Халықтың өмір сүру деңгейін көтерудің әлеуметтік-экономикалық аспектілері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 331. 34:316. 334:2 Қолжазба құқығында

РЫСҚҰЛОВА МАЙРА МАРАТҚЫЗЫ

Халықтың өмір сүру деңгейін көтерудің

әлеуметтік-экономикалық аспектілері

08. 00. 05 - Экономика және халық шарушылығын басқару

(қызмет салалары және сфералары бойынша) мамандығы

Экономика ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Жұмыс Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінде орындалған

Ғылыми жетекшісі:

экономика ғылымдарының докторы,

профессорЖ. О. Ихданов

Ғылыми жетекшісі::
экономика ғылымдарының докторы,профессорЖ. О. Ихданов:

экономика ғылымдарының докторы,

профессор Х. Н. Сансызбаева

Ғылыми жетекшісі:: Ресми оппоненттер:
экономика ғылымдарының докторы,профессорЖ. О. Ихданов:

экономика ғылымдарының докторы,

С. Ж. Ташенова

Ғылыми жетекшісі::
экономика ғылымдарының докторы,профессорЖ. О. Ихданов:

экономика ғылымдарының кандидаты,

М. С. Салықова

Ғылыми жетекшісі:: Жетекші ұйым:
экономика ғылымдарының докторы,профессорЖ. О. Ихданов: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Қорғау 2010 жылдың «4-ші» маусым күні сағат 16:00-де Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетіндегі экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін іздену жөніндегі Д 14. 02. 01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде өткізіледі, мекен-жайы: 050035, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55, 144 бөлме.

Диссертациямен Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінің кітапханасында танысуға болады.

Автореферат «___» 2010 жылы таратылды

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы,

экономика ғылымдарының докторы А. Б. Темірбекова

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын, қауiпсiздiгiн жақсартуға арналған "Қазақстан-2030" Стратегиясында Елбасы Н. Назарбаев атап өткенiндей, республика дамуының басым бағыттарының бiрi тұрғындардың материалдық және әлеуметтiк әл-ауқаты болып табылады.

Осы Стратегияда айқындалғандай, біздің елімізде қалыптасқан нарықтық экономиканың әлеуметтік бетбұрыс алуы, оны Елбасы Стратегиялық басым бағыттардың бірі деп белгілеуі, аталмыш саланың әлі бірнеше онжылдықтар бойы өзектілігін жоймайтын ғылыми-зерттеу объектісі болатындығының айқын көрсеткіші. Ал, оның жүзеге асу барысы мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізі болып қалануынан көрінеді де, басты мақсаты - халықтың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізу болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, экономикалық жетістіктерге жетуде, ғылым мен инновацияның дамуында жетекші рөл атқаратын адам факторы - әлем қауымдастығының инвестициялық тартымды ресурс көзі ретінде қалыптасып келе жатқандығы, аталмыш объектінің XXI ғасырдың өзекті зерттеу мәселесі екендігі сөзсіз деп ой-тұжырым жасауға болады.

Сол себепті қоғамның барлық мүшелері мен оның әлеуметтік топтарының өмір сүру деңгейін ұдайы жақсарта түсуде, жоғарыда айтылғандай, аталған бағыттағы мемлекет саясатын жетілдіру жолдарын анықтау мен оларды жүзеге асыру ғылыми тұрғыдан дәлелдеулерге зәру екендігі айқын. Осы орайда мемлекет әлеуметтік саясатын тұтастай әрі тиімді дамытуға қол жеткізуі үшін оның негізгі буыны - халықтың өмір сүру деңгейін көтерудің қажеттілігі күмән туғызбайды. Сондықтан, халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуда оның әлеуметтік және экономикалық астарларын қарастыруға да ғылыми тұжырымдама қажет-ақ.

Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде іске асыру мен одан туындайтын мәселелермен пәрменді күрес жүргізу үшін ғылыми дәлелгенден концептуалды негіздің қажеттілігі орынды заңдылық. Сондықтан да осы заңдылықтардың астарын, ғылыми негізделген шешімдерін қабылдау жолдарын айқындай түсу оның өзекті проблема екендігіне айғақтай түседі.

Демократиялық қоғамның құқықтық негіздерінің етене ене бастауы мен қолданыс табуы тиісті институттардың құрылып, олардың біртіндеп өмір сүрудің сапасы мен қазіргі заман сұраныстары мен ұстанымдарын өзгеріске ұшыратып келеді. Ол экономикалық маңызы зор мынадай әлеуметтік нормативтерді жақсарту қажеттілігін білдіреді:

  • күнкөріс деңгейін көтеру (еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы төлемдерінің төменгі мөлшерін өсіру, олардың нақты жолдары мен тәсілдерін анық көрсету) ;
  • халықтың өмір сүру деңгейінің жоғары стандарттарына қол жеткізуі;
  • әлеуметтік қорғауды тиімді қамтамасыз ету.

Аталған нормативтер әлеуметтік саясатты лайықты жүзеге асырудың мақсаты және оның тиімділігін арттыруда қолданылатын шаралар болып табылады. Себебі, «өмір сүру деңгейі» түсінігі азықтанудың тиімділігі, айналадағы ортаның жағдайы, денсаулық, білім мен мәдениет - тұтас алғанда, адам қарекетінің күллі мәнін айқындайтын экономикалық компоненттер жиынтығын білдіреді.

Біздің елімізде әлеуметтік мәселелерге қатысты мұндай негіздемелер мемлекеттік деңгейде бірден қалыптаспағандығы белгілі. Оның уақыт елегінен, нарықтық қатынастардың «қыспағынан» өтіп, елдің экономикалық, геосаяси, сыртқыэкономикалық, инвестициялық, құрылымдық кешенді жүргізілген саясаттан кейін ғана қолданыс табуы Елбасының о баста Стратегиялық басым бағыт ретінде анықтауының дұрыстығында. Осы саланы қаржыландыру көздерін анықтау, саралау, топтастыру, инвестиция тарту жолдарын белгілеу тұрғысындағы мәселелер диссертациялық зерттеу жұмысының негізгі талдау бөлімінде өрбиді.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Халықтың өмір сүру деңгейі мен әл-аухатын арттыру жолдарын зерттеу экономика және әлеуметтану ғылымдарының маңызды міндеті екендігі мәлім. Экономикалық әдебиеттерде аталған мәселенің жекелеген аспектілері бойынша теориялық, әдістемелік және қолданбалы ұсыныстар ғана бар. Жоспарлы экономика тұсында халықтың өмір сүру деңгейіне қатысты мәселелерді Кеңес үкіметінің белгілі В. Ф. Майер, Б. В. Ракитский, А. Н. Шохин, В. М. Рутгайзер, Н. М. Римашевская, Т. И. Заславская сияқты экономистері мен әлеуметтанушы ғалымдары зерттеген. Одан кейін осы сала нарықтық экономикаға өту кезеңінде В. В. Адамчук, Ю. П. Кокин, Р. А. Яковлев, В. Костаков, А. Силин, Б. Ракитский, И. Бестужев-Лада, А. Илларионов, Р. П. Колосова секілді ресей экономистерімен халықтың өмір сүру деңгейінің экономикалық өсім және даму келешегі контексінде қарастырылған.

Қазақстан Республикасында әлеуметтік және экономикалық жағдайдың қалыптасу барысының, халықтың өмір сүру деңгейін зерттеудің өзінше даму тарихы бар. Елімізде алғаш болып әлеуметтік сала проблемаларын зерттеп, ғылыми еңбектер жазған экономист-ғалым, профессорлар Т. А. Абдразакова, С. Б. Баишев, Я. А. Аубакиров, А. К. Закумбаевалар болса, ал өмір сүру деңгейі мен адам факторының дамуын мемлекеттік деңгейде жетілдіруге өз зерттеулерін арнаған ғалымдар қатарына А. Қ. Қошанов, О. Б. Баймұратов, Ж. О. Ихданов, М. Б. Кенжегузин, С. Х. Берешев, М. К. Мельдеханова, Х. Н. Сансызбаева, Р. З. Жалелова, Ю. К. Шокаманов С. Н. Гайсин, Б. Л. Татибеков, К. С. Мухтарова, Т. М. Рогачева, П. Б. Исахова және тағы басқаларды атауға болады.

Алайда бұл еңбектерде жалпы әлеуметтік сала проблемалары зерттелінеді де, халықтың өмір сүру деңгейін көтерудің әлеуметтік-экономикалық астарлары, заңдылықтары, жүйелі даму бағыттарына қатысты мәселелер көбіне көп ғылыми көзқарастан тыс қалып келеді. Ал, халықтың өмір сүру деңгейінің көп қырлығы мен оның аталған позициялар бойынша маңыздылығын ескерсек, онда оны жетілдіру бағыттары мен тәжірибелік қолданыс табатын негіздерін күшейту қажеттілігі сөзсіз.

Сондықтан да осы заңдылықтардың астарына үңіліп, әлгіндей мәселелердің ғылыми негізделген шешімдерін қабылдау жолдарын айқындай түсу, оның оңтайлы тетіктерін ұсыну бүгінгі күні өте өзекті проблема екендігін дәл көрсетіп отыр.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық зерттеудің мақсаты халықтың өмір сүру деңгейінің теориялық және тәжірибелік аспектілерін кешенді талдау арқылы оны көтеру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

Осы мақсатқа жету жолында зерттеудің логикалық тұтастығын қамтамасыз ететін міндеттерді орындау алға қойылды:

  • халықтың өмір сүру деңгейінің анықтауда бұрыннан қалыптасқан теориялық-әдістемелік зерттеулердегі әл-аухат, өмір сапасы мен оның қалпы түсініктерінің өзара байланысын ғылыми негіздеу;
  • халықтың өмір сүру деңгейінің құрылымының жіктемелік белгілерін ұсыну;
  • тақырыптың жан-жақты зерттелуін тәжірибелік жағынан қамтамасыз ететін фактологиялық және статистикалық материалдарды жинақтап, жүйелік сараптама жүргізу арқылы, келелі түйіндер жасау;
  • Қазақстандағы халықтың өмір сүру деңгейінің негізгі бағыттарын кешенді айқындап және оларды көтерудің жолдарын ұсыну.

Зерттеу пәні - халықтың өмір сүрудеңгейін айқындайтын әлеуметтік-экономикалық қатынастар.

Зерттеу объектісі ретіндеҚазақстандағы халықтың өмір сүру деңгейі және оны анықтайтын әлеуметтік-экономикалық процесстер алынды.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі танымал экономист ғалымдардың еңбектерінде баяндалған халықтыңөмір сүру деңгейінің теориялық және тәжірибелік аспектілері жөніндегі зерттеулерге және монографиялық жұмыстарға сүйенеді. Зерттеу жұмысына сонымен қатар, тақырыпқа қатысты Қазақтан Республикасының нормативтік және заң актілері, Президент Жарлықтары, Үкіметтің әлеуметтік мәселелер жөніндегі Қаулылары мен шешімдері, басқа да мемлекеттік бағдарламалық құжаттар, отандық және шетелдік әдістемелік-анықтамалық мәліметтер тартылды.

Зерттеу жұмысына Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің, Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігінің, Алматы қалалық еңбек және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ресми материалдары ақпараттық база болып табылады.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалықтары. Диссертациялық зерттеу жүргізу барысында ғылыми жаналық сипаты бар келесі нәтижелер алынды:

  • халықтың өмір сүру деңгейінің мәнін теориялық тұрғыдан анықтау және жан-жақты қарастыру барысында «халықтың өмір сүру деңгейі» ұғымы ғылыми негізде тереңдетілді;
  • халықтың өмір сүру деңгейін анықтайтын көрсеткіштер жүйесі нақтыланып ұсынылды;
  • Қазақстан халқы тұтынуларын қанағаттандыру дәрежесі мен өмір сүру деңгейінің сапасын (табыс, оның саралануы, тамақтану, баспана, денсаулық сақтау және білім алу) арттыру жолдары анықталды;
  • әлеуметтік саясатты жетілдіру мен халықтың өмір сүру деңгейін көтеруде экономикалық тетіктерді қолдану жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстар тұжырымдалды.

Зерттеу жұмысында халықтың өмiр сапасының әртүрлі болуына себепші қала мен ауыл орналасу ерекшеліктеріне байланысты, фактологиялық деректерге сүйене отырып, объективті талдау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, статистикалық мәліметтерді талдау негізінде кедейшілік деңгейіне ықпал ететін факторлар сипатталып, оның жекелеген құраушылары (өмір сүру ұзақтығы, сауаттылық деңгейі, табыс мөлшері) және аспектілері (кірістің теңсіздігі, әлеуметтік қорғау тетіктері) қарастырылды.

Диссертациялық зерттеу жұмысы арналған тақырыпты кешенді ашу мақсатымен:

  • өмір сүру деңгейінің мазмұнын зерттеу мен оның көрсеткіштерін анықтау әдістемесін талдауға;
  • халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға қажет әлеуметтік-экономикалық жағдайларды анықтау мен оған сәйкес ұсыныстар әзірлеуге;
  • адам дамуының концепциясы мен оны бағалаудың статистикалық құралдарын жүйелі түрде сипаттауға;
  • халықтың кедейшілік деңгейін есептеу әдістемелерін, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау ережелерін қарастыруға;
  • өмір сапасы көрсеткіштерін облыстық және аудандық деңгейлерде талдау мен ауыл халқының үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу нәтижесінде нақты өмір сүру деңгейін бағалауға;
  • әлеуметтік қорғау жүйесінің кемшіліктерін анықтауға;
  • атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау әдістемесін жетілдіру мүмкіндіктерін қарастыруға ерекше көніл бөлінді.

Сонымен бірге төмендегідей ғылыми жаңалығы бар нәтижелер мен тұжырымдар қорғауға ұсынылып отыр :

  • адам , даму деңгейі мен қанағаттандыру дәрежесін есепке ала отырып, «халықтың өмір сүру деңгейі» түсінігін анықтауға ықпал ететін ерекшеліктер;
  • өмір сүру деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі;
  • Қазақстан Республикасында халықтың өмір сүру деңгейінің қалыптасқан жағдайын бағалау жолдары;
  • халықтың өмір сүру деңгейін көтеруде экономикалық тетіктерді қолдану маңыздылығы.

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы елімізде әлеуметтік бағыттағы нарықтыққатынастардың одан әрі даму жағдайларында халықтың өмір сүру деңгейін көтеру жөніндегі мәселелер аясын кеңейте беру және республиканың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын жүзеге асыру барысында проблемаларды уақтылы шешіп отыру үшін біз жүргізген осы зерттеу нәтижелері едәуір пайда келтіретіндігімен түсіндіріледі.

Теориялық және әдістемелік материалдарды жоғары оқу орындарында «Әлеуметтік жұмыс», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары пәндерінен дәріс оқу және тәжірибелік сабақтар жүргізу барысында қолдануға болады.

Зерттеу нәтижелерінің сыналуы. Диссертациялық зерттеу жұмысының негізгі теориялық қағидалары, қорытындылары, ұсыныстары, тұжырымдары мен нәтижелері Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекелестік қабілеттілігінің жағдайы мен болашағы: өнеркәсіптік маркетингтің, қаржыландырудың және басқарудың қазіргі әдістемесі, қазан 2007ж. ), Халықаралық бизнес университеті («Экономика, бизнес және білім беру саласындағы жаңа үрдістер, қараша 2007ж) », Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті («III Рысқұлов оқулары» Бизнес, ғылым, білім: ынтымақтастық қырлары, 19-23 мамыр 2008 ж. ) өткізген халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды.

Зерттеу нәтижелерінің жарияланымдары. Зерттеу тақырыбы бойынша 3, 31 баспа беттен тұратын 8 ғылыми мақала жарық көрді. Оның ішінде үш мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің нұсқауындағы экономикалық басылымдарда жарияланған.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертацияның құрылымы зерттеудің мақсатымен, міндеттерімен анықталып, тақырыпты ашуға негізделген. Диссертациялық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізіміненжәне қосымшалардан тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Өмір сүру деңгейі күрделі және көп қырлы категория екендігін адамның өмірдегі нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайларының жиынтығы сипаттайды.

Халықтың өмір сүру барысында туындайтын проблемалар және оларды ғылыми тұрғыдан зерттеу қай елдің болмасын әлеуметтік-экономикалық дамуынатәуелсіз, қашанда өзекті болып саналады.

«Өмір сүру деңгейі» экономикалық зерттеу объектісіретінде оның басты міндеттері деп келесілерді атауға болады:

  • адамның өмір сүру сапасын сипаттайтын көрсеткіштерді бағалау (салауатты өмір салтын жүргізу қабілеті, білім алу мүмкіншілігі, лайықты өмірге жеткілікті табыс көзі және жоғары кәсіби білімі) ;
  • атаулы және нақты табыстарды зерттеу;
  • халықтың баспанамен, ұзақ қолданылатын тұтыну игіліктерімен қамтамасыз етілуі;
  • әлемнің әр түрлі елдеріндегі өмір сапасы мен оның деңгейін бағалау арқылы ел аралық салыстыру жүргізу;
  • аталмыш сала саясатын қалыптастыру үшін өмір сүру деңгейін зерттеу.

«Өмір сүру деңгейі» категориясын алғаш рет К. Маркс «Жалақы, баға және пайда» атты еңбегінде енгізілген. Ол осы категорияны халықтың, әлеуметтік топтардың материалдық, рухани және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесі мен деңгейінің әлеуметтік-экономикалық сипаты ретінде қарастырған.

Халықтың өмір сүру деңгейін зерттеуге бетбұрыс XX ғасырдың алғашқы онжылдығында басталған еді. Кеңес одағының экономикасында халықтың өмір сүру деңгейін объективті бағалау идеологиялық себептер бойынша мүмкін болмады да, жабық экономиканың қағидаларына сәйкес өнімдерді тарату және жеке тұтыну, халықтың өмір сүру деңгейі мен әл-аухаты жөнінде көрсеткіштерге көңіл аударылмады.

Әйтседе, өткен ғасырдың соңғы он жылдығында аталмыш бағытта бірнеше ғылыми зерттеу жұмыстарыжарық көріп, онда«өмір сүру деңгейі» категориясының әлеуметтік және экономикалық түсініктемесі теориялық жете зерделеніп, жеткілікті дәлелдемелер келтіріліп, мәні мен маңызы жүйелі түрде анықталған. Осы алғашқы ізденуші-ғалымдар қатарына Н. М. Римашевская, В. М. Рутгайзер, И. Я. Матюха, В. Ф. Майер, Н. П. Кузнецова, Г. С. Саркисян, Л. Г. Зубова, В. И. Гурьев, В. Я. Райцин, Н. И. Бузлякова, М. А. Можина және т. б. жатады.

Зерттеу объектісі жөнінде мәліметтерді әрі қарай өрбіту үшін төменде келтірілген сызбаларға негіз болған статистикалық әдістемелік мәліметтерді айта кету маңызды. Аталмыш мәлімет көзіне сәйкес халықтың өмір сүру деңгейін бағалау үшін бастапқы көрсеткіштер мен әлеуметтік-экономикалық индикаторлар жиынтығы бар. Бастапқы көрсеткіштер келесілер:

  • үй шаруашылығының табыстары;
  • олардың нақты түпкілікті тұтынылуы;
  • үй шаруашылығының түпкілікті тұтынуға кеткен шығыстары;
  • халықтың ақшалай табыстары;
  • халықтың ақшалай шығыстары мен жинақ ақшалары;
  • жан басына шаққандағы ақшалай табыстар;
  • қолда бар нақты ақшалай табыстар;
  • орташа айлық есептелген жалақы;
  • тағайындалған айлық зейнетақының орташа мөлшері;
  • халықтың ақшалай табысының сатып алу қабілеттілігі;
  • жан басына шаққандағы ақшалай табыс деңгейі бойынша халықты бөлу;
  • халықтың әр түрлі топтары бойынша ақшалай табыстың жалпы көлемін
  • бөлу;
  • халық табысының саралану коэффициенттері, табыстарды шоғырландыру
  • коэффициенті (Джини индексі), күнкөрістің ең төменгі деңгейі;
  • табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінен төмен халықтың саны, табыс

тапшылығы.

«Өмір сүру деңгейі» түсінігінің өте күрделілігі мен көп қырлылығыоның әлеуметтік тұрғыдан маңыздылығында болып табылады. Олай болса, зерттеліп отырған экономикалық категорияның әлеуметтік астары халықтың аз қамтылған (тұрмысы нашарлар), ең аухатты, жұмыс беруші мен жұмысшылардың, зейнеткерлердің, жанұяның және нақты адамның өмір сүру деңгейлерін қарастырады. Аталғандарға көрнекілік беру үшін оларды топтастырып, сызба ретінде келтірдік. Ол төмендегі сызбада.

Сурет 1 -Әлеуметтік топтарды саралау сызбасы

Ескерту -сызбаны құрастырған автор

Осылайша, біздің ойымызша, «өмір сүру деңгейі» - адамның тұтынуға байланысты игіліктерін қанағаттандыру мақсатында біріңғай негізге сүйене отырып, өмір сапасын арттыру болып табылады. Осы пікіріміз дәлелді болу үшін келесі сызбаны келтіруді жөн көрдік.

Сурет 2 - Өмір сүруде адамның әл-аухат құрылымы

Ескерту -сызбаны құрастырылған автор

Сонымен бірге, республикамызда өмір сүру деңгейін бағалау үшін 11 негізгі әлеуметтік-экономикалық индикаторлар негізге алынады, олар

  1. үй шаруашылықтарың жалпы түзетілген табысы: халықтың жан басына шаққандағы жалпы түзетілген табысы және жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім;
  2. үй шаруашылықтарының нақты түпкілікті тұтынуы: жан басына шаққанда және өткен жылға пайызбен;
  3. жан басына шаққандағы айлық ақшалай табыс;
  4. жан басына шаққандағы халықтың нақты қолда бар ақшалай табыстары, өткен жылға пайызбен;
  5. айына 1 жұмысшының атаулы жалақысы;
  6. өткен жылға пайызбен 1 жұмысшының нақты жалақысы;
  7. есептелген айлық зейнетақының орташа мөлшері;
  8. өткен жылға пайызбен зейнетақының нақты мөлшері;
  9. айына жан басына шаққандағы күнкөріс шегі;
  10. айына еңбек ақының ең төменгі мөлшері;
  11. айына зейнетақының ең төменгі мөлшері.

Халықтың өмір сүру деңгейін анықтау күрделі процесс, әйтседе, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер жүйесінде халықтың табыстары мен шығыстарының құрылымын, табыс бойынша саралануын, әр түрлі әлеуметтік топтар табысының сатып алу қабілеттілігін, материалдық игіліктер мен қызметтерді тұтынуды қанағаттандыру деңгейін есепке алу маңызды. Аталған көрсеткіштерді талдау негізінде өмір сапасы мен оның деңгейін толық және кешенді қамтитын, мәнін түсіндіретін, өмір сүруді бағалайтын нақты көрсеткіштер жүйесі қалыптасады. Логикалық бірізділікпен қалыптасқан осы жүйе төмендегідей көрсеткіштер топтамасынанқұралады:

  • жалпыланған көрсеткіштер;
  • халықтың табыстары;
  • халықтың шығыстары мен тұтынуы;
  • жинақталған мүлік пен тұрғын-үй;
  • әлеуметтік қорғау жүйесі;
  • әлеуметтік сала;
  • қоршаған орта;
  • халықтың әлеуметтік саралануы.

Осыдан келіп, бастапқыда айтып өткеніміздей, «өмір сүру деңгейінің» құраушы бөлігі әлеуметтік тұрғыдағы мәселелер туындайды. Дәлірек айтқанда, жоғарыда келтірілген көрсеткіштерді талдау арқылы халықтың «өмір сүру деңгейі» түсінігі анықталып, топтастырылады және мемлекет тарапынан қолдауға ие болады. Кеңірек аша айтатын болсақ, осыдан келіп, әлеуметтік қорғау жүйесі қалыптасады. Ол:

  • әлеуметтік қамсыздандыру;
  • зейнетақыны, жәрдемақыны, қарттарға, балаларға, ауруларға материалдық көмек беру жүйесін сипаттайтын көрсеткіштер кешенін қамту;
  • ең төменгі: күнкөріс деңгейі (кедейшілік шегі), тұтыну бюджеті, жалақы, зейнетақы мөлшері, жалақының сатып алу қабілеттілігі, зейнетақының сатып алу қабілеттілігі, кедейшілік коэффициенті мен деңгейі, табыс тапшылығы, кедейшіліктің әлеуметтік портреті сияқты индикаторлардан тұрады. Мақсат: мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдіру, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, өмір сапасын көтеру.

Әлеуметтік сала көрсеткіштері адамның өмір сүру деңгейін ғана емес, сонымен бірге өмір қалпын да анықтайды. Олар келесілер:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Үкіметі, аймақтық биліктермен аймақтық экономикалық саясат координациясы
Тұтынуға шекті және орташа бейімділіктің теориялық аспектілері. Қазіргі кедейшілік жағдайы мен тұтыну бюджетін мемлекеттік реттелуін талдау
Жалпы кәсіпорынның нарық жағдайында негізгі капиталдарды пайдалану тиімділігін талдау
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік контекстіндегі әлеуметтік саясат мәселелері
КӘСІПОРЫНДА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Кәсіпорында еңбекақы төлеуді жетілдіру жолдары
Өндірістік кәсіпорындар ресурстарының қалыптасуын анықтау және оларды тиімді пайдалану жолдарын қарастыру
Кәсіпорынның өнімді өткізуді ұйымдастырудың теориялық аспектілері
Республикасы - әлеуметтік мемлекет
Кәсіпорынның өнім сапасын көтерудің экономикалық тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz