Қабылданған шешімдерді жүзеге асыруды ұйымдастыру


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
  1. Қабылданған шешімдерді жүзеге асыруды ұйымдастыру

Басқарудағы «ұйымдастыру» түсінігі келесідей бірнеше мағына береді: кәсіпорын (ұйым) ; оның құралымдары; жалпы қамтитын функциялары; еңбек қызметінің түрі. Ұйымның осы контекстісінде қолданылатын басқарушылық шешімдер, оны эффективті енгізудің кешенді жұмысы ретінде қарастырылады.

Теория мен практикада шешім қабылдауды ұйымдастырудың міндетті түрде орындалуы қажетті қағидалары қалыптасқан. Ең алдымен басшы жалпы қызмет бағдарламасын нақты орындаушылар бойынша жеке бөлімшелерге (топтық ғимараттар) бөліп қарастырады. Содан кейін шешімдерді жүзеге асыруды ұйымдастыру үрдісі келесідей өзара байланысқан үш кезең бойынша жүреді: орындаушының санасына міндеттерді жеткізу; орындаушыны тапсырманы орындауға дайындау; орындаушыны оның өз еркінмен жұмысқа берілгендігін ояту.

Міндеттерді құрастыру барысында келесілерді орындаушылардың нақты жүзеге асыруын: 1) не, 2) қашан, 3) қалайша, 4) қандай жағдайда, 5) қандай құралдар мен күштер арқылы, 6) қандай мерзімде, 7) қандай сандық және сапалық көрсеткіштермен жасау керек деген мәселелерді қадағалау қажет.

Тапсырманы анық түсіну үшін, алдымен коллектив алдында тұрған шешілуі қажет мәселенің мағынасы ашылады. Оның терең, әрі бірқалыпты түсінігі - жеке міндеттерді меңгерудің негізгі жолы болып табылады. Содан кейін, жалпы жұмыстағы әрбір міндеттің орны көрсетіледі және басқа тапсырмалармен байланысы талданады. Соңында, мақсаты анықталады, еңбектің күтілетін нәтижесі, орындалу мерзімі көрсетіледі және нәтижелерді бағалау критерилері анықталады. Ерекше мән мүмкін болатын қиындықтарға, олардан шығу жолдарына және еңбектің қауіпсіздігі ережесіне беріледі.

Орындаушыға міндетті жеткізудің түрлі формалары мен әдістері бар: жиналыстар мен отырыстар, әңгімелер, нұсқаулықтар, орындаушы үлгісін көрсету, құжаттарды талдау және т. б.

Жиналыстар мен отырыстарда шешім қабылдаған басша өзінің баяндамасын талқылайды, бірақ бұл көп жағдайда нақты мақсатты көздемейді. Шешім қабылдауған басшаның беделі - шешімге қатысты пікірді жеткізуге психологиялық әсер етеді. Ең дұрысы баяндаманы қызметкерлер силайтын, әрі жақсы түсінетін басқа бір тұлғаның жеткізгені жөн. Шешімнің авторына қандай формада болса дискуссияның талқылауына араласпаған жөн. Дикуссия еркін, әрі жанды өткен сайын басшы өзіне қажетті ұсыныстарды естуге зор мүмкіндік алады, әдетте мұндай жағдайлар «су асты тастарының» сырын ақпару іспеттес болады. Талқылаудығ материалдары терең зерттелінеді, ал кейде қарсы оппоненттермен әғгіме жүргізіледі.

Барлық пікірлерді қарастырып болғаннан соң, талқылаудың барысындағы ойларға байланысты қызмет етудің жоспарымен басшылықтың қорытынды шығарғаны жөн. Бұнда аталып өткен кемшіліктерге аса үлкен мән беру қажет.

Әңгіменің мақсаты - аталмыш мәселеге байланысты орындаушының ойын білу, оның қарсылықтары мен түсінбеушіліктерінің себептерін түсіну, барлық сұрақтарға жауап беру, қойылған тапсырманың терең мағынасы мен оны шешудің әдістерін тексеру болып табылады. Мүмкіндігінше бағынушымен психлогиялық байланыс орнатып, еркін және оның өзіндік ұсыныстарын жеткізетіндей жағдай жасау. Байланысты орнатуға әсер ететіндер: бағынушының түсінбеушіліктеріне басшылықтың жағымды әсері, міндеттерді орындамаудан бас тартушылықтың алдын алу, іскерлік жаққа барлық ойынды жүйелендіру.

Нұсқаулық тәжірибелік жұмыстың басында жүргізіледі. Басшы алдын ала бағынушының қызметтерін белгілеп өояды. Нұсқаулықта басшы, орындаушының тапсырманы қандай уақыт аралығында орындайтындығын, қандай түрде жұмыс істейтінін қағазға түсіріп көрсетуін не ауызша жеткізуін талап етуі мүмкін. Көп жағдайда жұмыстың тиянақты орындалмауы нұсқаулықты бағаламағыннан болады. Десе де, оны қабылдамау сияқты онығ тым детальды болуы да тапсырманың орындалуына кері әсерін тигізеді. Соңғысы тіпті қауіпті, себебі басшы өзінің талаптарында шатысуы мүмкін.

Нұсқаулықты құру кезіндегі жалпы ережелер: жұмысты бастау мүмкін емесжағдайды, яғни ең маңыздыны айту. Қалған жағдайларды тапсырманың орындалу барысында сәйкесінше нұсқаулық жасау арқылы жеткізуге болады.

Орындау үлгісін көрсету - ауызшы түсіндірулер тиімді болмаған жағдайда қолданылатын міндеттерді жеткізудің әдісі. Аталмыш әдісті жүзеге асырудың әдістері әртүрлі:

  • Тәжірибелі адамның жұмысын бақылау;
  • Кинофильм, іскерлік ойындар, видеобаспа ойындары;
  • Видеобаспаны қайта көру арқылы талқылау іскерлік отраны қалыптастырады;
  • Дайындықтар («қалай» дегенді көрсету, ары қарай мұны жалғастыру) ;
  • Жаттығулар (білімдерді өңдеу арқылы жұмысты істеу білуге бейімделу) .

Құжаттарды талдау - міндеттерді жеткізудің аса маңызды сандарының біріне жатады. Ол қарапайым емес. Құжаттар бойынша қабылдаудың нақтылығы мен жеткізудің мазмұны көптеген факторлардан тұрады: ол қалай құрылған, қандай үлгіде берілген, жұмысшының жағдайы қандай және т. б.

Аталмыш қызметтің афферентті және эффекторлы түрлері белгілі. Біріншісі - орындаушыда жоғарыда көрсетілген міндеттерді жеткізудің әдістері арқылы алдағы жұмыстың бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Эффекторлы - бұл оперативті қызмет, яғни қызметтің нақыт жоспары. Мұндай орындау жоспары әр тұлғада әр түрлі болуы мүмкін (20-сурет) .

20-сурет - Бағынушының алдағы қызметін қалыптастыру жағдайының үлгісі

Психологтардың мәлімдеуі бойынша, жүйеке жүйесі жұқа қызметкерлер нақты жеке жоспардың құрылыуын талап етеді. Мықты жүйке жүйесі бар адамдар ірі көлемдегі жоспарларды талап етеді. Өздеріне сенімділер байқалмайтын жағдайларға тез бейімделіп кетуге ынтық келеді. Басқаша айтқанда жұмысқа кірісетін эффекторлы оперативті үлгілер әртүрлі болып келеді. Басшыд белгіленгеннен тыс болған сайын бұл әдісті орындаушы жұмысшы иницативті бола бастайды.

Орындаушылардың қызметке бірден кірісуіне әсер ететін тиімді үлгі, бұл талаптың кеңдігі, бейне тереңдігінің нақтылығы, оның тұрақтылығы болып табылады.

Үлгінің толықтылығы бұл жұмыста істеуді талап ететін барлық жағттардың басынна аяғына дейін белгіленуі жүзеге асады. Бұл жұмысшының жұмыстың басқа кезеңдерінен тыс қандай қызметті жүзеге асыратындығын білгені үшін аса маңызды.

Жұмыстың нақтылығы жоспарланған жұмыстың орындалу ерекшеліктері көрсеткіштерінің нақтылығына байланысты. (Барлық қажеттілердің барлығы білуге болады, бірақ нақты емес. Бөлім ретінде білуге болады, бірақ дтальдарды емес. Яғни толықтық нақтылыққа тең емес. Бірінші және екінші жағдайда да басшының түзету жұмыстары жүрзізілуі қажет) .

Үлгінің терңдігі бейне онда белгіленген бейнеден уақыт бойынша қаншалықты қашықтатылған екендігін бейнелейді. Жүйке жүйесі жұқа адамдар эффекторлық бейненің үлкен тереңдігімен ерекшелінеді.

Үлгінің икемділігі, орындаушының қызметінің ауыспалығы кезінде, бастапқыдан, оның бірден бейімделіп кетуімен байланысты.

Үлгінің стресске қабілеттілігінің кез-келген жағдайға төтеп беретін қабілеті бар. Бұл жұмыстың талабы экстрималды болып келетін қызметтерде аса маңыззды (уақыт тапшылығы, өмірге қауіп, ақпараттаың жетіспеуі және т. б. ) . Тапсырманы орындаушылардың барлығының оперативті үлгілерінің эффекторлы келісімі - тек жеке тұлғаның қызығушылықтары ғана емес, сондай-ақ бүкіл ұйым талаптарының ескерілгендігін көрсетеді. Егерде оперативті эффекторлы үлгіге қойылған барлық талаптар орындалса, онда таспырманы орындаушыға дейін жеткізу мақсаты орындалды: бағынушылар өздерінің тапсырмасын біледі және сапалы жұмыс істейді дегенді білдіреді.

Әрбір жеке тапсырмада басшы өзін «ойнатады», яғни аталмыш жағдайға байланысты орындаушының орнына өзін қойып көреді. Тапсырманың мінездемесін, көлемін, мазмұнын анықтаудағы қателіктер - шешімнің тиімділігін тұтас алып қарастырғанда төмендетеді. Осылардың алдын алу үшін келесі ережелерді орындаған жөн:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджменттегі басқарушылық шешімдердің рөлі
Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау туралы
Басқару ғылымы жайлы
Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі контролллингтің маңызы
Басқару шешімдерін құрастыру
Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау туралы мәліметтер
Басқару шешімдерін талдау
Евразиялық экономикалық бірлестік
Басқару шешімі
Басқару шешімдерін қабылдау кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz