Педагогикалық практика бойынша есеп


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Экономика және бизнес факультеті

Экономикалық теория кафедрасы

Педагогикалық практика бойынша есеп

Магистрант: Оразалы Қ. О.

Мамандығы: Экономика және құқық

Курс: 2

Бөлім: қазақ / күндізгі

АЛМАТЫ, 2008ж.

МАЗМҰНЫ

МАГИСТРАНТ-ПРАКТИКАНТТЫҢ КҮНДЕЛІГІ . . . 3

Педагогикалық практика бойынша бағалау қағазы . . . 4

  • Магистрант-практиканттың күнделігінің мазмұны . . . 5
  • Оқу жұмысы бойынша магистранттың жеке жоспары . . . 6

ЕСЕП . . . 7

Педагогикалық практика жөніндегі есеп . . . 8

Мінездеме . . . 10

Студенттер тобының әлеуметтік-психологиялық паспорты . . . 11

  • Топтың әлеуметтік-демографиялық құрамы . . . 11
  • Топтың қоғамдық-саяси бейнесі . . . 11
  • Кәсіптік бағдар және студенттердің оқу мазмұны . . . 11
  • Топтың әлеуметтік құрылымы, ондағы тұлғааралық қатынас . . . 12
  • Қорытындылар мен ұсыныстар . . . 12

Студенттің жеке тұлғасына психологиялық-педагогикалық мінездеме . . . 13

Технологиялық карталар . . . 15

  • № 1 лекцияның технологиялық картасы . . . 15
  • № 2 лекцияның технологиялық картасы . . . 19
  • № 3 лекцияның технологиялық картасы . . . 23
  • № 1-2 семинар сабақтарының технологиялық картасы . . . 26

Талқылау протоколдары . . . 27

  • № 1 лекцияны талқылау протоколы . . . 27
  • № 2 лекцияны талқылау протоколы . . . 29
  • № 3 лекцияны талқылау протоколы . . . 31
  • № 1-2 семинар сабақтарын талқылау протоколы . . . 33

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Экономика және бизнес факультеті

Экономикалық теория кафедрасы

Педагогикалық практика бойынша магистрант-практиканттың күнделігі

Магистрант: Оразалы Қ. О.

Мамандығы: Экономика және Құқық

Курс: 2

Бөлім: қазақ / күндізгі

АЛМАТЫ, 2008ж.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Экономика және бизнес факультеті

Экономикалық теория кафедрасы

Педагогикалық практика бойынша «Экономика және Құқық» мамандығының 2-курс магистранты

Оразалы Құралай Оразалықызының

Бағалау қағазы

А. Ж. Т.
Баға
Қолы
Күні
№: 1
А. Ж. Т.: Ғылыми жетекші: э. ғ. д., профессор Шеденов Ө. Қ.
Баға:
Қолы:
Күні:
№: 2
А. Ж. Т.:

Педагог: оқытушы

БАШИРОВА Ж. Р.

Баға:
Қолы:
Күні:
№: 3
А. Ж. Т.:

Психолог: аға-оқытушы

Садыкова Н. М.

Баға:
Қолы:
Күні:
№: 4
А. Ж. Т.:

Пед. практика кураторы: э. ғ. к., доцент

Садыханова Г. А.

Баға:
Қолы:
Күні:
№:
А. Ж. Т.: ҚОРЫТЫНДЫ БАҒА
Баға:

Практиканы жүргізу орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Экономика және бизнес» факультеті.

Адресі: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71.

  • Магистрант-практиканттың күнделігінің мазмұны
ҚЫЗМЕТ ТҮРІ
ӨТКІЗІЛГЕН КҮНІ
ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
ҚЫЗМЕТ ТҮРІ: Методикалық күнге қатысу
ӨТКІЗІЛГЕН КҮНІ:

25. 01. 2008 (бейс. ),

12. 00-13. 30,

201 ауд.

ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ:

1. Психология және педагогика кафедрасының оқытушыларымен кездесу.

2. Практиканы жүргізуге қойылатын талаптарды және практика бойынша есепті толтыру жөнінде талқылау.

ҚЫЗМЕТ ТҮРІ: Кітапханаға бару
ӨТКІЗІЛГЕН КҮНІ:

7. 02. 2008 (жұма),

22. 02. 08 (сәрс. ),

10. 00-13. 00

ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ: 1. «Шығын теориясы» туралы мәліметтер іздеу
ҚЫЗМЕТ ТҮРІ:

Э. ғ. д., профессор

Ө. Қ. Шеденовтың лекциясына қатысу

ӨТКІЗІЛГЕН КҮНІ:

12. 02. 08 (сейс),

10. 15-12. 15,

№3 зал

ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ: «Тауар нарығы»
ҚЫЗМЕТ ТҮРІ: Карипбаев Жандостың (магистрант-практ. ) лекциясына қатысу
ӨТКІЗІЛГЕН КҮНІ:

15. 02. 08. (жұма),

12. 20-13. 10,

№3 зал

ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ:

Лекция тақырыбы:

«Экономикалық өсу».

ҚЫЗМЕТ ТҮРІ: № 1 лекцияны өткізу
ӨТКІЗІЛГЕН КҮНІ:

26. 02. 08 (сейс. ),

10. 15-12. 00,

225 ауд.

ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ:

Лекция тақырыбы:

«Шығындыр теориясы»

ҚЫЗМЕТ ТҮРІ: Кітапханаға бару
ӨТКІЗІЛГЕН КҮНІ:

27. 02. 08 (сәрс. . ),

14. 00-16. 00

ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ: «Өндіріс шығындары» тақырыбына формулалар мен тест дайындау.
ҚЫЗМЕТ ТҮРІ: № 1 семинар сабағын өткізу
ӨТКІЗІЛГЕН КҮНІ:

28. 02. 08 (бейс. ),

12. 10-13. 15,

214 ауд.

ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ: Семинар сабағының тақырыбы: «Қ. р. индустриялық инновациялық саясаты».
ҚЫЗМЕТ ТҮРІ: № 2 семинар сабағын өткізу
ӨТКІЗІЛГЕН КҮНІ:

04. 03. 08 (сейс. ),

12. 15-13. 15,

204 ауд.

ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ: Семинар сабағының тақырыбы: «Қ. р. индустриялық инновациялық саясаты».
ҚЫЗМЕТ ТҮРІ: № 2 лекцияны өткізу
ӨТКІЗІЛГЕН КҮНІ:

06. 03. 08 (бейс. ),

12. 20-13. 10,

№3 зал

ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ: Лекция тақырыбы: «Экономикалық даму және экономикс».
ҚЫЗМЕТ ТҮРІ: Карипбаев Жандостың (магистрант-практ. ) лекциясына қатысу
ӨТКІЗІЛГЕН КҮНІ:

07. 03. 08 (жұма),

15. 05-15. 55,

225 ауд.

ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ: Лекция тақырыбы: «Инфляция және жұмыссыздық».
ҚЫЗМЕТ ТҮРІ: Кітапханаға бару
ӨТКІЗІЛГЕН КҮНІ:

07. 03. 08 (жұма),

08. 03. 08 (сенбі. ),

13. 00-16. 00

ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ: 1. «БІлім беру экономикасы және жұмысбастылық».
ҚЫЗМЕТ ТҮРІ:

Э. ғ. д., профессор

Ө. Қ. Шеденовтың 1-курс студенттерінен курстық жұмыстарын қабылдауына қатысу

ӨТКІЗІЛГЕН КҮНІ:

10. 03. 08 (дүйс. ),

17. 00-18. 10,

№4 зал

ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ:

1. Студенттерге курстық жұмыстарды қорғауы барысында сұрақтар қою.

2. Нәтижесінде студенттерді бағалау.

ҚЫЗМЕТ ТҮРІ: № 3 лекцияны өткізу
ӨТКІЗІЛГЕН КҮНІ:

11. 03. 08 (бейс. ),

12. 20-13. 10,

№3 зал

ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ: Лекция тақырыбы: «БІлім беру экономикасы және жұмысбастылық».
  • Оқу жұмысы бойынша магистранттың жеке жоспары
Оқу жұмысы-ның түрлері
Сабақтың тақырыптары

Өткізу

күні

Уақыты
Ауд.
Ба-ға-сы

Оқытушының

қолы

Оқу жұмысы-ның түрлері: №1 лекция
Сабақтың тақырыптары: «Шығындыр теориясы»
Өткізукүні: 26. 02. 08 (сейс. ),
Уақыты: 10. 15-12. 00,
Ауд.: 225 ауд.
Ба-ға-сы:
Оқытушыныңқолы: Шеденов Ө. Қ.
Оқу жұмысы-ның түрлері: №1 семинар сабағы
Сабақтың тақырыптары: «Қ. р. индустриялық инновациялық саясаты».
Өткізукүні: 28. 02. 08 (бейс. ),
Уақыты: 12. 10-13-15
Ауд.: 214
Ба-ға-сы:
Оқытушыныңқолы: Шеденов Ө. Қ.
Оқу жұмысы-ның түрлері: №2 семинар сабағы
Сабақтың тақырыптары: «Қ. р. индустриялық инновациялық саясаты».
Өткізукүні: 04. 03. 08 (сейс. ),
Уақыты: 12. 15-13. 15
Ауд.: 204 ауд.
Ба-ға-сы:
Оқытушыныңқолы: Шеденов Ө. Қ.
Оқу жұмысы-ның түрлері: №2 лекция
Сабақтың тақырыптары: «Экономикалық даму және экономикс».
Өткізукүні: 06. 03. 08 (бейс. ),
Уақыты: 10-15 12-15
Ауд.: 225 ауд
Ба-ға-сы:
Оқытушыныңқолы: Шеденов Ө. Қ.
Оқу жұмысы-ның түрлері: №3 лекция
Сабақтың тақырыптары: «БІлім беру экономикасы және жұмысбастылық».
Өткізукүні: 11. 03. 08 (бейс. ),
Уақыты: 12. 20-13. 10
Ауд.: 225 ауд.
Ба-ға-сы:
Оқытушыныңқолы: Шеденов Ө. Қ.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Экономика және бизнес факультеті

Экономикалық теория кафедрасы

Педагогикалық практика бойынша есеп

Магистрант: Оразалы Қ. О.

Мамандығы: Экономика және Құқық

Курс: 2

Бөлім: қазақ / күндізгі

АЛМАТЫ, 2008ж.

Алматы қаласының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де практика өткен Экономика және бизнес факультетінің «ЭКОНОМИКА және ҚҰҚЫҚ» мамандығының 2-курс магистранты Қ. О. Оразалының педагогикалық практика жөніндегі есебі.

Оқытушы-методист

э. ғ. д., профессор Шеденов Ө. Қ.

ЖОО-ң, факультеттің қысқаша сипаттамасы:

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстан Республикасындағы жетекші жоғары оқу орны болып табылады. 1934 жылы құрылып, ол отандық ғылымның, техниканың, мәдениеттің және жоғары білімнің дамуына маңызды үлес қосып, үлкен және қиын жолдан өтті. Қазіргі уақытта әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 14 факультеттен, колледжден, квалификацияны көтеру институтынан, 7 ғылыми институттардан тұрады және де мұнда 15 мыңнан астам студенттер оқып жатыр.

Экономика және бизнес факультеті - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң біршама ірі факультеттерінің бірі, ол жоғары маманданған профессорлық-оқытушылық құрылымнан тұрады, келесі кафедраларды қосады:

  • Экономикалық теория;
  • Макро-микроэкономика;
  • Экономикалық теория;
  • Қаржы және аудит;
  • Маркетинг және коммерция;
  • Менеджмент және бизнес;
  • Есеп және аудит.

Факультет деканы - э. ғ. д., профессор ЖАТҚАНБАЕВ Е. Б.

Педагогикалық қызмет келесілерге үйретеді:

  • ғылыми әдебиеттермен, оқулықтармен және монографиялармен жұмыс істеуге;
  • экономикалық сферада өз біліміңді тереңдетуге;
  • аудиториямен қайтарымдылық байланыстарға қол жеткізуге;
  • аудитория алдында қорықпай сөйлеуге;
  • өз ойыңды анық, нақты және қысқаша түрде жеткізуге;
  • өз бетіңше жұмыс істеуге;
  • студенттермен шығармашылық ыңғайда жұмыс істеуге.

Бұл педагогикалық практиканың өзектілігі болып табылады.

Сабақтарды жоспарлау және өткізу:

3 лекция және 2 семинар сабақтары өткізілді. Сабақтар табысты өткізілді, лекция мен семинарлар тақырыптары толығымен ашылды. Материалды өте жақсы меңгеру үшін студенттерге есептер шығарудың жолдары көрсетілді.

Қорытындылар мен ұсыныстар:

Педагогикалық практика өте жан-жақты болып табылады. Практика бойынша жасалынған қорытындылар мен ұсыныстар:

  1. Оқытушылардың теоретикалық базасы болуы керек, оқытудың түрлі әдістерін біліп, нақты бір пәнге деген студенттердің қызығушылықтарын жаулай алуы қажет.
  2. Студенттермен әрдайым танымдық, патриоттық және эстетикалық тақырыптарда тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек.
  3. Лекция өткізудің әр түрлі методикасын қолданып, материалды тек жаздыртып қоймай, сонымен бірге лекцияларды әңгіме-сұқбат ретінде де өткізу қажет, себебі материал бұл жағдайда өте жақсы меңгеріледі.
  4. Лекцияны оқу барысында тақырыптың негізгі сұрақтарына аса назар аударып, оларды жаздырту керек.
  5. Материалдың қалайша меңгерілгенін тексеру үшін тақырып бойынша сұрақтар қою қажет.
  6. Фактілер мен нақты сандарды келтіру қажет.
  7. Нақты практикада кездесетін мысалдар айтылу керек.
  8. Сабақтарда әрдайым тәртіп пен дисциплинаны сақтау қажет.
  1. Педагогикалық практиканың э. ғ. д., профессор

ғылыми жетекшісі: ШЕДЕНОВ Ө. Қ.

2. Магистрант-практикант ОРАЗАЛЫ Қ. О.

Экономика және бизнес факультетінің

Макро-микроэкономика кафедрасының

«Экономика және құқық» мамандығының

2-курс магистранты

Қ. О. Оразалықызына

Мінездеме

Магистрант Оразалы Қ. О. 10. 09. 2007ж. -05. 12. 07№ аралығында «Экономикалық теория» кафедрасының базасында педагогикалық практика өтті.

Педагогикалық практиканың пассивті формасы кезінде лекциялар мен семинарлар конспектілерін, жоспарды құрудың методикасын тиянақты оқыды.

Педагогикалық практиканың активті формасы кезінде лекцияға және семинар сабақтарына өте жақсы дайындалды. Методикалық түрде лекциялар құрылымын дұрыс құрды. Лекция материалдары түсінікті және оңай тілмен түсіндірілді. Семинар сабақтарын өткізу кезінде теоретикалық материал есептер шығарумен тереңдетілді.

Семинар сабақтары мен лекцияның уақыттық шектері ЖОО-ң аудиторлық сағаттарына сәйкес болды. Оның өткізген сабақтары студенттер жағынан жоғары қызығушылықты көрсетті. Пән бойынша жоғары ғылыми білімдер методикалық базамен тереңдетілді. Сабақтарды өткізу формасы түрлі болды. Дәстүрлі семинар сабақтарынан басқа студенттерге тақырыпқа байланысты тест жүргізілді. Оразалы Қ. О. студенттермен қарым-қатынасты орнатып, оңай сөз таба білді.

Оразалы Қ. О. педагогикалық практика кезінде өзін тәртіпті, оқу процесіне жауапкершілікпен қарайтын және студенттердің толығымен материалды білуін талап ететін магистрант ретінде көрсетті.

Жүргізілген педагогикалық жұмыс «өте жақсы» бағасына бағалануы қажет.

Педагогикалық практиканың э. ғ. д., профессор

ғылыми жетекшісі: Шеденов Ө. Қ.

Студенттер тобының әлеуметтік-психологиялық паспорты

«Қаржы және аудит» тобы, 3 -курс, КА 04 К1

  • топтың әлеуметтік-демографиялық құрамы

Студенттер тобы 2004 жылы құрылған.

Жас бойынша ұжым біршама біртекті болып табылады. Жас айырмашылығы тек 1 жылды құрайды. Барлықтарының орташа мектептік білімдері бар. Студенттер Қазақстанның түрлі қалаларындағы қалалық мектептерді бітірді. Бұл топ 7 қыз бала мен 3 ұл баладан тұрады.

Топтың студенттері жұмыс істемейді. Топтың үлгерімдік деңгейі жалпы түрде жоғары деңгейде орналасқан. Топтың оқу жағынан дисциплинасы жоғары, нашар оқитын студенттер аз.

Топ мүшелері өз ұжымында ғана қарым-қатынас орнатып қоймай, сондай-ақ басқа да қазақ және орыс бөлімдерінде оқитын курстастарымен жақсы сөйлеседі.

  • топтың қоғамдық-саяси бейнесі

Топтың қоғамдық қызметінің негізгі түрі болып оқу табылады.

Бұл студенттердің түрлі ғылыми, әлеуметтік семинарларға, конференцияларға қатысуымен бейнеленеді.

Қиыншылықтар пайда болған кезде студенттер туылған мәселелерді шешуге тырысып, күш салады.

Студенттер біздің республикадағы, сонымен қатар шетелдегі түрлі оқиғалар жөніндегі ақпараттармен қамтылған. Студенттер үшін ақпарат алудың негізгі көзі болып теледидар, Интернет табылады.

Топ студенттерінің саяси өмірге қызығушылықтары жоғары.

Сессияны тапсырар алдында студенттер семинар сабақтары мен лекцияларға өте белсенді қатыса бастайды. Пәндерге деген қызығушылықтар жоғарылайды. Бұл жағдай барлық тапсырмаларды уақытында тапсыру және емтиханда жақсы баға алу қажеттіліктерімен байланысты.

  • топ студенттерінің кәсіптік бағдарлануы және оқу қызметі

Студенттердің көбісі болашақ мамандықтарын өз еркімен немесе ата-аналарының кеңесімен таңдады. Студенттердің көп бөлігі өз таңдауларына қуанып, өз еріктерімен білімдерін осы мамандық бойынша магистратурада жалғастырғысы келеді. Кейбір студенттер қазірден университет бітірген соң мамандандырылған зерттеушілік агенстволарға жұмысқа орналасуға шешім қабылдап отыр.

Студенттердің барлығы дерлік кәсіптері бойынша жеке жұмыс жүргізуге әлі қабілетті емес және практикалық білім мен тәлімнің аздығына байланысты өз кәсіптерінің талаптарына жауап бере алмаймыз деп санайды.

  • топтың әлеуметтік құрылымы, ондағы тұлғааралық қатынастар

Жүргізілген социометрлік сұраудың мәліметтерін талдай отырып, студенттер тобының ұйымшыл және татулы екенін айтуға болады. Топтың белсенді студенттерінің құрамы: Татибекова Гауһар, Абдикаримова Гауһар, Естай Меруерт, Жамбулова Аягөз, Тұрысбекова Айгерім.

Осы барлық студенттерді оқуда озат, белсенді, ұйымшыл және жауапкершіліктері мол студенттер ретінде сипаттауға болады.

Менің ойымша, бұл топтың студенттері бір-бірін өте жақсы біледі және түсінеді, тез арада ортақ тіл табысады және бұл олардың қызығушылықтарының бірегейлігімен және бірдей жастарына байланысты. Ұжым өте ұйымшыл және еңбекқор, сондықтан топ өміріндегі кез келген мәселені олар бірге шешеді. Топтағы жалпы интеллектуалды атмосфера орташадан жоғары болып табылады. Активті лекция және семинар сабақтарында жиі дискуссиялар мен пікір-таластар пайда болып жатады. Негізінен топ студенттерінің бір-біріне деген қамқорлықтарын және сыйластықтарын атап өтуге болады. Кейде ғана қиын жағдайларда шағын конфликтілер туады, бірақ осы қиыншылықтарға біріге отырып төтеп беру конфликтілерді тез арада жояды.

  • қорытындылар мен ұсыныстар

Меніңше, екі жылда бұл топ өте жақын достасып алды. Ұжым өте ұйымшыл, интеллектуалды дамыған, топ студенттерінің бірегей позитивті мақсаттары мен міндеттері бар. Университетті бітіргеннен кейін де бұл студенттер әрдайым кездесіп, араласып жүреді деп ойлаймын.

Студенттерге университетте болатын шаралар жөнінде алдын-ала айту керектігін, сондай-ақ оқытушылардың студенттердің таңдаған мамандықтарына деген қызығушылықтарын жоғарылату керектігін айтып өткім келеді.

1. Методист-психолог: аға-оқытушы

САДЫКОВА Н. М.

2. Магистрант-практикант: ОРАЗАЛЫ Қ. О.

Cтуденттің жеке тұлғасына психологиялық-педагогикалық мінездеме

Аты-жөні: Татибекова Гауһар

Туған жылы: 1987ж.

Мамандығы: «Қаржы және Аудит», 3-курс.

Денсаулығы: жақсы, жалпы физиологиялық дамуы нормада, өз жасына сәйкес келеді. Денешынықтыру сабағынан босатылмаған.

Мектепті бітірген жылы: 2004ж.

Жұмыс стажы жоқ.

Әлеуметтік тегі: жұмысшылар тобынан.

Ата-анасы: қызметкерлер.

Отбасы типі: толық.

Отбасындағы қарым-қатынастың стилі: қамқорлық.

Оқуға, еңбекке, қарым-қатынасқа қабілеті

1. Оқуға ынтасы: жаңа нәрселерді тану және өз-өзін жетілдіруге талпыныс ата-аналарының алдындағы жауапкершілікпен үйлеседі. Жалпы оқу үлгерімі өте жақсы. Негізінен макроэкономика, эконометрика және маркетинг пәндеріне қызығушылық танытады.

2. Интеллектінің ерекшеліктері: сұрақтарға жауапты алдын-ала ойластырады. Әрдайым өзіндік қорытындылар мен ұсыныстар жасайды, жиі өз мысалдарын келтіріп, ғылыми әдебиеттердің мысалдарын қолданады. Сабақта әрдайым жинақы және тиянақты.

3. Оқуға қабілеті: әрдайым өз қызметін жоспарлайды, өз-өзін жетілдіреді және өзіндік білім алумен айналысады. Білімінің деңгейін жоғарылатып, ешқашан да бір орында тұрып қалмайды.

4. Жұмысқа, еңбекке мол жауапкершілікпен және тәртіптілікпен қарайды.

Қоғамдық қызметі мен ынталылығы

Қазақстан мен шетелдің қоғамдық өміріндегі өз кәсіптік қызығушылық сферасында да, жалпыәлеуметтік сферада да жоғары қызығушылық танытады. Университет пен өз тобының қоғамдық өміріне белсенді қатынасады.

Жеке тұлғаның кәсібіне байланысты бағыт-бағдары және ерекше бейімділіктері

Болашақ мамандығына деген қызығушылығы өз еркінен туды.

Оқу процесінде университетте бұл қызығушылық жоғарылай түсуде. Ол мамандығы бойынша өзіндік жұмыстарға дайындалу жолында екенін, сондай-ақ ғылыми жұмысты жүргізуге қабілетті екенін айтады.

Қазіргі уақытта өз мамандығының талаптарына жауап бермейтіндігін айтады, себебі практикалық білімдері әлі аз. Болашақ қызметі, жалақысы туралы мәліметтерді және өз қабілеттері мен бейімділіктерін жақсы біледі.

Ұжыммен қарым-қатынасы

Гауһар топ старостасы болып табылады. Топта жоғары статусы бар және де тек курстастары ғана емес, сондай-ақ оқытушылары жағынан үлкен сыйластыққа ие. Бойында коммуникативтілік және сыпайылық тәрізді қасиеттер бар. Оқытушыларына сыйластықпен қарайды.

Мінез-құлқының ерекшеліктері

Негізінен өте белсенді және оптимисті болып келеді. Өз қызметтерін әрдайым жоспарлайды және анық құрылған жоспар бойынша жұмыс атқарады. Күнделікті нақты бір режимі бар.

Жалпы қорытындылар

Гауһар - білімді, жан-жақты тұлға. Әрқашан өз ойын білдіріп, өз кезегінде басқалардың да сөздеріне құлақ түреді. Ол - өте мақсатқа бағытталған және амбициозды қыз бала. Болашақ перспективті жас маман. Ол әрдайым өз-өзін жетілдіріп, өте көп әдебиеттер оқиды.

1. Методист-психолог: аға-оқытушы

САДЫКОВА Н. М.

2. Магистрант-практикант: ОРАЗАЛЫ Қ. О.

Технологиялық карталар

  • № 1 лекцияның технологиялық картасы

Тақырыбы: «Шығындыр теориясы»

Мақсаты: Студенттерге шығындар теориясының мәнін түсінуге көмектесу.

Міндеттері:

  • Білім берушілік: студенттерді шығындар теориясының және ондағы саясаттың жүргізілу тәртібімен таныстыру;
  • Дамушы: өндіріс шығынын оқудың маңыздылығы мен қажеттілігі жайлы студенттердің түсінуін дамыту;
  • Тәрбиелік: теориялық білімді практикада қолдана білу және есептерді дұрыс және логикалық түрде шешу үшін тиянақтылықты, назар аударушылықты дамыту.

Негізгі қарастырылатын сұрақтар:

- Шығындар треориясы

- Шығын түрлері және жіктелуі;

- Трансакциондық шығындар;

Негізгі әдебиеттер:

  1. Акимбеков. - А:, 1997г.
  2. Мамыров Н. К., Тлеужанова М. А. Макроэкономика. - Алматы, 2003г.
  3. Краткий курс макроэкономики. Под ред. Мухамедиева Б. М. - Алматы, 2004г.

4. www. akorda. kz/www/www_akorda_kz. nsf/sections?OpenForm&

Лекция құрылымы:

1. Ұйымдастырушылық кезең (5 мин. ) .

2. Өндіріс шығынының қызмет етуінің нәтижесін анықтау (15 мин. ) .

3. Трансакциондық шығындар(25 мин. ) .

4. Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуының негізігі мақсатын студенттермен талқылау (50 мин. ) .

5. Ұйымдастырушылық кезең (5 мин. ) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дипломалды практика бағдарламасы
Өндірістік практика бағдарламасы
Магистранттың пеадгогикалық практикадан өту құжаттары
МАГИСТРАНТТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ
Педагогика бойынша практика
Дене тәрбиесі сабағынан ашық сабақ өткізу
СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Университеттегі практика жетекшісінің бағалауы
Тәжірибенің мақсаты
СТУДЕНТТІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕ КЕЗІНДЕГІ БАҚЫЛАУ-ТІРКЕУ КІТАПШАСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz