Халықаралық валюталық нарыққа қатысушылар


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

1. 2 Халықаралық валюталық нарыққа қатысушылар

FOREX - әлемдегі ең үлкен нарық, ол әлемдегі капитал нарығының 90 ℅ үлесін қамтиды. Мыңдаған нарыққа қатысушылар - банктер, брокерлік фирмалар, инвестициялық қорлар, қаржы және сақтандыру рыноктары 24 сағаттың ішінде валютаны сату және сатып алумен, сонымен қатар бірнеше секунд арасында әлемнің барлық түпкірінде келісім шарт жасасады. Жаңа компютерлік жүйенің көмегімен спутникті канал байланысын бірыңғай глобальді желілерін біріктіре отырып, олар валюта қаражаты құралдар айналамын құрады. Ол барлық әлемдік мемлекеттердің ЖҰӨ ішінде бір жылдық сома бойынша ЖІӨ 10 есе артық болып табылады.

Электронды канал арқылы қомақты ақша массасын ауыстыру қажеттілігінің мақсаты - валюталық операциялар мемлекет шекараларының әр жақта орналаса отырып, әр түрлі нарық қатысушылар арасында экономикалық байланысты қамтамасыз етеді: мемлекетаралық есеп айырысулар, әр түрлі елдерге жөнелтілген тауарлар мен қызметтер үшін фирмалық есеп айырысулар, шетелдік инвестициялар, мемлекетаралық туризм мен іс-сапарлар. Мұнда ақша құрал қызметін атқара отырып тауарға айналады, өйткені әр валюта сұраныс пен ұсыныс операциялары әр түрлі іскерлік орталықта уақыт бойынша өзгеріп отырады, соған байланысты валюта құны да өзгереді. Халықаралық валюталық құрылғы құбылмалы валююта бағамы ретінде негізделеді. Валюта бағамын негізінен нарық анықтайды.

Вальюталық нарық 2 негізгі құрамдас бөліктен құралады: биржалық сауда нарығы мен нақты түрде банкаралық болып табылатын валюталық биржадан тыс нарық. FOREX-гі жүзеге асырылатын негізгі операциялар көлемі негізінен соған тиесілі.

FOREX - дәстүрлі мағынада нарық болып табылады. Оның бірыңғай орталығы жоқ, ол валюталық фьючерс сияқты нақты сауда орнын иеленбейді. Сауда дүние жүзінің жүздеген банктерінде бір уақытта телефон және компьютер негізінде жүзеге асырылады. Әр бірнеше секунд ішінде жүз миллиард доллар сатылады және сатып алынады, бұл аталған валюталық трейдингті құрайды.

FOREX (Foreiqn Exchanqe Market) - бір елдің валютасының сомасын белгілі мерзімде және белгіленген бағамда шет мемлекеттің валюта айырбасын жүзеге асыратын ғаламдық валюталық нарық. FOREX - нақты сауда орнын иеленбейді. Бұл үлкен жүйе, ол валюталық диллерлерді телекоммуникация арқылы өзара байланыстыра отырып, әлемдік қаржылық орталықта басты назарды аударатын және тәулік бойы үздіксіз жұмыс атқаратын механизм болып табылады.

Валюталық нарықтың негізгі қатысушылары коммерциялық банктер, валюталық биржалар, инвестициялық қорлар, брокерлік компаниялар, заңды тұлғалар, фирмалар сыртқы сауда операцияларын жүзеге асырады.

Валюталық нарыққа қатысушыларды қарастырайық:

Коммерциялық банктер

Коммерциялық банктер валюталық операциялардың негізгі көлемін орындайды. Банктер нарыққа басқа қатысушылардың шоттарын ұстайды және олармен қажетті конвесионды және депозитті-кредиттік операцияларды орындайды. Банктер валюталық конверсиялар кезінде нарықтың жиынтық қажеттіліктерін шоғырландырады (клиентпен операциялар негізінде) және де қаражаттарды тарту, орналыстыру, сонымен қатар олармен басқа банктермен қарым-қатынас жасайды. Клиенттің өкілдіктерін қанағаттандырумен қатар, банктер өз қаражаттарымен дербес операциялар жүргізе алады.

Дүниежүзілік валюталық нарықта күнделікті операциялар көлемі миллиард долларға жететін ең ірі ұлтаралық банктер ықпал етеді. Бұл банктерге: Deutsche Bank, Barclays Bank, Union Bank of Switzerland, Citibank, Chase Manhattan Bank, Standard Chartered Bank жатады. Сонымен шағын банктер саны арасында валюта айырбас операцияларының жоғары шоғырландарылғандығын көруге болады. 3\4 астам күндізгі валюталық нарықтың айналымы 1000-нан астам әлемдік банктер арқылы өтеді.

Орталық банктер

Орталық банктер - валюталық резервтерді басқарумен, сонымен қатар валюталық бағамның деңгейін қалыпты ұстау үшін валюталық интервенцияларды жүзеге асырады. Валюталық бағамның динамикасына әсер ететін ірі орталық банктер болып АҚШ-ң федералдық резервтік жүйесі (US Federal - FED), Германиялық Бундесбанк (Deutshe bundesbank - Buba), Англиялық Банк (Bank of Enqland - Old Lady), Жапония банкі (Bank of Japan BOJ) .

Валюталық биржалар

Ауыспалы экономикасы бар бірқатар елдерде валюталық қорлар ұйымдастырылған, яғни олардың функцияларына заңды тұлғалар үшін валютамен айырбас жүргізіледі және нарықта валюталық бағамды құру кіреді. Мемлекет биржалық нарықтың бірыңғайлылығын қолдана отырып, айырбас курсының деңгейін белсенді түрде реттейді.

Валюталық брокерлік фирмалар

Олардың функацияларына шетел валютасы сатып алушы мен сатушы туралы ақпарат және олардың арасындағы конверсионды немесе ссуда-депозитті операциялық кіреді. Өздерінің делдалдың қызметінде брокерлік фирмалар мәлім сомасынан % түрінде брокерлік комиссия алады.

Сұралымды бағам мен мөлшерлеме туралы ақпаратқа ие бола отырып, брокерлік фирма жасалған мәмілелер бойынша нақты валюталық курс және нақты % ставканың қалыптасатын орын болып табылады. Коммерческие ағымдағы курс деңгейі туралы ақпаратты брокерлік фирмадан алады.

Халықаралық валюталық нарықта Lasser Marshall, Bierbaum, Harlow Butler, Tullet and Tokyo, Coutts сияқты брокерлік фирмаларлар танымал болып табылады.

Конверсиалдық және депозиттік операциялар бойынша Ресей нарығында брокерлік қызметті мына компаниялар ұсынады: Intermoney Financial Products, Банкаралық қаржылық үйі, Ресейлік халықтық валюталық қор биржа, қызметті мына компаниясы АДИКС.

Шетелдік активтер салымын жүзеге асыратын компаниялар (Investment Funds, Money Market Funds, International Corporations)

Халықаралық инвестициялық қор болып табылады, бұл компаниялар активтер қорын басқаруда үкіметтің бағалы қағаздармен әртүрлі мемлекеттің қаражаттарды орналастыра отырып диверсифицирленген саясатты жүзеге асырады. Диллерлік тілде оларды жай ғана қор немесе funds деп аталады. Джордж Сарастың " Quantum" валюталық қоры алып-сатарлықты жасайтын әйгілі қор болып табылады.

Бұл фирма түріне сонымен қатар шетелдік өндірістік инвестицияларды жүзеге асыратын ірі халықаралық корпорациялар жатады: филиалдарды құру, бірлескен кәсіпорындар және тағы басқалар. Мысалы: Ксерокс, Нестле, Дженерал моторс, Бритиш петролиум және тағы басқаралар.

Жеке тұлғалар

Жеке тұлға шетелдік туризм, еңбек ақыны, зейнетақыны, қаламақыны аударуды, қолма-қол валютаны сату және сатып алу сияқты кең көлемді сауда емес операцияларды жүзеге асырады.

Сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыратын фирмалар

Дүниежүзілік саудаға қатысатын компаниялар шетел валюталарына (импорттарға байланысы) қалыпты сұранысты, ұсынысты көрсетеді және шетел валютасын (экспорттаушыға) ұсынады, сонымен қатар қысқа мерзімді депозиттерге бос валюталық қалдықтарды орналастырады және тартады. Сондай-ақ валюталық нарыққа тікелей шығатын мекемелер коммерциялық банктер арқылы конверсионды және депозиттік операцияларды жүргізеді.

Сыртқы сауда операцияларымен (импортерлар мен экспортеры) айналысатын компаниялар бүкіл әлемдік халықаралық валюталық нарықтағы FOREX-тің белсенді қатысушысы болып табылады. Экспортерлардың қызығушылығы шетел валютаны сату болса, ал импортарлердікі оны сатып алу.

Халықаралық FOREX нарығында валюта бағамы әрдайым өзгерісте болады. Сондықтан сатылатын немесе сатып алынатын тауардың нақты бағасы өзгеріске ұшырауы мүмкін, табыс әкелет деген мәміле соңында шығынға әбден ұшыратуы мүмкін, бірақ та керісінше жағдай туу абзал. Компанияның мақсаты валюта бағамының өзгерсінен пайда табу болып табылмайды. Сауда компаниясының мақсаты - сатылатын және сатып алынатын тауардың нақты бағасын барынша дәлірек жоспарлау.

Экспорт-импорт операцияларымен айналысатын ірі компанияларда валюталық курсты болжамдайтын аналитикалық бөлімдер жұмыс істейді. Бірақ берілген болжамдар толығымен белгісіздікті жоюға мүмкіндік бермейді, сол себепті компаниялар валюталық тәуекелді хеджирлеуды кең түрде қолданылады.

Хеджерлеу дегеніміз не және ол бізге нені береді

Шетел валютадағы берілген ақша қаражаттары келешектегі табыстар мен шығыстар тәуекелге бейім болып келеді. Әдетте компанияның есебі қандай да бір валютада жүргізіледі (мысалы, АҚШ валютасында), шетел валютасындағы мақаланың артық бағалануы осы валюта бағамының әсерінен табыстар мен шығыстардың өзгеруі шетел валютасының мақаласының артық бағалануы себебінен болады.

Валюталық тәуекелді хеджирлеу дегеніміз бұл қаражаттарды қолайсыз валюталық бағамның қозғалысынан сақтау, яғни FOREX нарығында жасалған мәміле бойынша ағымдағы қаражаттардың құнын тіркеу. Хеджерлеу компаниясында валюта бағамының өзгеру тәуекелін болдырмауға тырысады. Ол жоспарлау қызметін жүзеге асыра отырып, қаржылық нәтижені көруге мүмкіндік береді. Жалақы, табысты есептеу, алдын-ала тауарға баға белгілеу бағамдық өзгерістерге ұшырамау есебінен ғана есептеуге мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі таңдағы валюталық нарық дамуының негізгі тенденциялары
Валюталық нарыққа қатысушылар
Валюталық нарықтар
Валюталық саясат - әлемдік шаруашылықтың маңызды саласы
Валюталық нарық
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйе
Валюталық бағам және валюталық нарық
Валюта түсінігі, мәні және құрылымы
Қазақстандағы валюта нарығының қалыптасу мәселелері
Жаңа тауарға баға белгілеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz