылық етеді және де шет мемлекеттердің үкіметімен келіссөздер жүргізеді. Министр министрлік қызметкерлерді тағайындау туралы шешім қабылдайды, елшілер және директорлар бұл қатарға кірмейді. Күнделікті жұмыста министрге жеке кабинет көмектеседі. Кабинеттің мақсаты министрге көптеген хаттардан, жеделхаттардан, есептемелерден, жазбахаттардан, анықтамалардан және құжаттамалардан ең маңыздыларын іріктеп алу болып табылады, себебі негізгі мәселелерде шоғырлана алуы керек. [10] Кабинеттің қызметкерлері президенттің бас хатшысымен, үкіметтің бас хатшысымен, президенттің және премьер - министрдің кабинеттерімен және басқа министрліктің хатшылығымен үнемі байланыста болады.
Сыртқы істер бойынша министр - делегаты. Қазіргі таңда олар екеу. Қазіргі таңда бірінші министр - делегаты еуропалық мәселелері тапсырылған. Бұл жерде еуропалық интеграция мәселелерін қарастырады. Екінші министр - делегат халықаралық ынтымақтастық мәселелерін жүргізеді. Министр - делегаттарда жеке кабинеттері бар. Өздерінің әрекеттерінде олар тиісті орталық аппаратқа сүйенеді.
Бас хатшы. Министрден кейін орталық аппаратта екінші уәкіл бас хатшы болып табылады. Ол министрліктің барлық бөлімшелерінде басты үйлестіруші. Бас - хатшы дипломатиялық қызметтің әкімшілік басшылығын, сыртқы істер министрдің кеңесші және негізгі көмекшісінің функцияларын атқарады.
Жақында бас хатшының орынбасары екі лауазымға бөлінді. Біріншісі министрлік қызметпен басшылықпен етуге көмектеседі. Екіншісі Саяси істер және қауіпсіздік дирекциясымен басшылық етеді.
Кэ д’Орсэ құрылымында үш бас дирекциясы бар:
- Саяси мәселелер мен қауіпсіздік мәселелері бойынша бас дирекциясы;
- Әкімшілік мәселесі бойынша бас дирекциясы;
- Халықаралық даму және ынтымақтастық бас дирекциясы.
Олардың функциясы осыларға ептеледі.
Саяси мәселелер мен қауіпсіздік мәселелері бойынша бас дирекциясы - министрліктің бас звеносы. Дирекцияның басшысы бас хатшының орынбасары болып табылады. Дирекция Францияның саясатын халықаралық ұйымдарда іске асырады, қарусыздану, қауіпсіздік және қорғаныс мәселелерімен айналысады, әскери және қорғаныс салаларында шет мемлекеттеріне жәрдемдесуге көмектеседі және ынтымақтастық жүргізеді.
Әкімшілік мәселесі бойынша бас дирекциясы. Ортақ әкімшілік басқару мәселелерімен, орталық аппаратты модернизациялаумен айналысады, саясатқа кадрларды анықтайды және мамандарды дайындайды, министрліктің қаржысын дайындауға көмектеседі, оның орындауын бақылайды, техникалық - заттармен және байланыспен қамтамасыз етеді.
Халықаралық даму және ынтымақтастық бас дирекциясы. Халықаралық даму және ынтымақтастық салаларында саясатты дамытады, оны іске асыру үшін әдістер жоспарлайды, техникалық ынтымақтастық саласында шараларды іске асырады және анықтайды және іске асырады, шет мемлекеттеріне экономикалық, әлеуметтік және мемлекеттік дамуға көмектеседі, мәдени ынтымақтастық мәселесімен айналысады, жоғарғы білім және ғылыми зерттеу салаларында ынтымақтастық мәселелерімен аналысады, Францияның жаңа технологияның информатика және байланыс салаларына қатысуды қамтамасыз етеді. Оның құрамына кіретіндер:
- Стратегияны жоспарлау және бағалау мәселелері бойынша департамент;
- Даму және техникалық ынтымақтастық департаменті;
- Мәдени даму және француз тілінің департаменті;
- Ғылыми ынтымақтастық жоғарғы білімі және ғылыми зерттеулер мәселелерінің департаменті;
Келесі бөлімшелер Францияның СІМ Бас Дирекциясының құрылымына кірмейді және министрліктің басшылығына бағынышты тікелей.
Еуропалық ынтымақтастық мәселелер бойынша департаменті. Еуроодақ және еуропа ынтымақтастық әрекетәнәі мәселелерімен айналысады, осы географиялық аймаққа кіретін мемлекеттермен Францияның қатынастарын үйлестіреді.
Территориалды департамент:
Континенталды Еуропа (Шығыс Еуропаны меңгереді, Ресей және ТМД мемлекеттерімен айналысады, және Балқан мемлекеттерімен меңгереді) .
Африка және Үнді мұхит (Батыс Африканы, Оңтүстік Африка және Үнді мұхитты, Орталық және Шығыс Африканы меңгереді) .
Солтүстік Африка және Таяу Шығыс (Солтүстік Африка, Египет, Таяу Шығысты меңгереді) .
Америка және Кариб теңізі (Солтүстік Америка, Мексика, Орталық Америка және Кариб теңізі, Оңтүстік Американы меңгереді) .
Азия және Мұхит (Оңтүстік Азия, Оңтүстік - Шығыс Азия, Қиыр Шығысты меңгереді) .
Территориалды департамент осы аймаққа кіретін мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік жағдайын, ішкі және сыртқы саясатын бақылайды.
Экономика және қаржы мәселелері бойынша департамент. Халықаралық экономика және қаржы, елеулі экспорт технологияялар мәселелерімен айналысады және бақылайды.
Шетелде франция азаматтарының және Францияда шет мемлекеттер азаматтар істерінің департаменті. Шетелде жүрген Француз азаматтардың қауіпсіздігімен және қызығушылықтарын қорғаумен айналысады. Францияда шетел азаматтарының болуын қамтамасыз етеді.
Заң жүзіндегі департамент. Бұл департаменттің басшысы министрліктің бас заңгері болып табылады. Департамент министрге, орталық аппарат бөлімшелеріне, дипломаттарға және консулдарға заң мәселелері бойынша кеңес береді.
Ақппарат және байланыс басқаруы. БАҚ жұмысына жауап береді.
Хаттама қызметі. [1]
2 ФРАНЦИЯНЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ РИШЕЛЬЕНІҢ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
2. 1 Ришельенің өмірі және саяси қоғамдық қызметі
Арман жан дю-Плесси, кардинал және герцог Ришелье, 1585 жылы 9 қыркүйекте Парижде дүниеге келді. Әкесі Франсуа дю-Плесси байырға сарай фамилиясымен болатын және патша ІІІ Генрихке көрсеткен қызметтері үшін сол уақытта ең жоғары саналған «Әулие Рух» орденімен марапатталады. Соның нәтижесінде патша IV Генрих маңында ол майданда көрсеткен ерліктерімен ажыралып, патша оққағарларының капитаны сабында болды. Ол 1590 жылы қаза табады.
Ұлы кардиналдың анасы алғашында оны әскери қызметке беймдеді. Соған қарамастан ол өз уақытының өте жоғары білімін алды, Лизье де риторика мен философияны үйренді, сонан соң өзінің фехтованиямен атта жүрудегі жетістіктерін әскери училищеде көрсетеді, сол уақытта отбасының жағдайына байланысты ол әскери мансапты рухани атаққа ауыстыруға мәжбүр болады. Себебі соңғы уақытқа дейін дю-Плесси отбасының мұрасына айналған Люсон епископтығы бос болып қалады. Патша IV Генрих жас Арманды епископ етіп тағайындайды, ал уақытта ол жиырма екі жаста болатын осыған байланысты ол епископ санын алу үшін тіркеу заңдары бойынша талап етілетін жасқа толмаған болатын. Бірақ бұл оған Римге кетуіне кедергі болмады. Папа V Павел жас дю-Плессидің латын тілінде айтқан сөздерін тыңдап оны епископ қылып таңдайды. Арман бұл уақытта өте түссіз және азғын болғандықтан өзінің жасынан ісімі көрнетін. Папаның алдында тізесін бүккен кезде V Павел сұрайды: «Сіз тіркеу заңы бойынша талап етілетін жасқа толдыңыз ба?». «Тап солай, ұлы мәртебелім» жерге иіліп жауап берді болашақ кардинал.
Ардақты ырым біткен саң дю-Плесси папаның алдына жығылып айтады: «Ұлы мәртебелімле, мен әлі керекті жасқа толмадым, осы ұлы кінәмнен кеше-гөр!». Жас епископқа қажетті кешірімін беріп, папа өзінің жақын қызметтестеріне қарап: «Бұл жас жігіттен өте күшті адам шығады. Ол ұзаққа барады!» дейді.
Мүмкін папа сол кездің өзінде-ақ Арман дю-Плессидің епископтық санмен ғана шектелмейтінін көре білген шығар. Францияда Париж XVIII ғасырдың өзінде-ақ қызық оқиға іздеушілерге және мансапкер атаққұларлардың орталығына айналған еді. Ришелье Парижге келген кейін ғылыми сабақтарын жалғастырды. Сорбониядағы сынағын өте үздік дәрежеде тапсырып, ол 1607 жылы діннің доктор дәрежесін алады. Патша IV Генрих өзінің епископы деп атауын дю-Плессиді өз қарамағына алды және сол уақыттың дәріптеушісі Андренің аңыздарынан қарағанда өзінің әулие жазуымен таныстығымен және шағыналығымен ажыралатын дю-Плесс аңыздарын құмарлана тыңдады. Дю-Плесси өзінің жастығы үшін сарайда маңызды орын ойнамайтындығын түсінеді. Және өзінің өте бай болмағандығынан бай аристрократиялық жастармен жарысу мағынасыз екендігін түсінді. Сондықтан да жиырма үш жасар епископ өзінің жолдасынан орта, аттармен ат мінуші адамды жолға алып өзінің епархия Люсенға қайтып оралады. Оның кедейліктен безгендігі табиғи болатын, себебі ол сол себепті керекті қызметкерлер, жиһаздар және басқа да қажеттіліктерді өзіне бере алмайтын. [8]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz