Коммерциялық банктің инвестициялық операциялық теориялық негіздері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

І -тарау Коммерциялық банктің инвестициялық операциялық теориялық негіздері

1. 1 Инвестиция түсінігі және инвестициялық операциялық экономикалық мәні.

1. 2 Инвестициялық жіктелуі

1. 3 Шетел тәжірибесі, ЕДБ-ң инвестициялық қы

ІІ- тарау Коммерциялық банктің инвестициялық талдау (БТА тәжірибесі)

2. 1 Коммерциялық банк бағалы қағаздармен операциялық бағалау

2. 2 «БТА» банктің инвестициялық қызметін талдау 2006-2007-2008 ж.

2. 3 «БТА» инвестициялық кіріс пен шығысы, инвестициялық пайда көздері.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Жұмыс тақырыбының өзектілігі. 1998ж. бастап Қазақстан экономикасында қалыпты экономикалық өсу көрініс алып отыр. Бұндай жағдайдың көрініс табуына жоспарлық - әкімшілдік жүйенінің түрленуі, экономикаға келесі нарықтық механизмдердің енуі: еркін бағалар, меншікті мемлекет иелігінен алу, экономиканы демонополияландыру, бәсекелестіктің дамуы, сыртқы экономикалық әрекеттің ырықтануы, банктік - қаржылық жүйенің реформалануы, қор нарығының пайда болуы және инвестициялық әрекеттің жоғарылауы күшті әсерін тигізді.

Тәуелсіздіктің бірінші кезеңінен бастап шетелдік инвестицияларды тартуға қолайлы жағдайлар туғызылады. 1993-2006 ж. ж. аралығында ел экономикасына шетел инвестицияларының 46 млрд. долл. астам көлемі тартылған. Жан басына шаққандағы ТШИ көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде жоғарғы орындарға ие.

Дегемен, шетел инвестицияларын экономикаға тарту мәселесі әлі де өзекті. Бұған себепші келесі факторлар: Біріншіден, экономикалық жүйені реформалау кезеңінде ішкі қаржылық ресурстар азайып кетіп, экономика салалары өзінің өндірістік аппаратын жаңарта алмады. Екіншіден, өңдеуші саладағы инвестиция көлемі әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығаруға жеткіліксіз.

Инвесторлардың көзқарастары экономиканың нақты қажеттеріне сай еместігінен инвестициялардың жеткіліксіздігі орын алып отыр. Өнеркәсіптің еркін қаржылары күнделікті қажеттіліктерге жұмсалып отыр. Сонымен қатар, коммерциялық банктер әлі де экономиканың нақты секторын қаржыландыру көзі болмай отыр.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономикалық өсу шетел капиталының әсерінен болады. Бірақ, шетел инвесторлары үшін шикізат өндіруші салалар, әсіресе, мұнай-газ салалары басымды болып отыр. Осындай жағдайда экономиканың қалыпты және қарқынды дамуы қолайлы инвестициялық саясатқа тәуелді. Экономикалық дамудың, құрылымдық қайта құруды ұтымды жүзеге асырудың, әлемдік нарықта бәсекелестік позицияларды бекітудің қажетті шарты болып инвестициялық ресурстар табылады. Оңтүстік-Шығыс Азияның “жаңа индустриалды елдері” экономикалық феноменінің пайда болуы, қазіргі заманғы ғылыми негіздегі салалардың кең бағытта дамуға көшуі бұл елдер экономикасындағы инвестицияның қарқындап өсуінің арқасында мүмкін болды.

Сондықтан мемлекет шетел инвестицияларын тартудың бағыттарының басымдылығын белгілеу керек. Шетел инвестициялары Қазақстан экономикасының бәсеке қабілеттілігін жоғарылататын факторға айналуы қажет. Шетелдік инвестицияларды мемлекеттік реттеу күшейген сайын Қазақстан шын мәнінде әлемдегі ең бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіреді. Оған дәлел 2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның ішкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда « Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді» деп айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге, басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс.

Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тартудың қазіргі беталысы мен заңдылықтары отандық өндірістің мақсаттары мен міндеттеріне сай емес және оның күшті бәсекелестік ортада қарқынды дамуына әкеліп соқпайды. Экономиканы инвестицияландыру теориясының тәсілдері, ішкі инвестициялық қорларды пайдалануды жандандыру мәселелері, инвестицияландырудың басымды бағыттарын анықтау әлі де толықтай зерттелмеген. Сонымен, мәселенің өзектілігі, зерттеудің теориялық, тәжірибелік маңызы және бұл бағыттың толықтай зерттелмегендігі дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауға себебші болды. Осыған байланысты жұмыстың келесі мақсаты мен міндеттері анықталды.

Диплом жұмысының мақсаты: Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметін және оның дамуын талдау. Мысалыға Банк Туран Алем алынған.

Диплом жұмысының міндеттері:

-шетел инвестицияларын тартудың қажеттілігін анықтау;

-«инвестиция» терминінің мәні мен қызметін талдау;

-коммерциялық банктің бағалы қағаздардың операциялық бағалау.

-БТА банктің инвестициялық қызметін талдау;

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І -тарау Коммерциялық банктің инвестициялық операциялық теориялық негіздері

1. 1 Инвестиция түсінігі және инвестициялық операциялық экономикалық мәні.

“Инвестиция” немістің “invesition” деген сөзі және бұл кәсіпорынға пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді.

Батыс елдері экономикалық теория мектептері инвестициялау процесін былай түсінген: кез келген қаржыны жұмсаудың мақсаты табыс, пайда немесе пайдалылық табу. Бұған акция, облигация, жинақ серификаттары, сақтық және зейнеткерлік қорға және басқаларға жұмсалған шығындар да жатады.

Инвестиция қайнар көзіне өнеркәсіп кәсіпорынының көптеген пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттің ақшалай қаржылары, яғни мемлекеттің табыстары жатады. Одан барлық шығындарын алып тасталынады. Тұтынуға кетпеген барлық ресурстар - жинақталған ресурстар болады. Олар инвестиция ретінде жаңа кәсіпорынды салуға, жол құрылысына, денсаулық сақтау, оқу-ағарту, мәдени объектілеріне бағытталады, яғни капиталдың қорлануына жұмсалады. Қорлану теориясын К. Маркс “Капиталдың” бірінші томында қарастырады, онда капиталдың қорлануының мәні мен механизмін ашады, ол өз кезегінде оның органикалық құрылымын өзгертеді және жұмыссыздықты тудырады.

Инвестиция теориясын ағылшын экономисі Дж. Кейнс өзінің “Енбекпен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы” (“1936 ж. ) еңбегінде қарастырды, онда инвестицияны өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты факторы ретінде анықтайды. Инвестицияның өсуі ұллтық табыстың үлғаюына, өндіріске қосымша жұмыскерлерді тартуға ықпал етеді, яғни жұмыссыздықты жояды.

Инвестицияның тиімділігін анықтау үшін оларды қол жеткен нәтижелермен салыстыру керек. Күрделі қаржының тікелей нәтижесі болып негізгі қорды іске қосу болады. Ал, инвестицияның түпкі нәтижесі ұлттық табыстың өсуі болмақ.

Инвестиция тиімділігінің артуы дегенміз ең аз инвестиция мөлшерімен нәтижесі бір өнімге деген инвестицияның жеке үлесінің азаюында қоғам үшін қажетті арттыруға былай қол жеткізіледі:

  • инвестицияның техникалық құрылымен жақсарту, бүл жабдықтарға шығындар оның жеке үлесінің артуын көрсетеді;
  • жұмыс жасап тұрған кәсіпорында техникалық қаруландыру мен реконструкциялауға және жаңа құрылыстың салынбауында күрделі қаржының жеке үлесінің артуы;
  • жаңа объектілерін салу мерзімін қысқарту.

Инвестиция тиімділігін арттырудың басты құралы техникалық прогрес болып табылады. Жаңа техниканы ендіру оны экономикалық тиімділігін анықтау қажеттілігін қарастырады және оның пайдалы тиімділігінің ескісімен салыстырғанда мына көрсеткіштермен айқындылмақ: машина, станоктың қуаты мен өнімділігі, ондағы детальдарды дәл өндеу және т. б. Сондай-ақ, пайдалы тиімділігінің басты элементі еңбек кауіпсіздігі, қызмет жасаудың ыңғайлығы, енбек тиімділігін арттыру және оны женілдету болып табылады. Инвестиция деп қаражаттарды ұзақ мерзімге белгілі бір салаға пайда табу мақсатында салуды білдіреді. Инвестициялық қызметке банктер делдал ретінде қатысады. Банктер өздерінің инвестициялық қызметінде тиімді инвестициялық саясат жасай отырып жүзеге асырады. Банктердің инвестициялық саясатты инвестиция портфелін басқару бойынша стратегияны құру және іске асыру шараларын, қалыпты қызметті, табыстылықты арттыру, банк балансының өтімділігін қамтамасыз етубағытында портфельді және тура инвестициялардың оптималды құрылымына жетуді білдіреді. Банктың инвестициялық саясатты банктың басқармасымен жасалады. Инвестициялық саясаттың басты элементтерінің бірі - банктың валюта - қаржылық портфелін, соның ішінде инвестициялық портфелін басқарудың тактикасы мен стратегиясын жасау болып табылады. Инвестициялық портфель бұл - банктің заңды тұлғалардың, басқа банктердің және бағалы қағаздардың салған қаражаттарының жиынтығы. Инвестициялық портфельдің оңтайлы критерийлердің - бұл операциялардың табыстылығы мен өтімділігі болып табылады. Банктердің инвестициялық портфельдерін басқарудың әр түрлі бағыттары және принциптері қолданады. Көп таралған принциптердің қатарына бағалы қағаздарды өтеудің «баспалдықтылық» принципін жатқызуға болады. Бұл принцип бойынша өтелген бағалы қағаздардан түскен қаражаттарды максималды өтеу мерзімі бар бағалы қағаздарды қайта инвестициялау. Банктердің белгілі бір мерзімге пайда табу мақсатында бағалы қағаздармен операциялары банк инвестициялары ретінде қарастырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктің инвестициялық талдауы (БТА тәжірибесі)
Тәуекелді басқару негіздері
Ақша қаражаттарының аудиті
Коммерциялық банктегі ақша қаражаттары
Банктің қаржы ресурстарын қалыптастыру және оны тиімді пайдалану
Банктік құқық және банк жүйесінің теориялық аспектілері
Коммерциялық банктердің депозиттік ресурстары
Банк балансының активтердің құрылымын анықтау
Коммерциялық банктің қызметін талдау және бағалау
Коммерциялық банктер қызметін ұйымдастыру мен дамытудың теориялық аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz