Металлургия өнеркәсібі.Молибденге түсініктер



МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
I Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1Металлургия өнеркәсібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2Молибденге түсініктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.3 Молибден қосылыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.4Қазақстан Республикасында өндіретін аудандар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
IIҚорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
IІІ Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
Кіріспе

Қазақстанның дәстүрлі металлургиялық және кен өндіруші өнеркәсібі пайдалы қазбалардың бай қорымен үйлесе отырып, ел экономикасының локомотиві болып саналады.
Геологиялық барлауды кеңейту - шет елдік және жергілікті инвестицияларды тартуға, осы негізде пайдалы қазбаларды өндіру көлемін арттыру үшін маңызды мүмкіндіктер құруға жағдай жасайды.
Қазақстанның заманауи металлургиялық өнеркәсібі – экономиканың көптеген секторларының өзара әрекеттестігінің платформасы болып табылатын және елдің макроэкономикалық индикаторларының құрылуына айтарлықтай әсер ететін экономиканың белсенді құраушысы.
Қазақстанның металлургиялық кәсіпорындарының көпшілігі негізгі құраушы кәсіпорындар болып табылады, ал олардың жағдайының жақсы болуы көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпал етеді, мысалы: жұмыссыздықтың азаюы, әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы т.с.с.
Бағаның құрылуының басты факторлары: төмен жалақы, арзан энергетикалық ресурстар мен аз амортизациялық шығындар қазақстандық металлургиялқ өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Жаһандық металлургиялық өндіріс орталығы Азияға қарай орын ауыстыруда, мұнда Қазақстан өндіру шамасы жағынан Қытай мен Ресейден кейінгі үшінші орынды иеленеді.Металлургиялық сала Қазақстанның металлургиялық өндірісінің дәстүрін жалғастырушы білікті жұмысшылар мен инженер-технологтарын сақтап қалды, жұмыс күшін тарту үшін оңтайлы жағдайлар жасалуда, мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдау ынталандырылуда.Қазақстанның артықшылығы келесі элементтердің минералды кендерінің маңызды көлеміне негізделеді.
Жер асты ұңғымалы шаймалау кенді жер бетіне шығармастан, табиғи уран иондарын жер қойнауының өзінде өнімді қойыртпаққа айналдыру арқылы құмдақ типтес кен орындарын игеру әдісі болып саналады. Кейін қопсытуға көп шығын талап ететін өндірістің дәстүрлі (шахталық және карьерлік) әдістерінен айырмашылығы сол, құрамында молибден бар кен жер астында қалатын ЖҰШ әдісі жоғары экологиялық қауіпсіздігімен, аз шығындарымен және технологиялық операциялардың қарапайымдылығымен ерекшеленеді.
Кен өндіру өнеркәсібі мен металлургия Қазақстандағы ең бәсекеге қабілетті және қарқынды дамушы салалардың бірі болып табылады. Қазақстанның жер қойнауында Менделеевтің периодтық жүйесіндегі 100 шақты химиялық элемент табылған, олардың 60-астамы коммерциялық қолданыста.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Б.А.Бірімжанов “Жалпы химия”
2. Д.С Жеңісова “Жалпы химия”
3. Лаверов Н.П., Месторождение редких металлов. - М.: Атомиздат,
1976.
4. Галкин Н.П., Основные процессы и аппараты технологии металлов. - М.: Госатомиздат, 1961.
5. Мамилов В.А., Добыча методом подземного выщелачивания. - М.: Атомиздат, 1980.
6. Прозоров И.В., Николадзе Г.И., Минаев А.В. Инженерлік жүйелердің гидравликасы. - М.: Высшая школа, 1975.
7.Интернет паракшасы: www.wikipedia.kz, www.referattar.kz.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
I Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Металлургия өнеркәсібі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Молибденге түсініктер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.3 Молибден қосылыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.4 Қазақстан Республикасында өндіретін аудандар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
II Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
IІІ Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

Кіріспе

Қазақстанның дәстүрлі металлургиялық және кен өндіруші өнеркәсібі пайдалы қазбалардың бай қорымен үйлесе отырып, ел экономикасының локомотиві болып саналады.
Геологиялық барлауды кеңейту - шет елдік және жергілікті инвестицияларды тартуға, осы негізде пайдалы қазбаларды өндіру көлемін арттыру үшін маңызды мүмкіндіктер құруға жағдай жасайды.
Қазақстанның заманауи металлургиялық өнеркәсібі - экономиканың көптеген секторларының өзара әрекеттестігінің платформасы болып табылатын және елдің макроэкономикалық индикаторларының құрылуына айтарлықтай әсер ететін экономиканың белсенді құраушысы.
Қазақстанның металлургиялық кәсіпорындарының көпшілігі негізгі құраушы кәсіпорындар болып табылады, ал олардың жағдайының жақсы болуы көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпал етеді, мысалы: жұмыссыздықтың азаюы, әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы т.с.с.
Бағаның құрылуының басты факторлары: төмен жалақы, арзан энергетикалық ресурстар мен аз амортизациялық шығындар қазақстандық металлургиялқ өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Жаһандық металлургиялық өндіріс орталығы Азияға қарай орын ауыстыруда, мұнда Қазақстан өндіру шамасы жағынан Қытай мен Ресейден кейінгі үшінші орынды иеленеді.Металлургиялық сала Қазақстанның металлургиялық өндірісінің дәстүрін жалғастырушы білікті жұмысшылар мен инженер-технологтарын сақтап қалды, жұмыс күшін тарту үшін оңтайлы жағдайлар жасалуда, мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдау ынталандырылуда.Қазақстанның артықшылығы келесі элементтердің минералды кендерінің маңызды көлеміне негізделеді.
Жер асты ұңғымалы шаймалау кенді жер бетіне шығармастан, табиғи уран иондарын жер қойнауының өзінде өнімді қойыртпаққа айналдыру арқылы құмдақ типтес кен орындарын игеру әдісі болып саналады. Кейін қопсытуға көп шығын талап ететін өндірістің дәстүрлі (шахталық және карьерлік) әдістерінен айырмашылығы сол, құрамында молибден бар кен жер астында қалатын ЖҰШ әдісі жоғары экологиялық қауіпсіздігімен, аз шығындарымен және технологиялық операциялардың қарапайымдылығымен ерекшеленеді.
Кен өндіру өнеркәсібі мен металлургия Қазақстандағы ең бәсекеге қабілетті және қарқынды дамушы салалардың бірі болып табылады. Қазақстанның жер қойнауында Менделеевтің периодтық жүйесіндегі 100 шақты химиялық элемент табылған, олардың 60-астамы коммерциялық қолданыста.
Қазақстанда түсті металлмен салыстырғанда қара металлдың артықшылығы - осы қорлардың 73% жеңіл өндірілетін кен ретінде жіктеледі, қиын өндірілетіні 20% құрайды және 6,9% байытуды қажет етпейтін кен болып табылады.
- Қазақстан молибден өндірісі бойынша болып табылады, 2009 жылдан бері Қазақстанда сирек кездесетін металлдардың 15 түрінің концентратын өндіру мүмкіндігін иеленеді, өндіріс көлемі жыл сайын 1,500 тоннаға дейін артуда.
Қазақстанның кен өнеркәсібі мен металлургиясының кешені металл өңдеу бойынша жуық шамамен 30 жаңа кәсіпорынды дамытуға есептелген. Жоғары технологиялық тауарларды өндіру қарқынын арттыруға және экспортты кеңейтуге басымдылық берілген.
Қазақстан логистикасының дамушы инфрақұрылымы мен елдің, металлургия өнімдерін тұтынушы басты нарықтардың - Қытай мен Еуропаның ортасында орналасуы.

1.1 Металлургия өнеркәсібі. Бүгінгі күні Қазақстанның қара металлургиясы шойын, болат, тапталған және ферроқорытпа бұйымдарын шығаратын, толық өндірістік циклы қуаттылығы бар кәсіпорындар арқылы танылады. Темір кенінің барланған қоры 8,7 млрд. тоннаны құрайды. Қара металлургия өнімдерінің 70% астамы сыртқы нарыққа жөнелтіледі. Қара металлургия кәсіпорындары территориялық тұрғыдан республиканың төрт облысында: Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе және Павлодар облыстарында орналасқан, бұл жерлерде темір кенінің көздері мен су энергетикалық ресурстары бар. Қазақстанда қара металлдан жасалатын дайын өнімдердің жалпы көлемі 2011 жылы 545 мың тоннаны құрады. 2007-2011 жылдардағы ең жоғары өсу қарқыны құбыр және сантехникалық бұйымдар өндіруде болды.
Қазақстан алтынының барланған қоры 1700 тонна деңгейінде бағаланады. Қазақстандағы алтынның негізгі қорлары 287 кен орнында шоғырланған (40% - құрамында алтыны бар кешенді, басым көпшілігі колчеданды, 60% -алтын кені), бүгінгі күні Шығыс Қазақстандағы 75 кен ошағы өнеркәсіптік өңделуде.
Сирек кездесетін металлдар Қазақстанда түсті металлдарды өндіру барысында өндіріледі. Кадмий мен танталды Риддер металлургиялық алаңында құрамында қорғасыны бар концентраттарды қайта өңдеу кезінде алады. Алынатын сирек кездесетін металлдар - тантал, бериллий, ниобий, молибден, ванадий, лантаноидты топтың элементтері. Бүгінгі таңда вольфрамды және молибденді концентраттар және вольфрамды өнімдер өндірісі құрылуды, иридий өндірісі 2013-2014 жылдары басталады. Экспортшыларды қолдау құралдары Қазақстанда 2010-2014 жылдарда таукен-металлургиялық саланы дамытудың салалық бағдарламасы келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді:
:: ірі кәсіпорындардың базалық металлдарды өндіруін ұйымдастыру;
:: шағын және орта бизнестің базалық металлдар негізінде жоғары деңгейлі соңғы өнімді өндіруін ұйымдастыру.
Салалық бағдарлама Қазақстанның таукен-металлургия кешенінің ресурстық тұрғыда қамтамасыз етілуін дамытуды қарастырған, соның ішінде:
:: Ақсу-2 (Павлодар облысы), Дон (Хромтау, Ақтөбе облысы), Жіңішке (Ақтөбе облысы) станцияларындағы темір жолдардың өткізу қабілетін арттыру есебінен көліктік-логистикалық инфрақұрылымды жетілдіру;
:: Барланған кен ошақтарында кен өндіруді бастау және теңгерімнен тыс, қиын байытылатын кендерді, концентраттар мен үйінділерді қайта өңдеудің тиімді технологияларын енгізу арқылы, сондай-ақ қайталама шикізаттарды -металл сынықтары мен қара және түсті металлдардың қалдықтарын қолдану арқылы кен өндіруші кәсіпорындарды дамыту;
:: Екібастұз және Павлодар қалаларындағы энергоөндірушілерді жетілдіру және қуаттылығын арттыру есебінен таукен-металлургиялық кешенін энергоресурстармен қамтамасыз ету.
2011 жылы қарашада Қарағанды қаласындағы Металлургия-Металл өңдеу Индустриялық саябағының территориясында 534,9 га Сарыарқа Арнайы экономикалық аймағы құрылды. Сондай-ақ, отандық жоғары технологиялық өнім өндірушілерді қолдау үшін, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жанынан даму институттары құрылды:
- Технологиялық Даму жөніндегі Ұлттық Агенттік АҚ;
- Қазақстандық индустрияны дамыту институты АҚ;
- Қазақстандық мазмұндағы Ұлттық агенттік.
ҚазЭкспортГарант Экспорттық-несиелік сақтандыру корпорациясы АҚ саудалық қаржыландыру аясындағы экспортшыларға жеңілдікті құжаттық қаржылық құралдар ұсынады.
Дүние жүзінде 70-тен астам түсті металл балқытылады. Оларды 14 сала өндіреді. Олардың барлығы қосылып түсті металлургияны құрайды. Түсті металдардың көп бөлігі аз уақыттан бері ғана пайдаланыла бастады. Ғылыми-техникалық революцияның нәтижесінде олар кеңінен қолданысқа түсті. Реактивті ұшақтар, ғарыш кемелерін, атом реакторларын жасау үшін ерекше қасиеттері бар, мүлдем жаңа конструкциялық мателиалдарды қажет етті. Ондай қасиеттер тек түсті металдарда ғана бар.Қорғасын, никель және қалайы жемірілуге (коррозия), титан ыстыққа төзімді келеді, ал күміс, мыс және алюминий жоғары электр өткзгіштігімен ерекшелінеді. Сондықтан, олардың қолдану аясы өте ауқымды: медициналық аспаптар мен материалдардан бастап күрделі электроника мен ядролық техника осы металдардан жасалады жәнеәр металл өз кәсібін тапқан.
Адамдар металдардың ішінде алғашқы болып мысты рудадан тез еритін, оңай бөлінетін болғандықтан ерте кезден қолдана бастаған. Ескі замандарда негізінен қалайы мен мыс қосындысы нәтижесінде қола алынып, қару-жарақ дайындалған. Бұл адамзат тарихында қола дәуірі ретінде белгілі.
1.2 Молибденге түсініктер. Молибден (лат. molybdaenum) Мо - элементтердің периодтық жүйесінің VІ тобындағы химиялық элемент, ат. н. 42, ат. м. 95,94. Табиғатта тұрақты 7 изотопы (массалық сандары 92, 94 - 98, 100) бар. Оны 1778 жылы К.В. Шееле (1742 - 1786) ашты. Массалары бойынша Жер қыртысындағы мөлшері 10 - 4%. Негізгі минералдары: молибденит, повеллит және молибдит. Молибден ашық сары түсті металл, тығыздығы 10,2 гсм3, балқу температурасы 2620*С, қайнау температурасы 4600*С. Тотығу дәрежелері +2-ден +6-ға дейін. Ауада, қалыпты температурада тұрақты. Сутек, тұз, күкірт қышқылдары және сілтілермен әрекеттеспейді. 250 - 300*С-та F2-мен, 1500*С-тан жоғары N2-мен, 1000 - 1200*С-та С, СО және көмірсутектермен, 250*С-тан жоғары Сl2-мен, 450*С-та S-пен әрекеттеседі. 600*С-тан жоғары температурада тотығады. 80 - 100*С-та тұз қышқылының әсерінен баяу коррозияға ұшырайды. Молибден болатты легирлеуде; авиацада ракеталар мен атомдық техникада қызуға төзімді балқымалардың негізі; электрлік вакуумдық қондырғылардың бөлшектерін және күйдіргіш шамдардың сымын жасауда қолданылады.
Гальваникалық элемент - токтың химиялық көзі.Гидропневматикалық элемент - автомобиль аспасының серіппелі элементі, мұнда серіппелі қасиеті сығылған газбен камтамасыз етіледі, бұл газдың қысымы су аккумулятор немесе сораппен әсер ететін су қысымы есебінен, резеңке диафрагма арқылы ауысып отырады.Оптикалық жарық шам элементі - шағылыстыру мен шашыратудан тұратын жарық шоғырын қалыптастыру жүйесі.
Пневматикалық элемент - сығылған ауамен қамтамасыз етілетін, серіппелі элемент.Резенкелі-металды элемент - айналмалы бөлшекті қосу үшін арналған, резеңкеленген металл төлкесі.
Отын элементі - отынның тотығу реакциясының энергиясын, электрлік энергияға айналдыратын гальваникалық элемент.Сүзгіш элемент - бөгде бөлшектерден отын немесе майды, ауаны тазарту үшін пайдаланылатын, сүзгінің ауыстырмалы бөлігі.
Молибденит, молибден жылтыры (грек. molуbdos - қорғасын, сырт пішіні қорғасын секілді). Химиялық формуласы: МоS2; - сульфидтер класының минералы. Құрамында - 60%-ға дейін Мо, 40% S болады, сонымен қатар Se, Re және басқа қоспалар жиі кездеседі. Гексагондық сингонияда кристалданады. Табиғитта Молибденит қабыршақты, жапырақты агрегаттар, сферолиттер түзеді. Молибдениттің кристалдарында пинакоид, призма, пирамида сияқты қарапайым пішіндер жиі кездеседі. Түсі қорғасын тәрізді сұр, металша жылтырайды, қатт. Моос шкаласы бойынша 1 - 1,5, серпімді, майысқақ, қолға жұғады, талшықтары оңай бөлінеді, жымдастығы бір бағытта жетілген, аз мөлшерде электр тогын өткізеді; тығызд. 4,7 - 5,0 гсм3. Қышқыл интрузияларда, грейзендерде, мусковит, касситерит, арсенопиритпен бірге ұшырайды. Молибденитті бейполюстік көмірсутектерін пайдаланып кендерден флотация әдісімен алады. Молибденит - молибден кендерінің басты минералы. Қазақстанда Бозшакөл, Қоңырат, Солтүстік Қоңырат, Шығыс Қоңырат, Көктің көлінде молибден және мыс-молибден кендерінің қоры бар.
Тотығу - элементтің немесе заттың оттекпен әрекеттесу процесі; тотығу-тотықсыздану реакциялары барысында бөлшектің электрондарынан айрылу процесі. Тотығу кезінде бөлшектің тотығу дәрежесі артады. Мысалы, атом электронын берсе, оң зарядты ионға; теріс зарядты ион электрон берсе бейтарап атомға, оң зарядты ионға айналады; оң зарядты ион электрон берсе, оның оң заряды берген электрон санына сәйкес өседі. Тотоығудың үш түрі белгілі. Биологиялық тотығу - оксидредуктаза ферменттерімен катализденетін, тірі организмдегі тотығу-тотықсыздану реакцияларының жиынтығы. Ол тірі организм тіршілігінің негізін құрайтын энергия көзі болып табылады. Биологиялық тотығудың атқаратын маңызды қызметі организмдегі зат алмасу, дем алу, жасуша құрылымын құ-растыру, өсу процесіне қажет әр түрлі метаболиттерді - субстраттарды, коферменттерді, гормондарды және басқа заттарды түзу болып табылады. Мұнай өнімдерінің тотығуы (автототығу), негізінен құрылысы әр түрлі көмірсутектер қоспасынан тұратын мұнай өнімдері тотықтырғанда әр түрлі оттекті қосылыстардың түзілуі. Органикалық қосылыстардың тотығуы - органикалық қосылыс молекуласына оттек атомдарын енгізу және сутек атомдарын одан бөліп шығару. Органикалық затқа тотықтырғыштың әсе-рі тотығатын заттың табиғатына, температураға, катализаторға, реагенттердің концентрациясына, ортаның қышқылдылығына, т.б. байланысты.
Тотығу -- су құрамындағы органикалық заттардың мөлшерін оттектің барлық тотықтану шығынымен білуге болады. 1 дм3 су құрамындағы органикалық заттардың оттекпен тотығуы 2,5 -- 3 мгдм3 болса, онда су құрамындағы органикалық заттардың өте көп мөлшерде болғаны және осыған байланысты зиянды бактериялар арқылы ауру жұқтыру мүмкіндігі арта түседі.
1.3 Молибден қосылыстары. Молибден қосылыстары - молибден элементі түзетін химиялық қосылыстар. Молибден қосылыстары 2, 3, 4, 5 және 6 валентті. Молибденнің оттекті қосылыстары МоО2, МоО3. Бұлардың маңыздысы молибден (ІІІ) оксиді МоО3 - ақ, жасылша реңді кристалл, балқу температурасы 795ӘC, қайнау температурасы 1155ӘC, суда нашар ериді. Сілті, NH3 (сулы ерітіндісінде) және концентрлі анорганикалық қышқылдармен әрекеттеседі. Оны MoS2 немесе молибденді 500ӘC-тан жоғары температурада қыздыру, аммоний молибдатын - 3(NH4)2*7MoO3*4H2O терм. ыдырату арқылы алады. Ол глазурь мен эмаль құраушысы, петролейн эфирі мен синтететикалық отын өндірісінде катализатор ретінде қолданылады. Молибден металл еместермен MoF6, MoOF4, MoS2, MoS3, МоCl5, Мо2В, т.б. қосылыстарын түзеді. Молибден дисульфиді MoS2 - сұр кристалл, 1300ӘC-тан жоғары температурада терм. диссоциацияланады. Су, тұз, сұйытылған күкірт қышқылдарында ерімейді. Оны молибден және молибден (ІІІ) оксидіне 600 - 800ӘС-та S2 немесе Н2S буымен әсер ету арқылы алады. Молибден (ІІІ) сульфиді MoS3 - қара-қоңыр аморфты зат, су, сұйытылған тұз және күкірт қышқылдарында ерімейді, сілті ерітінділерінде ериді. Молибден тұздарының әлсіз қышқылды ерітінділерінен күкіртсутекпен- тұндыру, (NH4)2MoS4-ті терм. ыдырату арқылы алады. Органикалық синтезде катализатор, мұнайды сутектеуде, т.б. қолданылады. Молибден қышқылы H2MoО4 кристалл, ыдырау t115ӘС, суда нашар ериді, натрий молибдатының ерітіндісін минералды қышқылдармен тұндыру арқылы алады. Молибденді концентраттарды өңдеуде аралық өнім ретінде қолданылады.
Микроэлементтердің ағза үшін физиологиялық маңызы өте жоғары. Мыс -- денсаулыққа өте пайдалы микроэлементтердің бірі. Егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көптік шамасының көрсеткіші-адамның шашы. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттектің өтуін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде жасуша, ұлпалар оттекпен жақсы қамтамасыз етіледі. Мыс көптеген ферменттердің құрамына кіреді, ұлпалардағы тотығу реакциясын жылдамдатады. Темір элементінің рөлі денсаулық үшін өте зор. Егер темір жетіспесе, баршамызға белгілі анемия немесе қан аздық ауруы пайда болады. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік мөлшері 11-30 мг. Адам қанында 3 г жуық темір бар. Оның мөлшері көрсетілген шамадан төмен болса, қанның қызыл клеткасының, яғни, гемоглобиннің түзілуі нашарлап, тыныс алу функциясы төмендейді. Темір ағзаға сырттан түседі, тамақтың құрамындағы темір ионы он екі елі ішектің жоғарғы бөлігінде қанға сіңеді. Темірдің ағзаға дүрыс сіңбеуі асқазандагы түз қышқылының жетіспеуінен немесе темірдің белокпен байланысының нашарлауынан болады. Ал, тұз қышқылының жетіспеуінің өзі бауыр мен өт жолдарының дұрыс қызмет атқармауынан деуге болады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Металл және оны өңдеу әдістері
Молибден кендері
Микроэлементтер
Қоршаған ортаның материалды құрылымы
Вольфрам наноұнтағының рентген-құрылымдық талдауы
Вольфрам кендерін және үгітінділерін байыту технологиясы
Мектептегі экономикалық география білім жүйесін жүргізу әдісі мен тәсілдері
Өсімдіктер өміріне марганецтін маңызы
Өнеркәсіп құрылымын ұйымдастыру және жетілдіру проблемалары мен шешу жолыгдағы тиімді ұсыныстар даярлап теориялық негіздеу
Қазақстанның нарықтық экономикаға өту барысындағы проблемалары және қиындықтары
Пәндер