«ақ алатау жарық компаниясында» өткен өндірістік тәжірибе есебі


Мекен жайы: Алматы қ., Манас көшесі, 24 Б
Байланыс телефоны: (727) 376-18-03
Факс: (727) 277-54-87
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Т. РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
«ҚАРЖЫ » ФАКУЛЬТЕТІ
«ҚАРЖЫ» КАФЕДРАСЫ
Диплом алдындағы өндірістік практика
бағдарламасының орындалуы туралы
ЕСЕП
Практиканы өту орны
«АҚ Алатау Жарық Компаниясы»
Кәсіпорынның мекен-жайы
Алматы қаласы, Манас көшесі, 24Б
Студент
Кубеев Марлен
аты-жөні
Курс, топ
4-курс 410 топ
ҚазЭУ бойынша практика жетекшісі
Утеш Нурман
аты-жөні
Шаруашылық субъектісінен практика жетекшісі
Литвинова Светлана Георгиевна
Жоспар
Кірісп е
І Бөлім: АҚ "Алатау Жарық Компаниясының" міндеті мен мәні
1. 1 АҚ "Алатау Жарық Компаниясының" тарихы
1. 2 Компанияның бағдарламасы мен бағыттары
1. 3 АЖК басқаруының құрылымы
ІІ Бөлім: АҚ "Алатау Жарық Компаниясының" 2008-2010 жж. аралығында атқарылған қызметтері
2. 1 АЖК қаржылық техникалық көрсеткіштері
2. 2 2008-2010 жж. қаржылық жағдайын талдау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Мен Кубеев Марлен Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінің 4 курс студенті өзімнің өндірістік практикамды 13. 12. 2010-30. 04. 2011 жж. аралығында Алматы қаласы «Алатау Жарық Компаниясында» өткіздім.
Практика барысында, «АЖК» бөлімінің құрылымымен, заңды және жеке тұлғалардың тапсыратын декларацияларымен, басқа да есептер мен қаржылық есеп беру материалдарымен, қызметтік хаттар, өтініштер және наразылықтарды қарау тәртібімен, есепке беру түрлері мен бланкалық материалдармен, төлем тапсырмалары, квитанциялар және т. б. құжаттарды толтыру тәртібімен таныстым .
Мен өз өндірістік практикамды, ең бастысы өз мамандығыма сай етіп таңдадым. Дәл осы жайттын арқасында маған бес ай мөлшеріндегі практикамды қызықты және де тиімді етіп өткізуге мүмкіндік болды, әрине бұл қуантарлық жағдай.
І Бөлім: АҚ "Алатау Жарық Компаниясының" міндеті мен мәні
- АҚ "Алатау Жарық Компаниясының" тарихы
2009 жылдың наурыз айында «АПК» АҚ-ының "Алатау Жарық Компаниясы" ("АЖК" АҚ-ы) ретінде атауы өзгертілді.
"Алматы Пауэр Консолидэйтед" АҚ-ы Қазақстан Республикасының энергетикалық секторын жекешелендіру аясында 1996 жылы құрылған.
2000 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстанның энергетикалық нарқынан бельгиялық "Трактебель С. А. " компаниясы кеткеннен кейін, АПК АҚ-ы «КазТрансГаз» ЖАҚ-ының басқаруына өтеді. 2007 жылдың 15 ақпанында АПК АҚ-ын қайта құрудың нәтижесінде келесі компаниялар құрылды:
- «Алматы Электр Станциялары» АҚ-ы (АлЭС АҚ-ы) - құрамына ТЭЦ-1, ТЭЦ-2, ТЭЦ-3, Қапшағай СЭС-і, Алматы Сарқырама СЭС-і, ЗТК, ЦПВТ сияқты кәсіпорындар кіретін энергия өндіруші компания.
- «Алматы Пауэр Консолидейтед» АҚ-ы ("АЖК" АҚ-ы) - құрамына АРЭК, ГЭРС кіретін энергия таратушы компания.
"АЖК" АҚ-ы - Алматы қаласы мен Алматы облысындағы өзінің қызмет ету аясындағы тұрғындарға, өнеркәсіптік және ауыл шаруашлық кәсіпорындарға электр энергиясын тасымалдау мен тарату бойынша республиканың оңтүстігіндегі ірі энергетикалық жүйе.
"АЖК" АҚ-ы табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік Тіркеудің Республикалық тармағына қамтылған.
"АЖК" АҚ-ның теңгерімдік керек-жарағы 220-110-35-10-6-0, 4 кВ кернеуге ие электрлік желі санаттарын қамтиды.
Компанияның құрамына:
- ұзындығы 306, 4 км-ге жететін 220 кВ электр таратқыштың ауа желілері;
- ұзындығы 2640, 9 км-ге жететін 110 кВ ауа желілері;
- 35 кВ кернеуге ие электр желілері - жалпы ұзындығы 2659, 1 км-ге жететін ауа және кабельдік желілер;
- ұзындығы 102, 9 км-ге жететін 10/0, 4 кВ-тық электр энергиясын таратқыш желілер кіреді.
АЖК қорына мыналар кіреді:
- 35 кВ және одан жоғарғы кернеуге ие 208 подстанциялар;
- 6-10/0, 4 кВ кернеуге ие 8 192 таратқыш трансформаторлық подстанциялар;
- жалпы қуаттылығы 6 567 МВА тең 6-220 кВ - 9 876 трансформаторлар.
Қазіргі таңда "АЖК" АҚ-ы Алматы өңірінің 2. 2 миллон тұрғынын электр энергиясымен қамтамасыз етеді.
"АЖК" АҚ-ы Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компаниямен (КЕGОC) бірлесе қызмет етуде әрі Орталық Азияның біртұтас Энергетикалық жүйесін бірлесе отырып құрайтын Қазақстанның, Өзбекістанның, Тәжікстанның, Қырғызстанның, Түркіменстанның басқа энергетикалық компанияларының сенімді серіктесі болып табылады.
Артықшылыққа ие қызмет бағыттары
- АЖК өзінің мақсаты ретінде тұрғындарды сенімді қызмет көрсетумен қаматамасыз етуді есептейді. Компанияда мейлінше күрделі міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін әртүрлі департаменттер мен бөлімшелердің тарапынан жиналған бай жұмыс тәжірибесі қолданылады;
- АЖК әрқашан өзінің қызметінің келесі жобалар арқылы ұсынылған қоғам мен қоршаған ортамен үйлесімді бірігуіне тырысады
- электр желілеріндегі коммерциялық және техникалық шығындарды қысқарту;
- подстанциялардың негізгі құрал-жабдығының жұмыстарының техникалық көрсеткіштерін жақсарту;
- қажетті еңбек қауіпсіздік шараларын сақтау;
- қоршаған ортаны қорғау ережелерін сақтау;
- әлеуметтік жабдықтауға тиісті құрмет көрсету;
Өз қызметінің барысында "АЖК" АҚ-ы тұтынушыларды электр көзімен сенімді әрі үздіксіз жабдықтауға қатысты мәселелер, сонымен қатар Алматы өңірінің электр желілерін тиімді дамыту мәселелерін басшылыққа алады.
Алматы Энергия Кешенінің барлық кәсіпорындары құрылымы мен мақсатына «Самұрық» Холдингке кіретін энергетикалық активтерді шоғырландыру, бірлестіктік басқаруды оңтайландыру, Қазақстандағы өндіруші қуаттардың бағдарламасын өңдеу мен жүзеге асыру кіретін «Самұрық Энерго» АҚ-ының басқаруында.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ы 2007 жылдың мамыр айында қолдағы өндіруші қуаттарды жаңарту мен жаңа өндіруші қуаттарды ендіру жөніндегі ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатты жасау мен жүзеге асыру мақсатында құрылған.
«Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" - Қазақстанның БЭЖ-сінің қарқынды қызмет етуін қамтамасыз ету мен Ұлттық электр желісін сенімді басқаруды жүзеге асыру негізгі мақсаты болып табылатын Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің жүйелік операторы.
Қазіргі таңда «АЖК»- Алматы қаласы мен Алматы облысының 2. 3 миллион тұрғынына және 21 мың кәсіпорнына электр энергиясын жеткізетін және 400-ден астам маманды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отырған табысты компания болып табылады. 2008 жылы компания 500 мың облигациясын орналастырып, «Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығының» жүйесін құру мен дамытуға 476, 9 миллион теңге мөлшеріндегі қаражатты тартты. 2008-2009 жылдың ішінде 11 ТҚО ашылып, оның жетеуі Алматы облысының өңірінің аудандық орталықтарында құрылған.
АҚ "Алатау Жарық Компаниясының" міндеті мен мақсаты
Біздің мақсаттарымыз:
- «АЖК» ЖШС-інің әрекет ету аудандарында сапалы әрі сенімді түрде электрмен жабдықтау (Алматы қаласы мен Алматы облысының өңірі) ;
- Өз қызметін жүзеге асыру барысында клиентке бағытталған беталысты жүзеге асыру;
- Сапалы қызмет көрсету.
Нарықтық құрылғы тұтынушыға негізгі құқықты - сапаға деген құқықты беріп отыр. Біздің мақсатымыз осы сапаны қамтамасыз ету болып табылады. Тұтынушы сапалы, яғни үздіксіз электрмен - өнімнің өзімен жабдықтаудан басқа, сапалы түрде қызмет көрсетуге ие болуы тиіс.
Мақсатқа, яғни сапалы қызмет көрсетуге - жетуге тырыса отырып, біз өзіміздің тұтынушымызға электрмен жабдықтаумен байланысты түрлі қызметтер ауқымын ұсынамыз: электр энергиясын «қосу-сөндіру», есеп-шоттарды түзету, тарифтік жоспарларды орындау, маркетингтік жоспарларды жүзеге асыру…
Компанияның міндеттері:
- Электр энергиясымен Алматы қаласы мен Алматы облысының 2. 3 миллион тұрғыны мен 21 мың кәсіпорнын қамтамасыз ету
- Мейлінше оңтайлы бағалар бойынша электр энергиясын сатып алу
«Алматыэнергосбыт» компаниясы мейлінше төменгі бағалар бойынша электр энергиясын сатып алу үшін жауап береді. Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі қуаттың жетіспеушілігінің негізінде бұл жағдай аса маңыздылыққа ие.
- Электр энергиясына қойылатын тарифтік құрылымның айқындығын қамтамасыз ету
«АЖК» компаниясы тұтынушылар мен жалпы халықты тұрақты түрде электр энергиясына қойылатын тарифтің құрылымы жөнінде хабарландырып отырады. Осылайша, қазіргі таңда тарифтің құрылымы мынадай көрініске ие: 55-тен 60%-ға дейін - бұл сатып алынатын электр энергиясының құны; 30% - бұл желілер бойынша сатып алынған электр энергиясын беру жөніндегі АЖК және KEGOC компанияларының қызметтер үлесі; 7% - бұл қосалқы қызметтер үлесі (реттеу, теңгеру, диспетчерлендіру) ; 3% - бұл "АЖК" компаниясының қызметкерлер құрамы.
Компанияның миссиясы:
Электр энергиясын тұтынушыларға электрмен жабдықтаумен байланысты толық қызметтер кешенін көрсету.
Біз әрбір клиентке жеке қызмет көрсетуге қолымыздан келгенін жасаудамыз. Біз өзіміздің клиенттеріміз үшін «жарықты беруші немесе сөндіруші» кескінсіз ұйым болып қана емес, сонымен қатар электр энергиясына жұмсалатын шығындарды жоспарлауға көмек көрсететін, өз қаражаттарын үнемдеуге, есептерді төлеуге шығындалатын уақытша шығындарды оңтайландыруға көмек қолын созатын серіктес болғымыз келеді.
Біз өзіміздің тұтынушымызға оның электр энергиясына жұмсайтын шығындарына ерікті түрде аудит жүргізушіге дейін және аталған мәселені оңтайлы түрде шешу жөніндегі ұсыныстарды жасауға дейін қол ұшын созғымыз келеді.
Біз күнделікті энергия кешеннің барлық қатысушыларымен бірге қаланың энергиямен жабдықталуының мейлінше сенімді болуы үшін барлық мүмкіндіктерді қолға аламыз. Тарифтің оңтайлы болуы үшін қолымыздан келгенінің бәрін жасаймыз және электр энергиясын мейлінше төменгі бағалар бойынша сатып алуға кез келген мүмкіндікті қалт жібермеуге тырысамыз.
Біз клиенттердің сапалы электр энергиясына қатысты және сапалы сервиске қатысты қажеттіліктерін мейлінше қанағаттандыруға тырысамыз.
Әрқашан біздің негізгі құндылықтарымыз ретінде Жауапкершілік, Қол жетімділік, Сенімділік, Сапа, Жаңашылдық, Айқындық және Өзара түсінушілік болып табылады.
Біз Қазақстанның ірі мегаполисі Алматының тұрақты тіршілік әрекетін қамтамасыз ету мен өңірдің әлеуметтік және экономикалық әл-ауқатын табысты түрде дамытуға барлық күшіміз мен мүмкіндіктерімізді саламыз!
- Компанияның бағдарламасы мен бағыттары
- Тұтынушыларға Электр Энергиясымен қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын ендіру мен Сервис деңгейін арттыру;
- Тұтынушылардың туындаған мәселелерін шұғыл түрде шешуге үндейтін тұрғындарға Қызмет Көрсету Орталықтарын құру;
- Орын алған жағдай жөніндегі шұғыл түрде мәлімет беретін Call-орталғын құру;
- Электронды төлем жүргізу жүйесін ендіру;
- Оқу орталығын құру;
- Клиенттік База мен жеткізушілер базасын сақтау мен кеңейту
- Шығындарды басқарудың тиімді жүйесін құру және жарамды кірістер деңгейін қамтамасыз ету;
Әрбір іскерлік үрдіс барысында әрбір қызметкер ИСО 9001:2000 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес әрекет ете отырып, шығындарды мейлінше азайтуға тырысады. Компания, жалпы алғанда, жаңа технологияларды ендіре отырып, мекеме қызметін қамтамасыз ете отырып, аталған қызметті тарифтік құрылымына ендірмейді.
- Энергия көзін сатудың жаңа технологияларын жасау мен ендіру,
іскерлік үрділерді автоматтандыру;
Есептерді жүргізу мен қызметтердің тарификациясын мейлінше жоғарғы деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін екі тілдік жүйені ендіру жоспарланып отыр. Аталған қызмет ең соңында тұтынушы үшін өте қолайлы болады - бұл жағдай қойылатын есептердің нақтылығына, электр энергиясының шығындарының оңтайлылығына әсер етеді. Сәйкесінше, екі тілдік жүйе электрмен жабдықтаудың сенімділігіне де әсер етеді. Клиенттердің (заңды және жеке тұлғалар) біртұтас базасын қолдаудың өзі қара ниетті төлем жасаушылардың тарапынан жасалатын қиянаттарды төмендетуге мүмкіндік береді. Дербес шоттар жүйесін құру, ең алдымен, тұтынушыларға еншілес құрылымдарға (заңды тұлғалар үшін), туған-туысқандарына (жеке тұлғалар үшін) ұсынылатын қызметтер бойынша өзара есептесуді бақылау мүмкіндігін алуға жағдай жасайды. Екі тілдік жүйе клиенттер үшін күрделі тарифтік жоспарлардың және бонустық бағдарламалардың болуын білдіретіні маңызды.
2014 жылға дейін аталған жоспарлардың бәрі Алматы қаласы мен Алматы облысындағы электр энергиясын тұтынушылар үшін шындыққа айналады.
- Тұтынушыға мейлінше сан алуан қызметтер түрін көрсету
Келісім шарттар жасасу, тұтынған электр энергиясы үшін есеп-шотты рәсімдеу мен жіберуден басқа, тұтынушы өзінің тарапынан жасалған төлемдердің тарихын жасап, келешектегі шығындарын жоспарларлауға мүмкіндігі болатын дербес шоттарды ашу мүмкіндігі жоспарланып отыр.
Компания тұтынушыға энергия үнемдеуші технологиялар саласы бойынша ұсыныстар бере алады.
- Компанияға ендірілген халықаралық ИСО 9001:2000 стандарттарының талаптарына сәйкес сапа менеджмент жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету мен тұрақты түрде жақсарту;
- Компанияның әрбір жұмысшысын жұмыс үшін қажетті шарттармен қамтамасыз ету және оның біліктілігін арттыру.
Компания жөнінде Серіктестер
«Алматы Электр Станциялары» АҚ-ы 2007 жылдың 15 ақпанында «АПК» АҚ-ын қайта құрудың нәтижесінде құрылған.
«АлЭС» АҚ-ы Табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркеуден өткізу жөніндегі Республикалық тармаққа қамтылған.
«АлЭС» АҚ-ның энергия кешені келесі кәсіпорындарды өз қарамағына қамтиды: ТЭЦ-1, ТЭЦ-2, ТЭЦ-3, Батыс жылу кешені, Қапшағай СЭС-і, Алматы СЭС Сарқырамасы, «Энергоремонт» өндірістік-жөндеу кәсіпорны, ЦПВТ.
Алматы станцияларының жалпы бекітілген электр қуаттылығы 1239 МВт-ты, жылу қуаттылығы - 3, 922Гкал/сағ. құрайды. 2006 жылы электр энергиясын өндіру 4, 6 млрд. КВт/сағ., жылуды жіберу - 5893000 Гкал құрайды.
«АлЭС» компаниясы Алматы қаласы мен Алматы облысы үшін жылу және электр энергиясын өндіреді. Қазіргі таңда өндірілетін жылу және электр энергиясы Алматы қаласы мен Алматы облысының шамамен 60% қажеттілігін жабады.
Өз қызметінде «АлЭС» АҚ-ы тұтынушыларды жылу және электр көзімен сенімді түрде қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді, сонымен қатар Алматы өңіріндегі энергия кешенін тиімді түрде дамыту мәселелерін басшылыққа алады.
- АЖК басқаруының құрылымы
"Алатау Жарық Компаниясы" Акционерлік Қоғамы - Алматы қаласы мен Алматы облысындағы өзінің қызмет ету аясындағы тұрғындарға, өнеркәсіптік және ауыл шаруашлық кәсіпорындарға электр энергиясын тасымалдау мен тарату бойынша республиканың оңтүстігіндегі ірі энергетикалық жүйе.
"Алатау Жарық Компаниясы" Акционерлік Қоғамы табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік Тіркеудің Республикалық тармағына қамтылған.
"Алатау Жарық Компаниясы" Акционерлік Қоғамының теңгерімдік керек-жарағы 220-110-35-10-6-0, 4 кВ кернеуге ие электрлік желі санаттарын қамтиды.
Компанияның құрамына:
- ұзындығы 306, 4 км-ге жететін 220 кВ электр таратқыштың ауа желілері;
- ұзындығы 2640, 9 км-ге жететін 110 кВ ауа желілері;
- 35 кВ кернеуге ие электр желілері - жалпы ұзындығы 2659, 1 км-ге жететін ауа және кабельдік желілер;
- ұзындығы 102, 9 км-ге жететін 10/0, 4 кВ-тық электр энергиясын таратқыш желілер кіреді.
«Алатау Жарық Компаниясы» қорына мыналар кіреді:
- 35 кВ және одан жоғарғы кернеуге ие 208 подстанциялар;
- 6-10/0, 4 кВ кернеуге ие 8 192 таратқыш трансформаторлық подстанциялар;
- жалпы қуаттылығы 6 567 МВА тең 6-220 кВ - 9 876 трансформаторлар.
Қазіргі таңда "Алатау Жарық Компаниясы" Акционерлік Қоғамы Алматы өңірінің 2. 2 миллон тұрғынын электр энергиясымен қамтамасыз етеді.
"Алатау Жарық Компаниясы" Акционерлік Қоғамы Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компаниямен (КЕGОC) бірлесе қызмет етуде әрі Орталық Азияның біртұтас Энергетикалық жүйесін бірлесе отырып құрайтын Қазақстанның, Өзбекістанның, Тәжікстанның, Қырғызстанның, Түркіменстанның басқа энергетикалық компанияларының сенімді серіктесі болып табылады.
ІІ Бөлім: АҚ "Алатау Жарық Компаниясының" 2008-2010 жж. аралығында атқарылған қызметтері
2. 1 АЖК қаржылық техникалық көрсеткіштері
Қаржылық есептіліктің мақсаты. Пайдаланушылар тобына экономикалық шешім қабылдауға қажетті кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ақпарат беру қызмет нәтижесі және қаржылық жағдайының өзгерісі.
Міндеттеме. Өткен оқиғалардан пайда болған есеп айырысу, кәсіпорынның міндеттемесі.
Кіріс. Активтердін ұлғаюы немесе міндеттемелердін азаюынысанында есеп беру кезеңінде экономикалық пайданың ұлғаюы. Меншік иелерінің капиталының ұлғаюына алып келеді.
Кіріс. Меншік иелерінің капиталының ұлғаюына алып келетін компанияның қалыпты қызметі кезінде есеп беру мерзімінде экономикалық пайданың жалпы түсімі.
Шығын. Активтердің азаюы немесе міндеттемелердің көбеюі нысанында экономикалық пайданың азаюы. Бұл меншік иелерінің капиталының азаюына алып келеді.
Қаржылық есеп беру элементтерін мойындау. 1. осы бапқа сәйкес компанияның экономикалық пайда алу немесе ықтималдылығы; 2. Баптың нақты шығыны немесе құны берік өлшенеді.
Ақшалай қаражаттар баламалары . Ақшаға жылдам аудара алатын қысқа мерзімді тез өтімді инвестициялар.
Қорлар . Қызмет көрсету немесе өндірістік процессте қолданылатын материалдар мен шикізат нысанында немесе өндіріс процесінде сатуға арналған, қызмет ету кезінде сатылатын активтер.
Негізгі құралдардың бастапқы құны. 1. Сатып алуға нақты шығындар құны. 2. Төленген ақшалай қаражаттар сомасы немесе ақшалай қаражаттар баламалары. 3. Активтерді алу үшін берілген әділ құн.
Қаржылық жал. Активтердің жұмыс істеп тұрғанда қолданатын жалгерге активтерге құқықпен бірге жалға алу кезіндегі барлық тәуекелдер мен сыйақылар беріледі.
Есеп саясаты. Қаржылық есепті дайындау және ұсыну үшін кәсіпорын қабылдаған нақты қағидалар, негіздер, келісімдер, ережелер және тәжірибелер.
Қаржылық есептілік элеметтері:
Қаржылық есептілік операцияның қаржылық нәтижелері мен басқа да оқиғаларын олардың экономикалық мінездемелерімен сәйкес негізгі дәрежелерге топтастырыады. Бұл дәрежелер қаржылық есеп берудің элементтері деп аталады.
Қаржылық жағдайды бағалауға тікелей байланысты баланстағы элементтер: активтер, міндеттемелер және капитал болып табылады. Қызмет нәтижесін өлшеуге тікелей байланысты пайда мен шығындар есептілігіндегі элементтер. Кірістер мен шығындар болып табылады.
Кірістер мен шығындар есептілігінде және баланста қаржылық есеп беру элементтерін активтердің, міндеттемелердің, кірістер мен шығындардың қызметтері мен міндеттеріне сәйкес класстарға бөлуді қарастырады.
Активтекр мен міндеттемелердің маңызды баптарының ортақ ережелеріне сәйкес кызығып окылмауы тиіс, олар баланста көлбеу көрсетілуі тиіс.
1. Активтер.
Активте қорытылған келешек экономикалық пайда - бұл ақша қаражаттарының және олардың баламаларының қоғамға тура немесе жанама түсуге мүмкіндік туғызу. Бұл мүмкіндік Қоғамның операциялық қызметінің бір бөлігі бола тұрып өнімді болуы мүмкін. Ол сонымен қатар ақша қаражаттарына немесе оның баламаларына ауыса алады немесе ақша қаражаттарының ағымын азайта алады.
Сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын қызметтер мен тауарларды өндіру үшін Қоғам әдетте өз активтерін пайдаланады. Осы қызметтер мен тауарлар қажеттіліктер мен сұраныстары сатып алушылар оларга төлеуге дайын, және сол арқылы Қоғамның ақша ағынына салым салады.
Активте қорытылған келешек экономикалық пайдалар Қоғамға әртүрлі әдістермен түсе алады. Актив мынандай болуы мүмкін:
- Қоғамда жүзеге асырылатын тауарлар мен қызметтер өндірісі кезінде жеке немесе басқа активтермен тіркесте қолданылуы мүмкін;
- басқа активтерге ауыстырылуы мүмкін;
- міндеттемелерді өтеу үшін қолданылады;
- Қоғамның меншік иелері арасында үлестірілуі мүмкін.
Көптеген активтер мысалы, жылжымайтын мүлік, ғимарат және жабдықтың физикалық формасы бар. Демек физикалық форма активтің болуы үшін қажет емес. Мысалы патенттер және авторлық құқық актив болып табылады, егер Қоғам оларды қадағалап және олардан экономикалық пайда күтетін болса.
Актив айналым активтері сияқты классификацияланады егер:
- есеп беру мерзімінен 12 ай ішінде оны сату мен қолдану болжанса;
- актив негізінен сауда мақсатында ұсталады;
- актив қолдануға шектеулер жоқ ақша қаражаттары мен олардың баламалары болып табылады.
Басқа активтер ұзақ мерзімді болып классификацияланады:
- есеп беру мезімінен 12 айдан астам уақыт қолданылуы болжанады;
- актив сату мақсатында ұсталмайды;
- актив қолдануға шектеулері жоқ ақша қаражаттары мен олардың баламалары болып табылмайды.
2. Міндеттемелер
Міндеттеменің ең маңызды мінездемесі ол - компанияның міндеттемесінің болуы. Міндет - бұл бірдеңені істеу немесе орындау үшін парыз немесе жауапкершілік. Міндеттемелер заңға сүйенген ретте бекітіле алады, және де іскерлік тәжірибеден пайда болуы мүмкін. Өткізілген тауарлардың шамаланған шығындар соммасы міндеттемелер болып табылады.
Міндеттемелерді реттеу әдетте Қоғамдағы басқа жактың кажеттілігін қанағаттандыратын, экономикалық пайдасы бар ресурстар ағынымен байланысты. Міндеттемелерді реттеу бірнеше әдістермен жүзеге асырылады:
- ақша қаражаттарын төлеумен;
- басқа активтерді берумен;
- қызмет көрсетулермен;
- бір міндеттемені баскасымен ауыстыру;
- міндеттемені капиталға айналдыру.
Міндеттемелер қысқа мерзімді болып классификацияланады, егер:
- міндеттеме есеп беру мерзімінен кейін 12 ай ішінде өтелетін болса;
- міндеттеме негізінен сату мақсатында ұсталады.
Басқа міндеттемелердің бәрі ұзақ мерзімді болып классификациялануы тиіс, егер:
- міндеттеме есеп беру мерзімінен кейін 12 айдан астам уақыт ішінде өтеледі;
- міндеттеме сату мақсатында ұсталмайды.
3. Капитал.
Банастағы капитал мынадай тармақтарға бөлінуі керек:
- жарғылық капитал;
- қосымша төленген капитал;
- қосымша енгізілген капитал;
- қосымша төленбеген капитал;
- резервтік капитал;
- басқа да резервтер;
- бөлінбеген пайда.
Мұндай классификация шешім қабылдау кезінде қаржылық есепті қолданушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, және де компанияның еншілес тараптарының дивиденттер алуда неменсе капиталдың орнын толтыруда әртүрлі құқықтары барын көрсетеді.
5. Компанияның қызметінің нәтижелері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz