Қаржы жоғары оқу орындарына арналған оқулық


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 107 бет
Таңдаулыға:   

ҚҰЛПЫБАЕВ С., ЫНТЫКБАЕВА С. Ж.,

МЕЛЬНИКОВ В. Д.

ҚАРЖЫ

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН ОҚУЛЫҚ

АЛМАТЫ 2010

Құлпыбаев С., Ынтыкпаева С. Ж., Мельников В. Д. Қаржы: Оқулық . - Алматы 2010- 670 бет

ISBN 9965-803-47-1

Оқулықта «қаржы» категориясының, оның құрылымдық бөліктерінің жұмыс істеуінің мәні, ерекшеліктері және іс -әрекетінің қағидаттары баяндалған. Ішкі және сыртқы өзара байланыстарда қаржы жүйесінің, қаржылық механизмнің өзара іс - әрекетінің заңдылықтары ашылған. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайлардағы қаржының көкейтесті проблемалары бөліп көрсетілген.

Жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, аспиранттарына, оқытушыларына арналған.

Рецензенттер:

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі ұсынған.

Компьютерде беттегендер: Тойчибекова А. А., Рахманбердиева Р. А.

0605010204
00(05) -07

ISBN 9965-803-47-1

КІРІСПЕ

«Қаржы» курсы экономикалық пәндер жүйесінде маңызды орын алады және экономикалық ғылымның маңызды құрамдас бөлігінің бірі - қаржы туралы ғылымның ерекшелегі зерделене- тін базалық оқу пәні болып табылады. Ол қаржы туралы ғылым-ның теориялық қағидаларын да, шаруашылық үдерістерде категорияны пайдаланудың практикалық аспектілерін де кіріктіреді.

Тұжырымдамалық негізде аталмыш курс экономикалық теорияның критерийлері мен қағидаттарына негізделген және қа- тынастардың айрықшалықты сферасында - қаржылық қатынас-тарда оның жалғасы, нақтылануы болып табылады. Ғылымның бұл бөлігінің объекті қаржылық ресурстар - ақшалай табыстар- дың, қорланымдар мен қорлардың әлуетті көздері, сондай- ақ қар-жылық нысандарда іске асырылғандары болып саналады.

Қаржы субъектілері аталған қатынастардың қатысушылары

- қызметтің сан алуан түрлері, меншік нысандары, басқару дең-гейлері болып көрінетін экономикалық агенттер: шаруашылық, коммерциялық, мемлекеттік, қоғамдық және өзге құрылымдар, органдар, мекемелер, үй шаруашылықтары болып табылады.

Курста қаржының табиғаты мен функцияларының мәселелері, олардың басқа экономикалық категориялармен өзара іс - әрекеті, шаруашылық өмірдегі көрінісінің ерекшеліктері қисынға сәйкес дәйекті түрде зерделеніп, қаржылық қатынастарды ұйымдастыру-дың нысандары мен әдістері арқылы іс - әрекет механизмі, қар-жыны рыноктық экономиканы реттеуде пайдалану мүмкіндіктері қарастырылған. Қаржыны зерделеудің маңызды жағы оған кіретін қосалқы категорияларды, жүйелерді, ұғымдарды, олардың қаржы және басқа экономикалық - әлеуметтік жүйелердегі іс-әрекетінің қағидаттарымен өзара байланысын анықтау, топтастыру және сыныптау болып табылады. Курста әр түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілердің бастапқы буын-дарындағы және сыртқы экономикалық байланыстар сферасын-дағы қаржының іс - әрекетінің өзіндік ерекшеліктеріне айтарлық-тай орын берілген.

«Қаржы» - арнаулы пән және қаржылық қатынастардың теориясын зерделейтін бұл курстың мақсаты - қаржылық кате- горияларды, ұғымдарды, терминдерді ұғып алуда, олардың сы- ныптамасын, әлеуметтік -экономикалық үдерістердегі маңызы мен орнын біліп алуда студенттердің теориялық және практика-лық жағынан әзірлігін қамтамасыз ету; қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс-әрекетін және оны қоғамның әлеуметтік -экономикалық дамуының нақтылы жағ-дайларында қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу. Сөйтіп қаржының табиғатын, оның жұмыс істеу ерекшеліктерін, қоғамдық өндірісті тиімді дамытуда қаржылық категория механизмі-нің мүмкіндіктерін танып білу тек қаржы жүйесі үшін ғана емес, сонымен бірге экономиканың басқа салалары үшін де білікті ма-мандар даярлау кезінде аса маңызды қажеттік болып табылады.

Қаржыны зерделегенде теория мен практиканың, тарихи және қисындық тәсілдемелердің бірлігін сақтау қағидалы түрде қажет болуы тиіс.

Курсты зерделеу эконономика мен қаржыда рыноктық бастау- ды қолдану жөніндегі қолданыстағы шаруашылық практиканы белсенді пайдалануды қажетсініп шамалайды. Сондықтан қаржылық қатынастар дамуының жинақталған тәжірибиесін және олардың қаржыларға ықпалын талдап және қорытындылай отырып, ры-ноктық экономика дамуының болып жатқан үдерісіне үнемі көңіл бөліп отыру қажет.

Экономиканың, қаржылардың жаһандануы ұлттық шаруашы- лық жүйелердің интеграциясы жағдайларында қаржыларды ұйымдастырудың әлемдік тәжірибиесін зерделеу маңызды қажеттік бола бастайды. Рыноктық дамыған елдерде пайдаланылған критерийлер, нысандар, әдістер, үдерістер қазақстандық практикаға бейімделуі тиіс. Бұл үшін оларды теориялық түрде қайта ойластырып, рыноктық экономиканың ұлттық моделіне кіріктіру қажет.

«Қаржы» пәні кіріспелік, бейіндік пәндерді зерделеудің ал- дын алатын курс болып табылады және «Мемлекеттің қаржысы», «Салықтар және салық салу», «Корпоративтік қаржылар», «Қар- жылық менеджмент», «Қаржы құқығы», «Сақтандыру», «Қаржы- лық бақылау және аудит» сияқты арнаулы оқу пәндерімен тығыз байланысты. Сондықтан бұл пәнді ойдағыдай меңгеру алған бі- лімді қаржылық жұмыстың практикасында қолдануға мүмкіндік береді және жоғарыда аталған арнаулы пәндерді тез игеріп кетуді жеңілдетеді.

Қаржы туралы ғылымды танып білудің негізгі әдісі - диалек- тикалық -тарихи әдіс пайдаланылады. Құбылыстар, үдерістер, фактілер өзара байланыста, өзара іс -әрекетте, үнемі қозғалыс-та және дамуда қаралып талқыланады; тарихи тәсілдеме өткен тәжірибені, қордаланған білімдерді, қаржылық қатынастардың тексерілген, тұрақтанған нысандары мен әдістерін есепке алу- ды ұйғарады. Ақиқаттың критерийі - қоғамдық практика екені белгілі. Тап практикада теориялық сызбалардың, тұжы- рымдамалардың негізділігі тексеріледі. Сондықтан нақтылыққа сүйену, объективті критерийлерді пайдалану экономикалық ғы- лымдардың, соның ішінде қаржы туралы ғылымның да түйінде- рінің маңызды шарты болып табылады. Оқулықтың ғылыми ап- паратында ғылыми танып білудің мынадай ортақ әдістері пайдаланылды: теориялық зерттелім әдістері (абстркттіліктен нақтылыққа шығу және кері қозғалыс), эмпирикалық әдіс (қадағалау, салыстыру, өлшеу), эмпирикалық, сондай-ақ теориялық тәсілдемелер пайда-ланылатын әдістер (абсртакциялау, талдау және синтез, индукция мен дедукция және басқалары) . Қаржылық операциялар мен үде-рістер ауқымының өлшеуіштері болып табылатын статистикалық және басқа цифрлық мәліметтер пайдаланылады.

«Қаржы» курсының құрылымы, оның тақырыптары мен сұ-рақтарын қарау дәйектілігі қаржы теориясы туралы ғылымның мазмұнымен және оның міндеттерімен айқындалатыны белгілі. Осыған байланысты оқулықтың мазмұнын оның алты бөлімнен, жиырма үш тараудан тұратын материалдары құрайды.

Жалпылама нусқамалар, критерийлер, қағидаттар қаржы жүйесінің құрамдас бөліктеріне, олардың тиісті бөлімдерінде, тарауларында бейнеленіп көрсетілген айрықшалықты насындарына таратылған, жалғастырылған және нақтыланып қолдалынған; бұл--шарушылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, мемлекеттің қаржысы-- кірістер мен шығыстар, салықтар, мемлекеттік бюджет, кредит. Оқулықтың бір бөлігі каржылардың көкейтесті проблемаларына--экономиканы қаржылық реттеудің, қаржы рыногының, сыртқы экономикалық қызметтің қаржылық механизмі аспектілерінің, қаржы және инфляцияның өзара байланыстарының ерекшеліктеріне арналған. Оқулықтын бір бөлімі сақтандыруға-- насандарының бір бөлігі қаржылық болып табылатын категориаға берілген, бақа бөлігі өзіндік белгілерді иемденеді.

Динамизм, шаруашылық, соның ішінде қаржылық механизмнің де реттеу тұтқаларының жетілдірілген нысандары мен әдістерін пайдалану рыноктық қатнастарға тән болып келеді. Мемлекет бұл тұтқаларды жасайды және оларды бизнесті дамытуды, әлеуметтік-экономикалық дамудын басым бағыттарын көтермелеу үшін қолданады. Сондықтан қаржы табиғатын, оның жұмыс істеу ерекшеліктерін, қоғамдық өндірістің тиімді дамуындағы категория механизмінің мүмкіндіктерін білу тек қаржы жүйесі ғана емес, экономиканың басқа салалары үшін де білікті мамандар даярлау кезінде аса маңызды қажеттік болып табылады. Бұл оқулықтын міндеттері де осында.

Оқулық кафедраның «Қаржы» пәнінің Оқу- әдістемелік кешені және кафедрада қазақ және орыс тілдерінде дайындалған «Каржы негіздері» оқулығының өнделіп, толықтырылған негізінде әзірленді және оның құрылымы «Қаржы» мамандығы бойынша білім берудің мемлекеттік стандарттары мен оқытудың кредиттік технология талаптарына жауап береді. Пәнді зерделеу кезінде қаржылық және экономикалық категориялардың, жүйе-лердің өзара байланысын көрнекі ету үшін, сыныптамаларды, құрылымдарды, жай- күйлерді, үдерістерді және басқа элемент-терді қабылдауды жеңілдету үшін құрылымдық- қисындық сыз-баларға басымдық берілді.

Кішірейтілген шрифтпен оқулықтың қосымша материалы бө-лектелінген. Негізгі тұжырымдаулар, терминдер, сыныптамалар және зерделеуге қажетті басқа параметрлер курсивпен бөлекте-лінген. Оқулық мәтінінің мұндай дәйектелімі кезінде оны бака-лавриат пен магистратурада оқитындар үшін пайдалану ыңғайлы болады.

Оқулық тақырыптарының материалдарын ойдағыдай игеру және өзін-өзі тексеру мақсатымен әрбір тараудың соңынан бақы-лау сұрақтарының тізбесі беріліп отыр.

Терминологиялық-түсіндірме сөздікте қаржы және қаржы жүйесі бойынша заңдар мен заңнамалық актілерде қолданыла-тын негізгі ұғымдар мен терминдер келтірілген және қосарлану-ды болдырмау мақсаттарында олар оқулықтың мәтіні мен сілте-мелерде қайталанбайды.

Оқулықта 2010 жылғы қантардың 1-не дейінгі қаржы - кре-дит мәселелеріне қатысты негізгі заңдар мен заңнамалық актілер қамтылған.

1-БӨЛІМ. ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ОНЫ

БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

1-тарау. Қоғамдық ұдайы өндірістегі

қаржы және қаржы жүйесі

  1. Құндық категория ретіндегі қаржының ұғымы,

мәні және қажеттігі

Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін ор- та ғасырдағы латын тілінің «fіnancіa» сөзінен пайда болған француздың «fіnance» сөзінен шыққан) - тауар-ақшалай қа- тынастармен және мемлекеттің өмір сүруімен байланысты тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категория- лардың бірі. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақшалай айырбасқа көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің қаржылық ресурстарға қажеттіліктерімен тығыз байланысты болды.

«Қаржы» ұғымы ақшалай нысандағы қоғамдық өнімнің ұдайы өндірісімен ­ байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс- ты жасау, бөлу және қайта бөлу үдерісінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін материал- дық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып табылады.

Қаржы ақша негізінде, ақша көмегімен іс-әрекет ететіндіктен ақша, ақшалай қаражаттар, ақшалай операциялар ретінде кең мағынада «қаржы» ұғымын қабылдау күнделікті тұрмыстық практикада, публицистикада кең таралды. Бірақ ақша-тарихи категория, ол өзінің дамуында әр түрлі трансформацияларға -қарапайым нысандардан күрделі, кәміл, қазіргі түрленімдерге ұшырады. Осы дамуда оған қаржы да жататын ақша жаңа сапалы нысандарға ие болды, бұл нысандарға қаржы да жатады. Бүгінде «қаржы» терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы «Республика туралы алты кі- тап» деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге жа- зып қоюға болады.

Қаржы туралы жұмыстың («Афин республикасының табыстары тура- лы») алғашқы авторы Ксенофонт (б. э. д. 430-365 жж. ) болды.

Аристотельдің (б. э. д. 384-322 жж. ) қаржы саласындағы көзқарасы оның «Афиннің мемлекеттік құрылысы» атты жұмысында баяндалған. Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақшалай қа- тынастарды қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс үдері- сіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Құндық категориялардың жүйесінде қаржы белгілі орын ала- ды және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өн- дірістегі өзгешілік рөлімен айшықталады. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және оның құндық эконо- микалық категорияға қатыстылығын баса көрсетеді. ­

Қаржы экономикалық категория ретінде экономикалық заң- дардың (құн заңының, сұраным мен ұсыным заңының, қажетті- ліктердің жоғарылау заңының, өндірістік қатынастардың өндір- гіштік күштердің сипаты мен даму деңгейіне сәйкестік заңының, уақытты үнемдеу заңының) іс-әрекетіне негізделеді.

Қаржыны экономикалық категориялардың қатарынан бөліп алу үшін қар­жы­ құ­бы­лы­сын қараудан оның мә­нін - оның бол- мысының барлық сан алуан нысандарының бірлігінде көрінетін пред­ме­ті­нің­ іш­кі ­маз­мұ­нын зерттеуге көшу қажет. Бұл ретте зерт- теу предметінің бейнесі оның сыртқы және ішкі қасиеттерінің өзара байланысында елестетілуі мүмкін.

Қоғамда адамдардың, олардың топтарының (ұжымдарының) қызметі қатынастарда , яғни белгілі бір мүдделердің негізіндегі өзара байланыстарда, тиісті қажеттіліктерді бейнелеп көрсететін осындай мүдделерді қанағаттандыруда қалыптасады.

Қоғамдық қатынастардың иерархиясында ақ­ша­лай қатынас- тар эко­но­ми­ка­лық­ қатынастарға жатады, ал бұл қатынастар өз ке- зегінде қоғамдық қатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі - өн- дірістік қатынастарға кіріктіріледі (1. 1 сызбаны қараңыз) . Бұдан қар­жы­лық­ қа­ты­нас­тар­-­өн­ді­ріс­тік­ қа­ты­нас­тар­дың­ бір­ бө­лі­гі , яғни ба­зис­тік­ қа­ты­нас­тар болып табылады деуге болады.

1. 1 сызба. Қоғамдық жүйедегі қатынастардың дәйектілігі (бағыныңқылығы)

Жалпы қоғамдық қатынастар

Өндірістік қатынастар

Экономикалық қатынастар

Ақшалай қатынастар

:
Қаржылық қатынастар

Салықтық

Бюджеттік

Мемлекеттік-кредиттік

Ішкішаруашылықтық

Шаруашылықаралық

Үйшаруашылықтарының

Сыртқы экономикалық

Жалпы қоғамдық қатынастарӨндірістік қатынастарЭкономикалық қатынастарАқшалай қатынастарҚаржылық қатынастарСалықтықБюджеттікМемлекеттік-кредиттікІшкішаруашылықтықШаруашылықаралықҮйшаруашылықтарыныңСыртқы экономикалық:
Өндірістік қатынастарЭкономикалық қатынастарАқшалай қатынастарҚаржылық қатынастарСалықтықБюджеттікМемлекеттік-кредиттікІшкішаруашылықтықШаруашылықаралықҮйшаруашылықтарыныңСыртқы экономикалық:
Экономикалық қатынастарАқшалай қатынастарҚаржылық қатынастарСалықтықБюджеттікМемлекеттік-кредиттікІшкішаруашылықтықШаруашылықаралықҮйшаруашылықтарыныңСыртқы экономикалық:
Ақшалай қатынастарҚаржылық қатынастарСалықтықБюджеттікМемлекеттік-кредиттікІшкішаруашылықтықШаруашылықаралықҮйшаруашылықтарыныңСыртқы экономикалық:
Қаржылық қатынастар:
Салықтық:
Бюджеттік:

Қаржы мемлекеттің, заңи және жеке тұлғалардың арасында, жекелеген мемлекеттер арасында ақшалай қорларды қалыптас- тыру, бөлу және пайдалану жайында пайда болатын ақшалай қа- тынастардың жүйесі болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, ерекше қорлар арқылы іске асырылатын ақшалай қатынастар - бұл қаржылық қатынастар. Алайда кез келген ақшалай қатынастар қаржылық қатынастарды білдіре бермейді және ақ- ша әр түрлі экономикалық категориялардың - бағаның, еңбека- қының, қаржының, кредиттің, сақтандырудың көмегімен жүзеге асырылатын қоғамдық өнімнің бүкіл құнының қозғалысын ортақтастыратындықтан кез келген ақшалай операция, мәміле қаржылық операцияға жата бермейді. Қаржының ақшадан маз- мұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша-бұл ең алдымен ассоциацияланылған өндірушілер-дің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы - ішкі жалпы өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық құралы, ақшалай қорларды жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады.

Мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің ақшалай қорла- рын құратын тек ақшалай қатынастар ғана қаржының мазмұны болып табылады.

Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақшалай қатынастармен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі. Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қо­ғам­дық­ең­бек­ бө­лі­ні­сі­ болып табылады. Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық-заттай факторларының айырмашылығы мен олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен өндіріледі. Бұл теңсіздіктің сал- дарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін өлшеудің қажырлы еңбектің және жұмсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың өлшемін ескере алатын ай-рықша тетіктің объективті қажеттігі туады. Бұған ақшаның және оның туын-ды экономикалық категорияларының, соның ішінде қаржының көмегімен же-теді. Қар­жы ­тауарлай қа­ты­нас­та­рдан ­тыс ­өмір ­сү­ре ­ал­май­ды . Қаржылық қатынастар қаржылық мүдделер жайында, негізінде - ақшалай тұлғаланымда, ақшалай өлшенімде ортақтастырылған қатынастар субъектілерінің материалдық мүдделері жайында пайда болады. Кез келген экономикалық субъект басқа субъ- ектке талаптар қоюы сияқты оның оған міндеттемелері де болуы мүмкін.

Қоғамдық қатынастар тауарларды, игіліктерді және қызметтерді қоғамдық өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну үдерісінде қалыптасады, бұл тауарлар, игіліктер және қызметтер осы үздіксіз жалғасып жататын төрт стадияның (фазаның) өзара байланысы және өзара тәуелді үйлесімі ретіндегі ұдайы өндірісті сипаттайды. Ұдайы өндіріс стадиялары қоғамдық өндіріс үдерісінің қатысушылары арасында тауарлай қатынастардың болуын айқындайды, өйткені өндірілген өнімдер сатып алуға- сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтеді. Бұл ретте материалдық өндіріс қатысушыларының ғана емес, қо- ғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс.

Өз кезегінде тауарлай қатынастардың болуы экономикалық агенттердің еңбегін бөлу қажеттігінен барып шығады, осыған орай олар мамандандырылған еңбектің, орындалатын қызметтердің нәтижелерімен, әр түрлі өндірілетін игіліктермен олардың саны мен сапасына сәйкес айырбасталуы тиіс. Тек өндірілген тауарлар, қызметтер, адам еңбегінің басқа өнімдері айырбасталғанда, оларды белгі-лі бір ақшалай баламамен өткізгенде өндірушілердің түсім-ақшасы (табысы) жасалады. Түсім-ақша жиынтық қоғамдық өнімнің микроэлементі ретінде «с», «v» жә-не «m» құрамды бөліктерін, яғни өндірістің жұмсалынған құрал-жабдықтары құнының мөлшерін, жұмыскерлердің жұмсалынған нақты еңбегін өтеуге сәйкесетін құнының бір бөлігін және жасалған қосымша өнім құнын кіріктіреді. Өнімді, жұмыстарды, қызметтерді өткізуден алынған түсім-ақшадан тиісінше өндірістің жұмсалынған құрал-жабдықтарының орнын толтыруға, еңбекке ақы төлеуге бағытталатын тиісті ақшалай қорлар бөлінуі тиіс, ал қосымша өнім құны қоғамдық өндірістің, өндірістік емес сфераның барлық қатысушыларының, қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерінің экономикалық мүдделерін қанағаттандыратын, сақтық қорлары мен резервтерін жасауға арналған бөліктерге бөлінуі тиіс.

Бөлудің бүкіл үдерісі өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну предметтері қорларын жасай отырып натуралдық-заттай нысанда да, сонымен бірге ақ-шалай нысанда да еңбектің аталған өнімдерін сатып алуға арналған ақшалай қорлардың қозғалысы арқылы болып жатады. Ақшалай қорларды қалыптасты-ру, тауарлық қатынастарда оларды пайдалану қаржыны пайдалану көмегімен жүргізіледі. Сөйтіп қаржы тауар-ақшалай қатынастармен байланысқан, олар-дың салдарлары болып табылады және сонымен бірге олардың жұмсалуына жәрдемдеседі.

Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды өлшеу құн­ өл­ше­мі­мен­ жә­не­ жал­пы­ға ­ор­тақ ­ба­ла­ма ­ ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. Сондықтан материалдық және материалдық емес игіліктердің, қызметтердің өндірілген массасы - қо­ғам­дық­ өнім­нің­-­­ на­ту­рал­дық ­- зат­тай­ тұлғаланымен бірге оның ақ­ша­лай­ тұлғаланымы да­ болады. ­ Қоғамдық өнімнің нақтылы іске асырылуының екі нысаны-ның болуы қоғамдық өндірістің әрбір қатысушыларының қажет-тіліктеріне сәйкес оны түпкілікті тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық категориялар - ақ­ша, ­ ба­ға, ­қар­жы, ­ең­бе­ка­қы, ­кре­дит ­жә­не ­бас­қа­ла­ры пайдаланылады.

Ұдайыөндірістік үдерістің түрлі стадияларында жекелеген экономикалық категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.

Қозғалыстың құндық нысаны натуралдық-заттай нысандағы өнімнің қозғалысын ортақтастыратын белгілі бір ақшалай қорларды тудырады. Басқаша айтқанда, өнімнің өндірістен тұтыну- ға өтуі тек тиісті ақшалай қорларды жасау, бөлу және пайдалану арқылы болады. Осы кезде пайда болатын ақшалай, экономика- лық қатынастар қаржының ұғымын құрады.

Қар­жы­лық­ қа­ты­нас­тар­дың­ пай­да­ бо­лу­ын олардың жұмыс іс-теу сферасына қарай -экономиканың бастапқы буындарында яғни материалдық өндіріс сферасында - нақты секторда, немесе қоғам-дық, соның ішінде экономикалық өмірді де реттейтін ұйым ретін-дегі мемлекеттің қаржысы сферасында қадағалап отыруға болады.

Қар­жы­ның­ мә­нін түсіну үшін бі­рін­ші­ жағ­дайда ұдайыөн- дірістік үдерісте (кейбір шаруашылық жүргізуші субъектінің -өндірушінің өндірістік қорларының жалпы немесе жеке толық айналымында) есептеу нүктесі үшін құн­ бө­лі­ні­сі­нің мезетін және дайындалған өнімді өткізу кезіндегі оның ақшалай нысанда бір- шама өз­ді­гін­ше қозғалысының бас­тауын алуға болады.

Өндірістің алдын ала шарттасылған сипаты кезінде «С», «V» жә-не «m»-ге сәйкес элементтерге бөлінетін сатылатын өнім құры- лымының үйлесімдері (пропорциялары) қалыптасады және оларға сәйкес ақ­ша­лай­ қаражаттардың қорлары не­ме­се­ бұл­ қа­ра­жат­тар­дың­ қор­ла­ным­да­ры жасалынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқарудың ұйымдық құрылымы
Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны туралы
Білімді қаржыландыру
Әлеуметтік сфераны бюджеттік қаржыландыру
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні туралы ақпарат
Бюджеттік кредиттеу
Бизнес жоспарды жақсарту жолдары
Кәсіпорынның маркетингтік стратегиясы
Кәсіпорынның шығыны және оның формалары
Ресейдің қазақ жерлерін басып көшуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz