Бағалы қағаздардың қалыптасуы мен дамуы туралы


І. Кіріспе бөлім
1. Бағалы қағаздардың қалыптасуы мен дамуы
2. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және оның құрылымы
ІІ. Негізгі бөлім
1. Бағалы қағаздар нарығының негізгі 3 моделі
2. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын құру
3. Бағалы қағаздарды шығару механизмі
ІІІ. Қорытынды бөлім
1. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының дамуын жетілдіру
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
1. бағалы қағаздардың айналысы қор биржасынан және несие жүйесінен басталады, ал нақты капитал өндіріс аясына қызмет көрскетеді;
2. жалған капиталдың мөлшері бағалы қағаздардың артылатын жиынтық бағасы, яғни бағалы қағаздардың бағалы қағаздарды сатудан түскен табысының капиталға айналуымен анықталады. Ал өндірістік нақты капиталдан түскен пайда сол нақты капиталдың өз мөлшеріне байланысты болады. Жалған капиталдың пайда болуын К. Маркс «капиталдану» деп атады. Ал капиталдану - мүліктің немесе нақты капиталдың ақша капиталына айналуы деген ұғым. (К. Маркс, Ф. Энгельс. Шығармалар, 25 том, 2 бөлім, 9 бет) жалған капиталдың мөлшерінің өзгеруі нақты капитал көлемінің өзгеруіне дәл келмейді. Жалпы алғанда, қалған капитал нақты капиталға қарағанда шапшаң өседі. Бұл жағдай акционерлік кәсіпорындардың тез дамуына, бағалы қағаздардан түсетін дивиденд пен процент мөлшерінің айырмашылығына және де бағалы қағаздардың кездері тез ұлғаюына байланысты болады.
Бағалы қағаздар нарығының кейбір элементтері 20-жылдары KСPO-да жаңа экономикалық саясат кезінде болған. Ал қазipri егемен Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 10-жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.
Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттеп тауар-ақша қатыстары және меншік қатынастары жағдайында дамуы мүмкін.
Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылықтардың орнына жүретін «символды» болғандықтан оны «қордың құндылықтары» деп те атайды. Сонымен қатар, бағалы қағаздар "қордың инструменті немесе құралы" болып та есептеледі. Себебі тек сол құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткізуге немесе сол құндылықтар бip субъектіден екіншіге ауысуына болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы капитал нарығының, яғни ақша және басқа материалдық құндылықтардың нақты қызметін көрсетеді.
Бағалы қағаздар нарығы - нарықтық экономикада көтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі. Бұл алдымен капиталды инвестициялау процесіне қатысты. Капиталды инвестициялау деген оның капиталға муқтаж өндіріс салаларына құйылуы, ал артық болған уақытта сол саладан кері алынуы. Капиталдың бұндай айналыс механизмі мынадан түсінікті. Мысалы, кейбір тауарларға немесе қызмет түрлеріне сұраныс өссе, онда соған сәйкес бағасы да өседi. Демек, оларды өндіруден пайда да өседі, сондықтан басқа салалардың өніміне сұраныс азайып, олардың экономикалық тиімділігі кеміп, ондағы капитал өніміне сұраныс өсіп тұрған салаларға құйылады. Бағалы қағаздар осы механизімнің қызметін қамтамасыз ететін құрал. Олар уақытында бос капиталды сату-сатып алу арқылы тиімді өндіріске бағыттап отырады.
Бірінші топ, бағалы қағаздар нарығына негізгі қатысушылар: мемлекет, жергілікті әкімшілік (органдары), ұлттық жане халықарлық компаниялар. Бұндай компаниялардың халық арасында жоғары атағы бар. Сондықтан олар шығарған бағалы қағаздар ешбір қиындықсыз өтеді. Нарық қағаздарды көп мөлшерде қабылдауға әрқашан дайын. Бұл қағаздар, әсіресе, мемлекеттік және жерплікті әкімшіліктің қағаздары, сатып алушыға жоғары табыс түсірмейді. Дегенмен, халыктың кейбір топтары (мысалы, зейнеткерлер, жалғыз басты адамдар, асыраушысынан айырылған отбасылар және с. с. табысы аздар) беретін табысы аз болсада, ceнімді қағаздарға өз қаржыларын жұмсауға мүдделі. АҚШ-та оларды "көк түбірлі" ("голубые корешки") деп атайды.
Екінші топ, инвестициялық институттар, немесе, бағалы қағаздар операциясын жүргізетін қаржы-несие институттары. Олар: коммерциялық және инвестициялық банктер, сақтандыру коғамдары, зейнетақы қорлары және с. с. ұйымдар.
Үшінші топ, жеке инвесторлар, яғни жеке адамдар, оның ішінде шағын кәсіпорындардың бағалы қағаздары қашан қауіптi. Статистика деректері дәлелденгендей олардың ¾ бөлігі ашылмай жатып жабылып қалады, тек ¼ бөлігі ғана кейбір табысқа жетеді екен. Әлемде кейбір шағын кәсіпорындар табысты және болашағы бар екенін дәлелдеді, мысалы, электронды-есептегіш техникалар, ракеталар, жоғары сапалы үй заттарын және сол сияқты өнім шығаратын өндірістер. Сондай-ақ кейбір шағын кєсіпорындары экспорт операцияларымен де табысты шұғылдануы (мысалы, жүннен тоқылған және теріден тігілген киімдер, галантерея заттарын шығарушылар) . Сондықтан халықты бірсыпыра тобы тәуекелге бел буып, жоғары дивиденд үміттеніп, осы кәсіпорындардың акциясын сатып алуда.
Төртінші топ, бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары, яғни брокерлер мен дилерлер. Олардың қолындағы хабарлар, керекті байланыс құралдары бағалы қағаздарды жүргізуге жеңілдік береді. Дилерлер қолында капиталы болғасын көптеген операциялар жүргізеді. Дағды бойынша, брокерлер мен дилерлер сатып алған қағаздарды өзінде көп ұстамайды. Олар нарық конъюнктурасы қолайлы болғанын сезсе, бағалы қағаздарды сатып жібереді. Себебі олардың ic-әрекеті -алыпсатушылық.
Бағалы қағаздар туралы Қазақстан Реапубликасының қазіргі заңдар. Қазіргі заңдар Республикада Конституциясы негізделген. Олар мемлекеттік және жеке меншікті мойындап, оларды бірдей қорғауға кері болады. Қазақстан Республикасында «Бағалы қағаздар туралы» заң 5 наурыз 1995 жылы шыққан. Ал 2. 07. 2003ж. өзгерістер енгізілген. Сонымен қатар, заңдар кәсіпшіліктің еркіндігін қамтамасыз етумен бірге бәсекенің адалдығын қорғайды. Осы негізгі бастамаларды біріктіретін Республиканың Азаматтық кодексінің (1994 жылы желтоқсанның 27 қабылданған) жалпы бөлімінде бағалы қағаздар мүліктік игіліктің бір түрі ретінде азаматтық құқықтық объектісі болып еркін айналымға арналғаны танылған. Азаматтық кодекстің 3 бөлімнің 2 бабында бағалы қағаздардың мазмұны көрсетіліп, олардың түрлері анықталып, бағалы қағаздарды шығарудың және оларды біругуге біздің негізгі ережелері мен талаптары бекітілген.
Бағалы қағаздар - ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрі болуы мүмкін: не заң жүзінде бекітілген жеке құлжат түрі, есепшотқа енгізілген жазу түрі. Егер басқа адамға иемденуші бірлсе бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше бірлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқын беретін құжатты сертификат деп атайды. Шығаруы жөнінен бағалы қағаздар, нарықтық және нарықтан тыс болып та екіге бөлінеді. Нарықтан тыс бағалы қағаздар - әлеуметтік-нарықтық қатынастардың дамуы негізінде пайда болған қағаздарды ерекше түрі. Оларға жинақ облигациялары, зейнетақы қорларының облигациялары депозиттік (салым) облигациялар және с. с. жатады. Жинақ облигациялары негізінен жеке тұлғалар арасында орналастырылады. Зеинетақы қорларының облигяциялары және зейнетақы облигациялары, оларға, мысалы, АҚШ-та жалданбай-ақ өз алдына қызмет істейтін адамдардың ақшасына шығарылған облигациялар жатады. Ал депозиторлы облигациялар қысқа мерзімді, орта мерзіді, ұзақ мерзімді болып үшке бөініп, тек жергілікті басқру органдарын ғана сатылады. Бұл ұйымдар шамалы болса да табыс єкелетін, бірақ салық телеуден босатылған өздерінің облигацияларын шығаруы мүмкін.
Бағалы қағаздарды шығаруды мемлекет органдары қатаң бақылап отырады. Оларды шығарушылардың барлығы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі жанындағы қағаздар жөніндегі тіркеуден мемлекеттік тіркеу номерін алуы қажет.
Бағалы қағазлар нарығын реттейту мемлекеттің ең маңызды міндеті. Ондағы мақсаты-байғалы қағаздармен келімімге қатысушылардың заңды мүдделері мен құқын сақтауды қамтамасыз ету. Бағалы қағаздар нарығында қызмет атқаратын қаржы институттарының ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға жүктелген. Республикада ондай органдар бойынша Бағалы қағаздар жөніндегі комиссия, Қаржы министрлігі, ұлттық банк Мүлікті басқару жөніндегі Мемлекеттік комитет және Жекеменшіктендіру жөніндегі Мемлекетік комитеті саналады. Осы бағалы қағаздар нарығының реттетін мемлекетік органдардың ең негізгісі - Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы 1995 жылдың қаңтарында анықталып, сол жылғы 21-дегі Республика Президентінің «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» жарлығына сәйкес оның құқықтық статусы, қызметі және өкілеттігі бекітілді.
Бағалы қағаздар нарығын мемлекетік реттеу ғылыми негізделіп, алдын ала дайындалған концепция жүгінгені дұрыс.
Еліміздегі нарықтық бағалы қағаздардың рөлі күннен күнге артып, ең бастысы мемлекеттік қарыздағы бағалы қағазға айналып келеді. Олардың жүзеге асыруының жүйелілігі жөнінде бірнеше себептер түсіндірілуде:
Біріншіден, құнды қағаздармен қамтамасыз ету елдің, үкіметтің мүліктерін, сондай-ақ болашақтағы бюджеттік түсімдерді неғұрлым қаражатпен қамтамасыз етеді;
Екіншіден, сауданың уақытты механизміне байланысты екінші реттегі олардың жоғары айналымдылығын арттырады;
Үшіншіден, нарықтың өтпелі кезеңінде дейін үкімет ішкі займдар шығару тәжірибесін меңгерссе де, қазіргі құнды қағаздардың орны бөлек;
Төртіншіден, Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі арасындағы байланыс құнды қағаздарды ұйым шығару мен оларды енгізу жөніндегі жекеленген даярлықты талап етпейді;
Бесіншіден, бұл сектордың құнды қағаз нарығындағы кәсіпқой қадрлардың даярлығы деңгейінің жоғарлылығында.
Ең бастысы - мемлекеттік құнды қағаздардың пайда болуы мемлекеттің ішкі қарыздарын реттеуде әрі қаржыландыруда. Бәрінен бұрын инфляцияны асқындырмау қажеттілігі үшін кәдеге асады. Оның қолданысы ел экономикасының қарыздарының жиынтығын өзгертуге, өзара қарыздану аумағын Қазақстан Республикасы көлемінде азайтуға септігін тигізбекші. Басқаша айтқанда, эмиссиялық әрекеттің ролін төмендегідей, бюджеттік дефицитті қаржыландырудың тиімді жолы болады. Екінші бір жағдайда бағалы қағаздар елдің қаржы - несие жүйесін қалыптастырудың қажеттілігі болмақ. Сондай-ақ бірінші кезекте Қаржы Министрлігі осы құралды пайдала отырып, валюталық базарда ақша аумағын әрі несие нарығын ұлғайту мүмкіншілігіне қол жеткізіледі делінуде. Нақты ұсынған мемлекеттік қарыздағы бағалы қағаздар айналым мелекеттік проценттің деңгейін өзгерте отырып, инвесторлар жағынан сұранысты арттырып, немесе азайтуына болады. Бұл өз кезеңінде валюталық әрі несиелік нарығы қаржы-қаражатын реттейді деп күтілуде.
Қазақстан қор нарығының қалыптасу жағдайындағы бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың жоғары тәуелдігі өз кезегінде оларды төмендетуге қолайлы құралдарды іздестіруді қажет етеді. Олардың біріне - опциондық сауданың дамуы жатады.
Өнеркіәсіптік кәсіпорындарды акционерлеу барысында опциондар кеңірек дамыды. Осыған байланысты акционер енетін кәсіпорындардың акцияларын жеңілдікпен сатып алу құқығы қамтамасыз етіледі. Опционды сатушы, оның акцияларының сату нарығына белгілі бір кепілдік алады. Тиісті бағалы қағаздардың меншік иесі болмай-ақ, бірақ оларға құқық алатын опционды иеленуші, қатыс нәтижесіне айналғанға дейінгі уақытқа бұл құқықты қолына ұстап қалады. Қолайсыз жағдай туған кездері опционды иеленуші тиісті кантрактіге сәйкес тез арада қайта сата отырып, зиянды төмендетеді.
Сөйтіп, опцион деп кантрактіде көрсетілген мерзім ішінде әрекет ететін, тұрақты бағада белгілі бір акциялар санын сатып алу немесе сатуға құқық беретін кантрактіні атайды.
Қоp биржасы деген бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын негізгі нарық орны. Қор биржаларында ipi банктер қожалық; етеді.
«Биржа» деген термин ежелгі грек сөзі - "бурзэ", яғни эмиян деген мағынаны аңғартады. Алғашқы қор биржасы XVI ғ. Голландияда бағалы қағаздар (облигация, содан кейін акция) шығару және сату үшін пайда болған. Ал XVII ғ. биржалар тауар және қор биржасы болып бөліне бастады. Қор биржаларының ең кең түрде дамыған кезі капитализмнің монополизм сатысына өту кезі, яғни ХХ ғ. бас кезі. Ол уақытта қор биржаларының негізгі операцялары өндіріс кәсіпорындарының акцияларын шығару және сату болды. Биржа өнеркәсіп циклын және жалпы елдің экономикасы мен саясатындағы өзгерістерді қадағалап отыратын барометр сияқты. Сондықтан қор биржасы өнеркәсіптің өрістеу фазасында экономиканың өcyiн, ал дағдарыс фазасында оның баяулауына себепші болады.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде биржалар бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы,
-қор биржасы (бағалы қағаздар сатады) ;
-валюта биржасы;
-тауар биржасы;
-еңбек биржасы.
Сонымен, биржа-нарықтың ұйымдасқан тура, онда сұраным мен ұсыным негізінде тауармен, бағалы қағаздармен сауда жасалады және қызметкерлер жалданады. Ол - сатушылар мен сатып алушылар
келісімге келу үшін кездесетін орын.
Қор биржасы жеке кәсіпкерлік принципінде жұмыс істейдi (мысалы, Лондон, Нью-Иорк биржалары), немесе оны мемлекет ұйымдастырады (мысалы, Францияда, Италияда) . Қор биржасын ұйымдастыру және оны басқаруда әр елде көптеген өзгешеліктер бар. Қор биржасының жұмысы жарғы бойынша ұйымдастырылады. Жарғыда қор биржасын құру, оны басқару тәртібі және оның әрбір буынының қызметі, мүшелерінің құрамы және сол сияқты ұйымдастыру принциптері анықталады. Биржаның басшы органы болып биржалық комитет саналады, ал оньң мүшелерін брокер (немесе маклер) деп атайды. Олар бағалы қағаздар нарығында клиенттердің есебінен және солардың атағынан делдал болып операциялар жүргізеді. Себебі нарыққа клиенттердің өздері қатысуға болмайды. Брокерлер сол жұмысы үшін куртаж деп аталатын төлем ақы алады. Брокерлермен қатар өз есебінен ақша жұмсап алыпсатарлықпен айналысатын дилер де жүреді. Дилердің табатын пайдасы бағалы қағазды сататын және сатып алатын бағасының (курсының) айырмашылығына тең, ия болмаса клиент берген мәміле сомасының белгілі бір келісілген нақты проценті болуы мүмкін. Бұл әрине келісім шартта көрсетіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz