Философияға кіріспе. философияның дамутарихы. философия пәні мен функциясы



Жоспар:
1. Философия пәні, генезисі және қазіргі әлемдегі рөлі.

2. «Дүниетаным» ұғымы, оның құрылымы (дүниені түйсіну, дүниені қабылдау, дүниені ұғыну, дүниені түсіну).

3. Мифологиялық және діни дүниетанымның философиялық дүниетанымнан айырмашылығы.

4. Философияның даму тарихы.

5. Философияның негізгі функциялары.
Оқыту мақсаты: Философия сөзінің мағынасы, философия ізденіс және адамның өз болмысының негізгі сауалдарына жауап табуы ретінде, философия данышпандылыққа құштарлық ретінде, парасатты және дұрыс өмір туралы ілім ретінде. Философиялық ойлаудың үлгілері. Дүниеге философиялық қатынастың ерекшелігі. Даналық - моральмен байланысқан, дұрыс өмір сүре білу дағдысымен, өз позициясын дұрыс таңдай білумен байланысты білім ретінде. Теориялық кәсіби философия және тәжірибелік өмірлік философия. Философия - адамның бағыт-бағдары тұрғысынан қарастырылатын идеялар, мәселелер туралы ойлау ретінде. Дүниетанымның типтері ретіндегі философия туралы түсінік. Миф, дін, философия, ғылым: олардың ортақ және ерекшелік сипаттары.

Негізгі ұғымдар: Теориялық философия, дүниетанымның тарихи типтері: мифология, дін, философия.



Философия - бүкіл ғылыми жүйелердің көнесі. Ол қауымдық құрылыс ыдырап, қоғам құл иеленушілік дәуірге аяқ басар мезгілде, мифологиялық діни түсініктермен күрес барысында қалыптасты. Сол кезде пайда болған барлық білімнің басын құрады. Грек тілінен аударғанда «философия» ұғымы «данышпандыққа құштарлық» деген мағына беретіндігі де тегін емес. Философияның басты ерекшелігі әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол -дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады. Сондықтан философияның маңызын, құрылымын, пәнін тереңдеп білу үшін, ең әуелі, оның дүниетаныммен байланысын, арақатынасын қарастырамыз.

Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз - айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән - мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.

Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған коғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі - өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы. Расында, дүниенің пайда болуы, оның эвалюциялык тұрғыдан жетілу ерекшеліктері, адамның дүниедегі орны, болмыстын мән жайы, адамзат өніп - өсуінің сипаты мен бағдары сияқты мәселелер қай дәуірде де адамдарды толғандырып, көкейлерінен кеткен ізденіске салды. Сөйтіп, әлем құбылыстарын түсіндіруге талпынған әрекеттер дами берді. Ал қоғамдық өмірдің ілгері басуы, бір кезеңнен екіншісіне өтуі, олардың сабақтастығы, өмір салтының материалдық және рухани деңгейінің жоғарылауы, яғни еңбек өнімділігінің артып, тәжірибенің молаюы дүниетанымдық ықыласты жетілдіре түсті. Осы факторлар өмірдің негізгі мәселелерін ескерусіз қалдырмай, ол туралы түсініктерді үнемі дамытып, тереңдетіп отырды.

Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары «дүние» және «адам». Олар ажырамас бірлікте. Яғни адамнан бөлектенген дүние және табиғат, сондай- ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған адамның іс - әрекеті, ішкі рухани өмірі, әрқайсысы өз бетінше дүниетанымды құрай алмайды. Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік позициясы, сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көзқарастар аумағын кеңейтеді. Адам мен дүние арақатынастары бір - бірімен жаңа байланыста қаралған сайын, сыртқы материалдық әлем және ішкі рухани дүние туралы түсініктер тиянақталынады. Осыдан келіп дүниеге көзқараста 1) әлем, табиғат және қоғам туралы, олардың бірлігі туралы, 2) адам және оның дүниедегі орны туралы 3) болмыс пен болашақтың мән - жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса бастады.
Негізгі әдебиет:

Спиркин А.Г. Философия. Оқулық. М., 2000. Философия. Оқулық. Губин В.Д. М., 1996. Философиялық сөздік. М., 1996. Кішібеков Д., Сыдыков Ү. Философия. А., 2000. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы. А., 1999.



Қосымша әдебиет:
Мир философии: в 2-ч. раздел І. Предмет философии. М.,

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Философияға кіріспе. Философияның дамутарихы. Философия пәні мен функциясы.

Оқыту мақсаты: Философия сөзінің мағынасы, философия ізденіс және адамның
өз болмысының негізгі сауалдарына жауап табуы ретінде, философия
данышпандылыққа құштарлық ретінде, парасатты және дұрыс өмір туралы ілім
ретінде. Философиялық ойлаудың үлгілері. Дүниеге философиялық қатынастың
ерекшелігі. Даналық - моральмен байланысқан, дұрыс өмір сүре білу
дағдысымен, өз позициясын дұрыс таңдай білумен байланысты білім ретінде.
Теориялық кәсіби философия және тәжірибелік өмірлік философия. Философия -
адамның бағыт-бағдары тұрғысынан қарастырылатын идеялар, мәселелер туралы
ойлау ретінде. Дүниетанымның типтері ретіндегі философия туралы түсінік.
Миф, дін, философия, ғылым: олардың ортақ және ерекшелік сипаттары.

Негізгі ұғымдар: Теориялық философия, дүниетанымның тарихи типтері:
мифология, дін, философия.

Қаралатын мәселелер:

1. Философия пәні, генезисі және қазіргі әлемдегі рөлі.

2. Дүниетаным ұғымы, оның құрылымы (дүниені түйсіну, дүниені
қабылдау, дүниені ұғыну, дүниені түсіну).

3. Мифологиялық және діни дүниетанымның философиялық
дүниетанымнан айырмашылығы.

4. Философияның даму тарихы.

5. Философияның негізгі функциялары.

Философия - бүкіл ғылыми жүйелердің көнесі. Ол қауымдық құрылыс ыдырап,
қоғам құл иеленушілік дәуірге аяқ басар мезгілде, мифологиялық діни
түсініктермен күрес барысында қалыптасты. Сол кезде пайда болған барлық
білімнің басын құрады. Грек тілінен аударғанда философия ұғымы
данышпандыққа құштарлық деген мағына беретіндігі де тегін емес.
Философияның басты ерекшелігі әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның
ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол
-дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады. Сондықтан философияның маңызын,
құрылымын, пәнін тереңдеп білу үшін, ең әуелі, оның дүниетаныммен
байланысын, арақатынасын қарастырамыз.

Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз - айнала қоршаған орта, бүкіл әлем,
тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән - мағынасы туралы
көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.

Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған коғамдық тарихи құбылыс.
Оның шығуының қайнар көзі - өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы. Расында,
дүниенің пайда болуы, оның эвалюциялык тұрғыдан жетілу ерекшеліктері,
адамның дүниедегі орны, болмыстын мән жайы, адамзат өніп - өсуінің сипаты
мен бағдары сияқты мәселелер қай дәуірде де адамдарды толғандырып,
көкейлерінен кеткен ізденіске салды. Сөйтіп, әлем құбылыстарын түсіндіруге
талпынған әрекеттер дами берді. Ал қоғамдық өмірдің ілгері басуы, бір
кезеңнен екіншісіне өтуі, олардың сабақтастығы, өмір салтының материалдық
және рухани деңгейінің жоғарылауы, яғни еңбек өнімділігінің артып,
тәжірибенің молаюы дүниетанымдық ықыласты жетілдіре түсті. Осы факторлар
өмірдің негізгі мәселелерін ескерусіз қалдырмай, ол туралы түсініктерді
үнемі дамытып, тереңдетіп отырды.

Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары дүние және адам. Олар ажырамас
бірлікте. Яғни адамнан бөлектенген дүние және табиғат, сондай- ақ сыртқы
дүниемен салыстырылмаған адамның іс - әрекеті, ішкі рухани өмірі, әрқайсысы
өз бетінше дүниетанымды құрай алмайды. Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің
тағдыры мен өмірлік позициясы, сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір
көзқарастар аумағын кеңейтеді. Адам мен дүние арақатынастары бір - бірімен
жаңа байланыста қаралған сайын, сыртқы материалдық әлем және ішкі рухани
дүние туралы түсініктер тиянақталынады. Осыдан келіп дүниеге көзқараста 1)
әлем, табиғат және қоғам туралы, олардың бірлігі туралы, 2) адам және оның
дүниедегі орны туралы 3) болмыс пен болашақтың мән - жайы туралы көңілге
қонымды түсініктер қалыптаса бастады.

Дүниетанымның, дүниеге көзқарастың тұтастығын құрастыратын негіз- білім.
Ертедегі ойшылдар тек білім ғана надандықты жоятынын, қала берсе, халық пен
халықты теңестіретін күш екеніне кәміл сенді. Ештеңе білмейтін және
бірдеңе білейінші деп талпынбайтын адам өте нашар адам - деп ертедегі грек
философы Платон бекер айтпаған. Әл-Фараби бабамыз айтқандай: Білімді болу
деген сөз - белгісіз нәрсені ашу, игеру қабілетіне ие болу деген сөз. Ал
халық білім - ырыс қазығы дейді. Білім тереңдеген сайын, ғылыми арнаға
түскен сайын одан бастау алатын дүниеге көзқарас та нақтыланып.
ерекшеленіп, жүйелік тұрақтылық сипатқа ие болды. Білім адамның көкірегіне
қоныс теуіп, санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің елегінен өтіп барып,
сенімге айналады. Сенім - дүниеге көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы,
адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істеген іске, ұмтылған мұрат
мақсатына деген беріктігі, сенімі берік адамның көзқарасы, дүниетанымы
нақты, ісі қонымды, бағыты қашан да айқын.

Дүниеге көзқарас адам қызметіне, оның белсенділігі мен әлеуметтік бағдарына
шешуші ықпал етеді. Сондай-ақ, дүниеге көзқарастың қалыптасуы мен дамуының
өзі табиғи әлеуметтік және нақты мәдени ортаға тәуелді. Осы тұрғыдан
алғанда дүниеге көзқарастарды ғылыми және ғылыми емес, қарапайым деп бөлуге
болады.

Дүниеге көзқарастың кең тараған түрі - ғылыми емес, қарапайым көзқарастар.
Олар күнделікті қызмет - әрекет барысында қалыптасады. Өмірдің қалған
салаларына назар аудармайды, жеке фактілерден нәр алып, олардың сапалық
ерекшеліктерін ескере бермейді. Дәйекті білімнен гөрі жалпылама. сыдыртпа
білімпаздық басым. Сөйтіп, қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни және
ғылыми көзқарастар, материалистік және идеалистік ағымдар араласып, шатысып
жатады.

Ал тарихи тұрғыдан алғанда қоғамдық өмірдің болмысы мен санасының жетілу
дәрежесіне байланысты дүниеге көзқарастың мифологиялық, діни,
натурфилософиялық және философиялық түрлері қалыптасты. Адамзат қоғамымен
бірге қалыптасқан мифологиялық дүние көзқарасына тән нәрсе - адам қоршаған
ортадан өзін ажырата алмауы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия ұғымы, мақсаты және міндеті
Әлеуметтік философияның функциялары
Әлеуметтік философия түсінігі
Қазіргі заманғы әлеуметтiк философия пәнi
Философия: пәні мен функциясы
Философиялық тарих
Философия функциясы
ХХ ғасырдың философиясы
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
Қоғам философиялық таным обьектісі ретінде
Пәндер