Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары



Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның төлем қабілеттілігі өндіріске салынған активтердің айналымдылық деңгейінен тәуелді болады. Айналымдылық көрсеткіштері қаншалықты жоғары болса, соншалықты өндіріске салынған активтер нақты ақша қаражаттарына жылдам айналады, яғни кәсіпорын өзінің қарыздық міндеттемелерін уақытылы орындай алады.
Кәсіпорынның айналым капиталының айналымдылық деңгейі әр түрлі болады. Активтердің айналымдылық көрсеткіштері кәсіпорын мүлкінің құрылымын анықтайды және кәсіпорын активтерінің жекелеген түрлерінің (негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың, дебиторлық қарыздың) айналым жылдамдығынан тікелей тәуелді болады.
Айналым капиталының айналым ұзақтығы көптеген сыртқы және ішкі факторларға байланысты болады. Сыртқы факторларға келесілерді жатқызуға болады:
• Кәсіпорынның салалық ерекшеліктері (мысалы, өнеркәсіп саласының кәсіпорындарындағы ағымды активтердің айналым жылдамдығы қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарындағы активтердің айналым жылдамдығынан төмен болады);
• Кәсіпорын қызметінің ерекшеліктері (өндірістік, жабдықтаушы, білім саласындағы кәсіпорындар);
• Кәсіпорынның өндірістік қабілеті;
• тұтынушылар арасындағы қарым- қатынастар, кәсіпорынның өніміне деген сұраныстың болуы).
Айналым капиталын қолданудың тиімділігіне әсер ететін ішкі факторларға келесілер жатады:
• Шығындарды басқару жүйесі (өндіріске қажетті материалдардың тиімді мөлшерін анықтау);
• Кәсіпорынның баға саясаты;
• Тауарлық- материалдық құндылықтарды бағалаудың тиімді әдістерді (өндірістік, орташа салмақталған құн, ФиФО, ЛиФО) қолдануды қажет ететін есеп саясаты.
Капиталдың айналымдылығының артуы материалдық құндылықтарды басқару жүйесінің тиімділігінің артқанын және кәсіпорынның өндірістік белсенділігінің өскенін сипаттайды. Активтердің айналымдылығының төмендеуі кәсіпорынның қолында шектен тыс материалдық құндылықтардың, дебиторлық қарыздың, ақша қаражаттарының шоғырланғанын білдіреді.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
3. Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның төлем қабілеттілігі өндіріске
салынған активтердің айналымдылық деңгейінен тәуелді болады. Айналымдылық
көрсеткіштері қаншалықты жоғары болса, соншалықты өндіріске салынған
активтер нақты ақша қаражаттарына жылдам айналады, яғни кәсіпорын өзінің
қарыздық міндеттемелерін уақытылы орындай алады.
Кәсіпорынның айналым капиталының айналымдылық деңгейі әр түрлі болады.
Активтердің айналымдылық көрсеткіштері кәсіпорын мүлкінің құрылымын
анықтайды және кәсіпорын активтерінің жекелеген түрлерінің (негізгі
құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың, дебиторлық қарыздың)
айналым жылдамдығынан тікелей тәуелді болады.
Айналым капиталының айналым ұзақтығы көптеген сыртқы және ішкі
факторларға байланысты болады. Сыртқы факторларға келесілерді жатқызуға
болады:
• Кәсіпорынның салалық ерекшеліктері (мысалы, өнеркәсіп саласының
кәсіпорындарындағы ағымды активтердің айналым жылдамдығы қызмет
көрсету саласындағы кәсіпорындарындағы активтердің айналым
жылдамдығынан төмен болады);
• Кәсіпорын қызметінің ерекшеліктері (өндірістік, жабдықтаушы, білім
саласындағы кәсіпорындар);
• Кәсіпорынның өндірістік қабілеті;
• тұтынушылар арасындағы қарым- қатынастар, кәсіпорынның өніміне деген
сұраныстың болуы).
Айналым капиталын қолданудың тиімділігіне әсер ететін ішкі факторларға
келесілер жатады:
• Шығындарды басқару жүйесі (өндіріске қажетті материалдардың тиімді
мөлшерін анықтау);
• Кәсіпорынның баға саясаты;
• Тауарлық- материалдық құндылықтарды бағалаудың тиімді әдістерді
(өндірістік, орташа салмақталған құн, ФиФО, ЛиФО) қолдануды қажет
ететін есеп саясаты.
Капиталдың айналымдылығының артуы материалдық құндылықтарды басқару
жүйесінің тиімділігінің артқанын және кәсіпорынның өндірістік
белсенділігінің өскенін сипаттайды. Активтердің айналымдылығының төмендеуі
кәсіпорынның қолында шектен тыс материалдық құндылықтардың, дебиторлық
қарыздың, ақша қаражаттарының шоғырланғанын білдіреді.
Айналым капиталдарын қолданудың тиімділігін арттырудың жолдары
жоғарыда Қазхром АҚ мәліметтерінің негізіне сүйене отырып қарастырған
болатынбыз. Ағымды активтердің оңтайлы көлемін қалыптастыру негізінен
алғанда активтердің кәсіпорынға қажетті мөлшерін анықтаумен байланысты
болғандықтан, материалдарды оларды әдістемесімен де таныс болдық.
Алайда, аталған кәсіпорынның қызмет ерекшеліктеріне байланысты оның
ағымды активтердің құрамында материалдық құндылықтар мен дебиторлық қарыз
және ақша қаражаттарынан тұрады. Өздерінің ерекшеліктеріне, айналу
жылдамдығына, пайда болу заңдылықтарына, пайда болу заңдылықтарына
байланысты ағымды активтердің бұл элементтерн жоспарлау, болжамдау және
алдын-ала есептеп анықтау өте қиын. Бұл активтерді басқару барысында өзге
де әдістерді қолданады. Кәсіпорындар бұл тектес активтердің тиімділігін
қолданыстағы қаржыландыру және есеп айырысу әдістерінің көмегімен арттыра
алады.
Дебиторлық қарыз шоттарындағы қаражаттар ағымды активтердің айналымнан
шығып қалған бөлігін көрсетеді. Бұл өз кезегінде кәсіпорынды қосымша
қаражаттарға мұқтаж етеді және оның қаржылық жағдайының қиындауына алып
келеді.
Коммерциялық есеп айырысу принципі бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындар
дебиторлық қарыздың көлемінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ААҚ «Тұк казхром» кәсіпорынның экономикалық қызметін талдау
ААҚ «Тұк казхром» экономикалык қызметін талдау
Айналыс қорлары
Айналым капиталының элементтері
Кәсіпорынның айналым капиталын жетілдіру жолдары
Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалануды жақсартудың теориялық мәселелері
Өндірістік айналым қоры
Айналым өндірістік қорлар
Айналыс активтері
Компанияның қарыз капиталын басқару
Пәндер