Салық әкімшілігінің теориялық аспектілері


Бөлім. Салық әкімшілігінің теориялық аспектілері
Тақырып 1. Салық әкімшілігінің экономикалық мазмұны, мақсаты мен міндеті
Лекцияның мақсаты: салық әкімшілігінің теориялық аспектілерін оқып-үйрену.
Негізгі сөздер : салық, әкімшілік, салық жүйесі, салық әкімшілігі, бақылау, басқару, салық органдар.
Негізгі сұрақтар:
- Салық әкімшілігінің мазмұны және оның қалыптасуының теориялық негіздері.
- Салық әкімшілігінің мақсаты мен міндеті.
- Салық салу жүйесін жетілдіруге деген коцептуалды көзқарастар: ұйымдық - техникалық, ұйымдық - әдістемелік, әлеуметтік -экономикалық.
Салық әкімшілігі дегеніміз - бұл салық салу жүйесін мемлекет тарапынан басқару.
Көптеген экономистер салық әкімшілігін салық салуды басқарудың бір элементі ретінде қарастырады. Біздіңше, салық әкімшілігі қатысты түрде өзіндік ерекшелігі бар процесс болып табылады. Барлық күрделі жүйе сияқты, салық салу жүйесі де басқару объектісі болып табылады.
Жалпы айтқанда, салықтық басқару мемлекеттің әлеуметтік - экономикалқ басымдықтарына қарай бейімделіп отырады. Барлық басқару процессі сияқты бұл басқарудың түрі де салық жүйесін тұтастай болжамдау мен салық жүйесінің дамуын бюджет жүйесімен және барлық экономиканы тұтастай біріктіре отырып, салықтық процесстерді реттеуді, талдау мен бақылауды жоспарлауды білдіреді.
Салық әкімшілігі- салық салудың барлық мәселелерінің өкілеттілігі мен ерекше құқықтарымен, салық қызметімен және өзара байланыстағы салық төлеушілермен бөлініп алынған, мемлекеттік басқарудың әкімшіл-нұсқаушыл органы.
Салық әкімшілігі - салықтық әкімшіліктің өкілеттілігі мен қызмет ету құзыретінің аясында, оған мемлекет пен салық заңы бекіткен салықтық әкімшілікті жүзеге асыру.
Салықтарды басқару жүйесі -әдістемелік кешенді шараларды жүзеге асырады. Атап айтқанда:
- салық құрылымдарын оңтайландыру;
- оларды алудың механизмін жетілдіру, салықтық есептеу мен есеп берудің дұрыстығын тексеру мен ұйымдастыру;
- салықтарды дұрыс есептеуді бақылау, оларды өз уақытында және толық төлеу, бір жағынан салықтық органдардың заңмен бекітілген құқықтары мен міндеттерін сақтау, екінші жағынан олардың мүддесін қорғау мақсатындағы салық төлеушілердің;
- салық салу үрдісінің барлық мүшелерінің салықтық қатынастарын үйлестіру;
- түрлі деңгейдегі мемлекеттік басқару бюджеттерінің арасындағы салықтық түсімдерді бөлу;
- жинау және алынған нәтижені сараптау;
- соның негізінде жалпы салық жүйесін және жекелеп алғандағы салықты басқару жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау.
Салықтарды басқару, әдетте Бас салықтық басқарушысы болу принципінде басқарылатын, салықтық әкімшілік арқылы елдің барлық аумағында бірдей жүзеге асырылады.
Ұсынылатын әдебиет көзі, әдебиеттер тізімінен: 1-5, 7, 10, 11, 13, 21.
Тақырып 2. Салық әкімшілігінің даму және қалыптасу тарихы
Лекцияның мақсаты: салық әкімшілігінің даму және қалыптасу жағдайларын оқып-үйрену.
Негізгі сөздер : салық, әкімшілік, салық жүйесі, салық әкімшілігі, бақылау, басқару, салық органдар.
Негізгі сұрақтар:
- Салық әкімшілігін дамытудың тарихи аспектлері.
- Салық әкімшілігінің мемлекеттің фискалды саясатындағы алатын орны.
- Шет елдердегі салық жүйесінің қалыптасуының негізгі қағидаттары.
- Азия елдеріндегі басқа елдеріндегі салық қызметін ұйымдастыру және олардың салықтардың төленуіне деген бақылауы.
Бүгінде Қазақстан Республикасында салық әкімшілігін тиімді ұйымдастыру өзекті және шешілуі қиын мәселе. Өйткені ол мемлекет секілді, жеке меншік иелерінің мүліктік мүдделерін қорғау құралы болып табылады. Бүкіл салық әкімшілігі жүйесінің нақты қызмет етуінің басты шарты - ел бюджетінің табыс бөлімін қалыптастыруды қамтамасыз ететін, салық органдарының тиімді жұмысы болып табылады.
Салық әкімшілігі процедурасын дайындау мен салық заңдарын дайындау жөніндегі ұсыныстарды жасауда Қаржы министрлігінің жүргізіп жатқан жұмысында, дамыған нарықтық экономикасы бар шет елдердің тәжірибесін зерттеудің маңызы зор. Қазіргі Қазақстан экономикасының даму кезеңін ескере отырып, бұл тәжірибені қолдану, дайындалып жатқан нормативті және методикалық құжаттарды қазіргі халықаралық стандарттар мен талаптарға сай үйлестіруге мүмкіндік береді.
Мысалы, Франциядағы салық әкімшілігі - мемлекеттің конститутциялық қызметтерінің бірі. Ол салық төлеушілердің міндеттері мен құқықтарының арасындағы тепе-теңдікті ұстауды қамтамасыз етеді. Француз салық жүйесінің негізгі сипаттарының бірін атап өту керек: мұнда салық төлеуші салық төлемін анықтау үшін мәліметтерді өзі алып келеді, оған қоса салық сомаларының 90 пайызы өз еркімен төленеді. Негізгі принцип - кез-келген салық төлеуші әділ, осы тұжырымға сәйкес, салық заңдылығы да дамытылып тұрады, бұл тәжірибені Қазақстанда да қолдануға болады.
бақылауын жүзеге асыруы, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушілерге (салық агенттеріне) және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.
Экономикалық және қаржылық тұрақсыздық мемлекеттерді мақсатты, кешенді салық саясатын жүргізүдің жаңа жолдарын іздеуді талап етті. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан бірінші болып прогрессивті салықтық заңнаманы енгізді. Мемлекет басшысы көрсеткендей Қазақстанның 50 бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына кіру стратегиясында салықтық саясатты реформалау жолымен Қазақстан экономикасындағы салықты жаңғырту мен серпінді ету керек, яғни ол салықтарды жинаудың көбеюі, салықтар санын шектеу мен салық салу құрылымын жеңілдету жатады.
Салық әкімшілігін жүргізудің негізгі анықтамаларын көрсете отырып, маңызды категориялардың бірі - камералдық бақылауға тоқтала кетпекпін.
Бүгінгі күні салық органдарының жұмыс процестерінің көпшілігі автоматтандырылған. Салық төлеушілерді тіркеу есебі, дербес шоттарды жүргізу, салықтық есептілікті қабылдау және камералдық бақылау сияқты процестер негізінен салық түрлеріне байланысты, қазіргі кезде негізгі салықтар - КТС және ЖТС бойынша автоматтандырылған іске қосу арқылы жүзеге асырылады .
Салықтық заңнаманың тиімділігін жоғарылауы үшін кәсіпкерлік қызметтің әр түрлі сфераларындағы экономикалық шындықтардың құқықтық салықтық нормаларды орнату керек, себебі мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі жолы болып салықтық реформаның жетілдірілуі болып табылады. Бұл кезекте мемлекет салық салудың нақты шарттары жетілдіру жұмыстары жургізіледі, мемлекеттің ақпараттық жүйе бөліміндегі әкімшіліктің сапасын жоғарылатуы, камералды бақылауды қолдану, ол жыл сайын салықтық ауыртпалықты мемлекетте салықтық саясаттың орындалуына жауап беретін деңгейге дейін төмендеуге көмектеседі. Қарапайымдылық салықтық жүйенің негізгі аспектісі болып табылады. Өте қиын салықтық жүйелер салық әкімшілігін қиындатады, сонымен қатар төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұл жұмыс басымды болып табылады, себебі салықтар бойынша салық салу базасындағы нақты жоғалтуларды болдырмауды қарастырады. Тек 2008 жылы ғана фиктивті шот-фактураларды электронды орындау барысында, ҚҚС бойынша салықтық есептегі камералды бақылау түрі негізіндегі салықтық тексерулер 61 шаруашылық жүргізүші субьектілерде жүргізген 1121, 9 млн. тг сомасында қосымша салық есептелген, 372, 6 млн. тг сомасында салықтарды әкімшілік жолымен өндіріп алды.
Салық әкімшілігі - салық салу жүйесін мемлекет тарапынан басқару. Көптеген экономистер салық әкімшілігін салық салуды басқарудың бір элементі ретінде қарастырады. Біздіңше, салық әкімшілігі өзіндік ерекшелігі бар процесс болып табылады. Барлық күрделі жүйе сияқты, салық салу жүйесі де - басқару объектісі.
Салық әкімшілігі салық салудың барлық мәселелерінің өкілеттілігі және ерекше құқықтарымен, салық қызметімен және өзара байланыстағы салық төлеушілерімен бөлініп алынған мемлекеттік басқарудың әкімшіл-нұсқаушыл органы болып табылады. Сонымен қатар, салық әкімшілігі басқару әрекеті үлкен әлеуметтік маңызды сала. Салық әкімшілігінің кемшіліктері бюджетке түсетін салықтардың түсімін кенеттен төмендеуіне алып келеді. Салықтық құқық бұзушылықтың мүмкіндіктерін көбейтеді. Әкімшілік орталықтарымен аймақтардағы бюджетаралық қарым қатнастардың балансын бұзады. Соңғы нәтижесінде қоғамда әлеуметтік ауыртпалықтар оданда нашарлай түседі.
Ол салықтық әкімшіліктің өкілеттілігі мен қызмет ету құзыретінің аясында, мемлекет пен салық туралы заң бекіткен шараларды жүзеге асыру арқылы қызмет етеді.
Мәселен, салық төлеушілер көп жағдайда салық комитеті тарапынан тексерулердің қорытындысына шағымданады, сол сияқты артық төленген салықты қайта есептеуді, егер артық төлегендігі анықталған жағдайда оны иесіне кері қайтарады, бюджетке артық төленеген ҚҚС сомасын кері қайтаруды талап етеді және салық комитеті тарапынан болатын тесерулердің ұзақтығын сөз етеді.
Салық әкімшілігі салық заңдарын яғни Салық кодексі, заңдылық нормативтік актілерді т. б. орындалуын қадағалау.
Салық әкімшілігін жүзеге асыру іс жүзінде мемлекеттің қаржылық іс әрекетіне бағытталып, ақша қорларын құюға кететін және осы мемлекеттік қаржы жүйесінің құрамына кіретін табыстарды жинау болып табылады.
Салық әкімшілігі субъектісі - мемлекеттік салық қызметі, яғни тек салықтық тексеру жүргізуге құқығы бар орган - салық комитеті.
Салық әкімшілігінің объектісі - салық заңдылықтары бойынша заңды міндеттемелер жүктелген тұлғалар. Олар салық төлеушілер, салық агенттері, банктер, салық төлеуші туралы ақпараттары бар тұлғалар.
Салық төлеу пәні - тексерушілердің салық заңдары, Салық Кодексі, заңдылық нормативтік актілер және де ресми құжаттар бойынша атқаруға, орындауға тиіс міндеттері.
Салық әкімшілігінің мақсаты - салық заңдарын бұзушылық фактілерді немесе салық құқықтық қатынастарды қатысушының өз міндетін санасыз орындалғанын анықтау; айыптарды анықтау және оларды заңда бекітілген жауапкершілікке тарту; салық заңын бұзушылықты жою; қарыздарды өтеу бойынша шаралар қолдану түріндегі мемлекеттік материалдық қорғау; салық заңын бұзушылықтың алдын алу.
Салық әкімшілігін жүзеге асыру нысаны тікелей бақылау, сырттай бақылау болып бөлінеді. Тікелей салық бақылауына тексеру - тексеруші тұлға алғашқы құжаттарымен, салықтық есепке қатысты құжаттарды тексеруін талдау жасайтындығымен сипаттауға болады. Оның құжаттық, рейдтік, хронометражды түрлері бар. Сырттай салық бақылау - бақылау субъектісі мен объектісі тексеру жүргізу кезінде байланысқа түспей сырттай жүргізіле беретіндігімен сипатталып (камералдық) түрі.
Салықтық әкімшілігін өткізу уақыты - алдын-ала, қазіргі және ағымдағы немесе кейінгі түрлері болады.
Салықтық әкімшілік ішкі және сыртқы болып бөлінеді, бақылау объектісі бір ұжымдық жүйенің бөлімдерінде немесе ведомство аралық бағытттарға байланысты.
Салық әкімшілігі - салықтық тексеру немесе тапсыру мақсатындағы бақылау болады. Салықтық бақылау тексерілетін салық төлеуші туралы ақпараттарды жинау, жинаған ақпараттарды бағалау. Жинаған ақпараттар бойынша шамалау немесе мөлшерлеу кезеңдерінен тұрады. Құжаттар көздеріне қарай салықтық тексеру құжаттық және іс жүзінде деп бөлінеді. Іс-жүзіндегі тексеру - объектілердің сандық және сапалық жағдайларын зерттеу лабораториялық сараптама мен әртүрлі әдістер нәтижелерін шығару.
Салық әкімшілік теңдікті жетілдіруде «Салық аудитінің электрондық бақылауы (САЭБ) » ақпараттық жүйесін енгізу үлкен жетістік болып отыр. Бұл ақпараттық жүйе салықтық тексерулерді жүргізуді және жоспарлауды автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Салықтық тексеру тексеруге дайындау тексеруді жүргізу, тексеру нәтижелерін рәсімдеу, анықталынған салық заңын бұзушылықты жою үшін нұсқаманың қаулының орындалуын бақылау мерзімдерінен тұрады.
Салық кодескі бойынша салықтық тексерулер:
- құжаттық тексеру (кешенді тексеру, тақырыптық тексеру, қарама-қарсы тексеру) ;
- рейдтік тексеру (салық органының тіркеу есебіне тұруы, бақылау-кассалық аппараттарын дұрыс қолдану, лицензия және бір жолғы талон құжаттарын тексеру, акциздік тауарларды тексеру) ;
- хронометражды зерттеу (салық төлеушінің нақты табысы мен оны алуға кеткен нақты шығынын білу мақсатында салық органы жүргізеді) .
Салық менеджменті - салықты салуда және салықты өндіруді ұйымдастыру. Салық салуды ұйымдастыру - салық төлеушінің салық міндеттерін салық органы тарапынан заң аясында дер кезінде толық орындалуы. Салық міндеттемелері - салық төлеуші тіркеуге тұрған сәттен бастап салық кодексіндегі баптарға сәйкес салық түрлеріне қарай төлеуші болуына байланысты сол салық түрінің міндеттемелері Салықтық бақылау салық сомасын есептелінуін бақылау, есептелген салық сомасынан бюджетке өз уақытында және толық түсуін бақылауды жүргізілу шеңбері бар. Бақылау объектісіне қарай салық төлеушілер жеке тұлға мен заңды тұлға деп бөлінеді. Сонымен, салық менеджментінің құрамдас бөлігі оны өндіру мен салу кезіндегі салықтық бақылау объектісі болып табылады. Салықтық бақылаулдың ұйымдастыру барысы ғылыми негізделеді. Мысалы, салықты салуды ұйымдастыруда: есептелінетін салықты болжау мен жоспарлау, қабылдаған есептіліктегі салық сомасы және оны талдау, салық сомасының есептелінуін бақылау; салықты өндіруді ұйымдастыру: бюджетке түсетін салықтарды болжау мен жоспарлау, төленуге тиіс сомма мен оны талдау, салық соммасының бюджетке түсуін бақылау.
Салық төлеушiлердi мемлекеттiк тiркеу - салық төлеушi туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Салық төлеушiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу болып табылады. Мемлекет бұл тiзiлiмдi жасай отырып, салық төлеушiлер жайлы бiрқатар ақпаратпен, сонымен қатар, салық төлеушiлердiң санымен де хабардар болып отырады.
Қазақстан Республикасының салық төлеушiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi - салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуi мен уақытылы төленуiн бақылауды жүзеге асыру мақсатымен уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргiзетiн салық төлеушiлердi есепке алудың мемлекеттiк деректер базасы жүйесi .
Тiркеу есебi - салық төлеушiнi салық органында есепке қою, соның нәтижесiнде салық төлеушiнiң тiркеу деректерi, оның iшiнде салық төлеушiнiң тұрған жерi, оған салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердiң тиесiлiлiгi; салық төлеушiнiң тiркеу деректерiнiң ағымдағы өзгерiстерiн тiркеу; есептен шығару белгiленедi.
Салық төлеушi:
1) заңды тұлға, оның құрылымдық бөлiмшелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлға үшiн:
- заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлiмшесiнiң орналасқан жерi бойынша;
- қызметтi жүзеге асыру орны бойынша;
- салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердiң орналасқан және тiркеу орны бойынша;
2) жеке тұлға, соның iшiнде жеке кәсiпкер үшiн:
- резидентке - тұрғылықты жерi бойынша;
- резидент емеске келген орны бойынша;
- салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердiң орналасқан және тiркеу орны бойынша;
- кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру орны бойынша салық органдарында тiркеу есебiне тұруға мiндеттi.
Жеке тұлғалар салық мiндеттемелерi туындаған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк тiркеуден өту және салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн алу үшiн салық органына өтiнiш жасауға мiндеттi.
Заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында олар мемкеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк тiркеуден өту және салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн алу үшiн салық органына өтiнiш жасауға мiндеттi.
Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi дегенiмiз салық төлеушi ретiнде оны мемлекеттiк тiркеу және Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне ол туралы мәлiметтердi енгiзу кезiнде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң барлық түрлерi бойынша салық төлеушiге берiлетiн бiрыңғай нөмiр.
Салық төлеушiлердi мемлекеттiк тiркеу және тiркеу есебiне алу тәртiбiн, сондай-ақ тiркеу және есептен шығару туралы өтiнiштерге қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi. Сондай-ақ салық салу объектiлерiнiң есебiн жүргiзу тәртiбiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырса, салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жасау және жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Салық төлеушiлердi тiркеу есебiн жүзеге асыру кезiнде салық қызметi органдары мынадай:
- заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi және таратуды жүзеге асыратын;
- статистика жүргiзетiн;
- салық салумен байланысты объектiлердi және салық салу объектiлерiн есепке алуды немесе тiркеудi жүзеге асыратын;
- лицензиялар, куәлiктер немесе рұқсат беру мен тiркеу сипатындағы өзге де құжаттарды беретiн;
- жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жерi бойынша тiркеудi жүргiзетiн;
- азаматтық хал актiлердi тiркеудi жүзеге асыратын;
- нотариаттық iс-әрекеттердi жасауды жүзеге асыратын;
- қорғаншылық пен қамқоршылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органдармен;
- Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн басқа да уәкiлеттi органдармен өзара iс-әрекет жасайды. Аталған органдар салық органдарына салық төлеушiлер жайла мәлiметтердi оларды тiркеу мақсатымен хабарлап отыруға тиiс.
Салық бақылауы салық тексерулерi арқылы жүзеге асады деп айтсақ қателеспеймiз. Өйткенi салық бақылауы да салық тексерiсi де бiр арнада қызмет етедi.
Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламаны алған салық төлеушi, егер салық төлеушi салық тексеруi нәтижелерiне шағым жасамаса, оны хабарламада белгiленген мерзiмде орындауға мiндеттi. Егер салық тексеруiнiң аяқталуы бойынша салық заңдарын бұзу анықталмаған болса, салық тексеруi нәтижелерi бойынша хабарлама шығарылмайды. Осы тексерiстердiң нәтижесiнде салық бақылауы жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру кезiнде немесе қолма-қол ақша, банктiк төлем карточкалары, чектек арқылы қызмет көрсеткенде ақшалай есеп айырысу мiндеттi түрде фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану және бақылау чегiн беру арқылы жүргiзiледi.
Фискальды жады бар бақылау-касса машиналары тауарлар сату мен қызметтер көрсету кезiнде ақшалай есеп айырысуды тiркеу үшiн пайдаланылатын, ақпараттың маусым сайын түзетiлмей тiркелуiн және энергияға тәуелсiз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететiн, фискальдық жады блогы бар электронды құрылғылар және банктiк компьютерлiк жүйелер. Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану мен пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етiлген Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiн және оны қалыптастырудың ережесiн бекiтедi.
Салық органдары:
- фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолданылу және пайдаланылу тәртiбiнiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
- салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу бойынша салық төлеушiнiң салық мiндеттемелерiн орындау жөнiндегi салық тексерулерiн жүргiзу кезiнде фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарының фискалдық блогындағы сақтаулы деректердi пайдаланады. Осы аталған ережеге сәйкес салық органдары бақылауды жүзеге асырады.
Ұсынылатын әдебиет көзі, әдебиеттер тізімінен: 1-5, 7, 10, 11, 13, 14, 15, 21.
Тақырып 3. ҚР салық әкімшілігінің қазіргі кездегі жағдайы
Лекцияның мақсаты: салық әкімшілігінің қазіргі кездегі жағдайларын оқып-үйрену.
Негізгі сөздер : салық, әкімшілік, салық жүйесі, салық әкімшілігі, бақылау, басқару, салық органдары.
Негізгі сұрақтар:
- Нарықтық қатынастардың даму кезеңіндегі салық әкімшілігінің ерекшеліктері.
- Салық әкімшілігінің нысандары мен түрлері.
- Салық әкімшілігін жүзеге асырудың қағидалары
3. 1 Салықтық әкімшілік тиімділігін арттыруды жетілдіру жолдары
Қазіргі кезде салық әкімшілігін жүзеге асыруда бірқатар проблемалық мәселелер туындауды. Оған дәлел ретінде, соңғы кезде салық әкімшілігі саласында жүргізіліп жатқан реформаларды айтуға болады. Үстіміздегі жылы қолданысқа енген жаңа Салық кодексін жүзеге асыру кезінде маңызды мәселенің бірі - салық әкімшілігі болып табылады. Ондағы көтеріліп отырған проблемаларлың бірі - бизнес үшін салық әкімшілігінің процедураларын неғұрлым оңайлату, яғни салық қызметі органдарының салық төлеушілермен тікелей қарым-қатынасын азайту мақсатында салық есептілігінің электронды нысанасын мейлінше кең түрде практикаға енгізу. Салық кодексінде камералдық бақылаудың барлық түрлері мен процедуралырын, олардың рәсімделуі мен қолданылуын нақтырақ көрсету.
Салық әкімшілігінің обьектісі ірі шаруашылық субьектілердің қызметі болып табылады, себебі оның федералдық бюджеттің табысты бөлігінің қалыптасуына шешуші әсері бар.
Салық әкімшілігі салық саясатының сәтті қызмет етуінің негізін айқындайды. Салық әкімшілігінің саясатын құруда үш ең басты негізгі қағидасы бар:
- Ереже жеткілікті айқын және адал қабылдануы тиіс;
- Салық төлеуші және салық органдарының заңдарда бекітілген құқықтарының теңдігіне жету қажет;
- Әр түрлі бұзушылықтарға салынатын санкциялар салық дисциплинасын
қолдауға, сонымен қатар салық органдарындағы коррупциямен күрес[23] .
Салық жүйесінің айқындылық және адалдық қағидасы қарапайым салық заңдарын талап етеді. Мұндай заңнамалық саясатты акциздерге, кедендік төлемдерге және ҚҚС-ға қатысты жүзеге асыру жеңілірек. Табыстарға салық салуда қарапайымдылыққа жету қыйынырақ, бірақ бұл мүмкін болады, егер салық ставкалар төмен, ал салық салу базасы кең болса. Анықтамалар нақты, ал процедуралар жақсы ойластырылған болуы тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz