Қазақстандағы туризмді дамытудағы қолданылатын pr-технологиялар туралы



Мазмұны
2.1. Қазақстандағы туризмді дамытудағы қолданылатын PR.технологиялар
2.2. Туристік мекемелердің қызметіндегі паблик рилейшнз
2.3. Бұқаралық ақпарат құралдарымен тиімді байланыс
2.4. Туризмдегі жарнама
2.5. Қазақстандағы туризмнің проблемалары және дамуы
2.6 Қазақстандағы туризм дамуының проблемалары мен қазіргі жағдайы
ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ

Соңғы жылдардағы еліміздегі жанданып келе жатқан салалардың бірі – туризм. Ресми мәліметтерге жүгінсек, сырттан түсетін инвестицияның 10 пайызға жуығы туризмнен келеді екен. Бұл сала экономикамызға кәдімгідей табыс әкелуде, қомақты қаржы түсіруге барлық мүмкіндік бар. Ендігі міндет – туризмді ел экономикасына тұрақты үлес қосатын салаға айналдыру. Бірақ, сыртқы елдерге шығатын туристер саны Қазақстандағы демалушылардың санынан көп. Мысалы, 2008 жылғы мәліметтерге сүйенсек, шетелге барып қайтқандардың саны 4,3 млн., ал елімізге келгендер саны 3,7 млн. адам болды. Мұның себебі неде? Біріншіден, біздегі қонақ үй, туристік қызмет бағасы шетелдегі туристік қызмет бағасынан артық болмаса кем емес. Екіншіден, отандық туристік қызмет көрсету еуропалық стандарттан төмен. Бұл ащы да болса шындық. Табиғат аясында демалғысы келетіндер жөндеуден өтпеген ойқы-шойқы жолдардан қашып, Алакөл, Қапшағай, Балқаштан гөрі Ыстықкөлге баруды артық көреді. Қырғызстан бюджетінің 70-80 пайызын туризм құрайды. Қырғызстанға үлкен пайда әкеліп отырған, экономикасындағы басым бағыттардың бірі - Ыстықкөлдегі негізгі демалушылар да Қазақстан азаматтары екен. Мысалы, өткен жылы Ыстықкөлге демалушылардың жалпы саны 1 миллионға жуық болса, соның 700 мыңға жуығы қазақтар және негізінен алматылықтар. Ал егер 117 шақырымдық Қаскелең-Шырпықты төте жолы ашылса, Ыстықкөлге демалатын қазақтардың саны 2-3 есе өсері даусыз. Жылына тек туризмен 165 миллион доллар пайда көріп отырған қырғыз елі бұл жобаның іске асуына мүдделі.
Туризм саласын дамытуға соңғы жылдары ден қойыла бастады. Елбасы жолдауында туризм саласын кластерлік жолмен дамыту жоспары бар.
Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2007 жылғы жолдауында Қазақстан бизнесінің инновациялық белсенділігін көтермелеу жөнінде баса айтылған. Жолдауда сонымен бірге көлік инфрақұрылымын нысаналы түрде қолдап, жаңартып және кеңейтіп отыру, еліміздің транзиттік әлеуетін барынша пайдалану, көлік жүйемізді әлемдік жүйеге кіріктіру, әуе тасымалы саласын белсенді дамыту, аэропорттарымыз бен авиация саласын ұлттық экономиканың талаптары мен халықаралық деңгейге сәйкес келтіру, әуе қызметінің сапасын, қауіпсіздігін арттыру және құнын төмендету үшін жергілікті авиация нарығындағы бәсекелестікті дамыту үшін барлық жағдай жасалуы керектігі айтылған /1/.
Халықаралық маңызы бар негізгі автожолдарды халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге қажетті стратегияны жарты жылдың ішінде әзірлеу Үкіметке тапсырылды.
2004 жылы “Қазақстанда туристік кластердің даму мүмкіндіктері” деген тақырыппен өткен талқылауда маркетингтік және талдамалық-зерттеу орталығы мен АҚШ-тың бірнеше зерттеу компаниялары бас қосып, Қазақстан туризмінің мүмкіндіктерін және оның бәсекеге қабілеттілігін талқылады. Онда Қазақстанның туристік операторлары мен компаниялардың басшылары, өкілдері қатысып Қазақстандық туризмнің қазіргі жағдайы мен оның дамуына кедергі келтіріп отырған төмендегідей факторларды анықтады:
1. Туризм саласында еңбек ететіндердің еңбекақысын көтеру;
2. Қазақстан елшіліктерінен туристік визаларға рұқсат алудың қиындықтары;
3. 3-4 жұлдызды арзан қонақ үйлер мен мотельдердің жоқтығы т.б.
Бұл шарадан соң Алматы қаласы мен облысында экологиялық туризмді және аймақтағы табиғи ландшафтарға зиян келтірмей табиғи күйін сақтай отырып пайдалану туралы мақсат қойылды. Алматы қаласы мен облысы туристік кластерді жүзеге асыруға қолайлы деп табылады. Себебі, мұнда қонақ үйлер, санаторийлер, ойын-сауық орталықтары, тау, қорықтар т.б. обьектілер шоғырланған. Дегенмен, Қазақстандағы туризм өз деңгейінде дами алмай отыр, туризм ошақтары жергілікті және халықаралық деңгейде танымал емес. Туризмнен түскен кіріс көзі өз деңгейінен төмен.
Туризм жөніндегі жағымсыз қоғамдық пікір де жоқ емес, туризм, спорт т.б. салалардағы қоғамдық білімдердің төмендігі байқалады. Туризмге қатысты ақпараттар ағыны аз. Бұл еліміздегі туризмнің дамуына кедергі келтіріп отыр.
Алматы облысында туризмнің дамуына ықпал ету үшін туризм ошақтарын Қазақстанға және шетелдерге кеңінен таныту имиджін көтеру керек.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Соңғы жылдардағы еліміздегі жанданып келе жатқан салалардың бірі - туризм. Ресми мәліметтерге жүгінсек, сырттан түсетін инвестицияның 10 пайызға жуығы туризмнен келеді екен. Бұл сала экономикамызға кәдімгідей табыс әкелуде, қомақты қаржы түсіруге барлық мүмкіндік бар. Ендігі міндет - туризмді ел экономикасына тұрақты үлес қосатын салаға айналдыру. Бірақ, сыртқы елдерге шығатын туристер саны Қазақстандағы демалушылардың санынан көп. Мысалы, 2008 жылғы мәліметтерге сүйенсек, шетелге барып қайтқандардың саны 4,3 млн., ал елімізге келгендер саны 3,7 млн. адам болды. Мұның себебі неде? Біріншіден, біздегі қонақ үй, туристік қызмет бағасы шетелдегі туристік қызмет бағасынан артық болмаса кем емес. Екіншіден, отандық туристік қызмет көрсету еуропалық стандарттан төмен. Бұл ащы да болса шындық. Табиғат аясында демалғысы келетіндер жөндеуден өтпеген ойқы-шойқы жолдардан қашып, Алакөл, Қапшағай, Балқаштан гөрі Ыстықкөлге баруды артық көреді. Қырғызстан бюджетінің 70-80 пайызын туризм құрайды. Қырғызстанға үлкен пайда әкеліп отырған, экономикасындағы басым бағыттардың бірі - Ыстықкөлдегі негізгі демалушылар да Қазақстан азаматтары екен. Мысалы, өткен жылы Ыстықкөлге демалушылардың жалпы саны 1 миллионға жуық болса, соның 700 мыңға жуығы қазақтар және негізінен алматылықтар. Ал егер 117 шақырымдық Қаскелең-Шырпықты төте жолы ашылса, Ыстықкөлге демалатын қазақтардың саны 2-3 есе өсері даусыз. Жылына тек туризмен 165 миллион доллар пайда көріп отырған қырғыз елі бұл жобаның іске асуына мүдделі.
Туризм саласын дамытуға соңғы жылдары ден қойыла бастады. Елбасы жолдауында туризм саласын кластерлік жолмен дамыту жоспары бар.
Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2007 жылғы жолдауында Қазақстан бизнесінің инновациялық белсенділігін көтермелеу жөнінде баса айтылған. Жолдауда сонымен бірге көлік инфрақұрылымын нысаналы түрде қолдап, жаңартып және кеңейтіп отыру, еліміздің транзиттік әлеуетін барынша пайдалану, көлік жүйемізді әлемдік жүйеге кіріктіру, әуе тасымалы саласын белсенді дамыту, аэропорттарымыз бен авиация саласын ұлттық экономиканың талаптары мен халықаралық деңгейге сәйкес келтіру, әуе қызметінің сапасын, қауіпсіздігін арттыру және құнын төмендету үшін жергілікті авиация нарығындағы бәсекелестікті дамыту үшін барлық жағдай жасалуы керектігі айтылған 1.
Халықаралық маңызы бар негізгі автожолдарды халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге қажетті стратегияны жарты жылдың ішінде әзірлеу Үкіметке тапсырылды.
2004 жылы "Қазақстанда туристік кластердің даму мүмкіндіктері" деген тақырыппен өткен талқылауда маркетингтік және талдамалық-зерттеу орталығы мен АҚШ-тың бірнеше зерттеу компаниялары бас қосып, Қазақстан туризмінің мүмкіндіктерін және оның бәсекеге қабілеттілігін талқылады. Онда Қазақстанның туристік операторлары мен компаниялардың басшылары, өкілдері қатысып Қазақстандық туризмнің қазіргі жағдайы мен оның дамуына кедергі келтіріп отырған төмендегідей факторларды анықтады:
1. Туризм саласында еңбек ететіндердің еңбекақысын көтеру;
2. Қазақстан елшіліктерінен туристік визаларға рұқсат алудың қиындықтары;
3. 3-4 жұлдызды арзан қонақ үйлер мен мотельдердің жоқтығы т.б.
Бұл шарадан соң Алматы қаласы мен облысында экологиялық туризмді және аймақтағы табиғи ландшафтарға зиян келтірмей табиғи күйін сақтай отырып пайдалану туралы мақсат қойылды. Алматы қаласы мен облысы туристік кластерді жүзеге асыруға қолайлы деп табылады. Себебі, мұнда қонақ үйлер, санаторийлер, ойын-сауық орталықтары, тау, қорықтар т.б. обьектілер шоғырланған. Дегенмен, Қазақстандағы туризм өз деңгейінде дами алмай отыр, туризм ошақтары жергілікті және халықаралық деңгейде танымал емес. Туризмнен түскен кіріс көзі өз деңгейінен төмен.
Туризм жөніндегі жағымсыз қоғамдық пікір де жоқ емес, туризм, спорт т.б. салалардағы қоғамдық білімдердің төмендігі байқалады. Туризмге қатысты ақпараттар ағыны аз. Бұл еліміздегі туризмнің дамуына кедергі келтіріп отыр.
Алматы облысында туризмнің дамуына ықпал ету үшін туризм ошақтарын Қазақстанға және шетелдерге кеңінен таныту имиджін көтеру керек.

2.1. Қазақстандағы туризмді дамытудағы қолданылатын PR-технологиялар

Туризм - бизнес. Осы бизнестің түрінің ойдағыдай дамып, тұтынушылардың көңілінен шығуы PR-ға да байланысты. PR - маркетинг, менеджмент және журналистиканы байланыстыратын күрделі мамандық. Өркениетті әлем паблик рилейшнздің құралдарын жоғары экономикалық, саяси және әлеуметтік мақсаттарға жету үшін қолданады. PR - нарықтық процестердің дамуымен байланысты пайда болды, ол мекеме, компания, фирманың өзін-өзі дамытуына, жетілдіруіне көмектеседі. Туризм саласындағы PR-дың ролі жоғары. Ол:
1. Туристік фирмаға ішкі, сыртқы қоғамдық топтармен байланыс орнатуға ықпал етеді.
2. Әлеуметтік проблемаларды шешуге көмектеседі.
3. Бәсекеде табысқа жетуге көмектеседі.
4. Туристік фирмаларға өмір сүруге, дамуға, барлық стандарттарға
(халықаралық) сай болуға мүмкіндік береді.
Туристік фирма өзін көрсетуі, имиджін қалыптастыруы керек. PR-дың міндеті соған көмектесу, фирманың жетекшілеріне ақыл-кеңес беру, қауіп-қатерді алдын-ала сезіп, уақытында ескерту, проблемаларды көріп, шешуге мүдделі болу, қызметкерлер арасындағы тиімді өзара байланысты қалыптастырып, қоғам мен туристік фирманың арасында үйлесімділікке негізделген жылы қарым-қатынас орнату. Паблик рилейшнз жаңа коммуникациялық технологиялардың дамуымен күрделене түседі.
Олай болса, халықаралық стандарттарға сай осы саланы жетілдіру, Қазақстандағы туризм инфрақұрылымының дамуы PR-менеджерлерге де үлкен жауапкершілік жүктейді. Курстық жұмыста Қазақстанға деген шетелдік туристердің қызығушылығын арттыру үшін не істеу керек?, - деген сұраққа да жауап ізделінді. Ең біріншіден, осы салаға жеке кәсіпкерлерді жұмылдырсақ, бұл проблеманы шешуге болатын сияқты.
Курстық жұмысына материалдар іздеу кезінде мерзімді басылым беттерінен туризмнің дамуына байланысты, туризм саласындағы проблемалар жөнінде проблемалық мақалаларды кездестірдік және тағы бір көзіміздің жеткені, Қазақстанда дүниежүзілік туризм ассоциациясының негізінде жарнамалау және еліміздің имиджін қалыптастыру үшін жасалған жобалар мүлдем жоқ деуге болады. Біз байқаған тағы бір кемшілік - тур жасайтын орындарға тасымалдайтын көлік пен жолдардың дамымағандығы. Қазақстандағы туризмді дамытуда PR-коммуникацияның маңызы аса зор, яғни, әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнатып Қазақстанның туристік обьектілері жайында ақпарат тарату, жарнама жасау қажет. Жарнама саласында да кемшіліктер жеткілікті. Курстық жұмыста Қазақстандағы туризм жарнамасына кеңінен тоқталып, талдауға тырыстық.
Көптеген елдер осы саладан табыс тауып отыр. Қазақстанда табиғаты әсем, таңғажайып көріністерімен таңғалдыратын жерлер аз емес. Бурабайды айтпағанда, Көлсай, әлемге танымал Хан-Тәңірі мен Шарын шатқалының өзі неге тұрады? Осы көркем табиғатпен танысқан шетелдіктер таңданыстарын жасыра алмаған. Сондықтан табиғаты әсем Қазақстанның осы салада дамып, пайда табуына мүмкіндік мол.
Бұл жұмыста Қазақстандағы туризмнің экономиканың кірісті саласы мен бәсекеге қабілетті индустрия ретінде қалыптасуы үшін PR саласында қандай шараларды іс жүзіне асыруға болады?, - деген сауалға жауап іздеуге тырыстық. Бітіру жұмысының жаңалығы осында. Курстық жұмысында Қазақстанның туристік имиджін қалыптастырудағы PR-технологиялардың ролі, туризм саласындағы PR-дың өз деңгейінде қолданылмауы салдарынан етек алып отырған проблемалар ашылды. Алматы қаласында тіркеліп, облысында қызмет етіп отырған кейбір туристік (шетелдік) фирмалар түрлі заң бұзушылықтарға барып, табиғаттың, экологияның бұзылуына жол беріп отыр, миллиондаған қаржыларды жеке қалтасына басып, мемлекетке түкке тұрғысыз тиын-тебенмен салық төлеуде. Бұның зиянын жергілікті қарапайым халық шегіп отыр. Туризмнен түскен пайда жеке адамдардың мүддесіне емес, еліміздің экономикасына үлес қосуы керек. Осындай қордалы проблемалар тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Туризмнің пайдалы тұстарын экономикалық зерделеу үрдісі БАҚ-та жиі көрініс беріп жүр. Әрине, бұл саланың дамуы үшін мемлекет аз жұмыс атқарып отырған жоқ, тек атқарушы биліктердің салғырттығы жоғарыдағыдай келеңсіздіктерді туғызып отыр. Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туризм қызметін реттеу комитеті туризмді қалыптастырып, дамыту бағытында бірталай игі істер тындырды. Бүгінде 2006-2010 жылдарға арналған туризм саласын дамыту бағдарламасы әзірленіп жатыр. Бұл бағдарламадағы өте маңызды міндеттердің бірі - туризм саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайда жаңаша іс жүргізу жолдарын іздестіру. Халықаралық ынтымақтастық бағытын тереңдете түсу. Бұл бағдарлама мемлекеттік саясат туризмді экономиканың кірісі мол саласы ретінде танитындығын көрсетеді. Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туризм қызметін реттеу комитетінің бюджеті жылдан-жылға өсіп келеді. 2005 жылы ол 32 миллионға бағаланса, 2006 жылы 411 миллионды құрады. Республика дамуына бағытталған бүкіл инвестиция көлемінің 0,46 пайызы туризм саласына тиесілі. Бұл қаржының көп бөлігі Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыруға және шетелде танымал болуына бағытталады. Батыстың ВВС, СNN, Discavery телеарналары мен жергілікті мерзімді басылымдары Қазақстанды жарнамалау мақсатында еліміздің тарихы, табиғаты, шипалы өңірлері жайлы хабарлар тарататын болады.
Туризм саласындағы инвестициялық саясаттың тағы бір маңызды мәселесі - шағын және орта кәсіпкерлікті қолдап, дамыту мақсатында туристік ұйымдарға ұзақ мерзімді несие беріліп отыр. Бүгінгі таңда республика бойынша туристік нысандардың 98,4 пайызы шағын кәсіпкерлік ретінде тіркелген. Олар Бурабай ұлттық саябағы, Алтынемел, Қатонқарағай, Баянауыл, Қарқаралы ұлттық табиғи саябақтары. Туризм саласын дамыту мақсатында республиканың Білім және ғылым министрлігіне 2006-2007 оқу жылдары туризм мамандығына 400-ге жуық грант бөлінді. Бүгінде Қазақстанның 39 жоғары оқу орны туризм менеджері, халықаралық туризм менеджері, ақпараттық технология менеджері, қоғаммен байланыс менеджері, сауда менеджері, аудармашылар мен гид-нұсқаушылар мамандықтары бойынша студенттерді дайындауда.
Жұмыстың зерттелу деңгейіне тоқталсақ, туризм және PR-ға байланысты еңбектерді кездестірмедік, жалпы туризмге байланысты қорғалған докторлық, кандидаттық бірнеше (6) диссертациялар бар екен. Сонымен бірге ҚР Статистика жөніндегі агенттігі жыл сайын Қазақстан Республикасындағы туризм жайлы статистикалық жинақтарды шығарып тұрады.

2.2. Туристік мекемелердің қызметіндегі паблик рилейшнз

PR-дың ең маңызды міндеті мекемеге, ұйым, компанияға паблисити, имидж жасау болып табылады.
Паблисити - бұл фирманың танымал болуы, оның жағымды сыртқы бейнесі. Бұл фирманың тұтынушылармен, бәсекелестермен, демеушілермен, яғни, сыртқы әлеммен байланысы. "Паблисити" мен "паблик рилейшнз" - синонимдер емес. Паблик рилейшнз - процесс, қызмет немесе қызметтер саласы. Ал паблисити - құрал, паблик рилейшнздің нәтижесі.
Менің ойымша паблиситидің ең басты сапасы сенім. Ақпараттық тауар мен жарнаманы аудитория екі түрлі қабылдайды, халық ақпаратқа жарнамадан гөрі сенеді. Екінші сапасы - сатушылар мен жарнама агенттерінен қашқақтайтын сатып алушыларды кең қамту. Үшінші сапасы - назарға бірден іліну, көзге бірден түсу. Жарнама тәрізді насихат та көзге тиімді көрінеді.
Паблисити PR-дың құралы түрінде төмендегідей жағдайларда мекемеге маңыздылық береді:
1. Мекеменің беделін өсіру;
2. Нарыққа жаңа тауар, өнім шығарғанда;
3. Өнім нарықта біраз уақыттан бері болса;
4. Күрделі өнім мен қызметті түсіндіруде;
5. Жылжытуға бюджет аз болғанда;
6. Дағдарыс жағдайында.
Имидж ұғымына келсек, бұл мекеменің белгілі бір топтар алдындағы бейнесі. Имидж ұғымының мазмұны екі құрамдас бөліктен тұрады:
1. Сипаттау (ақпараттық) бөлігі. Онда мекеменің бейнесі туралы жиынтық ұғымдар болады.
2. Бағалау (байланыс) қабылданған ақпарат эмоция туғызады.
Адамдар (тұтынушылар) мекемені өздерінің өткен тәжірибесі тұрғысынан, жалпы қабылданған нормалар және моральдық принциптер арқылы бағалайды.
Қазақстандағы туристік компаниялар шетелдерде өткізілетін семинар, конференцияларға қатысып тұрады, бұл шараларда корпоративтік басқару, ішкі аудит, зерттеу т.б. да мәселелер жиі қозғалатындықтан PR-мамандары үшін де өте пайдалы. Өзінің қызметкерлерін шетелге оқытуға жіберу компанияға өте пайдалы. Қазақстандағы көп компаниялардың жылдық есептері талапқа сай келмей жатады. Мұндай тренингтердің көпшілігі Египетте өтеді, ұзақтығы оншақты күн, тренингке қатысушылар жарты күн ғана оқиды да, қалған уақытында демалады.
Туристік компаниялардың имиджін көтеру үшін өткізетін шаралары әртүрлі болуы керек. Оған компанияның қаржылық, материалдық ресурстары, адам ресурстары және демеушілік қолдау жасайды. Қоғамдық ұйымдар да көмектесуі мүмкін. Шараға журналистердің қатысуы да болашаққа жол ашады. Олар демеушілермен келіссөздер жүргізуге ықпал етеді. Шараның қорытындысында компания бірінішіден, танымал болады, БАҚ-қа жарияланады.
Мұндай іс-шаралардың мақсаты:
1. Мақсатты аудитория арасында компания туралы біртұтас бейне қалыптастыру, оның бәсекелес компаниялардан артықшылықтары мен ерекшеліктерін көрсету;
2. Тұрақты ақпараттық айналым жасау;
3. Компанияны позициялау;
4. Имидж жасау.
Компанияның негізгі PR-міндеттері:
1. Ақпараттық кеңістікке үнемі қатысу;
2. Мақсатты аудиторияның компания туралы таным-түсінігін кеңейту;
3. Қоғам тарапынан қызығушылықты арттыру.
Көрме-жәрмеңке іс-шаралары қазіргі туристік маркетингте маңызды рольге ие. Олар туристік мекемеге бір мезетте экономикалық, ұйымдастыру, техникалық, коммерциялық ақпараттарды беруге, қызметтің құны туралы кең хабарландыруға мүмкіндік береді. Көрме-жәрмеңке іс-шаралары туризм саласының дамуының, ақпараттық биржаның, бағаны, өзгерістерді болжаудың айнасы. Себебі, туристік мекеме клиент үшін көрме ұйымдастыруда барлық мүмкіндіктерді пайдаланады. Шоу-бағдарламалар, викторина, ұтыстар нәтижесінде клиенттер үлкен әсер алады.
Қазіргі таңда "көрме", "жәрмеңке" ұғымдарының бір-біріне жақындығы сондай, синонимдер ретінде де қолданылады. Әрине, бұл екеуінің ұқсастықтары да бар, олар нарыққа бағытталуы, шектеулі уақыты, нақты бір орындарда нақты кезеңдерде өткізілуі т.б. Ал айырмашылығы - ұйымдастыруда, жоспарлауда көрінеді. Көрме және жәрмеңке шараларының мазмұны мен түрі ұқсас болғандықтан, бұдан былай тек көрме деген терминді қолданамыз.
Көрме-жәрмеңке іс-шараларының түрлерін былайша сипаттауға болады:
1. Көрме - туристік өнімнің иллюстрациялық сипаттамасы;
2. Жәрмеңке - нарықтағы туристік өнімнің экономикалық көрме үлгісі;
3. Салон - туристік өнімді көрсету (турфестиваль);
4. Биржа - коммерциялық көрме және туристік өнімді нарықта тарату;
5. Туристік дүкен (турмаркет; телемаркет) - туристерге арналған арнаулы дүкен.
Бұл аталған іс-шаралардың әрқайсысы өзіне ғана тән өзгешелігімен ерекшеленеді.
Биржалар арқылы келесі жылға арналған турларды белсенді жарнамалау не ашылады не жабылады. Ірі халықаралық туристік биржалар: "ГТВ" (Берлин), "London Travel Market" (Лондон) т.б. болып табылады.
Көрмеге қатысуы үшін туристік фирма маркетингтік коммуникацияның тиімді құралы болып табылатын жоспарлауды мұқият жүзеге асырады. Туристік фирманың көрмеге қатысу процесін шартты түрде өзара байланысты кезеңдерге бөлуге болады:
1. Көрмеге қатысуға принципті шешім қабылдау.
Көрме қызметі туристік мекеменің негізгі маркетингтік мақсатқа жетуіне кепілдік беруі шарт. Олар:
* туристік фирма мен оның тауар, қызметтерін көрсету;
* сату нарығын зерттеу;
* жаңа нарықты іздеу;
* клиенттерді көбейту;
* нарыққа жаңа өнім енгізу;
* өнімді бәсекелестердің қызметіне сәйкес позициялау;
* фирманың жағымды имиджін жасау;
* өнімдерді тікелей сату және келісім-шарттар жасау.
2. Туристік мекеменің мүмкіндіктерді мұқият талдауы:
* көрме өткізілетін орын және уақыт;
* қатысушылар мен келушілердің сандық және сапалық құрамы;
* соңғы рет өткізілген көрмедегі іскери белсенділік деңгейі (келісім-шарттардың саны мен жалпы көлемі);
* көрмеге қатысу алғышарттары;
* туристік фирманың көрмеге қатысу үшін жасалған сметасының алғашқы нұсқасы және фирманың мүмкіндігі мен шығынның сәйкестігін зерттеу;
* мәселенің соңғы шешімі: мақсатқа жету үшін қандай көрмеге қатысуға болатындығын шешу.
Осы мәселелермен қатар ұйымдастыру шаралары да қарастырылады:
* көрме жұмысына туристік фирманың қатысу көлемі және концепцияны дайындау;
* көрмеге қойылатын өнімдердің тізімін жасау;
* персоналдарды іріктеу және дайындау (коммерциялық
мәселелермен шұғылданатын, қызмет көрсететін, стендшілер,
аудармашылар);
* коммерциялық жұмыстың, жарнама мен хаттама шараларын жоспарлау;
* көрмеге қатысуға жағдай жасап, қызмет көрсететін агентті таңдау;
* қажетті көрме алаңының мөлшері мен түрлі материалдық және
қаржылық ресурстардың көлемін анықтау;
* жарнама және ақпараттық материалдарды іріктеу және дайындау;
* экспозицияның тақырыптық жоспарын жасау;
* ұйымдастыру комитетімен келісім-шарт жасау, оған
көрменің жоспарын беру, қажетті құрал-жабдықтар
мен қызметке тапсырыс;
Алдын ала:
өз уақытында өтініш беру үшін туристік фирманың көрменің ресми каталогына кіруін қамтамасыз ету;
келушілердің мақсатты тобына бағытталған мерзімді басылымдардағы жарияланымдар;
туристік фирма байланыс жасайтын, көрмеге қызығу білдіретін компанияларға факспен, электронды поштамен, телефонмен көрмеге шақырулар жіберу;
Мұндайда шақыруды арнайы билеттермен жеке жіберген тиімдірек болады. Шақыру парағында аты, мекен-жайы, титулы толық, дәл болуы керек. Шақырылған қонақтардың ішіне ресми тұлғалар кіретін болса, оларға жеке шақыру хатын қоса жіберген дұрыс болады. Кіруге жіберілетін құжаттар да тиімді. Шақырылғандар біріншіден, кіру үшін ақы төлемейді, екіншіден, бұл қонақтарға ізет білдіріп, сыйлауға қажет.
Туристік фирма өткізілген көрмемен қатар презентация, баспасөз мәслихаты, дөңгелек үстел өткізсе тіпті жақсы.
Фирманың бастығы көрме өтіп жатқан кезде қонақтардың көзінше нұсқаулар беруге болмайды. Ол тек алыстан бақылап, өзі үшін дұрыс қорытындылар жасауы керек. Ол қорытындыларға қажетті мәселелер: көрме үшін осы таңдалған алаңның көлемі дұрыс па, қандай қызметтер үлкен сұранысқа ие, келесіде көрмені бұдан да жақсы түрде қайтып ұйымдастырса болады, көрме жұмысына қай қызметкерлер көбірек икемді т.б.
Туристік фирманың басшысы осымен қатар өзге көрмелерді аралап көруіне болады. Бұл нарық коньюнктураларының даму тенденциясын байқауға, бәсекелестердің қызметін бағалауға, өз позициясы мен туристік фирманың позициясын анықтауға тиімділік береді. Көрменің өзіне тән жеке табиғаты, оған қатысудағы адамдардың мақсаты, ұсынылып отырған тауардың ерекшеліктері де осылай анықталады.
Коммерциялық қорытындылар обьективті көрсеткіштерге байланысты (фирманың экспозициясын көруге келушілердің саны, байланыстарды талдау, жасалған келісім-шарттардың көлемі, таратылған жарнама және ақпараттық материалдардың саны т.б.).
Коммерциялық және ұйымдастырушылық қорытындыларды зерттеу инвестицияның тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді.
Бизнестегі PR-дың дәстүрлі саласы - қайырымдылық екендігі даусыз. Бизнестің ішкі және сыртқы коммуникациялық міндеттері бар. Ішкі міндеттерін мамандар былай деп бөледі:
* клиентпен сенімді байланыс;
* шыншыл ақпараттың еркін ағымы (тік және көлденең);
* жұмыстағы келіспеушілікті болдырмау;
* мекеменің табысқа ұмтылып, жетуі;
* болашаққа үміт.
Бұл үйлесімділікке жету үшін мекеменің ішінде журнал шығаруға болады. PR - мамандары бұндай журналдар арқылы жұмысшыларды бизнестің мақсат, бағытымен таныстыруға, тиімді жұмыс үшін ақпарат беруге, қызметкерлердің еңбегінің тиімділігін көтеруге, артықшылықтары мен табыстарын мойындауға, елеп-ескеруге, табысқа жетуге болады дейді. Бизнестегі жақсы имидж жоғары табыс әкеледі.
Коммерсант daily PR-агенттіктердің қызметі бойынша жұмыс уақытын былайша бөледі:
41 пайыз - БАҚ-пен байланыс;
28 пайыз - корпоративтік байланыстар;
10 пайыз - мемлекеттік құрылымдардағы қызмет;
9 пайыз - дағдарыс-менеджмент;
4 пайыз - экология саласындағы қызмет;
3 пайыз - демеушілік іс-шаралар;
3 пайыз - қызметкерлермен байланыс;
2 пайыз - басқа салалар.
PR-қызмет өз кезегінде мынадай салалар бойынша жұмыс істейді:
21 пайыз - фармацевтикалық компаниялар және медициналық мекемелер;
15 пайыз - қаржы құрылымдары;
11 пайыз - күнделікті сұранысқа ие тауарлар;
5 пайыз - ұзақ пайдаланылатын тауарлар;
5 пайыз - энергетикалық компаниялар;
3 пайыз - туристік агенттіктер;
2 пайыз - көлік компаниялары;
36,6 - басқа салалар.
Ресейдегі туризм де өз деңгейінде дамып отыр. Олардың көптеген ірі фирмаларының Қазақстанда бөлімшелері бар. Мәскеуде туризмдегі жалақы мөлшері (орта есеппен):
Бухгалтерлер - күні бойы - 400 доллар;
Сату жөнідегі менеджер - 1000-1100 доллар;
Авиабилет терді брондау - 1100 доллар .
"Банко Travel-infort" онлайн бюллетень нұсқасында төмендегідей бағалар көрсетілген:
Бангкок (11 күн) - 450 доллар;
Барселона 8-15 күн - 150 евро;
Индонезия 13 күн - 1137 доллар;
Мальта (8 күн) - 444 евро + 30 евро + туристерге сыйлық.
Ресейдегі ішкі туризмге маманданған "РВБ-Алеан" туроператоры 2007 жылдың 4 маусымынан бастап Болгарияға бағдарлама ашты.
Туристік компаниялар турагенттердің тапсырысы бойынша жұмыс істейді. Бүкіләлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша 1995 жылы әлемде 5674 миллион туристердің болғандығы анықталды, халықаралық туризмнен түскен пайда 372 млрд долларға жетті. Туризм және саяхат АҚШ сияқты жоғары дамыған елдердің өзінде көлікті, ауыл шаруашылық және химиялық өнімдерді экспорттаудан да жоғары пайда әкеледі. Бүтіндей алғанда туризмнен түскен қаржы көлемі 1950-1995 жылдар аралығында 144 есе өсті. Туризм саласына әлемдік ұлттық өнімнің 6 пайызы, әлемдік инвестицияның 7 пайызы, 16 пайыз жұмыс орны, 11 әлемдік тұтынушылар шығыны, 5 пайыз салық түседі.
Сарапшылардың болжауы бойынша халықаралық туризмнің дамуы жалғаса бермек. Мамандардың 1999 жылғы пікірі бойынша 2000 жылы бұл сала әлемдегі жетекші салаға айналып, сол қарқынмен дами берсе, 2005 жылы халықаралық саяхат 900 миллион адамға, ал 2010 жылы 937 миллион адамға толығатын болған 2.
Әлемде туризмнен көп пайда тауып отырған елдер аз емес. Мысалға Египетті алсақ болады. 1995 жылы ол бұл саладан 5,5 миллиард пайда көріпті. Ал бүгінде, яғни, 10 жылдан астам уақыттан кейін бұл көрсеткіш еселеп өсті. Египет дегенде "Опера Аида" оқиғасын ұмыту мүмкін емес. "Туризм және терроризм" мәселесі бүгінде үлкен проблема болып отыр. Терроризмнің қазіргі заманда қандай да болмасын мемлекеттің бейбіт өміріне қауіп төндіре алатын ғаламдық қауіпке айналуының түрлі саяси-әлеуметтік, экономикалық алғышарттары бар.
Экономикалық даму, тұрғылықты халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту және кедейшілікті азайту дүниежүзіндегі барлық мемлекеттер үшін басым міндеттердің бірі.
Қазақстан ТМД елдері мен Орта Азия аймағында азаматтық соғыс немесе әлеуметтік ретсіздікті бастан кешірмеген бірден-бір мемлекет. Әлеуметтік-саяси жағдай, экономикалық мәселелер жақсы шешілген жерде лаңкестік болмайды. Қазақстанда лаңкестіктің алдын алу үшін мемлекеттік дәрежеде шаралар қолданылып келеді. Стратегиялық нысандар мен ірі елді-мекендердің инфрақұрылымдарын қорғау жұмыстарының (оның ішіне туризм саласына қатысты обьектілер де кіреді) сапасы артты. Шетелдік компаниялар мен фирмаларды, туристік фирмаларды қорғау шаралары күшейтілді.
Туристер баратын жер қауіпсіз болуы керек. Біз жоғарыда туристердің көпшілігі Қазақстанға әлеуметтік және экономикалық тұрақтылық болғаннан кейін келетінін айтқанбыз. Мұндай жағдайда туризмдегі PR-дың ролі өте жоғары. Дағдарыс - имиджге зиян, оны басқару қажет. Дағдарыс бола қалғанда ең алдымен PR-кампанияны таңдап, дағдарыстың концепциясын жасау керек. Кез келген компанияда антикризистік бағдарлама болуы қажет, өкінішке қарай көпшілік компаниялар бұл бағдарламаны жасамайды, сондықтан да төтенше жағдайларда не істерін білмей басы қатады. Бұл бағдарлама PR-стратегияның бір бөлшегі ретінде болады. Бағдарламада дағдарыс бола қалған кезде кім не істеуі, немен айналысуы керек, ақпараттық орталықты қалай жасауға болады, БАҚ-пен қалай байланыс орнату керек, журналистермен қалай сөйлесу керек, - деген мәселелер қарастырылады. Дағдарыс кезінде журналистерден қашудың қажеті жоқ, компаниядан ала алмаған ақпаратты олар басқа жерден алатын болады, ал ол ақпарат шындыққа жанаспауы мүмкін. Сондықтан журналиске болған оқиғаны жасырмай баяндау керек: дағдарыстың түрі, неден пайда болды, қалай пайда болды, кімдер кінәлі т.б. Егер журналист компанияға келсе, әңгімеден соң оны міндетті түрде шығарып салу керек, олай етпесе журналист басқа біреуден (мүмкін қызметкерден, еден жуушыдан т.б.) ақиқатқа жанаспайтын, бұрмаланған ақпаратты алуы мүмкін.
Осы оқиғадағы дағдарысты басқаруға келетін болсақ, біріншіден, туристік компания БАҚ-пен тұрақты байланыс жасап отырды, ешнәрсені жасырмастан шындықты сол күйде көрсетіп ақпарат берді. PR-кампания бір апта, паблисити екі ай жүрді.
Туристік компания оқиғаны талдаумен бірге, бәсекелік ортаны да талдауы керек. Туризм бұқаралық ақпарат құралдарында көп көтерілмеуі мүмкін, мақсатты аудиториясы болмауы мүмкін. Ондайда не істеуге болады? Ең алдымен туристік зонаны жылжыту үшін PR-стратегия жасалады. Екіншіден, БАҚ-пен байланыс орнатылады. Үшіншіден, корпоративтік, онлайн басылымдар, журнал, бюллетендер шығаруға болады. Бүгінде Қазақстандағы компаниялардың корпоративтік басылымдары түрлі-түсті қатты қағазда 4 бет болып, 3 мыңдай тиражбен шығады. "SAT & Company" холдингінің "Іске сәт" корпоративтік басылымы 8 бет, тиражы - 2000. Басылымдағы "Русско-казахский словарь" деген айдары құптарлық істі қолға алып отыр. Онда өндірістік сипаттағы іскери жиі кездесетін сөздердің орыс тілінен қазақша баламасы берілген. Қызметкерлердің қазақ тілін үйренуге таптырмайтын құрал.
2.3. Бұқаралық ақпарат құралдарымен тиімді байланыс

Туристік фирмалар бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнатуы керек. Егер фирмада PR-бөлімі болса, өте жақсы. Онда бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жасап, оларға ақпарат беріп, фирманың имиджін көтеріп, қоғаммен үйлесімді түсіністікке жетуді осы бөлімнің қызметкерлері атқарады. PR-мәтіндер туралы көп жазылып жүргендіктен, ең көп таратылатын пресс-релизге ғана тоқталуды дұрыс көрдік.
Пресс-релизде ұйымның логотипі және мекен-жайы, тақырыпқа байланысты байланысуға болатын жауапты адамның аты-жөні, мекен-жайы, жазылған күні болады. Қызықты ақпарат пен шара жайлы бірінші абзацта айтылуы керек.
Пресс-релиздегі лид - ең маңызды ақпаратты қамтиды, ал одан кейінгі абзацтар осы ақпаратты дамыта отырып, мағынасының өсуіне қарай қосымша детальдар дарытады. Нақты мысал келтірейік:
Фридрих Эберт атындағы қордың ұйымдастыруымен өткен "Женщины, политика и СМИ" атты Халықаралық дөңгелек үстелге шақырған пресс-релизде тақырып қарамен бөлініп, ірі әріптермен берілген. Дөңгелек үстелге қатысуға әйелдер ҮЕҰ-ның белсенділері, журналист, суретші, архитектор, дизайнер, оқытушы, саясаткер әйелдер, өнер және мәдениеттегі қайраткер-әйелдер шақырылды. Бұл жердегі лид бір ғана абзацпен берілген "Особый фокус направлен на понимание важной роли участия женщин в политике и их взаимоотношениях со СМИ, тем более актуального в контексте решений Пекин 1995+". Одан әрі Фридрих Эберт қорының қазақстандық, халықаралық ұйымдармен бірлескен қызметі, жүзеге асқан іс-шаралары, мақсаты дөңгелек үстел тақырыбымен ұштастырыла отырып, нақты деректермен қысқаша баяндалады. Пресс-релиздің аяғында қатысушыларды тіркеу уақыты, дөңгелек үстелдің басталуы мен аяқталуы, өткізілетін мекен-жайы, шараны ұйымдастырушылардың аты-жөндері мен байланысу ақпараты берілген. Бұл журналистерге де арналған шақыру сипатындағы пресс-релиз болып табылады.
Пресс-релизді ұйым бланкасының бір жағына ғана басқан дұрыс. Пресс-релиздің бір-ақ бет болғаны тіпті жақсы.
Туристік компаниялардың PR-менеджерлері осы мәтінді дұрыс жазуға маманданғаны дұрыс. Себебі редакцияға бір күнде ондаған пресс-релиздер келеді, оның бәрін жариялай беру мүмкін емес. Сондықтан тақырыптың маңызы, шараның мәні, деректер, баяндалуы, негізгі мәселелерге көңіл бөліп, тақырыпты айшықты етіп қою фирмаға ұтымды.
PR мен БАҚ арасындағы қарым-қатынас шығармашылық негізде шындыққа негізделуі тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдары PR-қызметке тапсырыс берушілер мен клиенттер арасындағы алтын көпір, бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық пікірді қалыптастырады. БАҚ-пен жақсы қарым-қатынас орнату PR маманының жоғарғы кәсіби шеберлігіне байланысты. Оның шығармашылық тұрғыда тиімді ойлануына, мазмұнды, корпорациялық материалдары сауатты түрде жеткізуіне байланысты. Бұқаралық ақпарат құралдарымен тиімді қатынас жасау барысында ақпараттық стратегия құру қажет, онда бұқаралық ақпарат құралына ақпарат берудің жоспары жасалып, уақыты бекітіледі.
PR-менеджер бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жасай отырып, ақпараттық себеп табуы, пресс-релизді тұрақты түрде таратуы, брифинг, пресс-конференция, тұсаукесер ұйымдастыруы тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс барысында PR-менеджері корпоративтік мақсаттардан тыс, қоғамдық мүддені де ескеру қажет. PR-менеджер дайындаған хабарламада маңызды фактілер мен құнды жаңалықтар болу шарт. Ақпарат басылымның мақсатты аудиторияларына арналуы қажет. PR акцияның қандай топқа арналғаны маңызды. Байланыс топтарын анықтауда медиа және маркетинг зерттеулер жоғары роль атқарады. Компанияларда медиа карта жасалады, онда бұқаралық ақпарат құралдарының тізімі бар. Ақпаратты сол бұқаралық ақпарат құралдарының бәріне бірдей жіберуқажет. Ақпарат электронды немесе жай почтамен, факспен жіберіледі. Бірақ PR-менеджерінің журналистермен жеке кездесіп әңгімелесуі маңызды ролге ие. Ақпаратты жібергеннен кейін телефон арқылы ақпарат алу, алмағаны жайлы білу қажет. Материал жарияланғаннан кейін журналистерге алғыс айтып, жылы қарым-қатынас орнатқан зор.
Туристік фирманың бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жасаудағы өткізетін тағы бір шарасы медиа-тур болып табылады. Енді осыған кеңінен тоқталайық.
Туристік компания журналистермен тіл табысып, өздері жайлы жақсы ақпарат бергісі келгенде, жағымды қоғамдық пікір қалыптастырғысы келгенде медиа-тур өткізеді. Бұл журналистерді әртүрлі мәдени шараларға қатыстыру, жұмыстарымен таныстыру, қонақ ету. Ірі ұйымдар ауқымды медиа-тур өткізгісі келсе, қонақтарды вокзал немесе әуежайдан күтіп алып, орналастырудан бастап шығарып салуға дейінгі қызметтің бәрін жасайды. Олар: медиа-турдың бағытна байланысты журналистерді түрлі көліктермен алып жүру, тамақтандыру, мәдени іс-шаралар, билік органдарымен кездестіру, обьектілерге апарып, ұйымның жұмыстарымен таныстыру, медиа-турдың тақырыбына жақын шараларды ескеру (конференция, презентация, семинар, баспасөз конференциясы, брифинг).
Медиа-турды ұйымдастырмай тұрып тақырыбы мен бағдарламасын дайындап, қабылдауға мүмкін болатын журналистердің саны анықталады. Медиа-турға шақыру үшін журналистерге өткізілетін шараның мақсаты, тақырыбы, бағыты, қарастырылатын мәселелер және мерзімі көрсетілген ақпараттық хат жіберіледі. Медиа-тур нәтижелі болуы үшін, шығын өзін-өзі ақтау үшін оған мұқият, жан-жақты дайындалу керек. Медиа-тур журналистерге психологиялық тұрғыдан ықпал етуге мүмкіндік береді
Медиа-турды жоспарлағанда уақыт пен қаржы ескеріледі. Медиа-турды ұйымдастырушылар журналистер отырған көлікпен жүреді, уақытты бағалау - бағдарламаның берік сақталуына мүмкіндік жасайды.
Журналистердің қолына бағдарлама, бэкграундермен бірге анықтамалар, телефон нөмірлері де қоса беріледі (медиа-тур қатысушыларының да үй, жұмыс, ұялы телефондарының нөмірлері жазып алынады).
Егер медиа-тур шетелге жоспарланған болса, төмендегідей бірқатар мәселелерді ескеру қажет:
* Журналистер шет тілін еркін меңгерген болсын;
* Жазбаша келісім-шарттың болуы;
* Қатысушылар туралы толық мәліметтер;
* Медициналық сақтандыру, дәрі-дәрмектер;
* Телекамераны пайдалану туралы рұқсат қағаздың болуы;
* Жергілікті көліктерді пайдалану мүмкіндігі;
* Егер ұшақпен бару қарастырылса, қатысушылардың уақытында тіркелуін қадағалау;
Медиа-тур ауыр, шығынды көп қажет қылатын қызмет болғанымен, турдан кейін журналистер компания туралы жақсы материалдарды көп береді. Қазақта "Су ішкен құдығыңа түкірме" деген жақсы мақал бар, бұл да тура сондай, әбден сый көрген журналистер компанияны ешқашанда жамандамайды, мақтап жүреді. Сондықтан медиа-тур компания үшін өте пайдалы нәрсе, тек ұйымдастыра білу керек.
Медиа-турды өткізгенде туристік фирмалардың қызметін пайдаланудың қажеті жоқ. Әр компанияның өзінің өткізгені дұрыс. Оны негізінен фирмадағы PR-менеджер мойнына алады. Шараның бюджетін басшы, бухгалтермен біріге отырып қарайды, жасайды. Одан кейін компания басшысы мен PR-маманы бағдарлама жасайды. Медиа-тур сағаттарға бөлінген осы бағдарламаға бағынады.
Компанияның барлық қызметкерлеріне жұмыс бөліп беріледі. Біреу баспасөз мәслихатын ұйымдастыруға жауапты болады, екіншісі көліктерді дайындайды, үшіншісі мейрамхана мәзірімен айналысады, тағы біреуі қонақ үйлермен келіседі, біреулері билетке тапсырыс жасайды.
Қазақстанда медиа-турлар көп өткізіле бермейді. Сырттай қарағанда оңай көрінгенімен, бұл күрделі шара. Медиа-турды туристік фирмалар көбінесе дағдарыстан кейін өткізгені дұрыс деп ойлаймыз.
Туризм мамандарын дайындайтын жоғары оқу орындары кәсіби гидтерді дайындауға баса көңіл аударғаны жөн. Гидтер туристерді демалатын, экскурсия жасайтын нысандармен таныстырады. Оның әңгімесі қызықты, тарихи деректерге бай, сенімді, мазмұнды болуы керек. Қазақстандағы ежелгі тарихи ескерткіштер туризм саласындағы маңызды байлығымыз, мақтанышымыз.
2.4. Туризмдегі жарнама

Қызмет көрсету - ерекше сала, ол өндіріс пен сауданың арасындағы орынды иемденеді, сондықтан оған өндірістегі, сату мекемесіндегі сияқты жарнаманың ерекшеліктері тән.Туризмдегі жарнама барлық жерде беріледі, бірақ аз. Мамандандырылған басылымдарда аздаған қызмет көрсету жөнінде жарнамалар бар. Ал Интернетте жағдай мүлдем басқа, онда туризмге байланысты жарнамалар, өзге саладағы жарнамалармен бірдей. Сонымен қатар туризмге арналған үлкен көлемді орталық және ең ірі газеттер бар. Бұл оқырмандардың көңілін осы газетке аудару үшін жасалады. Бұл газеттегі корпоративтік жарнама өзге салаға қарағанда жоғары және 10-15 пайызды құрайды, мұның себебі клиенттермен тура байланыс орнату жүйесінің дамығандығында. Көлемі сауда жарнамасынан жоғары немесе бірдей жарнаманың жалғыз түрі бар - бұл жарнама парақшаларын пәтерлерге тарату.
Қазақстандағы туристік агенттіктердің, компаниялардың, фирмалардың жарнамаларына тоқталайық. Олар жарнамаларын көбінесе "Караван класс", "Рек-тайм" сияқты тегін таратылатын жарнамалық газеттерге береді. "Караван" газетінде де жарнамалары бар. "Сіздер үшін саяхат!", "Сенімді серіктестермен", "Кәсіби және сенімді бедел!", "Сіздің демалысыңыз - біздің қамқорлығымыз!" болып кете береді. Барлық жарнамалардың түрі бірдей, егіз қозыдай, бірінен-бірінің айырмашылығы жоқ. Кейбіреулерінде ғана турдың бағасы жазылған. Саяхатқа шыққысы келген адамның қайсы туристік фирманы таңдарын білмей басын қатырары анық. Бұл туристік фирмадағы PR-мамандары мен жарнамашылардың кемшілігі. Жарнамалауда тың идея, соны түр іздемейді. БАҚ жарнаманың орны мен уақытын сатады, жарнаманың мәтініне жауап бермейді.
Туризмдегі жарнама Интернетте жақсы дамыған. Интернеттің басты артықшылығы - интерактивтілігі, кез-келген елдегі кез-келген фирмадан жедел, жаңа ақпарат алудың мүмкіндігі. Сонымен қатар Интернет арқылы басқа өңірлердегі бөлімшелер мен серіктестерге ақпарат беруге болады. Интернетті пайдаланушылардың саны күннен күнге өседі. Торапқа тұрақты ақпарат беретін фирмалар көлемді ақпарат, каталог, прайс-парақшадан тыс көп тиімділік көреді.
Әр жарнама беруші жарнамаға кеткен шығынды қайтарып алумен қатар, одан үлкен пайда көргісі келеді. Мұнымен фирманың қызметкерлері (PR-менеджерлер, жарнама бөлімі) немесе маркетингтік, кеңес беру қызметі орталықтарының мамандары айналысады. Қазақстандағы орта, ірі туристік фирмаларда маркетинг және жарнама бөлімдері бар, ал ұсақ фирмаларда менеджерлер бұл істі атқарады. Бүгінде дамыған шетелдерде маркетингтік зерттеу бөлімдері жабылып, маркетингтің функциясын басқару құрылымына беру үрдісі етек алды. Бұл басқару мен маркетинг стратегиясының және жарнаманың біріккендігін көрсетеді. Қазақстанға маркетинг тәжірибесі енді-енді еніп жатқанда бұл тәсілді қолдану қауіпті. Бізде маркетинг стратегиясы сияқты жарнаманың кешенді мәні әлі де толық бағаланбайды.
Туризмде бизнес-жоспар жасау, маркетингтік стратегияны құру, нарықты жан жақты талдау, жарнаманың болашақ клиенттерге кешенді ықпалын зерттеу кемшін. Зерттеулер көрсеткендей, жарнамамен 80 пайыз туристік фирмалар айналысады. Олардың 50 пайызы жарнамасының сапасына, 10-15 пайызы санына көңіл бөледі. Туризм саласында жарнаманың тиімділігін кешенді зерттеу жүргізілмейді. Кейбір ірі туристік агенттіктер ғана бұл жөніндегі кеңес беретін фирмалардың қызметін пайдаланады. Туристік фирмалар жарнаманың мәнін нарықты талдау, сауда белгісін жылжыту мақсатында қолданбайды.
Жарнаманың тиімділігін анықтау кешенді маркетингтік зерттеулердегі маңызды баспалдақ. Туристік фирмалар қолда бар мүмкіндіктерін пайдаланады әрине. Телефонмен сұрайды, сауалнама жүргізеді. Дегенмен, телефон арқылы бірнеше есеге төмендетілген теріс ақпарат алу қаупі бар.
Жарнама фирманың болашақта дамуының кепілі. Туристік фирмалар жарнаманың тиімділігін қалай анықтауына болады?
oo туристердің саны көбейеді;
oo жаңа туристер пайда болады;
oo қаржы өседі;
oo тек БАҚ-тағы жарнаманың әсерімен келген клиенттердің болуы;
oo сыртқы жарнаманың әсерімен келген жаңа клиенттер;
oo Интернет, көрме сияқты арнаулы жарнамалардың ықпалымен келген клиенттер;
oo Таныстары арқылы келген клиенттердің саны.
Жарнаманың арқасында туристік фирманың қызметі өседі. Бөлімшелері дамиды, бизнестегі табысқа жетуге мүмкіндік туады. Туризмдегі (жалпы бизнестегі) жарнама тиімділігін анықтауды екі топқа бөлуге болады: бағалау және талдау. Бағалау өз кезегінде тура және жанама болады, ал талдау сыртқы жағдайлардың өзгеруін есепке алады.
Кесте 1
Жарнама ерекшеліктерін топтастыру және қызмет көрсету жарнамаларының мазмұны

ЖАРНАМА ҚЫЗМЕТІ

ЖАРНАМАНЫҢ ТҮРЛЕРІ

ЖАРНАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ

Орташадан төмен көлем

ҚЫЗМЕТ

БАҒА ЖӘНЕ ЖЕҢІЛДІКТЕР

САПА

Жалпы басылымдағы аз көлем

Қызметтер кешені

Көрсетілетін қызметтің жеделдігі

Көтерме жеңілдіктер аз

Кепілдік

Жарнама парақшаларын тарату

Күзету және жауапкершілік-пен сақтау

Техника-лық қолдау

Құнына басқа да қызмет-тер кіреді

Сертификаттар

Көп жарнама-ның аз үлесі

Экспедиция

Жеңілдікпен тиеу және түсіру

Құнның сапалық деңгейі көрсетіледі

Лицензиялар

Корпоративтік жарнаманың жоғары деңгейі

Сақтандыру

Жеңілдікпен жеткізу

Дилерам жеңілдігі

Жұмыс тәжірибесі

Имидж жарнамасының үлесі 80-85 пайыз

Кеңес беру

Жеке жоба

Жеңілдіктер

Жаңа технологиялар

Интернетте туризм жайлы жарналар көп

Құжаттарды безендіру

Басқа да қызметтер

Балаларға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзіндік туризмді дамыту
Қазақстандағы туризмді дамытудағы қолданылатын PR - технологиялар
Қазақстандағы туризмді дамытудағы қолданылатын PR-технологиялар туралы ақпарат
Алматы облысында 2007-2011 жылдарға арналған туризм даму бағдарламасының анализі
Іскерлік туризмді ұйымдастырудың ерекшеліктері
Мобильді қосымшалардың қызметтері
Тамақтану кәсіпорындарының жіктелуі
Туристік қатынастардың қалыптасу
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДАҒЫ PR-ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Туристік кәсіпорын қызметінің келешегін түрлі стратегияларды қолданып, арттыру жолындағы жоспарлауды теориялық және тәжірибелік тұрғыда зерттеу және нақты тұжырымдар мен ұсыныстар жасау
Пәндер