Қаржы тәуекелінің нарықтық экономикадағы мәні және оны басқарудың теориялық негіздері


Мазмұны:
Кіріспе . . . 5
1. Қаржы тәуекелінің нарықтық экономикадағы мәні және оны басқарудың теориялық негіздері . . . 7
- Нарықтық экономикадағы қаржылық тәуекелдің мазмұны, оның пайда болуына әсер етуші факторлар . . . 7
- Қаржылық тәуекелдердің сыныпталуы және олардың деңгейлерін бағалау тәсілдері . . . 13
2. Қаржылық тәуекелді басқару негізінде “Альянс банк” АҚ қаржылық-экономикалық жағдайын талдау . . . 26
- “Альянс банк” АҚ туралы жалпы сипаттама . . . 26
- “Альянс банк” АҚ қаржылық-экономикалық жағдайын талдау . . . 34
2. 3 “Альянс банк” АҚ экономикалық жағдайында қаржылық тәуекелді басқарудың жайы және деңгейі . . . 42
3. Банктегі қаржылық тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру жолдары . . . 46
3. 1 Қаржылық тәуекелдерді бейтараптандыру жолдары . . . 46
3. 2 “ Альянс банк ” АҚ қызметіне тәуекел-менеджментті енгізуді негіздеу . . . 54
Қорытынды . . . 58
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 61
Қосымшалар . . . 62
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Нарықтық экономиканың маңызды элементтерінің бірі - қаржы нарығы. Оның қазіргі кездегі Қазақстандағы қалыптасуы мен қарқынды түрде дамуы экономикалық қатынастарды қайта құрудың күрделі процесінің ажырамас және құрамдас бөлігіне айналуда. Сонымен бірге экономикалық процестердің тұрақсыздық сипаты, қаржы нарығын басқару жүйесінің және оның нормативтік-құқықтық базасының жеткілікті дәрежеде жетілдірілмеуі, ел экономикасының әлемдік конъюнктураның ауытқуына тәуелділігінің күшеюі және тағы басқа да бірқатар факторлар Қазақстандық қаржы нарығында операцияларды жузеге асыратын субъектілер үшін жоғары тәуекелдердің болуын білдіреді. Осындай жағдайда қаржылық тәуекелдердің деңгейін бағалаудың және оларды Қазақстанның нақты жағдайына бейімделген әдістерді қолдану арқылы басқару тәсілдерінің ғылыми неіздемелерін жоғарылату қажеттілігі туындайды. Соңғы жылдары Қазақстанның кәсіпорындары үшін тәуекел категориясының мәні мен мазмұны артуда. Осыған орай, қазіргі кезде тәуекелді басқару мен бағалаудың жеткілікті әдістері мен тәсілдері қалыптасқан.
Дипломдық жұмыстың пәні. Әр кәсіпорын өзінің қызмет ету саласына байланысты өзіне тән тәуекелдің түлерін, оларды бағалаудың оптималды әдістерінің жиынын анықтайды. Банк үшін тәуекелдердің түрлерін анықтау және оларды бағалау қиынға соғады. Осы мәселені шешу үшін банк алдын ала болашақта пайда болуы мүмкін барлық тәуекелдердің түрін және оларға төтеп беру мүмкінділігін анықтап алады. Егер де тәуекел жеткіліксіз дәрежеде анықталып талданса, нәтижесінде банктің банкроттыққа ұшырау мүмкіндігі артады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында тәуекелді басқарудың, талдаудың, бағалаудың маңызы өте зор.
Дипломдық жұмыстың жаңалығы. Қазақстан нарығының қаржылық тәуекелдерін бағалау және басқаруды жетілдіру проблемасын шешудің практикалық, маңызы және өзектілігі осы негізде нарық қатысушыларының қаржылық тұрақтылығын жоғарылату мүмкіндігімен анықталады. Қаржы нарығының қатысушыларының қаржылық тұрақтылығын жоғарылату осы нарықтық тұрақтануына әкеледі, ал бұл өз кезегінде бүкіл елдің экономикасының тұрақтануына себебін тигізеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - қаржылық тәуекелдерді бағалау, басқарудың Қазақстан нарығының дамуы жағдайларына бейімделген әдістері мен үлгілерін ашып көрсету.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
-қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;
-өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;
-қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;
- Тәуекелдер туралы жалпы мағлұмат ұсыну;
-Тәуекелдердің, соның ішінде қаржылық тәуекелдердің классификациясын ашып көрсету;
-Тәуекелдерді бағалау, басқару әдістеріне тоқталып өту;
-Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде «Альянс банк» алынды. Оның негізгі қызметі несиелік операциялық қызмет көрсету болып табылады.
Дипломдық жұмыстың теориялық бөлімі қаржылық тәуекелдердің түсінігін ашуға негізделген. Бұл бөлім өзіне тәуекелдердің мәні мен түсінігі, сыныпталуы, қаржылық тәуекелдердің деңгейін бағалау әдістері туралы ақпараттарды кіріктіреді.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік бөлігі «Альянс банк»-тің қаржылық тәуекелдерді басқару саясатын талдау және оның нәтижелері бойынша қорытынды жасауға, сонымен қатар банктің тәуекелдерді басқару саясатын жақсарту бойынша іс-шаралар ұсынуға негізделген.
1. Қаржы тәуекелінің нарықтық экономикадағы мәні
және оны басқарудың теориялық негіздері
- Нарықтық экономикадағы қаржылық тәуекелдің мазмұны, оның пайда болуына әсер етуші факторлар
Тәуекел табиғаттың түрлі құбылыстары және қоғамның қызмет түрлерінің ерекшелігінен туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар қаупімен түсіндіріледі.
Экономикалық категория ретінде тәуекел өзімен бірге болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін жағдайларды ұсынады. Мұндай жағдайдың туындауы салдарынан келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс, зиян, шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс) .
Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелдік жағдай туындауын белгілі бір шекте болжамдау және тәуекел дәрежесін төмендету үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі шаралар қолдануға болады.
Көбінесе тәуекелді басқаруды ұйымдастыру тиімділігі тәуекелдің сыныптамасына тәуелді.
Мүмкін болатын нәтижеге (тәуекелдік жағдайдың нәтижесіне) байланысты тәуекелдер екі үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивтік.
Таза тәуекелдер жағымсыз немесе нольдік нәтиже алуға мүмкіндік береді. Бұл тәуекел түрлеріне келесілер жатады: табиғи, экологиялық, саясаттық, транспорттық және коммерциялық тәуекелдер бөлімі (мүліктік, өндірістік, саудалық) .
Спекулятивтік тәуекелдер жағымды да, жағымсыз да нәтиже алу мүмкіндігімен сипатталады. Бұл тәуекел түрлеріне коммерциялық тәуекелдер бөлімі болып табылатын қаржы тәуекелдері жатады.
Дипломдық жұмыс тақырыбы қаржы тәуекелімен байланысты болғандықтан қаржы тәуекеліне тереңірек тоқталамыз.
Қаржылық тәуекел кәсіпорын қаржылық институттармен (банктер, қаржылық, инвестициялық, сақтандыру компаниялары, биржалар және т. б. ) қатынасы процесінде пайда болады.
Қаржы тәуекелінің туындау себептері - инфляциялық факторлар, банктің есептік мөлшерлемелерінің өсуі, бағалы қағаздар құнының төмендеуі және т. б.
Қаржы тәуекелдері екі түрге бөлінеді:
- ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдер;
- капитал салымдарымен байланысты тәуекелдер (инвестициялық тәуекелдер) .
Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдерге тәуекелдердің келесі түрлері жатады: инфляциялық және дефляциялық тәуекелдер, валюталық тәуекелдер, өтімділік тәуекелі.
Инфляция ақшаның құнсыздануы болып табылады, бағалар өседі. Дефляция - инфляцияға кері процесс, ол бағалардың төмендеуінен және соған сәйкес ақшаның сатып алу қабілетінің жоғарылауынан көрінеді.
-Инфляциялық тәуекел - инфляция өсімі кезінде нақты сатып алу қабілеттілігі көзқарасынан өсуден көрі алынатын ақшалай табыстар тез құнсыздануындағы тәуекел. Мұндай жағдайда кәсіпкер нақты шығыстарға тап болады.
-Дефляциялық тәуекел - дефляция өсімі кезінде бағалар деңгейі төмендейді, кәсіпкерліктің экономикалық жағдайы нашарлайды табыс төмендейді.
-Валюталық тәуекелдер сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да валюталық операцияларды жүргізу кезінде бір шетелдік валюта бағамының басқа валюта бағамына қатынасының өзгеруімен байланысты валюталық жоғалту қаупімен түсіндіріледі.
-Өтімділік тәуекелі - тұтынушылық құнының және сапалық бағаның өзгерісі себебінен бағалы қағаздар немесе басқа да тауарларды өткізу кезіндегі мүмкін болатын жоғалтулармен байланысты тәуекелдер.
Инвестициялық тәуекелдер келесі ішкі жүйелік тәуекелдерді қамтиды:
- жіберіліп қойған пайда тәуекелі;
- табыстылықтың төмендеу тәуекелі;
- тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелі.
Жіберіліп қойған пайда тәуекелі - белгілі бір шараларды (мысалы, сақтандыру, хеджирлеу, инвестициялау т. с. с. ) іске асырмау нәтижесінде жанама (қосымша) қаржылық зиянның (алынбаған табыс) туындау тәуекелі.
Табыстылықтың төмендеу тәуекелі портфельдік инвестициялар, салымдар және несиелер бойынша дивидендтер және пайыздар мөлшерінің төмендеу нәтижесінде туындауы мүмкін.
Портфельдік инвестициялар инвестициялық портфельдің пайда болуымен байланысты және бағалы қағаздар және басқа активтерді сатып алумен түсіндіріледі. «Портфельдік» термині итальян сөзінен «Porte foglio» шығып, инвесторда бар бағалы қағаздардың жиынтығын білдіреді.
Табыстылықтың төмендеу тәуекелі келесідей тәуекел түрлерінен тұрады: пайыздық тәуекелдер және несиелік тәуекелдер.
Пайыздық тәуекелдерге тартылған қаражаттар бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелер ұсынылған несиелер бойынша мөлшерлемелерден жоғары болып кетуі нәтижесіндегі коммерциялық банктердің, несиелік мекемелердің, инвестициялық институтардың жоғалту қауіптері жатады. Пайыздық тәуекелдерге сонымен қатар акциялар бойынша дивидендтердің, облигациялар, сертификаттар және басқа бағалы қағаздар нарығындағы пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісімен байланысты инвесторлар жоғалтулар тәуекелі жатады.
Пайыздың нарықтық мөлшерлемесінің өсімі бағалы қағаздардың бағамдық құнының төмендеуіне алып келеді, әсіресе тұрақты пайызды облигацияларға қатысты. Пайыздың жоғарылауы салдарынан төмен тұрақты пайыз бойынша шығарылған және шығару шарттары бойынша эмитент жедел қайта қабылданатын бағалы қағаздардың массалық алынып тасталуының басталуы мүмкін. Тұрақтандырылған дәрежемен салыстырғанда орташа нарықтық пайыздың өсуі кезінде тұрақты пайыздық орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға өз қаражатын салған инвестор пайыздық тәуекелге ұшырауы мүмкін. Басқаша айтқанда, инвестор пайыздың жоғарылауы есебінен табыстар өсімін ала алатын еді, бірақ жоғарыда көрсетілгендерге салынған өз қаражаттарын босата алмайды.
Тұрақтандырылған деңгеймен салыстырғандағы орташа нарықтық пайыздың төмендеуі кезінде тұрақты пайызды орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарды айналысқа шығарған эмитент пайыздық тәуекелге ұшырауы мүмкін. Басқаша айтқанда, эмитент нарықтан төмен пайызды қаражаттар тарта алатын еді, бірақ ол өзі шығарған бағалы қағаздармен байланысты.
Тәуекелдің бұл түрі инфляция жағдайында пайыздық мөлшерлемелердің тез өсуі кезінде қысқа мерзімді бағалы қағаздар үшін де мән береді.
Несиелік тәуекел - қарыз алушының негізгі қарыз және несиегерге жататын пайыздардың төленбей қалу қаупі. Несиелік тәуекелге сонымен қатар қарыздық бағалы қағаздар шығарған эмитент қағаздар бойынша пайыздар немесе қарыздың негізгі сомасын төлей алмайтын жағдай да жатады.
Сонымен қатар несиелік тәуекел тікелей қаржылық жоғалтулар түрлілігі болуы мүмкін.
Тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелі келесі түрлерін қамтиды: биржалық тәуекел, селективтік тәуекел, банкроттық тәуекел, сонымен қатар несиелік тәуекел.
Биржалық тәуекелдер өзімен бірге биржалық мәмілелерден жоғалту қаупін ұсынады. Бұл тәуекелдерге келесілер жатады: коммерциялық мәмілелер бойынша төлемеу тәуекелі, брокерлік фирманың комиссиялық сыйақы төлемеу тәуекелі және т. б.
Селективтік тәуекелдер (латын тілінен selectio - таңдау, сұрыптау) -инвестициялық портфель қалыптастырудағы басқа бағалы қағаздармен салыстырғанда инвестициялау үшін бағалы қағаздардың түрін, капитал салымының әдісін дұрыс емес таңдау тәуекелі.
Банкроттық тәуекелі өзімен бірге капитал салымының әдісін дұрыс емес таңдау, кәсіпкердің меншікті капиталын толық жоғалту және өзіне алған міндеттемелер бойынша есептесе алмау нәтижесінде туындайтын қауіпті ұсынады. Нәтижесінде кәсіпкер банкротқа ұшырайды.
Қаржы тәуекелі өзімен бірге уақыт функциясын ұсынады. Берілген қаржылық актив немесе капитал салымының түрі үшін тәуекел деңгейі уақыт бойында жоғарылайды. Мысалы, импорттаушының шығыстары бүгінгі күнде контрактіге отырған кезден, уақыттан мәміле бойынша төлем мерзіміне дейінгі уақытқа байланысты, себебі ұлттық валютаға шетел валютасының бағамының қатынасы өсуде.
Кез келген кәсіпорынның қаржылық әрекеттерінің барлық түрлері көптеген тәуекелмен тығыз байланысты болады. Оның ыкпал ету дәрежесі нарықтық экономикаға байланысты біршама артуда.
Тәуекел шаруашылық қызметті жүзеге асырумен байланысты категориялардың ішінде ең күрделілерінің бірі болып табылады. Әдебиеттерде бұл категорияға әртүрлі түсінік береді. Мысалы, отандық әдебиетіміз-Р. Ә. Әмірханов және А. К. Тұрғұлованың "Қаржы менеджменті" атты еңбегінде "Тәуекел - бұл бір жағынан, барынша мумкінді қауіптілік, ресурстардан айырылу мүмкіндігі немесе ресурстарды ұтымды пайдаланудан алынатын табысты толық, алмау, басқа жағынан, тәуекелдің арқасында қосымша пайда табу мумкіндігі" делелденген [1] . Шынында да тәуекелдің салдарын алдын-ала нақты айта алмаймыз. Тәуекелге бару арқылы кәсіпорын табыс табуы да мүмкін, сонымен қатар оның шығынға ұшырамайтынына да кепілдік бермейді. Сондықтан да қаржы менеджменті табыс алу мумкіндігін ылғи да тәуекелмен байланыстырады. Тәуекел және табыс - өзара байланысты қаржылық категориялар.
Ресейдің профессоры Е. С. Стоянованың "Финансовый менеджмент" оқулығында тәуекелге келесідей анықтама берілген: "Тәуекел деп кандай да бір табиғат құбылысы немесе адамның кандай да бір қызмет түрінің ерекшелігінен туындайтын шығындалу кауіптілігімен түсіндіріледі". Осы орайда қаржы менеджері үшін тәуекел - бұл жағымсыз нәтиже ықтималдылығы. Әртүрлі инвестициялық жобалардың тәуекелдік деңгейі әртүрлі болады, салымдар салудың ең жоғары табысты вариантының тәуекелі тым жоғары болуы мүмкін.
Тәуекел - бұл экономикалық категория. Экономикалық категория ретінде ол болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін оқиғаны білдіреді. Сондай-ақ тәуекелге экономикалық категория ретінде келесідей негізгі белгілер тән:
- Экономикальқ табиғаты бойынша тәуекел кәсіпорынның экономикалық
қызметінің сферасында көрініс табады, оның табыстарын қалыптастырумен
тікелей байланысты жэне каржыльщ қызметті жүзеге асыру процесінде
кәсіпорынның экономикалық залалдарға ұшырау мүмкіндігімен сипатталады.
Өзінің көрініс табуының аталған экономикалық формаларын ескере отырып,
тәуекел экономикалық категория ретінде сипатталады, шаруашылық процесін
жүзеге асырумен байланысты экономикалық категориялар жүйесінде белгілі бір орын алады.
- Көрініс табу объективтілігі бойынша тәуекел кез келген кәспорынның қызмет етуіндегі объективті құбылыс болып табылады, ол кәсіпорынның қаржылық қызметінің барлық дерлік бағыттарымен және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен бірге қабаттаса жүреді. Тәуекелдердің параметрлерінің бірқатары субъективті басқарушылық шешімдерге байланысты болғаныменен, оның көрініс табуының объективті табиғаты өзгермей қала береді.
- Жүзеге асыру ықтималдылығы бойынша тәуекел категориясының ықтималдылығы кәсіпорынның қаржылық қызметін жүзеге асыру процесінде тәуекелді жағдай болу мүмкіндігімен де, болмау мүмкіндігімен де айқындалады. Бұл ықтималдылықтың дәрежесі объективті де, субъективті де факторлармен анықталады, бірақ тәуекелдің ықтималдылық табиғаты оның тұрақты белгісі болып табылады.
- Салдарлардың белгізсіздігі бойынша тәуекелдің бұл белгісі оның қаржылық нәтижелерінің, бірінші кезекте жүзеге асырылатын қаржылық операциялардың табыстылық деңгейінің толық айқындылықпен шешілмеуімен анықталады. Қаржылық операциялардың нәтижелігінің күтілмеген деңгейі тәуекелдің түрі мен деңгейіне байланысты айтарлықтай кең диапазонда ауытқуы мүмкін. Басқа сөзбен айтқанда, тәуекел кәсіпорын үшін айтарлықтай қаржылық залалдар да әкелуі мүмкін, сондай-ақ кәсіпорын үшін қосымша табыстар да қалыптастыруы мүмкін.
- Салдарлардың күтпеген қолайсыздығы бойынша ж оғарыда тәуекелдердің көрініс табуының салдарлары қаржылық қызметтің негативті де, позитивті де нәтижелерімен сипатталуы мүмкін деп айтылғанмен, бұл тәуекел шаруашылық тәжірибеде мүмкін болатын қолайсыз салдарлардың деңгейімен сипатталады және өлшенеді. Бұл тәуекелдің тым негативті салдарлары тек қана табыстардың ғана емес, сондай-ақ, кәсіпорынның капитал құнының да жоғалуына әкелу мумкінділігімен анықталады, ал бұл кәсіпорынның банкроттыққа ұшырауына (яғни кәсіпорынның қызметінің қайтып оралмас негативті салдарларына) әкеледі.
- Тәуекел деңгейінің өзгерушілігі бойынша кәсіпорынның қаржылық қызметінің белгілі бір түрде немесе қандай да бір қаржылық операцияға тән тәуекелдің деңгейі тұрақты болып табылмайды. Ең алдымен, ол уақыт бойынша айтарлықтай өзгеріп отырады, яғни каржылық операцияны жүзеге асыру ұзактылығына байланысты болады, өйткені уақыт факторы тәуекел деңгейіне ықпал етеді (бұл салынатын қаржылық қаражаттардың өттімділік деңгейі арқылы, қаржы нарығындағы қарыздар бойынша пайыздық ставкалардың өзгеруінің белгісіздігі және тағы басқалар арқылы көрініс табады) . Сонымен қатар, тәуекел деңгейінің көрсеткіштері үнемі динамикалық өзгерісте болып отыратын көптеген объективті және субъективті факторлардың ықпалынан да айтарлықтай ауытқып отырады.
- Бағалау субъективілігі бойынша экономикалық құбылыс ретіндегі тәуекелдің объективті табиғатына қарамастан, оның негізгі бағалану көрсеткіші - тәуекел деңгейі субъективті сипатқа ие. Бұл субъективтілік, яғни осы объективті құбылыстың бағалануының бір мәнді болмауы акпараттық базаның толықтылығы мен ақиқаттылық деңгейінің әртүрлігімен, қаржы менеджерлерінің мамандану дәрежесімен, олардың тәуекелдерді басқару сферасындағы тәжірибесімен және тағы басқа да факторлармен анықталады [2] .
Тәуекел категориясының қарастырылып өткен белгілері оны келесідей етіп тусіндіруге мумкіндік береді: Кәсіпорынның тәуекелі деп оның қаржылық қызметінің жүзеге асырылуының шарттарының белгісіздігі жағдайында табыстар жоғалту немесе капитал жоғалту формасында жағымсыз қаржылық салдарлардың пайда болу ықтималдылығы түсіндіріледі.
Әрине, тәуекелден қашуға, яғни тәуекелмен байланысты шаралардан бас тартуға болады. Бірақ, кәсіпкер үшін тәуекелден қашу көбінесе мүмкінді пайдадан бас тартуды білдіреді.
Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелді оқиғаның пайда болуын қандай да бір дәрежеде болжауға мүмкіндік беретін әртурлі шараларды қолдануға және тәуекел дәрежесін төмендетуге шаралар қабылдауға болады. Тәуекелді басқаруды ұйымдастыру тиімділігі көпшілік жағдайда тәуекелдің сыныпталуымен анықталады.
Тәуекелдердің с ыныпталуы деп белгілі бір мақсатқа жету үшін қандай да бір белгілер бойынша тәуекелдерді жеке топтарға бөлуді түсінуге болады. Тәуекелдердің ғылыми негізделген сыныпталуы әрбір тәуекел түрінің олардың жалпы жүйесіндегі нақты орнын анықтауға мүмкіндік береді. Тәуекелдердің сыныпталуы тәуекелдерді басқарудың сәйкес тәсілдері мен әдістерін тиімді пайдалануға мүмкіндік тудырады. Тәуекелдің әрбір түріне тәуекелді басқарудың өз тәсілі сәйкес келеді.
Тәуекелдерді сыныптау жүйесі өзіне тәуекелдердің категорияларын, топтарын және турлерін қамтиды.
Мүмкін болатын нәтижеге байланысты тәуекелдерді екі үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивті тәуекелдер.
Таза тәуекелдер теріс немесе нөлдік нәтиже алу мумкіндігін білдіреді. Мұндай тәуекелдерге табиғи, экологиялық, саяси, транспорттық және коммерциялық тәуекелдердің кейбір түрлері (мүлктік, өндірісктік және сауда тәуекелі) жатады.
Спекулятиеті тәуекелдер оң нәтиже де, сондай-ақ теріс нәтиже де алу мүмкіндігімен айқындалады. Оларға коммерциялық тәуекелдердің бір бөлігі болып табылатын қаржылық тәуекелдер жатады.
Пайда болуының негізгі себебіне байланысты тәуекелдер келесідей категорияларға бөліеді: табиғи, экологиялық, саяси, транспорттық және коммерциялық тәуекелдер.
Табиғи тәуекелдерге табиғаттың апатты күштерінің көрініс табуымен, яғни жер сілкінісімен, су тасқынымен, боранмен, өртпен, эпидемиямен және тағы басқалармен байланысты тәуекелдер жатады.
Экологиялық тәуекелдер - бұл қоршаған ортаны ластаумен байланысты тәуекелдер.
Саяси тәуекелдер - елдегі саяси жағдаймен және мемлекеттің қызметімен байланысты тәуекелдер. Саяси тәуекелдер өндірістік-сауда процесінің шаруашылық субъектіге байланыссыз себептер бойынша бұзылуынан пайда болады.
Транспорттық тәуекелдер - бұл жүктерді автомобильмен, су кемелерімен, теміржол поездарымен, самолеттермен және тағы баска да көлік түрлерімен тасумен байланысты тәуекелдер.
Коммерциялық тәуекелдер - қаржылық-шаруашылық қызмет процесінде залалдарға ұшырау кауіптілігі. Олар коммерциялық мәмле нәтижесінің белгі-сіздігін білдіреді.
Құрылымдық белгілері бойынша коммерциялық тәуекелдер мүліктік, өндірісік, сауда, қаржылық тәуекелдерге бөлінеді.
Мүліктік тәуекелдер - бұл кәсіпкер-азаматтың ұрлық, диверсия, техникалық және технологиялық; жүйелердің бұзылуы нәтижесінде мүлкін жоғалту ықтималдылығымен байланысты тәуекелдер.
Өндірістік тәуекелдер - бұл әртурлі факторлардың ықпалы нәтижесінде өндірістің тоқтап қалуынан болатын шығындармен байланысты және өндіріске жаңа техника мен технологияны ендірумен байланысты тәуекелдер.
Сауда тәуекелі - бұл төлемдерді кешіктіру, тауарларды жөңелту кезінде төлемдері жүргізуден бас тарту, тауарды уақытында жеткізбеу себептері бойынша шығындармен байланысты тәуекел.
Қаржылық тәуекелдер қаржы ресурстарын жоғалту ықтималдылығымен байланысты болады [3] .
1. 2 Қаржылық тәуекелдердің сыныпталуы және олардың деңгейлерін бағалау тәсілдері
Кәсіпорындардың тәуекелдерінің ішінде ең көп кездесетіні және ең негізгісі болып қаржылық тәуекелдер табылады. Кәсіпорынның қаржылық тәуекелдері көп түрімен сипатталады және оларды тиімді басқару мақсатында келесідей негізгі белгілер бойынша сыныптайды (қосымша - 5) [4] .
1. Түрлері бойынша. Қаржылық тәуекелдердің сыныпталуының бұл белгісі басқару процесінде оларды дифференциациялаудың негізгі параметрі болып табылады.
Қазіргі кезде кәсіпорынның қаржылық тәуекелдерінің негізгі түрлеріне келесілерді жатқызады (1-сурет) .
Қаржылық
тұрақтылықтың
төмендеу тәуекелі
Криминогенік
тәуекел
Сурет 1. Кәсіпорынның қаржылық тәуекелдерінің түрлерінің сипаттамасы
Қайнар көзі: Кәсіпорынның қаржылық тәуекелдерінің мәліметі бойынша
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz