Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары және рөлі


- Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары және рөлі
Қаржы ( «қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің «fіnancіa» сөзінен пайда болған француздың «fіnance» сөзінен шыққан) - тауар-ақшалай қа- тынастармен және мемлекеттің өмір сүруімен байланысты тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категория- лардың бірі. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақшалай айырбасқа көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің қаржылық ресурстарға қажеттіліктерімен тығыз байланысты болды.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақшалай қатынастарды қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс үдері- сіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Қоғамда адамдардың, олардың топтарының (ұжымдарының) қызметі қатынастарда , яғни белгілі бір мүдделердің негізіндегі өзара байланыстарда, тиісті қажеттіліктерді бейнелеп көрсететін осындай мүдделерді қанағаттандыруда қалыптасады.
Қоғамдық қатынастардың иерархиясында ақшалай қатынас- тар экономикалық қатынастарға жатады, ал бұл қатынастар өз ке- зегінде қоғамдық қатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі - өн- дірістік қатынастарға кіріктіріледі.
Қоғамдық қатынастар тауарларды, игіліктерді және қызметтерді қоғамдық өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну үдерісінде қалыптасады, бұл тауарлар, игіліктер және қызметтер осы үздіксіз жалғасып жататын төрт стадияның (фазаның) өзара байланысы және өзара тәуелді үйлесімі ретіндегі ұдайы өндірісті сипаттайды. Ұдайы өндіріс стадиялары қоғамдық өндіріс үдерісінің қатысушылары арасында тауарлай қатынастардың болуын айқындайды, өйткені өндірілген өнімдер сатып алуға-сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтеді. Бұл ретте материалдық өндіріс қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс. Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын, мәннің іс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялары кескінінің айрықшалықты әдістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы бейнелеп көрсеті- леді, оның экономикалық табиғаты ашылады. Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайыөндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы. қаржы екі функция орын- дайды: бөлу және бақылау. Бөлгіштік функцияның көмегімен жалпы қоғамдық өнім мен оның аса маңызды бөлігі - ұлттық табыс, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігі (мысалы, айналым қаражаттарын, мемле- кеттік мүлікті сату операцияларын шығарып тастағанда) бөліне- ді және қайта бөлінеді. бөлгіштік функция арқылы қаржы ақшалай табыстарды қалыптасты- ру және қаражаттарды жұмсау жолымен мемлекеттің, экономикалық агенттердің экономикалық мүдделерін қамтып көрсететін белгілі бір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырады. Қаржының ұдайыөндірістік функциясының қосалқы функцияларының мазмұнын табыстар мен қорларды жасау және пайдалану үдерісінде болып жататын экономикалық қатынастардың сипатымен, сондай-ақ осы үдерістердің қатысушыларының құрамымен түсіндіріледі. Табыстарды жасаудың тікелей көзі материалдық өндіріс сферасында алынатын ұлттық табыс болып табылады. Ұлттық табысты алғашқы бөлу үдерісінде экономиканың бастапқы буындары- ның - фирмалардың, компаниялардың, үй шаруашылықтарының бастапқы табыстары жасалады. Қаржы көмегімен жететін нәтижелерді бағалауға жалпы тәсіл- деме қаржының рөлін үш бағытта атқаруға мүмкіндік жасайды:
1) ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерін қажетті қаржы көздерімен қамтамасыз ету тұрғысынан;
2) қаржыны қоғамдық өндірістің құндық құрылымын реттеу үшін пайдалану тұрғысынан;
3) қаржыны әлеуметтік-экономикалық дамудың ынталандыр- масы ретінде пайдалану тұрғысынан.
- Қаржының айрықшалықты белгілері
Әр түрлі қоғамдық-саяси құрылымы бар осы заманғы мем-лекеттерде қаржымен қатар басқа экономикалық категориялар да - ақша, табыс (пайда), өзіндік құн және басқалары пайдаланылады. Олардың әрқайсысы өзінің функцияларын (тауардың құнын немесе бағасын білдіру, айналыс құралы, еңбек өлшемі мен тұтыну өлшемін анықтау, өндірісті ынталандыру, кәсіпорындар қызметінің нәтижелерін бағалау) орындайды, оларда қоғам дамуындағы бұл категориялардың мәні мен маңызы көрінеді. Қаржының олардың барлығынан өзінің айрықшалықты белгілері бойынша айырмашылығы бар.
Қаржы әрқашан экономика- лық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің әр түрлі суб- ъектілері арасындағы ақшалай және тек ақшалай қатынастарды ғана білдіреді. Сондықтан қаржылық қатынастардың ақшалай сипаты - қаржының маңызды белгісі .
Қаржылық қатынастар өзінің негізінде ұдайыөндірістік қаты- настар болып табылады. Қаржылық қатынастардың ұдайы өндірістік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.
Қаржының нақтылы жұмсауға арналған түрлі мақсатты ақшалай қорлардың қозғалысында көрінуі оның маңызды ерекшебелгісі болып табылады. Ақшалай қорлар, істің шын мәнінде, қаржылық қатынастардың объектілері болып табылады. Егер белгілердің алғашқы екеуі - қаржылық қатынастардың ақшалай сипаты мен ұдайыөндірістік сипаты қаржылық қатынастардың өрісін тежеп отыратын болса, қаржыға тән қор нысаны - міндетті сипаты, біржақты тәртіптегі құн қозғалысының баламасыздық сипаты - экономикалық категория ретіндегі қаржының айырықша ерекшеліктерін баса көрсетеді.
- Қаржының экономикалық категориялармен ақшамен, бағамен, кредитпен, жалақымен, сақтандырумен өзара байланысы.
Қаржы теориясының маңызды мәселесі оның баға, еңбекке ақы төлеу, кредит және т. б экономикалық категориялармен өзара байланысы, сондай-ақ бөлгіштік үдеріске бұл категориялардың қандай дәйектілікпен кірісетіндігі болып табылады.
Қоғамдық ұдайы өндіріске қызмет көрсететін ақша жалпы категория ретінде құнның жай-күйін (бағалануын) және қозғалысын қауыштырады, ал оның негізінде іс-әрекет ететін қосалқы категориялар - баға, қаржы, кредит, еңбекке ақы төлеу, сақтандыру оның (құнның) қозғалысын неғұрлым нақтылы бағытта және айрықшалықты нысандарда нақтылы түрде көрсетеді, яғни қосалқы жүйелер тауар-ақшалай қатынастардың ақшаның жұмыс істеуінің жалпыға ортақ нысанын реалды маз- мұнымен толтырады. Сөйтіп, ақша бастапқы категория болып та- былады, ал оның функциялары (құн өлшемі, айналыс қаражаты, төлем қаражаты, қорланым қаражаты, дүниежүзілік ақша) негізін- де қатынастарды қамтудың түрлі дәрежесімен қалған, бағынышты категориялар (қосалқы категориялар) іс-әрекет етеді. Мәселен, бағаның іс-әрекетінде көбінесе ақшаның құн өлшемі және айналыс қаражаты ретіндегі функциялары, кредитте төлем, қорланым қаражаттары, дүниежүзілік ақша функциялары көрініс табады.
Қаржы мен кредиттің өзара байланысы қаржылық және кредиттік ресурстарды қалыптастыру үдерістерінде анық байқалынады, онда екі категорияның іс-әрекеті өзара бағытталған - қаржының көмегімен банктің кредиттік ресурстары құрылады: шаруашылық органдардың қаражаттары, амортизациялық аударымдар, материалдық ресурстарды сатып алуға бірден бағытталмайтын, айналым қаражаттарын толтыруға арналған өнімді өткізуден алынған түсім-ақшаның бір бөлігі.
- Қаржылық ресурстар, олардың құрамы. Қаржылық ресурстардың өсу факторлары. қаржылық ресурстар - бұлжалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу және қайта бөлу үдерісінде жас алынатын экономикалық субъектілердің және мемлекеттің қаржылық әдістердің көмегімен құратын ақшалай қорланымдарымен ақшалай қорлары. Қаржылық ресурстар ұдайы өндірістің және мемлекеттің шығындарын жабу үшін қажет. Тап қаржылық ресурстар қаржылық категорияны баға және басқа құндық категориялардан бөліп алуға мүмкіндік жасайды. Қоғамдық жалпы өнім мен ұлттық табысты арттыру қаржылық ресурстар өсуінің басты шарты болып табылады.
«қаржылық ресурстардың» ұғымы деп мемлекеттің, кәсіпорындардың қарамағындағы белгілі бір кезеңдегі барлық ақшалай кірістер мен қорланымдардың жиынтығын, яғни ақшалай қорларды, кредиттік ресурстарды, ақшалай резервтерді айтады. Қаржылық ресурстарды мынадай нысандарда қарастыруға болады: қолдағы, жинақталған, әлуетті. Қолдағы ресурстар - қызметін жүзеге асыру кезінде эко- номикалық агенттердің жедел қалыптастырып, пайдаланатындары. Жинақталған ресурстар қорлар мен резевтерде байланған . Әлуетті ресурстар келешекте белгілі бір уақытта немесе кезеңде алуға жоспарланған ресурстар .
Қаржылық ресурстарды өсірудің маңызды факторы қоғамдық еңбек өнімділігін арттыру болып табылады, бұл ұдайы өндіріс үдерісінде ұлттық табыстың артуын білдіреді, сондай-ақ экономикалық қызметтің қаржылық нәтижесінің өсуіне алып барады.
Екінші фактор - бұл материалдық шығындардың орнын тол- тыру қоры мен өндірілген ұлттық табысқа жалпы қоғамдық өнімнің бөліну үйлесімдері . Жиынтық қоғамдық өнімдегі матери- алдық шығындардың үлесін - материал сиымдылығын - төмен- дету өндірілген ұлттық табысты - қаржылық ресурстардың негіз- гі көзін - арттыруға мүмкіндік беретін фактор болып табылады.
- Қаржылық резервтер: қалыптасу көздері және арналымы
Орталықтандырылмаған әдістермен материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің тұтыну қорлары, амор- тизациялық аударымдар қорлары, қаржылық резервтер мен валюталық қорлар, шаруашылық органдарының басқа ақшалай қорлары қалыптастырылады.
Перспективада ақшалай қорланымдар (табыс, қосылған құн салығы, акциздер), сыртқы экономикалық қызметтен түсетін тү- сімдер қаржылық ресурстардың негізгі көздері болып қалады.
Жекешелендіруден, мемлекет меншігін сатудан түсетін түсім- дер сияқты уақытша көздер болып табылатын қаржылық ресу- рстар олардың таусылуына қарай азаятын болады. Көздері жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемде- рі - роялти, бонустар болып келетін қаржылық ресурстар артады.
Еңбекке ақы төлеудің, тұтыну қорларының одан ары өсуі қар- жы ресурстарының құрамына тартылатын халықтың қаражатта- ры мөлшерінің өсуіне жеткізеді.
Мемлекеттің қаржылық ресурстары көлемінің динамикасы мен құрылымының үрдістері рыноктық қатынастарға көшу бағ-дармаларын жүзеге асырудың нәтижесінде қоғамдық өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттыру қаржылық ресурстарды қалыптастырудың қарқынын тездетуге және өсуі интенсивті факторлармен шарттасылған көздердің үлес салмағын көбейту бағытындағы олардың құрылымын жақсартуға жеткізетіндігін дәлелдейді.
қаржылық резервтердi жасау (бюджет жүйесiнде кiрiстердiң шығыстардан және салалық қаржыларда қаржылық резервтердiң асып түcyi) ;
- Қаржы жүйесі: құрылымы, қағидаттары, ҚР қаржы жүйесіндегі қайта құрулар.
Қаржы жүйесі терминінің келтірілген анықтамасында қаржының мәндік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық үдерістегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы моделі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөліктен тұрады:
1) қаржылық қатынастардың жиынтығы;
2) ақшалай қорлардың жиынтығы;
3) басқарудың қаржылық аппараты.
Қаржы құрамын мемлекеттің қаржылық саясатын жүзеге асыруға қызмет ететін нақтылы қаржы органдары болып табылатын қаржы жүйесінен ажырата білген жөн.
Қаржы жүйесінің құрамы қаржылық қатынастардың біршама дербес мына буындарынан тұрады:
1) мемлекеттің бюджет жүйесі;
2) арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
3) мемлекеттік кредит;
4) жергілікті қаржы;
5) шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
6) халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржысы.
Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған :
Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағидаты - фискалдық (қазыналық ) федерализм қағидаты.
Қаржы жүйесінің функциялық құрылысы мынадай негізгі қа- ғидаттарды қанағаттандыруы тиіс:
біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақ- шалай қатынастардың аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы категория болып табылатын «қаржыға» ғана тән қасиет;
екіншіден, тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына және функиялық арналымына дәл сәй- кес келуі тиіс.
Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан бола- тын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілерге кең құқық пен дербестік берілген.
Бұл қағидат жергілікті қаржы органдарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына екі жақты бағы-нышты жүйесін алдын ала айқындайды.
Салалық қаржыларды басқарудағы демократиялық негіз ша- руашылық жүргізуші органдарға капиталды (негізгі және айна- лым капиталдарын) бекітіп беруге, оларға әр түрлі мақсатты ар- налымның ақшалай қорларын жасауға және оларды пайдалануға құқық беруде көрінеді. Жоғарғы органдар өзінің құзыры шегінде салалық қорлар мен резервтерге орналастырылатын қаражаттар- дың бір бөлігін қайта бөлу туралы шешім қабылдайды, оларды мақсатты пайдаланудың тәртібін анықтайды.
Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттарымен алдын ала айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржылық ресурстардың басты көздерінің ортақтастығында (бірлігінде), олардың қозғалысының өзара байланыстығында, қажетті қаржылық көмек көрсету үшін қаражаттарды өңірлер, салалар арасында қайта бөлуде болып отыр. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде жасалатын қаржы жоспарлары мен баланстардың өзара үйлесу жүйесінде өзінің нақтылы қөрінісін табады.
Қазіргі кезде қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда . Каржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандырып, одан ары тездетуге қаржы жүйесінің ықпал етуін күшейту, жиынтық ұлттық табыстың, қаржылық ресурстардың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, қоғамдық өндірістің барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есептерді нығайту болып табылады.
Рыноктық қатынастар барысында қаржы жүйесінің рөлі мен маңызы шұғыл артады. Қаржы-кредит секторы рыноктық механизмдердің негұрлым тиімді жұмыс істейтін секторларының біріне айналуы тиіс.
Қаржы және ең алдымен бюджет жүйесі ішкі жалпы өнімнің өсуіне және оның басты бөлігі - ұлттық табысқа, макро-және микроэкономика кәсіпорын-дарының, фирмаларының және салаларының дамуына және халықтың көптеген жігінің хал-ахуалына айтарлықтай ықпал жасайды.
Қоғамда істің жайы қаржылық ахуалмен анықталады, сондықтан тұрақтану мен дамудың бағдарламасы бірінші кезекте экономиканың тиімділігін арттыру жөніндегі жалпыэкономикалық шараларды іске асыруды қарастыруы тиіс. Бұл шаралардың қатарында - өндірістік қатынастарды жетілдіру, экономиканы әлеуметтік қайта бағдарлау, ұлттық шаруашылықтың құрылымын жаңғырту, ғылыми-техникалық прогресті тездету, сыртқы экономикалық қызметті жандандыру, ішкі өндіріс есебінен тұтыну рыногын толықтыру проблемасын шешу шаралары және тұр. Қаржылық шаралардың ішінде инвестицияларды оңтайландыру, басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындарды азайту, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейінде үнем режімін қатаңдандыру қажет; экономиканың төменгі деңгейлерінде залалдықты болдырмау, коммерциялық есепті дамыту, қаржы жүйесінің барлық буындарында қаржылық өзара қарым-қатынастарды индикативтік реттеу қажет.
- Қаржылық саясат, оның мазмұны, қаржылық саясаттың түрлері
Кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзiнiң функциялары мен мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн, белгiлi бip мақсаттарға же- ту үшiн пайдаланады. Қойылған мақсаттарды iскe асыруда қаржылық саясат маңызды рөл атқарады. Оны жасап, жүзеге асы- ру үдерiсiнде қоғам алдында тұрған мiндеттердi орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі; ол экономикалық мүдделерге ық- пал жасаудың белгiлi бip құралы болып табылады.
Елдің қаржы заңнамасының негiзiнде қаржылық ресурстарды жұмылдыру, бөлу және пайдалану жөнiндегi мемлекеттiң және басқа экономикалық агенттердің іс шаралары қаржылық саясат деп аталады. Ол мемлекеттiң экономикалық саясатының құрамды бөлiгi болып табылады. Қаржыны басқарудың бүкiл жүйесi мемлекеттiң қаржылық саясатына негiзделедi.
Қаржылық саясат қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуы жөнiндегi мiндеттердi шешу үшiн қаржыны пайдалану жөнiндегi мемлекеттiң нысаналы қызметi, қаржыны басқарудың түпкiлiктi
мақсаты, оның нақтылы нәтижесi болып табылады. Мемлекеттiң қаржылық саясатының мазмұны экономика- лық заңдардың іc-әpeкeтін ескере отырып және қоғамның даму міндеттерiне сәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбiр кезеңiнде қаржылық саясат- тың өзiне тән белгiлерi болады, ол экономиканың жай-күйiн, қоғамның материалдық және мәдени өмірінің толғағы жеткен қажеттiлiктерiн және басқа факторларды ескере отырып, түрлi міндeттepді шешеді.
Мемлекеттiң қаржылық саясатының мазмұны айтарлықтай күрделi, өйткенi ол шаралардың ауқымды кешенiн, оны дәйектi жүзеге асыру стадияларын қамтиды, олар:
1) қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзiнде ұзақ және таяу перспективаларға арналған қаржының ғылыми негiзделген тұжыpымдaмaсын жасау;
2) экономикалық саясаттың тиiстi мақсаттары мен мiндеттepiн негiздей отырып, қаржылық саясаттың стратегиялық және тактикалық шараларын тұжыpымдay;
3) қойылған мақсаттарға жету үшiн белгiленген практикалық iс-қимылдар- ды қаржылық механизм арқылы (экономикалық қайта құрудың түбегейлiгiне қарай оны жаңғырта және түзете отырып) жүзеге асыру.
Осы негiзгi үш буынның (бөлiктiң) бiрлiгi мемлекеттiң қаржылық саясаты- ның мазмұнын анықтайды. Егер бұл буындардың ең болмағанда бiрi жоқ болса, онда қаржылық саясат қазiргi жағдайларды қанағаттандыра алмайды.
Қаржы жалпы экономикалық категория ретiнде абстрак- цияның аз дәрежесi болатын (салықтардың, бюджеттiң және т. б. ) жеке қаржылық қосалқы категориялардан тұратындықтан, дербестіктің белгілі дәрежесімен саясаттың түрлерін: салықтық , бюджеттік, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер, мемлекеттік қарыз алу саясатын және оларға сай келетiн салықтық, бюджеттік, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің, мемлекеттiк кредиттік, қаржылық жоспарлау, қаржыныбасқару, қаржылық құқықтық, сақтық механuзмдерiн бөлуге болады.
Мемлекеттiң қаржылық саясаты қаржылық стратегия және қаржылық тактика болып ажыратылады және олар қаржылық саясаттың құрамдас бөліктері болып табылады.
- Қаржылық механизм, оның құрылымы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz