Қазақстанда болатын апаттар. табиғи апаттар және техногендік апаттар


Пәні:ОБЖ

Тақырып:Қазақстанда болатын апаттар. Табиғи апаттар және техногендік апаттар

Жоспар:

1. Төтенші жағдай.

2. Табиғи апаттар

3. Техногендік сипаттағы төтенші жағдайдың пайда болуы

4. Радиациялық қауіпті апаттар

5. Тұрғындарды қорғау

Төтенші жағдай дегеніміз- табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен. Қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық ақша қаражатын жіне адам күшін талап ететін жағдай. Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері- орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.

Зілзіла - бұл кенеттен пайда болатын халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынғы ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жетімі болатын табиғыт құбылысы. Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзілалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт. Дүние жүзінде су тасқыны бүкіл зілзіланың 40 пайызы келеді екен, 20%- тропикалық циклондары 15 % жер сілкінісі, ал қалған 25% - зілзіланың басқа түрлері. Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына, Балқаш көлінің таяздауына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенші жағдайлар арасында ерекше орын алады.

Жер сілкінісі

Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер сілкінісі- бұл жер қыртынсында немесе мантияның үстінгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жаратылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, лкен қапшықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Бұл құбылыс жер асты дүмпулерінің тербелістен болады. Әзіргі ғалымдар жер сілкінсі қашан, қайда, қанша уақыт болатынын және қайндай зардап әкелетінін тура басып айта алмай отыр. Сейсмикалық станциялардың көрсетулері дәл емес. Жыл сайын жер бетінде 100- ден аса үлкен жер сілкіністері болып турады. Жер сілкіністің уақытыны болжау қиын. Жер сілкінісі барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқада инженерлік ғимараттар су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс желісі бұзылады, сел, қар көшкіні пай болады. Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, облыстарында жер сілкінсі жиі болып тұрады.

Сел

Сел-тау өзеннің өз арналарынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстардан бұзылуынан болатын қуатты ағын. Сел ұзақ нөсердің салдарынан мұз бен қардың жылдам еруінен, моренді, мұзды өзендердің бұзылуынан, жер сілкінісінен, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болады. Тасқындардың басқа түріне қарағанда сіл әдеттегідей үздіксіз емес, жекеленген, толқындар мен м/с және одан көп жылдамдықпен қозғалады. Іле Жонғар, Талас алатауының жоталарында, сондай-ақ Қаратай Кетмен және Тарбағатай тауларындағы өзендер Қазақстандағы сел қаупі күшті аудандар болып табылады.

Қар көшкіні

Қар көшкіні-бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы. Қазақстанда 95 мың шаршы км тау аумағы қар көшкіні қауіпіне ұшырайды. Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық-ботаникалық жағдайлар бар Батыс Тянь-шань, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатуының жоталарында болып жатады. Көшкіндер құлама тау беткейінен көбінесе 20-60 градуспен, көшкін қар жаңа жауған және күн күрт жылыған кезде болады. Көшкін тауда жауын шашынның жиі болуынан циклондық құбылыс күшейетңн наурыз-сәуір айында көбірек болады. Сирек қайталанатын көшкіннің көлемі 1 млн. Текше метрге, қозғалысының ең үлкен жылдамдығы 100 мет секундке дейін жетеді. Қазақстанда бүкіл таулы аудандарында қар көшкіні болып тұрады. Ол негізінен қардығ түсуі мен күннің жылуына байланысты, қар көшкіні болып тұрады. Ол негізінен қардың түсуі мен күннің жылыуына байланысты, қар көшкіні болатын ең қауіпті кезең қараша-сәуір, ал биік тауларда қазан-мамыр.

Опырмалар

Опырмалар- ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының төмен қарай сырғуы. Тау жыныстарындағы жекеленген жықпарлардың немесе құрғақ тік еңіс беткейлердегі жақпарлардың құлауы. Опырмалар Қазақстан барлық таулы аудандарында болып тұрады. Олардың пайда болу себептері жерүсті және жерасты сулар мен топырақтың ылғалдануы, жер сілкінісі сондай-ақ адамның шаруашылық қызметі болып табылады. Сас ірі опырмалар тектоникалық ұсақталуға байланысты. Осындай учаскелерінде пайда болған опырмалар ірі өзендерді бөгейтін көлденең су тоғандарын жасай отырып тайлы жазықтарды құрсалайды. Мұндай өзендерге Күнгей Алатауындағы Үлкен Алматы өзені Жатады. Опырмалр жылдың кез-келген уықытында, әдетте тіктігі 19 градусқа жуық жарларда болады. Ірі қопырмалар алаңы 50-60 га дейін жетеді.

Қар басуы

Қар басуы- табиғаттың тосын күштер көріністерінің бірі. Бұрқасымен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Ол бірнеше сағаттан тәулікке дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып, қалыпты тіршілікті бұзады, ал кейде адамдар құрбандықтарына, малдың шетінеуіне және материалдық құндылықтарының жойылуына әкеліп соғады. Қардың басуы, боран туралы хабар алған бойда уақыт болса, кедергілер орнатылады. Жолдың ғимараттың шетінен желге қарсы бағытта арасы 15-20 метр қалқан қар тосқауылы қойылады. Қар жауған кезде және одан кейінгі уақыттағы негізгі жұмыс түрлері: жоғалған адам мен малды іздеу; зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету; жол бойындағы, үй-жай төңірегіндегі қарды тазалау; жолда тұрып қалған көлікке көмектесу, коммуналдық және энергетикалық желідегі аварияларды жою.

Тау тастарының құлауы

Тау жыныстарының кристалдық торларының темперетуралық, өзгерістер әсерінен кеңеюі мен сырылуының түрліше болуы физикалық үгілуге негіз болады. Бұл өзгерістер жыл маусымдары айқын ажыратылатын аудандар мен климат континенттілігі жоғары болатын, әсіресе тәуліктік температура үлкен айырма-шылық жасайтын жерлерде қарқында жүреді. Мұндай аудындарда үгілу әсерінен киыртасты қорымдар түзіледі. Тау жыныстарындағы ұсақ жарықшақтарға су кіріп, ол кеңейеді, түнгі қарай мұз қатып, жарықтар одан әрі ұлғаяды. Мұндай құбылыс поляр маңы мен биік таулы жерлерге, сондай-ақ Сахара сияқты табиғат «қатал» шөлдерге тән.

Дауыл

Дауыл- жойқын күші бар және едуәір созылатын, 30 м/с жылдамдықпен соғатын жел. Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайында пайда болып, атмосферадағы тепе-теңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ астынан бұзылуы әсер етеді. Дауыл үлкен бүліншілікке ұшыратып, адам құрбандықтарын алып келеді, малдар шетінен, материалдың залал келтіреді. Дауылдың жойқын салдарынан төмендетудің тиімді шарасы, ол-таянған дауыл қауіпін тұрғындарға дер кезінде хабарлау және дауыл болып тұратын аудандарындағы осыны ескере отырып орналастыру. Ең қауіпті аймақ тұрғын үй салғызбай, ал қалған аймақтарда сейсмикалық аудандар үшін қабылданған құрылыс нормаларын енгізіп, бақылауға алып көмектесу керек.

Табиғи өрттер

Қазақстан Республикасында табиғи өрттердің негізгі түрлері ландшафты өрттер-орман, орманды дала және дала өрттері болып бөлінеді. Ормандағы өртті сөндірудің негізгі жолы суды пайдалану, ал мүмкін болмағанда өртті қолда бар құралдармен сөндіруге күш салады. Мысалы отты топырақпен көму, оттың шоғын бұтамен жанып кетен дерге қарай сыпыру, қарсы от қою, тулақты немесе киізді пайдалану. Орманда өрттер 80 пайызы халықтың еңбек немесе демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі шараларын бұзуынан, сондай-ақ орманда ақаулы техниканы пайдалану нәтижесінде болады. Орманның жоғарғы жағындағы өртті сөндіру қиын, сондықтан оны кедергі жасау күйдіру және суды пайдалану арқылы сөндіреді. Бұл жағдайда кедергінің ені ағаш биіктігінен кем болмауы керек, ал жоғарыдағы өрт аумағының алдындағы күйдірілетін кедергіні ені кемінде 150-200 м өрт қанаттарының алдында кемінде 50 м болуға тиіс.

Техногендік сипаттағы төтенші жағдайдың пайда болуы

Қазіргі кезде қоршаған ортаға және адамға тікелей зияны бар өндіріс орындары көптеп саналады. Бірақ ондағы технологияның деңгейі бақылау және жұмыс жүргізу, сонымен қатар орындау тәртібінде талапқа сай емес жағдайлар кездесуде. Оның үстіне бұл жағдайды экономикалық кризиспен экологиялық проблемалар қиындатып жіберді. Өндіріс орында болып жатқан апаттар мен катастрофаны талдап көргенде олардың орында алатын жағдайлаы технологиясы ескі, техникалары өзіндік ресурстарын туысқан өндіріс орындарында көп кездесетін анықталық отыр. Сонымен қатар қауыпты өндірістердің мекен жайларға жақын орналасуы да өзінің әсерін беруде.

Химиялық қауіпті объектідегі апаттар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейбіт уақыттағы төтенше жағдай
Техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар
ҚР негізгі заңдары, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысындағы нормативтік заңдар Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы қорғану шаралары
Топырақ - өсімдік қорлары
Адам өмірі қауіпсіздігінің негізгі курсының дәрістері
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
Химиялық қауіпті обьектілердегі апаттар
Техногенді сипаттағы апаттар.
Техногендік апаттар
Техногендік сипаттағы төтенше жағдай
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz