Махаббат пен ғадауат
Біздің ұлық Абайымыз айтпаған сөз қалған ба? Жасың ұлғайып, дүние сырына бұрынғыдан тереңірек үңілген сайын Абайға барып жүгінуің жиілей береді. Жаныңды қинаған сұрақтарға жауап іздейсің.
Өлсем орным — қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл — бір ұялшақ қыз болмай ма?
Махаббат ғадауатпен майдандасқан,
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма? – деп жазады ақын.
Мұндағы Махаббат - ғаламдық көлемдегі сүйіспеншілікті бейнелесе, Ғадауат сол махаббатқа қарама-қарсы - жек көру, мейірімсіздік, қаскүнемдік, дұшпандық деген ұғымдарды бейнелейді. Бұдан басқа Абайдың талқысына түсетін Нәпсі деген сөз бар. Оның мағынасы тіпті жан-жақты: адамның ішкі жан дүниесі, құштарлығы, құлқы-пейілі болып таралып кетеді. Махаббат. Ғадауат. Нәпсі. Асылы гомо сапиенс аталатын саналы адамның өмірі осындай үш тағанға тіреліп тұратын болса керек.
Абайдың айтуынша, Алла тағала әуелде адам баласын махаббатпен жаратқан. Ендеше: “Кім өзіңе махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың парыз емес пе?”. “Махаббаттың төлеуі — махаббат”. “Алла тағаланың пендесін махаббат уә мархаматтан жаратқанын біліп, махаббатына махаббат пенен ғана елжіремекті Құдайға ғашық болды дейміз”. (Отыз сегізінші сөзден). Жалғыз Абайда емес, Шығыстың атақты ақындары Руми, Хәйәм, Хафиз, Жәми, Сағди жырларында аспандатып дәріптелетін махаббаттың төркіні — күллі ғаламды, жан иелерін жаратушы құдіретке құлшылық етуден бастау алады. Бұл ретте жаратушы мен жаралушының арасындағы махаббат сипаттарын ақындық, философиялық тілмен жеріне жеткізіп жырлаушының бірі — біздің ұлық бабамыз Ахмет Ясауи екенін әркім білуге тиіс.
Махаббат — адам өмірінің тұғыры мен тіреуіші. Махаббат — өзіңді ғана емес, ең алдымен өзгені сүю, қарапайым тілмен айтсақ, жақсы көру, ұнату. Жаны ашу, мейірбандық, жақсылық істеу, қамқорлық көрсету осыдан шығады. Көкірегін махаббат жайлаған адам — қашанда қайырымдылықпен, әділдікпен, адалдықпен ауылдас отыруға тырысады. Ондай адамның кейде сырты байсал, суықтау көрінуі мүмкін, бірақ іші — нәзік, сезімтал, сергек келеді. Ойынан бұрын сезімі бас көтеретін де кездері бар. “Мұның арты қалай болар екен” деп ойы тартпақтай бастаса, сезімі ілгері қарай сүйрелейді. Сөйтіп, бұлдыр ойды мөлдір сезім тазалап жуып тұрады.
Дүниедегі бар жақсылық махаббатпен жасалады, махаббатпен нұрланады. Ең арғысы сәулетті үй салып, бітік егін өсірсеңіз, жер қойнауын қопарып кеніш көзін ашсаңыз кітап жазып, ою-өрнек тоқысаңыз да қаншама ой қуатын, жан мейірімін жұмсайсыз. Өйткені, шын сүйіспендіктен туған дүние ғана құнды, сұлу болмақ.
Ғаламдық биіктен қарасақ та, махаббаттың орны орасан екені көрінеді.
Адамды сүй, Алланың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде бұдан басқа? – деп Абай тегін жазбаған.
Түпсіз тұңғиық ғарышта шыркөбелек айналған жұлдыздар, планеталар әлемі, ай мен күннің жарығына жылынып, біздің тұрақты Мекеніміз секундына отыз мың шақырым шапшаңдықпен зырлап бара жатса, бұл абсолюттік шындық — Құдіреттің іс-әрекетінен хабар береді. Жер бетіндегі күмі құбылыс, әлі түгесіліп-таусылып бітпеген тіршілік иірімдері, адам баласының қазандай қайнаған, арпалыс пен алысқа, жеңіс пен жеңіліске толы өмірі, Абай айтқандай, сол құдіреттің хикметіне тұнып тұр. “Құдай тағала ешбір нәрсені хикметсіз жаратпады… Бәрінің хикметі бар, бәрінің себебі бар”. (Отыз сегізінші сөзден). Хикмет сырына үңіліп, танып-білу үшін де ақыл-парасат, білім-білікпен қатар ықылас-пейіл, құлшыныс, сүйіспендік керек.
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп — әділетті.

(Рисала)
Біздің ұлық Абайымыз айтпаған сөз қалған ба? Жасың ұлғайып, дүние
сырына бұрынғыдан тереңірек үңілген сайын Абайға барып жүгінуің жиілей
береді. Жаныңды қинаған сұрақтарға жауап іздейсің.

Мұндағы Махаббат - ғаламдық көлемдегі сүйіспеншілікті бейнелесе,
Ғадауат сол махаббатқа қарама-қарсы - жек көру, мейірімсіздік, қаскүнемдік,
дұшпандық деген ұғымдарды бейнелейді. Бұдан басқа Абайдың талқысына түсетін
Нәпсі деген сөз бар. Оның мағынасы тіпті жан-жақты: адамның ішкі жан
дүниесі, құштарлығы, құлқы-пейілі болып таралып кетеді. Махаббат. Ғадауат.
Нәпсі. Асылы гомо сапиенс аталатын саналы адамның өмірі осындай үш тағанға
тіреліп тұратын болса керек.
Абайдың айтуынша, Алла тағала әуелде адам баласын махаббатпен
жаратқан. Ендеше: “Кім өзіңе махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың
парыз емес пе?”. “Махаббаттың төлеуі — махаббат”. “Алла тағаланың пендесін
махаббат уә мархаматтан жаратқанын біліп, махаббатына махаббат пенен ғана
елжіремекті Құдайға ғашық болды дейміз”. (Отыз сегізінші сөзден). Жалғыз
Абайда емес, Шығыстың атақты ақындары Руми, Хәйәм, Хафиз, Жәми, Сағди
жырларында аспандатып дәріптелетін махаббаттың төркіні — күллі ғаламды, жан
иелерін жаратушы құдіретке құлшылық етуден бастау алады. Бұл ретте жаратушы
мен жаралушының арасындағы махаббат сипаттарын ақындық, философиялық
тілмен жеріне жеткізіп жырлаушының бірі — біздің ұлық бабамыз Ахмет Ясауи
екенін әркім білуге тиіс.
Махаббат — адам өмірінің тұғыры мен тіреуіші. Махаббат — өзіңді ғана
емес, ең алдымен өзгені сүю, қарапайым тілмен айтсақ, жақсы көру, ұнату.
Жаны ашу, мейірбандық, жақсылық істеу, қамқорлық көрсету осыдан шығады.
Көкірегін махаббат жайлаған адам — қашанда қайырымдылықпен, әділдікпен,
адалдықпен ауылдас отыруға тырысады. Ондай адамның кейде сырты байсал,
суықтау көрінуі мүмкін, бірақ іші — нәзік, сезімтал, сергек келеді. Ойынан
бұрын сезімі бас көтеретін де кездері бар. “Мұның арты қалай болар екен”
деп ойы тартпақтай бастаса, сезімі ілгері қарай сүйрелейді. Сөйтіп, бұлдыр
ойды мөлдір сезім тазалап жуып тұрады.
Дүниедегі бар жақсылық махаббатпен жасалады, махаббатпен нұрланады. Ең
арғысы сәулетті үй салып, бітік егін өсірсеңіз, жер қойнауын қопарып кеніш
көзін ашсаңыз кітап жазып, ою-өрнек тоқысаңыз да қаншама ой қуатын, жан
мейірімін жұмсайсыз. Өйткені, шын сүйіспендіктен туған дүние ғана құнды,
сұлу болмақ.

Түпсіз тұңғиық ғарышта шыркөбелек айналған жұлдыздар, планеталар
әлемі, ай мен күннің жарығына жылынып, біздің тұрақты Мекеніміз секундына
отыз мың шақырым шапшаңдықпен зырлап бара жатса, бұл абсолюттік шындық —
Құдіреттің іс-әрекетінен хабар береді. Жер бетіндегі күмі құбылыс, әлі
түгесіліп-таусылып бітпеген тіршілік иірімдері, адам баласының қазандай
қайнаған, арпалыс пен алысқа, жеңіс пен жеңіліске толы өмірі, Абай
айтқандай, сол құдіреттің хикметіне тұнып тұр. “Құдай тағала ешбір нәрсені
хикметсіз жаратпады... Бәрінің хикметі бар, бәрінің себебі бар”. (Отыз
сегізінші сөзден). Хикмет сырына үңіліп, танып-білу үшін де ақыл-парасат,
білім-білікпен қатар ықылас-пейіл, құлшыныс, сүйіспендік керек.
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп — әділетті.
Адамзатты сүю, әділетті сүю — бұдан асқан асыл мұрат болушы ма еді?
Өйткені, Абайша: “Ғадаләт — барша ізгіліктің анасы дүр. Ынсап, ұят — бұл
ғадәләттан шығады. (Отыз сегізінші сөзден). “Адамшылықтың алды махаббат,
ғадәләт, сезім. Бұлардың керек емес жері, кіріспейтұғын да жері жоқ. Бұл
ғадәләт, махаббат сезімі кімде көбірек болса, ол кісі — ғалым, сол ғақил”.
(Қырық бесінші сөзден). Демек, күллі адамгершілік қасиеттер, ізгілік, ар-
ұят, қанағат-ынсап — махаббат анадан туады екен.
Бұл ғана емес. Кемеңгер Абай саналы адамзат өмірінде жиі ұшырасатын
жамандықтарды махаббатпен емдеуге болады деп сенген. Оқиық: “Күллі адам
баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Әуелі — надандық, екінші — еріншектік,
үшінші — залымдық. Надандық — білім, ғылымның жоқтығы. Дүниеде ешбір
нәрсені оларсыз біліп болмайды. Еріншектік — күллі дүниедегі өнердің
дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік — бәрі осыдан
шығады. Залымдық — адам баласының дұшпаны. Бұлардың емі — халлақына
махаббат”. (Отыз сегізінші сөзден).
Әрине, жөнге көшіп, түзелуге келетіндерді махаббатпен емдегенге не
жетсін!
Бұл өмірдің қызығы — махаббатпен,
Көрге кірсең үлгілі жақсы атақпен, – деп Абай тағы дұрыс жол сілтейді.
Әдетте махаббатты түр-түрге бөліп жатады. Соның ішіндегі ең зорларының
бірі — Отанға, туған жұртыңа деген сүйіспеншілік сезімі. Пайғамбарымыз
Мұхаммедтің (с.ғ.с.) хадисінде бар: “Мен егер адам өз жақынын жақсы көрсе,
халқын да сүйген болып шыға ма деп сұрағанымда, Алланың елшісі: “Жоқ, олай
емес. Жамандықтарына қарамай, халқына көмектескендер ғана соған лайық” деп
жауап берді”. (Убада Ибн Катир).
Атақты араб ғұламасы Ибн Қайум (ХІV ғ.) жазған “Дерт пен дауа” атты
көлемді кітаптың үштен бірі адамзат өмірінде кездесетін махаббат
ықылымдарын жан-жақты талдауға арналған. Негізінен теологиялық-
психологиялық тұрғыда түзілген бұл күрделі еңбекте шығыс ойшылы ақыл-ой
иесін билеп алатын сүйіспеншілік сезімдерін біздерше біржақты марапат
үлгісінде қарамай, қарама-қайшылықта, туу, өсу, даму, пайда-зиян сыйпаттар
турасында зерделеп, зерттейді. Адам жанының пернелерін дөп басып, махаббат
психологиясын ашуда әлі күнге шейін ескірмеген, бәлкім, жаңалықтай
көрінетін пікірлерге ден қоюға лайық. Ибн Қайум махаббатты саты-сатыға
бөліп қарастырады. Бірінші саты — “Ғаляка”, бұл бір-бірін ұнатқан
жүректердің жалғасуы, жолығуы, екінші саты — “ғишық”, бұл бір-біріне ерекше
ынтық, ынтызар халге түсу; үшінші саты — “шаук”, бұл бір-біріне жетуге
асығу, сағыныштан сарғаю; төртінші саты — “татайум”, бұл бір-біріне құлдық
ұру, бағыну; бесінші саты — “әл-хулля”, бұл мұратына жету, махаббаттың шегі-
шеті т.б. Бұдан басқа ғұлама о бастағы жаратылыстан туындайтын “табиғи
махаббат” түрлерін де атап өтеді. Олар: әйелге, балаға деген махаббат,
шөлдеген адамның — суға, аш адамның — ас-ауқатқа, шаршаған адамның — ұйқыға
ұмтылу себептерін де осы төңіректен іздейді.
Әйткенмен, Ибн Қайумның: “Махаббат адал әрі жан-жаратылысы таза, тілі
жұмсақ, кең пейілді, тәрбиелі, асыл текті адамдарға лайық”. Немесе:
“Махаббат қорқақты батыр, ақымақты есті, сараңды жомарт қылса, менмен
патшаларды қорлап, қатал мінезділерді тәубаға келтіреді”. “Досы жоққа дос,
жалғыздарға серік тауып береді”. Немесе: “Махаббат ауртпалықтан құтқарып,
жан тыныштығына жеткізеді, сансыраған санаңды ашып, жақсы іс-әрекеттеріңе
қанағат еткізеді” деген пайымдаулары қай заманға да, қай қоғамға да керекті
өнегелі сөздер екені хақ.
Махаббаттың пайда-зияны деген ұғымға қатысты кішкентай мысал. Бірде
пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) үй алдында жуынып-шайынып отырған көрінеді.
Сонда оның айналасына шашыраған су тамшыларын кейбір серіктері жинап алып,
беті-қолдарына жаға бастаса керек. “Бұларың қалай?” – деп сұрайды сонда
Расулалла. “Біз Алланы риза етіп, берекеге қолымызды жеткізу үшін осылай
істейміз,” – деп жауап береді серіктері. Қасындағылардың шексіз
махаббатынан туған құрметтеріне ризашылығын білдірудің орнына,
пайғамбарымыз сонда ренжіген сыңай танытып: “Сендер Алла мен оның елшісін
қуантпақ болсаңдар, мынадай үш түрлі амалды орындаңдар: әрқашан шындықты
айтып, уәденің үдесінен шығыңдар, адал көршінің қатарынан табылыңдар. Тек
осындай жолмен ғана Аллаға, оның елшісіне деген махаббаттарыңды
дәлелдейсіңдер,” – деген екен.
Махаббат иесінің әрдайым жолы бола бермейтіні түсінікті. Бұл жайында
Ахмет Яссауи жақсы айтқан:
Жапа шекпес ғашық болмас, тыңда ғапыл,
Жапа шеккің, сабыр еткің, болмай жәһіл.
(Ә. Жәмішеев аудармасы)
Махаббат — сүю болса, Ғадауат — жек көру. Бұл екеуі тіршілікте
қатарласып өмір сүреді. Тіпті жұмыр басты тірі адамның тұла бойында осы
екеуінің айқасы тынбай жүріп, әрқашан ит жығысқа түсіп жататыны да белгілі.
Абай жазғандай, түптің түбінде әлсіз жүректерді мұзға айналдыратын — сол
майдандасу. Өйткені, біз ет-жүректен жаралған пенде болғасын, нені жек көру
керек екенін үнемі анық ажырата білмейміз. Жек көру сезімінің де ар жағында
әділеттілік жату керектігін ескермейміз. Әдетте жек көрген адам бәрін
ұмытып кетеді. Осыдан барып асқына бастаған жек көрушілік мейірімсіздікке,
қаталдыққа, қаскүнемдікке ұласады. Мұндай жағдайда Махаббат жеңіліп,
Ғадауат жеңіске жетеді.
Адамзат ұрпағы саналы нәсіл-жұрт ретінде қауымдасқалы бергі уақытта
қыруар діни дүниетану ағымдары мен ең-ең ұлық ойшылдары құдіреттің әзірге
шейін бізге мәлімсіз ықтиярымен пайда болған тіршіліктің оты өшіп, біржола
құрдымға кетпеуі үшін киелі Махаббаттың жалынан мықтап ұстау қажет екенін
айтып, жазып келеді-ақ.
“Дүниені ұстап тұрған ұстын — махаббат,
Махаббат бар жерде ғана — өмір бар”.
М. Ганди.
“Махаббат демімен үрленбесе,
Тіршіліктің шырағы жанбас болар”.
Махмұмқұлы.
Осыған қарамастан, махаббат пен ғадауаттың майданы тоқтар емес. Сірә
ақырдың уақтысына шейін тоқтамайтын шығар.
Ең өкініштісі — қайсыбір замандарда, қайсыбір қауымдарда махаббаттың
үні әлсіреп, мейірім-шапағат азайып, қатыгездік, қаскүнемдік, дұшпандық
үстемдік құрады. Әділет іздеушілер құрыққа түсіп, қиянат жасаушылардың
желкенін жел көтеріп, жетістікке жетеді. Өйтетін себебі: адам баласын
бақытты, тыныш өмірге бастайтын тура жол — ынсап, қанағат сезімдері
ұмытылып, Нәпсі деген бір қарақұлақ қасқырдың жабайы инстиктісіне сүйенген
сайранына қосылып кететіндер саны әбден-ақ көбейеді. Әрине, осылайша тепе-
теңдіктің бұзылып, теріс құбылыстардың текірек атуына қайсыбір замандарда,
қайсыбір қауымдарда қалыптасқан әлеуметтік ақуалдың зардабы тиетіні
белгілі.
Нәпсі мұсылман елдері арасында ежелден адамның ішкі құлқы-пейілі
мағынасында айтылып келеді. Діни насихаттарда, кітаби ақындар
шығармашылығында ең жиі қайталанатын сөздің бірі де — “нәпсіңді тый!”,
әйтпесе “нәпсісі бұзылған” тақілеттес болған. Ал кең мағынасында — адамның
ішкі жан дүниесінің көрінісі, содан туатын құштарлықтар (орысша соблазнь,
страсти) аумағына сыйып жатады. Абай бұл ұғымды әрі қарай тереңдетіп,
алыстан орағытады. Ол бұл дүниедегі адам бойындағы жақсы-жаманды іс-
әрекеттер төркінін жан қуатынан іздейді. Егер зерделеп қарасақ, қазақ
ақынының даналық пайымдауларын оп-оңай тануға болады. Үзінділер оқып
көрейік:
“Жан қуаты дейтұғын қуат — бек көп нәрсе, бәрін мұнда жазарға уақыт
сыйғызбайды.
Бұл қуаттың ішінде үш артық қуат бер, зинһар, соны жоғалтып алу
жарамас. Ол жоғалса, адам ұғылы хайуан болды, адамшылықтан шықты.
Біреуі — ... не көрдің, не естідің, әрнешік білдің, соны тездікпен ұғып,
ұққандықпен тұрмай, арты қайдан шығады, алды қайда барады — сол екі жағына
да ақылды жіберіп қарамақ. Біреуі — не нәрсені естіп, көріп білдің, хош
келді, қазір соған ұққандарды тексересің. Үшіншісі, жүректі мақтаншақтық,
пайдакүнемдік, жеңілдік, салғырттық — бұл төрт нәрсе бірлән сақтаса, сонда
сырттан ішке барған әр нәрсенің суреті жүректің айнасына анық раушан болып
түседі.
Және әрбір жақсы нәрсенің өлшеуі бар, өлшеуінен асса, жарамайды...
ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ,
мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық — бұл нәрселердің бәрінің де
өлшеуі бар. Өлшеуінен асырса, боғы шығады”. (Қырық үшінші сөзден).
Біздіңше, адамның жан қуаты, содан туындайтын нәпсі құбылымдарына
берілген ең дұрыс бағаның бірі осы.
“Бүткіл дүние үздіксіз қозғалыс үстінде. Бірақ соның бәрі әрқилы
болады. Ал ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz