Үкімет басқару құрылымы жане оның қызметі


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Үкімет басқару құрылымы жане оның қызметі.

Үкіметтің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы осы Баяндама Қазақстан Республикасы Конституциясының 67-бабының 2-тармағына сәйкес енгізіліп отыр.

Баяндаманың негізгі ережелері Үкіметтің қызметіндегі Мемлекет басшысы айқындап берген орта мерзімді кезеңге арналған басымдықтарды толық көлемде ескереді және 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын одан әрі іске асыруға бағытталған.

Қоғамдық-саяси тұрақтылық, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму, экономикалық қауіпсіздікті нығайту негізінде халықтың әл-ауқатын өсіру Үкіметтің 2003 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасының басты мақҚазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының табыстарын барлық халықаралық қаржы және рейтингілік агенттіктер таныған болатын. Соңғы жылдар ішінде Қазақстанның іс жүзінде барлық әлемдік рейтингілерінің тұрақты түрде жақсарғаны байқалады.

2005 жылғы 20 желтоқсанда Fitch Rating, s рейтінгілік агенттігі Қазақстан Республикасының инвестициялық рейтингін шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді облигациялар бойынша "ВВВ" дейін және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді облигациялар бойынша "ВВВ+" деңгейіне дейін өсірді.

Дүниежүзілік экономикалық форум жариялаған Бәсекеге қабілеттік жөніндегі есепте бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша Қазақстан 2005 жылы тұңғыш рет қатыса отырып, ТМД-ның барлық елдерін арттыра қалдырып, 61-орынға ие болды.

саты ретінде айқындалған. Экономиканың өсуін қамтамасыз етудің жаңа бағыттарын қалыптастыру

2005 жылы Үкімет мынадай жеті кластерді жасау және дамыту жөніндегі жоспарларды қалыптастырды және бекітті: "Туризм", "Тамақ өнеркәсiбi", "Мұнай-газ машиналарын жасау", "Тоқыма өнеркәсiбi", "Көлiктiк логистика", "Металлургия" және "Құрылыс материалдары".

Туризмді дамытуды Үкімет экономиканың өсуін қамтамасыз етудің перспективалы бағыттарының бірі деп санайды. Осыған байланысты бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру және перспективада Қазақстанды Орталық Азия өңірінің туризм орталығына айналдыру міндеті алға қойылады.

Халықаралық консалтингілік компания жүргізген зерттеулерді ескере отырып, туризмді дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын халықаралық сарапшылардың саланы одан әрі дамыту стратегиясы жөніндегі ұсынымдарын ескере отырып әзірлеу жоспарланып отыр.

Туристік қызметтерге сыртқы сұранысты ұлғайту және Қазақстанның туристік беделін қалыптастыру мақсатында Үкімет халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары мен жетекші, шетелдік телеарналарды пайдалана отырып, белсенді жарнамалық-ақпараттық жұмыс жүргізуді ниет етіп отыр.

Бұдан басқа, әлемнің неғұрлым дамыған елдерінің туристер ретінде келетін азаматтары үшін ҚР-дың шет елдердегі елшіліктері мен консулдықтарында виза беруді одан әрі ырықтандыру мәселесін қарау ұсынылып отыр.

Ғылымды, технологияларды және инновацияларды дамыту

Технологиялар мен инновациялар саласындағы тиімді мемлекеттік саясат елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың түйінді факторларының біріне айналуы тиіс. Үкімет отандық, сондай-ақ шетелдік ғылыми әлеует пен технологияларды пайдалану негізінде бәсекеге қабілетті соңғы өнім жасауды қамтамасыз ететін ашық үлгідегі инновациялық жүйені одан әрі қалыптастыру үшін шаралар қабылдайтын болады.

Технологиялар мен инновациялар саласындағы мемлекеттік саясат қысқа мерзімді кезеңде мынадай ережелерге негізделе отырып жоспарлануы тиіс:

1. Мемлекет "озық технологиялар импортын" қолдау есебінен, сондай-ақ Қазақстанда операция жасайтын ірі корпорациялармен ынтымақтастық арқылы экономиканың нақты секторы салаларының технологиялық базасын жаңғыртуды қамтамасыз етуге тиіс, бұл болашақта инновациялық бағдарламалар үшін негізге айналуы тиіс.

2. Мемлекет жеке сектордың бастамаларын қолдайтын инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыруға белсенді қатысуға тиіс.

3. "Инновациялар импортын" қолдау әлемдегі қазіргі заманғы жоғары технологиялы бағыттардың дамуын оларды Қазақстанға енгізу нысанына егжей-тегжейлі талдау және мониторингілеу нәтижелеріне негізделетін болады, өйткені Қазақстанның артта қалуы бірқатар объективті себептерге байланысты экспоненциальды түрде өсіп келе жатқан бағыттар бар және бүгінгі таңда қазақстандық технологиялық және ғылыми әлеуеттің оларға қатысуы мүмкін емес.

Озық шетелдік технологиялар трансфертін ынталандырудың мемлекет тарапынан тікелей қаржылық (гранттар, жеңілдікті қаржыландыру, лизинг және т. б. ) және жанама (салықтық жеңілдіктер мен инвестициялық преференциялар) қолдауды қамтитын кешенді жүйесі мемлекеттік саясатты іске асырудағы негізгі құралдардың біріне айналуға тиіс. Бұл ретте озық технологиялар трансфертіне мемлекеттік ұстаным экономика қажеттіліктеріне және қазіргі ресурстарға негізделуге, технологиялық шектеулерді ескеруге, сондай-ақ құрылған және көшірілген технологияларды одан әрі дамытуды қамтамасыз етуге бағытталуға тиіс.

Осылайша, Үкіметтің технологиялар мен инновациялар саласындағы жұмысы төрт бағыттағы міндеттерді шешуге бағытталады:

1. Экономиканың нақты секторы үшін озық шетелдік технологиялар импортын басқару тетігін құру.

2. Телекоммуникациялар және технологиялық сервис саласында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру.

3. Әлемнің технологиялық жағынан неғұрлым дамыған өңірлерінде қазіргі заманғы үрдістердің тұрақты мониторингінің тетіктері арқылы серпінді секірісті инновациялық технологиялар импорты жүйесін қалыптастыру.

4. Технологиялар мен инновациялар импортын қолдаудың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру.

Қазіргі уақытта Астананы тұрақты дамытуды нықтай түсудің, өмір сүру мен қоршаған ортаның жоғары сапасының, оның тұрғындары мен қонақтарының сипатты ерекшеліктерінің, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмір деңгейінің, қала кеңістігінің тамаша сәулеті мен оның сауатты ұйымдастырылуының арқасында елорданың бүкіләлемдік танымалдылығын қамтамасыз етудің нақты мүмкіндігі бар.

Астананы еуразиялық кеңістіктегі үлгілі орнықты елорда, Орталық Азиядағы өңірлік орталық - ықпалдастырушы процестердің бастамашысы ретінде дамыту жоспарланып отыр.

Астананы дамытудың негізгі бағыттары мынадай.

Индустриялық-инновациялық даму саласында:
- бәсекеге қабілеттілікті арттырудың және қала экономикасын әртараптандырудың анағұрлым тиімді тәсілі ретінде кластерлік дамытуды қолдау саласындағы іс-шараларды іске асыру.

Инновацияларды, жаңа технологияларды дамыту мақсатында ІТ-технологиялары, биотехнологиялар, құрылыс материалдарының кластерлерін, медициналық және туристтік кластерлерді құруды ынталандыру, бизнес-білімнің арнайы бағдарламалары бойынша жұмыс істейтін инновациялық орта үшін кадрларды даярлауға қабілетті бизнес-мектептер құру, елордада тұрақты халықаралық көрмелерді, конференцияларды ұйымдастыру және өткізу көзделеді.

Әлеуметтік салада:
- өзара көмек пен кооперация негізінде қала проблемаларын шешуде тұрғындардың кеңінен қатысуын ынталандыруға бағытталған жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік жұмысын ұйымдастыру;
- жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктер мен жеке сектор кәсіпорындары арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін әзірлеу;
- білім беру және денсаулық сақтау қызметтерінің қол жетімділігі мен сапасын арттыру;
- жекешендірілуі заңнамаға сәйкес мүмкін болатын халықтың әлеуметтік қорғалатын топтары үшін коммунальдық тұрғын үй мен жатақханалар салу;
- пилоттық жобаларды әзірлеу және іске асыру, аумақтарды дамыту және қоршау.

Экология саласында:
- қалада қалдықтардың көлемін азайтуды, оларды қайта өңдеуді, қайта пайдалануды және кәдеге жаратуды көздейтін қалдықтарды басқару жүйесін енгізу;
- ғылымды қажетсіну және ресурс үнемдеу, экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес жаңа өндірістерді орналастыру негізінде өндірістік саланы қайта ұйымдастыруды ынталандыру;
- қала кәсіпорындарына улы шикізатты болдырмауға, тастандылар мен қалдықтардың барлық түрлерінің көлемі мен улылығын өндіріс процесі аяқталғанға дейін азайтуға бағытталған "неғұрлым таза өндіріс" стратегиясын енгізу.

Туризм саласында:
- қалада сервистің және қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін туристік инфрақұрылым объектілерін дамыту;
- қаланың келбетін, оның бейнесі мен туризм үшін тартымдылығын айқындайтын бірегей сәулет объектілерін орналастыру;
- Астанада әлемдік ауқымдағы, оның ішінде әлемнің әртүрлі мәдениеттерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды өткізу;
- Щучье - Бурабай курорттық аймағына, "Қорғалжын" қорығына қол жетімділік мүмкіндіктерін пайдалану, орнитологиялық, флоралық, мәдени-танымдық туризмді дамыту, елордада және Ақмола облысында "көшпенді тұрмысы" жағдайына, шетелдік туристік аңшылыққа, балық аулауға, далалық сафариге және туризмнің басқа да объектілеріне туристердің қызығушылығын туғызу.

4. 2. 8. Алматы қаласындағы Өңірлік қаржы орталығы

Үкімет үшін Мемлекет басшысы айтқан басымдықтардың бірі - Қазақстанның жеделдетілген экономикалық дамуы үшін серпінді секірістерді қамтамасыз ету, Қазақстан экономикасының одан әрі өсуі болып табылады.

Алматыны ірі өңірлік қаржы және іскерлік белсенділігі орталығы ретінде дамыту осы басымдыққа толығымен жауап береді.

Осы жоба елдің қаржы жүйесін дамытуға жаңа импульс беруге мүмкіндік береді, ел экономикасына жаңа инвестициялар тарту үшін жағдай түзуді қамтамасыз етуді, қор рыногын жеделдетіп дамытуға, экономиканы әртараптандыруға және елдің жаңа бәсекелік артықшылықтарын құруға, сондай-ақ Алматы қаласының өзін дамытуға ықпал етеді.

"Boston ConsuIting Group" халықаралық консалтингілік компаниясын тарта отырып, қаржы орталықтарын құрудың халықаралық практикасынан ең үздіктерін өзіне қамтитын қаржы орталығының моделі әзірленген еді, атап айтқанда, үш қаржы орталығы - Сингапур, Дубай мен Дублин табысының базалық факторларынан сабақ алынған болатын.

Үкімет қаржы орталығы жұмыс істеуінің құқықтық негізін құрайтын "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобаларын әзірледі және Парламенттің қарауына енгізді.

Қазіргі уақытта, сондай-ақ Алматы қаласы қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі жекелеген мемлекеттік органды құру жөніндегі жұмыс жүргізілуде.

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру жөніндегі жұмысты жалғастыру шеңберінде мыналар:
- Қазақстан Республикасының "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарын қабылдау;
- жоғарыда көрсетілген заңдарды іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеу;
- Алматы қаласы қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттіктің жұмыс істеу мәселелерін пысықтау, оның қызметі үшін тиісті инфрақұрылым құру және барлық қажетті жағдай жасауды қамтамасыз ету;
- Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын одан әрі дамыту мәселелерін пысықтау қажет.

4. 2. 9. Көліктік-коммуникациялық кешенді дамыту

Жаһандандыру жағдайларында экономика мен мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі көп жағдайда көліктік-коммуникациялық кешен қызметінің тиімділігіне тәуелді болады, оны одан әрі дамыту әзірленіп жатқан Қазақстанның 2015 жылға дейінгі Көліктік Стратегиясына сәйкес жүзеге асырылады.

Көліктік инфрақұрылым секторындағы негізгі міндеттер Қазақстанның көліктік кешенін еуразиялық көліктік жүйеге ықпалдастыру, көліктік саланы мемлекет экономикасының өсуіне сәйкес дамыту, көліктік дәліздердің ендік-меридиандық жүйесін қалыптастыру, инфрақұрылымды кластерлік дамыту есебінен Қазақстанның көліктік жүйесінің бәсекеге қабілетін арттыру болып табылады.

Осы саладағы көрсетілген міндеттерді іске асырудың негізгі бағыттарына ұлттық көліктік инфрақұрылымды қайта жаңартуды және дамытуды, транзиттік әлеуетті пайдаланудың тиімділігін арттыруды, мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіруді, ғылыми-инновациялық дамуды және кадрлық әлеуетті қалыптастыруды, салаға жеке инвестицияларды тарту жөніндегі пәрменді тетіктерді тұжырымдауды, оның ішінде мемлекеттік-жеке серіктестік тетігін енгізуді, көліктік қызметтер нарығын дамытуды жатқызуға болады.

Мемлекетаралық деңгейде елдің көліктік транзитттік тасымалдарды реттеу саласындағы басым халықаралық конвенцияларға қосылуына, Қазақстан Республикасының халықаралық көліктік одақтарға толыққанды қатысуын және ұстанымын нығайтуды қамтамасыз етуге, тарифтерді біріздендіруге, сондай-ақ қазақстандық көліктік бағыттарды халықаралық көліктік дәліздер желісіне ықпалдастыруға баса назар аударылатын болады.

Қазіргі көліктік инфрақұрылымды жаңғырту шеңберінде:

Алматы - Ақтоғай - Достық;

Железорудная - Қостанай;

Мақат - Қандыағаш темір жол учаскелерін электрлендіру;

Қорғас - Сарыөзек;

Ералиев - Құрық;

Маңғышлақ - Баутино:

Бейнеу - Шалқар;

Жезқазған - Сексеуіл жаңа темір жол учаскелерін салу жөніндегі жұмыстарды жүргізу жоспарланып отыр.

Біз қабылдаған Автожол саласын дамытудың 2006 - 2012 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес 2008 жылға дейін:

Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас;

Түркістан және Ақтөбе қалаларын айналып өтуді қоса алғанда, Шымкент - Қызылорда - Ақтөбе - Орал - Самара;

"Астана - Щучье", "Бурабай - Көкшетау - Петропавлов" учаскелерінде Алматы - Қарағанды - Астана - Петропавлов;

Астрахань - Атырау - Ақтау - Түркіменстан шекарасы;

Омбы - Павлодар - Семей - Майқапшағай (ішінара) ;

Астана - Қостанай - Челябі бағыттарындағы автомобиль жолдарының,

сондай-ақ:

Таскескен - Бақты - ҚХР шекарасы;

Ақсай - Шонжы - Құлжат - ҚХР шекарасы автожолдарының учаскелерін қайта жаңарту

және Қиғаш өзені арқылы көпір салу жоспарлануда.

Алдағы кезеңде жол-құрылыс жұмыстарын орындаған кезде сапаны қамтамасыз ету үшін инженерлік-консультациялық ұйымдарды тарту практикасы, сондай-ақ орындалған жұмыстардың сапасын бақылау, салаға сапаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгізу қолданылатын болады.

Су көлігі саласын дамыту Ұлттық сауда теңіз флотын дамыту бағдарламасын, Кеме қатынасын дамытудың және ішкі су жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2007 - 2012 жылдарға арналған бағдарламасын, сондай-ақ қазіргі Ақтау теңіз портын кеңейту, Құрық, сондай-ақ Баутино порттарын толық құру арқылы Каспий жағалауының порттарын дамыту жөніндегі кешенді шараларды іске асыруды көздейді.

Су көлігі саласындағы тасымалдарды жандандыру Каспийдегі көп бағытта тасымалдардың дамуына және Ертіс пен Жайық өзендері бассейндеріндегі тасымалдау көлемінің өсуіне байланысты.

Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің теңіз операцияларына тиімді қатысу мақсатында қайраңдағы теңіз операцияларын қолдау флотын құру жалғасады.

Теңіз кәсіптерінің ұлттық сыныптағы мамандарын, теңіз сауда флоты үшін кадрлар даярлау және қайта даярлау жүйесін құру үшін Теңіз жаттығу-тренажер орталығын құру көзделген. Қазақстандық кластерлік бастаманы іске асыру шеңберінде Қорғаста, Алматыда, Оралда, Ақтауда көліктік-логистикалық орталықтар құрылады.

Әуе көлігі саласында халыққа және шаруашылық жүргізуші субъектілерге сапалы авиациялық қызметтер көрсету мақсатында халықаралық стандарттарға жауап беретін азаматтық авиацияны одан әрі дамыту үшін жағдай жасалады.

Бұл саладағы жұмыс үшін негізгі бағыттар мыналар болып табылады:
- жер үсті инфрақұрылымы объектілерін жаңғырту және дамыту;
- әуе кемелері паркін жаңарту және ұлғайту;
- халықаралық және ішкі ұшулар географиясын кеңейту, оның ішінде жергілікті әуе желілерін қалпына келтіру;
- әуежай кешендерін және ұшуларды жер үсті қамтамасыз ету құралдарын кезең-кезеңімен жаңғырту;
- Біріккен Авиациялық Биліктің (JAA) еуропалық авиациялық стандарттарын енгізу;
- спутниктік технологияларды қолдана отырып, әуе қозғалысын ұйымдастыру жүйесінің жаңа тұжырымдамасын енгізуге дайындық жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау;
- қазіргі заманғы әуе кемелері паркі және авиация, оның ішінде Еуропа-Қазақстан-Азия бағыттарының дамыған желісі бар ірі ұлттық әуе тасымалдаушысын қалыптастыру мақсатында "Эйр Астана" авиакомпаниясын дамыту;
- кадрлар даярлау және қайта даярлау жүйесін жетілдіру.

Үкімет Ғарыш қызметін дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыруды жалғастырады.

Халықтың анағұрлым "осал" топтарын атаулы әлеуметтік қолдау

Халықтың анағұрлым "осал" топтарын атаулы әлеуметтік қолдауды дамыту үшін Үкімет мыналарды жоспарлап отыр.

Атаулы әлеуметтік қолдауды күшейту мақсатында қорғау мен даму үйлесімділігіне бағытталған атаулы әлеуметтік көмекті көрсету және аз қамтылған отбасыларға балаларға арналған жәрдемақы төлеу шарттары нақтыланатын болады.

Мемлекеттік атаулы көмек тетігіндегі негізгі күш-жігер қоғамдық жұмыстарға тарту, оқыту және қайта оқыту, жұмысқа орналастыру, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарын құру сияқты әлеуметтік қорғаудың белсенді әдістерін қолдану есебінен кедейлікті азайтуға бағытталатын болады. .

Ана мен баланы қолдау әлеуметтік қорғау жүйесінде ерекше орын алады. Балалы отбасыларды қорғау жүйесін одан әрі дамыту, бала тууды ынталандыру, республикадағы демографиялық ахуалды жақсарту мақсатында 2006 жылдан бастап жаңа екі жәрдемақы түрі қосымша енгізілген: 3-тен 4, 5-ке дейінгі АЕК мөлшерінде бір жасқа дейінгі бала күтімі жөніндегі әмбебап жәрдемақы және аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына жәрдемақы (1 АЕК мөлшерінде) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда мемлекеттік басқаруды жетілдіру кезеңдері және дамыған елдердің басқаруды реформалау тәжірибелері
Үкімет — мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы органы
Мемлекетті басқару органдарының жіктелуі
Саяси жүйе теориясының авторы
Жалпы мемлекеттік органдар қызметі мен олардың қызмет ету қағидаларына және оның Қазақстандағы жағдайына жан-жақты талдау жасау
Атқарушы биліктің құрылымы
Орталық атқарушы органдар әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде
Конституциялық Кеңесті құжаттау және оның құжаттамасын басқару
Атқарушы билік органдары
Қазақстан Республикасының мемлекет нысандарының жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz