Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қазіргі жағдайы


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қазіргі жағдайы

407 топ студенті Серкеева А. Н.

Ғылыми жетекші: э. ғ. к., доцент Абиева С. Н.

Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпанда «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың мақсаты» атты Қазақстан халқына жолдауында «Салық жүйесін, Қазақстанның жаңа сатыдағы дамуының міндеттері мен сәйкестендіру қажет. Қолданыстағы Салық кодексі экономикалық өсуде оң рөл атқарады, дегенмен, қазіргі кезде оның әлеуеті іс жүзінде таусылды. Жаңа салық кодексі салық қызметтерінің оның нормаларын өз қалауынша түсіндірулерінен қорғайтындай, әкімшілендіру сапасы мен салық төлеушілер мүдделері үйлесетіндей тікелей іс-әрекет ету заңи сипатына ие болуы керек» екендігін атап өтті. Салық кодексіне сәйкес мемлекет территориясынан алынатын салықтардың, баждардың және алымдардың жиынтығы, сонымен қатар осыған сәйкес нормалар мен ережелердің жиынтығы салық жүйесін қалыптастырады.

Салық реформасы салық салу жүйесінің қызмет ету жүйесін ауқымды қайта құру және оны басқару механизмін өзгерту негізінде салық қатынастарын шектеулі немесе түбегейлі қайта құруды білдіреді. Кез келген салық реформасын жүргізудің, соңғы нәтижесі ел экономикасын дамытудың басым міндеттерін шешуге бағытталған. Ол- мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін толтыру үшін салық түсімдерінің қажетті деңгейін қамтамасыз ете отырып, ұлттық экономиканы көтеру.
Салық кірістерінің қажетті көлемін қамтамасыз ету, салық жүйесінің фискалды функциясының тиімділігіне тәуелді. Сондықтан салық реформалары, ең алдымен, салық жүйесі өзінің функцияларын тиімді орындауымен тығыз байланысты.
Салық жүйесінің азаматтардың материалдық және әлеуметтік жағдайына екі жақты әсері бар: жағымды және жағымсыз.

Жағымды жағы, заңды және жеке тұлғалар төлеген салықтар бюджет пен бюджеттік емес қорларға жинақталып, олар қайта бөлініп, көп бөлігі тұрғындардың кейбір бөлігіне (зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы аналар, балаларға) жәрдемақы ретінде беріледі және халыққа түрлі қоғамдық қызметтер көрсетіледі.

Жағымсыз жағы үш бөліктен тұрады. Біріншісі, табысы төмен жеке тұлғалардың салық төлеуі (жеке табыс салығы мен ҚҚС) олардың материалдық жағдайына кері әсерін тигізеді, екіншісі, жеке кәсіпкерлердің салық ауыртпалығының жоғары болуы олардың кәсіпкерлікпен айналысуға деген қызығушылығының төмендеуіне әкеледі, соңғысы, барлық коммерциялық ұйымдар мен кәсіпорындар еңбекақы қорынан салық төлейді, соның салдарынан олардың өз жұмысшыларына төлейтін еңбек ақысын қажет мөлшерде төлеу мүмкіндігі азаяды.

Рыноктық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру болып табылады. Мемлекеттің салық қызметі келесі бағыттардан тұрады:

мемлекеттің салық жүйесінің қалыптасуы;

салық салу саласында мемлекет органдарының міндетін анықтау;

арнайы салық органдарының жүйесін қалыптастыру;

салық заңын ұйымдастыру және оның сақталуына бақылауды жүзеге асыру.

Салық жүйесі де өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті. Қазақстан Республикасының салық жүйесін реформалау 5 кезеңінен өтті.

І - Өтпелі кезең (1991-1994 жылдар) - Салықтар жалпымемлекеттік, жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдар, жергілікті салықтар мен алымдар болып бөлінді (барлық салықтар саны 45 болды) .

ІІ- Қалыптасу кезеңі (1995-1998 жылдар) - Салықтар жалпымемлекеттік, жергілікті салықтар мен алымдар
болып бөлінді (барлық салықтар саны 11 дейін қысқартылды) .

ІІІ - Даму кезеңі (1999-2001 жылдар) - Салықтардың жалпымемлекеттік және жергілікті болып бөлінуі алынып тасталды. "Салықтар алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер" деп аталды. Олардың саны 11 ден 17 ге дейін жеткізілді. Әлеуметтік салық және алымдардың түрлері енгізілді.

ІV- Өрлеу кезеңі (2002-2008 жылдар) - Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің мынадай түрлері бөлінді: салықтар (9 түрлі), алымдар (13 түрлі), төлемақылар (9 түрлі), мемлекеттік баж,

кеден төлемдері

V - жаңа кезең (2008-…. жылдар) - 10. 12. 2008 жылы “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” ҚР жаңа салық кодексі қабылданды. (Салықтар 13, төлемдер 7, төлемақылар 10 болып өзгертілді) . КТС 20%, ҚҚС 12% төмендеді.

Жаңа салық кодексі бойынша салық қызметтерінің оның нормаларын өз қалауынша түсіндірулерінен қорғайтындай, әкімшілендіру сапасы мен салық төлеушілер мүдделері үйлесетіндей тікелей іс-әрекет ету заңы сипатына ие болуы керек. Мемлекет басшысы жаңа 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылып жатқан Салық кодексін жасаудың нақты критерийлерін де атап берді. Атап өтер болсақ:

1. Салықтық ауырпалықты жеңілдету экономиканың өндеуші салаларымен осы іспен айналысатын шағын және орта бизнес өкілдіріне ғана қарастырылады.

2. Экономиканың шикізаттық емес секторындағы салықтық ауртпалықты төмендеткендік себепті мемлекеттік бюджеттің түсім бөлігінің азаюын экономикалық өндірүші секторының есебінен жабу керек болады.

Соңғы салық реформасында салық жүктемесін төмендету мақсатында 3 жыл ішінде қолданыстағы корпоративтік табыс салығының ставкасы екі есе азайту ұсыналады. Салықты азайту өндірісті сатып алу және жаңғырту үшін қаржыландырудың қосымша көздерін қалыптастырады, кәсіпкерлердің инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасайды.

Қосымша құн салығының ставкасы 2009 жылдан бастап 12 пайызға тең болды. Бұл көрсеткіш қазақстандық қосымша құн салығын әлемдегі осындай салықтың қалыпты стандарттары арасындағы ең төменгісі етеді, бұл ретте 2009 жылдан бастап жобада «дебеттік» сальдо деп аталатын салып алушыларға төленген қосымша құн салығы сомасының үстінен өнім берушілерге төленетін ҚҚС сомасының артығын қайтару туралы ережені енгізу ұсынылды. Нөлдік ставканы қайтарумен қоса, ҚҚС дебеттік сальдосын қайтару кезеңі 4 жылға есептелген.

Жаңа салық жүйесі қазіргі кезде әлемнің өркениетті елдері қолданып отырған салық жүйесінің барлық жақсы жақтарын қамтуды тырысты. Алыс-жақын шет мемлекеттердің салық жүйелері әр түрлі экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайлардың барысында қалыптасады. Әдетте, салық жүйесі әкімшілік басқарудың әр түрлі деңгейінде, сондай-ақ халықаралық операцияларда екі жақты салық салуды болдырмау мақсатында осы жағдайлар барысында туындайтын ерекшеліктерді ескере отырып құрылады. Салықтарының құрылымы мен олардың қолданылу аясы, есептелу және алыну механизмі, әр түрлі билік органдарының фискалдық өкілеттіктері және басқа салық саласындағы мәселелеріне байланысты шет мемлекеттердің салық жүйелері бір-бірінен айрықшаланады.

Салық жүйесінде жеке табыс салығы барлық дамыған елдерде прогрессивті шкала бойынша есепке алынады. Осы салық бойынша алдынғы қатарға шыққан мемлекеттерді атайтын болсақ, ол Швеция мен Жапония, максималды салық ставкасы 60%, Францияда 56, 8% Германияда 53% құрайды. Ал, корпорацияларға салынатын салықтың ең жоғарғы ставкасы Франция мемлекетіне тиесілі, онда ол 39% құрайды. Бірақ, бұл мемлекетте корпорацияларға салық салудың икемді жүйесі қолданылады. Қосылған құн салығы алғаш рет 1958 жылы Францияда енгізілген. Әлемдегі қосылған құн салығы бойынша ең жоғарғы ставка Венгрия, Швеция, Дания мемлекеттеріне тиесілі, ол 25% - ды, Исландия 24, 5%, Норвегия 24% құрайды.

Кез келген салық реформасын жүргізудің, соңғы нәтижесі ел экономикасын дамытудың басым міндеттерін шешуге бағытталған. Ол- мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін толтыру үшін салық түсімдерінің қажетті деңгейін қамтамасыз ете отырып, ұлттық экономиканы көтеру.

Кесте 1. 2007-2009 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасы салық жүйесiндегi салықтардың үлесі

мың тенге

Салықтардың түрлерi

2007 жыл

мың тг.

Үлесi %

2008 жыл

мың тг.

үлесi %

2009 жыл

мың тг.

Үлесi %
Салықтардың түрлерi: Салықтардың барлығы
2007 жылмың тг.: 198247520
Үлесi %: 100, 0
2008 жылмың тг.: 2037452573
үлесi %: 100, 0
2009 жылмың тг.: 2205684558
Үлесi %: 100, 0
Салықтардың түрлерi: Корпорациялық табыс салығы
2007 жылмың тг.: 68 453 915
Үлесi %: 34, 5
2008 жылмың тг.: 782 992 948
үлесi %: 38, 4
2009 жылмың тг.: 643 668 528
Үлесi %: 29, 1
Салықтардың түрлерi: Жеке табыс салығы
2007 жылмың тг.: 20 829 532
Үлесi %: 10, 5
2008 жылмың тг.: 241 250 943
үлесi %: 12, 0
2009 жылмың тг.: 268 724 614
Үлесi %: 12, 1
Салықтардың түрлерi: Әлеуметтiк салық
2007 жылмың тг.: 22 216 887
Үлесi %: 11, 0
2008 жылмың тг.: 225 638 598
үлесi %: 11, 0
2009 жылмың тг.: 232 839 686
Үлесi %: 10, 5
Салықтардың түрлерi: Жер салығы
2007 жылмың тг.: 178 691
Үлесi %: 1, 0
2008 жылмың тг.: 10 453 244
үлесi %: 0, 5
2009 жылмың тг.: 13 022 133
Үлесi %: 0, 5
Салықтардың түрлерi: Көлiк салығы
2007 жылмың тг.: 380 732
Үлесi %: 0, 2
2008 жылмың тг.: 13 893 233
үлесi %: 0, 6
2009 жылмың тг.: 17 521 354
Үлесi %: 0, 8
Салықтардың түрлерi: Акциздер
2007 жылмың тг.: 3 440 454
Үлесi %: 1, 6
2008 жылмың тг.: 51 588 792
үлесi %: 2, 5
2009 жылмың тг.: 57 393 429
Үлесi %: 2, 7
Салықтардың түрлерi: Қосылған құн салығы
2007 жылмың тг.: 58 049 920
Үлесi %: 29, 0
2008 жылмың тг.: 611 800 178
үлесi %: 30, 0
2009 жылмың тг.: 515 933 456
Үлесi %: 23, 4
Салықтардың түрлерi: Мүлiк салығы
2007 жылмың тг.: 504 230
Үлесi %: 0, 2
2008 жылмың тг.: 75 245 103
үлесi %: 3, 8
2009 жылмың тг.: 91 851 111
Үлесi %: 4, 1
Салықтардың түрлерi: Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдерi
2007 жылмың тг.:

11 469 281

Үлесi %: 5, 7
2008 жылмың тг.:

11 469 281

үлесi %: 0, 5
2009 жылмың тг.:

201 185 703

Үлесi %: 9, 3
Салықтардың түрлерi: Бірыңғай жер салығы
2007 жылмың тг.: 16 246
Үлесi %: 0, 1
2008 жылмың тг.: 412 621
үлесi %: 0, 1
2009 жылмың тг.: 578 140
Үлесi %: 0, 1
Салықтардың түрлерi: Халықаралық саудаға және сыртқы операц салын салық
2007 жылмың тг.: 12 132 917
Үлесi %: 6, 0
2008 жылмың тг.: 12 132 917
үлесi %: 0, 5
2009 жылмың тг.: 152 226 450
Үлесi %: 7, 0
Салықтардың түрлерi: Құмар ойын бизнеске салық
2007 жылмың тг.: -
Үлесi %: -
2008 жылмың тг.: -
үлесi %: -
2009 жылмың тг.: 2 375 030
Үлесi %: 0, 1
Салықтардың түрлерi: Басқадай салықтар
2007 жылмың тг.: 574 715
Үлесi %: 0, 2
2008 жылмың тг.: 574 715
үлесi %: 0, 1
2009 жылмың тг.: 8364924
Үлесi %: 0, 3

Қайнар көзі: ҚР Қаржы Министрлігінің статистикалық бюллетені мәліметі бойынша

Осы статистикалық мәліметтерден көріп отырғанымыздай, мемлекеттiк бюджетке келiп түсетiн салықтардың 2007-2009 жылдар аралығындағы жалпы салықтық түсiмдердің біртіндеп артқаны байқалады.

Салық жүйесіндегі салық түрлерiнiң iшiндегi ең төменгi және салыстырмалы үш жыл iшiнде өзгерусiз қалған салық түрi бірыңғай жер салығы осы жер қойнауын дұрыс пайдаланбаушылықтан салықтардың жиналу денгейi жалпы салықтық түсiмнiң 0, 1 пайызын құрап отыр. Қалғандарының iшiнде 2008 жылы салықтық түсiмнiң 38, 4 пайызын корпорациялық табыс салығы құрап, ол 2009 жылы 29, 1 пайызға төмендесе, сәйкесінші 2007 жылы 34, 5 пайызға көтерiлiп отыр.

Соңғы жылдарды салыстыру арқылы, салықтық түсiмдерiдiң iшiндегi корпорациялық табыс салығы түсiмдерiнiң 2007 -2008 жылдары көтеріліп, 2009 жылы түскенін айқындауға болады.

Мұның себебін, сарапшылардың пікірі бойынша корпоративтік салығы бойынша Салық кодексіндегі салық мөлшерлемелерінің өзгеруіне және салықтық жеңілдіктерді заңға сәйкес қолданбауында деп түсіндіреді және қаржылық дағдарыстың компаниялардың қаржылық жай күйіне әсер етуі де мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық жүйесін жұмсарту
Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі салық салу жүйесі, салықтың экономикалық-құқықтық мәні, теориялық негіздері, салық жүйесіндегі заңдылықтар мен тәртіптер, теорияларды жүйелеу, оны жетілдіру ұсыныстарын жасау
Салық жүйесінің әлеуметтік - экономикалық негіздері
Салық жүйесінің экономикалық мәні мен маңызы
Қазақстан Республикасының салық жүйесі және құрылу жүйесі мен оның құрылымын тұрақтандыру
Салық құрылымының реформалануы
Салық жүйесі
Әкімшілік құқық бұзу туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес салық төлеушіге әкімшілік салықтар салу
Салық салықтар жүйесін табиғи жұмсарту
Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің қалыптасу кезеңдері және дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz