Совет хан ғаббасов



Совет Хан Ғаббасов
Жазушы дәрігер, фантаст, драматург,
Медицина және Педагогика ғылым. докторы,
КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі,
Махамбет сыйлығының лауреаты,
Профессор.
Халқыңның қадыр қасиетін ұқ !
Өзіңді өзің сыйлау, өзгені кемсіту емес.
Ұждан.
Уа а а.., иісі Қазақ баласы есіңді жиып, өткен кеткен тағдырыңды таратып, алды–артыңа қарашы?! Ата бабаң жасап кеткен, теңдессіз терең мұрасынан не қалды? Асқақ рухы бекзаттықтан тұратын, мәйегі нәрлі дәстүр салттың қаншасынан айрылдық?.. Енді міне, Тәуелсіз Ел салтымен, жоғымызды түгендейтін кез келді. Ар намысты Ту етіп, толағай күшпен қимылдайық шы, арманы үлкен аңғал Жұртым?! «Өзіңді өзің жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» дейтін даналықты пір тұтып, жалтақтамай да, жалпақтамай жөнімізді білсек екен, ақжарма мінез Алашым?! Япыр ау, текті жұрттың сынығы едік қой?! Еліміздің ертеңі мен ұрпақ қамын ойласақ, рухани өркенімізді өсіріп, ұлт құндылығын түгендемей болмайды.

Шіркін, осыларды неден бастасақ деген де, ең әуелі ойға оралатыны мынау; Ел билеген – Елбасы мен Төрелер де, елдігімізді байытқан – зиялы мен ел жұрты да, жасы мен жасамысы да, халқымыздың қадыры мен қасиетін түсінбейтіндігімізді айтып сырласатын сәт туды. Сірә, бұл кемшілігімізді, бүкіл Ел болып дүземесек, жаратушы Алла да, дем беруші Аруақ та кешірмейді. Арман боп жеткен тәуелсіздігімізді, арсыздыққа толы пәндешілігіміз бен қанағаты жоқ құлқынымыздың құлдығына шала бермей, ұлттық сана мен азаматтық парасаттың пәтуәсына келгеніміз жөн. Алдау мен арбауға бас ұрып, ертең ақ өзегіңе тебер өзгеге қарап өзеуреуді тоқтатқан жөн?!..Дана жұртымыздың өзгеше біткен болымысын түсініп, жан дүниемізге үңілетін мезгіл жетті. Атадан қалған өсиетке илансақ; «Еңкейгенге еңкей – әкеңнен қалған құл емес, шлақайғанға шалқай – пайғамбардың ұлы емес» деген қағидаға құлақ аспай жүрміз ау?! Олай болса, не істеуіміз керек!? Толғанайық шы? Дәл осы Не істеу керектің ? жауабын іздеп көрелік ші ? Олай болса, өз ойымды айтпақпын, қалың жұртым сен тыңда...
І. Халқымыздың тектік қасиеті.
Тектіліктің шырқау шыңы – ұлт боп ұю.
Ұждан.

Сөз жоқ, ең әуелі халқымыздың тереңде жатқан тегі мен болымысындағы – мәйегі мен негізі не екенін түсінгеніміз жөн. Сонда ғана саналы жанға,сонау көне дәуірдегі «Күлтегіннің тасында» жазылған; «...Биікте көк Тәңірі, төменде қара жер жаралғанда... Түркі халқының ел жұрты қалыптасқан» дейтін өсиет сөздің жайдан жай айтыла салмағанын түсінеміз.Өткен тарихтың тылсымына үңіле түсіп ойлансақ, әр сөзінің астарында құпияға толы сыр жатыр емес пе? Оның қайсыбірін тізбектетіп айта берерсің?! ..
Көнеден келе жатқан ұлттық құндылығымыздың ең асылы – «Жеті атаға жетпей қыз алыспау» дәстүрі екенін, әлі де біздер ұрпағымызға терең талдап түсіндіре алмай жүрміз. Тіпті, бұл дәстүрдің дүние халықына «әйгілеуге» (бренд) болатын құдіретін – табиғи сұрыптауды – жіліктей жіктеп жатпай ақ, асылымызды түсінбеудің салдарынан,бүгінгі қазақтың – жершілдік пен ру руға, тіпті үш жүзге бөлініп жүрген – парасатсыздыққа толы парқымызды айтып, қысқа болсада тоқталуға мәжбүрміз. Ендеше, осы тектес тәрбиесіздікті жүйелей талдап көрелік;
Иә ә, шыныменде мың өліп, мың тірілген жұртымыз – қырық үш (43) тайпадан тұратыны белгілі. Міне, осынау қырық үш тайпаның әр адамының тектік қасиеті, антрапалогиялық зерттелгенде – бір адамдікіндей екені, басқа жұрттың ғалымдарын таң тамаша күйге түсіріпті. Осы уақиғаның куәсі болған, академик Оразақ Смағұлов ғұламаның айтуынша; «зертханада алынған осы дерекке – бүкіл әлем (ағылшын, неміс, француз, жапон, қытай т. б.) ғалымдары өз көздеріне өздері сене алмай» әуре болған екен. Халқымыздың тегіндегі «теңдесі жоқ феноменнің» сыры мен сипатына көңіл аударсақ, бүгінгі біздердің – жүзге, тайпаға, руға – бөлініп сандырақтап жүргеніміз, өз асылына күйе жаққан надандығымыз екен. Кәнеки, осы құбылыстың сырына, саналы жүрекпен көз жүгіртіп көрелік ші ?!..

Мінеки сонда, әлем ғалымдарын таңдандырып отырған тылсым құбылыс – «жеті атаға жетпей қыз алыспау» дәстүрінің құдіреті екен. Иісі қазақтың әрқайсысындағы тектік қасиеттері бірлікте болса үш жүз түгіл, руға бөлінудің өзі – нағыз парасатсыздық емей немене?.. Әлідағы осы құбылысты ашыңқырап айтсақ, атадан балаға жалғасып келе жатқан, әр қазақтың үш жұрты – ата жұрты – нағашы жұрты – қайын жұрты – бар екені белгілі ғой. Осынау үш бірдей жұрттың әрқайсысына тиесілі жеті атаны бір біріне көбейтсек, манағы айтылған қырық үш (43) рудың қаны, әр қазақтың тамырында ағып тұрғанын ұғынамыз. Олай болса, бүгінгі қазақтардың жүзге, тайпаға, руға бөлінуі өз халқының қадыр қасиетін түсіне алмай жүрген надандық болып табылады. Ендеше,бұдан былай кезкелген қазақ, өз руы мен жеті атасын білуді халқының тегін сақтау деп қана ұққандары жөн. От басы мен қоғам бірігіп, келер ұрпағымызға осылай түсіндіріп тәрбие беру, азаматтық парызымыз екені анық.
ІІ. Хан мен халық байланысы.
Ханы азса – халқы тозады.
Ұждан.
Бұл айтқалы отырған дертіміз, Қазақтың сонау ХІУ ғасырда құрылған Хандық мемлекетінен бері қарайғы қасіреті деседе болады.Ел басқарған Хандары, халықтан өздерін биік ұстап бөлектенудің салдарынан, тәлім тәрбиеде аса ауыр (психологиялық) зардаптың болғанын ашып айтар мезгіл жетті. Себебі, Хан Сұлтандарға халықтың бірлігі мен білімі емес, олардың бөлек бөлек ыдырап жүргені қажет болған. Солар салып кеткен, «Үш жүз» дейтін лаң бүгінге дейін жалғасып отыр. Дәл осы мәселе жайында, Ш. Уалихановтың профессор И.Н. Березинге жазған хатында; «... Каждый потомок Батыя хотел быть ханом и иметь народ: так я думаю, образовались ханство Кырымское, Казанское, орда Чорайгаковская, союз узбеков – шейбанов и казаков» (том І, 1984, 164 б,) – деп ашынады. Мінеки, бүгінгі айтып отырғанымызды ұлы ғалым Шоқан өткен ғасырда ақ байқаған екен. Бұл мәселе, бұрын соңды талданып айтылған да, жазылған да емес. Халқымыздың бұл қасіреті мен кемшілігін айтпауға сірә болмайды. Бірақ, тек ғылыми негізде көрсету, ұрпақ тәрбиесі үшін ауадай қажет. Себебі, бұл деректің, ұлттық идеологиямыз үшін де маңызы зор.Ұрпақ тәрбиесіне қажет, ұлтымыздың осынау қасіретінің де өзіне тән бірнеше себептері бар;

Бірінші Қазақ хандары Шыңғысханның ұрпақтары екені белгілі. Екінші Олар тектерін, Қазақ халқынан бөлек деп есептеген. Үшінші Шыңғыстың ауыр тағдырынан, балалары от басы тәрбиесі
түгіл, тегінің иә қалмақ, иә қазақ екенін де білмей өскен.

Міне, осындай тыртығы терең себептердің салдарынан, қазақ халқының тәрбие тәлімдерінің ауыр жағдайда болуы, немесе, бүгінгі түсінікпен айтсақ, оның ұлттық идеологиясының бұрыннан ақ жүйеленбегені анық байқалады. Бұл тұжырымның дәлелдері, халқымыздың мемлекет құрған хандық дәуірінде өте жиі кездеседі. Солардың бәріне тоқталып жатпай ақ, жалпы халыққа әсері болған негізгілерін ғана атап өтуді жөн көрдік
1. Шоқан Валиханов, Т-1, 1984, 164 б. 2. Қалибек Данияров. История Чингисхана, 2001, 21 б. 3. Совет Хан Ғаббасов, Педагокика мен Психология негіздері, 2008,
120-123 б
4. Рашид ад Дин, Т 1. екінші кітап, 46 б.
5. Утемиш хаджи. Шығарманың 62 б.
6. В.Г. Тизенгаузен. 11 б.
7. Героический эпос Чингисхан (ЮАНЬ ЧАО БИ ШИ) – 85 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Портал:ТарихҮздік мақалалар
Уикипедиядан алынған мәлімет, ашық энциклопедия
Совет Хан Ғаббасов
Жазушы дәрігер, фантаст, драматург,
Медицина және
Педагогика ғылым. докторы,
КСРО
денсаулық сақтау ісінің үздігі,
Махамбет
сыйлығының лауреаты,

Профессор.
Халқыңның қадыр қасиетін ұқ !
Өзіңді өзің
сыйлау, өзгені кемсіту емес.

Ұждан.
Уа а а.., иісі Қазақ баласы есіңді жиып, өткен кеткен тағдырыңды
таратып, алды–артыңа қарашы?! Ата бабаң жасап кеткен, теңдессіз терең
мұрасынан не қалды? Асқақ рухы бекзаттықтан тұратын, мәйегі нәрлі
дәстүр салттың қаншасынан айрылдық?.. Енді міне, Тәуелсіз Ел салтымен,
жоғымызды түгендейтін кез келді. Ар намысты Ту етіп, толағай күшпен
қимылдайық шы, арманы үлкен аңғал Жұртым?! Өзіңді өзің жаттай сыйла, жат
жанынан түңілсін дейтін даналықты пір тұтып, жалтақтамай да,
жалпақтамай жөнімізді білсек екен, ақжарма мінез Алашым?! Япыр ау, текті
жұрттың сынығы едік қой?! Еліміздің ертеңі мен ұрпақ қамын ойласақ, рухани
өркенімізді өсіріп, ұлт құндылығын түгендемей болмайды.

Шіркін, осыларды неден бастасақ деген де, ең әуелі ойға оралатыны мынау; Ел
билеген – Елбасы мен Төрелер де, елдігімізді байытқан – зиялы мен ел жұрты
да, жасы мен жасамысы да, халқымыздың қадыры мен қасиетін
түсінбейтіндігімізді айтып сырласатын сәт туды. Сірә, бұл кемшілігімізді,
бүкіл Ел болып дүземесек, жаратушы Алла да, дем беруші Аруақ та кешірмейді.
Арман боп жеткен тәуелсіздігімізді, арсыздыққа толы пәндешілігіміз бен
қанағаты жоқ құлқынымыздың құлдығына шала бермей, ұлттық сана мен азаматтық
парасаттың пәтуәсына келгеніміз жөн. Алдау мен арбауға бас ұрып, ертең ақ
өзегіңе тебер өзгеге қарап өзеуреуді тоқтатқан жөн?!..Дана жұртымыздың
өзгеше біткен болымысын түсініп, жан дүниемізге үңілетін мезгіл жетті.
Атадан қалған өсиетке илансақ; Еңкейгенге еңкей – әкеңнен қалған құл емес,
шлақайғанға шалқай – пайғамбардың ұлы емес деген қағидаға құлақ аспай
жүрміз ау?! Олай болса, не істеуіміз керек!? Толғанайық шы? Дәл осы Не
істеу керектің ? жауабын іздеп көрелік ші ? Олай болса, өз ойымды
айтпақпын, қалың жұртым сен тыңда...
І. Халқымыздың тектік қасиеті.

Тектіліктің шырқау шыңы – ұлт боп ұю.

Ұждан.

Сөз жоқ, ең әуелі халқымыздың тереңде жатқан тегі мен болымысындағы
– мәйегі мен негізі не екенін түсінгеніміз жөн. Сонда ғана саналы
жанға,сонау көне дәуірдегі Күлтегіннің тасында жазылған; ...Биікте көк
Тәңірі, төменде қара жер жаралғанда... Түркі халқының ел жұрты қалыптасқан
дейтін өсиет сөздің жайдан жай айтыла салмағанын түсінеміз.Өткен тарихтың
тылсымына үңіле түсіп ойлансақ, әр сөзінің астарында құпияға толы сыр жатыр
емес пе? Оның қайсыбірін тізбектетіп айта берерсің?! ..
Көнеден келе жатқан ұлттық құндылығымыздың ең асылы – Жеті атаға жетпей
қыз алыспау дәстүрі екенін, әлі де біздер ұрпағымызға терең талдап
түсіндіре алмай жүрміз. Тіпті, бұл дәстүрдің дүние халықына әйгілеуге
(бренд) болатын құдіретін – табиғи сұрыптауды – жіліктей жіктеп жатпай ақ,
асылымызды түсінбеудің салдарынан,бүгінгі қазақтың – жершілдік пен ру
руға, тіпті үш жүзге бөлініп жүрген – парасатсыздыққа толы парқымызды
айтып, қысқа болсада тоқталуға мәжбүрміз. Ендеше, осы тектес тәрбиесіздікті
жүйелей талдап көрелік;
Иә ә, шыныменде мың өліп, мың тірілген жұртымыз – қырық үш (43) тайпадан
тұратыны белгілі. Міне, осынау қырық үш тайпаның әр адамының тектік
қасиеті, антрапалогиялық зерттелгенде – бір адамдікіндей екені, басқа
жұрттың ғалымдарын таң тамаша күйге түсіріпті. Осы уақиғаның куәсі болған,
академик Оразақ Смағұлов ғұламаның айтуынша; зертханада алынған осы
дерекке – бүкіл әлем (ағылшын, неміс, француз, жапон, қытай т. б.)
ғалымдары өз көздеріне өздері сене алмай әуре болған екен. Халқымыздың
тегіндегі теңдесі жоқ феноменнің сыры мен сипатына көңіл аударсақ,
бүгінгі біздердің – жүзге, тайпаға, руға – бөлініп сандырақтап жүргеніміз,
өз асылына күйе жаққан надандығымыз екен. Кәнеки, осы құбылыстың сырына,
саналы жүрекпен көз жүгіртіп көрелік ші ?!..

Мінеки сонда, әлем ғалымдарын таңдандырып отырған тылсым құбылыс – жеті
атаға жетпей қыз алыспау дәстүрінің құдіреті екен. Иісі қазақтың
әрқайсысындағы тектік қасиеттері бірлікте болса үш жүз түгіл, руға
бөлінудің өзі – нағыз парасатсыздық емей немене?.. Әлідағы осы құбылысты
ашыңқырап айтсақ, атадан балаға жалғасып келе жатқан, әр қазақтың үш жұрты
– ата жұрты – нағашы жұрты – қайын жұрты – бар екені белгілі ғой. Осынау үш
бірдей жұрттың әрқайсысына тиесілі жеті атаны бір біріне көбейтсек, манағы
айтылған қырық үш (43) рудың қаны, әр қазақтың тамырында ағып тұрғанын
ұғынамыз. Олай болса, бүгінгі қазақтардың жүзге, тайпаға, руға бөлінуі өз
халқының қадыр қасиетін түсіне алмай жүрген надандық болып табылады.
Ендеше,бұдан былай кезкелген қазақ, өз руы мен жеті атасын білуді халқының
тегін сақтау деп қана ұққандары жөн. От басы мен қоғам бірігіп, келер
ұрпағымызға осылай түсіндіріп тәрбие беру, азаматтық парызымыз екені анық.
ІІ. Хан мен халық байланысы.
Ханы
азса – халқы тозады.

Ұждан.
Бұл айтқалы отырған дертіміз, Қазақтың сонау ХІУ ғасырда құрылған Хандық
мемлекетінен бері қарайғы қасіреті деседе болады.Ел басқарған Хандары,
халықтан өздерін биік ұстап бөлектенудің салдарынан, тәлім тәрбиеде аса
ауыр (психологиялық) зардаптың болғанын ашып айтар мезгіл жетті. Себебі,
Хан Сұлтандарға халықтың бірлігі мен білімі емес, олардың бөлек бөлек
ыдырап жүргені қажет болған. Солар салып кеткен, Үш жүз дейтін лаң
бүгінге дейін жалғасып отыр. Дәл осы мәселе жайында, Ш. Уалихановтың
профессор И.Н. Березинге жазған хатында; ... Каждый потомок Батыя хотел
быть ханом и иметь народ: так я думаю, образовались ханство Кырымское,
Казанское, орда Чорайгаковская, союз узбеков – шейбанов и казаков (том І,
1984, 164 б,) – деп ашынады. Мінеки, бүгінгі айтып отырғанымызды ұлы ғалым
Шоқан өткен ғасырда ақ байқаған екен. Бұл мәселе, бұрын соңды талданып
айтылған да, жазылған да емес. Халқымыздың бұл қасіреті мен кемшілігін
айтпауға сірә болмайды. Бірақ, тек ғылыми негізде көрсету, ұрпақ тәрбиесі
үшін ауадай қажет. Себебі, бұл деректің, ұлттық идеологиямыз үшін де маңызы
зор.Ұрпақ тәрбиесіне қажет, ұлтымыздың осынау қасіретінің де өзіне тән
бірнеше себептері бар;

Бірінші Қазақ хандары Шыңғысханның ұрпақтары екені белгілі. Екінші Олар
тектерін, Қазақ халқынан бөлек деп есептеген. Үшінші Шыңғыстың ауыр
тағдырынан, балалары от басы тәрбиесі
түгіл, тегінің иә қалмақ, иә қазақ екенін де білмей
өскен.

Міне, осындай тыртығы терең себептердің салдарынан, қазақ халқының тәрбие
тәлімдерінің ауыр жағдайда болуы, немесе, бүгінгі түсінікпен айтсақ, оның
ұлттық идеологиясының бұрыннан ақ жүйеленбегені анық байқалады. Бұл
тұжырымның дәлелдері, халқымыздың мемлекет құрған хандық дәуірінде өте жиі
кездеседі. Солардың бәріне тоқталып жатпай ақ, жалпы халыққа әсері болған
негізгілерін ғана атап өтуді жөн көрдік. Мәселен, ең ауыр кемшіліктері
ретінде, биліктің қарапайым халықты тасқараңғы етіп, хат танытпай
ұстағандарын айтуға болады.Қазақтың хандық мемлекеті неше ғасырларға
созылса да елінде бір де бір мемлекеттік медрессесі болмауы адам жанын
түршіктіретін іс. Өйткені, бұл кезеңдерде, Шығыс пен Батыс елдерінде, тіпті
академия мен университеттер болғаны тарихтан белгілі. Халқымыздың хат
тануы, олар үшін қажеттілік болмаған тәрізді. Хандық дәуірдің бұданда өткен
сорақысы, тұрақты армия ұстамағандықтан, жаугершілігі мол сол заманда,
халқымыз аса ауыр шапқыншылықтарға ұшырап, үнемі қан кешумен болғаны
белгілі.. Шабылған елді азат етудің ауырлығын, олардың жанашымастығы деуге
әбден болады.
Шыңғысханның үрпақтары өздеріне Төре дейтін жалған ру жасап, ақ сүйекпіз
деуі де асып тасқандық еді. Тура осындай мінез көрсетіп, жалған ру жасаған
Қожаларды да – айтпай кетуге болмайды. Бұл екеуін де тегінен тартып қарасақ
Төрені де, Қожаны да ру деуге келмейді. Оның үстіне өздерін өздері
ақ сүйекпіз – деулері де ұят іс. Өйткені, табиғи сұрыптаудың негізі болып
табылатын – жеті атаға жетпей қыз алыспауды – бұл екеулері де бертінге
дейін ұстамаған. Олар, тіпті өзді өзіне үйленудің салдарынан аза
бастағандарын байқап, қазақ руларымен құдандаласуды кейінірек қабылдайды.
Егер нағыз ғылыми негізге сүйенсек – ақ сүйекпіз – деп, табиғи сұрыптаумен
қаны мен тегін таза ұстаған, қазақ халқы ғана айталса керек. Осын ау
келтірілген деректердің барлығынан да байқалатыны, халқымыз қараңғылықтың
қапасында қалып, өз тарихын жақсы білмегенін аңғару қиын емес. Әйтпесе,
Төрелердің руы – Қият, Қожалардың руы – Сунақ екендігін айтсақ, тек олардың
басқа ортаға түсіп қалған Алаш тұқымдары екендігі айдан анық. Міне бұл
деректер, келешек ұрпақ тәрбиесінің ақиқаты болып негізделгені дұрыс.
Осылардың өзі ақ, Хандық мемлекетімізден бастап, бүгігі Тәуелсіздікгімізді
қоса айтқанда – Қазақтың ұлттық идеологиясы – жасалмағанын анық
аңғартады.Әйтседе, біздерді осы уақытқа дейін сақтап келген, кемеңгер ата
бабаымыздың дәстүр салтының киесі екенін түсінгеніміз жөн.
ІІІ. Ұрпақ тәрбиесінің жаңа ілімі.

“Адам - әлемнен де күрделі”

ҰЖДАН.
Ана құрсағындағы тоғыз ай адам ғұмырының ең ұзақ та және ең
күрделі к е з е ң і болып табылады. Оның ұзақтығын түсіну үшін, ұ р ы
қ т ы ң жетіліп даму мерзімін де, жер бетіндегі тіршіліктің барлық
сатыларын басып өтетіндіктен, мөлшермен 500 миллион жылмен пара-пар екен.
Бұл айтылған ойдың маңызы мен мәніне жету үшін, әуелі тіршілік қ ұ п и я л
а р ы н а тереңдеп үңілмей болмайды. Өйткені, адам ғұмырының ф и з и о л
о г и я л ы қ осы к е з е ң і, күллі тіршілік атаулының т ы л с ы м ғ
а толы т ү й і н і, тіпті ақыл түгіл, көңіл көзі жетіп болмаған ж ұ м
б а қ сыры сақталған к ө м бе с і тәрізді. Егер де, ғылыми дәлелдерге
сүйенсек, ана құрсағында өсіп жатқан ж а н и е с і өзіне берілген тоғыз
айдың ішінде, табиғат шебердің құдіретімен “он сегіз мың ғаламның” с и п а
т т а р ы н түгелдей қайталап шығатындығы белгілі боп отыр. Былайша
айтқанда, бір клеткалық тіршіліктен бастап адамға дейін жетілген,
биологиялық түрлерді түгелдей басып өтеді екен. Әрине бұл, күллі табиғат
жаратылыстары ішіндегі күрмеуі қиын, аса к ү р д е л і құбылыс екені
даусыз! Мұндай сипат тек табиғат шебердің құдіретімен ғана жасалмақ.
Ендеше, осынау тіршіліктің с а п а л ы қ дәрежеде жетілетін ж ұ м б а қ
кезеңін а д а м т ә р б и е с і н е кірістіре алмай келгенімізді
ойласақ, бүкіл адамзаттың р у х а н и д а м у ы н д а ғ ы аса ауыр
кемшіліктер де, осы кезеңнің е л е н б е й қалған е р с і л і к т е р і
екені анықталып отыр. Себебі, бұл мәселе өткен-кеткен п е д а г о г и к а
л ы қ және п с и х о л о г и я л ы қ ілімдер де, ешқашан ғ ы л ы м и ж
ү й е л е н і п көрген емес. Адам тәрбиесі тәрізді өте күрделі құбылыстың
бастауы болып саналатын, ұ р ы қ тазалығы мен Ана құрсағындағы жетілудің
сырына терең үңілмей, ұрпақ т ә р б и е с і н і ң іргелі мәселелерін
дұрыс шешу мүмкін емес. Әсіресе, бүгінгі малекулалық б и о л о г и я мен
г е н е т и к а ғылымдарының қол жеткен табыстары осы ойымызды тапжылтпай
дәлелдеп отыр. Себебі, адам жаратылысындағы тек түйістік ақыл мен ішкі бес
сезімді былай қойғанда, ондағы тума қабілеттері мен мінез-құлқы, психикалық
жігері мен тектілік қасиеттерінің іштен туатындығы, ғылыми әбден
дәлелденген құбылыстар екенін ескерген жөн. Жалпы бұл мәселені тікелей адам
т ә р б и е с і қақында болмаса да, адамзаттың не бір алып ойшылдары
философиялық п ә л с а п а түрінде көп талқыланған.Әсіресе, адам бойындағы
Ж а н мен Т ә н н і ң өзара үндестіктерімен қоса, ж ү р е к к ү ш і
және а қ ы л к ү ш і тәрізді қадау-қадау құбылыстарды үнемі ой елегінен
өткізіп отырған. Жалпы шығыс әлемінде Платон мен Аристотельді, көбіне
Фарабидің түсіндірмесінен кейін ғана, терең ұғына алған ойшылдар көп.
Солардың ішінде мәселенің бұл жағын ашық жазып қалдырған, ұлы ойшыл-ғұлама
Әбу Әли ибн Сина екенін жақсы білеміз. Бұл деректі ол өз қолымен жазған
өмірбаянының ішінде айтады.

Тікелей Ж а н т ә р б и е с і н е байланысты Халық педагогикасы мен
психологиясының 2-ші негізі, немесе адам дамуының ф и з и о л о г и я л ы қ
екінші к е з е ң і, бүгінгі таңға дейін ұ р п а қ т ә р б и е с і н е н тыс
қалып отыр. Тіпті, ж а н т ә р б и е с і дегенді түсіне де алмай отыр. Ол
жайындағы методологиялық ізденістің жоқтығы, адам тәрбиесінің қаншалықты
ойсырап жатқандығын аңғартса керек. Сондықтан да, жоғарыда аз-кем айтылған
Ж а н н ы ң – он е к і мүшесі, яғни 12 – арнасының жабылуға жақын жағдайы –
жыл өткен сайын адамдар азып барады деген тұжырымды жиі айтқызып жүр.Оны
айтып қана қоюмен еш мағына шықпайды. Өйткені, бұл мәселенің өзіне тән т ә
р б и е ә д і с т е р і н жүргізбесе, жан дүниенің а р н а л а р ы сол
жабылған бойы көресіңді көрсете бермек. Ендеше, тоғыз торқаның ішінде өсіп
келе жатқан Ж а н и е с і тек биология мен физиология заңдылықтарына
бағынып қана дамитынын ескерсек, ананың т ү й с і г і мен і ш к і б е с с е
з і м д е р і арқылы т ә р б и е л е н е т і н - Жанның мүшелеріне тиісті
деңгейде көңіл аударатын мезгіл жетті. Шынын айтсақ, соңғы жылдардағы
ұрпағымыздың маңдайына тиіп жүрген к ү й е л і к ө с е у де осы екенін
несіне жасырамыз. Оның жауапкершілігі – тікелей ата-ананың мойнында екенін
де ашып айтқан жөн. Олай болса, келер ұрпақтың бақыты мен саулығы тікелей
алдыңғы буынның ұрық тазалығы мен ана құрсағындағы тәрбиені түсінуіне
байланысты. Қалай десек те, бұл мәселені назардан тыс қалдыра беру, адамзат
қауымын а п а т қ а ұшыратуы да мүмкін. Заманының түзу кезінде дәстүрі
бұзылмаған Қазақ елінің, “Алып – анадан туады” дейтін өсиетінің Үлгісі мен
Халық педагогикасы мен психо-логиясының 2-ші негізі, немесе А н а
құрсағындағы физиологиялық кезеңінің үндесіп жатқанын байқау қиын емес
сияқты. Өзінің ұрпақ тәрбиесінде бұл өсиетті қазақ халқы и н с т и н к т і
түрде пайдаланғанын көптеген тәлімдік ұғымдардан аңғаруға болады.
Халқымыздың ата дәстүрі болып саналатын – “Жеті атаға дейін қыз алыспау”
салты да біраз нәрседен хабардар етеді. Бірақ, бодандықтың бұғауымен
маталған соңғы үш ғасыр, бұрынғы ата-баба даналықтарынан қол үздіріп кете
жаздады. Тіпті, қазір – “алып-анадан туадының” мағынасы түгіл, бұл сөздің
мәніне де көңіл аударып жүргендер аз. Сондықтан да ол – алма-кезек ауысып
жатқан ұрпақ тәрбиесіне әсер етуден қалғалы қашан?! Сонда, бұл тәріздес
асыл сөздердің қадір қасиеті өз қалпына келмесе, Дулат-жырау айтатын;
-“өнер алды–қызыл тілдің” – жағдайы қалай болмақ? Мұндай қуаты мол
тұжырымдар сұлу сөйленетін сөз тәрізді қызмет етсе, сөз өнері арқылы
жетілетін жас ұрпақтың з е й і н і мен з е р д е с і нендей күйге түспек?
Ата-бабамыз осы жағдайларды жоғарыда келтірілген ө с и е т сөздерімен
ұрпағына тек т ә н құрылысының жетілуін ғана емес, “алып”деген сөзінің
астарында тәннен де күрделі, ж а н д ү н и е с і н і ң де ана құрсағында
қалыптасатынын меңзеп отыр. Оны – қалыптастыратын да және тәрбиелеп
жетілдіретін де, тек ананың ғана парасаты екенін айтып тұр. Адам жанының 12-
мүшесі, яки а р н а л а р ы - түйсік – ұят – сүю – зерде – мінез – жігер –
қабылет – ішкі бес сезімдері – бар ж а н дүниесі де, тәннің мүшелері –
жүрек – ми – бауыр - өкпе – бүйрек - тағы басқалары тәрізді, тек ана
құрсағында ғана жетіліп тәрбиеленетініне, бүгінгі қоғамда жете м ә н
берілмей келді.
Бүгінгі ғылым құдіреттерімен дәлелденіп отырған күрделі құбылыстардың
сырлары, қазақтың Халық педагогикасы мен психологиясында да үндестік
табатындығына тұшынған сайын, ата-бабаларымыздың қалдырған р у х а н и
мұраларына шынайы ризашылық сезімдер билейді. Ол к ө к і р е к к ө з і м
е н аңғара білген: - “Он сегіз мың ғаламды – бір тарының қауызына
сыйдырған” – дейтін өсиет сөзінде, тіпті тереңнен маржан теріп отырғанын,
барынша анық байқамау мүмкін емес. Шынында да құдіреті мол осынау күрделі
құбылыстарды жетілдіретін адам ұ р ы ғ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасындағы бала және еңбек тәрбиесі
«Қазақстан Халқы Ассамблеясы» туралы Заң жобасын талқылау
Халел Ғаббасовтың қилы тағдыры
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері жайлы
Отбасын құруға дайындық немесе халық педагогикасының бірінші негізі
Тәрбие процесінде инновациялық әдістерді қолдану.Қазіргі кездегі тәрбиеде қолданатын инновациялық әдістерді схема бойынша анықтап көрсет,мазмұнын түсіндір,мәнін анықта
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және әдебиеттің дамуына тигізген әсері
Алаш қозғалысы. Алаш қайраткерлері
Жайықта мен қазақпын
Қазақ саяси партиясы
Пәндер