Каспий теңiзiн бөлiктерге бөлу туралы теория



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I.ТАРАУ. КАСПИЙ ТЕҢIЗIН БӨЛIКТЕРГЕ БӨЛУ ТУРАЛЫ
ТЕОРИЯ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7.17
1.1. Әзiрбайжан Республикасының ұстанымы ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2. Түрiкменстан Республикасының ұстанымы ... ... ... ... ... ... ..9
1.3. Қазақстан Республикасының ұстанымы ... ... ... ... ... ... ... .13

II.ТАРАУ. КАСПИЙ ТЕҢIЗIН БIРЛЕСЕ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ
ТЕОРИЯ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18.22
2.1. Иран Исламдық Республикасының ұстанымы ... ... ... ... ... .18
2.2. Ресей Федерациясының ұстанымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Су бетiнiң ауданы 440 мың шаршы шақырымға жуық болатын Каспий теңiзi дүние жүзiндегi ең iрi континентiшiлiк сутоған болып келедi. Каспий мен оны қоршап тұрған аумақтарда көмiрсутектi шикiзаттың үлкен қорлары орналасқан. Мамандардың болжаулары бойынша тек қазақстандық теңiз бөлiгiнiң қорлары мұнай бойынша 4,5млрд тонн, газды конденсаты – 1,6млрд тонн, табиғи газ – 5,9трлн кубометр сандарымен бағаланады; Каспий жағалауындағы басқа мемлекеттер де - Әзiрбайжан, Иран, Ресей, Түрiкменстан – елеулi қорларын иемденедi. Бұрынғы КСРО-ның орнына келген Каспий жағалауындағы жаңа мемлекеттердiң құрылуы бұрынғыдан принципшiл басқа геосаяси жағдай тұғызды: екi мемлекеттiң теңiзiнен Каспий ендi бес мемлекеттiң теңiзiне айналды.
Осыған орай Каспийдiң жаңа құқықтық мәртебесiн анықтауда және кеме жүзу, балық аулау кәсiбi, теңiз түбiнiң қойнауын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау секiлдi юрисдикция салаларын шектеуде орынды қажеттiлiк туды. Каспий теңiзiнiң мәртебесi және мұнай мен газ потенциалын пайдалану – осы сұрақ айналасында Каспиймен шекралас бес мемлекеттiң мүдделерi айкастырылды, Каспий мәселесiне, сонымен бiрге, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания мен басқа дүниежүзiлiк iрi мемлекеттердiң назарлары аударылып жатыр.
1. Токаевк.к. Под стягом независимости.А.,1997.,С.736.
2. ТокаевК.К. Казахстан в эпоху глобализации.А.,1999.,С.798.
3. БагировТ. Новый энергетический план США в мировом контексте// «Международная жизнь» . М.2001№7,С.239.
4. Бабак В. Нефть Каспия в отношениях Казахстана с Россией.// «Центральная Азия и Кавказ».Лулея.Швеция,1999.№3 (5).С.135.
5. Нурша А.К. Формирование каспийской политики Казахстана: к вопросу о периодизации.//Вестник КазГУ. Серия «МО и МП».2001.№1(2) С.157.
6. Федоров Ю. Каспийская нефть и международная безопасность. Аналитический доклад по материалам международной конференции.Вып.1,М.1996.
7. Гаджиев К.С Геополитика Кавказа. М.2001.С.149.
8. Айтаков М «Что ждет тебя?»// «Центральная Азия и Кавказ» Лулея.Швеция,1999.№4 (6).С.136.
9. Нефть и капитал. М.,№6.июнь2000.
10. ДенгевК. «Нефтегазовый фактор в международных отношениях»ОрCit.,С263.
11. Алибеков Э. «Россия на Каспии: совместные проекты, транзитная политика и разработка месторождений.» //Саspian.
12. Султанов Б.К. и др. Политика и интересы мировых держав в Казахстане.А.,2002.С.231.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМұны

КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I-ТАРАУ. КАСПИЙ ТЕҢIЗIН БӨЛIКТЕРГЕ БӨЛУ ТУРАЛЫ
ТЕОРИЯ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7-1 7
1.1. Әзiрбайжан Республикасының ұстанымы ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2. Түрiкменстан Республикасының ұстанымы ... ... ... ... ... ... ..9
1.3. Қазақстан Республикасының ұстанымы ... ... ... ... ... ... ... .13

II-ТАРАУ. КАСПИЙ ТЕҢIЗIН БIРЛЕСЕ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ
ТЕОРИЯ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18 -22
2.1. Иран Исламдық Республикасының ұстанымы ... ... ... ... ... .18
2.2. Ресей Федерациясының ұстанымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2 3

²îëäàíûë±àí °äèáåòåð òIçIìI ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

КIРIСПЕ.

Су бетiнiң ауданы 440 мың шаршы шақырымға жуық болатын Каспий теңiзi дүние жүзiндегi ең iрi континентiшiлiк сутоған болып келедi. Каспий мен оны қоршап тұрған аумақтарда көмiрсутектi шикiзаттың үлкен қорлары орналасқан. Мамандардың болжаулары бойынша тек қазақстандық теңiз бөлiгiнiң қорлары мұнай бойынша 4,5млрд тонн, газды конденсаты – 1,6млрд тонн, табиғи газ – 5,9трлн кубометр сандарымен бағаланады; Каспий жағалауындағы басқа мемлекеттер де - Әзiрбайжан, Иран, Ресей, Түрiкменстан – елеулi қорларын иемденедi. Бұрынғы КСРО-ның орнына келген Каспий жағалауындағы жаңа мемлекеттердiң құрылуы бұрынғыдан принципшiл басқа геосаяси жағдай тұғызды: екi мемлекеттiң теңiзiнен Каспий ендi бес мемлекеттiң теңiзiне айналды.
Осыған орай Каспийдiң жаңа құқықтық мәртебесiн анықтауда және кеме жүзу, балық аулау кәсiбi, теңiз түбiнiң қойнауын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау секiлдi юрисдикция салаларын шектеуде орынды қажеттiлiк туды. Каспий теңiзiнiң мәртебесi және мұнай мен газ потенциалын пайдалану – осы сұрақ айналасында Каспиймен шекралас бес мемлекеттiң мүдделерi айкастырылды, Каспий мәселесiне, сонымен бiрге, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания мен басқа дүниежүзiлiк iрi мемлекеттердiң назарлары аударылып жатыр.
Қарастырылып тұрған тақырып көкейтестiлердiң санына жатады, өйткенi Каспий теңiзi – энергетикалық қорларына бай стратегиялық жағынан маңызды геосаяси аумақ және оның жағасындағы мемлекеттердiң, соның iшiнде Қазақстанның да, экономикалық даму факторларының бiрi. Каспий мәртебесiн анықтау нәтижелерiнен теңiздi құқылы пайдалану және бақылау мәселесiнiң шешiлуi тәуелдi болады. Аймақтың мұнай мен газ потенциалына қол сұғатын және осы аймақтың айналасында дипломатиялық күреске қатысатын АҚШ, Жапония мен Ұлыбритания мүдделерi де Каспий теңiзiнiң маңайында айналып жүр. Каспийдiң мұнай мен газ қорлары дүниежүзiлiк энергетикалық нарық күштерiнiң орналасуына зор ықпал тигiзедi. Бұл аймақтың кен орындары әлемдiк экономиканың Таяу Шығыс мұнайынан тәуелдiлiгiн әлсiретуге мүмкiндiк бере алады. Каспий энергоресурстарының ерекше мәнi Қытай мен қалыпты экономикалық өркендеуi бар басқа азиялық мемлекттердiң энергетикалық шикiзаттағы тез өсетiн қажеттiлiктерiн қанағаттыруда бола алады. Мұнда меңгерiлетiн энергоресурстар негiзiмен Еуропаға экспортталатын ресейлiк шикiзатпен бәсекелесе алады және жақын болашақта Қытай пен Жапониямен саудаласуда ерекше орынға алады. Қосып айтқанда, Каспий аймағының стратегиялық мағынасы оның ие бола
мұнай мен газ қорларында ғана емес, орналасу жерiне де байланысты – аймақ, бiр жағынан, мұнай мен оның өнiмдерiн сататын негiзгi нарықтары (Еуропа мен Азия), екiншi жағынан, Шығыс жартышарының нарықтарына сұйық отынды жеткiзушiлердiң (Таяу мен Орта Шығыс, Солтүстiк Африка және Ресей) арасында орналасқан.
Орта Азия мен Закавказье жаңадан салынатын Ұлы Жiбек Жолының бағдары ретiнде болуы, яғни бүгiнгi күнге әлемдiк нарықтың ең әлсiз буынының – Қытай мен Еуропа арасындағы қатынастық байланыстарының – күшейтуi, әбден мүмкiн. Буш әкiмшiлiгi АҚШ қолдаған “Шығыс-Батыс” құбырының жоллдарын, әсiресе Баку- Джейхан бағытын, өндiрiс пен экспортты жоғарылата алатын мұнайтасымалдау қуаттарымен қамтамасыздандыру көзқарасын ұстанады.
КСРО-ның саяси бөлiнуi экономикалық құлдырауымен қатар жүргендiктен, Каспиймен шекаралас жаңа мемлекеттерде мұнай, нақтылап айтқанда, мұнай саласына салынатын қаржының келуi және экспорттаудан түсетiн табыс, экономиканы және халықтың өмiр деңгейiн қалпына келтiретiн құрал ретiнде қарастырылып жатыр. Тәуелсiздiк алғаннан берi бұл мемлекеттерөзiнiң келешек өрiсiн ең алдымен осы мұнай мен газ қорларымен байланыстырып жүр.Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, “энергоресурстар, басқа минералды шикiзат қорларымен қатар, Қазақстанның экономикалық дамуын тездетуiне ықпал көрсетедi. Мұнай сатуынан түскен табыс алғашқыдан өндiрiстiң жаңартуына, транспорттық-транзиттiк потенциалын кеңейтуiне, өндiрiс қорларының техникалық жетiлдiруiне, елiмiздiң адамдық потенциалын дамытуына жұмсалуы тиiс.”
Алдыңыздағы жұмыстың мақсаты осындай: Каспий теңiзiнiң мәртебесiн онымен шекаралас бес мемлекеттiң көзқарасы арқауында анықтау мәселесiн зерттеу.
Қойылған мақсатқа сай зерттеу мiндеттерi келесi:
-Каспий мәселесiнiң пайда болу тарихын айқындау;
-бес мемлекеттiң мәселе бойынша көзқарастарын анықтау;
-дүниежүзiлiк iрi мемлекеттердiң Каспий аймағындағы мүдделерi мен қызметiн зерттеу;
-Каспий мәселесiн шешуiне бағытталған мемлекеттердiң қызметiн айқындау.
Жұмыстың жазылу әдiстемесi.
Бұл жұмыс Каспиймен шекаралас мемлекеттердiң теңiз мәртебесiн анықтау мәселесiнде саяси қызметiн тарихи мен компаративтiк тұрғыдан талдау негiзiнде жазылды, талдаулық әдiстерден басқа тақырып бойынша деректерiн бақылау мен зерттеу әдiсi қолданылды.
Жұмыстың тәжiрибелiк маңызы.
Бұл жұмыс Каспий аймағының жергiлiктi ғана емес, дүниежүзiлiк экономикасындағы маңыздылығын түсiнуге, Каспийдiң құқылық мәртебесiн анықтау мәселесiнде түрлi жақтардың көзқарастарын зерттеуге көмек бередi. Каспий мәселесiн шешуiне апаратын негiзгi жолдарды анықтауға көмектеседi.
Тақырыптың зерттелiнген дәрежесi. Берiлген тақырып Қазақстан Республикасының Шетел Iстер Министрлiгiндегi Бас хатшысы Қ.К.Тоқаевтың “Под стягом независимости”, тарихшы ғалымдар Б.К.Султановтың, Л.М.Музапаровтың “Политика и интересы мировых держав в Казахстане”, К.С.Гаджиевтiң “Геополитика Кавказа”, В.А.Бабактың “Нефть в отношениях между Россией и Казахстаном” және т. б. Бұл тақырыпқа ТМД-ң да, шетелдiк оқтын-оқтын баспаларының да назарлары аударылып жүр.Каспий мәселесi түрлi ғылыми конференцияларда талқыланады, ол жайында бiраз талдау жұмысы жазылды, мысалы Ю.А.Фодоровтың “Каспийская нефть и международная безопасность”, Халықаралық конференция деректерi бойынша талдаулық баяндама және т.б.

I-ТАРАУ. КАСПИЙ ТЕҢIЗIН БӨЛIКТЕРГЕ БӨЛУ ТУРАЛЫ
ТЕОРИЯ.

1.1. Әзiрбайжан Республикасының ұстанымы.

Каспий жағалауындағы мемлекеттердiң iшiндегi Әзiрбайжан ең белсендiсi деуге болады. Ол батыс мұнай компаниялардың iрi мұнай қорларын жәнетабиғи газдың кен орындарын өндiру және пайдалану бойынша бiрнеше үлкен келiсiмге қол қойды. Үкiмет елiнiң әлсiз экономикасын нығайтуы үшiн зор жiгер жұмсады. Әзiрбайжан – Каспийдi көл емес, теңiз есебiнде санаудың ең табанды жақтаушысы. Әзiрбайжанның көсемдерi Ресейдiң әр мемлект жағалауынан 45 мильге дейiн алшақтанған аумақ құру және мемлекеттердiң аумақтық құқықтарын қамтамасыздандыру жайындағы ұсынысын бiрден қабыл алмады. Бұлай iстеуге олардың бүкiл себептерi болды, өйткенi әзiрбайжандық 45-милдiк аумағынан тысқары терең суларда қатты дәмелендiретiн минералды қорлар орналасуы мүмкiн. Қалғандар (әсiресе Ресей)өз талаптарын ресми түрде негiздеу үшiн дәйектерiн жинаған сәтте, Әзiрбайжан Республикасы әрекеттенiп жатты. Шетел қаржыларының тартылуы негiзiнде мұнай мен газ саласын жедел дамыту Әзiрбайжан үшiн созылып қалған экономикалық дағдарыстан шығу жолы есебiнде болды. Бұны пайдаланбағанда, елдiң экономикасы бюджеттегi тесiктерiн тоқтамай жамауға тиiс болушы едi, ал осындай жағдай соғысып жатқан Әзiрбайжанның әлеуметтiк бағдарламаларын орындауына мүмкiндiк бермейдi.
Бүгiн мұнай кен орындарын игеру жұмыстары және Каспий теңiзiнiң мәртебесi бойынша саяси кеңестер бiр уақытта жүргiзiледi. Әзiрбайжан басшылығының мұндай ұстанымы қаншалықты қажет пен орынды болғанын бүгiн алаламай ешкiм дерлiк ақылға сала алмайды. КСРО құлаған кезде Әзiрбайжан екi жыл бойы кен орындарының дербес барлау мен игеру жұмыстарын өткiздi. Ресей жағынан талаптар кейiнiрек – халықаралық консорциум құру жайындағы шарт қол қоюдан өткенде – пайда болды. Әзiрбайжан бiржақты тәртiппен әлемдiк тәжiрибеге “белгiлi бiр мемлекеттiң жаңа каспийлiк теңiз шекарасы” деген түсiнiктi кiргiзiп, бұрынғы Кеңес мемлекеттерiнiң, Каспий бойынша көршiлердiң арасындағы теңiз шекараларының өткiзуiнде бiрiншi қадам жасады деуге болады.
Кяпаздың (Түркменияда бүл кен орнын Сердар деп атайды, КСРО-да оны “Промежуточное” деп атаған) түркмендiк жағына жататынын түсiну үшiн ресейлiк мұнай бизнес шонжарларының стратегиялық картасына қарау жеткiлiктi. Келiсiм қатысушыларының дипломатиялық қақтығысқа ниетпен тартылғанлай көрiнетiн iстер жүргiзуiне не себеп болды? Әзiрбайжанның мұндай тәуекелдi ойынның ұттырмас қасиетiне орынды сенiмi бар болатын: Түрiкменстан Каспий бойынша көршiлерiмен қатынастарын бұзбай, наразылығын кқрсетпесе, Баку келешекте қосалқы жүздеген миллион тонн мұнай алмақшы болады; ал егер Ашхабад ерегiссе, Әзiрбайжан келiссөз өткiзуге дайын болады. Бәлкiм, Бакудың бұдан да күрделi жоспары болды: Мәскеудi өз жағына қаратып, түрiкмен бауырластарына Ресей ұстанымының қай жаққа – халықаралық қағидалары ма не болмаса нақты пайда iздеуге – қарайтынын айқындап көрсету. Бұл қақтығыс Каспийдегi “екi топтың” қарсылығын әлсiретiп, белгiлi мқлшерде, iстiң қалыпқа келуiне ықпал жасады. Бакудың осындай қадамына Түрiкменстан наразылық бiлдiрдi. Бiрақ Әзiрбайжанның Iшкi Iстер Министрлiгi бейбiт жауап жолдады. Онда “ойламаған жерден келген мәселенi” шешу үшiн түрiкмен әрiптестерiне шақыру сөзi де жазылды. Көршiлестерiнiң ашулы жауабын күтпегендей болып, Әзiрбайжан түрiкмен заңдарында белгiленген 12-мильдiк аумақ шектерiндегi республика юрисдикциясын (мемлекеттiң шекарасы туралы заң) өз пайдасына қарай қолдады. Каспийдiң қалған бөлiгi “ешкiмдiкi” деп танылды.
Жалпы Әзiрбайжанның Каспий бойынша ұстанымын Президент Гейдар Алиевтiң сөзiмен айқындауға болады: “Каспий теңiзiнiң бөлiктерге бөлiнгенi белгiлi, әр бөлiк жағалаудағы мемлекеттердiң иелiгiнде жатады. Әзiрбайжан бар жағдайды сақтағысы келедi, бұл көпшiлiктiң көзқарасы бес мемлекеттiң мүддесiн толық сипаттайды. Әзiрбайжан басынан бастап Каспийдi бөлiктерге бөлуiн жақтайды және теңiздiң өз бөлiгiн дамытудың ең белсендi қатысушысы болып келедi.”

1.2. Түрiкменстан Республикасының ұстанымы

Каспий бойынша көршiлерiне қарағанда Түрiкменстан ұстанымы бертiнгi мезгiлге дейiн белгiсiз болды. Ұзақ уақыт бойы бұл мәселе бойынша мемлекеттiң ешқандай көзқарасы болмады, оның бұл егеске қатысы жоқ деп, мүмкiн, Түрiкменстан осылай өз бейтараптығын сақтағысы келген. Кейiн Түрiкменстан басшылығы бiр принциптiк ұйымнан екiншiге ауысып жүрдi. Қазiр, ақыры, Ашхабад өз ұстанымын тапқан сияқты.
Түрiкменстан Ксапйидi бөлiктерге бөлудiң жақтаушысы деп айта аламыз. 1998 жылдың қаңтарында “Панорама” газетi баяндағандай, Түрiкменстан орта сызығының координаттары мен өзiнiң және Әзiрбайжанның Каспий теңiзiндегi юрисдикция шектерiн анықтайтын сарапшылар тобын құрды. “Каспийдi бөлiктерге бөлуге де, 45-мильдiк аумақтары мен бейтарап су аймағын анықтап шығаруға да болады. Нұсқауының екеуi де бiзге тиiмдi, қалған елдер келiссе болды.” – деп тұжырымдады Түрiкменстанның Iшкi Iстер Министрлiгiнiң басшысы Борис Шихмурадов. Түрiкменстан үшiн Каспий газы маңызды болып танылады, сондықтан газ өндiруден төртiншi болып келетiн Ащхабад Каспийдi бөлу бойынша талқылауларда өзiне тиiмдi көзқарасты ұстанады. Әдепкiде Түрiкменстан Каспийдi бөлiктерге бөлу қазақстандық-әзiрбайжандық ұстанымына қарады. Кейiн ол 45-мильдiк жағалау аумақтарын құру ресей-ирандық ұсынысын артық көрдi.
Бiрақ Түрiкстанның қазiргi қылықтары оның бұрынғы көзқарасына қайтiп келгенiн дәлелдеп тұрғандай. 1997 жылдың 20-қаңтарында Түрiкменстан Президентi Сапармурад Ниязов Азери мен Чирак мұнай кен орындарын қамтитын аумақтың картасында әзiрбайжандық атауларды сызып тастап, оның орнына өз атын қойып жiбердi. Әзiрбайжандық халықаралық компаниясы, батыс пен әзiрбайжандық мұнай компанияларының консорциумы, Гюнешли мен осы екi кен орнының игеру жайындағы келiсiмге 1994 жылдың қыркүйегiнде қол қойды. АҚШ қысымшылығының әрекетiнен өзжерiне $7,4 млрд-тық Иран косорциумын кiргiзбеген Әзiрбайжанға қарағанда, 133трлн кубометр газ қорлары бар Түрiкменстан өзiндегi мұнай мен газды батыс үшiн одан да қолайлы көрiнсiн деп, Иранмен iстеуге дайын.
1997 жылдың желтоқсанынан бастап, Түрiкменстан мен Иранды қосатын 200 шақырымға созылатын құбыр салып жатыр. Өткiзу қабiлетi төмен болғандықтан, бұл 80%-пенИран жағынан қаржыланған құбыр дүниежүзiлiк газ тасымалдауына тигiзетiн ықпалы жоқ деуге болады, бiрақ құбырлардың көптүрлiгiнiң мысалы бола алады. Иранға жылына 3 млрд кубометр газ(кейiн 8 млрд-қа жеткiзуге болады) тасымалдануы жоспарланады. Экономика мен қаржы министрi Маткарим Раджаповтың болжамы бойынша газ құбырының өткiзу қабiлетiн болашақта 20млрд кубометрге жеткiзу болады. Бұдан басқа Түрiкменстан басшылығы Иран арқылы Турцияға өтетiн келесi желiнi ендiру жобасын құрып жатыр.
1998жылдың басында Ашхабадта батыс мұнай компанияларының көмегiмен конференция өтiлдi. Тақырыбы Түрiкменстанның мұнай мен газ кешенiне шетел қаржыларын тарту жайында болды. Қаржылардың қазiргi мөлшерi онша үлкен емес ($700млн-ға жуық) , бiрақ 2-3 жылдан кейiн бiрнеше есе өсiп, мамандардың болжамдары бойынша, $3 млрд құрайды.
Негiзiнде бүгiнгi Түрiкменстан Қазақстанның өткенiн қайталайды – қайраң қорларын меңгерудегi өз көршiлерiнен қалушылықты жою үшiн теңiз түбiнiң геофизикалық зерттеулерiн белсендi жүргiзiп жатыр. Ашхабадқа бұл iсте қазақстандық аймақта қызметтеген американдық “Вестерн Атлас” компаниясы көмектесiп жүр. Су түбi аймағының 7000 шаршы шақырымы өтiлдi.
Осы жұмыстарының аяқталуын күтпей, кейбiр қайраң аудандарын тендерге салды. Маусым-шiлдеде Әзiрбайжаннан алыс және Иранның шартты шекарасына жақын орналасқан түрiкмендiк тайызсулы қайраң аудандары шығарылатын тендердiң екiншi мен үшiншi раундтары жарияланады. Ашхабадта көкiрсутектi шикiзаттың игеру мен экспорттауын үлкейтуi ғана емес, әлемдiк бағалар деңгейiнiң өзгеруiнен тәуелдiлiгiн азайтатын қайта өңдеу өнеркәсiбi де зерттелiнiп жатыр. Мұнымен қатар үкiмет “Көмiрсутектi қорлары туралы” заңының орындалуна көмектесетiн құжаттарды дайындап жүр. Оның шiнде мұнай iстерiн лицензиялау механизмiн қарастыру, бухгалтерлiк есеп жүргiзуiне және экологиялық нормативтердi сақтауына талаптар. “Ресейдiң Каспий экологиясы бойынша алаңдаушылықты Ашхабад айғақсыз деп таниды, өйткенi ол өзi Қара теңiз түбiмен Новоросийскiден түрiк жағалауына дейiн өтетiн “Көгiлдiр ағын” газ құбырын салып жатыр, - деп түсiндiредi “Известия” газетiнiң шолушысы Борис Виноградов. – “Газпром” ұстанымынан шығын көрiп жатқан Түрiкменстан Ресейдi, өзiне пайдалы-зияндыны анықтағанша, тосып тұруға мұршасы жоқ.”
Түрiкменстаннан Иранға және одан соң Парсы шығанағына әрi едәуiр фантастикалық көрiнетiн Түрiкменстаннан Афганистан арқылы Пәкiстанға өтетiн мұнай бағдарлары талқылау үстiнде. 2004жылда Пәкiстанда газдың қатты жетiспеушiлiгi болады, деп мамандар болжам шығарады. Бұған қоса , 1997 жылдың 2-қаңтарында Түрiкменстан Өзара түсiнушiлiк меморандумына қол қойды, яғни елдiң батысындағы 20 000 шаршы шақырым ауданында американдық “Мобил” мен британдық “Монумент Ойл” корпорацияларына жағадағы мұнай кен орындарын игеруге құқық берiледi. Бұл дегенi - Түрiкменстанның Каспий жағалауындағы түгел дерлiк аймағы, аргентиналық ”Бридас”мұнай мен газ комапниясына берiлген жерден басқа.
Жалпы Каспий мәселесi бойынша Түрiкменстан үкiметiнiң ұстанымы 1998 жылда қалыптасты. Түрiкменстанның көзқарасын зерттеуiн Президент Сапармурад Ниязов сөзiмен аяқтаймын: “Бес мемлекеттiң мүдделерi толығымен ескерiлген және Каспий аймағында ынтымақтастық өзара сыйласу, пайда табу мен теңдiкте негiзделген жағдайда мен Каспий теңiзiн бөлiктерге бөлу ойын толық қолдаймын.”

1.3. Қазақстан Республикасының ұстанымы.

Каспий теңiзiнiң құқылық мәртебесi бойынша Қазақстан ұстанымы ең сындарлы болып келедi. Ол қалған мемлекеттерге үсынылған Каспий теңiзiнiң құқылық мәртебесi туралы Конвенцияда тұжырымдалған. Бiздiң жоба – 1982жылдың БҰҰ-ның теңiз құқығы туралы Конвенцияның негiзгi қағидалары мен ережелерiн Каспийге қатысты қолдау әрекетi. Конвенцияның жалпы қағидалары мен ережелерiн Каспийге қатысты қолдау дегенiмiз әлемдiк тәжiрибенiң Каспий теңiзiерекшелiктерiне бейiмделуi. Каспийге қатысты бұл ережелер жақтардың келiсуi бойынша БҰҰ Конвенциясынан құқықтық, терминологиялық жағынан өзгешеленуi мүмкiн. Бiз Каспийдiң ерекшелiктерiн, бес мемлекеттiң құқылы мүдделерiн, олардың теңiз қолдануда мен экожүйенi сақтауда мақсаттарын, аймақтағы тұрақтылық пен бейбiтшiлiктi қамтамасыздануын есептеуге жiгермен әрекеттендiк.
Мемлекет басшылығы ұзақ уақыт бойы Каспий мәртебесiнiң мәселесiне үлкен сақтықпен қарайды, жақтарды бiрiктiруге, ашық тартысқа кiрмеуге тырысады. Бiрақ осындай жағдай көп созыла алмады. 1993 жылдың күзiнде Қазақстан үкiметi Жоғары Кеңес президиумның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан территориясын табиғи. географиялық зерттеу
Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар
Қазақстанның территориясы мен табиғаты жайындағы географиялық деректер
Каспий теңізінің құқықтық және экологиялық мәселелері
Каспий теңізінің құрлықтық шельфінің минералды ресурстарын игерудің құқықтық мәселелері
Арал теңізі зерттелу тарихы, географиясы және игеру мәселелері
Каспий теңізінің аймағы
Каспий теңізі құрлықтық шельфінің минералды ресурстарын игерудің құқықтық мәселелері
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтаудағы халықаралық келісімдер
Ақтау портының маңыздылығы
Пәндер