«алматы қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті» туралы жалпы сипаттамасы



Мазмұны

1. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті» туралы жалпы сипаттамасы
2. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
3. Департаменттің негізгі қызметі, міндеттері мен құқықтары
3.1 Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің Сауда бөлімінің қызметінің құрамы.
4. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
5. Департаменттің мүлкі
6. 2004.2005ж. минималды және орташа төлемақы жалақысының қатынасы.
7. Тұтыну секторындағы құнсыздану және бағаларға талдау
8. Қорытынды
9. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
10. Қосымшалар
1.«Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті» туралы жалпы сипаттамасы

1. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті (бұдан әрі -Департамент) басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде Алматы қаласында кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бағытында салалық үйлестіру жұмыстарын жүзеге асырады.
1. Кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
1)сауда қызметін дамыту, қызмет көрсету саласы мен, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті дамыту;
2) туристік қызметті дамыту;
3) сыртқы экономикалық қызметті дамыту;
• Өнеркәсіпті дамытудың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
• өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметін реттеу;
• индустриалды-инновациялық қызмет;
4.Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге нормалық құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
5. Департамент заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік және орыс тілдерінде өзінің аталуы жазылған мөрі мен мөртабаны, белгіденген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банкілерде есеп шоттары бар.
Департаменттің құрылтайшысы Алматы қаласы Әкімшілігі болып табылады.
Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
• Департамент өзінің құзыреті шегінде заңдылықтарда белгіленген тәртіпте бұйрық шығарады.
• Департаменттің құрылымы және шекті штат құрамы Алматы қаласы Әкімшілігінің қаулысымен бекітеді.
• Департаменттің заңды мекен-жайы: 050001 Алматы қаласы, Республика алаңы,4
• Департаменттің толық аталуы: мемлекеттік тілде- «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департменті» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде-государственное учреждение «Департамент предпринимательства и промышленности города Алматы».
• Осы Ереже Департаменттің құрылтайшы құжаты болып табылады.
• Департамент қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
• Департаментке міндетін жүзеге асыруда осы органның тармағы болып табылатын кәсіпкерлік субьектілерімен шартқа отыруға тиым салынады.
Егер де Департаментке заң актілерімен табыс алу қызмет құқығы берілген болса, онда осы жолмен алынған табыс жергілікті бюджет табысына аударуға жатады.


2. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

Департаментке Алматы қаласының Әкімі қызметке тағайындайтын және қызметінен босататын директор басшылық етеді.
Департамент директорының үш орынбасары болады, олар қызметке белгіленген тәртіп бойынша тағайындалып және одан босатылады.
Департамент директоры департаменттің жұмысын ұйымдастырып оған басшылық етеді департаментке жүктелген міндеттерді және оның қызметін жүзеге асыру үшін жауапкершілікте болады.
Бұл мақсатта директор:
• өзінің орынбасарлары мен бөлім бастықтарының, міндеттерін және өкілдіктерін анықтайды;
• заңнамаға сәйкес Департамент қызметкерлерін ынталандырады және оларды тәртіпке шақырады;
• бұйрықтарға қол қояды;
• Департаменттің бөлімдері мен құрылымы туралы ережені бекітеді;
• Департаментті барлық мемлекеттік органдарға және өзге ұйымдарда өкілдейді;
• Департаменттің жұмыс регламентін бекітеді.
.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
• Кәсіпкерлік қызметті құқықтық ретке келтіру. В.В Лаптаеваның ред.М.,1995
• Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы бойынша заңды тұлғалар.Алматы, 2002.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті туралы жалпы
сипаттамасы
2. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
3. Департаменттің негізгі қызметі, міндеттері мен құқықтары
3.1 Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің Сауда
бөлімінің қызметінің құрамы.
4. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
5. Департаменттің мүлкі
6. 2004-2005ж. минималды және орташа төлемақы жалақысының қатынасы.
7. Тұтыну секторындағы құнсыздану және бағаларға талдау
8. Қорытынды
9. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
10. Қосымшалар

1.Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті туралы жалпы
сипаттамасы

1. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті (бұдан әрі
-Департамент) басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңнамасында көзделген шектерде Алматы қаласында
кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бағытында салалық үйлестіру
жұмыстарын жүзеге асырады.
1. Кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
1)сауда қызметін дамыту, қызмет көрсету саласы мен, сондай-ақ шағын
кәсіпкерлікті дамыту;
2) туристік қызметті дамыту;
3) сыртқы экономикалық қызметті дамыту;
• Өнеркәсіпті дамытудың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
• өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметін реттеу;
• индустриалды-инновациялық қызмет;
4.Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы
мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне,
өзге нормалық құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге
асырады.
5. Департамент заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік және орыс
тілдерінде өзінің аталуы жазылған мөрі мен мөртабаны, белгіденген үлгідегі
бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банкілерде
есеп шоттары бар.
Департаменттің құрылтайшысы Алматы қаласы Әкімшілігі болып
табылады.
Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан
түседі.
• Департамент өзінің құзыреті шегінде заңдылықтарда белгіленген
тәртіпте бұйрық шығарады.
• Департаменттің құрылымы және шекті штат құрамы Алматы қаласы
Әкімшілігінің қаулысымен бекітеді.
• Департаменттің заңды мекен-жайы: 050001 Алматы қаласы, Республика
алаңы,4
• Департаменттің толық аталуы: мемлекеттік тілде- Алматы қаласы
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департменті мемлекеттік мекемесі, орыс
тілінде-государственное учреждение Департамент предпринимательства
и промышленности города Алматы.
• Осы Ереже Департаменттің құрылтайшы құжаты болып табылады.
• Департамент қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге
асырылады.
• Департаментке міндетін жүзеге асыруда осы органның тармағы болып
табылатын кәсіпкерлік субьектілерімен шартқа отыруға тиым салынады.
Егер де Департаментке заң актілерімен табыс алу қызмет
құқығы берілген болса, онда осы жолмен алынған табыс жергілікті бюджет
табысына аударуға жатады.

2. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

Департаментке Алматы қаласының Әкімі қызметке тағайындайтын және қызметінен
босататын директор басшылық етеді.
Департамент директорының үш орынбасары болады, олар
қызметке белгіленген тәртіп бойынша тағайындалып және одан босатылады.
Департамент директоры департаменттің жұмысын ұйымдастырып оған
басшылық етеді департаментке жүктелген міндеттерді және оның қызметін
жүзеге асыру үшін жауапкершілікте болады.
Бұл мақсатта директор:
• өзінің орынбасарлары мен бөлім бастықтарының, міндеттерін және
өкілдіктерін анықтайды;
• заңнамаға сәйкес Департамент қызметкерлерін ынталандырады және оларды
тәртіпке шақырады;
• бұйрықтарға қол қояды;
• Департаменттің бөлімдері мен құрылымы туралы ережені бекітеді;
• Департаментті барлық мемлекеттік органдарға және өзге ұйымдарда
өкілдейді;
• Департаменттің жұмыс регламентін бекітеді.

3.Департаменттің негізгі қызметі, міндеттері мен құқықтары

Департаменттің қаланың кәсіпкерлік, сыртқыэкономикалық қызмет,
туризм және өнеркәсіпті дамыту бөлігіндегі негізгі міндеттері мыналар
болып табылады:
• Кәсіпкерлік, сыртқыэкономикалық қызмет, туризм және өнеркәсіп
саласында экономикалық даму бағдарламасын әзірлеу және жүзеге
асыру;
• Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және оның ішінде туризм, меншік түріне
қарамастан қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету
саласында кәсіпорындар мен ұйымдардың қаланың тұрғындарын
өнеркәсіп және азық-түлік тауарларымен қамтуда оның сапасын мен
мәдени қызмет көрсетуді арттырудағы қызметін үйлестіру, сондай-
ақ сыртқыэкономикалық қызмет пен шағын кәсіпкерлікті дамыту;
• Шет елдерге сапар шегу жөніндегі комиссияның құқығына
ұйымдастыру, тиісті құжаттарды рәсімдеу, Алматы қаласы Маслихаты
мен Алматы қаласы Әкімшілігі атынан делегацияларды
құрастыру;Алматыға қызметтік істермен келген шет елдік
азаматтарға тіркелі мен визаларының ұзартылуына жәрдемдеседі;
Департамент белгілеген заң тәртібінде мынадай қызметтерді жүзеге
асырады:
Кәсіпкерлік қызметті реттеу саласында:
• Инновациялық қызмет субъектілерін құру және дамыту жөніндегі жұмысты
үйлестіру(технопарк, бизнес-инкубатор, ғылыми-техникалық аймақ және
басқалар);
• Сауда қызметінің мониторингін жүзеге асырады;
• әлемдік деңгейде сұранымдағы бәсекелестік тауарлардың ұлғаюын
қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
• алматы қаласының аумағында меншік түріне қарамастан кәсіпкерлік,оның
ішінде туристік қызмет, көтерме-бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру
нысандары, тұрмыстық қызмет көрсету саласында бірыңғай мемлекеттік
саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;
• кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында базарларды халық тұтынатын
бәсекелестік тауарлармен толтыруға маркетингтік зерттеулер жүргізеді;
• кәсіпорындар мен ұйымдардың жіберген тәртіп бұзушылықтары жайында
мәлімет береді және мемлекеттік органға белгіленген тәртіпте сауда
қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсетулерін тоқтатуды қарауға
ұсыныс енгізеді;
• кәсіпкерлік саласында және өнеркәсіп қызметінің саласында кәсіпорындар
мен ұйымдарға ақпараттық және әдістемелік көмекті жүзеге асырады;
• өзінің қызметін өндірістік салада жүзеге асыратын шағын
кәсіпкерліктерге бизнес-жоспарларын таңдау және сараптау, қайтарымды
және қайтарымсыз негізде қаржы көмегін көрсетеді;
• бизнес-жоспарды несиелеу үшін екінші деңгейдегі өкілетті банктермен
ынтымақтастық туралы шартқа отырады;
• өкілетті банк арқылы қайтарымды қаржы көмегі көрсетілген жағдайда
берілген соманы қайтаруды қамтамасыз етеді;
• туристік қызметпен шұғылданатын ұйымдарды есепке алады және оларды
өкілеттейді;
• туристтерге қосымша және тікелей қызмет көрсететін ұйымдармен бірлесіп
қызмет атқарады;
• Қазақстан Республикасында туризм жөнінде бірыңғай нормативтік-құқықтық
актілерді жетілдіру жөніндегі ұғымдарды әзірлеуге қатысады;
• Туризм саласында халықаралық шарттар мен келісімдердің жобаларын
әзірлеуге қатысады және оларды жүзеге асырды;
• Алматы қаласының туристік ұйымдары үшін мамандарды әзірлеуге
ұйымдастырады;
• Қазақстан Республикасының заңына көзделген жағдайлар мен тәртіпте
Алматы қаласы ұйымдарының туристік қызметтерін лицензиялау иен
сертификациялауға қатысады;
Сыртқыэкономикалық қызметті реттеу саласында:
• өзінің қызметі саласында заңнаманы қолданутәжірибесінталдап қортады, оны
жетілдіруге ұсыныс әзірлейді, заңнама және өзге нормалық құқықтық
актілердің жобасын әзірлеуге қатысады, оны қарауға ұсынады;
• сыртқыэкономикалық қызметті жүзеге асыру жұмысын үйлестіреді(ірі
республикалық және қалалық шараларға қатысады және ұйымдастырады,
дипломатиялық өкілдіктермен, халықаралық ұйымдардың өкілдіктерімен хат
алмасу жұмысын ұйымдастырады);
• Алматы қаласы Әкімінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының шет
елдегі елшіліктерімен байланыстарды жүзеге асырып, қалалық инвестициялық
жобаларды әзірлейді, Алматы қаласындағы шет елдік өкілдіктердің
жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдеседі;
• Алматы қаласына қалалық өкіметпен және ұйымдармен ынтымақтасу мақсатында
келген шет елдік делегацияларды қабылдайды;
• Қалада, қаланың атынан басқа қалалар мен аймақтарда, сондай-ақ шет
елдерде халықаралық көрмелерге, жәрмеңкелерге, аукциондарға, жарнамалық
науқандар ұйымдастырады және өткізеді, Қазақстанда және шет елдерде
осындай өткізілетін шараларға қатысады;
Алматы қаласының Әкіміне сыртқыэкономикалық және мәдени
байланыстар мәселелері бойынша шет елдік фирмалардың, кәсіпорындардың,
мекемелердің, азаматтардың өтініштерін қарау, осы мәселелер бойынша ұсыныс
әзірлейді.
Алматы қаласы Әкімшілігінің басшылығына талдамалық, ақпарттық
және анықтамалық материалдарды әзірлеу; Қазақстан Республикасының заңнама
актілерінде көзделген шекте қаланың даму бағытындағы мүмкіншіліктері мен
болашағы жайында ақпаратты таратуға жәрдемдесу, жарнама және басылым
қызметін жүзеге асырады;
Өнеркәсіп саласында:
• Инновациялық құбылыстарды жеделдетудегі жұмысты ұйымдастыру, жаңа
технологиялық жаңалықтарды енгізіп өнеркәсіптегі жаңа бағыттарды
меңгереді;
• Мемлекеттік және салалық (секторлық бағдарламалардың) орындалуын
жүзеге асырады және үйлестіреді, оның ішінде инновациялық қызмет,
өнеркәсіп саласы, таңдамалы ғылыми-техникалық зерттеулер, конверсия
және қорғаныс өнеркәсібін дамытады;
• Алматы қаласының халықаралық өнеркәсіп және сауда ұйымдарының
қызметі, шет елдермен сауда ынтымақтастығы жөніндегі ұсыныс енгізу
мәселесіндегі мемлекеттік аймақтық бағдарламаны құрастыру және оны
жүзеге асыруға қатысады;
• өнеркәсіп және сауда кәсіпорындары мен ұйымдарына шаруашылық
қызметінде көмек көрсетеді, жаңа технологиялар мен инвестиция
жобаларын тартуда жәрдемдеседі;
• өнеркәсіп кәсіпорындарының мониторингі.
Департамент өзіне жүктелген міндеттер мен қызметін жүзеге
асыруда мыналарға құқылы:
• Мемлекеттік аумақтық саясат және кәсіпкерлік қызметті дамытудың
негізгі бағыттары бойынша ұсыныс енгізеді;
• Департаментке бөлінген қаражат шегінде, Департаменттің құзыретіне
кіретін мәселелерді әзірлеу үшін ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жекелеген
мамандарды тартады;
• Қаланың қатысуымен, сондай-ақ департамент жүзеге асыратын өкілдіктерге
сай халықаралық кеңестерге шығу, жәрмеңке, көрмеге қатысады;
• Алматы қаласының атқарушы органы жасаған сауда-экономикалық шарттар
мен келісімдерге ұсыныс енгізеді;
• Отандық тауар өндірушілердің ішкі және сыртқы нарықтық қатынастарда
олардың бәсекелестігін бағалайды және мемлекеттік қолдау көрсетеді,
импортты алмастыру бағдарламасын әзірлейді;
• Ведомствалық бағынысындағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және
тарату мәселелері бойынша ұсыныс енгізеді;
• Департаменттің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша белгіленген
тәртіпте ұйымдар мен кәсіпорындардан мәлімет алады және сұрастырады;
• Атқару органдарының мамандарын қайтарымсыз негізде сараптау жүргізу
мен кеңес беруге жұмылдырады.
• Департамент қызметінің мәселелері бойынша жалпы қалалық және
республикалық кеңестерге қатысады;
• Қазақстан Республикасындағы және шет елдердегі тиісті құрылымдармен
іскерлік қатынастарды орнату, ақпаратпен және жұмыс тәжірибесімен
алмасуда өзара бірлесіп қызмет атқарады.

2003-2015 жылдарға арналған Индустриалды-Инновациялық Стратегияның жүзеге
асару жолдары.
Қазақстан Республикасы экономикасын ғаламдандыру кезеңінің
күрделілігі мен мәселелері тәжірибеде инновациялық қызмет мәселелеріне
көңіл бөлудің күшеюін жоймайды.
Қазақстан Республикасы 2003-2015 жылдарға индустриялық-инновациялық даму
стратегиясын іске асыруда инвестициялық қорға маңызды орын беріледі.
Инвестициялық қордың қызметі Қазақстандағы инвестициялық қорлар туралы
заңымен реттелінеді, онда инвестициялық саясаттың мақсаттары, міндеттері
және бағыттары, оның мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара
қатынас ерекшелігі анықталады. Қазақстанның инвестициялық қоры акционерлік
қоғам формасындағы, құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып
табылатын коммерциялық ұйым. Қорды құру және оның қызметі Қазақстанды
акционерлік қоғамдар туралы заңдылықтарында және Қазақстанның
инвестициялық қоры туралы заңында көрсетілген ерекшеліктерді ескере
отырып қарастырылған тәртіпте жүргізіледі.
Сондықтан, инновациялық қызметті қаржыландыру сұрағы маңызды болып
табылады. Республикалық инновациялық қор акционерлік қоғамы. Қазақстан
Республикасының инновациялық қызметті дамыту және инновациялық қайтарымды
қаржыландыру механизмін жүзеге асыру мен ғылымды қажетсінетін өндірістерді
құруға жәрдемдесу мақсатында құрылған.Оның жарғылық капиталында мемлекттің
қатысуы 100 пайызды құрайды. Инновациялық қөордың құрылуы инновацияларды
енгізудің тиімді және нарықтық механизмдерінің болмау жүйелік мәселесін
шешеді және венчурлық қаржыландыруды ынталандырады.
Инновациялық қордың міндеттеріне жатады:
-Отандық және шетел инвесторларымен бірлесіп венчурлық қорлар құру
-Әсерлі қөзқарасты келешекті болып табылатын жаңа технологиялар, тауарлар,
қызметтер құруға бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-
конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру және гранттар ұсыну
-инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталында үлестік бақылаусыз
қатысу жолымен инновацияларды енгізуді қаржыландыру
-ұлттық инновациялық инфрақұрылымның элементтерін құруға
қатысу(технополистер,технопарктер,б изнес- инкубаторлер, инновациялық
орталықтар)
-ғылыми-техникалық өнімдер нарығын қалыптастыруға қатысу
-инновациялық технологияларды көшіру,қарызға алу және өсіру облысында
халықаралық бірлестіктерді дамыту, оларды коммерцияландыру және енгізу.
Инновацияларды енгізу кәсіпрындардың меншіктік құралдарының
жетіспеушілігімен және несие алу үшін жоғары пайыздық ставкілермен
тежеледі. Талдау көрсеткенде отандық компаниялармен инновациялық
қызметтерді қаржыландыру қысқартылғанмен, Қазақстанның өңдеулерді шетел
компанияларымен қаржыландыру тұрақты өсуде. Инновациялық қызметпен
айналысатын көптеген шетел компанияларының стратегиясы олардың 30-40 пайыз
пайдасы жаңа технологиларды енгізу есебінен алынған тауарлар мен
қызмтетерді сатудан түсетіндігін көрсетеді. Бүгінгі күнге нарыққа ұсынылған
1500 жобаның тек бір жобасы ғана түпкі өнім алуда. Осындай жағдай АҚШ-
та,Жапонияда және Еуропада байқалады.Шетел зерттеулерінде көрсетілгендей,
егер ғылымды дамыфту шығындары жалпы ішкі өнімнің бір пайызынан кем болған
мемлекеттерде жалпы ұлттық экономикаға шығын келетіндігін дәлелдейді. АҚШ-
та, Германияда және Жапонияда ғылымға шығындары көп.
Нарықтық реформа жолында ілгерілеген мемлекеттің ғылыми потенциялындағы
құрылымдық өзгерістерді тардау екі бағыттарғы өзгерістердің болуын
анықтайды:
-академиялық ғылым жоғары оқу орындары мен жақындастырылуы
-салалық институттар-кәсіпорындармен бірге және қаржылық өнеркәсіптік
топтармен жақындастырылуы
Нарық жағдайында ғылым ұлттық инновациялық жүйенің ядросы болып
табылады. Әлемдік тәжірибе дәледегендей, бұл жүйенің негізгі элементіне
адами ресурстар жатады. Білімнің екі түрін бөлу қабылданған. Кодталған
білім белгілері, теңдеулер, ақпараттар текстері көмегімен жазылуы және
берілуі мүмкін. Батыста білімнің екінші түрі адамды қалыптасқан:жеке
білімнің, біліктілігінің, қабілетінің жиынтығы, мінезінің инновациялық
белгілері және т.б.
Сонымен тиімді инновациялық құралдар салымы адамға саылнған салым
болып табылады. Жақын келешекте кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігіне
білімді дамыту мен сәйкестендіру мүмкіндіктері көбірек әсер етеді, олардың
базасында шешуші құзыретті құру, соңында инновацияға айналдыру. Қазіргі
уақыттың өзінде мынадай ірі компаниялар General Motors, Hewlett Packard,
Rank Xerox, Philip Morris, Dow Chemical, Philips т.б. білімді инновациялық
шешімдер базасы стратегияны өңдеу сферасына енгізген. Кейбір компаниялар
білім менеджментін дамытуға өздерінің табыстарының 3,5-10 пайызын
бағыттайды.
Шетел тәжірибесі көрсеткендей компаниялар өздерінің құрылымына
мынандай маңызды орындар: білім трансферті бойынша вице-президент,
интеллектуалды капитал бойынша вице-президент, білім ауысу бойынша менеджер
немесе түпкі білімдер бойынша басты топ құрылымдық бірліктер енгізу
арқылы өзгертеді.
Барлық әлеуетті бәсекеге қабілетті, оның ішінде экономиканың
шикізаттық емес бағытындағы салаларда жұмыс істейтін экспортқа бағдарланған
өндірістер индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтары болып табылады.
Ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерді шешу мақсатында ғылымды көп қажет
ететін және жоғары технологиялық өндірістерді дамыту үшін жағдайлар жасау
ерекше көңіл бөлу қажет.
Бұл көзқарас экономиканың түрлі салаларындағы кәсіпкерлік үшін
жұмыс істеп тұрған өндірістерді техникалық және ұйымдық
жағынан жетілдіруге және экспорттық бағыттағы өнімнің жан-жақты
түрлерін шығаруға кедергі жасамайды.

Сауда саясаты
Сауда режимін ырықтандыру
Сауда саласы индустриялық-инновациялық даму жүргізетін басты "алаң"
болуы тиіс. Осының әсерінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің сауда саясаты
нарық экономикасын өздігінен реттеудің басты тетігі-бәсекелестікті дамыту
үшін жағдай жасауғабағытталатын болады.
Ішкі рынокты импорттан одан әрі қорғау отандық өңдеу өнеркәсібі
тауарларының шетел кәсіпорындарының бағасы әрі тұтыну сипаттары тжағынан да
ұқсас түрлерінен мүлдем артта қалуына әкеліп соғады.
Ғаламдану кезеңіндегі жабық та шағын экономика ол капитализмнің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы қаласының әкімдігінде өткізілген өндірістік тәжірибе бойынша
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалының анализі. Орал қаласы экономикасының анализі
Жамбыл облысының туристік географиясы
Жамбыл облысындағы туристік қызметтің даму жолдары (Жамбыл облысының мәліметтері бойынша)
Оңүтістік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті мемлекеттік мекемесі туралы жалпы мәліметтер
Қазіргі кезеңдегі жергілікті биліктің қалыптасуының ағымдық жағдайы және оны жетілдіру
Туризм индустриясының құрылымы
Шағын бизнесті дамытуды мемлекеттік қолдау
Кәсіпкерлік іс-әрекеттің мәні, формалары мен түрлері
Қызылорда облыстық жастар саясатының 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы
Пәндер