Қазақтың текті қыраны



Талғат Бигелдиновтің еншісіне ерекше тағдыр бұйырған



Ол тағдыр – қазақтың текті қыранының тағдыры. Қыран бүркіт қашан да мәрт келеді. Қыран мекені қияда. Қыран аңсары – күн астындағы шексіз, шетсіз кеңістік. Қыран самғауы зеңгір көктің төрінде. Қыранның шырқау биікті көксемейтін күні жоқ. Мұзбалақ қыран тұғыры – мәңгілік мұзарттар. Қазақтың текті қыраны, жеті қат көкте жаумен қисапсыз жағаласқанда жүрегі әсте шайлығып көрмеген, ел бағына туған қаһарман ұланы Талғат Бигелдинов даңқының, соны сүйіншілеп қуанған халық мерейінің биігі екі дүркін Кеңес Одағы Батыры жұлдыздарының сөнбес жарығымен сараланады.

Қарт қыран бүгінде сексеннің жетеуінде. Әлі де сол мұзарттағы тұғырында. Мәшинесін өзі айдайды. Көптен бергі сүйікті хоббиі – бал арасын бабымен ұстап, омартасын Алатау аңғарларында мұқияттап сайлайды. Жетпістен асқанда күркіреп жауға шапқан баяғы Бөгенбай бабасындай “Бетін аулақ қылсын, бірақ күн туа қалса ұшаққа отырып қайтадан самғауға әзірмін!” деп ширығуынан-ақ қайтпаған батыр сұсы білінгендей. Соған қарамастан батыр көңілі баладай риясыз. Күркірей күлімсіреген батыр ағаның бала мінезінен қилы-қияпат жылдарға мойынсұнбаған жан тазалығын танығандай жадырай түсеміз. Осынау қыран қазақпен аз-кем де болса әңгімелескен адам оның сөзінен, мінезінен ертегі батырларының ерекшелігін байқамай тұра алмас еді. Өзіміз байқадық.

Осы Кеңес Одағының Батыры атағын бір емес, екі рет алған қазақ аз ба, көп пе? Мүлдем қисынға келмейтін сұрақ. Екеудің бірі де емес, бірдің өзі, нағыз дүрдің өзі Бигелдинов Талғат. Мұны айтып елдің есіне салғанда Американы қайтадан ашқалы отырған жоқпыз. Тек сонау қаһарлы соғыс жылдарында Сталиннің жарлығы бойынша 80 жауынгерлік ұшуды табысты орындаған ұшқышқа Батыр атағы бері­летін болып белгіленген екен. Ал біздің Талғат ағамыз болса, 305 мәрте жауын­герлік тапсырмамен ұшып шығып, жауға соншама рет ойран салып шайқасқан, соншама рет өліммен беттесіп, арпалысып айқасқан. Қарапайым арифметикаға сал­сақ та, төрт немесе, кем дегенде, үш мәрте Кеңес Одағының Батыры болғандай екен! Әрине, екі Жұлдыз да тақиямызға тар келмес. Күпірлік болмасын, бірақ көңілде күмән барын қайтіп жасырайық. Қазаққа одан артықты қимаған, осы да жетер деген кердең пиғыл да болмай қалмаған-ау деп шамалаймыз. Ал мына екі мәрте Батыр атағын бермеске де Талғаттай өреннің бірінен бірі асқан, үдемелеген ерен ерлігі ерікке қоймаған. Шабытты шағындағы болат топшылы қызылшыл қыран қайтпас қайсарлығымен Жұлдызды жұлып алған, іліп түскен. Қиян-кескі сол күндердің өзінде неміс-кеңес майдан шебінің екі жағында да қысық көзді азиат Бигелдиновтің жаужүрек жалыны мен ұшқыш ретіндегі шеберлік шалымы аңызға айналғанын көзкөрген куәлар хатқа түсірген, құжаттарда таңбаланып қалған. Шабуылдағы қазақ сұңқарының айла-тәсілі, қабілет-қарымы, ұшақты қапысыз меңгеруі, ұрыстағы ұрымталдығы, өжеттігі өзгелерден оқ бойы озық болып дараланғанын да сарғайған құжаттар, ескірмес естеліктер жырдай қып жеткізген. Осылайша жердегі жаяу әскердің жортуыл-жорықтарында ғана емес, қазақ аты аспандағы айқастарда да бірден-бір Бигелдиновтің арқасында айдай әлемге әйгілене танылып, туған халқына мерей-мақтаныштың кенен олжасын асқан бір дарқандықпен молынан салғанына алғыс-рахметіміз де әрқашан айтыла беруі керек-ақ.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚТЫҢ ТЕКТІ ҚЫРАНЫ

Талғат Бигелдиновтің еншісіне ерекше тағдыр бұйырған

Ол тағдыр – қазақтың текті қыранының тағдыры. Қыран бүркіт қашан да
мәрт келеді. Қыран мекені қияда. Қыран аңсары – күн астындағы шексіз,
шетсіз кеңістік. Қыран самғауы зеңгір көктің төрінде. Қыранның шырқау
биікті көксемейтін күні жоқ. Мұзбалақ қыран тұғыры – мәңгілік мұзарттар.
Қазақтың текті қыраны, жеті қат көкте жаумен қисапсыз жағаласқанда жүрегі
әсте шайлығып көрмеген, ел бағына туған қаһарман ұланы Талғат Бигелдинов
даңқының, соны сүйіншілеп қуанған халық мерейінің биігі екі дүркін Кеңес
Одағы Батыры жұлдыздарының сөнбес жарығымен сараланады.

Қарт қыран бүгінде сексеннің жетеуінде. Әлі де сол мұзарттағы
тұғырында. Мәшинесін өзі айдайды. Көптен бергі сүйікті хоббиі – бал арасын
бабымен ұстап, омартасын Алатау аңғарларында мұқияттап сайлайды. Жетпістен
асқанда күркіреп жауға шапқан баяғы Бөгенбай бабасындай “Бетін аулақ
қылсын, бірақ күн туа қалса ұшаққа отырып қайтадан самғауға әзірмін!” деп
ширығуынан-ақ қайтпаған батыр сұсы білінгендей. Соған қарамастан батыр
көңілі баладай риясыз. Күркірей күлімсіреген батыр ағаның бала мінезінен
қилы-қияпат жылдарға мойынсұнбаған жан тазалығын танығандай жадырай
түсеміз. Осынау қыран қазақпен аз-кем де болса әңгімелескен адам оның
сөзінен, мінезінен ертегі батырларының ерекшелігін байқамай тұра алмас еді.
Өзіміз байқадық.

Осы Кеңес Одағының Батыры атағын бір емес, екі рет алған қазақ аз ба,
көп пе? Мүлдем қисынға келмейтін сұрақ. Екеудің бірі де емес, бірдің өзі,
нағыз дүрдің өзі Бигелдинов Талғат. Мұны айтып елдің есіне салғанда
Американы қайтадан ашқалы отырған жоқпыз. Тек сонау қаһарлы соғыс
жылдарында Сталиннің жарлығы бойынша 80 жауынгерлік ұшуды табысты орындаған
ұшқышқа Батыр атағы бері­летін болып белгіленген екен. Ал біздің Талғат
ағамыз болса, 305 мәрте жауын­герлік тапсырмамен ұшып шығып, жауға соншама
рет ойран салып шайқасқан, соншама рет өліммен беттесіп, арпалысып
айқасқан. Қарапайым арифметикаға сал­сақ та, төрт немесе, кем дегенде, үш
мәрте Кеңес Одағының Батыры болғандай екен! Әрине, екі Жұлдыз да тақиямызға
тар келмес. Күпірлік болмасын, бірақ көңілде күмән барын қайтіп жасырайық.
Қазаққа одан артықты қимаған, осы да жетер деген кердең пиғыл да болмай
қалмаған-ау деп шамалаймыз. Ал мына екі мәрте Батыр атағын бермеске де
Талғаттай өреннің бірінен бірі асқан, үдемелеген ерен ерлігі ерікке
қоймаған. Шабытты шағындағы болат топшылы қызылшыл қыран қайтпас
қайсарлығымен Жұлдызды жұлып алған, іліп түскен. Қиян-кескі сол күндердің
өзінде неміс-кеңес майдан шебінің екі жағында да қысық көзді азиат
Бигелдиновтің жаужүрек жалыны мен ұшқыш ретіндегі шеберлік шалымы аңызға
айналғанын көзкөрген куәлар хатқа түсірген, құжаттарда таңбаланып қалған.
Шабуылдағы қазақ сұңқарының айла-тәсілі, қабілет-қарымы, ұшақты қапысыз
меңгеруі, ұрыстағы ұрымталдығы, өжеттігі өзгелерден оқ бойы озық болып
дараланғанын да сарғайған құжаттар, ескірмес естеліктер жырдай қып
жеткізген. Осылайша жердегі жаяу әскердің жортуыл-жорықтарында ғана емес,
қазақ аты аспандағы айқастарда да бірден-бір Бигелдиновтің арқасында айдай
әлемге әйгілене танылып, туған халқына мерей-мақтаныштың кенен олжасын
асқан бір дарқандықпен молынан салғанына алғыс-рахметіміз де әрқашан айтыла
беруі керек-ақ.

Сол бір отты күндерден бері де алпыстан астам жыл өтіп, соғыс
жаңғырығы алыстап барады. Бір майданда, бір елдің қосыны болып тізе қоса
соғысқан Ресейден де ірге ажыратып, дербес байрақ көтергенімізге де жиырма
жылға таяп келеді. Ендеше, осынау, дүниені тітіренткен сұрапыл соғыстың сол
кездегі бас қаһармандарының бірі, қазіргі қарт қыраны, ардагер жауынгер
Талғат Бигелдинов хақында жаңа пайымды жүрекжарды сөзді еліміздің бас
газетінің бетінде айтқан жөн сияқты. Алға озған уақыт, өркендеп өрлеген
заман Батыр орайындағы көзқарас-бағаны бір қағып-сілкіп, шаң-тозаңнан
тазартып, өмір жолын көз алдымызға елестете, оған деген ілтипат-
құрметіміздің деңгейін сыни тұрғыдан тағы бір бағамдап өтуге ишара
ететіндей.

Жә, олай болса, аспан шайқастары ақиығының тәңірім жарылқап тарту
еткен талайлы тағдыры қалай, қай жерде, қашан басталып еді?

Бұрынғы Ақмола-Қараөткел төңірегіндегі атақоныс, қазіргі Астана
әуежайының орнындағы ескі Майбалық ауылында, Бигелді қарттың әулетінде
қазақтың болашақ даңқты ұшқышы Талғат Бигелдинов дүниеге келеді. Сол бір
аумалы-төкпелі заманда Майбалықтан басталған хикая Қордайдан асып, қырғыз
жеріне қарай бет алады. Ғали деген татар байының көп малын айдаған Бигелді
балалары Жүсіпбек пен Жақыпбек Пішпек қаласының маңына жетеді. Ғали байдың
өзі жоқ, қашып кеткен. Малшылардың бастығы ағайынды жігіттер сол арада
қызыл әскербасы Михаил Фрунзенің корпусына тап келіп, өзіне жолығады. “Ғали
байдың малын айдап келдік, өзі жоқ, малды не істерге білмей тұрмыз” дейді.
“Сендер кімсіңдер?” десе, “Бигелді балаларымыз” дейді. Фрунзе: “Ғали бай
Қытайға қашып кетті, малды бізге тапсырыңдар” дейді. “Олай болса, мейлі,
алыңыздар, – дейді Жүсіпбек, – тек, әй, русский нәшәндік, бізді мал берді
деп пиши бумага, пиши бумага!”. Фрунзе сөзге келместен дереу: “Я,
главнокомандующий Туркестанским военным округом М.В.Фрунзе, принимаю скота
Гали бая от чабанов Бегельдиновых Жусупбека и Жакупбека и других, в
составе: 20 тыс. овец, 500 крупного скота” деген мағынадағы қолхат жазып,
мөрін басып береді. Малшыларды да қанатының астына алып қолдарына бір-бір
мылтық ұстатады, етік, шинель, буденновкамен жарылқап, әскерше киіндіріп
қойып, малды одан әрі қаратады. Сойыс-мұқтажға мал сұраса беріп тұрыңдар
деп тапсырады. Ал мұның нағыз әуселесі басқада. Тағдыр жазуының ғажабына
қараңызшы, қызыл сардар Фрунзенің нақ осы қолхаты он сегіз жыл өткенде
жасөспірім Талғаттың ұшқыштар мектебіне оқуға қабылдануына бірден-бір
шарапат-септігін тигізген ақжолтай құжат болды.

Батырдың балалық шағы қалай өтті дегенде, соншалықты бір тауқымет,
қиын­шылық көрді деуге келмес. Ел қатарлы күн кешті. Бәлкім, басқа
құралпыластары­нан бақуаттырақ та болған шығар. Атасы Жүсіпбек “Кожа-
Синдикат” мекемесінде жұмысшы боп, кейін мал базарында істеді, әкесі
Жақыпбек арбакеш болды. Екі отбасы Пішпектің шет жағында, бөлектенбей, бір
қорада тұрды. Асып кетпегенмен, ашқұрсақ емес. Береке-бірлікте, тату-тәтті.
Мейір де жеткілікті. Төрт-бес бала. Ең кішкентайы Талғат. Райхан, Рахима,
Кәрім деген бауырларымен ойнайды. Сол кезде Пішпекте орыс, ұйғыр, татар
мектептері болып, қырғызша және қазақша мектептер болмаған екен. Сөйтіп,
Талғат татар мектебіне барып тіл сындырады. Осы жағдай қазақшасына ара-тұра
қырғыз және татар мәнерін араластыра сөйлейтін Талғат ағамыздың
лексиконынан әлі күнге байқалады. Әрі сонысы, батырдың тағы бір
ерекшелігіндей, құлаққа әуезді де жағымды естіледі.

Бигелді атасының 101 жасап қайтқан қарындасы – Қадиша әжесі кішкентай
Тал­ғатты керемет жақсы көрді, бар мейірімін төге тәрбиеледі. Әкелері 1931-
1932 жылдардағы ашаршылық қысыңқыраған уақыттарда еттірілік танытып,
колхоздан жалға жер алып, тау жақтағы ай далада пияз, жүгері екті. Үй іші
алты ай жаз бойы тайлы-тұяғымен түгелдей егістік басында болады. Сонда
әжесімен бірге қалып үйді қарайтын, бие мен сиырды бағып, сауатын да Талғат
еді. Өстіп еңбекке, елгезектікке баулынды. Қара жұмысқа қаршадайдан қатып-
пісіп шынықты.

Осындай шыныққан шымыр жасөспірімнің Фрунзе аэроклубында үздіктер
қатарында болуы таңданарлық та жайт емес-тұғын. Тек аэроклубтың ұшу
даярлығы жөніндегі бастығы Цурановтың: “Тамаша ұшады. Нағыз жас қыран!
Барлау авиациясы мектебіне жіберсе, тіптен жақсы” деп қолдап мақтағанына
қарамастан, ұшқыштар мектебіне іріктеу үшін келген комиссияны басқарушы
капитан шалбары жамау, көзге қораштау бұған қарап: “Ей, ты, байский сын,
тебя не возьмем!” дейді. “Какой я байский сын” деп жылап жіберердей тұра
жүгірген бойы құстай ұшып үйіне келеді. “Әке, сен бай болған екенсің ғой!
Мені алмай жатыр анда!”. “Айналайын, балам-ау, ана күзгінің артында қағаз
бар, соны апарып көрсетші”, дейді әкесі Жақыпбек. Сол арада Талғат Фрунзе
берген қолхатты тауып алып, аэроклубқа қайтадан жүгіреді. Екі лейтенантымен
бірге әлгі капитан отыр екен, алқынысы басылмай: “Никакой я байский сын!
Вот! Скот сдавал советской власти. На-те!” деп дауысы қаттырақ шығып,
қолхатты алдарына атып ұрады. Аналардың көздері адырайып кетті дейді.
Қолхатты бірінен соң бірі алып оқып, бір-біріне қарап, ұзақтау үнсіздіктен
кейін капитан айтады:

– Бигельдинов, ты принят в летную школу!

Қыран самғауының алғашқы ақ жолы атақты Фрунзе берген бір жапырақ
қағаздың арқасында осылай ашылып еді. Ол кездерде қазақ баласына тым сирек
бұйырған бақыт болатын бұл. Әуелі Саратовтың арнайы барлаушылық ұшқыштар
авиамек­тебіне оқуға жіберілді. Оны бітірген соң Чкаловтағы 3-ші бомбалаушы
және 1-ші жойғыш авиациялық ұшқыштар мектептерінде аспан қыраны
мамандығының қыры мен сырын тәптіштеп меңгерді. Одан соң ИЛ-2 шабылдаушы
ұшағында ұшуға үйренуден өтті. Осының бәріне ұзын-ырғасы екі жарым жыл
шамасында уақыт кет­ті. Тек содан кейін ғана, 1942 жылғы желтоқсан айында
Талғат Бигелдинов кейіннен 144-ші гвардиялық деп аталған алғы шептегі 800-
ші шабылдаушы авиа­полкке келіп қосылып, соның құрамында соғыстың соңғы
күндеріне дейінгі бүкіл от-жалынды бастан өткере кешіп өтті.

Осы арада Талғаттай қыранның пырағы – ИЛ-2 ұшағына сипаттама берудің
кезі келген сияқты. Жалпы авиация шабуылдаушы, қырып-жойғыш, бомбалаушы,
барлаушылық деп бірнеше түрге бөлінеді ғой. Соның ішінде шабуылдаушы
авиа­цияның негізгі міндеті жер бетіндегі жаудың адам күші мен техникасын
құрту бо­лып табылады. Осы міндетті атқарушы ИЛ-2 ұшағы екі зеңбірек, екі
пулеметпен жабдықталған. Жеткілікті мөлшерде “Катюша” атымен реактивті
снарядтары мен бомбалары бар. Зеңбірек гашеткаларын басып оқ атқан кезде
сырт-сырт еткен фотоқондырғылар қоса жұмыс істейді. Сөйтіп, ол кездегі ИЛ-2
дегендеріңіз алапат күш-қару саналып, оларды көргенде жаудың үрейі ұшатын.

Атап көрсететін бір жағдай сол, болашақ батырдың ұшу-техникалық
даярлығының ғаламат тиянақтылығы мен тыңғылықтылығы. Бигелдиновке берілген
сипаттама-мінездемелерден оның қырандық қасиетінің қалыптасқан нышандары
бай­қалғандай. “ИЛ-2 ұшағын меңгеруі тамаша. Ұшуды жақсы көреді, ұшқан
кезде шаршамайды. Еңбексүйгіш. Үйренудегі ұғымталдығы ғажап. Әуеде сабырлы,
се­німмен ұшады” деген бағаларға лайықтылығын ол соғысқа кірген алғашқы
күн­дерде-ақ дәлелдейді.

Бір ғажабы, Бигелдинов үшін соғыста үйрену кезеңі, біртіндеп бейімделу
мерзімі болған жоқ. Алғашқы шайқастан-ақ жауға жасындай тиді. 292-ші
шабылдаушы авиадивизияның бұрынғы командирі, авиация генерал-полковнигі,
Кеңес Одағының Батыры Н.Каманиннің куәлігіне жүгінсек, тұңғыш жауынгерлік
тапсырманы орындау кезінде-ақ оның салған беттен нысанаға сәтті
шүйілгендігі сонша, бомбалар бензин қоймасына қолмен қойғандай дәлдікпен
түсіп, ал екінші мәрте шүйілгенде қару-жарақ қоймасының күлін көкке ұшырып
өртеп жібереді. Кәнігі ұшқыштардың өздерінде де мұндай тас-түйін шалымдылық
сирек кездеседі екен. Ал, Бигелдинов болса бірден-ақ кемел шеберлікке
жеткен. Сорғалап құйылғанда түлкінің ғана емес, арлан қасқырдың да белін
үзіп жіберетін қазақ қыранының алғырлық қасиеті осындай болса керек-ті.

Майдандағы қазақ қыраны тынымсыз ұшты. Ол шабуыл соққыларының қапысыз
шеберіне, мүлтіксіз мергеніне, өткір жанары қиядағыны шалатын аспан
бар­лаушысына айналды. Көк тәңірісі қыран бүркіт десек, сол қанқасап
соғыстың аспандағы айқастарының құдіретті қыран бүркіті осы Талғат еді.
Келе-келе оны ұрыстарға топтың сардар серкесі етіп салатын болды. Нақ 1943
жылы майдангер ақын Қасым: “Білмеймін, қайда жоғалттым Сескену, қорқу
дегенді!” деп тура дәл осы шақта жау аспанында нажағайдай жарқылдап, жасын
ойната шаңқылдаған жас қыран інісі Талғатқа арнап айтқандай екен. Жаңағы
жарқын тұлға Каманин: “Қазақ халқының осынау даңқты ұлы күрес пен
жеңістердің тамаша жолынан өтті. Мен үшін оның марапатқа, офицерлік атаққа
ұсынылған қағаздарына қол қою да бір ғанибет болатын еді” дейді. Бұдан
біздің қайсар батырдың от кешкен ортасындағы сыйлы-сүйкімділігі де
аңғарылғандай.

Үш жүз бес рет жауынгерлік тапсырмамен ұшып, ұрыс салып майдандасты
деп айтуға ғана оңай. Басты гәп жан алып, жан берісе жағаласқан сол
жанталастарда жеңіп шығу болса, Талғат соғыста 305 рет жеңіске жетті,
жауынан мерейін 305 рет үстем етті. Ерліктің мақсаты әрдайым жеңіске жетіп
отыру болса, сол қасиетті мақсат биігіне Бигелдинов мәрттікпен көтеріле
білді. Ол жер жастандырған жау саны, талқандаған техника мен жабдық-жарақ,
дұшпанды ойрандатқан шығын молая берді. Бір өзі алғашқы он ұшу жорығында-ақ
дұшпанның Демьян тобындағы 10 автомәшинесін, 2 зеңбірек, 4 дзотын, 100
шақты гитлершіл мен бір жойғыш-қырғиын құртып жіберген. Сол ерлігі үшін ең
алғаш рет Екінші дәрежелі Отан соғысы орденін алды.

Харьковтегі жау аэродромын шабуылдау кезінде жағдайдың аса күрделі
қиын­дығына қарамастан, Талғат Бигелдинов зениткалардан жауған қалың оқтың
ара­сынан аман өте біліп, жеке өзі фашистік екі истребительді жойып,
бірнеше бом­балағышын зақымдап, қатардан шығарды. Осы Харьковтың түбінде өз
ұшағы құла­тып түсірілгенде тіршілік тайталасындағы қыңбас қайсарлығы тағы
танылды. Жау тылында адаса жүріп, азапқа төзген жаралы сайыпқыран өзін
әлдеқашан өлдіге санаған үйіріне қайта қосылып, сауыққан соң шайқас
көгінде, сайыс төрінде қайтадан қиқулап самғады, жау көзіне әзірейілдей
көрініп, ажал төндірді. “Мені атып түсірген ер кім, соны көрсетіңдерші”
дейтін неміс офицерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақстан барысы» жарысының елімізде өткізудің Қазақстандағы маңызы
«Көк бөрі» сөзінің түрік мифологиясынан алатын орны
Жамбылдың өмір жолы
Мемлекеттік ту, елтаңба, әнұран
Тәуелсіздік - қазақ халқының сан ғасырлық асыл арманы
Түріктердің түсінігіндегі бөрі образы
Әскери- техникалық модельдеу
Адамгершілікке баулу бағыттары
Талғат Бигелдинов туралы шығармалар
Халық педагогикасындағы отбасы тәрбиесі
Пәндер