Тиімді нәтижеге жетудің мақсатты бағыты бар салық әкімшілігі бойынша жұмысы


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

«Налоги и финансы», №7(20), июль 2009

Заместитель начальника Налогового департамента по г. Алматы Марат Султангазиев

«Достичь положительного результата позволила целенаправленная работа по налоговому администрированию»

Тиімді нәтижеге жетудің мақсатты бағыты бар салық әкімшілігі бойынша жұмысы

Салық әкімшілігін жүргізу салық қызметі органдарының салық бақылауын жүзеге асыруы, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушілерге (салық агенттеріне) және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

Салықтық бақылау - Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, орындалуын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуын салық қызметi органдары жүзеге асыратын бақылау.

Салықтық бақылау екі нысанда жүзеге асырылады:

1) салықтық тексеріс нысанында;

2) мемлекеттік бақылаудың басқа да нысандарында.

Берілген нысандар аумағында салықтық бақылау келесілер жүзеге асырылады:

1) салық міндеттемесінің, мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару, әлеуметтiк аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;

2) бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібінің сақталуына бақылау;

3) акцизделетiн тауарларға бақылау;

4) трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау;

5) мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртiбiнің сақталуына бақылау;

6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру бойынша міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау жасау нысандарында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бақылаудың басқа да нысандары аумағында келесілер жүзеге асырылады:

1) салық төлеушiлердi салық органдарында тiркеу;

2) салықтық нысандарды қабылдау;

3) камералдық бақылау;

4) ірі салық төлеушiлерге мониторингi жасау;

5) салықтық зерттеу;

Салық әкімшілігін жүргізудің негізгі анықтамаларын көрсете отырып, маңызды категориялардың бірі- камералдық бақылауға тоқтала кетпекпін.

Бүгінгі күні салық органдарының жұмыс процестерінің көпшілігі автоматтандырылған. Салық төлеушілерді тіркеу есебі, дербес шоттарды жүргізу, салықтық есептілікті қабылдау және камералдық бақылау сияқты процестер негізінен салық түрлеріне байланысты, ұазіргі кезде негізгі салықтар - КТС және ЖТС бойынша автоматтандырылған іске қосу арқылы жүзеге асырылады.

Камералдық бақылау - салық төлеушi (салық агенті) табыс еткен салық есептiлiгiн, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу мен талдау негiзiнде салық қызметі органдары жүзеге асыратын бақылау.

Камералдық бақылау қатерлерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Камералдық бақылаудың мақсаты - салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған салық есептілігіндегі бұзушылықтарды салық төлеушіге дербес жоюға құқық беру.

Камералдық бақылау салық қызметі органдарындағы салық есептілігінің деректерін өзге де мемлекеттік органдардың салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерімен, сондай-ақ әр түрлі ақпарат көздерінен алынған салық төлеушінің қызметі бойынша деректермен өзара салыстырып тексеру жолымен жүргізіледі.

Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса беріле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама рәсімделеді.

Камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол табыс етілген (оны алған) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Салық төлеуші (салық агенті) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда, салық қызметі органдарына бұзушылықтар анықталған кезең үшін салық есептілігін ұсынады.

Салық төлеуші хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда салық қызметі органдарына анықталған бұзушылықтар жөнінде қағаз немесе электрондық жеткізгіште түсініктеме береді. Бұл ретте салық төлеуші салық қызметі органдарына осы тармақта көрсетілген түсініктемеге қоса салық есептілігінде көрсетілген деректердің дұрыстығын растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.

Мысалы, 2006-2007 жылдар аралығында ҚҚС бойынша автоматтандырылған іске қосулар арқылы 51631 бұзушылық анықталып, салық төлеушілерге хабарлама жіберілді. 2008 жылы 29782 бұзушылық анықталып, салық төлеушілерге хабарлама жіберілген болатын. Берілген хабарламалардың негізінде камералдық бақылау бойынша салық төлеушілерге 2, 9 млрд теңге қосымша есептелді.

Бұл салықтық есептіліктердің автоматтандырылған режимде сәйкес келуін тексеретін камералдық бақылаудың нәтижелері.

Уәкілетті органдардың мәліметтерімен камералдық бақылауды жүргізу мысалына мемлекеттік сатып алуға қатысатын салық төлеушілердің мәліметтерін өңдеуді жатқызамыз. Ол кезде кәсіпорынның алған табысы мен тауарлар немесе қызмет көрсетулерге кеткен, бюджеттен бөлінген ақша қаражаттарының сәйкестігі тексеріледі.

Жалпы 619, 1 млрд теңгені құрайтын, 2005-2008 жылдарда тендерлерді ұтып алған салық төлеушілердің саны 6251.

Берілген ақпарат бойынша белгіленген салық төлеушілердің салықтық есептіліктері талданады. Егер салық төлеушілер салық салу базасын дұрыс немесе толық көрсетпеген жағдайда салық төлеушілерге бұзушылықты өз бетімен түзетуге хабарлама жіберіледі.

2009 жылдың бірінші жартыжылдық нәтижесі бойынша салық төлеушілерге айтылған жағдай бойынша 2, 0 млрд теңге қосымша салық есептелген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы менеджменті қаржылармен басқару механизмі мен жүйесі ретінде
Мемлекеттік органдардың тиімділігі
Мектеп жұмысының жылдық жоспарының мазмұны
Экологиялық менеджменті және экологиялық басқару
Қаржылық басқару
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері
Мемлекеттін қаржысын басқару
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
Бастауыш сынып оқушыларын қазақ тілін оқытуда критериалды бағалаудың тиімілігі
Қазақстанның аймақтық экономикалық саясаты унитарлық мемлекет саясаты ретінде құралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz