Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті (Тарих. Теория. Практика)


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 37. 013. 43(=512. 122) Қолжазба құқығында

БАХТИЯРОВА ГҮЛШАТ РАХМЕТЖАНҚЫЗЫ

Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті

(Тарих. Теория. Практика)

13. 00. 01 - Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Түркістан, 2010

Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған

Ғылыми кеңесшісі: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор С. А. Ұзақбаева

Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы

профессор Ж. Асанов

педагогика ғылымдарының докторы

профессор И. Р. Халитова

педагогика ғылымдарының докторы

профессор Т. М. Әлсатов

Жетекші ұйым: Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті

Қорғау 2010 жылы «» сағат __ Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д. 14. 61. 35 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді. Мекен-жайы: (161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы, кіші мәжіліс залы) .

Диссертациямен Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы.

Автореферат 2010 жылы «» таратылды.

Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы Мухамеджанов Б. Қ.


К І Р І С П Е

Зерттеудің көкейкестілігі. Соңғы онжылдықтарда Қазақстан қоғамының саяси-әлеуметтік, экономикалық саласында болып жатқан өзгерістерге байланысты халықтың дәстүрлі педагогикалық мәдениетінде қалыптасқан озық тәжірибелерді зерттеп, зерделеуге аса назар аударылып отыр. Бұны елбасы Н. Ә. Назарбаевтың: «Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз» деген Қазақстан халқына арнаған Жолдауы да, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының «жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде, жастардың өз Отанына сүйіспеншілігін, халық дәстүрлеріне құрметін тәрбиелеу» қажет деген жетекші міндеттері де дәлелдейді.

Қазақ халқының дәстүрлі педагогикасы тарихи-мәдениет тәжірибесі ретінде де, рухани мұра ретінде де аса қызығушылық туындатады, өйткені халықтың және халық арасынан шыққан ұлы ғұламалардың дүниетанымдық көзқарастары мен құнды идеяларын дәстүрлі педагогикалық мәдениетті зерттеу арқылы ғана танып білуге болады. Бұл тұрғыда тұлға тәрбиесінің күрделі міндеттерін шешудегі мұғалімнің рөлін, оның этнопедагогикалық мәдениетін көтеруге ықпал ететін қоғамның дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің құндылықтарын шығармашылықпен тарататын білімнің маңыздылығы артады.

Тарихи-педагогикалық зерттеулерге жасаған талдау дәстүрлі мәдениетке бірқатар ұлы классик педагогтардың (Я. А. Коменский, И. Г. Песталоции, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин және т. б. ), кеңес педагогикасы өкілдерінің (А. С. Макаренко, С. Т. Шацкий, Л. Н. Толстой, В. А. Сухомлинский және т. б. ), қазақ ағартушылары мен қоғам қайраткерлерінің (Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев және т. б. ) аса назар аударғанын, тәрбиенің халықтық негізін және халық тәрбиесі құралдарының педагогикалық тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеп, негіздегенін, сондай-ақ өз еңбектерінде ұтымды пайдаланғанын көрсетеді.

Халықтың дәстүрлі педагогикалық мәдениетін түрлі қырынан және «халық педагогикасы», «этнопедагогика» ұғымдары негізінде талдап, қарастырған зерттеу жұмыстары ТМД елдерінде де, Қазақстанда да баршылық. Олардың бірі халық педагогикасы мен этнопедагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін, идеялық мәнін, ондағы тәрбие мазмұнын (Г. Н. Волков, А. И. Ханбиков, А. Э. Измайлов, Л. Христова, С. Ұзақбаева, С. Қ. Қалиев, К. Ж. Қожахметова, Ж. Асанов, Қ. Шалғынбаева, Р. Жанабаева және т. б. ) қарастырса, екіншісі , өткендегі ойшылдар мен ағартушы-педагогтардың халық педагогикасына көзқарасын, құнды педагогикалық идеяларына (Д. Лордкипанидзе, Н. Сафаров, Қ. Б. Жарықбаев, А. Кубесов, Т. Әлсатов, И. Халитова және т. б. ) жан-жақты сипаттама береді.

Бірқатар ғалымдардың іргелі жұмыстарында (Л. Манонов, Г. Убайдуллаев, Т. Қышқашбаев, Р. Төлеубекова, Қ. Бөлеев, Қ. Ералин, Ұ. Әбдіғапбарова және т. б. ) халық педагогикасы мен этнопедагогика материалдарын жоғары оқу орындарында пайдалану жолдары қарастырылып, ғылымға негізделген тұжырымдамалар, әдістемелер ұсынылады.

Х. Пирлиев, Ж. Орозбаев, В. Баймурзина, А. Бердиев, Т. Қоңыратбаева, Ә. Ашайұлы, Ұ. Асанова, Ж. Наурызбай, Р. Дүйсембінова, Ш. Құлманова, Р. Сқақова және т. б. ғалымдар халық тәрбиесінің озық дәстүрлерін мектептің оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың тиімді формаларын, әдіс-тәсілдерін қарастырады.

Халық педагогикасында қыздарға адамгершілік, адамгершілік-жыныстық және моральдық-этикалық тәрбие беру мәселесіне Я. Рахманова, А. Е. Дайрабаева, Ж. Т. Сарыбекова, Ұ. Ә. Есім, Г. Алдамбергенова, Ж. Сәкенов, А. Қисымова, А. Аманжолова және т. б. қазақ этномәдениетін оқушыларға меңгерту жолдарын іздестіруге Б. Қайырова, Ш. Мұхтарова және т. б. аса мән береді.

Бірқатар зерттеу еңбектерінде өзбек (Б. А. Кадыров), сібір (А. Л. Бугаева, С. А. Возняк), татар (В. Г. Закирова), карачай (Х. Х-М. Батчаева) халықтарының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің қалыптасу жолдары, өзіндік ерекшеліктері, бағыт-мазмұны түрлі қырынан қарастырылады.

Сонымен, жоғарыда аталған ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерге жасаған талдау қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің педагогика ғылымында бұрын-соңды тарихи, теориялық, практикалық бағытта мақсатты түрде зерттелмегенін дәлелдейді.

Демек, бүгінгі заман жастарын қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінде тәрбиелеу қажеттігі мен оның тарихи-теориялық тұрғыда кешенді зерттелмеуі арасында; жоғары оқу орнында қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің әлеуетін пайдалану қажеттігі мен оны пайдалануға байланысты бірегей тұжырымдама мен кешенді оқу-әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама-қайшылықтың бар екені анық байқалады.

Осы қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты «Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті (Тарих. Теория. Практика) » деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеу объектісі - қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті.

Зерттеу пәні - қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің қалыптасу және даму процесі.

Зерттеудің мақсаты - қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің қалыптасу мен даму процесін ашу және оның теориялық негіздерін анықтап, қазіргі жоғары педагогикалық оқу орындары жүйесінде пайдалану жолдарын айқындау.

Зерттеудің болжамы - егер, қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің қалыптасу мен даму процесі тарихи кезеңдер бойынша жүйеге келтіріліп, теориялық негіздері анықталса және оны қазіргі жоғары педагогикалық оқу орындарында пайдалануға байланысты тұжырымдама жасалып, арнайы оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыздандырылса, онда болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениеті қалыптасады, ал, бұл болса оған осы проблеманы кәсіби іс-әрекеттерде тиімді шешуде септігін тигізеді.

Зерттеу міндеттері:

  1. Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің қалыптасу мен даму кезеңдерін негіздеу және оған ықпал еткен әлеуметтік-тарихи шарттарды анықтау.
  2. Дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің маңызды бір элементі ретінде қазақ халқының дәстүрлі тәрбие жүйесінің даму тарихына сипаттама беру.
  3. Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті мен ғұлама ойшылдарының, ағартушы-қоғам қайраткерлерінің демократиялық идеяларының сабақтастығын көрсету.
  4. Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің мәнін, мазмұны мен өзіндік ерекшеліктерін теориялық тұрғыда негіздеу.
  5. Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетін жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде пайдалану тұжырымдамасын жасау.
  6. Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру моделін жасау және педагогикалық шарттарын анықтау.
  7. Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру әдістемесін жасау және оның тиімділігін эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.

Жетекші идея: қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетін болашақ мұғалімдерге арнайы тұжырымдама мен оқу-әдістемелік кешендер арқылы меңгерту олардың этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыруда септігін тигізеді.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері болып, білім беру мен тәрбиеге тұлғалық, іс-әрекеттік көзқарас; халық педагогикасының тұжырымдамасы; педагогикалық құбылыстарды зерттеудегі жүйелілік, тұтастық, тарихи-салыстырмалылық, кешенділік тұжырымдамалары, жеткіншектер мен жастарға қоғам талабына сай жан-жақты тәрбие берудегі философиялық, психологиялық, педагогикалық, этнопедагогикалық қағидалар; қазақ халқының ұлттық мәдениетінде, соның ішінде рухани мәдениетінде көрініс алған құнды идеялар, озық дәстүрлері, тәжірибесі саналады.

Зерттеудің көздері болып Қазақстан үкіметінің ұлттық рухани құндылықтарды жас ұрпақ тәрбиесінде пайдалану және мәдени-этникалық білім беруге байланысты ресми құжаттары (ҚР-ның Конституциясы, Заңдары, тұжырымдамалар, этномәдениет баяндамалары), зерттеу проблемасы бойынша басылым көрген отандық және алыс-жақын шетел ғалымдарының (философ, тарихшы, этнограф, филолог, өнертанушы, педагогтар мен психологтардың), қазақ ғұлама ойшылдарының еңбектері; қазақ халық ауызекі шығармашылығы, қазақ халқының мәдени мұралары; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің оқушылар мен жастарға ұлттық тәлім-тәрбие беру тұжырымдамалары, оқу құжаттары, оқу орындарының озық тәжірибелері, сондай-ақ диссертанттың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі болып табылады.

Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша әдебиеттерге (этнопедагогикалық, философиялық, мәдениеттану, тарихи-этнографиялық, әлеуметтану, психологиялық-педагогикалық, филологиялық) тарихи-теориялық талдау; деректі материалдарға салыстырмалы талдау, қазақ халқының озық мәдени педагогикалық дәстүрлерін зерделеу; жоғары оқу орындарына арналған оқу-әдістемелік құралдарға, озық тәжірибелерге, студенттердің зерттеу проблемасына қатысты жазба жұмыстарына талдау жасау, жүйелеу, қорытындылау, сауалнама жүргізу, әңгімелесу, бақылау, педагогикалық эксперимент, алынған нәтижелерді өңдеу, диссертацияны талапқа сай рәсімдеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәні:

1. Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің қалыптасу мен даму кезеңдері негізделді және оған ықпал еткен әлеуметтік-тарихи шарттар анықталды.

2. Дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің маңызды бір элементі ретінде қазақ халқының дәстүрлі тәрбие жүйесінің даму тарихына сипаттама берілді.

3. Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті мен ғұлама ойшылдарының, ағартушы-қоғам қайраткерлерінің демократиялық идеяларының сабақтастығы көрсетілді.

4. Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің мәні, мазмұны мен өзіндік ерекшеліктері теориялық тұрғыда негізделді.

5. Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетін жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде пайдалану тұжырымдамасы жасалды.

6. Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру моделі жасалды және оны жүзеге асыруда ықпал ететін педагогикалық шарттар анықталды.

7. Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі жасалды және оның тиімділігі тәжірибелі-эксперимент жүзінде дәлелденді.

Зерттеудің практикалық мәні:

- «Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетін жоғары білім беру жүйесінде пайдалану тұжырымдамасы»;

- қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетін жоғары білім беру жүйесінде пайдалануға байланысты оқу-әдістемелік кешендер («Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті», «Қазақ этнопедагогикасы» атты элективті курс бағдарламалары, педагогикалық пәндерге қосымшалар, «Халық тағылымы - тәрбие қайнары» атты оқу құралы, «Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің тарихнамасы» монография, «Этнопедагогика: семинар және практикалық жұмыстар», «Педагогика және Этнопедагогика бойынша тест тапсырмаларының жинағы» атты әдістемелік нұсқаулар, әдістемелік кешендер) жасалды.

Зерттеу нәтижелерін жоғары, арнайы орта педагогикалық оқу орындарында және жалпы білім беретін мектептерде, лицейлер мен гимназияларда, педагог кадрлар біліктілігін жетілдіретін институттарда пайдалануға болады.

Қорғауға мынадай негізгі қағидалар ұсынылады:

1. Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті - ғасырлар бойы әлеуметтік-тарихи шарттардың және материалдық-рухани құндылықтардың ықпалымен қалыптасқан, бірыңғай мақсаттылықпен ұлттық тәрбие жүйесіне негізделген эмпирикалық тәжірибе. Оның қалыптасуы мен дамуын төрт кезеңге бөліп сипаттауға болады:

- бірінші кезең (VI-IХ ғғ. ) - қазақ жеріндегі халықтардың, тайпалық бірлестіктердің дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің түрлі мәдениеттер тоғысындағы (сақтар, ғұндар, үйсін, қаңлы, Түрік және Түргеш қағанаттары және т. б) көне түркі дәстүрлерінің ықпалында қалыптасуы;

- екінші кезең (Х-ХV ғ. бірінші жартысы ) - қазақ жеріндегі халықтардың дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің көне түркі мәдениеті мен үстемдік еткен ислам дініне негізделген ұлттық дүниетаным аясында дамуы;

- үшінші кезең (ХV ғ. екінші жартысы - ХІХ ғ. ) - қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің қазақ хандығы тұсында, Ресей және Батыс Еуропа ойлары ықпалында дамуы;

- төртінші кезең (ХІХ ғ. екінші жартысы - ХХІ ғ. басы) - қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің Қазақстанның егеменді жағдайындағы білім беру жүйесі мен педагогика ғылымының өзара әрекеттестігінде дамуы.

2. Дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің маңызды бір элементі ретінде қазақ халқының дәстүрлі тәрбие жүйесінің дамуы оның ғасырлар қойнауына бойлай тамырланғанын дәлелдейді.

3. Ұлы ойшылдар мен жыршы-жыраулардың, ағартушы-қоғам қайраткерлерінің демократиялық идеялары олардың қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетімен сабақтастығын көрсетеді.

4. Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің мәнін, мазмұны мен ерекшеліктерін теориялық тұрғыда дәлелдеу оның болашақ мұғалімдердің қазіргі білім беру мен тәрбиелеу процесін жетілдірудегі потенциалды мүмкіндіктері туралы айтуға негіз болады.

5. Тұжырымдама болашақ мұғалімдерді қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің тәжірибесін жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесінде шығармашылықпен пайдаланудағы білім, іскерлік пен дағды жүйесін меңгеру процесіне және нәтижесіне бағдарлайды.

6. Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру моделі мақсатын, даярлық элементтерін, мазмұнды, компоненттерді, өлшемдер мен көрсеткіштерді және деңгейлерді қарастырады. Педагогикалық шарттар (мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік, материалдық) болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыздандырады.

7. Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі эксперимент барысында дәлелденген тәжірибеге негізделеді және олардың кәсіби біліктілігін қалыптастыруға бағытталады.

Зерттеу кезеңдері. Бірінші кезеңде (2000-2002 жж. ) қарастырылып отырған проблеманың тақырыбы, ғылыми аппараты анықталды. Зерттеу проблемасы бойынша материалдар жинақталып, сұрыпталды. Ғылыми мақалалар мен оқу құралы жарық көрді.

Екінші кезеңде (2003-2006 жж. ) зерттеу проблемасы бойынша материалдар жинау жалғастырылды, тұжырымдама, «Педагогика», «Этнопедагогика» пәндері оқу бағдарламаларына қосымшалар жасалып, элективті курс бағдарламалары дайындалды, анықтау және қалыптастыру экспериментінің алғашқы кезеңдері жүргізілді, әрбір кезеңнің соңында кесінділер алынды, оқу-әдістемелік кешенге қажетті материалдар сұрыпталды.

Үшінші кезеңде (2007-2010 жж. ) қалыптастыру эксперименті жалғастырылды, жиналған материалдар құрылым бойынша жүйеге келтірілді, нәтижелер қорытындыланды, бақылау эксперименті өткізілді, нәтижелер тексеріліп, математикалық өңдеуден өтті, монография, оқу-әдістемелік кешендер жарық көрді, пайдаланылған әдебиеттер жүйеге келтіріліп, диссертация талапқа сай рәсімделді.

Зерттеу базасы ретінде тәжірибелі-эксперимент жұмысы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде, Семей мемлекеттік педагогикалық институтында жүргізілді. Экспериментке 285 студент қатысты, оның 145 - эксперимент тобында, 140 - бақылау тобында болды.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі тарихи, теориялық және әдістемелік тұрғыда дәлелденуімен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен, кешенді әдістерді пайдалануымен, зерттеудің негізгі қағидалары мен алынған нәтижелердің практикаға ендірілуімен, тәжірибелі-эксперимент барысында пайдаланылған әдістемелік ұсыныстардың тиімділігімен, ғылыми болжамның дәлелденуімен, ізденушінің жоғары оқу орнындағы жұмыс тәжірибесімен қамтамасыз етіледі.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру. Зерттеу жұмысының нәтижелері халықаралық, республикалық ғылыми-теориялық, практикалық конференцияларда (Алматы 2000, 2002, 2007, 2009; Атырау 2007; Астана 2007; Ақтөбе 2001, 2004, 2005, 2006, 2007, 2008, 2009; Орал 2006, Санкт-Петербург 2010), Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының және Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің оқытушылары мен профессорларының ғылыми семинарларында (2002, 2003, 2004, 2005, 2006, 2007, 2008, 2009) және педагогикалық институт студенттеріне дәріс оқу барысында, «Бөбек» ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының семинарлары мен конференциясында (2003, 2006), Ақтөбе облыстық мұғалімдер біліктілігін көтеру курстарында (2007, 2008, 2009) оқыған дәрістерінде, Ақтөбе-Қазақстан облыстық телеарнасының «Көзқарас» бағдарламасында (2009, тамыз) баяндалды.

Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

Кіріспеде тақырыптың көкейкестілігі, зерттеудің объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық-теориялық негіздері, зерттеу көздері, әдістері, ғылыми жаңалығы мен теориялық, практикалық мәні, зерттеу кезеңдері, қорғауға ұсынылған негізгі қағидалары, зерттеу нәтижелерінің сынақтан өтуі мен дәйектелуі беріледі.

«Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің тарихнамасы» атты бірінші тарауда қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің қалыптасып, дамуына ықпал еткен әлеуметтік-тарихи шарттар мазмұндалып, тарихи даму кезеңдері анықталады; қазақ халқының дәстүрлі тәрбие жүйесінің дамуына жан-жақты сипаттама беріледі; дәстүрлі педагогикалық мәдениетке ұлттық дүниетанымды қалыптастыру факторы ретінде түсінік беріліп, ұлы ойшылдар мен жыршы-жыраулардың, ағартушы-қоғам қайраткерлерінің идеяларының қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетімен сабақтастығы баяндалады.

«Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің теориялық негіздері» атты екінші тарауда «мәдениет», «дәстүрлі мәдениет», «дәстүрлі педагогикалық мәдениет» ұғымдарына берілген анықтамалар жүйеге келтіріліп, олардың өзара байланысына жан-жақты сипаттама беріліп, тұжырымдар жасалады; дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің тәрбие мазмұнындағы көрінісі қарастырылады; халық түсінігіндегі жетілген адам мен ұлттық этикет мәселесінің мәндік сипаты ашып көрсетіледі, қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің бүгінгі жоғары білім беру жүйесіндегі көрінісі мазмұндалады.

«Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетін жоғары білім беру жүйесінде пайдалану практикасы» атты үшінші тарауда «Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетін жоғары білім беру жүйесінде пайдалану» тұжырымдамасының мазмұны және оны педагогикалық жоғары оқу орындарында жүзеге асырудың мазмұны мен әдістемесі қарастырылады; тәжірибелі-эксперимент жұмысының нәтижесі және зерттеліп отырған проблеманың перспективасы беріледі.

Қорытындыда зерттеудің негізгі нәтижелері, қағидалары тұжырымдалады, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қазақ халқы өзінің тарихи даму жолында аса күрделі жағдайларды басынан өткерді. Қазақ халқының тарихи кезеңдері факторларының әр алуандылығы түрлі әдіснамалық көзқарастарды дамытты. Қоғамдық педагогикалық ойлар тарихында халықтың қоғамдық өмірі мен тәрбиедегі дәстүрлі мәдениеті оның дүниетанымдық, эстетикалық, философиялық көзқарасы жиынтығында біртұтас құбылыс ретінде қарастырылады. Әлбетте материалдық және саяси өмір жағдайының ықпалымен бұл көзқарастар да өзгеріске түседі. Әйтсе де тамыры тереңге бойлаған мәдениет дәстүрлері мұндай өзгерістердің біріне қарамастан өзінің іргелі бастауының мәндік сипатын сақтап қалады. Оны қазақ халқының күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа сабақтастықпен беріліп отырған дәстүрлі мәдениеті дәлелдейді.

Ғылыми зерттеулерге (философия, тарих, этнография, педагогика және т. б. ) жасаған талдау қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің зерттеу тақырыптарының объектісіне қарай кезеңдерге бөліп қарастырылғанын көрсетеді (қазақ тарихының кезеңдері (М. Қозыбайтегі), қазақ мәдениетінің қалыптасу кезеңдері (Х. Маданов), қазақ тарихының дамып, қалыптасу кезеңдері (А. Қ. Ақышев, М. К. Асылбеков, М. Байпақов, Ж. Қ. Қасымбеков және т. б. ), қазақ халық педагогикасының даму кезеңдері (С. Қ. Қалиев) .

Біз олардың ұсынған кезеңдерін негізге ала отырып, әр кезеңнің өзіндік ерекшеліктері мен даму жолына қысқаша сипаттама береміз және ғылыми тұрғыда қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің аса маңызды даму кезеңдерін ашып көрсетеміз:

- бірінші кезеңде (VІ-ІХ ғғ. ) қазақ жеріндегі халықтардың, тайпалық бірлестіктердің дәстүрлі педагогикалық мәдениеті түрлі көне мәдениеттердің тоғысуында пайда болып, қалыптасты. Олар көшпелі сақтар мен ғұндардың, қаңлылардың тұрмыс-тіршілігінде, мәдениетінде ежелгі дәуірдегі және сақ-савроматтар мәдениетінің негізгі белгілерін сақтап қалды. Түрік қағандығы мен қатар өзге де (Шығыс және Батыс түрік) қағандықтардың құрылуы, ертедегі феодалдық қоғамдық қатынастар процесінің мүмкіндігінше тез қалыптасуы, этно-мәдени бірлестіктердің орнауы барысында материалдық мәдениет пен рухани мәдениетті дамытты. Ұлттық тіл, жазу альфавиті - руналық көне түркі жазуы пайда болды. Сырдария бойын мекендеген оғыз-қыпшақтар арасында пайда болған, өзінің тарихи мәнін, көркемдік сапасын күні бүгінге дейін сақтаған ауыз әдебиетінің мұрасы - «Қорқыт ата кітабы» осы кезең еншісіндегі тағылымдық-тәрбиелік мәні зор рухани мәдениеттің құнды туындысы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу процесінің мəн-мағынлары
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздері
Ұлтаралық қатынас мәдениеті
Ұлттық спорт түрлеріндегі ойын жаттығуларының маңызы
Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Мәдени тілдік құзыреттілік
Дене тәрбиесін жүзеге асыру
Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы өлкетану жұмыстарында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz