Салықтар елдің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз ету факторы



Салықтар елдің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз ету факторы ретінде

Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiленген, белгiлi бiр мөлшерде және мерзiмде бюджетке төленетiн қайтарусыз және өтеусiз сипаттағы мiндеттi ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәнi олардың өзiнiң функциялары мен мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн мемлекет жұмылдыратың ұлттық табыстың бiр бөлiгi болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар мемлекетпен бiрге пайда болды және мемлекеттiң өмiр сүрiп, дамуының негiзi болып табылады. Азамат дамуының бүкiл тарихы бойына салық нысандары мен әдiстерi өзгердi, игерiлдi, мемлекеттiң қажеттiлiктерi мен сұрау салуларына бейiмделедi. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесiнде айтарлықтай өрбiдi. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң қайта құрылуымен, жаңарумен қабаттаса жүредi.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси iс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кiрiстерiнiң негiзгi көзi – ұлттық табысты қайта бөлудiң басты қаржылық құралы, мемлекеттiң экономикалық мазмұны нақты түрде көрiнедi, ал салықтардың әлеуметтiк-экономикалық мәнi, олардың түрлерi мен рөлi қоғамның экономикалық құрлысымен, мемлекеттiң табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгiлi философ Френсис Бэкон салықтарлды төлеу – әрбiр адамзаттың қасиеттi борышы деген едi.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-шi бабында: заңды түрде белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу әркiмнiң борышы әрi мiндетi болып табылады,- деп жазылған.
Салықтарда ежелден салық жүктемесiн бөлудiң екi қағидаты қалыптасқан:
1. пайда (алынған игiлiктер) қағидаты;
2. «кайыр көрсету» (төлем қабiлеттiлiгi) қағидаты.
Алынған игiлiктерге және төлем қабiлеттiлiгiне салық салудың қағидаттарын пайдалану салық мөлшерлемелерiн белгiлеуге және табыстың өсуiне қарай олардың өзгеруiне саяды.
Салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын Адам Смит ұсынған едi. Олар мынаған саяды:
1. салық салық төлеушiнiң әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиiс (әдiлеттiлiк қағидаты) ;
2. салықтың мөлшерi мен оны төлеу мерзiмi алдын ала және дәл анықталуы керек (анықтылық қағидаты);
3. әрбiр салық салық төлеушi үшiн неғұрлым қолайлы уақытта және қолайлы әдiспен алынуы тиiс (анықтылық қағидаты);
4. салықты алудың шығындары өте аз болуы тиiс (үнем қағидаты).
Бұл қағидаттарды пайдалану салық салудағы зорлық-зомбылықты жоқ еттi, бұл процеске реттемелеудi енгiздi және Адам Смитке «салықтар – оны төлейтiндерге құлшылықтың нысаны емес, бостандықтың нысаны» деп қорытынды жасауға мүмкiндiк бердi. Салық салудың кейiнгi даму барысында қағидаттардың тұжырымдамалары дәлдендi, толықтырылды.
Тұңғыш рет Қазақстан Республикасында заңнамалық деңгейде салық салудың қағидаттары баянда етiлген. Қазақстанның салық заңнамасында сонымен бiрге салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеудiң мiндеттiлiгi, салық салудың айқындығы, әдiлдiгi, салық жүйесiнiң бiртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары негiзделедi.
Салық төлеушi салық заңнамасына сәйкес салықтық мiндеттемелерiн толық көлемiнде және белгiленген мерзiмдерде орындауға мiндеттi. Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiнденттi төлемдер айқын болуға тиiс. Салық салудың айқындығы салық төлеушiнiң салықтық мiндеттемелерi туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негiздерi мен тәртiбiн салық заңнамасында белгiлеу мүмкiндiгiн бiлдiредi.
Елiмiздегi салық салу жалпыға бiрдей және мiндеттi болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңiлдiктерiн беруге тыйым салынады. Қазақстанның салық жүйесi оның бүкiл аумағында барлық салық төлеушiлерге қатысты бiрыңғай болып табылады.
Салық салу мәселелерiн реттейтiн нормативтiк-құқықтық актiлер ресми басылымдарда мiндеттi түрде жариялануға жатады.
Мемлекетке түсетiн салық түсiмдерiнiң сипатты ерекшелiгi олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге кейiн иесiз пайдаланылуы болып табылады. Осымен салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа жергiлiктi органдар белгiлейтiн түрлi мiндеттi мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады; бұған әлеуметтiк сақтандыруға аударылатын қатаң мақсатты аударымдар, соның iшiнде бюджеттен тыс қорларға төленетiн жарналар мен аударымдар жатады, олар белгiлi бiр, ұзақ мерзiмдi көлемде өнiмнiң, жұмыстың және қызметтер көрсетудiң өзiндiк құнының, табыстан, еңбекке ақы төлеу қорынан, амортизациядан және басқа көздерден есептелiнедi.
Қазақстан Республикасындағы салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері мынадай:
1) салықтар:
 корпоративтік табыс салығы;
 жеке табыс салығы;
 қосылған құн салығы;
 акциздер;
 экспортқа рента салығы;
 жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;
 әлеуметтік салық;
 көлік құралы салығы;

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Салықтар елдің орнықты экономикалық дамуын
қамтамасыз ету факторы ретінде

Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет бiржақты тәртiппен заң
жүзiнде белгiленген, белгiлi бiр мөлшерде және мерзiмде бюджетке төленетiн
қайтарусыз және өтеусiз сипаттағы мiндеттi ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәнi олардың өзiнiң функциялары мен
мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн мемлекет жұмылдыратың ұлттық табыстың бiр
бөлiгi болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бiрге пайда болды және мемлекеттiң өмiр сүрiп,
дамуының негiзi болып табылады. Азамат дамуының бүкiл тарихы бойына салық
нысандары мен әдiстерi өзгердi, игерiлдi, мемлекеттiң қажеттiлiктерi мен
сұрау салуларына бейiмделедi. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына
әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесiнде айтарлықтай өрбiдi. Мемлекет
құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң қайта құрылуымен,
жаңарумен қабаттаса жүредi.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен
саяси iс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кiрiстерiнiң негiзгi көзi –
ұлттық табысты қайта бөлудiң басты қаржылық құралы, мемлекеттiң
экономикалық мазмұны нақты түрде көрiнедi, ал салықтардың әлеуметтiк-
экономикалық мәнi, олардың түрлерi мен рөлi қоғамның экономикалық
құрлысымен, мемлекеттiң табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Белгiлi философ Френсис Бэкон салықтарлды төлеу – әрбiр адамзаттың қасиеттi
борышы деген едi.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-шi бабында: заңды түрде
белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу
әркiмнiң борышы әрi мiндетi болып табылады,- деп жазылған.
Салықтарда ежелден салық жүктемесiн бөлудiң екi қағидаты
қалыптасқан:
1. пайда (алынған игiлiктер) қағидаты;
2. кайыр көрсету (төлем қабiлеттiлiгi) қағидаты.
Алынған игiлiктерге және төлем қабiлеттiлiгiне салық салудың
қағидаттарын пайдалану салық мөлшерлемелерiн белгiлеуге және табыстың
өсуiне қарай олардың өзгеруiне саяды.
Салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын Адам Смит
ұсынған едi. Олар мынаған саяды:
1. салық салық төлеушiнiң әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиiс
(әдiлеттiлiк қағидаты) ;
2. салықтың мөлшерi мен оны төлеу мерзiмi алдын ала және дәл
анықталуы керек (анықтылық қағидаты);
3. әрбiр салық салық төлеушi үшiн неғұрлым қолайлы уақытта және
қолайлы әдiспен алынуы тиiс (анықтылық қағидаты);
4. салықты алудың шығындары өте аз болуы тиiс (үнем қағидаты).
Бұл қағидаттарды пайдалану салық салудағы зорлық-зомбылықты жоқ
еттi, бұл процеске реттемелеудi енгiздi және Адам Смитке салықтар – оны
төлейтiндерге құлшылықтың нысаны емес, бостандықтың нысаны деп қорытынды
жасауға мүмкiндiк бердi. Салық салудың кейiнгi даму барысында қағидаттардың
тұжырымдамалары дәлдендi, толықтырылды.
Тұңғыш рет Қазақстан Республикасында заңнамалық деңгейде салық
салудың қағидаттары баянда етiлген. Қазақстанның салық заңнамасында сонымен
бiрге салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеудiң
мiндеттiлiгi, салық салудың айқындығы, әдiлдiгi, салық жүйесiнiң
бiртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары негiзделедi.

Салық төлеушi салық заңнамасына сәйкес салықтық мiндеттемелерiн толық
көлемiнде және белгiленген мерзiмдерде орындауға мiндеттi.
Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да
мiнденттi төлемдер айқын болуға тиiс. Салық салудың айқындығы салық
төлеушiнiң салықтық мiндеттемелерi туындауының, орындалуының және
тоқтатылуының барлық негiздерi мен тәртiбiн салық заңнамасында белгiлеу
мүмкiндiгiн бiлдiредi.
Елiмiздегi салық салу жалпыға бiрдей және мiндеттi болып табылады.
Жеке сипаттағы салық жеңiлдiктерiн беруге тыйым салынады. Қазақстанның
салық жүйесi оның бүкiл аумағында барлық салық төлеушiлерге қатысты
бiрыңғай болып табылады.
Салық салу мәселелерiн реттейтiн нормативтiк-құқықтық актiлер ресми
басылымдарда мiндеттi түрде жариялануға жатады.
Мемлекетке түсетiн салық түсiмдерiнiң сипатты ерекшелiгi олардың сан
алуан қоғамдық қажеттерге кейiн иесiз пайдаланылуы болып табылады. Осымен
салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа жергiлiктi органдар белгiлейтiн түрлi
мiндеттi мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады;
бұған әлеуметтiк сақтандыруға аударылатын қатаң мақсатты аударымдар, соның
iшiнде бюджеттен тыс қорларға төленетiн жарналар мен аударымдар жатады,
олар белгiлi бiр, ұзақ мерзiмдi көлемде өнiмнiң, жұмыстың және қызметтер
көрсетудiң өзiндiк құнының, табыстан, еңбекке ақы төлеу қорынан,
амортизациядан және басқа көздерден есептелiнедi.
Қазақстан Республикасындағы салықтың және бюджетке төленетін басқа
да міндетті төлемдердің түрлері мынадай:
1) салықтар:
– корпоративтік табыс салығы;
– жеке табыс салығы;
– қосылған құн салығы;
– акциздер;
– экспортқа рента салығы;
– жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;
– әлеуметтік салық;
– көлік құралы салығы;
– жер салығы;
– мүлік салығы;
– ойын бизнесі салығы;
– тіркелген салық;
– бірыңғай жер салығы;
2) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:
– мемлекеттік баж;
– алымдар;
– тіркеу алымдары;
– автокөлік құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргені үшін
алым;
– аукционнан алынатын алым;
– жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
– телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін
пайдалануға рұқсат беру үшін алым;
мыналар:
– жер учаскесін пайдаланғаны үшін;
– үстіңгі көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшін;
– қоршаған ортаға эмиссия үшін;
– жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін;
– орманды пайдаланғаны үшін;
– ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін;
– радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін;
– қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ
ұялы байланысты бергені үшін;
– кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін;
– сыртқы (көрінетін) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылар
қолданылады.
Салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң
сомасы Бюджет жүйесi туралы Заң мен тиiстi жылға арналған республикалық
бюджет туралы заңда белгiленген тәртiппен тиiстi бюджеттердiң кiрiсiне
түседi.
Салық жүйесi өзiнiң құрамына мемлекеттiк салық службасының- Қаржы
министiрлiгiн, облыстардағы, аудандардағы, қалалардағы және қаладағы
аудандардың салық комитеттерiн қамтиды. Салық службасы органдары салық және
бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң толық түсуiн, мiндеттi
зейнетақы жарналарының толық және дер кезiнде аударылуын қамтамассыз ету
жөнiндегi, сондай-ақ салық төлеушiлердiң салықтық мiндеттемелерiн
орындалуына салықтық бақылауды жүзеге асрады.
Алдағы орта мерзімді кезеңде фискалдық саясат жедел қалпына келтіруді
қамтамасыз ету және экономиканың одан әрі сапалы өсуі үшін әлемдік
экономикалық және қаржы дағдарысының салдарын еңсеру, мемлекеттік басқару
мен жоспарлау жүйесін сауықтыру және оны жетілдіру жөніндегі шараларды
қамтитын үш деңгейлі бағыт бойынша бір мезгілде жүргізіледі:
Бірінші бағыт – экономиканы қолдау жөніндегі бірінші кезекті шаралар ел
азаматтарының тұрмыс деңгейінің жоғарылауын және жұмыссыздықтың өсуіне жол
бермеуді қоса алғанда, әлеуметтік проблемаларды шешу салаларында осыған
дейін қабылданған шараларды іске асыруды жалғастыруды, қаржы секторын
тұрақтандыруды, жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешуді, шағын
және орта бизнесті қолдауды, агроөнеркәсіп кешенін дамыту мен инновациялық,
индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде мемлекеттік және
ұлттық холдингтердің күшімен іске асыруды көздейді. Жекелеген салық
ставкаларын азайтуды қоса алғанда, салық саясатын жетілдіру жөніндегі іс-
шаралар жалғасады. Бұдан басқа, жағдайға байланысты жедел әрі икемді түрде
бюджет саясатын түзететін икемді шешімдер, оның ішінде бюджет параметрлерін
нақтылау шаралары қолданылатын болады.
Екінші бағыт – мемлекеттік қаржыны сауықтыру мемлекеттік жоспарлаудың
нақты жігіне сәйкес бюджеттік жоспарлауды жүзеге асыруды көздейді:
мемлекеттік мақсаттар – мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттары –
тактикалық міндеттер – іс-шаралар – ресурстар – бюджет. Өз кезегінде,
бюджет оңтайлы шараларды және экономикаға оң әсер ететін орта мерзімді және
ұзақ мерзімді келеңсіз салдарларға – инфляцияға, бюджет тапшылығының күрт
өсуіне әкеп соқпайтын бюджет қаражатының көлемін айқындауға құрылады.
Сондай-ақ 2009 жылы шығыстарды оңтайландыру нәтижесіне қысқартылған
бюджеттің ағымдағы шығындарының өсуін тежеуді, инвестициялық жобаларды
басталған жобаларды аяқтау және жаңаларын іске асырудың, оның ішінде
әртүрлі бағыттар бойынша қаржыландыруға көптеген жобаларды алу себебінен
созылуына жол бермеу арқылы іске асыруды реттеуді көздейді.
Үшінші бағыт – дағдарыстан кейінгі кезеңде экономиканың сапалы өсуінің
негіздерін қамтамасыз ету, ол бір жағынан бюджеттік қаржыландырумен, екінші
жағынан экономикалық саясаттың жеке меншік инвестициялардың деңгейін, басым
бағыттар бойынша жұмыспен қамтуды арттыруға, сондай-ақ экономиканың
құрылымын тиісті өзгертулерге және тиісті салалардағы экспорттың үлесін
арттыруға бағытталған реттеу шараларымен бекітілетін орта мерзімді және
ұзақ мерзімді жоспарлаудың нақты басымдықтарын тұжырымдауды көздейді.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
(Салық кодексі) жаңа Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа
енгізілді, ол экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға, бизнесті
көлеңкеден шығаруға ықпал етеді.
Жаңа Салық кодексі:
– экономиканың шикізат емес секторына түсетін жалпы салық жүктемесін
азайту;
– экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға ықпал ететін жағдай
жасау;
– салықтық әкімшілендіруді жетілдіру және салықтық рәсімдерді оңайлату
есебінен бизнес жүргізу үшін жағдайды жақсарту.
Төмендегі нормалар Салық кодексінің барынша маңызды әрі концептуалдық
негізгі тұстары болып табылады:
Салықтық жүктемені төмендету мақсатында 2009 жылдан бастап
корпоративтік табыс салығының ставкасы 30 % -тен 20 %-ке дейін төмендеді.
Корпоративтік табыс салығының ставкасының төмендеуіне қосымша
инвестициялық салық преференцияларын алу тәртібі айтарлықтай жеңілдетілді,
инвестициялық салық преференциялары корпоративтік табыс салығы бойынша ғана
берілетін болады. Жеңілдік үш жылға дейінгі кезең ішінде инвестицияларды
жедел шегеру нысанында қолданылады.
Сонымен бір мезгілде зияндарды өтеудің мерзімі 3 жылдан 10 жылға дейін
ұзартылады, бұл инвестициялық жеңілдіктердің артықшылықтарын толығынан
пайдалануға мүмкіндік береді;
2009 жылдан бастап қосылған құн салығының ставкасы 13%-тен 12 %-ке
дейін төмендеді. 2009 жылдан бастап дебетті сальдо деп аталатын, яғни
тауар беруші төлеген ҚҚС сомасының сатып алушы төлеген ҚҚС сомасынан
асқанын қайтару туралы ереже енгізілді. Бұл шара салық төлеушінің тауар
берушілерге төлеген, әсіресе негізгі құралдарды жаңғырту мен жаңарту
кезеңінде төлеген ҚҚС нысанындағы айналым құралдарын тоқтатып қоюды жоюға
бағытталған.
Тіркеуге міндетті түрде қою кезінде қосылған құн салығы бойынша
минималды айналым шегі 15 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен
30 000 еселік мөлшерге дейін жоғарылатылды, бұл шағын бизнеске салықтық
және әкімшілік жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді.
Әлемдік қаржы дағдарысы себебінен экономиканы тұрақтандыру жөніндегі
бүгінгі жағдайда Салық кодексінде қаржы секторындағы салық салуға қатысты
бірқатар мәселелер көрініс тапты.
Атап айтқанда, 2009 – 2011 жылдар кезеңіне левередждің (жеткілікті
капиталдандыру ережесі) шекті коэффициентін ұлғайту есебінен сыйақыны
шегеру мөлшері қаржы ұйымдары үшін 7-ден 9-ға дейін, өзге де заңды тұлғалар
үшін 4-тен 6-ға дейін ұлғайтылды.
Шағын кредит ұйымдарына салық кезеңі ішінде берілген кредит сомасының
15 %-інен аспайтын күмәнді шағын кредиттердің орнына резервтер құру
жөніндегі шығыстардың сомасын шегерімге жатқызу құқығы берілді.
Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесі реформаланды.
Жер қойнауын пайдалану бөлігінде роялтиді пайдалы қазбаларды өндіру
салығымен (ПҚӨС) ауыстыру көзделген. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын
есептеу жер қойнауын пайдаланушы өндіретін пайдалы қазбалар көлемінің
әлемдік баға бойынша есептелген құнына қарай жүргізіледі. Бұл ретте,
рентабельдігі төмен, суландырылған, аз дебетті және өндірілген кен
орындарын игеретін жер қойнауын пайдаланушылар үшін Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысымен жеңілдікті ставкалар белгіленеді. Теңізшевройл
(ТШО) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен қолданыстағы Өнімді бөлу
туралы келісім-шарттан (ӨБК) басқа, барлық жер қойнауын пайдаланушылар үшін
келісім-шарттардың салықтық режимінің тұрақтылығы ережесі алынып
тасталды.
Әлеуметтік салықты реформалау шеңберінде 13-тен 5 %-ке дейінгі ставкасы
бар салықтың регрессивті шкаласынан 11 %-і ставкасымен жазық шкалаға көшу
жүзеге асырылды. Жеке табыс салығы бойынша бірыңғай ставка 10 % деңгейінде
сақталды.
Сондай-ақ салық кодексіне мүліктік салықтарды реформалау, айталық
барлық мүліктен жылжымайтын мүлікке дейін мүлікке салық салу базасы
қысқартылды, заңды тұлғалардың құны 120 млн. теңгеден астам қымбат бағалы
мүліктеріне ставкалар 0,5-тен 1%-ке дейін көтерілді, сондай-ақ көлік
құралдарына салықтарды есептеген кезде көлік құралдарына арналған түзету
коэффиценттері алынып тасталды.
Салықтық әкімшілендіру Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің болмыстарымен
сәйкестендірілді. Салықтық реформаның басқа да бағыттарымен қатар жаңа
Салық кодексі тікелей әсері бар заң болуға тиіс екендігі нақты айқындалды,
бұл ретте, ол әкімшілендірудің сапасы мен салық төлеушілердің мүдделерін
үйлестіруі тиіс. Осымен байланысты, Салық кодексіне салық салу саясатындағы
нормативтік құқықтық актілер барынша толық енгізілді, салық рәсімдері
оңайлатылды.
2010 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттің кірістері Салық
кодексінің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелерін ескере
отырып орта мерзімді кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің
болжамды параметрлері негізінде айқындалған.
Кірістерді есептегенде мемлекеттік басқару және мемлекеттік
мекемелердің қызметкерлердің жалақыларын 2010 жылы 1 шілдеден 25 %-ке, 2011
жылы 1 шілдеден 30 %-ке арттыру және Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік
қорына аударымдардың 2010 жылы 5%-ке дейін арттырудың нәтижесінде
әлеуметтік салықтың және 2010 – 2012 жылдары ең төменгі жалақы мөлшерінің
ұлғаюына байланысты жеке табыс салығының төмендеуі ескерілді.

2- кесте

Мемлекеттік бюджеттің кірістері ЖІӨ-ге %

Көрсеткіштер атауы 2010 жыл 2011 жыл 2012 жыл
Кірістер 14,2 15,2 15,0
Салықтық түсімдер 13,6 14,6 14,4
Салықтық емес түсімдер 0,4 0,4 0,4
Негізгі капиталды сатудан түскен 0,2 0,2 0,2
түсімдер

Ұлттық қорға жіберілетін бюджетке түсімдер көлемінің
2010 – 2012 жылдарға арналған болжамы макроэкономикалық көрсеткіштердің
болжамды параметрлері негізінде жасалған: мұнай өндіру, мұнайға әлемдік
баға, АҚШ долларына теңгенің бағамы, сондай-ақ алдыңғы жылдардағы
түсімдердің серпіні, ағымдағы жағдайды талдау.
2010 жылы Ұлттық қорға тікелей салықтардың түсімдері ЖІӨ-ге 7,9
% деңгейінде болжанып отыр, 2011 жылы – 8,3 %, 2012 жылы – 8,0 %.

4-сурет

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына тікелей салықтық түсімдердің
2010 ( 2012 жылдарға арналған болжамы

Мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің
болжамдары

Соңғы жылдар бойы Қазақстан экономикасы орнықты өсуді көрсетіп,
шоғырландырылған бюджеттің профицитін қамтамасыз етіп отырды. Атап айтқанда
осы біздің елімізге бүгінгі таңда әлемдік қаржы дағдарысының салдарын
жұмсартуға мүмкіндік берген резервтерді жинақтауға мүмкіндік берді.

5-сурет

2008 – 2012 жылдардағы шоғырландырылған бюджеттің
теңгерімі мен мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы

Алайда, бюджетке шығыс жүктемелерді азайту жөніндегі шараларды
қабылдамай жинақталған активтерді одан әрі пайдалану жүзеге асырылмайтын
болады. 2009 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінің өзінде
бірқатар бағыттар бойынша, оның ішінде орталық және жергілікті мемлекеттік
органдардың, холдингтердің, ұлттық компаниялардың, әлеуметтік кәсіпкерлік
корпорациялардың әкімшілік шығыстары, сондай-ақ оларды материалдық
техникалық жарақтандыру және күрделі жөндеу бойынша шығыстар қысқартылған,
тиісті шаралар басталған болатын.
Даму бюджетінің іске асырылу тәсілдері қайта қаралды, бұл да
инвестициялық жобалар бойынша шығыстарды оңтайландыруға және мемлекеттік
ұйымдардың жарғылық капиталын ұлғайтуға мүмкіндік берді.

6-сурет
2008 – 2012 жылдардағы мемлекеттік бюджеттің
кірістері мен шығыстары

Мемлекеттік бюджет кірісінің 2008 жылғы деңгейіне 2012 жылға қарай ғана
қол жеткізілетінін ескере отырып жоспарлы кезеңнің үш жылдық кезеңінде орта
есеппен 9,7 % қарқынын құраған мемлекеттік шығыстардың өсуін тежеу саясаты
жүргізілетін болады. Бұл мемлекеттік шығыстардың өсуі ЖІӨ өсу қарқынынан
жоғары болмайтындығын білдіреді.
7-сурет
2008 – 2012 жылдардағы мемлекеттік бюджет шығыстарының
және ЖІӨ өсуінің қарқыны

2009 жылы мемлекеттік шығыстар көлемінің төмендеуіне қарамастан және
2010 жылдан бастап олардың болмашы өсуіне байланысты, бюджет саясаты
мемлекет қабылдаған барлық міндеттемелердің, ең бірінші кезекте бұл
әлеуметтік міндеттемелер, сондай-ақ жұмыспен қамтуды қоса алғандағы ел
халқын әлеуметтік қолдауға жанама әсерін тигізетін іс-шараларды толық және
уақтылы жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын жұмылдыру мен шоғырландыруға
бағытталатын болады.
Осылайша, орта мерзімді перспективада бюджеттің әлеуметтік бағыттылығы
сақталатын болады және мемлекеттік шығыстарды жоспарлаған кезде Қазақстан
азаматтарының әл-ауқатының артуы, атап айтқанда оларды әлеуметтік қолдау,
денсаулығы мен білімі, сондай-ақ экономиканың дағдарыстан кейінгі сапалы
өсуі үшін жағдай жасау негізгі басымдықтар болып табылады.
Мемлекеттік бюджеттің шығыстарын болжаған кезде Мемлекет басшысының
Қазақстан халқына жыл сайынғы Қазақстан халқының әл ауқатын арттыру –
мемлекеттік саясаттың басты мақсаты, Дағдарыстан жаңару мен дамуға
жолдауларында айтылған тапсырмаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар
ескерілді.
Мемлекеттік бюджет тапшылығының параметрлері түсімдердің болжамды
көлемдері мен бюджет шығыстарының негізінде бюджеттің теңгерімділігін
қамтамасыз ету қажеттілігін есепке ала отырып айқындалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің саясаты қаржы дағдарысының тұтастай
экономикаға салдарын жұмсарту мәселелерін таяудағы уақытта шешуге және
борышқа қызмет көрсетуге арналған шығыстардың өсуінен барынша бюджетке
түсетін жүктемеге жол бермейтін бюджет тапшылығының оңтайлы деңгейін
қамтамасыз етуге арналған.
8-сурет
Үкіметтік қарыздар есебінен мемлекеттік бюджет
тапшылығын қаржыландыру

Мемлекеттік және республикалық бюджеттердің 2010 – 2012 жылдарға
арналған параметрлерінің болжамы қосымшада көрсетілген.
2008 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шикізат ресурстарына
қолайсыз баға конъюнктурасы болған жылдары мемлекеттік шығыстарды
қаржыландыруға арналған тұрақтандыру функциясы алғаш рет іске асырылды.
2008 – 2009 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан
республикалық бюджетке 607,5 млрд. теңге және тиісінше нысаналы трансферт
түрінде 347,9 млрд. теңге бөлінді. 2008 жылы осы қаражат бәсекеге
қабілеттілікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру және Қазақстан
Республикасының Ұлттық экономикасын орнықты дамыту үшін Самұрық-
Қазына ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамының жарғылық капиталын
ұлғайтуға бағытталды. 2009 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009
жылға арналған Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы
Дағдарыстан жаңару мен дамуға (Жол картасы) Жолдауын іске асыру жөніндегі
іс-қимыл жоспарының іс-шараларын іске асыруға бағытталып отыр.
2010 – 2012 жылдары Ұлттық қор активтерін жеп қоюды болдырмау үшін
жоспарланган жылдың алдындағы жыл соңының қор активтерінің белгіленген 13
бөлігі шегінен шықпай, тек ғана кепілдендірілген трансфертті тарту жолымен
Ұлттық қор қаражатын пайдалануды шектеу саясаты жүргізілетін болады.
9-сурет

Мемлекеттік бюджет түсімдерінің жалпы көлеміндегі Ұлттық қордың
кепілдік берілген және нысаналы трансферттер түріндегі тартылатын
қаражатының үлесі

2009 жылдың 1 қаңтарына жинақталған Ұлттық қор активтерінің деңгейі
сақталатын болады, ал экономика дамуының базалық сценарийін ескере отырып
оларды, соның ішінде 2010 – 2011 жылдары да аз қарқынмен болса да өсіру
жалғасады.
Болжамға сәйкес, Ұлттық қор активтерінің көлемі 2012 жылдың соңына 4,7
трлн. теңгені немесе 2008 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге ұлғая отырып, 31
млрд. АҚШ долларын құрайды.

10-сурет

Ұлттық қор активтерінің серпіні

Инвестициялық саясат 2010 – 2012 жылдары әлеуметтік-экономикалық
жағынан неғұрлым маңызды, экономикаға және халықтың жұмыспен қамтылу
деңгейін қолдауға барынша мультипликациялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МӘНІ, МАҚСАТТАРЫ, ҚҰРАЛДАРЫ
Макроэкономикалық саясат түсінігі және оның мақсаттары
Салықтар елдің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз ету факторы ретінде
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешудегі бюджеттің рөлі
Аймақ экономикасын мемлекеттік реттеу
МЕМЛЕКЕТТІҢ САЛЫҚ САЯСАТЫ ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУДЕГІ САЛЫҚТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Транзиттік экономика
Сақтандыру және рыноктық экономикадағы қаржының өзекті проблемалары
Экономикадағы көлік саласы
Фискалдық саясаттың қабылданатын шараларының уақыттылығы
Пәндер