Кеден одағы – ықпалдастықтың жаңа жолы


Кенжеғұлова М. - «Маркетинг», 4к., 407 топ
Ғылыми жетекшісі: оқытушы Сүлейменова Н. Ж.
«Кеден одағы - ықпалдастықтың жаңа жолы»
Кедендік одақ дегеннің дәл анықтамасы - бұл одаққа мүше-мемлекеттер арасындағы баж алымынсыз жүргізілетін сауда және үшінші елдер үшін кедендік баждардың келісілген мөлшері.
Кедендік одақ құрудан үш ел де - Беларус, Ресей және Қазақстан ұтады.
Өнімдерді өткізу нарығы кеңеюінен елдер өзара инвестициялардың өсуі мүмкіндігіне ие болады. Кедендік одақ құру біртұтас кеден кеңістігінде жаңа өндірістерді дамытуды ынталандырады. Қатысушы елдердің экспорттық әлеуеті едәуір артады. Мәселен, Қазақстан бүгінде әлемнің барлық елдерінен көптеп инвестициялар тартуда. Қазақстаннан Беларусқа инвестициялар ағыны келгенін қалар едік, мұндай мүмкіндіктер бар.
Үш елдің арасында біртұтас кедендік аумақ құрылғаннан кейін олардың арасында ешқандай кедергі болмайды. Үш ел енді көптеген мәселе бойынша біріге қимылдамақ. Ресей 153 мемлекетті біріктіріп отырған ДСҰ-на енбеген елдер ішіндегі экономикасының көлемі ең үлкені болып табылады. Қазақстан да, Ресей де ДСҰ-на мүше болу жөніндегі келіссөздерді 1990-жылдардың ортасынан бері жүргізіп келеді, алайда Қазақстан өзінің бұл ұйымға мүше боп енуін (негізінен Ресейдің осыны кейін қалдыр деп қысым жасауынан) бұған дейін үздіксіз шегеріп келген болатын.
Қазақстан, Ресей және Белоруссияның «Біртұтас кедендік одаққа» бірігуі - Бүкіләлемдік сауда ұйымына кірер алдындағы «алтын көпір» іспеттес. Отандық сарапшылар мен ғалымдар да осы пікірде. Жаңа интеграциялық жоба аясында ТМД кеңістігіндегі үштік ел алдымен бірігіп жұмыс істей білуі керек. Бұл - экономикалық шекаралар кеңейген сайын, кедендік одаққа мүше елдердің кәсіпкерлері Бүкіләлемдік сауда ұйымы талаптарына сәйкес тиімді қызмет етуіне жол ашылады деген сөз. Отандық сарапшылардың пікірінше, үштік ел арасында кедендік шекаралардың жойылуынан - Қазақстан, Ресей мен Белоруссиядан тасымалданатын тауарлар бағасы арзандай түседі. Демек, кәсіпкер бұдан былай, салық та төлемейді, құжаттар да толтырып бас қатырмайды. Оған қоса, қазақстандық өнім Ресей мен Беларусь нарығында бәсекеге қабілетті бола алады. Бірақ, кедендік одаққа кірмейтін елдерден келетін тауарларға кедендік тарифті өсіру жоспарланып отыр. Сарапшылар, бұл қадам - үштік ел кәсіпкерлеріне тиімді, -дейді. Мәселен, егер бұрын қазақстандық өнім өндірушілерге шет елдік тауар құны арзан болған соң, онымен бәсекелес болу қиындыққа түссе, енді жағдай теңеседі.
Бәсекелес орта құрылады. Бірақ, кедендік одаққа кірмейтін елдерге сыртқы кедендік тариф өседі. Ол тауарларға баға өсуі мүмкін. Бірақ, бұл - біздің отандық тауар шығарушылар үшін үлкен мүмкіндік. Өйткені, біздің тауарлар - сол қытайлық өнімдердің орнын толтыра алатын болады. Бұл мүмкіндікті сәтті пайдаланып қалуымыз керек. Сарапшылардың пікірінше, кедендік кодексті қабылдағаннан кейін, үштік ел ұлттық транзиттік саясатты ырықтандыру жағына қарай реформалауы тиіс. Ірі отандық экспортерлар үшін бұл да жақсы мүмкіндік.
Кедендік кодекс аясында қолайлы транзиттік саясаттың қалыптасуына жағдай жасалады. Темір жол, көмірсутегі тарифтерін бірегейлендіру мәселесі біртіндеп шешіледі. Бұл да біздің экономикамыздың дамуына зор серпіліс туғызбақ.
Кедендік одақ толық жұмысқа кіріскен жағдайда, қазақстандық өнім өндірушілердің тұтынушылары 16 млн-нан 10 есеге өсетін болады. Сондықтан, отандық бизнес өз өнімдерін Ресей мен Белоруссия арқылы Еуропалық нарыққа жібере алады. Бұл біріншіден, еркін сауда айналымы, 170 млн. адамы бар күшті ішік нарық қалыптасқан жағдайда, инвесторлар да ірі жобаларға инвестиция салуға құлықты болады.
Қаңтардың 1-інен бастап Қазақстан, Ресей және Беларус арасында баж алымынсыз сауда жүргізілетін болады, 2010 жылғы маусымның 1-інен бастап Кедендік одақтың Кедендік кодексі күшіне енді және үш ел арасында кедендік ресімдер жүзеге асырылмайтын болады. Кедендік бақылау, санитарлық-эпидемиологиялық, фитосанитарлық, ветеринарлық, көліктік бақылау жүзеге асырылмайды. 2011 жылғы шілденің 1-інен бастап Кедендік одақтың ішкі шекараларынан бақылаудың барлық осы түрлері алып тасталады. Тек шекаралық бақылау ғана қалады. Мұның тауарларды еркін жылжыту тұрғысында айтарлықтай әсер ететіні түсінікті. Әкімшілік кедергілер де болмайды, Одаққа мүше-мемлекеттер арасындағы сауда жеңілдейді. Әрине, бизнес бұл жеңілдіктердің барлығын да оң қабылдайды, өйткені әкімшілік кедергілер тауарлардың қозалысын қиындата түседі. Қызметтерді еркін ұсынуға, жұмыс күштерін және капиталдарды жылжытуға байланысты мәселелер әлі бар. Әр елде әртүрлі қолданылатын монополияға қарсы реттеу мәселелері қалып отыр және ол біздің кәсіпорындарымыз бен біздің еліміздегі ресейлік және беларустық кәсіпорындар үшін кедергі ретінде қызмет етуі мүмкін. Монополиялық салалар да жоқ емес - теміржол, энергетика. Сондықтан, егер біздер тауарлардың еркін қозғалысы үшін мүмкіндік құратын өте маңызды қадам жасайтын - Кедендік одақ құратын болсақ - осы жолмен одан әрі жылжығанымыз орынды болмақ. Бұл өз кезегінде, ақша-несие, қаржы, көші-қон саясатын көздейтін болады. Яғни, тұтастай алғанда, мемлекеттердің экономикалық саясаттарын келісуді талап етеді. Сондықтан, ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесі мемлекеттер басшылары деңгейінде өткен отырыста Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы шешім қабылданған болатын. Біртұтас экономикалық кеңістік құру - бұл келесі кезең. Ол үшін нормативтік база алдағы екі - 2010-2011 жылдар ішінде құрылуы тиіс. Бұл келісімдердің барлығы бірдей осы мерзімдерде күшіне енбейтіні түсінікті, жекелеген шешімдерді іске асыру кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады.
Қысқасы, Ресей мен Беларус елдерінен келетін тауарлар құны едәуір төмендемек. Алайда, басқа шет елдерден әкелінетін 6000-дай тауар түріне кедендік баж салықтары өседі, яғни басқа елден жеткізетін тауарлар қымбаттайды. Кедендік одаққа мүше емес елдерден көп жағдайда, тұрмыстық тауарлар мен автөкөліктер, сондай-ақ, көкөністер жеткізіледі. Ал, ол тауарлар құнының артуы десек, мәселен, осыған дейін, 2000 жылы шығарылған, ауди а-8 көлігіне салынар кедендік салық 120 мың теңге болса, келер жылдан бастап мұндай көліктерге салынар кедендік салық, 2, 5 миллион тенгені құрайтын болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz