Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары
1.3 Салық.бюджет саясатының негізгі бағыттары
2.тарау. Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің негіздері
2.1 Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы
тұрады:
2.2 Республикалық бюджет
2.3 Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдардың әлеуметтік.экономикалық дамуындағы мәні
2.4 Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қарау және бекіту рәсімі
3.тарау. Республикалық бюджеттің құрылымы
3.1 Бюджеттің кірістері
3.2.1 Әлеуметтік бюджет

Фискальдық (салық-бюджет) саясат – бұл үкіметтің халықтың жұмыспен қамтылуын және инфляцияға бақылау жасауды қамтамасыз етуге бағытталған салық салу, мемлекеттік шығыстар, мемлекеттік бюджет саласындағы саясаты. Басқа сөздермен айтқанда, салық-бюджет саясаты – бұл мемлекеттік бюджеттің және салық жүйесінің көмегімен экономиканы тұрақтандыруға бағытталған саясат.Салық-бюджет саясаты қаржы саясатының өзектік бөлігі және мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Салық салу мен мемлекеттік шығыстар саласындағы үкіметтің шаралары экономикалық өсуге, кірістерді бөлу мен кедейшілік деңгейіне аса зор ықпал етуі мүмкін, соның салдарынан олар, әдетте, экономикалық және саяси пікірталастардың ортасында болады.
Салықтар – бұл заңның негізінде қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін заңды және жеке тұлғалардан мемлекет алатын бюджетке міндетті төлемдер. Салықтар кіріс алатын заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастыруға қатысу міндеттерін білдіреді.Салықтар – мемлекеттік бюджет кірістерінің негізгі көзі. Сондықтан бюджеттің кіріс бөлігінің мөлшері елеулі шамада екі шамаға - өз кезегінде төлем қабілеті бар экономикалық агенттердің санымен, мөлшерімен және жұмыс істеуінің тиімділігімен айқындалатын салық ауыртпалығы мен салық базасының шамасына тәуелді болады.
Қазақстанда салықтар республикалық және жергілікті болып бөлінеді. Айталық, мысалы, мұнай секторын ұйымдастырудан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы; қосымша құнға салынатын салық және т.б. республикалық бюджетке, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық және басқалары – жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері болып табылады.Салық саясатын мемлекет салықтық реттеу саласындағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырады. Мемлекет салықтарды, олардың ставкалары мен жеңілдіктерді белгілейді, жаңа төлемдер енгізеді, ескілерінің күшін жояды. Салық саясаты мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды іске асыруы мақсатында мемлекеттік бюджетке ақшалай қаражаттың түсуін қамтамасыз етеді.Диаграммадан көрініп тұрғанындай (3-сурет), Қазақстан Республикасының бюджеті кірістерінің негізгі бөлігін корпоративтік табыс салығы (орта есеппен 31,8%), ҚҚС (22,5%), әлеуметтік салық (16,2%), сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың өзге де салықтары мен төлемдері (19%) және т.б. құрайды.

1.3 Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары
Фискальдық (салық-бюджет) саясат - бұл үкіметтің халықтың жұмыспен қамтылуын және инфляцияға бақылау жасауды қамтамасыз етуге бағытталған салық салу, мемлекеттік шығыстар, мемлекеттік бюджет саласындағы саясаты. Басқа сөздермен айтқанда, салық-бюджет саясаты - бұл мемлекеттік бюджеттің және салық жүйесінің көмегімен экономиканы тұрақтандыруға бағытталған саясат.Салық-бюджет саясаты қаржы саясатының өзектік бөлігі және мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Салық салу мен мемлекеттік шығыстар саласындағы үкіметтің шаралары экономикалық өсуге, кірістерді бөлу мен кедейшілік деңгейіне аса зор ықпал етуі мүмкін, соның салдарынан олар, әдетте, экономикалық және саяси пікірталастардың ортасында болады.
Салықтар - бұл заңның негізінде қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін заңды және жеке тұлғалардан мемлекет алатын бюджетке міндетті төлемдер. Салықтар кіріс алатын заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастыруға қатысу міндеттерін білдіреді.Салықтар - мемлекеттік бюджет кірістерінің негізгі көзі. Сондықтан бюджеттің кіріс бөлігінің мөлшері елеулі шамада екі шамаға - өз кезегінде төлем қабілеті бар экономикалық агенттердің санымен, мөлшерімен және жұмыс істеуінің тиімділігімен айқындалатын салық ауыртпалығы мен салық базасының шамасына тәуелді болады.
Қазақстанда салықтар республикалық және жергілікті болып бөлінеді. Айталық, мысалы, мұнай секторын ұйымдастырудан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы; қосымша құнға салынатын салық және т.б. республикалық бюджетке, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық және басқалары - жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері болып табылады.Салық саясатын мемлекет салықтық реттеу саласындағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырады. Мемлекет салықтарды, олардың ставкалары мен жеңілдіктерді белгілейді, жаңа төлемдер енгізеді, ескілерінің күшін жояды. Салық саясаты мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды іске асыруы мақсатында мемлекеттік бюджетке ақшалай қаражаттың түсуін қамтамасыз етеді.Диаграммадан көрініп тұрғанындай (3-сурет), Қазақстан Республикасының бюджеті кірістерінің негізгі бөлігін корпоративтік табыс салығы (орта есеппен 31,8%), ҚҚС (22,5%), әлеуметтік салық (16,2%), сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың өзге де салықтары мен төлемдері (19%) және т.б. құрайды.
3-сурет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне түсетін салық түсімдерінің құрылымы
Экономиканың циклдық өзгерістерінің жігін жатқызуға, яғни қысқа мерзімді кезеңде экономиканы тұрақтандыруға бағытталған кез келген тұрақтандыру саясаты сияқты фискальдық саясаттың мақсаттары:
- тұрақты экономикалық өсуді;
- ресурстардың толық бос болмауын;
- бағаның тұрақты деңгейін ұстау болып табылады.
Фискальдық саясатты Үкімет жүргізеді. Фискальдық саясаттың құралдары жиынтық сұранысқа да (жиынтық шығыстардың шамасына), сондай-ақ жиынтық ұсынысқа да (фирмалардың шығындарының шамасы) әсер етеді.
Бюджеттік саясаттың құралдары болып мемлекеттік бюджеттің шығыстары мен кірістері, атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу, салықтар, трансферттер әрекет етеді.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін шешу мақсатындағы салық-бюджет саясатының тетіктерін жетілдіру мәселелері ел Үкіметінің көптеген нормативтік құқықтық актілерінде қарастырылады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдына мынадай міндеттер қойылған:
1. Салық-бюджет жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, фискальдық тәртіпті арттыру, мемлекеттік шығыстардың қалыпты қатаң саясатын жүргізу және Ұлттық қордың активтерін тиімді басқаруды жүзеге асыру.
2. Экономикаға салық жүктемесін оңтайландыруға, салық рәсімдерін оңайлату мен олардың ашықтығын арттыруға бағытталған салық саясатын жүргізу жолымен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың іскерлік белсенділігін өсіруді ынталандыру.
3. Бюджет қаражатын мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі міндеттерін шешуге жұмсауды қамтамасыз ету.
Қойылған міндеттерді шешу үшін 2008 жылы жаңа Бюджет және Салық кодекстері әзірленді.
Жаңа Бюджет кодексі нәтижелерге бағдарланған бюджеттік жоспарлаудың жаңа әдістерін енгізуді, үш жылдық бюджетке көшуді көздейді. Стратегиялық, орта мерзімді және бюджеттік жоспарлауды үйлесімдендіруге және бюджеттік қатынастарды жетілдіруге бағытталған. Ол бюджетті жоспарлаудан, орындаудан, оның мониторингі мен кез келген мемлекеттік орган жұмысының тиімділігін кешенді түрде бағалаудан бастап бүкіл бюджет үдерісін регламенттейді.
Мемлекеттік органдардың қызметін мемлекеттік саясаттың басымдықтарына сәйкес бюджет қаражатын формальды түрде игеруден нақты нәтижелер алуға қайта бағдарлау жаңа Бюджет кодексінің орталық идеясы болып табылады. Ол бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджетті орындау кезінде үлкен дербестікті, атап айтқанда, шығыстардың экономикалық жіктелуі бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын жасау мен өзгерту құқығын береді. Бюджеттің орындалуы бөлігінде сондай-ақ жекелеген рәсімдерді оңайлату көзделеді.
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2008 жылғы ақпандағы Жолдауында жаңа Салық кодексі салық қызметтерінің оның нормаларын өз қалауларынша түсіндірулерінен қорғайтындай, әкімші - лендіру сапасы мен салық төлеушілер мүдделері үйлесетіндей тікелей іс-әрекет ету заңы сипатына ие болуы керек деп атап көрсетті. Жаңа Салық кодексін қабылдаудан болатын басты тиімділік - бұл бизнестің іскерлік бастамашылығын арттыру, салықтық әкімшілдендіруді жақсарту, фискальдық тәртіпті арттыру.
Ел экономикасындағы бәсекелік ортаны дамыту мақсатында жаңа Салық кодексі Қазақстанда жекелеген шаруашылық қызметінің субъектілері пайдаланып келген салық жеңілдіктері мен преференциялардың ауқымды бөлігінің күшін жоюды көздейді.
Жаңа Салық кодексі салықтар мен алымдардың ставкаларын азайтуды көздейді. Корпоративтік табыс салығының (КТС) ставкасы үш жылдың ішінде 2011 жылдан бастап қазіргі деңгейден 2 есе 30%-дан 15%-ға дейін; қосылған құнға салынатын салық (ҚҚС) - 2009 жылдан бастап 12%-ға дейін азайтылатын болады. ҚҚС-тың өз ставкасының төмендетілуінен басқа, ҚҚС-ты автоматты түрде қайтару жүйесі енгізіледі, бұл алдыңғы қатарлы халықаралық практикаға сәйкес келеді. Алғашқы кезеңдерде мұндай қайтару ірі салық төлеушілерге қатысты болады. Негізінен бұлар шикізаттық компаниялар. Әлеуметтік салықтың регрессивтік шкаласынан 11% ставкасымен жазық шкалаға көшу жүзеге асырылатын болады.
Бұдан басқа, шағын және орта бизнес үшін аванстық төлемдер төлеудің күшін жою, шығындарды ауыстыру мерзімдерін 3-тен 10 жылға дейін ұлғайту жоспарлануда. Осы прогрессивтік шаралар бизнес жүргізудің жағдайларын жақсартуға және өндіріске инвестициялардың ұлғаюына өз үлесін енгізуге тиіс.
Сонымен бірге салық ауыртпалығын осылай елеулі түрде төмендету мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға теріс әсер етпеуге тиіс. Сондықтан Үкімет бюджетінің шығындарын өтеу өндіруші секторға салық жүктемесін ұлғайту есебінен болады.
Жаңа Салық кодексіне сәйкес барлық салықтық құқық қатынастары тек заңмен реттелуге тиіс, бұл атап айтқанда, жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарттары салықтық бөлігінің тұрақтылығына қатысты. Жер қойынауын пайдаланушылардың арнайы салықтарының жүйесін өзгерту де көзделеді. Роялтидің қолданыстағы төлемі пайдалы қазбаларды өндіру салығымен (ПҚӨС) ауыстырылатын болады. ПҚӨС-ті есептеу, өте маңыздысы, әлемдік бағалар бойынша есептелген өндірілетін пайдалы қазбалар көлемінің құнынан жүргізіледі. Бұдан басқа, мұнай компаниялары шамадан тыс пайда салығы деп аталатын салықты төлейтін болады.
Патенттің негізінде және оңайлатылған декларацияның негізіндегі шағын бизнес үшін арнайы салық режимдері бұрынғы күйінде сақталатын болады. Жаңа Салық кодексі салықтық әкімшілендіруді оңайлатуға бағытталатын болады. Салық есептілігін оңтайландыру, оны ұсыну жиілігін қысқарту, салықтық бақылаудың тиімді құралы ретіндегі тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу жөніндегі тұтас бірқатар бастамалар көзделеді.
Бюджеттік-салықтық реттеу жөніндегі шаралар жүйесін әзірлеу мәселелері іс жүзінде кез келген ел үшін өткір пікірталастардың дәстүрлі нысанасы болып табылады. Салық салудың жалпы деңгейін төмендету мен салық базасын кеңейтуді ынталандыру барынша тиімді және перспективалық шара деп саналады. Алайда халық арасында танымал осы шара үкімет тарапынан әрқашан түсіністік пен қолдау таба бермейді. Оны қабылдау, әдетте, мемлекеттік шығыстарды кейбір қысқартуларды білдіреді, оны қазіргі жағдайларда жүзеге асыру қиын, өйткені үкіметтерде әлеуметтік міндеттемелер жүгі жатады.
Баламалы жол - экономикаға өсімнің жаңа импульстерін беруге қабілетті жоғары технологиялы серпінді инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағыттау қажет болатын бақылаудағы ақша эмиссиясының есебінен мемлекеттік шығыстарды ұлғайту. Ең ақырында, мемлекеттік шығыстардың өзгеріссіз деңгейі жағдайында салықтық ауыртпалықтың өсуі теория жүзінде тағы бір тәсіл бола алады, алайда бұл жағдайда экономиканың нығыздаудан жалтарып кететін бөлігі ғана тіршілік етуге қабілетті болып қалады. Бюджет болса салық салудың неғұрлым төменгі және қолайлы деңгейі кезінде жиналатындарға қарағанда салық түрінде аздау шаманы алады.
Табысты бюджет саясатының іргетасы бюджет тапшылығын жай ғана формальды түрде жою емес, сонымен бірге қолайлы инвестициялық және бәсекелік ортаны қалыптастыру, шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық белсенділігін арттыруға арналған кедергілерін алу жолымен оны тудыратын проблемаларды шешу болуға тиіс. Бір жағынан мемлекеттік бюджетке ақша ресурстарының құйылуын ынталандыратын, ал екінші жағынан - мемлекеттің араласуынсыз неғұрлым тиімдірек жұмыс істей алатын ұлттық шаруашылықтың сол салаларын нарыққа беру жолымен мемлекеттік шығыстарды біртіндеп қысқарту үшін алғышарттар жасайтын іс-шаралар кешенін жүзеге асыру қажет.
Фискальдық саясат саласындағы экономиканың теңгермелі және сапалы өсуі мақсаттарын қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі мыналарды көздейді:
- елдің берілген даму параметрлеріне қол жеткізу, сондай-ақ жағдайдың өзгеруіне жедел ден қою мақсатында фискальдық құралдарды тиімді пайдалану (бюджеттің шығыстары, салық жүктемесін, Ұлттық қордан бөлінетін кепілді трансферттің мөлшерін және бюджеттің тапшылығын және т.б. реттеу);
- салық және бюджет заңнамаларын жетілдіру;
- негізгі әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша бюджет шығыстарының айқын басымдықтарын белгілеу;
- орта мерзімді кезеңге арналған даму басымдықтарымен өзара байланысты мемлекеттік органдарда стратегиялық жоспарлауды дамыту.
Экономикалық өсуді басқаруға көшу жағдайларында экономиканың өсуі бойынша мақсатты қондырғылардың орындалуын қамтамасыз ететін салаларды дамытудың болжанатын параметрлерімен бюджет шығыстарының тығыз байланысы қамтамасыз етілетін болады.
Үкіметтің орта мерзімді фискалдық саясатының 2009 - 2103 жылдарға арналған негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлерінің 2009 - 2013 жылдарға арналған болжамы деп аталатын ерекше құжатта ұсынылған. Ондағы арнайы бөлім салық-бюджет саясаты мәселелеріне арналған. Үкіметтің орта мерзімді фискалдық саясатын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган, ал жергілікті деңгейде - бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын ескере отырып, Бюджет және Салық кодекстерінің, Үкімет бағдарламасының және елдің басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының негізінде әзірлейді.
Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, бизнестің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру, бизнестің көлеңкеден шығуы және салықтық әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру үшін мемлекеттің 2009 - 2013 жылдарға арналған салық саясаты мыналарға бағытталатын болады:
- елдің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік беретін бәсекелі салық жүйесін құру;
- салық жүйесін Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің міндеттеріне сәйкес келтіру, бұл экономиканы жаңғыртуға және оны әртараптандыруға ықпал етуге тиіс;
- жеңілдіктерді оңтайландыру және тиісінше экономиканың шикізаттық емес секторына салық жүктемесін азайту, заңды тұлғаларға салық салуды халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру;
- қосылған құн салығын алдыңғы қатарлы әлемдік практикаға сәйкес келтіру;
- импортқа және ішкі өндіріске арналған акциздердің ставкаларын бір ізге түсіру;
- жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесін реформалау;
- әкімшілдендіру рәсімдерін оңайлату, салық қызметтерінің сапасын және салық рәсімдерінің ашықтығын арттыру, салық есептілігінің мөлшерін қысқарту, салық тексерулерін тәртіпке келтіру.
Орта мерзімді кезеңдегі бюджет саясаты бюджеттік жоспарлаудағы жаңа тәсілдер ескеріле отырып, жүргізілетін болады. Тұтастай алғанда экономикаға ынталандырушы әсер ететін бюджет шығыстарын шектеуді емес, оларды өсіруді көздейтін мемлекеттік шығыстардың қалыпты саясаты жүзеге асырылатын болады.
2009-2013 жылдарға арналған шығыстар саясаты мынадай бірқатар шектеулер ескеріле отырып айқындалатын болады: бюджет шығыстарының теңгерімділігін қамтамасыз ету; ішкі нарықты борыштық құралдардың жеткілікті деңгейімен қамтамасыз ететін мөлшердегі бюджет тапшылығын өтеуге бағытталатын қарыз алуларды жоспарлау; елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарының бірінші дәрежелі рөлі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің бюджет тапшылығын қаржыландыру саласындағы саясаты елдің борышын басқарудың бірыңғай және тиімді жұмыс істейтін жүйесін құруға бағытталады.
Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес Үкімет мемлекеттік сыртқы борышты басқару деңгейін арттыруға бағытталған шараларды қабылдайтын болады.
0,8
-8,9*
-10,4
-2,2
-2,3
-2,4
-3,5
-3,4
-2,1
-1,7
-1,9
-3,7
-8,5
-7,8
-6,6
-5,9
-12
-10
-8
-6
-4
-2
0
2
2006 жыл
2007 жыл
2008 жыл
2009 жыл
2010 жыл
2011 жыл
2012 жыл
2013 жыл
ЖІӨ-ге %
* 2008 ҰБ бөлген 5 млрд долл. есептемегенде
тапшылық
Мұнайға қатысты емес тапшылық
4-сурет. Мемлекеттік бюджет тапшылығы мен мұнайға қатысты емес тапшылықтың серпіні
Ал Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру мен пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасына сәйкес үкіметтік қарыз алу саясаты Ұлттық қор активтерінің нарықтық құнына кепілдендірілген борышты ескере отырып, үкіметтік борышты 50-70-пайыздық қатынасқа қол жеткізуге бағдарланатын болады.
588,4
556,3
514,9
657,8
571,4
2,2
2,3
2,4
3,5
3,4
0,0
100,0
200,0
300,0
400,0
500,0
600,0
700,0
2009 жыл
2010 жыл
2011 жыл
2012 жыл
2013 жыл
0,0
0,5
1,0
1,5
2,0
2,5
3,0
3,5
4,0
тапшылық
ЖІӨге пайызбен
5-сурет. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын үкіметтік қарыздардың есебінен қаржыландыру, млрд теңге
Үкімет ішкі қарыздарды ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру үшін тарту ниетінде.
Сыртқы үкіметтік қарыздарды өтеу халықаралық қаржы ұйымдары, шетелдік мемлекеттердің үкіметтері, шетелдік коммерциялық банктер мен фирмалар берген қарыздар бойынша үкіметтік борышты өтеу кестесіне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Орта мерзімді кезеңдегі бюджетаралық қатынастар саясатының негізгі мақсаты мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерін оларға бекітілген мемлекеттік қызметтерді толыққанды ұсыну және оларға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін жеткілікті қаржы қаражатымен қамтамасыз ету болып табылады.
Бюджет кодексіне сәйкес бюджетаралық қатынастар трансферттер мен бюджеттік кредиттер арқылы, сондай-ақ облыстық және аудандық бюджеттердің арасында кірістерді бөлу нормативтерімен реттеледі.
Қазіргі кезде Жалпы сипаттағы трансферттердің 2008 - 2010 жылдарға арналған көлемдері туралы Заң әрекет етеді. 2011 жылдан бастап жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі есептеу әдістемесін жетілдірумен қайта есептелетін болады, сондай-ақ Жалпы сипаттағы трансферттердің 2011 - 2013 жылдарға арналған көлемдері туралы Заң қабылданатын болады.
2-тарау. Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің негіздері
2.1 Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы
Бюджет - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз ету үшін арналған оның орталықтандырылған ақшалай қоры.
Бюджет деген сөз сөзбе-сөз алғанда ақша сақтауға арналған ақшалы сөмке, былғары қапшық дегенді білдіреді.
Бюджеттің экономикалық тұрғыдан арналуы, оның қоғамдық ұдайы өндірудегі орны мен рөлі, сондай-ақ Конституцияда белгіленетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы Қазақстанның бюджеттік құрылысы үшін негіз құрайды.
Бюджеттік құрылыс деп экономикалық та, сондай-ақ ұйымдастырушылық-құқықтық та тұрғыдан алғанда, мемлекеттік бюджетті ұйымдастыру ұғынылады. Бұған мемлекеттік бюджеттің ішкі бөлімшелерінің құрамы мен құрылымы, оларды пайдалану саласының функционалдық ара жігінің ажыратылуы, тең бағыныстылық, өзара іс-қимыл, сондай-ақ бюджетті ұйымдастырудың құқықтық және рәсімдік жағы енгізіледі. Басқа сөзбен айтқанда, бюджеттік құрылыс - бұл бюджет жүйесін ұйымдастыру, оны құру қағидаттары.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4-бабында айқындалған қағидаттарға негізделеді. Оларға бірлік, толықтық, шынайылық, транспаренттілік, сабақтастық, нәтижелілік, дәйектілік, негізділік, уақтылылық, кассалардың бірлігі, бюджеттердің дербестігі, тиімділік, жауапкершілік, бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты сияқты қағидаттар жатады.
Мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бөлінісіне мемлекеттік билік пен басқару деңгейлері сәйкес келеді, бұл өзара байланысқан және бірыңғай бюджет жүйесіне біріктірілген әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді де алдын ала айқындайды.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі республикалық және жергілікті бюджеттер мен Ұлттық қордың, сондай-ақ бюджет үдерісінің жиынтығын білдіреді.
Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрылымы 6-суретте ұсынылған.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті
Төтенше және мемлекеттік бюджет (ерекше жағдайларда әрекет етеді)
Республикалық
бюджет
Жергілікті бюджеттер
Ауданның (облыстық мәні бар қаланың) бюджеті
Республикалық мәні бар қаланың, астананың бюджеті
Облыстық
бюджет
6-сурет. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, болашақ ұрпақтар үшін қаржы қаражатын жинақтау, экономиканың қолайсыз сыртқы факторлардың әсеріне тәуелділігін азайту үшін құрылды.
Мемлекеттік бюджет олардың арасындағы өзара өтеу операцияларын ескермегенде, республикалық және жергілікті бюджеттердің жиынтығын білдіреді.
Республикалық бюджет - бұл Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қор. Республикалық бюджет орталық мемлекеттік органдардың, олардың бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыру үшін арналған. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі. Қазақстандағы қаржы жылы күнтізбелік жылға сәйкес келеді, яғни 1 қаңтарда басталады және 31 желтоқсанда аяқталады.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті де Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қорды білдіреді. Ол облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, олардың бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін арналады. Тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатының шешімімен бекітіледі.
Ерекше жағдайларда төтенше мемелекеттік бюджет әрекет етеді - Қазақстан Республикасында төтенше немесе әскери жағдай болған кезде республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде құрылатын төтенше мемлекеттік бюджет енгізіледі. Төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу және оны тоқтату үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің республиканың бүкіл аумағында төтенше немесе әскери жағдай енгізу немесе оның күшін жою туралы Жарлығы болып табылады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің әрекет етуі кезінде республикалық бюджет туралы заңның және мәслихаттардың жергілікті бюджеттің барлық деңгейлеріндегі бюджеттер туралы шешімінің қолданысы тоқтатыла тұрады. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылдануы туралы Республика Парламенті жедел хабардар етіледі.
Шоғырландырылған бюджет - республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін және олардың арасындағы өзара өтелетін операцияларды ескерместен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін түсімдерді біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қоры. Шоғырландырылған бюджетті заңнамалық билік органдары бекітпейді және талдамалық мақсаттарда пайдаланылады.
Шоғырландырылған бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
- республикалық бюджет;
- облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке түсімдер мен олардың Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударымдары.
2.2 Республикалық бюджет
Республикалық бюджет салық және өзге де түсімдер есебінен қалыптастырылатын және республикалық бюджеттік бағдарламалар мен іс-шараларды қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақшалай қаражат қорын білдіреді.
Республикалық бюджеттің қаражаты экономиканы құрылымдық қайта құруды қаржыландырудың, өндіріс саласындағы перспективалық бағыттарды дамытудың маңызды көзі болып табылады. Республикалық бюджет өнерді, мәдениетті, бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау мен дамытуда үлкен рөл атқарады.
Азаматтар мен ұйымдардан алынатын салықтар, мемлекеттік меншікті жалға беруден немесе оларды сатудан түскен кірістер, берілген кредиттер бойынша пайыздар және т.б. мемлекет үшін кірістердің көздері болып табылады.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес республикалық бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды:
- республикалық бюджеттің кірістері;
- алынған бюджеттік алымдар;
- республикалық бюджеттен берілген кредиттерді қайтару.
Республикалық бюджеттің кірістері салықтардан (корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы және т.б.), алымдардан (автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі, консулдық алым) және басқа да міндетті төлемдерден (әкелінетін және әкетілетін тауарларға салынатын кедендік баждар, Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар мен жеке басын куәландыратын куәліктер бергені үшін мемлекеттік баж) түсетін түсімдерден қалыптастырылады. Бұдан басқа, республикалық бюджет капиталмен жүргізілетін операциялардан түсетін салықтық емес түсімдер мен кірістердің есебінен толықтырылады.
Республикалық бюджеттің салықтық емес түсімдері мыналар болып табылады: республикалық меншіктен түсетін кірістер, мүлікті заңдастырғандық үшін алым, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатқанынан түсетін түсімдер және т.б.
Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, мемлекеттің республикалық меншікте тұрған активтерін, үкіметтік қарыздарды сатудан түскен түсімдер республикалық бюджетке есептеледі.
Мемлекетте әр түрлі уақытта қандай да бір қажеттіліктерге арнап жұмсалатын қаражаттың мөлшеріне әсер ететін иелігінде бар қаражатты жұмсау бойынша әр түрлі басмымдықтардың болуы мүмкін. Мемлекеттің өзінің ақшалай қаражатты жұмсау жөніндегі басымдықтарын өзгертуі оның фискальдық саясатында және стратегиялық әлеуметтік-экономикалық жоспарларында көрініс табады. Осыған байланысты мемлекет не кірістердің жаңа көздерін іздестіреді, не өзге қажеттіліктерге арналған шығыстарын реттейді (қысқартады).
Республикалық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- әлеуметтік сала (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету);
- қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік;
- құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі;
- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік;
- өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі;
- агроөнеркәсіптік кешен, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары;
- елдің инфрақұрылымы (көлік және коммуникациялар);
- өзге де бағыттар.
Республикалық бюджеттен сондай-ақ:
- кадрларды қайта даярлау мен қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қоса алғанда, орталық мемлекеттік органдар мен басқа да мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге;
- Бюджет кодексінде белгіленген бағыттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға, халықаралық ынтымақтастыққа, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуге жұмсалатын шығыстар қаржыландырылады.
Кез келген бюджеттің тағы бір маңызды құрауышы кірістер мен шығыстардың жоспары болып табылады, ол бір күнтізбелік жылға арналып нормативтік-құқықтық акт - Республикалық бюджет туралы заң түрінде жазбаша нысанда міндетті түрде жасалады. Шындығында, кез келген осындай жоспар кірістер мен шығыстар тең болатындай үлгіде жасалуға және орындалуға тиіс.
Мемлекеттік бюджет:
1. Мемлекеттің тиісті жылға арналған ең маңызды мақсаттарын айқындайды. Бұл өте маңызды функция, өйткені ол жұртшылыққа елдің саяси басшылығы мәлімдеген мақсаттарды іс жүзінде бюджетке енгізілген және яғни ағымдағы жылы іске асырылуға жататын мақсаттармен салыстыруға мүмкіндік береді.
2. Мемлекетке елдегі экономикалық жағдайға әсер етуге мүмкіндік беретін құрал қызметін атқарады.
3. Бюджеттік ресурстарды басқаруға арналған жүйе қызметін атқарады. Конституцияға сәйкес өзінің мемлекеттік құрылымы бойынша Қазақстан Республикасы унитарлық мемлекет болып табылады. Біздің еліміздің бүкіл аумағында бірыңғай бюджет заңнамасына, бюджет үдерісін жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдеріне және т.б. негізделген біртұтас бюджеттік жүйе әрекет етеді. Сондықтан бюджеттік қатынастарды реттейтін негізгі заңнамалық акт ҚР Бюджет кодексі болып табылады.
2.3 Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні
Елдің мемлекеттік құрылысында аумақтық құрылымдардың болуы оларда тіршілік ету қызметін қамтамасыз ету үшін оларға белгілі бір өкілеттіктер мен қаржы ресурстарының көлемін беру қажеттілігін негіздейді. Осыған байланысты қаржылық жүйенің құрылымында жергілікті бюджеттер ерекше буын ретінде бөлінеді.
Жергілікті бюджет тиісті мәслихаттың шешімімен бекітілетін, түсімдердің және жергілікті атқарушы орган өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін айқындайтын жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған бюджеттің тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландырудың есебінен қалыптастырылатын әкімшілік аумақтық бірліктің ақшалай қорын білдіреді.
Жергілікті бюджеттердің рөлі, олардың құрамы мен құрылымы жергілікті мемлекеттік органдарға жүктелген функциялар мен міндеттердің мазмұнымен және сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және саяси-экономикалық бағыттылығымен толықтай айқындалады.
Жергілікті бюджеттердің жай-күйі әр түрлі факторларға тәуелді болады. Оларға мыналар жатады:
- елдің жалпы экономикалық жағдайы;
- тиісті аумақтың экономикалық әлеуеті;
- жергілікті билік және басқару органдарының құқықтары мен міндеттерін реттейтін мемлекеттік заңнаманың деңгейі;
- жергілікті билік және басқару органдарының өздеріне берілген құқықтарды іске асырудағы құзыреттілік дәрежесі.
Жергілікті бюджеттер тұрақтылығының басты шарты нақты қаржы кезеңі мен нақты аумақтың шеңберінде жергілікті мемлекеттік органдардың келіп түсетін кірістер мен жүзеге асырылатын қажетті шығыстардың арасындағы тиісті тепе-теңдікті қамтамасыз ете білу шеберлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасында жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттері) облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджеттерімен және аудандық бюджеттермен ұсынылған.
Облыстың бюджеті олардың арасындағы өзара өтемелі операцияларды ескерместен облыстық, қалалық және аудандық бюджеттердің жиынтығы болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстандағы жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджет қаражатының жалпы көлемінің кірістер бойынша шамамен 30%-ын және шығыстар бойынша - шамамен 48%-ын алады.
Жергілікті бюджеттерді қалыптастырудың олардың өз бетімен жұмыс істеуінің үш деңгейі бойынша өз ерекшеліктері бар: облыстық бюджет деңгейінде, республикалық маңызы бар қала мен астананың бюджеті деңгейінде және аудан бюджеті деңгейінде. Жергілікті бюджеттердің кірістері республикалық бюджеттің кірістері сияқты салықтық және салықтық емес түсімдерден қалыптастырылады. Бұл ретте жергілікті бюджетке түсетін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz