«Аns service» қызметін экономикалық талдау және басқаруды ұйымдастыру


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

1ANS Service» ҚЫЗМЕТІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

  1. Кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы

«ANS Service»ЖШС кәсіпорны 2000 жылдың 7 қарашасында Алматы қаласы құрылған. Заңды тұлғаның Мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік №6592-1919-ГП 27. 11. 2000 ж.

Кәсіпорынның мекен-жайы : Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы Алмагүл мөлтекауданы, 14 үй.

Қызмет көрсету құралы болып коммуналды және тұрғын үй шаруашылығын жылумен жабдықтау облысында шаруашылық қызметін жүзеге асыру болып табылады, соның ішінде :

  • қысқа дайындық (күз, қыс жылыту кезеңі) бойынша іс-шараларын жүзеге асыру;
  • қазандықтарды, жылыту жүйелері, су тоғандарының жылыту жүйелерін және суды тарату жүйелерін, тұрғын үй қорының канализациясын ағымды және күрделі жөндеуден өткізу, техникалық қамтамасыз ету;
  • кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер және жеке тұлғаларға сатып алған суды қайта сату;
  • тұтынушыларға берілетін судың бекітілген лимиттерін қамтамасыз ету;
  • өкілетті орган рұқсатымен заңға қайшы келмейтін кәсіпкерлік қызметтің басқа да түрлерімен айналысу.

1. 2. Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін талдау

«ANS Service» кәсіпорнының 2008-2009 ж. бухгалтерлік балансын, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есебін және ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебінің мәліметтерін (қосымша 1-6) негізге ала отырып кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргіземіз.

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау - кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың тиімді таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың тоқтатылуына талдау жасау үшін келесі 1. 1. -аналитикалық кестені құрамыз.

Кесте 1. 1.

2011 ж. басы мен соңындағы «ANS Service» мемлекеттік коммуналды кәсіпорнындағы баланс активтерінің құрамы мен құрылуы

№:
Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
Жыл басында: Жыл басында
Жыл соңында: Жыл соңында
Жыл бойындағы өзгеріс (+; -): Жыл бойындағы өзгеріс (+; -)
Құрылымының өзге-руі:

Құрылымы

ның өзге-руі

№:

Сома-сы, мың.

тг

Көрсеткіштер:

Үлес сал-

мағы, %

Жыл басында:

Сома-сы, мың.

тг

Жыл соңында:

Үлес сал-

мағы, %

Жыл бойындағы өзгеріс (+; -): Мың тг
Құрылымының өзге-руі:

(5б/

1б х

100)

(4б-2б)
№: А
Көрсеткіштер: Б.
Жыл басында: 1.
Жыл соңында: 2.
Жыл бойындағы өзгеріс (+; -): 3.
Құрылымының өзге-руі: 4.
5.
6.
7.
№: 1
Көрсеткіштер: Активтер құны, барлығы соның ішінде
Жыл басында: 328674, 2
Жыл соңында: 100
Жыл бойындағы өзгеріс (+; -): 431274, 8
Құрылымының өзге-руі: 100
+102600, 6
31, 2
х
№:
Көрсеткіштер: 1. 1. Ұзақ мерзімді активтер:
Жыл басында: 187995, 4
Жыл соңында: 57, 2
Жыл бойындағы өзгеріс (+; -): 190761, 4
Құрылымының өзге-руі: 44, 2
+2766
1, 47
-13
№: 1. 1. -кестенің жалғасы
№: А
Көрсеткіштер: Б.
Жыл басында: 1.
Жыл соңында: 2.
Жыл бойындағы өзгеріс (+; -): 3.
Құрылымының өзге-руі: 4.
5.
6.
7.
№:
Көрсеткіштер: а) негізгі құралдар
Жыл басында: 187995, 4
Жыл соңында: 57, 2
Жыл бойындағы өзгеріс (+; -): 190761, 4
Құрылымының өзге-руі: 44, 2
+2766
1, 47
-13
№:
Көрсеткіштер: ә) қаржылық салымдар
Жыл басында: -
Жыл соңында: -
Жыл бойындағы өзгеріс (+; -): -
Құрылымының өзге-руі: -
-
-
-
№:
Көрсеткіштер: 1. 2. Ағымдағы активтер:
Жыл басында: 140678, 8
Жыл соңында: 42, 8
Жыл бойындағы өзгеріс (+; -): 240513, 4
Құрылымының өзге-руі: 55, 8
-99834, 6
70, 97
+13
№:
Көрсеткіштер: а) Тауарлы-материалдық қорлар
Жыл басында: 22929, 9
Жыл соңында: 6, 98
Жыл бойындағы өзгеріс (+; -): 25417, 0
Құрылымының өзге-руі: 5, 89
+2487, 1
10, 8
-1, 09
№:
Көрсеткіштер: ә) тауарлар
Жыл басында: 555, 3
Жыл соңында: 0, 17
Жыл бойындағы өзгеріс (+; -): -
Құрылымының өзге-руі: -
555, 3
100
-0, 17
№: 2
Көрсеткіштер: Кәсіпорын-ның өндірістік потенциалы-ның құны
Жыл басында: 210925, 3
Жыл соңында: 64, 17
Жыл бойындағы өзгеріс (+; -): 216178, 4
Құрылымының өзге-руі: 50, 13
+5253, 1
+2, 5
-14, 04

1. 1. -кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы 102600, 6 мың теңгеге немесе 31, 2 %-ке артқанын көруге болады. Бұл «ANS Service»мемлекеттік коммуналды кәсіпорнының әрі қарайғы дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

«ANS Service»МКК-да өндірістік потенциал құны жыл басында 210925 мың теңгені, жыл соңында - 216178 мың теңгені құрады, яғни 5253 мың теңгеге немесе 2, 5 % -ға өсті. Баланс активтерінің жалпы құнындағы өндірістік потенциал үлесі 2002 жылы 14, 04 пунктке кемігенімен жыл соңында 50, 13 % құрады, бұл өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің қалыпты мәніне сай келеді.

1. 1. -кесте мәліметтері көрсеткендей қаражаттарды ұзақ мерзімді және ағымдағы активтер арасына тарату жыл аяғында соңғылардың пайдасына шешілді. Егер ағымдағы активтердің үлесі жыл басында14, 4 пунктке аз болса (42, 8-57, 2), жыл аяғында ол ұзақ мерзімді активтер үлесінен 11, 6 пунктке асып кетті (55, 8-44, 2) және 55, 8 %-ды құрады. Ағымдағы активтердің өсуі ұзақ мерзімді активтердің өсуінен 48 есеге артық (70, 97:1, 47) болып отыр. Осы көрсеткіштерден кейін баланс валютасындағы ағымды активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мобильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады - яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігін өскендігін көрсетеді. Кәсіпорында бұл коэффициенттің деңгейі:

жыл басында - 0, 43 = (140678, 8 : 328674, 2) ;

жыл соңында - 0, 56 = (240513, 4 : 431274, 8) құрады.

Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш - мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенттері. Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады.

Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі кәсіпорынның салалық ерекшеліктеріне байланысты. Кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің деңгейі 0, 5-тен төмен болмауы тиіс.

Кәсіпорында бұл көрсеткіш деңгейі:

жыл басында - 0, 75 = (140678, 8 : 187995, 4)

жыл соңында - 1, 26 = (240513, 4 : 190761, 4) құрайды. Бұл коэффициент деңгейі мобильді қаражаттардың өсу қарқыны иммобильді қаражаттардың өсу қарқынан артуының нәтижесінде өсіп отыр. Есепті жылы мобильді қаражаттар 1, 7 есеге (240513, 4 : 140678, 8), ал екіншілері 1, 5%-ға (190761, 4 :187995, 4 х 100) ғана өскен. Кәсіпорын ең төменгі қаржылық тұрақтылыққа кәсіпорын міндеттемелері кепілдендірілген түрде ағымдағы активтермен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалуы осы тұрақтылықтың белгісі болып табылады: ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті қарыз капиталы мен меншікті капиал қатынасының коэффициентінен артық болуы керек.

Әрі қарай кәсіпорынның мүліктік жай-күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. «ANS Service»МКК-ның баланс валютасындағы негізгі құралдардың қалдық құнының үлесі жыл басында

57, 2 %-ды, ал жыл соңында - 44, 2 %-ды құрайды, яғни бұл көрсеткіштің теориялық мәніне 2, 5 пукт сәйкес келмейді. Негізгі құралдардың жалпы құнындағы оның активті бөлігінің (жұмыс машиналарының құны, өндірістік жабдықтар мен тасымал құралдарының құны) үлесін анықтау өте маңызды және де бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасының дамуындағы жағымды кезең болып табылады. Оның үлес салмағының өсуі қор қайтарымдылығының өсуіне әкеледі. Барлық негізгі құралдар құны - 3, 03%-ға (314010, 2:304770, 3 х 100) өскен кезде оның активті бөлігінің құны тек 0, 49%-ға ғана (212869:211839 х 100) өскен. Бұл кәсіпорынның материалды-техникалық базасының дамуындағы жағымсыз кезең болып табылады.

Кәсіпорынның баланс валютасындағы негізгі құралдардың қалдық құнының үлесі жыл басында - 73, 17%-ды, ал жыл соңында - 76, 23%-ды құрап отыр.

Негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтын маңызды көрсеткіш - бұл осы негізгі құралдардың тозу сомасының оның белгілі бір кезеңдегі бастапқы құнына қатынасы арқылы анықталатын тозу коффициенті. Бұл кәсіпорында негізгі құралдардың тозу коэффициенті :

жыл басында - 0, 38 = (116774, 9 :304770, 3) ;

жыл соңында - 0, 39 = (123248, 8:314010, 2) құрайды, яғни 0, 01 пунктке өскен. Бұл негізгі құралдардың сапалық (моральды) тозуын айтпай-ақ, олардың 2/3-ден көбі табиғи (физикалық) тозғандығын және ескіргендігін көрсетеді.

«ANS Service»МКК-ның ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымын талдау үшін келесі 1. 2. -кестені құрамыз.

Кесте 1. 2.

"ANS Service" ЖШС-ның ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымы

№:
Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
Жыл басында: Жыл басында
Жыл соңында: Жыл соңында
Өсуі (+),кемуі(-), %:

Өсуі (+),

кемуі

(-), %

№: сомасы, мың теңге
Көрсеткіштер:

үлес салма

ғы, %

Жыл басында: сомасы, мың теңге
Жыл соңында:

үлес салма

ғы, %

№: 1
Көрсеткіштер:

Ағымдағы активтер,

соның ішінде:

Жыл басында: 140678, 8
Жыл соңында: 100
Өсуі (+),кемуі(-), %: 240513, 4
100
+70, 97
№:
Көрсеткіштер: 1. 1. Тауарлы-материалдық қорлар
Жыл басында: 23485, 2
Жыл соңында: 16, 69
Өсуі (+),кемуі(-), %: 25417, 0
10, 57
+8, 23
№:
Көрсеткіштер: 1. 2. Дебиторлық борыш
Жыл басында: 80250
Жыл соңында: 57, 04
Өсуі (+),кемуі(-), %: 135278, 3
56, 25
+68, 57
№:
Көрсеткіштер: 1. 3. Ақша қаражаттары және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар
Жыл басында: 36943, 6
Жыл соңында: 26, 26
Өсуі (+),кемуі(-), %: 79818, 1
33, 19
116

Жалпы 1. 2. -кестеде келтірілген мәліметтер кәсіпорын активтерінің жағымды динамикасын көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қорытындыларды жасауға мүмкіндік берді. Ең мобильді активтер- яғни ақша қаражаттары бір жылда 42 мың теңгеге көбейіп отыр.

Ағымдағы ативтердің ең мобильді бөлігінің, олардың құнына қатынасы арқылы анықталатын айналым қаражаттарының мобильдік коэффициенті (ағымдағы активтердің) 0, 8 есеге көбейіп 33, 19 %-ды құрайды. Бұл коэффициент ағымдағы міндеттемелерді өтеуге бағытталатын қаражаттардың жалпы сомасындағы төлеуге дайын қаражаттардың үлесін көрсетеді.

Кәсіпорынның материалдық айналым қаражаттары 2001 жылы 8, 23 мың теңге, ал 2002 жылы 25417 мың теңгені құрады. Олардың үлесі 6, 12 пуктке азайғанымен оның көлемі әлі де болса жоғары (10, 57 %) болып отыр.

Есепті жылы дебиторлық борыш та әжептеуір өсіп отыр. Егер оның көлемі жыл басында - 80250 мың теңгені құраса, жыл аяғында ол 135278, 3 мың теңгені құрайды немесе 68, 57 %-ға өскен, алайда ағымдағы активтер құрамындағы оның үлесі 0, 79 пуктке азайды (56, 25-57, 04) .

Кейбір қолма-қол ақшалардың кемуі едәуір дебиторлық борыштың салдары болып табылады. Өтімді емес, өтімділігі төмен тауарлы-материалдық құндылықтардың бар болуы, дебиторлық борыштың әсіресе, оның күмәнді бөлігінің үлкен мөлшерде болуы айналым қаражаттарының айналымдылығының бәсеңдеуіне әкеліп соқтырады және кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді. Кәсіпорынның қаржы жағдайына дебиторлық борыштың нақты бар болуы емес, оның көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі әсер етеді. Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруашылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта есептеулер тәртібінің бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оны меншікті қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге болмайды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табылады да кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді.

Кәсіпорынның дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген болып екіге бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлеу мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. Өтелмеген дебиторлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді.

Дебиторлық борыштың өтімділік және сапалық көрсеткіштерін зерттеу маңызды болып табылады.

Сапа дегеніміз - бұл осы қарызды толығымен қайтарып алу ықтималдығы, ол қарыздың қалыптасу мерзіміне байланысты болады. Дебиторлық борыштың мөлшерлі мезгілін сипаттау үшін оларды пайда болу мерзімі бойынша топтастыру керек.

Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау. Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен жабылады.

Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.

Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш әр түрлі атпен берілуі мүмкін, (тәуелсіздік коэффициенті, автономдық коэффициенті) бірақ оның мәні бір ғана - бұл коэффициентке қарап сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды:

К тс = М к к ( 1)

мұндағы: К тс - тәуелсіздік коэффициенті;

М к - меншікті капитал;

А к - авансталған капитал (баланс валютасы жиыны, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы) .

Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екенін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді.

Қаржылық есеп берудің активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымын зерттеуді келесідей кесте-1. 3. түрінде көрсетуге болады.

Төменде келтірілген 1. 3. -кестеден кәсіпорынның есеп беру жылындағы активтерінің қалыптасу көзі 102600, 6 мың теңгеге немесе 31, 2%- өскені көрініп тұр. Бұл өсу жылдың соңында 346470, 4 мың теңге болған, яғни 158844, 1 мың теңгеге немесе жылдың басындағы мөлшермен салыстырғанда 1, 8 есе өскен, қатыстырылған капиталдың өсуінен болған бұл кезеңде тәуелсіздік коэффициенті 0, 429-дан 0, 197-ға дейін немесе 0, 232 пунктке төмендеген. Алайда бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының (тұрақтылығының) төмендегенін дәлелдемейді.

Кесте 1. 3.

«Khabsuar Invest Company»мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 2011 ж. басы мен соңындағы жағдайы негізінде авансталған капиталының құрамы мен құрылымы

№:
Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
Жыл басында: Жыл басында
Жыл соңында: Жыл соңында
Жыл бойындағы өзгеріс (+; -): Жыл бойындағы өзгеріс (+; -)
Құрылымының өзге-руі(4б-2б):

Құрылымының өзге-руі

(4б-2б)

№:

Сома-сы, мың.

Тг

Көрсеткіштер:

Үлес сал-

мағы, %

Жыл басында:

Сома-сы, мың.

Тг

Жыл соңында:

Үлес сал-

мағы, %

Жыл бойындағы өзгеріс (+; -):

Мың тг

(3б-1б)

Құрылымының өзге-руі(4б-2б):

%

(5б/1б

х100)

№: А
Көрсеткіштер: Б.
Жыл басында: 1.
Жыл соңында: 2.
Жыл бойындағы өзгеріс (+; -): 3.
Құрылымының өзге-руі(4б-2б): 4.
5.
6.
7.
№: 1
Көрсеткіштер: Авансталған капитал, соның ішінде
Жыл басында: 328674, 2
Жыл соңында: 100
Жыл бойындағы өзгеріс (+; -): 431274, 8
Құрылымының өзге-руі(4б-2б): 100
+102600, 6
+31, 2
х
№:
Көрсеткіштер: 1. 1. Меншіктік капитал
Жыл басында: 141047, 9
Жыл соңында: 42, 9
Жыл бойындағы өзгеріс (+; -): 84804, 4
Құрылымының өзге-руі(4б-2б): 19, 7
-56243, 5
-39, 88
-23, 2
№:
Көрсеткіштер: 1. 2. Қарыздық капитал, соның ішінде
Жыл басында: 187626, 3
Жыл соңында: 57, 1
Жыл бойындағы өзгеріс (+; -): 346470, 4
Құрылымының өзге-руі(4б-2б): 80, 3
+158844, 1
+84, 66
+23, 2
№: 2
Көрсеткіштер: Тәуелсіздік коэффициенті (1. 1. жол :1 жол)
Жыл басында: х
Жыл соңында: 0, 429
Жыл бойындағы өзгеріс (+; -): х
Құрылымының өзге-руі(4б-2б): 0, 197
х
х
-0, 232
№: 3
Көрсеткіштер:

Қаржыланды

ру коэффициенті (1 :1. 2. жол)

Жыл басында: х
Жыл соңында: 0, 75
Жыл бойындағы өзгеріс (+; -): х
Құрылымының өзге-руі(4б-2б): 0, 245
х
х
-0, 505
№: 4
Көрсеткіштер:

Қатыстырыл.

капиталдың меншіктік капиталға қа

тынас коэф-і

Жыл басында: х
Жыл соңында: 1, 33
Жыл бойындағы өзгеріс (+; -): х
Құрылымының өзге-руі(4б-2б): 4, 08
х
х
+2, 75

Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қатыстырылған капиталдың барлық үлес салмағы да дәлелдейді. Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады. Ол мына формуламен аныталады:

К т = Қ к : А к немесе К т = 1 - К т. с. (2)

мұндағы: К т - тәуелділік коэффициенті;

Қ к - қатыстырылған капитал;

А к - авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны) ;

К т. с - тәуелсіздік коэффициенті.

Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыздың үлесін сипаттайды. Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарылайды.

«ANS Service»МКК-да бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады:

жыл басында: (1-0, 429) = 0, 571

жыл соңында: (1-0, 0197) = 0, 803

Бұл көрсеткіш біршама өскенімен, талданып отырған кезде кәсіпорын өзінің қаржылық тәуелсіздігін жоғалтты деп айтуға болмайды. Жылдың басында және аяғында тәуелсіздік коэффициенті оның қалыпты мәнінен айтарлықтай жоғары.

Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың қатынасын көрсететін коэффициент қаржыландыру коэффициенті болып табылады. Ол келесі формуламен анықталады:

К к = М к : Қ к (3)

мұндағы: К к - қаржыландыру коэффициенті;

М к - меншікті капитал;

Қ к - қатыстырылған капитал.

Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі. Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржыландыру коэффициенті <1 болатын жағдай (кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді.

Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентіне кері көрсеткіш кеңінен қолданылады, қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға қатынасымен анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті:

К к/м = Т к : Ө к (4)

мұндағы: К к/м - қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті;

Т к -қатыстырылған капитал;

Ө к - меншікті капитал.

Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттың әрбір теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді. Яғни бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипаталады:

жыл басында - 1, 33 = (187626, 3 : 141047, 9)

жыл соңында - 4, 086 = (346470, 4 : 84804, 4)

Бұл есеп беру кезеңінің басында активтерге салынған меншікті қаражаттардың әрбір теңгесіне қарыз қаражатының 1 теңге 33 тиынын тартқанын көрсетеді. Есеп беру кезеңінің ішінде қарыз қаражаттары меншіктік салымдардың әрбір теңгесіне 4 теңгеге дейін көбейген. Демек, кәсіпорын қарыз қаражаттарын пайдалануға көп күш жұмсаған, бірақ өзінің қаржылық тұрақтылығын жоғалтпаған.

Кәсіпорынның тәуелсіздік (дербестік) дәрежесін сипатайтынең маңызды көрсеткіштерінің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы (авансталған) капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады:

К қ. т. = (5)

мұндағы: К қ. т. - қаржылық тұрақтылық коэффициенті;

Ұ м - ұзақ мерзімді міндеттемелер;

А к - авансталған капитал;

М к - меншікті капитал.

Бұл дербестік коэффициентімен салыстырғанда жұмсақ көрсеткіш. Батыс тәжірибесінде бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0, 9-ға тең болуы керек, ал оның 0, 75-тен төмендеуі қауіпті.

Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер арқылы кәсіпорын капиталының құрылымын сипаттай отырып, бөлек топтар мен көздердің құрылымының өзгерісіндегі әр түрлі тенденцияларды көрсететін жеке көрсеткіштерді де пайдалану керек. Мұндай коэффициенттерге бірінші кезекте қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімге тарту коэффициенті жатады. Ол ұзақ мерзімді міндеттемелердің меншіктік капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелердің сомасына қатынасымен анықталады:

К ұ/м = (6)

мұндағы: К ұ/м - қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімді тарту коэффициенті немесе ұзақ мерзімді міндеттемелер коэффициенті;

М к - меншікті капитал;

У М - ұзақ мерзімді міндеттемелер.

Бұл коэффициент қаржылық есеп берудің активтерін қаржыландыру үшін меншікті капиталмен қатар тартылған ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздардың үлесін көрсетеді, кәсіпорын қарыз қаражаттарын қаншалықты интенсивті пайдаланып жатқанына баға береді.

Капиталдың құрылымын қалыптастырудың тиімділігін (қолайлылығын) анықтау үшін жоғарыда келтірілген көрсеткіштермен қатар инвестициялау коэффициенті де анықталады. Ол батыс фирмаларында кеңінен қолданылады және меншікті капиталдың негізгі құралдарға қатынасымен анықталады»ANS Service» МКК-да :

жылдың басында: 0, 75 (141047, 9 : 187995, 4)

жылдың соңында:0, 44 (84804, 4 :190761, 4) құрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқару мәселелері
Кредиттік оқыту жүйесіндегі Web- технология пәнінен электрондық оқулық
Мемлекеттің ақша-несие саясаты бойынша ақпарат
Точка KZ компаниясыны жұмысшыларының уақытын ұйымдастыратын бағдарлама құру
Ауыл шаруашылығының инфроқұрылымы
Ұлттық Банктің ақша несие саясаты талдау
Шағын кәсіпкерлік субъектілері
Colvir банк жүйесінің қолданылуы
Әлеуметтік сақтандыру қоры
Ауыл шаруашылығын несиелеудің экономикалық мәні және оның теориялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz