Озат педагогикалық тәжірибе мен инновация


Абайдың қарасөздері 3және 7
Абайдың 3-ші қара сөзі
Қазақтың бірінің - біріне қаскүнем болмағын, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының өздерінің жалғау болатұғынының себебі не?
Һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлде қашан байқаған: әр бір жалқау кісі - қорқақ, қайратсыз тартады, әр бір қайратсыз - қорқақ мақтанғыш келеді; әр бір мақтаншақ - қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әр бір ақылсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыймсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады. Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан, нәрселерге салынса бұлай болмас еді.
Абайдың он жетінші қара сөзі.
Әдебиет Просмотров: 782 Загрузок: 0 Добавил: soj Дата: 03. 04. 2010 Комментарии (2)
Абай өлеңі қыс аудармасымен.
Қыс, зима.
Әдебиет Просмотров: 534 Загрузок: 0 Добавил: soj Дата: 03. 04. 2010 Комментарии (0)
Абай қарасөздерінің шығуы
90 - жылдар ішінде Абай өзінің бір алуан шығармаларын қара сөзбен жазған. Көркем қара сөз қазақтың жазба әдебиетінің тарихында Алынсариннана басталады.
Әдебиет Просмотров: 661 Загрузок: 0 Добавил: soj Дата: 03
Озат педагогикалық тәжірибе мен инновация
Озат педагогикалық тәжірибе мен инновация
ЖОСПАРЫ:
1. Педагогикалық тәжірибе және озат педагогикалық тәжірибе туралы ұғым, маңызды белгілері.
2. Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату.
3. Инновация туралы ұғым, маңызы, топтастырылуы, шығармашылық іс-әрекет.
4. Ынтымақтастық педагогикасы.
5. Қазақстандық жаңашылдардың іс-тәжірибесі.
Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе - оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.
Көпщілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі - бұл педагогикалық ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі.
Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.
Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп үштас-тырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, біраң жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап, тарату керек.
Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. Бірінші белгісі - қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.
Озат тәжірибенің екінші белгісі - педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық "өнім" - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.
Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар:
• оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі;
• өз беттерімен білім ала білуі;
• білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы;
• оқушылардың жалпы дамуы.
Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. Оқушылардың тәрбиелілігі олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан байқалады. Озат тәжірибенің үшінші белгісі - оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озат тәжірибе деп есептелмейді.
Жаңалық - озат тәжірибенің төртінші белгісі.
Педагогикалық озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн.
2. Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір талаптары бар. Олар: мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; бір педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу және жинақтау; жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны тәрбие процесіне енгізу; педагогикалық ғылыми-зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып, оны шешуге ат салысу.
Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі - әрі қиын, әрі үрделі мәселелердің бірі. Мұғалім оқыту мен тәрбие салаларындағы орын алып отырған бір мәселені шешу үшін әдіс-тәсілдерді таңдап алып, олардың оқушыларға ықпалын сабақ тәрбиелік іс-шаралар арқылы бақылайды. Мұғалім зерттеу арқылы түскен материалдарды талдап, қорытындысын үнемі дәптерге жазып, оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамту жолдарын іздестіріп, өз жұмысындағы жетістіктер мен мүмкіншіліктерді көріп, оларды жоюдың тиімді жолдарын табу үшін педагогикалық әдебиеттермен танысады.
Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысып сабақтарына қатысып, олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің әдістерімен салыстырып, тиісті қорытындылар жасап, зерттеу жұмысының құжаттарын, атап айтсақ, сабақ жоспары, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, оқушылардың жазба жұмыстары, дәптерлері, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмысының жоспары, оқушылардың баяндамаларын жинақтайды.
Ой салу - ұстаздан, ойлану - шәкірттен
Ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу - екінің біріне бұйыра бермейтін қасиет. Табиғатынан педагог боп жаратылған, айналасына білім мен біліктіліктің, өрлік пен табандылықтың шуағын таратып, бүкіл саналы өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнап келе жатқан Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бітібаева Қанипа Омарғалиқызы - қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың өрісі кең, өзгеше жүйесін қалыптастырып жүрген шын мағынасындағы ұстаз, санаулы тұлғаларымыздың бірі.
Есімі еліміздің мектептері мен педагогтары арасында кеңінен танылған осы бір дарынды жанның ұлт әдебиетін насихаттаудағы орасан еңбегін әріптестері жақсы біледі. Парасатты педагогтың қазақ әдебиетін терең, жан-жақты тануға, оны оқыту мәселелерін өрістетуге арналған еңбектері мен жаңашыл көзқарастары әркез зиялы қауымды сүйсіндіріп келеді. Елінің бай тарихы мен бүгінгі жеткен рухани жетістіктерін терең сабақтастықта қарастыра отырып, ол ұлт тәрбиесін көркемсөзді танудан, көркемсөзге деген қастерлі сезімді ұрпақ бойына қалыптастырудан іздейді. Сондықтан біз педагог Бітібаеваның әдебиетті оқытудың бүгінгі таңдағы көп салалы бағдарламасының әдістеме ілімінде алар орны айырықша екенін бөліп айтқымыз келеді. Түптеп келгенде, Қ. Бітібаеваның авторлық бағдарламалары аталмыш ілімнің республика аумағында теориялық тұрғыдан жан-жақты дамуына игі ықпал еткені анық.
Ұстаздық қызметімен қоса, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесін жетілдіруде өз үлесін қосып келе жатқан Қанипа Омарғалиқызы - 70-тен аса мақала мен 23 кітаптың және оқулықтардың авторы. Ұстаздың әсіресе әдебиетімізді тереңдетіп оқыту бағытындағы ізденістері мен зерттеу жұмыстары жыл өткен сайын көпшілік сұранысына ие болып келеді.
Оның «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі мен технологиясы» атты оқулығы негізінен жоғары оқу орнына арналған. Белгілі ғалымдар Ә. Қоңыратбаев пен Қ. Көшімбаевтың «Әдебиетті оқыту әдістемесі» атты оқулықтарынан кейін араға 30 жылдан астам уақыт салып барып жарық көрген бұл оқулықты бүгінде республиканың барлық оқу орындары, ұстаздары пайдаланып келеді. Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен екінші рет қайта басылуындағы басты себебі де оның ұстаздардың сұраныстарына жауап беруінде, маңыздылығында деп ойлаймыз. Бұл еңбекті қазіргі кезеңдегі әдебиетті мектепте оқытудың негізгі оқулықтарының бірі деп батыл түрде айтуға болады. Енді осы оқулықтың өзектілігі мен маңызы неде деген сұрақтарға жауап іздер болсақ, төмендегідей тұжырымдарға келуге болады.
Біріншіден, бұрынғы оқулықтарда әдебиет жанрларын оқыту жалпылама қарастырылса, ұстаз Қ. Бітібаева лириканы оқыту, эпикалық шығармаларды оқыту, драмалық шығармаларды оқыту деп жеке-дара бөле отырып, оқытудың инновациялық технологиясын ұсынады.
Лириканың түр-түрін оқытуда теориямен қоса, практикалық, танымдық мәселелерге ерекше назар аударылып, оқушы, студент ой-өрісін кеңейтетін тәжірибелік жұмыстар қатар беріліп отырады. Оны оқулықтың 5-ші тарауынан көруге болады. Абай, Мұқағали лирикаларын меңгерудің жолдары, тақырыпқа қатысты сабақ өткізудің технологиялық картасы, конструкторлық жобалау технологиясы, поэтикалық талдаулардың үлгілері, шығармашылық жұмыстардың жүйесі, т. б. амал-тәсілдер - осы айтқанымыздың дәлелі. Мысалы, жыраулар поэзиясына 40 түрлі тапсырма түрлерінің берілуі оқулық сапасын арттырумен қатар, оқушының шығармашылық ізденісіне жол ашады. Бұл еңбектің ұстаздар, студенттер қауымына тигізер айырықша көмегін байқатып, сабақ түрлері мен типтерінің молдығын дәйектей түседі.
Екіншіден, эпикалық жанрды оқытуда да автор жалпылама теориямен шектелмей, оның түр-түрін қалай оқытуға болатынын талдап, жіктеп, таратып айтады. Мысалы, эпикалық жанрды меңгертуге қатысты әңгіме, хикаят, роман жанрларын оқытудың ғылыми-теориялық негізі, оның тәжірибедегі көрінісі, сабақ үлгілері де қоса ұсынылады. Сонымен қатар, мұғалімдерге ерекше қиындық туғызатын «Абай жолы» эпопеясын оқыту технологиясы мен әдістемесі де жан-жақты сөз болады. Батырлар жырын оқыту, публицистикалық шығармаларды, эпистолярлық жанрдағы дүниелерді, соның ішінде әралуан хаттарды қалай оқыту керектігі тиімді әдістемелік үлгілермен беріледі.
Үшіншіден, әдебиет пен қазақ тілін оқытудың күретамыры - тіл дамыту жұмыстары екенін ұстаз ерекше атап өтеді. Оқулықта тіл дамыту жан-жақты қарастырылып, оның инновациялық жолдары нақты ұсынылады.
Төртіншіден, қазіргі кезеңдегі сабаққа қойылатын талаптар (технологиялық үлгідегі сабақ жоспарлары), оқытуды технологияландыру мәселелері аталмыш оқулықтың маңызын арттыра түседі. Оқулық бүгінгі білім беру мақсаты мен міндеттерін ескере отырып, жаңаша идеямен, соны леппен жазылған. Әсіресе, дамыта оқыту технологиясына сүйене отырып, оқушыларды ғылыми еңбекке баулу мәселелері, дарынды балалардың қабілетін жетілдіру үрдістерін де осы оқулықтан молынан табуға болады.
Қанипа Омарғалиқызының бұл оқулығының ұстаздар қауымынан, студенттер мен оқытушылар тарапынан кең қолдау табуының басты себебі де оқулықтың практикалық мәні мен сұранысында дер едік. Мектеп оқулығының құндылығы оқушыға нанымды мысалдармен өріліп, әрі қонымды, әрі түсінікті жазылуында болса керек. Кітапта көркем мәтінді талдау әдісі эпикалық, лирикалық, драмалық туындылардың мәтінін талдау жолымен, өз жаңашылдығымен дараланады.
Бүгінгі оқыту жүйесіндегі баға параметрі де өзгерді. «Баға қайдан туындауы керек?» деген сұрақтар да әлі өз жауабын таба алмай келеді. Оқулықта осы мәселенің де тиімді жолдары айқын көрсетілген.
Ұстаздың Абай туындыларын оқытуға негізделген екі кітабы, М. Әуезов шығармаларын оқытуға бағытталған үш кітабы іргелі еңбектер қатарын молайтып, байытып тұрғаны даусыз.
Әдіскердің Абай шығармаларын тақырып-тақырыпқа жіктей бермей, ақын шығармашылығын тұтастай ең негізгі арналы, ағысты проблемаларына сүйене отырып, біртұтас оқыту туралы идеясы айырықша назар аударуды қажет етеді. Абай өзі жазып кеткендей: «Алланы сүю, Алла махаббатпен жаратқан Адамды сүю, Хақ жолы деп әділетті сүю» оны оқытудың алтын діңгегі болуы керек», - деп жазады ұстаз, «Ақынның қай туындысында болмасын, оның алтын арқауы болып Адам тұрады, Адамға деген махаббат тұрады. Ұлы ақын нағыз Адам - Толық Адам қандай болуы керек? деген сұраққа жауап іздейді». Бұл пікір шын мәнінде ақын шығармашылығын ғана емес, жалпы адамзат жанын түсінуге, адами қасиеттерді меңгеруге жетелейді.
Еңбек тоғыз бөлімнен тұрады. Кіріспеде ұстаз Абай шығармашылығын оқытудың өзекті мәселелерін алдыға тарта отырып, ары қарай оны бесінші, сегізінші сыныптарда қалай оқытуға болады деген сұрақтарға жауап іздейді, меңгерудің тиімді технологиясын ұсынады, сабақ түрлерін береді. Одан әрі 9-10 сыныптардағы Абай шығармашылығын оқытудың жүйелі бағдарламасын беріп, оның әдістемесін: сабақ түрлерін, оқу-тәрбиенің комплекстік жоспарын, оқушылардың білім-білік дағдыларына қойылатын талаптарды, Абайтану ғылымын сабақта қалай тереңдетуге болатындығын жан-жақты талдап көрсетеді.
Тәжірибемізден түспей, жауыр еткен жаттандылық, таптаурын болған сұрақ-жауап, репродуктивтік әдістер ұстаз тәжірибесінде, еңбегінде кездеспейді. Ол оқушының білім деңгейін шығармашылық деңгейге көтеру жолдарын ұсынады. Көзбе-көз әңгіме, ойлы сұхбат, пікір еркіндігі, білімді оқушының өз еңбегімен алуына жағдай жасау, оқу жүйесін тереңдете беру, оны игертудің тиімді жолдарын іздеу - ұстаздың басты ұстанымы. Әдіскер ұстаздың әдебиетті оқыту ұстанымы ой салу, ойлау, ойланту, бір шешімге келу пәлсапасынан тұрады. Ой салу - ұстаз тарапынан, ойлану - шәкірт тарапынан, ойланту - (ойлауы жетіспей жатқан оқушыға түрткі жасап, ойлантуға алып келу) ұстаз тарапынан, бір шешімге келу - оқушы тарапынан алма-кезек өріліп отырады.
Бұл технологияда әдеби айтыс, пікірлесу, диологиялық әңгіме, проблема шешу, іздену сияқты өнімді әдіс-тәсілдерге бару - басты шарт. Ұстаздың жаңа сабақ түсіндіру технологиясы сұрақ-жауап, пікірлесу, сұхбат әдістерімен қатар оқушылардың өз бетімен ізденуіне, зерттеу жұмысына негізделеді. Жобалау, модель жасау, оқушыларды өз беттерімен жаңа өнім жасауға бағыттау - ұстаз технологиясының ең негізгі алтын діңгегі. Оның барлығында оқушы жеке тұлға, дара субъект ретінде қабылданады. Еңбекте Абайдың 100-ге тарта өлеңдеріне талдау жасалады. Бұл талдаулар болашақ бағдарламаларға пайдалы материал екендігінде сөз жоқ.
Авторлық өзекті тұжырымдар мен мәселеге жаңаша көзқарас Қанипа Омарғалиқызының Абай шығармашылығын оқытудың 5-10 сыныптарға арналған жаңа бағдарлама жасауына ықпал етті. Бұл бағдарлама қазіргі көкейкестілігімен ғана емес, болашақ үшін маңыздылығымен ерекшеленеді. Еңбек ғылыми жағынан да, практикалық жағынан да уақыт, мектеп сұранысына сай жазылған.
Қанипа Бітібаева - Мұхтар Әуезов шығармаларын мектепте оқыту мәселесіне байланысты үш кітап жазған автор. Ұстаздың «Абай жолы» сияқты әлем таныған көркем эпопеяны оқыту жөніндегі әдістемесінің құндылығы өте жоғары. Әдіскер «Абай жолы» эпопеясын тереңдете оқыту идеясын ұсынады. Әр кітапқа қысқаша аннотация жазып қою, образдарды талдауға көмек-нұсқаулар ұсыну, мәтінге негіздей отырып талдау жүйесін алға тартады. Ол төрт томдық туындыны топтай, жинақтай оқытудың тиімділігін дәлелдеп көрсетеді. Ұстаз айтқан образдарды топтап оқыту ұстанымының өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Мысалы, Бітібаева «Құнанбайлар әлемі» деген ойды тарата отырып, тек Құнанбай емес, бүкіл үстем күш бейнесін оның айналасына жинақтайды. Әдіскер ғалым сол арқылы көркем әдебиеттегі жинақтау әдісінің табиғатын ашады. Еңбекте Құнанбай әлемі төмендегідей топтастырылып, әрқайсысы жеке-жеке танымдық ой қозғайды.
«Құнанбайлар феодалдық қоғамның қатал сақшылары.
Құнанбайлар және рулық-патриархалдық тартыс.
Құнанбайлар және халық.
Құнанбайлар және әйел-ана, махаббат тағдыры».
«Абай жолы» эпопеясының тарихи негізін әр сабақта осылай қарастыра отырып, ұстаз өмірдегі Құнанбай мен Ділдәлар туралы шындықты да жарқыратып ашады. Ұстаз Мұхтар Әуезов шығармашылығын тереңдете оқыту жолдарын көрсете отырып, оны оқушының жедел меңгеруіне айырықша назар аударады. Ұстаз Әуезов шығармашылығын 5 сыныптан 11 сыныпқа дейін тұтастай оқытудың бағдарламасын жасай отырып, ұлы жазушы қаламынан туған әңгімелерді, драмаларды, эпопеяны жүйелі түрде оқыту проблемасын нақтылай түседі.
Сайып келгенде, Мұхтар Әуезов туындыларын оқыту туралы бұл кітап - әдебиетті терең білуге, ұлы қаламгерлерді жете танып, зерделеуге игі ықпал ететін ғылыми-педагогикалық еңбек.
Әдеби өмір мен ғылыми ортаның дамуына, оқушы танымы мен зердесінің қалыптасуына, өзінің туабітті алғырлығымен, табандылығымен, сөз дейтін ғажайып киелі өнерге деген іңкәрлігімен ізденіп, талмай еңбек етіп келе жатқан дарынды педагог, қарымды әдіскер, ғылыми атағы болмаса да ғылымға өлшеусіз үлес қосып жүрген Қанипа Омарғалиқызының бұл еңбектерінің ұлт ұрпағына берері бөлек деп білеміз.
Суретте: Қанипа Бітібаева (ортада) .
Авторы: Фаузия ОРАЗБАЕВА, профессор.
Өмірбаян
Кекілбайұлы Әбіш 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан. Белгілі білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған.
1928-31 жылдары асыра сілтеу, тәркілеу кезінде Кекілбай ата мекеннен баз кешіп Түркменстанның Красноводск портында жүкші, Бекдаш химия кәсіпорнында біраз жыл жұмысшы болып істеп, елге 1937 жылы Баку мен Макачкала арқылы оралған соң Оңдыдағы колхозда колхозшы, Таушық кенішінде шахтер болды. 1942 жылы соғысқа алынып, майданда 3 рет жараланып, Сталинград маңында қайтыс болады.
Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген. 1936 жылы әуелі Оңдыда колхозшы, Таушықта 1942-45 жылдар аралығында стахановшы шахтер, 1945-62 жылдары «Екпінді» колхозында жұмыс істеді.
Әбіш Кекілбайұлы 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948-1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды.
Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.
1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі. «Қазақ әдебиетінен» кейін 1962-65 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.
1965-68 жылдары ҚазССР Мәдениет министрлігінде,
1968-70 жылдары Кеңес армиясының қатарында,
1970-75 жылдары «Қазақфильм» студиясында бас редактор,
1975-84 жылдары Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі,
1984-86 жылдары ҚазССР Мәдениет министрінің орынбасары,
1986-88 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының 2-ші хатшысы,
1989-90 жылдары ҚазССР тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төралқа төрағасы,
1990 жылы Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі.
1991 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы,
1992-93 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы,
1993-95 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі.
1994-95 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы,
1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып істеді.
2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты. Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет баламалы негізде депутат болып сайланады.
Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді.
Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» - Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ»,
1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты.
Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz