Коммерциялық банктер қызметін қадағалау мен бақылаудың шет елдердің тәжірибесі



1.1. Коммерциялық банктер қызметін қадағалау мен бақылаудың шет елдердің тәжірибесі
Екінші бөлім ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ БАНК ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ ІСІНІҢ БАРЫСЫН ТАЛДАУ
2.1. Қазақстан Республикасында 1993.2006 жылдар аралығындағы
екінші деңгейлі банктерді қадағалау және бақылау ісінің жалпы жағдайын сараптау
2.2.Екінші деңгейлі банктерді қадағалау мен бақылау тәртібі
Үшінші бөлім ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНК ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ ІСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Ел экономикасына екінші деңгейлі банк қызметін қадағалау мен бақылаудың банк қызметіне әсері
3.1. Екінші деңгейлі банктерді қадағалау мен бақылау ісін жетілдіру жолдары
Қорытынды
Мемлекеттік тарату тәртібі, сонымен бірге, Қазақстан Үкімет органдарының нормативтік құқықтық актілерімен қосымша түрде реттеледі; мемлекетаралық, еншілес және ҚР резидент еместерінің банктерін тарату тәртібі: республикалық заңнамалар, нормативтік қүкықтық актілермен қоса халықаралық құқықтық актілер, шарттар мен келісімдермен реттелінеді. Шет елдік капиталдың қатысуымен құрылатын банктерді тарату тәртібі отандық және еншілес банктердің таратылу тәртібін реттейтін заңнамаларға, нормативтік қүқықгық актілерге сәйкес жүзеге асырылады. Осыдан, ҚР аумағында екінші деңгейлі банктердің таратылу тәртібін реттейтін заңнамалық қүқыктық актілердің төрт тобын бөліп қарастыруға болады (сурет 2), [4].
Республикадағы барлық заңнамалар, нормативтік құқықтық актілер ҚР Конституциясына сәйкес негізделе отырып жасалған. Сондықтан да банкгерді тарау барысында пайда болатын қатынастар қандай да болмасын нормативтік қүқықгық актілерге сүйене отырып жүзеге асқанымен де, олар ҚР Конституциясына кереғар болмауы тиіс.
Сонымен бірге, банк заңнамалары, азаматтық заңнамаларға да қарама-қайшы болмауы тиіс. Азаматтық кодекс бойынша заңды тұлғаны тарату негіздері суретте бейнеленген (сурет 3), [6]. Банктерді тарату тек банк кредиторлары мен салымшыларының мүдделерін емес, сонымен бірге жалпы қоғам мүдделерін қамтитын жағдай болып табылады. Сондықган да банкті таратудағы қүқықгық актілерді қарастыру барысында ҚР Азаматтық кодексіне де токтала кетпеуге болмайды. Азаматтық кодекс қоғам мүшелерінің тендігіне негізделген тауар-ақша қатынастарын қамтиды.
Конституцияға сәйкес, сот шешімінсіз ешкім де меншіктен айыра алмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мүқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның қүны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін.
ҚР Азаматтық кодексінде занды түлғаны тарату тәртібі мен негіздері анықгалған. Банк мекемесі заңды түлға болып табылатындықтан, банктерді таратудың заңнамалық негіздері Азаматтық кодекске сүйене отырып жасалып, оған сәйкес болуы тиіс. Банк пен оның клиенттері, сонымен бірге банк арқылы жүзеге асатын оның клиенттері арасындағы қатынастар азаматтық заңнамамен реттеледі. ҚР заңнамаларында көзделген, Азаматтық кодекс нормаларына кереғар, азаматтық қүқық нормалары, кодекске тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана қолданыла алады [6].

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Қайнар көзі: Интернет жүйесіндегі ҚР Ұлттық Банкінің сайты:
httpwww.nаtіоnаl bаnк.кz
Еріксіз (ыктиярсыз)тарату Қазақстан Республикасы заң актілерінде,
нормативтік қүқықтық сәйкес сот шешімі бойынша жүзеге нормативтік
құқықтық актілерімен реттеледі.
Банктерді тарату түрлері мен негіздері


Ерікті тарату Еріксіз тарату
Бак акционерлерінің жалпы ҚР заң актілерінде, нормативтік
жиналысының шешімі негізінде Ұлтық құқықтық кесімдерінде
банкке ерікті таратуға рұқсаты қарастыр-ылған жағдайларға сәйкес
болған кезде жүзеге асырылады. сот шешімі бойынша жүзеге
асырылады.


Банкттің Ұлттық Банктің Уәкілетті мемлекеттік
банкрот заңнамасында көзделген органдардың, заңды немесе
болуына негіздемелер бойынша жеке тұлғалардың заңнамалық
байланысты банк операциялаын кесімдерде көзделген басқа да
жүргізуіне берілген негіздемелер бойынша банк
лицензияны қайтарып қызметін тоқтату туралы
алуына байланысты өтінішіне байланысты

Сурет 1. Банктерді қадағалау және бақылау ісіндегі тарату түрлері мен
негіздері

Мемлекеттік тарату тәртібі, сонымен бірге, Қазақстан Үкімет
органдарының нормативтік құқықтық актілерімен қосымша түрде реттеледі;
мемлекетаралық, еншілес және ҚР резидент еместерінің банктерін тарату
тәртібі: республикалық заңнамалар, нормативтік қүкықтық актілермен қоса
халықаралық құқықтық актілер, шарттар мен келісімдермен реттелінеді. Шет
елдік капиталдың қатысуымен құрылатын банктерді тарату тәртібі отандық және
еншілес банктердің таратылу тәртібін реттейтін заңнамаларға, нормативтік
қүқықгық актілерге сәйкес жүзеге асырылады. Осыдан, ҚР аумағында екінші
деңгейлі банктердің таратылу тәртібін реттейтін заңнамалық қүқыктық
актілердің төрт тобын бөліп қарастыруға болады (сурет 2), [4].
Республикадағы барлық заңнамалар, нормативтік құқықтық актілер ҚР
Конституциясына сәйкес негізделе отырып жасалған. Сондықтан да банкгерді
тарау барысында пайда болатын қатынастар қандай да болмасын нормативтік
қүқықгық актілерге сүйене отырып жүзеге асқанымен де, олар ҚР
Конституциясына кереғар болмауы тиіс.
Сонымен бірге, банк заңнамалары, азаматтық заңнамаларға да қарама-қайшы
болмауы тиіс. Азаматтық кодекс бойынша заңды тұлғаны тарату негіздері
суретте бейнеленген (сурет 3), [6]. Банктерді тарату тек банк кредиторлары
мен салымшыларының мүдделерін емес, сонымен бірге жалпы қоғам мүдделерін
қамтитын жағдай болып табылады. Сондықган да банкті таратудағы қүқықгық
актілерді қарастыру барысында ҚР Азаматтық кодексіне де токтала кетпеуге
болмайды. Азаматтық кодекс қоғам мүшелерінің тендігіне негізделген тауар-
ақша қатынастарын қамтиды.
Конституцияға сәйкес, сот шешімінсіз ешкім де меншіктен айыра алмайды.
Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мүқтажы үшін мүліктен күштеп
айыру оның қүны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін.
ҚР Азаматтық кодексінде занды түлғаны тарату тәртібі мен негіздері
анықгалған. Банк мекемесі заңды түлға болып табылатындықтан, банктерді
таратудың заңнамалық негіздері Азаматтық кодекске сүйене отырып жасалып,
оған сәйкес болуы тиіс. Банк пен оның клиенттері, сонымен бірге банк арқылы
жүзеге асатын оның клиенттері арасындағы қатынастар азаматтық заңнамамен
реттеледі. ҚР заңнамаларында көзделген, Азаматтық кодекс нормаларына
кереғар, азаматтық қүқық нормалары, кодекске тиісті өзгерістер
енгізілгеннен кейін ғана қолданыла алады [6].

Екінші денгейлі банктерді тарату барысында туындайтын міндеттемелер мен
қарым қатынастарды реттейтін құқықтық актілер жүйесі


Респуб- ҚР Ұлттық Банкінің ҚР Үкімет Халықаралық
ликалық нормативік органдарының нормативтік
заңдар құқықтық актілері нормативтік құқықтық құқықтық
актілері актілер

ҚР Конституциясы ҚР Ұлттық Банктің ҚР халықаралық
ережелері келісімідері

ҚР Азаматтық кодексі Халықаралық
құқықтың жалпыға
бірдей
принциптері мен
нормаларын
қарастыратын
құқықтық актілері
ҚР Ұлттық Банкінің
нұсқаулықтары
ҚРБанкроттық туралы Заңы

ҚР Банктер және банк қызметі
туралы Заңы

ҚРҰлттық Банк туралы
Заңы

Сурет 2. Екінші денгейлі банктерді қадағалау мен бақылауға байанысты
қатынастарды реттейтін құқықтық актілер жүйесі
Занды түлғаны тарату туралы шешім қабылдаған меншік иесі немесе орган,
міндетті түрде занды түлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізетін Әділет
Министрлігіне жазбаша түрде ақпарат береді. Әділет орны, занды түлғалардың
мемлекеттік регистріне занды түлғаның тарату ісі кезеңіне енгені туралы
белгі жасайды.
Заңды тұлғаны бақылау және қадағалау кезінде танылған кемшіліктер бойынша
келесі жағдайларда таратылуы мүмкі

Меншік иесінің шешімі бойынша Сот шешімі бойынша


Меншік иесінің уәкілетті органының Банкрот болған жағдайда
шешімі бойынша


Құрылтай құжаттарында көрсе-тілген Заңды тұлғаның заң тәртібін
меншік иесінің шешімі бойынша орындамаған жағдайда


Белгілі бір қызметті жүзеге
асыруға қажетті лицензиясы
болмаған жағдайда қызметін
жүргізген, немесе заңнамалық
актілерде рұқсат етілмеген
қызметті атқарған, немесе заң
тәртібін бірнеше рет бұзған
жағдайда
Заңды тұлғаның жарғысында
көрсетілген мақсаттарға кере-ғар
болатын қызметті жүзеге асырған
жағдайда


Заң актілерінде көзделген басқа да
жағдайларда


Сурет 3. Қазақстан Республикасының Азаматтық заң актілерінде көзделген
банктерді бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша таратудың негіздері.
Занды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдаған меншік иесі немесе орган,
міндетті түрде занды түлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізетін
Әділет Министрлігіне жазбаша түрде ақпарат береді. Әділет орны, заңды
тұлғалардың мемлекеттік регистріне заңды тұлғаның тарату ісі кезеңіне
енгені туралы белгі жасайды.
Одан әрі қарай, заңды түлғаны тарату туралы шешімқабылдаған меншік иесі
немесе тиісті орган, таратылатын занды тұлғаның мүлкі мен істерін басқару
жөніндегі өкілеттігі бар тарату комиссиясын тағайындайды және де Азаматтық
кодекске сәйкес тарату тәртібі мен мерзімдрін белгілейді.
Тағайындалған тарату комиссиясы:
Таратылып отырған занды тұлғаның атынан сотта мүдде білдіреді;
Орталық ресми басылым беттеріне таратылу ісі басталған кезден
бастап шағым-талаптар (өтініштер) беру тәртібін, мерзімін және
кредиторлардан өздерінің талаптарын қабылдау мерзімін міндетті
түрде көрсете отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде
жариялайды. Бұл мерзім осындай хабарландыру берілген күннен
бастап екі айдан кем болмауы тиіс.

Заңды тұлғаны тарату туралы меншік Заңды тұлғалардың мемлекеттік
иесінің немесе уәкілетті органның тіркемесіне заңды тұлғаны тарату
шешім қабылдау ісі аяқталғаны туралы жазбасы

Әділет органына заңды тұлғаның Заңды тұлғаны тарату туралы шешім
таратылуы туралы жазбаша хабар қабылдаған меншік иесі мен органның
беру аралық тарату балансын бекіту

Әділет органында заңды тұлғаны Тарату комиссиясының тарату
тарату ісінің басталғанын балансын жасау
мемлекеттік тіркеуден өткізу

Тарату комиссиясын тағайындау Заңды тұлғаны тарату туралы шешім
және тарату мерзімі мен қабылдаған меншік иесі мен органның
тәртібін белгілеу аралық тарату балансын жасау

Тарату комиссиясы орталық ресми Таратылған заңды тұлғалардың ақшасы
басылым беттеріне таратылу ісі жетпеген жағдайда, оның
басталған кезден бастап шағым кредиторларының талаптарын
талаптар (өтініштер) беру тәртібін, қанағаттандыру үшін оның мүлкін
мерзімін жариялайды сату

Кредиторларды анықтап, олардан Таратылған заңды тұлғалардың
мүліктік талаптарды өндірумен борышкерлеріне ақшалай сомаларды
айналысады төлеу

Тарату комиссиясы аралық тарату балансын
жасайды


Сурет 4. Азаматтық кодекспен белгіленген, заңды тұлғаны тарату тәртібі.

Екінші деңгейлі банктерді (ЕДБ) тарату тәртібі, түрлері, реттеу
ерекшекліктері көрсетілген негізгі заңнамалық актісіне "Қазақстан
Республикасының банктер және банк қызметі туралы " N2444, 1995 жылдың 31
тамызында қабылданған Заңы жатады. Сондықтанда ендігі жерде банктер
туралы Заңның негізгі баптарында көрсетілген ЕДБ тарату ерекшеліктеріне
тоқталып өтеміз.

Таратылған заңды тұлғаның азаматтарға тиісті мерзімді төлемдерін
шоғырландыру нәтижесінде олардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені
үшін жауапкершілікке тартатын азаматтардың талаптары

Еңбек келісім шарты бойынша қызмет атқаратын банк қызметкерлерінің
талаптарын қанағаттандыру

Таратылған заңды тұлғалардың кепілге қойылған мүлкімен қамтамасыз етілген
міндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру

Бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төлем жасау талаптарын қанағаттандыру

Заң актілеріне сәйкес басқа да кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру

Сурет 5. кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезегі ҚР Азаматтық
кодексінің 51 бабында белгіленген [6].

Ерікті тарату туралы өтінішке акционерлердің жалпы жиналысы уәкілеттік
берген адам қол қойып, мынадай құжаттармен бірге Ұлттық Банкке ұсынады:
Тарату себептерін міндетті түрде көрсете отырып, банкті ерікті
тарату туралы акционерлердің жалпы жиналысынң шешімі;
Акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен банктің өз қызметін
тоқтату дайындығының мерзімдері мен кезендері туралы іс-
шаралар тізбесі (жоспар және кесте);
Банктің өз міндеттемелері бойынша есеп айрысуды жүзеге асыруға
қаражытының жеткіліктігіне куә болатын, соңғы есеп беруге жасалған
баланстық есебі;
Банк қызметіне аудит жүргізуге Ұлттық Банктің лицензиясы бар
тәуелсіз аудиторлық ұйым растаған банк активтерінің құнын
бағалау туралы есеп;
Ерікті тарату туралы өтініште өзінің барлық кредиторларының талаптарын
толық қанағаттандырғаны туралы банктің міндеттемесі болуы керек. Банкті
ерікті таратуға рұқсат алу туралы өтінішті Ұлттық Банк тиісті түрде
ресімделген барлық қүжаттарды алған күннен бастап екі ай ішінде қарауы
тиіс. Қажет болған жағдайда Ұлттық Банк банкке тарату жоспары мен кестесін
қайта қарауды үсынуға немесе басқа да қажетті мәліметтер (қүжаттар)
сұратуына болады. Банкті ерікті таратуға рұқсат беру туралы шешімді Ұлттық
Банктің Басқармасы қабылдайды және егер Басқарманың қаулысында басқаша
белгіленбеген болса, онда ол қабылдаған күннен бастап күшіне енеді.
• Ұлттық Банк ерікті таратуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда бұл
жөнінде Ұлттық Банк Төрағасының не оның орынбасарының қолы қойылған дәлелді
шешім шығарылып, банкке жіберілуі тиіс.
Ұлттық Банк мынадай негіздердің кез келгені бойынша ерікті таратуға
рұқсат беруден бас тартады:
1. Берілген құжаттардың толық болмауы немесе
тиісінше ресімделмеуі;
2. Банктің өз міндеттемелері бойынша есептесуі үшін қаражатының
жетіспеуі.
Банк Ұлттық Банктің ерікті тарату туралы рұқсатын алғаннан кейін он
күндік мерзімде:
Занды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына
банктің ерікті таратылғаны туралы жазбаша хабарлауға;
Орталық әділет органдарының ресми басылым беттеріне таратылу
ісі басталған кезден бастап шағым-талаптар (өтініштер) беру
тәртібін, мерзімін және кредиторлардан өздерінің талаптарын
қабылдау мерзімін міндетті түрде көрсете отырып, банктің ерікті
таратылатыны туралы ақпарат жариялауға міндетті.
Ерікті тарату жөнінде Ұлттық Банктің рұқсатын алғаннан кейін банк
акционерлерінің жалпы жиналысы оның филиалдары мен өкілдіктерін ескере
отырып бір айлық мерзімде тарату комиссиясын құруға міңдетті, оған банктің
мүлкі мен ісін басқару жөніндегі өкілеттіктері көшеді. Кредиторлардың
комитеті құрылғанға дейін тарату шығыстарының сметасын, оған қоса тарату
комиссиясының төрағасына және мүшелеріне төленетін негізгі қосымша
төлемдердің мөлшерін акционерлердің жалпы жиналысы бекітуі мүмкін.
Банктегі тарату ісі банктің тарату комиссиясы құрылған күннен басталады
деп есептелінеді. Банкті тарату комиссиясы тағайындаған куннен бастап
банкті тарату ісі аяқгалғанға дейін:
Ерікті таратылатын банк акционерлерінің жалпы жиналысының,
басқа да органдардың лауазымды адамдарының өкілеттіктері, оның
ішінде мүлікке билік жүргізу және міндеттемелерді өтеу жөніндегі,
олардың банкті басқару құқықтары жойылады;
Егер банктің тарату комиссиясының төрағасы таратылатын банктің
атынан немесе есебінен жүзеге асырылатын іс-қимыл жасаса, не ондай іс-
қимылды өзіне берілген сенімхат бойынша жасаған жағдайда ғана
заңды күші болады;
Таратылған банктің борыштық міндеттемелерінің мерзімдері өтті
деп саналады;
Таратылатын банктің кредиторлық берешегінің барлық түрлері
бойынша тұрақсыздық айыбы мен сыйақы (мүдде) есептеу
тоқгатылады;
Таратылған банктің мүлкін өндіріп алуға өтініш берудің барлық
заңдық шектеулері алынып тасталынады;
Банкке қатысты мүліктік сипаттағы барлық талаптар осы сәттен
бастап банктің тарату комиссиясының атына ғана үсынылатын,
ережеде және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген тәртіппен
қаралады.
Тарату комиссиясы кредиторларды анықтау және олардың Талаптарын
қанағаттандыру, сондай ақ банк дебиторларынан берешекті алу жөнінде шаралар
қабылдайды. Банкті ерікті таратуға байланысты барлық шығыстар таратылатын
банктің есебінен жүмсалады. Ұлттық Банктің тарату бойынша қаржы ж9мсауына
тиым салынады.
Енді, банктерді еріксіз тарату тәртібін қарастырып көрелік. Жогарыда атап
өткендей, банктерді еріксіз тарату ісін сот орындары жүзеге асырады. ҚР
"Банктер және банк қызметі туралы" Заңның 70 бабында тарату негізіне қарай
еріксіз таратудың үш түрін ажыратады. Еріксіз таратудың бірінші түрі -
банктің банкрот болуымен байланысты жүзеге асырылады; Екінші түрі - Ұлттық
Банктің заңнамасында көзделген негіздемелер бойынша банк операцияларын
жүргізуге банк лицензиясын алып қоюына байланысты болады; ал үшінші түрі-
уәкілетті мемлекеттік органдардың, занды немесе жеке түлғалардың
заңнамалық кесімдерде көзделген басқа да кесімдері бойынша банк
қызметін тоқтату туралы өтінішіне (шағымына) байланысты жүзеге
асырылады.
Банкті тарату ісінің басы банкті еріксіз тарату туралы сот шешімінің заң
күшіне енгізілген күні болып табылады. Банкті еріксіз тарату туралы сот
шешімінің заң күшіне енген күнінен бастап және банкті тарату ісі
аяқталғанға дейін:
Еріксіз таратылатын банк акционерлерінің жалпы жиналысының,
басқа да органдардың лауазымды адамдарының өкілеттіктері, оның
ішінде мүлікке билік жүргізу және міндеттемелерді өтеу жөніндегі,
олардың банкті басқару құқықгары тоқтатылады;
Егер банктің тарату комиссиясының төрағасы таратылатын банктің
атынан немесе есебінен жүзеге асырылатын іс-қимыл жасаса, не
ондай іс-қимылды өзіне берілген сенімхат бойынша жасаған
жағдайда ғана занды күші болады;
Таратылған банктің борыштық міндеттемелерінің мерзімдері өтті
деп саналады;
Таратылатын банктің кредиторлық берешегінің барлық түрлері
бойынша түрақсыздық айыбы мен сыйақы (мүдде) есептеу
тоқтатылады;
Таратылған банктің мүлкін өндіріп алуға өтініш берудің барлық
зандық шектеулері алынып тасталынады;
Егер олар бойынша қабылданған шеіпімдер заң күшіне енгізілмесе,
таратылатын банктің қатысуымен сотта қаралатын мүліктік
сипаттағы даулар токтатылады;
Кепілдік беру жөніндегі ұйымның қатысушы-банктің салымшыларына өтеуі тиіс
ақша сомасы мөлшеріндегі талаптарды қоспағанда банкке қатысты мүліктік
сипаттағы барлық талаптар осы сәттен бастап банктің тарату
комиссиясының атына ғана беріле алады.
8. Соттардың таратылатын банкке қоылатын мүліктік талапқа катысты атқару
құжаттары тарату комиссиясына банктер туралы занда белгіліенген кезектілік
тәртібімен орындау үшін беріледі. Банкті еріксіз таратуға байланысты барлық
шығыстар таратылатын банктің есебінен жұмсалады. Ұлттық Банктің тарату
бойынша қаржы жұмсауына тиым салынады.
Тарату ісіне байланысты, оның ішінде тарату комиссиясының қызметін
қамтамасыз ету жөніндегі шығыстар, сондай ақ таратылатын банктің негізгі
міндетін қамтамасыз ету қажеттігінен туындайтын шығыстар кезексіз және
түракты түрде кредиторлар комитеті бекіткен смета шегінде таратылатын
банктің қаражатынан жүзеге асырылады.
Кредиторлардың комитеті қүрылғанға дейін тарату шығыстарының сметасын,
оған қоса тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне төленетін негізгі
қосымша төлемдердің мөлшерін тарату комиссиясының төрағасы Ұлттық Банкпен
келісім бойынша бекітеді. Тарату ісінің шығыстары туындауына қарай, тарату
массасынан төленеді. Тарту массасын мақсатсыз жұмсауға жол берілмейді.
Банктің тарату комиссиясы он күндік мерзімде арнайы басқарушыдан қабылдау-
өткізу актісі бойынша банктің мүлкі мен құжаттарын қабыдайды. Тарату
комиссиясы таратылатын банктің атынан іс-әрекет жүргізеді және өз
құзіретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдау кезінде дербес болады.
Тарату комиссиясының шешімдері хаттармен ресімделеді. Ұлттық Банк
қызметкерлері тарату комиссиясының құрамына қатысуға құқығы жоқ. Тарату
комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының жұмысына басшылық жасайды және
ҚР нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес оның қызметіне дербес жауап
береді.
Тарату комиссиясы тағайындалған кезден бастап оған таратылатын банктің
ісін және мүлкін басқару жөніндегі барлық өкілеттер көшеді. Тарату
комиссиясы банк ісін аяктау үшін, оның ішінде оның
кредиторларымен және акционерлерімен есеп айрысуын қамтамасыз ету жөнінде
шара қабылдайды. Тарату комиссиясы таратылатын банктің атынан және өз
құзырына енетін мәселелер бойынша шешім қабылдаған кезден өздігінен іс-
қимыл жасайды. Тарату комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді. Банктің
тарату комиссиясының төрағасы тарату комиссиясының жұмысын басқарады, оның
қызметі ҚР нормативтік қүқықгық актілеріне сәйкес жүзеге асырылуына жауап
береді, сондай ақ банктің тарату комиссиясының құрамына өзгерістер
енгізеді. Банктің тарату комиссиясының төрағасы болмаған кезде оның
міндетін орынбасары атқарады. Тарату комиссиясының төрағасын қызметінен
босату және қызметке тағайындау банк акционерлерінің жалпы жиналысының
ерекше құзырына жатады.
Банктің филиалдары және өкілдіктері болған жағдайда, оларды тұрған
жерінде құрылатын тарату комиссиясының арнайы бөлімшесі (бүдан әрі - арнайы
бөлімше) таратады. Бөлімшенің құрамы тарату комиссиясының мүшелерінен
құралады және тарату комиссиясының төрағасы бекітеді. Бөлімшені оның тарату
комиссиясы мүшелерінің ішінен тағайындалатын басшысы басқарады.
Бөлімше басшысы өз қызметін тарату комиссиясының төрағасы берген сенімхат
негізінде жүзеге асырады. Бөлімше басшысы бөлімше тарату комиссиясының
төрағасына есеп береді. Бөлімше басшысы бөлімше қызметі үшін және банк
филиалын және өкілдігін таратуды жүзеге асырғаны үшін ҚР нормативтік
қүқықтық актілеріне сәйкес жауап береді. Тарату комиссиясы мүшесінің
бөлімше басшысының, тарату комиссиясына тартылған қызметкердің қүқықгары
мен міндеттері, оған қоса еңбекақы төлеу шарттары тарату комиссиясының
төрағасымен жасалатын жеке еңбек шартында анықталады. Жұмысқа қабылдау
банктің тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен ресімделеді.
Тарту комиссиясының төрағасы оралымды басқаруды жүзеге асырады, бөлімше
басшыларының жұмысын және бөлімшелердің қызметін бақылайды. Тарату
комиссиясының төрағасы, бөлімше басшысы және тарату комиссиясының мүшелері
банкке келтірілген зиян үшін, өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін,
сондай ақ олардың банкті тарату ісінде жол берген басқа да құқық
бүзушылықтары үшін ҚР заңдарында белгіленгендей жауап беретін болады.
Банк шығарған акциялар жиынтығының бес немесе одан да көп пайызын
иеленуші таратылатын банк акционерлері банктің тарату комиссиясының
құрамында өз өкілдерін ұстауға құқылы.
Тарату комиссиясы:
Банк басшылығынан құжаттар мен құндылықтарды қабылдау-
өткізу туралы қажетті актілер жасай отырып, банк операцияларын
жүргізуге берілген лицензияны, бакті тіркеу жөніндегі құжаттарды,
таратылатын банктің мөрлерін, мөртабандарын ақпараттың электрондық
жеткізгіштерін, бағдарламалы қамтамасыз етуді, бланкілерін және де басқа да
қүжаттарын тез арада өткізуін талап етеді;
Банк активтерін қабылдайды;
Банктің таратылғаны туралы оның кредиторларына жазбаша
хабарлайды;
Банкте тарату ісі басталған кезден бастап 10 жүмыс күні ішінде
корреспонденттік есеп шоттарды корреспонденттік есеп шоттардың жабылуын,
касса ревизиясын салыстырып тексереді;
Таратылатын бактің теңгемен және шет ел валютасымен ағымдағы есеп-шотын
ашады;
Таратылатын банктің ағымдағы есепшоты ашылған банктерге және
Ұлттық Банктің тиісті облыстық филиалдарына банктің атынын
қол қоюға құқылы лауазымды адамдардың қол қою үлгілері бар
жаңа карточкалар ұсынады;
Банк кассасындағы оның айырбастау пункттеріндегі ақша қалдығын таратылатын
банктің ағымдағы есеп шотына аударады;
Банк операцияларын жүргізуге берілген банк лицензияларының
қайтарып алу туралы, банкті таратуға рұқсат беру туралы Ұлттық Банк
Басқармасы қаулыларының көшірмелерін, банктің тарату комиссиясын
тағайындау туралы акционерлердің жалпы жиналысының шешімін банк клиенттері
көре алатын жергеорналастырады.
Тарату комиссиясы Ұлттық Банк белгілеген мерзімде атқарылған жүмыс туралы
есепті, ал қажет болған жағдайда қосымша ақпаратты береді. Банктің
филиалдары мен өкілдіктерінде өз қызметін жүзеге асыратын бөлімше тарату
комиссиясының төрағасына жасалған жұмыс туралы есеп үсынады.

1. Коммерциялық банктер қызметін қадағалау мен бақылаудың шет елдердің
тәжірибесі

Әлемдік экономикада соңғы он жыл ішінде банк капиталы мен өнеркәсіп
капиталының бірігуі шешуші факторға айналып отыр. Корпорацияларға бақылау
жүргізу үшін күрес көптеген дамыған елдердің банк саласында негізгі
қозғаушы күш болып табылады. Шындығында осның барлығы да қаржы қызметі
саласын түбегейлі қайта құру үшін болып отырған шаралар. Ресей Федерациясы
үшін бұл жағдай бәсекелестікті күшейтіп, қаржы рыногындағы операциялар
табыстылығын төмендетіп, Орталық банк жүргізіп отырған саясатты
қатаңдандырып, шағын, кішігірім банктердің банкроттыққа ұшырауына, соның
салдары ретінде бірігуіне алып келеді.
Әлемдік тәжірибедегі болып отырған банктердің бірігуі барлық кезеңдерде
Ұлттық экономиканың жағдайын анықтайтын индикатор болып табылады. 90-шы
жылдардың орта шенінде алып-сатарлық қарыз бағалы қағаздарын шығару
токтатылып, әлемдегі корпоративтік сауда аландары босап қалған болатын.
1982 ж. болған халықаралық қарыз дағдарысы банктердің бірігуіне негіз болып
табылды. Бұл жағдайға көбіне американдық банктер ұшырап қалды, себебі:
біріншіден, олардың бұған дейін экономикасы дамымаған елдерге көптеп несие
берген; екіншіден, олардың бухгалтерлік есеп жүйесі, еуропалық есеп
жүйесіне қарағанда, жасырын резервтердің қорларын жасыруға мүмкіндік
бермеді; үшіншіден, филиалдар жүйесіндегі депозиттік негіздің болмауы себеп
болды.
Алайда бұл банктерді біріктіру лебі аяқгалмай жатып, инвесторлар келесі
біріктіру кезеңін жүзеге асыру жолдарын ойластыра бастады. Бұған себеп
болып, 1997 ж. соңындағы Швейцариялық Ипіоn Вапк оf Switzerland және Swiss
Ваnк Соrроrаtіоn банктерінің жаңа United оf Switzerland құрылымына айналуы
болды. Ол әлемдегі ең ірі құрылымдардың біріне айналып, акгивтері бойынша
(604 млрд. АҚШ долл.) екінші орындағы коммерциялық банктердің біріне
айналды. Швейцария банктерінің біргуі батыс еуропалық қаржы институтарының
халықаралық рыногындағы бәсекелік қабілетті дәлелдеп қана қоймай, сонымен
бірге АҚШ өздерінің тұғырын нығайту үшін жасалған шаралардың бірі болып
табылды. Біріктіру ісін аяқтаған соң United оf Switzerland АҚШ қаржы
рыногына енуді мақсат етті. Ендігі жерде меншікті капитал көрсеткіштері
бойынша әлемдегі ең ірі деген банктердің жағдайын сипаттайтын деректерге
тоқтала кетейік (кестеЗ), [13].
1998 жылы бірқатар банктерді біріктіру істері жүзеге асты. Бірінші
келісім 16.6 млрд. АҚШ долл. бағаланды. Ол Фирст Юнион корп банкінің
националь Сити корп банкі активтерін сатып алу арқылы жүзеге асқан болатын.
Жаңа Фирст оф Америка Банк горп банкінің 2.6 мың бөлімшелері, 16 млн.
клиенттері, 204 млрд. АҚШ долл. активтерімен құрылды.
Кесте 3
Меншікті капитал көрсеткіштері бойынша әлемдегі ең ірі банктер

N Банк аттары Ел аттары Меншікті капиталының
рн көлемі (млрд.
АҚШ долл.)
1 Эйч-Эс-Би-Си холдингс Үлыбритания 27.4
2 Чейз Манхеттен АҚШ 22.6
3 Креди Агриколь групп Франция 22.3
4 Ситикорп АҚШ 21.2
5 Бэнк оф Жапония 18.6
Токио-Мицубиси
6 Дойче банк Германия 17.4
7 Бэнк оф Америка АҚШ 17.3
8 АБН Амро Нидерландия 15.9
9 Сумитомо бэнк Жапония 14.8
10 Дай-Ичи Кангио Банк Жапония 14.5

Қайнар көзі: Интернет жүйесіндегі ҚР Ұлттық Банкінің сайты htt www.
nationalbank. kz

Банктерді біріктіру нәтижесінде банктің рейтингі артып, жыл сайын болатын
шығыстары үнемделіп, акциялардан алатын табыстары артып отырды. Мысалы,
Флит Норстар банкі, Нью Ингланд корп банкімен біріккен соң, ол Жаңа
Англиядағы ең ірі деген банктердің біріне айналып, 204 млн. қосымша табыс
алып, 35032 млн. долл. үнемдеді. Шағын ғана Ки корп. банкі өзіне осы тектес
бірқатар банктерді біріктіру нәтижесінде 204-ші орыннан 36-шы орынға
рейтингін жоғарылатты.
Егер де банктерді қадағалау және бақылау нәтижесіндегі біріктіру
нәтижесін салыстырмалы түрде алып қарайтын болсақ, онда біріктіру
нәтижелері ұтымды болған мысалдар аса көп емес. Алайда олардың қоғам үшін
тиімділігі жоғары болып саналады. Қазіргі кезде экономистер осындай
толығымен біріктіру істері жалпы алғанда тиімді ме деген сұраққа жауап
іздеуде. Мұндағы айдан анық мәселе біреу ғана — ол біріктіру ісінің
акционерлер үшін қолайлы болуы. Тек осы сияқты тез арада қол жеткізетін
ұтымдылық ұзақ мерзімді мақсаттарға нұқсан келтірмеуі керек деп саналады.
Американдық атақты экономистер — П. Хэйли, К. Пампу және Р. Рубэк банктерді
біріктіру нәтижесінде біріктірілген банктердің табысы салық төлегенге дейін
2-3 пайызға көтерілгенін есептеп көрсетті. Бұл көрсеткішке ең алдымен банк
операцияларының көлемінің өсуі әсерін тигізген болатын. Сонымен бірге,
біріктіру ісі көптеген көлемде шығыстардың болуымен қатар жүреді.
Кесте 4
АҚШ банк капиталының шоғырлануы

Жылдар Банктер саны Активтер Табыс
(млрд. АҚШ доллары) (млрд.АҚШ доллары)
доллары)
1980 14504 2004 14.5
1985 14040 2504 15.1
1990 12204 2804 15.7
1995 11040 3304 18.5
2004 8504 5040 20.0

Қайнар көзі: Интернет жүйесіндегі ҚР Ұлттық Банкінің htt www.
nationalbank. kz

Банктерді бірікітірудің соңғы лебі банктердің шектен тыс қаржылай
тәуелдігіне алып келді және жалпы экономикалық дағдарыс жағдайындағы
өміршендігінің төмен деңгейімен іргелес болып жүрді. Банк капиталаның
шоғырлануының динамикасын төмендегі деректерден байқауға болады (кесте 4),
[13].
Банктерді біріктіруден алатын қоғамның ұтысы шығындарды толығымен өтеген
жағдайдың өзінде, осындай жолға арзан, қарапайым жолмен келуге болмас па
екен деген сұрақ ашық қалып отыр. Осы проблеманың өзегі еңбекке ынталандыру
жүйесінен туындауы мүмкін ғой деген оймен, американдық зерттеушілер
М.Йексен мен К.Мэофи 250 ірі корпорациялар мен банктерде 1 мың долларға
рыноктағы құнның өсуі менеджерлердің еңбекақысының бар жоғы 6.7 пайызға 2
жыл аралығында көтерілгенін есептеп берді. Бірқатар елдердің (АҚШ,
Германия, Ұлыбритани және т.б.) заңнамаларында үлкен әлеуметтік маңызы бар
несие мекемелерінің қызметін біріктіруді реттейтін ерекше ережелері болады.
Осы слада озып-жарып алға кеткен елдердің қатарына АҚШ жатады. Екі жақты
бағыну жүйесін ең алдымен банктерді тарату, біріктіру, банкрот деп табу
мәселесін жеңіл шешіп отыру мақсатында қалыптастырған болатын. Екі жақты
деп отырғанымыз, АҚШ-да Федералдық және жергілікті басқару органдары болады
және олардың банк қызметіне бақылау жасауда белгілі бір өкілеттіктері
болады. Федералдық басқару орындарына: АҚШ айналымын бақылаумен айналысып
отыратын орган; Федералды Резервтік жүйе (ФРЖ); Депозиттерді сақтандырудың
федералдық корпорациясы (ДСФК) кіреді. Штаттар деңгейінде негізгі рөлді
банк қызметі бойынша штаттар кеңесі атқарады. Бір де бір банк АҚШ-да өз
қызметін мемлекеттің рұқсатынсыз бастай және аяқгай алмайды. Егер банк,
басқа бір банкпен бірігуді көздеп, өзінің мүддесін білдірсе, онда ол,
міндетті турде тиісті мекеменің рүқсатын алуы тиіс. Сонымен бірге,
банкті жабу үшін де лицензия берген мемлекеттік органның рұқсатын алуы
тиіс.
АҚШ банкроттық ісі жүргізу өте жақсы жолға қойылған. Банк жүйесі 80-ші
жылар аяғы, 90-шы жылдардың басында бастан өткізген қиындықтар кезеңінде
пайда болған "проблемалы" несие мекемелері жабылып, артынша мемлекеттік
болып қайта ашылып отырған. Өтімділігі жоғары банк активтері мен өтімсіз
пассивтерді жаңадан құрылған мемлекеттік құрылымның еншісіне беріп, өтімсіз
активтерді ДСФК еншісіне беру жолымен бұл проблема шешіліп отыратын болған.
Осы кездерде АҚШ банктерді біріктіру мен банкрот деп табу динамикасын
келтірілген кестеден байқауға болады (кесте 5), [13].
Кесте 5
АҚШ банктерді біріктіру мен банкрот болған банктер саны

Жылдар Біріктірілген банктер Банкроттықа ұшыраған
банктер
1 2 3
40-шы 698 104
50-ші 1416 31
60-шы 1382 44
70-ші 1399 76
80-ші 3555 1037
90-шы(1997ж.дейін) 2049 851

Сонымен, АҚШ банк жүйесін біріктіру ісінде ең алдымен "проблемалы" ұйымды
мемлекет меншігіне өткізіп, одан соң проблемалы активтер мен пассивтерді
алып тастап, соңында қаржылай тұрақгы айналдыратындығы байқалды. Өтімділігі
төмен активтермен жұмыс істеу үшін мамандандырылған өкілетті ұйым,
проблемалы активтерді басқару, бақылау және сатумен айналысатын арнайы
фирмаларға тапсырыс беріп, бірігіп жұмыс істеп отырған. Басқару органдары
АҚШ ірі банктердің банкрот болмауын барлық кезендерде қадағалап отырған.
Мысалы, 1948ж. Континентал Иллинойс Нэшнл оф Чикаго банкінен капиталдың
жаппай қайтарылып алуын байқаған ФРЖ басқару кеңесі бұл банкке уақытша заем
беру арқылы көмекке келген болса, ДСФК банкті банкрот болудан аман алып
қалу мақсатында бірнеше миллиард доллар бөлген болатын.
Алайда, банкті сақтап қалудағы шаралар барлық жағдайларда көздеген
мақсатына жетіп отырмаған. Бэнк оф Нью Ингланд (Миннесота штаты), банкі 21
млрд. доллар активімен ДСФК-ның 2.3 млрд. доллар бөлгеніне қарамастан
банкрот болды.
Банк ісіндегі бәсекенің тендігі туралы Заңға сәйкес, АҚШ-тың ДСФК
активінде 504 млн. доллар бар банк банкрот болған жағдайда бридж-банк
(тікелей "көпір" деген мағынаны білдіреді) құруына болады екен. Мұндай
банк, банкрот болған мекеменің салымдары мен басқа да пассивтерін біріктіру
мен активтерін сатып алу мақсатында құрылады. Бридж-банк әдете келесі
жағдайларда құрылады:
Жабылғалы отырған банктің шығындарынан ашылатын бридж-
банктің шығындары төмен болғанда;
Жабылғалы отырған банк операцияларын жалғастыру осы банк
орналасқан аймақ үшін маңызды болса;
Жабылғалы отырған банктің салымшылары үшін банк қызметі
маңызды болса.
Ендігі жерде, АҚШ ДСФК жүйесіне қымбатқа түскен банкрот-банктердің
тізімін келтірілген кестеден көре аламыз (кесте 6), [13]. Бридж-банктің
жұмыс істе мерзімі, әдетте — 2 жыл. Осы уақыт ішінде ДСФК өзінің қол
астындағы банкрот болған банкті қорғай отырып, банктің банкрот болу
кезеңінен, банкті қолайлы сатып алушы сатып алғанға дейін "көпір" салады.
Осы банктің активтері мен пассивтерін сатып алуға мүдделі жақтар ДСФК
көмегімен іс-барысымен танысып, сатып алуға қатысу үшін өтініш береді. ДСФК
банкті операциондық қаржылармен қамтамасыз етіп отырады. Заң бойынша
капиталсыз құрылып, Ұлттық Банктің барлық өкілеттіктері құзырына беріледі
(жоғарыда айтылып кеткен Банк оф Ингланд банкісінде дәл осы әдіс қолданған
болатын). Америка зандарына сәйкес, салымдарды қайтару, банкті жабу
мерзімінен 3-5 күн өткен аралыкта қайтарылып берілуі тиіс. Жиі қайталанып
отыратын банктердің банкроттығы ДСФК сақтандыру қорын қатты ойсыратып
кетті, нәтижесінде несиелер бойынша жоғалтулардың орнын толтыру мақсатында
аударымдардың мөлшерін ұлғайтты. Сондықтан да бірқатар банктер төленуге
тиісті дивидендттер мөлшерін азайтуға, кейбр жағдайларда активтерін сатуға
мәжбүр болды.
Банктердің қаржы жағдайын, экономиканың нақты секторымен байланысын
нығайту, салымшылар мен кредиторлар тарапынан туындайтын сенімнің жаңа
деңгейінқальштастырусыз мүмкін емес. Бұл үшін, клиенттер мүддесін қорғауға
бағытталған толық құнды жүйе қалыптастыру маңызды шарт болып табылады. Бұл
міндет, банктік қадағалау жүйесінің жаңа, сапалы деңгейге көшіп,
бухгалтерлік есептің халыкдралық стандарттарын енгізу арқылы шешілуі
мүмкін. Банктің қаржы жағдайы дәрменсіздіке ұшыраған жағдайда, олардың
кредиторлары мен қыска мерзімде, аз шығынмен өздерінің қаржыларын қайтарып
ала алатындығына сенімді болуы керек. Осы мақсатты алға тарта отырып, Ресей
банкі мен Ресей үкіметі қабылдаған стратегиясы, салымдарға кепілдік беру
жуйесін қалыптастыруды және банктен қайтарылып алынған лицензиялармен жұмыс
істейтін корпоративті таратушы институтын құруды көздейді. Әлемдік тәжірибе
көрсетіп отырғандай, атаған екі құрал бір-бірінен бөлек қолданылатын болса,
онда олардың беретін нәтижесі де аз болады. АҚШ, Оңтүстік Корея сияқгы
мемлекеттердің мысалында қаржылай түрақгылықгы қолдай отырып, бірмезгілде
банкті тарату ісімен айналысу керекгігін көрсетеді.

Кесте 6
ДСФК жүйесіне қымбатқа түскен банкрот-банктер (млрд. АҚШ долл.)

РБанк аты Штат Жылы Банк активтері ДСФК
с шығындары
1 Ферст Репаблик банк Техас 1988 32.7 3
2 М банк Техас 1989 21.1 2.7
3 Бэнк оф нью Миннесота 1991 15.4 23
Ингланд
4 Континентал Илинойс Иллинойс 1984 33.6 1.1
5 Фэрст Сити Техас 1988 11.2 0.9
Бэнк
6 Техас Америкэн бэнк Техас 1989 4.8 0.7
7 Нью-Йорк бэнк оф Нью-йорк 1982 2.8 0.5
Сэйвингс
8 Ферст Нэшнл Техас 1989 1.9 0.4
бэнк
9 Ферст Америкэн бэнк Флорида І989 0.9 0.4
10Юнайтед Америкэн Теннеси 1978 0.8 0.8
бэнкс

Таратылған занды түлғаның бақылау және қадағалау нәтижесі бойынша мүлкі
жеткіліксіз болған кезде қаражат, олардың арасында қанағаттандыруға жататын
талаптар сомасына сайма-сай бөлінеді. Тарату комиссиясы кредиторлардың
талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан, не жалтарған жағдайда кредитор
занды түлғаның тарату балансы бекітілгенге дейін тарату комиссиясына талап
қойып, сотқа өтініш беруге құқығы бар. Соттың шешімі бойынша кредиторлардың
талаптары таратылған заңды тұлғаның қалған мүлкінен қанағаттандырылуы
мүмкін.

Екінші бөлім ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ БАНК ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ
ІСІНІҢ БАРЫСЫН ТАЛДАУ
2.1. Қазақстан Республикасында 1993-2006 жылдар аралығындағы
екінші деңгейлі банктерді қадағалау және бақылау ісінің жалпы
жағдайын сараптау

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен тәуелсіз банк
жүйесін құруы барысында еліміздегі екінші деңгейлі банктерді қадағалау және
бақылау ісі алғашқы рет заң жүзінде 1993 жылдың 13 сәірінде қабылданған "ҚР
банктер және банк қызметі туралы" Заңымен бекітілген болтын. Алайда,
банктерді қадағалау және бақылау ісі толығырақ 1995 жылдың 31 тамызында
қабылданған "ҚР бактер және банк қызметі туралы" Заңымен реттеледі.
Отандық екінші деңгейлі төлем қабілеті жоқ банктерді бақылау және
қадағалау ісінің нәтижесі бойыенша банк формаларын қайта кұру және тарату
барысын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Бірінші кезеңі банктерді соттың қатысуынсыз еріксіз түрде таратумен
сипатталады. Ұлттық Банк банкті еріксіз тарату туралы шешім қабылдап,
өзінің қызметкерлері арасынан тағайындалған тарату комиссиясын құрып,
тікелей бақылау жасап отырды. Банктерді тарату ісі мен формаларын
қалыптастырудың бірінші кезеңінде таратылған банктер саны аса көп болған
жоқ (кесте 7), [2], керісінше, банк операцияларын жүргізуге көптеген
лицензиялар беріліп, біразы қайтарылып алынды. Барлығы, 1992-1995 ж.ж.
аралығында 116 лицензия беріліп (Қазақстанда барлығы 253 банк ашылды), 108
лицензия қайттарылып алынды (барлығы, 1992 жылдан 2006 жылдың 12
желтоқсанына дейінгі аралықга 218 лицензия қайтарылып алынды).
Кесте 7
Тарату ісі барысындағы банктердің жалпы саны

Көрсеткіштер 1993-1995 12.96
1992-1996 - 139
1997 14 25
1998 1 14
1999 27 18
2004 18 8
2005 23 8
2006 18 6

Банктерді тарату ісін жүргізу барысында Ұлттық Банкке Үкімет орындарынан,
депутаттардан, басқа да мемлекеттік органдардан, сонымен бірге банк
кредиторланынан банктерді тарату ісін жүргізу үшін тағайындалған тарату
комиссиясы өздеріне жүктелген міндеттемелерді орындамай, бірқатар заң
бұзушылық әрекеттер жасағаны туралы шағымдар түсе бастады. Түскен
шағымдарды қарастыру нәтижесінде, Ұлттық Банк банкті тарату ісін жұзеге
асыратын тарату комиссиясына бақылау жасау әлсіреп қалғандығы туралы
қорытынды жасады. Сондықтан, банктерді ерікті және еріксіз тарату ісіне
бақылау жасауды формалары мен әдістерін өзгеру қажеттігі туындады. Бұл
жағдайда Ұлттық Банк банктерді тарату ісіне бақылау ідызметін өзінің
мойнына алды. Осы мақсатта, Ұлттық Банк "Банк қызметі мәселелері бойынша
кейбір Заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және
"Сақтандыру қызметі туралы", тарату ісін қайта қарауға мүмкіндік беретін
Заңдар қабылдады. Аталған Заңдардың кдбылдануы мен іс жұзінде қолданылуы
барысында, Ұлттық Банк ерікті және еріксіз түрде таратылатын банктер мен
сақгандыру органдарын тарату ісіне бақылау жасау құқығына ие болды.
Тарату ісі барысындағы ЕДБ сандық талдау нәтижесін төменде келтірілген
кестеден көруге болады (кесте 9), [2].
Кесте 9
Тарату кезеңінде жүрген ЕДБ жалпы саны

Жыл соңына Тарату кезеңінде жүрген ЕДБ жалпы саны
Барлығы Соттың Сот шешімі Ерікті түрде
қатысуынсыз, бойынша
еріксіз
түрде тарату
1 2 3 4 5
1993 - - - -
1994 - - - -
1995 - - - -
1996 82 82 - -
1997 80 73 6 1
1998 89 72 13 4
1999 67 48 14 5
2004 60 34 20 6
2005 39 18 19 2
2006 24 3 20 1

Кестеден көріп отырғанымызлдай, 1996-2004 ж.ж. аралығында соттың
қатысуынсыз болған еріксіз тарату ісінің саны басым болған. Ал 2005-2006
ж.ж. аралығында сот шешімі бойынша еріксіз тарату істері басым болып отыр.
Ал банктерді тарату ісі жақсы жолға қойылғанымен де, банктерді таратудың
бұл тұрі аз кездесуде. Банк мамандарының пікірі де осыған саяды. Сонымен
бірге, ҚР статистикалық бюллетені мәліметтері де осы қорытындыны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк филиалдары мен өкілдіктері
«Екінші деңгейлі банктер қызметтеріне бақылау және қадағалау»
ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ АГЕНТТІГІНІҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Банктік қызметтегі тәуекелдіктер
Қазақстан Республикасындағы коммерциалық банктердің қызметі
Банк операцияларын лицензиялау
Қазақстан Республикасының цифрлык банкинг жүйесі
Валюталық реттеуді либерализациялаудың әлемдік тәжірибесі
Қазақстанн Республикасының коммерциялық банктерінің өтімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін талдау мен бағалау
Қазақстан Республикасының Орталық банкі
Пәндер