Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдау мазмұны және әдістері


Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдау мазмұны және әдістері
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және басқа да контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, "қаржылық жағдай дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не, соны анықтап алғанымыз жөн. Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеу үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Қаржылық талдаудың алты негізгі әдісі бар:
- көлденең талдау;
- тікелей талдау;
- трендтік талдау;
- салыстырмалы талдау;
- Факторлық талдау;
- Қаржылық коэфиценттер әдісі.
Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.
Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді.
Тікелей және көленең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.
Трендтік талдау - барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп позициясын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыру салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдерді дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.
Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау - бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.
Факторлық талдау - бұл жекелеген факторлардың қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детрминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде - тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол - кері (синтез) болуы мүмкін.
Қаржылық коэфиценттер - салыстырмалы шамалар болып табылады, алардың есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэфиценттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.
Қарыта келгенде, кәсіпорыннң қажы жағдайы талдауда аудиторлық түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор қаржылық жағдайға терең, жан-жақты және кешенді талдау жүргізе алады, сондай-ақ объективті және анық баға береді, қаржылық тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.
Шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын талдау
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолмен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасызете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау - кәсіпорынның бардық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің көздерін талдау болып табылады. Бүл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оның құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншік капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.
Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның "өтімділігін" анықтап алу керек.
өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдамада өтімділік: кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік - бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналуға жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.
- Ең өтімді активтер
- Тез өткізілетін активтер
- Баяу өткізілетін активтер
- Қиын өткізілетін активтер
Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады.
- Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер
- Қысқа мерзімді міндеттемелер
- Ұзақ мерзімді міндеттемелер
- Тұрақты міндеттемелер
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну болып табылады. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және басқа да шоттарында ақшалары болуы керек. Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен пайдаланылады.
Үш көрсеткіш жиі қолданылады:
- абсолютті өтімділік коэффиценті;
- аралық өтеу (жабу) коэффиценті;
- жалпы өтеу (жабу) коэффиценті.
Абсолютті өтімділік коэффиценті (жеделдік коэффиценті) ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі.
Аралық өтеу коэффицентін есептеу үшін (қауіпті өтім коэффиценті, өтімділіктің дәл коэффиценті) ақша қаражатының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлар мен уақытында есеп жүргізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігә тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.
Жалпы өтеу коэффиценті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін сипаттайтын маңызды көрсеткіштерінің бірі - несиеге қабілеттілігі. Төлем қабілеттілігі "несие қабілеттілік" түсінігімен салыстырғанда кеңірек ұғым.
Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін қатаң сақтау, несиелерді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді. Несиені беру және өтеумен байланысты мәселелер келісім түрінде несиелік шарт жасау арқылы, банк ережелерімен қарыз алушы кәсіпорын мен банк арасындағы несиелік келісім-шарттарымен реттеледі.
Кәсіпорынның таыстылығы және оларды талдаудың міндеттері
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерімен мен сипатталады.
Табыстар дегеніміз - өаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі.
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді.
Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:
- Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;
- Таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
- Табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;
- Табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;
- Табыстың өсу резервтерін анықтау;
- Табыстылықтың әр түрлі коэффиценттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу;
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші -бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т. с. с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші - жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші - негізгі қызметтен алынған табыс.
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономиеа жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорынның қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерін талдау
Кәсіпорынның іскелік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайда ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығы көрінеді.
Іскерлік белсенділікті талдау кәсіпорыннң өз қаражатын қаншалықты тиімді анықтауға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның қаржылық активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.
Іскерлік белсенділік коэффицентінің кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін үлкен маңызы бар. Өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне тікелей әсер етеді.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне мына көрсеткіштер жатады:
- Капиталдың жалпы айналымдылық коэффиценті- бұл жылына қанша рет өндірудің толық циклі болатынын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгенін көрсетеді.
- Негізгі құралдардың айналымдылығы- бұл көрсеткіш қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайналанудың тиімділігін сипаттайды.
- Меншікті капиталдың айналымдылық коэффиценті - бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды, қаржылық жағынан - салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан - кәсіпорынның меншік иелері тәуекелдік етіп салып отырған ақша қаражатының белсенділігін көрсетеді.
- Ағымдағы активтер немесе айналым капиталының айналымдылық коэффиценті- олардың айналым жылдамдығын, яғни зерттелген кезеңдегі барлық айналым қаражатының айналым санын көрсетеді.
- Материялдық айналым қаражатының айналымдылық коэффиценті- кәсіпорынның талдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын көрсетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды.
- Дайын өнімнің айналымдылық коэффиценті- кәсіпорынның талдау кезіндегі өнімді сатудан түскен табыстың кезеңдігі дайын өнімдерінің орташа шамасанының қатынасы болып табылады.
- Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффиценті- дебиторлық борыштың сапасы мен көлемін бағалау үшін пайдаланылып, кәсіпорын берген коммерциялық несиенің ұлғайғанын немесе төмегендегенін көрсетеді.
- Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффиценті- коммерциялық несиенің артқанын немесе төмендегенін көрсетеді.
- Ақша қаражатының айналымдылық коэффиценті- кәсіпорынның ырғақты қызмен етуі үшін ақша қаражаты қозғалысының жылдамдығының ерекше маңызы бар. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ойдағыдай болуының негізгі шарттарының бірі, оның ағымдағы міндеттемелерін жабуды қамтамасыз ететін ақша қаражатының құйылуы болып табылады.
- Инвестицияланған капиталдың айналымдылығы- кәсіпорынның өзінің дамуына салған инвестицияны қоса есептегенде, оның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестицияларының айналым жыдамдығын көрсетеді.
- Істегі капиталдың айналымдылығы- өндірістік қызметке тікелей қатысатын капиталдың айналымдылығының баяулағанын немесе жылдамдағанын көруге болады.
- Перманенттік капиталдың айналым жылдамдығы -кәсіпорынның ұзақ мерзімдік пайдалануындағы капиталдың қаншалықты тез айналатындығын көрсетеді.
- Іскерлік белсенділік индексі -айналым капиталын басқару өрісінде, кезеңдегі кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайды.
Кәсіпорынның қызметінің тиімділігі көрсеткіштернін талдау
Бизнес - жоспарды жасағанда басшылықтың негізгі назары өндірістің тиімділігі көрсеткіштеріне аударылуы керек.
Кәсіпорынның қызметінің тиімділігі өндірістің нәтижелерін (тиімділігін) шығындар мен қолданылған ресурстарды салыстыру жолымен өлшенеді. Қол жеткізілген тиімділікті (табыс, өнім) авансталған немесе қолданылған ресурстармен (шығындар) салыстыра отырып кәсіпорын қызметінің тиімділігінің бірқатар көрсеткіштерін анықтауға болады. Оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады:
- қорытындылаушы
- техника - экономикалық
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz