Кәсіптік тәжірибе есебі


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 118 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .

Негізгі бөлім.

І-бөлім. АТФБанктің қызметін ұйымдастыру . . .

ІІ-бөлім. АТФБанктің есеп операциялық жұмысын құру және банктік құжат айналымы . . .

ІІІ-бөлім. Клиенттерге кассалық есеп айырысу қызметін көрсетуді ұйымдастыру

ІV-бөлім. Есеп айырысу операцияларын рәсімдеу және оның есебі . . . V-бөлім. АТФБанктың банкарық есепайырысуларды ұйымдастыруы және оның есебі . . .

VІ-бөлім. Салымдық операцияларды ұйымдастыру және есебі

VІІ-бөлім. Банктегі несиелік операциялардың ұйымдастырылуы және есебі

VІІІ-бөлім. Бағалы қағаздар операцияларының есебі және ұйымдастырылуы . . . ІХ-бөлім. Банктің шетел валютасымен операцияларын ұйымдастыру және оның есебі . . .

Х-бөлім. Агенттік қызметтер

ХІ-бөлім. Ішкібанктік операциялардың есебін банк балансында көрсету

ХІІ-бөлім. Банктің қаржылық, статистикалық есептіліктерінің құрамы және нысандары . . .

ХІІІ-бөлім. Банк қызметін қаржылық талдау . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Қосымша материалдар . . .

Кіріспе

Кәсіптік тәжірибеден өтудің мақсаты - теория негізінде оқылып, қамтылған бағдарламаны тәжірибеде қолданып, жетілдіру болып табылады. Мен өндірістік тәжірибені Фурманов көшесі 100-А мекен-жайында орналасқан АҚ АТФБанктің №1 Банктік Қызмет көрсету Орталығында несиелік әкімшілендіру басқармасында өттім. Басқа бөлімшелерде тәжірибе өтуге рұқсатым болмады. Осыған байланысты мазмұндалатын ақпараттар өтілген теория негізінде қорытындылап жасалған.

Тәжірибе барысында банк қызметімен танысып, несиелік әкімшілік басқармасының қызметін жетік меңгердім. Несиелік әкімшілендіру бақармасының міндеттері келесідей:

  1. Филиал қаржыландыратын жобалардың шұғыл және сапалы ұйымдастырылуы.
  2. Кепілдік мүлікті құжаттық рәсімдеу арқылы қаржыландырылатын жобалардың мүмкін тәуекелдіктерін мейлінше азайтуды жүзеге асыру.

Осы мақсаттардан туындайтын басқарманың қызметтері төменгідей:

  1. Берілетін банктік займдардың, көрсетілетін қызметтердің: займдардың/кепілдіктердің, аккредитивтердің/факторингтердің уақытылы және сапалы құжаттық рәсімделуі.
  2. Банктік займдерді беруге, қызмет көрсетуге бұйрықтарды қалыптастыру, қаржыландыру лимиттерін бақылау.
  3. Мақсатты ақша аударымдарын қадағалау және беріглен займдарға қызмет көрсету.
  4. Автоматтандырылған Банктік Ақпараттық Жүйе «Колвир»ді жүргізу.
  5. «Активтер мен шартты міндеттемелердің сыныпталуы және оларға қарсы провизиялар құру, оларды күмәнді және үмітсіз жіктемелерге қатыстыру ережелеріне» сәйкес баладарды есептеу үшін сапалық көрсеткіштерін анықтау:
  • Қарыз алушының қаржылық жағдайына байланысты;
  • Ұсынылған активтердің сапасына байланысты
  • Мақсатсыз қолдану үлесіне байланысты;
  • Басқа кредиторлар алдында есептен шығарылған қарыздарына байланысты;
  • Басқа да мерзімі өткен міндеттемелерге байланысты;
  • Қарыз алуышының рейтингісіне байланысты;
  1. Филиалдың ссудалық портфелінің сыныптамасын қалыптастыру;
  2. Филиалдың ссудалық портфелінің провизияларын есептеуге жарлық жасау;
  3. Қарыз алуышылардың несиелік досьелерін қалыпьтастыру және сақтау;
  4. банктік займдарды, қызметтерді (міндетемелердің әрекет мерзімін пролонгациялау, міндеттелмелерді өтеу графиктерін өзгерту, займдардың сыйақы мөлшерлемелерін және шартты міндеттемелерге комиссиондық ақыларын өзгерту, дисконттарды, айыппұлдарды және тұрақсыздық ақысын алып тастау) ;
  5. Несиелік өнімдердің мониторингі;
  6. Қарыз алуышының шотындағы ақша қаражаттарының қозғалысын бақылау;
  7. Филиалдың ссудалық портфелінің оперативті және басқару есептілігін жүргізу;
  8. Қарыз алушының қаржылық жағдайына мониторинг жүргізудің жоспарын құру және қаржы қаражаттарының мақсаттылық қолданылуы;
  9. Кепілдік мүліктің құжаттық рәсімделуін жүзеге асырады, соның ішінде кепізат туралы келісім шартты дайындау және үйлестіру;
  10. Кепілзатпен қамтамасыз етілген несиелердің құжаттардың кірістіруге, сепетен шығаруға және босатуға өкімдер дайындайды;
  11. Кепілзаттың несиелік досье құжаттарын қалыптастырады;
  12. Кепілзаттың құқықтық құжаттарыныың түпнұсқасын уақытша алуға құжаттарды дайындайды және олардың қайтарылуын қадағалайды;
  13. Болашақта кепіл берушінің меншігіне түсетін мүліктің кепілзат туралы келісімінің, сонымен қатар ары қарай рәсімделу шартымен кепілге қабылданған мүліктің уақытылы рәсімделуін қадағалайды;
  14. Кепілзаттың рәсімделуін қадағалайды және кепілзат құжаттарына мониторинг жүргізеді;
  15. Кепіл берушінің ауызша және жазбаша сауалдарына ауызша және жазбаша түрде ақпарат береді;
  16. Несиелік досьенің тізімдемесін жасайды;
  17. Клиенттің банк алдындағы міндеттемелерін өтегеннен кейін несиелік досьелерді мұрағатқа өткізеді;
  18. Клиенттің өтінішімен бөлшектеп және мерзімнен бұрын Автоматтандырылған Банктік Ақпараттық Жүйе «Колвир»мен өтеу.

АТФБанктің қызметін ұйымдастыру

Банк қызметінің ұйымдастырылуымен және оның құрылымымен танысу.

Елімізде қабылданған банктік заңдылықтарға сәйкес Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі екі деңгейден тұрады. ҚР Ұлттық Банкі - мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші деңгейіді білдіреді. Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкінен басқасы) - екінші деңгейді

сипаттайды, сондықтан да оарды іс жүзінде екінші деңгейдегі банктер деп атайды.

Үлкейтілген ауқымда банктер - эмиссиялық және коммерциялық банктер болып бөлінеді. Ақщаны айналымға шығарып және оны қайтарып алуға құқығы бар, елдің Орталық банкі эмиисиялық банк болып табылады. Басқа банктердің бәрі, Қазақстан жағдайында, коммерциялық банктер.

Өз кезегінде екінші деңгейлі банктер мамандандырылған және әмбебап банктері болып табылады. Халық шаруашылығының тек белгілі бір саласының өкілдеріне, несие және есеп айырысу қызметтерін көрсететін банк мамандандырылған банк болады, ал егер банк, мұндай қызметтердің түрлі-түрлісін, кез-келген саланың өкілдеріне көрсете алатын болса, ондай банк әмбебап банкі болып табылады. АТФБанк әмбебап, меншік нысанына қарай акционерлік, әр түрлі белгілеріне қарай көп бөлімшелі, ірі болып бөлінеді.

2004жылғы жағдайға байланысты республиканың барлық қаржылық институттары ҚР Ұлыттық Банкінен бөлінген Қазақстан Республикасының Қаржылық Қадағалау агенттігімен реттеледі.

2005жылдың 1қазан жағдайы бойынша республикада 34екінші деңгейлі банктер өз қызметін атқаруда. Оның ішінде шетелдік қатысумен 14банк ҚР резиденті емес еншілес 9 банкты қосқанда.

«АТФ Банк» акционерлік қоғамы 1995жылы 2 июньде құрылған және ҚР Ұлттық Банкінің №59 лицензиясымен өз қызмтені атқаруда. Қазақстанның банк жүйесіндегі көшбасшыларынның бірі. АТФБанк Қазақстан, Қырғыстан және Ресейде қызметін табысты жүргізуде. Клиенттерге қызмет көрсету ыңғайлы болуы үшін филиал желісі белсенді түрде дамуда. Банктің қызметтерін және өнімдерін елдің 17 қаласында пайдалануға мүмкіндік бар, 144 офис қызмет көрсетуде.

01. 01. 2008ж. жағдай бойынша «АТФБанк» АҚ-ның ірі акционері - Bank Austria болып табылады. Акционерге тиесілі акциялардың орналастырылған акциялардың жалпы санына пайыздық ара қатынасы 94, 65%-ға тең.

Банктің жоғарғы органы - Директорлар Кеңесі болып табылады.

Директорлар кеңесі АТФБанктің қызметіне жалпы басшылық жүргізеді және 6 адамнан тұрады. Директорлар кеңесінің Төрағасы - Эрик Хэмпел . Директорлар кеңесінің мүшелері: Томас Гросс, Марко Ианнакконе, Қуанышев Талғат Жұманұлы, Хуберт А., Пандза Б., Роберто Тимо.

1. 2. Еңбек құқығы.

Еңбекакы есебі және оның төлемінің негізгі мақсаты еңбек шыгындарын және төлемді есептеу шығындарын дұрыс анықтау, жұмыс уақытын ұтымды пайдалануды, еңбек тәртібін және еңбекке ақы төлеу қорын пайдалану ережесін бақылау болып табылады.

Жұмыска қабылдау, жұмысқа алу туралы бұйрықпен немесе еңбек келісімшарты (қосымша) негізінде жүргізіледі. Жұмысқа кабылдау кезін-де жұмыс беруші жұмысшының еңбек қызметін растайтын құжат-тарды талап етуге құқылы. Ондай құжаттарға еңбек кітапшасы немесе жеке еңбек келісімшарты, немесе жұмыска кабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтың көшірмесі жатады. Жұмысқа алғаш рет кірген жұмысшыларға еңбек кітапша, олардың сұрауы бойынша толтырылады.

Қызметкерлермен жұмыс бойынша басқарма жұмысқа қабылдау туралы бұйрық негізінде жеке карточка толтырады. Жұмысшылар-ды жұмыстан шығару кезінде «Еңбек келісімшартын тоқгату туралы бұйрық (өкім) » нысаны колданылады. Жұмысшыны бір бөлімнен екінші бөлімге ауыстыру кезінде «Баска жұмысқа ауыстыру туралы бұйрық (өкім) » толтырылады- Кезекті демалыс жұмысшыға «Демалыс беру туралы бұйрық (өкім) » негізінде беріледі.

Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынасы 2007жылдың 15мамырындағы Еңбек кодексімен реттеледі. Осы кодекске сәйкес жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек.

АТФБанктің еңбекақы есептеу және төлеу ретіне сәйкес еңбекақының екі түрі бар:

  1. Негізгі еңбекақы -банк қызметкеріне белгіленген уақыт үшін есептеледі.
  2. Қосымша -жұмыс істелмеген уақытқа есептеледі.

АТФБанктің еңбекақы есептеу және төлеу реті бойынша Банк жұмысшыларның еңбекақына төмендегілер жатады:

  • Қызмет ақысы
  • Жеке үстеме (персоналная надбавка)
  • Директорлық қордан төлемдер
  • Банк филиалының есептік кварталының нәтижесі бойынша төленетін кварталдық премия
  • Банктің жеке жүйелік бөлімшелерінің жұмысшыларына ай сайын төленетін бонустар
  • Квартал сайын банктің жеке жүйелік бөлімшелерінің жұмысшыларына төленетін бонустар
  • Банктің жылдық жұмысының нәтижесінде төленетін бонустар
  • Өте маңызды және жауапты жұмыс атқарғаны үшін төленетін сыйақы
  • Банк күніне және мейрам күндері төленетін сыйақы
  • Банк жұмысшыларына төленетін материалдық төлем

Осы аталған төлемдердің бәріне ҚР 2001жылы 12маусымда қабылдаған №209-ІІ «Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңына сәйкес салық салынады.

Банк құрылымы, штат саны мен қызметтік ақылар көлемі Банк Басқармасымен бекітіледі.

Қызметкерлерге Директорлық қордан төлемдер Банк қызметінің тек оң қаржылық нәтижесінде төленеді. Директорлық қор ай сайынғы өзіндік жүйелік бөлімшелер мен филиалдар қызметкерлерінің ай сайынғы жиынтық еңбекақыларының 30% көлемінде құрылады. Өзіндік жүйелік бөлімше/филиал басшысы айдың10жұлдызынан кешіктірмей Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің Қызметкерлермен есепайырысу бөліміне алдын ала есептелген әр қызметкерге тиесілі сыйақы үлесін ұсынады.

Материалдық төлем қызметкердің өтініші бойынша және төмендегі тәртіппен төленеді:

  1. Некеге отырыуына байланысты - айлық еңбекақы мөлшерінде, бірақ 75мыңнан жоғары емес.
  2. Бала тууына байланысты - айлық еңбекақы мөлшерінде, бірақ 75мыңнан жоғары емес, 2балаға - біржарымайлық еңбекақы мөлшерінде, 112мыңнан жоғары емес, 3балаға - екі айлық еңбекақы мөлшерінде, 150мың теңгеден жоғары емес.
  3. Зейнетке кетуіне байланысты - екі айлық еңбекақы мөлшерінде.
  4. Жақын туысының қайтыс болуына байланысты - айлық еңбекақы мөлшерінде, 75мың теңгеден жоғары емес.
  5. Отбасы мүшесінің қайтыс болуына байланысты - айлық еңбекақы мөлшерінде, 100мың теңгеден жоғары емес.

Негізгі жалақы бойынша есептелген сомадан келесі ұстап қалулар мен аударымдар жүзеге асырылады:

  1. Банк есептелген сомадан 10% көлемінде зейнетақы қорына міндетті төлемді төлейді, бірақ банк оны қызметкердің жалақысынан ұстап қалады.
  2. Әлеуметтік салық 10% зейнетақы аударымдарын алып тастағанда есептелген жалақы көлемінен 26% кұрайды. Банк шығындарына жатады.
  3. Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы. Табыс салығының көлемі есеп айырысу тізімдемесінде есептеледі.

Жалақыны есептеу кезінде келесі бухгалтерлік жазу жазылады:

Дт 5720-5721 «Еңбекке ақы төлеу және міндетті аударымдар бойынша шығыстар»

Кт 2854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу»

2851 «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу».

Және сол уақытта әлеуметтік салықты есептеу жүргізіледі:

Дт 5729 «Өзге төлемдер»

Кт 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу».

Жалақыны беру кезінде:

Дт 2854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу»

Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша».

Табыс, әлеуметтік салыктар мен міндетті зейнетақы салымдарын аудару кезінде:

Дт 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»

Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары».

1. 3. Іскерлік қатынас этикасы.

Фронт офис қызметкелерінің корпоративтік имиджі.

Фронт офис қызметкері:

Банкте қабылданған іскерлік этикеті мен дресс-код талаптарына сай киінеді;

Клиент үшін әрдайым жайлылық және сенімділік жағдайын жасауға тырысады;

Клиентпен тіл табысады, клиентті атымен немесе аты/аты-жөнімен атайды;

Өз іс-әрекеті үшін жауапкершілік алады, уәдесін орындайды;

Ақпарат беруге білікті, Банк өнімдері туралы жете біледі және клиент үшін олардың артықшылықтары мен пайдасын түсіндіреді. Мәселелерді шешуде кеңес береді және балама нұсқасын ұсынады;

Банктің өзара байланыстағы бөлімшелерімен бәрлесе жұмыс істеп, ынтымақтастықта болады, жұмыс барысында клиенттің мүддесін білдіре отырып, банк қызметкерлеріне құрметпен қарайды;

Кез келген мәселе бойынша көмек көрсетеді және қосымша қызмет түрін ұсынып, клиенттің үмітін ақтауға тырысады;

Әлеуметтік жағдайына, ұлтына, жыныстық ерекшелігіне және жасына қарамастан, кез келген клиентпен ұзақ мерзімді ынтымақтастық қарым-қатынасты бағдарға алады;

Туындаған дауды немесе шешілмейтін мәселе жағдайында, өзінің тікелей басшысына жүгінеді.

Фронт офис қызметкеріне рұқсат етілмейді:

Клиентке елемеушілік танытуға, өрескел мінез көрсетуге немесе өрескел сөз айтуға;

Клиенттің жеке ерекшеліктері мен мінез-құлқын талқылауға, баға беруге;

Клиенттің алдында ішкі жұмыс пен жеке мүдде мәселелерін талқылауға;

Басқа клиенттердің алдында клиентті, оның жобаларын талқылауға;

Клиенттің алдында тамақ ішуге, сағыз шайнауға;

Жұмыс орнында орындыққа шалқайып отыруға

Клиенттің алдында қатты күлуге;

Клиентпен қатты сөйлесуге және дауыс көтеруге немесе басқа клиенттердің алдында қызметкерлермен қатты сөйлесуге;

Клиенттің сөзін бөліп, әдепсіздік танытуға

дөректі сөйлеп, жаргон сөздерді жіне клиентке түсініксіз терминдерді пайдалануға.

Фронт офис қызметкерінің сырт келбетінің стандарттары. Dress-code.

  • Киім кию стилі - консервативті-іскерлік;
  • Түстері:Әйелдер үшін- ақ блузка, қара (көк, сұр) белдемше, шалбар. Ер адамдар үшін- жейде (ақ, көгілдір, ақщыл, ашық қызғылт) қара, көк, сұр түсті - костюм;
  • Киімдері:ер адамдар үшін- костюм, жейде мен галстук, туфли. Әйелдер үшін- классикалық блузка, костюм немесе классикалық шалбар, классикалық үлгідегі, орташа ұзындықтан жоғары емес белдемше, жылдың кез келген мезгілінде шұлық, жабық классикалық туфли.
  • Киімі әрқашан таза, ұқыпты, үтіктелеген, аяқ-киімі - тазаланған, ұзын жеңді жейде білезіте түймеленген болуы тиіс, оны қайруға немесе түріп қоюға болмады;
  • Барлық қызметкерлерде бейдж/корпоративтік атрибуттар болуы керек (үшкіл орамал, галстук, түйреуіш белгі) ;
  • Жұмысқа джинсымен, ашық кеудешемен, сарафанмен, спорттық киім мен спорттық аяқ киіммен және іскерлік стильге сай келмейтін басқа да киімдер мен аяқ киімдермен келіге қатаң тиым салынады.

Залға клиент келгенде өзін ұстау стандарттары.

Әрекеті
Сөзі
Әрекеті:
  • Клиентке қарап, оны байқағанын көрсетеді;
  • Жылы қабақ танытып, күлімдеп қарсы алады;
  • Клиентпен сәлемдеседі;
  • Клиентке отыруды ұсынады, ол отырған соң, өзі отырады;
  • Клиенттерге кезекпен қызмет көрсетеді, жағдайға байланысты бірнеше клиентке бір уақытта көңіл бөлуге болады
Сөзі:
  • «Қайырлы таң/күн/кеш! Сәлеметсіз бе!»
  • Отырыңыз.

Клиентпен кездесу аяқталғанда өзін ұстау стандарттары.

Әрекеттер- стандарттар
Сөздер- стандарттар
Әрекеттер- стандарттар:
  • Клиенттен ұсынылған шешімге қанағаттанған/қанағаттанбағандаығын сұрайды;
  • Әңгімені қорытындылайды;
  • Міндетті түрде клиенттің байланыс телефонын жазып алады;
  • Клиентке келгені үшін алғыс айтады;
  • Жылы шырай танытады;
  • Қоштасады;
Сөздер- стандарттар:
  • Айдана Ерланқызы, Банк ұсынып отырған шарттармен келісесізбе?
  • Екеуміз келіскендей, Сіз . . . , ал мен өз кезегімде . . .
  • Келгеніңіз үшін рахмет, біздің банкті таңдағаныңызға қуаныштымыз!
  • Сау болыңыз/( күні, уақыты, қайта қоңырау шалу мерзімі) . . . Кездескенше!

Келеңсіз жағдайда өзін ұстау стандарттары.

Әрекеті
Сөзі
Әрекеті:
  • Жағдайға байланысты өз тарапынан өкініш білдіреді немесе кешірім сұрайды;
  • Клиентке:
  • Ашықтығы және ұсынған мәліметі үшін;
  • Сізге өз проблемасымен келгені үшін алғыс айтады;
  • Теріс, өрескел сөздер мен тіркестерді қолданбайды;
  • Клиенттің көзқарасын біледі, шешімді клиентпен келісімдейді; Клиент келіспеген жағдайда, балама нұсқасын ұсынады;
  • Қорытындылайды:
  • Клиентке алғыс айтады;
Сөзі:
  • Айдана Ерлановқызы, Сізді түсінемін, егер менің басымда мұндай жағдай болса, мен де осындай күйде болар едім.
  • Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз, бұл жағдай сіз бен біздің бұдан былайғы қарым-қатынасымызға әсер етпей, бұл жағдай сіз бен біздің бұдан былайғы қарым-қатынасымызға әсер етпейді деп сенеміз . . .
  • Сіздің сын-пікірлеріңізге құрметпен қараймыз және оны міндетті түрде ескереміз, өз тарапымыздан мұндай жағдайдың қайталанбауын

Телефонмен сөйлесу стандарттары.

  • Тұтқаны 3-қоңыраудан кешіктірмей көтеріңіз;
  • Банкті таныстырыңыз;
  • Қоңырау шалған клиентпен сәлемдесіңіз;
  • Өзіңізді таныстырыңыз;
  • Көмегіңізді ұсыныңыз немесе клиенттің сұранымын біліңіз;
  • Сұранымын біле отырып, клиентті мұқият тыңдаңыз:
  • Негізгі сөздерді қайталаңыз;
  • Клиенттің сұранымына жауап ретінде нақты ақпараттар беріңіз;
  • Әңгімені сыпайы аяқтаңыз:
  • АТФ Банк
  • Қайырлы күн / таң / кеш! / Сәлеметсіз бе !
  • Операциондық бөлім. Әлия
  • Сізге қандай көмек көрсете аламын?
  • Қандай мәлімет алғыңыз келеді?
  • Сізді мұқият тыңдап тұрмын . . .
  • Не туралы айтқыңыз келіп тұрғанын нақтырақ айтсаңыз.
  • Сізді дұрыс түсіндім бе екен, көрейікші . . .
  • АТФ Банкке қоңырау шалғаныңыз үшін, рахмет!
  • АТФ Банкті таңдағаныңыз үшін рахмет!

Іскерлік қатынас хаттарда пайдаланылатын сөз тіркестері.

Хаттың кіріспесі үшін:

Құрметті мырзалар/ . . . м-ның назарына.

Өкінішке орай, әлі күнге дейін . . . (хат жіберілген күн көрсетіледі) жазылған хатымызға Сіздің жауабыңызды алған жоқпыз және Сізге тағы бір рет . . . туралы ескертуге (сұрауға) мәжбүрміз.

Хатыңыздың жауабын кешіктіргеніміз үшін кешірім сұраймыз.

Іскерлік хаттың негізін құруға болатын сөз тіркестерінің мысалдары:

Өкінішке орай, келесі жағдайларға . . . байоанысты, Сіздің ұсынысыңызды (тапсырысыңызды) орындауға мүмкіндігіміздің жоқ екендігін (орындай алмайтындығымызды) хабарлаймын (хабарлауға мәжбүрмін) .

Жоғарыда көрсетілгендерге байланысты . . . / Сіздің сұранысыңызға байланысты (сәйкес) . . .

Хаттың соңында қолданылатын сөздер:

Тиісті органдариен кешіктірмей хабарласатынымызға сенімді болыңыз.

Жауабыңызды жылдам жіберуіңізді сұраймыз/ тезірек жауап берсеңіз ризашылығымызды білдіреміз.

Жауабын кешіктірмеулеріңізді сұраймыз.

ІІ-бөлім. Есеп операциялық жұмысын құру және банктік құжат айналымы. Банктің есеп саясаты.

Үзіліссіз бақылау және өлшеу барысында шаруашылық қызметтің сандық көрсеткіштері жөнінде ақпараттар алынады. Осы алынған сандық көрсеткіштер көмегімен шаруашылық процестеріне сапалық баға беріледі. Міне, сондықтан, есеп дегеніміз - шаруашылық процесстерін бақылау және оларды басқару мақсатында сандық түрде көрсету және сапалық түрде сипаттауды білдіреді. Есептің басты үш түрі бар: статистикалық, оперативті және бухгалтерлік. Бухгалтерлік есеп өзара қаржылық және басқарушылық деп бөлінеді.

Қаржылық есеп беру тұжырымдамасы төмендегідей элементтерді қамтиды : активтер, капитал, міндеттеме-лер, табыстар және шығындар. Олар қолданушылар үшін қаржылық есеп беруде ақпаратты пайдалы ететін атрибуты болып табылады.

Бухгалтерлік есеп пайдаланушылары екі негізгі топқа бөлінеді. Олар:

  • ішкі пайдаланушылар;
  • сыртқы пайдаланушылар.

Ішкі пайдаланушылар қатарына банктің құрамына жататын тұлғаларды жатқызады. Олар: банк менеджерлері, меншік иелері, акционерлер, директор кеңесі, т. б.

Сыртқы пайдаланушылар екі топқа жіктеледі:

  • тікелей қаржылық мүддесі бар(инвесторлар, кредиторлар)
  • жанама қаржылық мүддесі бар(салық органдары, мемлекеттік бақылаушы органдар) .

ҚР-ғы бухгалтерлік есеп беру стандартымен келесідей қағидалар қабылданған:

Есептеу - табыстар тапқан кезде, ал шығындар шығындар шығарылған кезде танылады. Есепке алу принципі бойынша құрылған қаржылық есеп беру өткен операциялар мен басқа оқиғалар туралы ақпараттарды қамтамасыз етеді.

Үздіксіз қызмет - субъект өзінің қызметін анықталмаған уақыт кезеңінде жалғастырады және оның жақын болашақта жою қажеттілігі жоқ немесе ол өзінің қызмет масштабын қысқартуды көздемейді.

Қаржылық есеп берудің негізгі сапалық сипаттамалары :

  • Түсініктілігі- қаржылық есеп берумен ұсынылған ақпараттар қолданушыға түсінікті болуы керек.
  • Мәнділігі -нақты және болашақтағы оқиғаларды бағалауға көмектесе отырып, қолданушының экономи-калық шешіміне әсер ету. Ақпараттардың мәнділігіне оның сипаты мен маңыздылығы әсер етеді.
  • Сенімділігі- ақпаратта маңызды қателер мен дұрыс емес көрсетулер болмауы керек, өйткені қолданушылар оған шынайы көрініс ретінде қарайды.
  • Шынайылық- ақша қаражаттарының қозғалысын, операциялар нәтижелері мен қаржы жағдайлары туралы ақпараттардың сенімділігін қамтамасыз ету үшін опера-циялар мен басқа да оқиғаларды шынайы көрсету қажет.
  • Форманың мәнділіктен айырмашылыгы- операциялар мен басқа да оқиғалар шына

қажетті, олар заңды формамен емес, олардың мәнімен және экономикалық нақтылығымен сәйкес келуі керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек ақы шығындары
Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдiстемесi мамандығы бойынша іс-тәжірибе есебі
Кәсіпорынның ұйымның қаржы қызметтері жұмыстарымен танысу
Біліктілігі және лауазымы бойынша штаттық жұмыс орнындағы жұмыстарды қайталау
Ақша қаражаттары және есеп айырысу және несие операцияларынын есебін жүргіз
Ұйымның қаржы қызметі жұмыстарымен танысу
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Педагогика және психология мамандығында арнайы
Әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру
Кәсіптік практиканың бағдарламасын орындау мерзімдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz