Мемлекет жайлы



1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1. Мемлекеттің пайда болуы.
2.2. Мемлекеттің түсінігі және мәні.
2.3. Мемлекеттің функциялары.
2.4. Мемлекет механизмі.
2.5. Мемлекет нысаны.
2.6.Мемлекет типтері.
3.Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер
Адамзаттың даму сатысының ең алғашқы құрылымы алғашқы қауымдық құрылыс болып саналады. Дүние жүіндегі барлықхалықтар осы сатыны бастарынан кешіріреді. Жалпы адамның пайда болуы туралы ғылымда осы күнге дейін екі пікір қалыптасқан. Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты. «Мемлекет» ұғымы жалпы көпшілікке жақсы белгілі. Мемлекет алғашқы, қауымдық қоғамда құрылған жоқ. Саяси ғылым мемлекеттің пайда болуын адамзат қоғамы дамуының белгілі бір тарихи кезеңімен, яғни әлеуметтік топтар мен таптардың пайда болып, қоғамда саяси-әлеуметтік теңсіздіктердің орнығуымен байланыстырады. Экономика саласындағы үстемдік етуші таптың саяси үстемдігін қамтамасыз ету және басқа таптардың қарсылығын болдырмау қажеттілігінен мемлекет пайда болды деген пікір саяси ғылымдардағы негізгі көзқарас. Мемлекет құл иеленуші дәуірде де қазіргідей дәрежеге жетті. Бірақ тарихи ұзақ мерзім бойы “мемлекет” деген түсінік “қоғам”, “ел” деген түсініктен ажыратылған жоқ. «Мемлекет» деген атауды рулық, тайпалық қауымнан ажырату, яғни, алғашқы «қауымдық емес» деген ұғымды белгілеу үшін пайдаланды. Мысалы, патшалық, қаған, хандық, князьдік, халифат, Алтын орда, Ақ орда, Ноғай ордасы, Сібір ордасы деген сөздер екі түсініктің орнына (біріншісі мемлекет, екіншісі қоғам) пайдалана берілді. Алайда, мемлекеттің пайда болуы әртүрлі әлеуметтік пікірлердің қалыптасуына негіз болды. Саяси өмірдің дамуына байланысты қоғамда мемлекеттің ролі күшейе түсті. Ойшылдар, ғалымдар мемлекетке — “ел”, “қоғам” түсінігі тұрғысынан емес, “өкімет”, билік тұрғысынан қарайтын болды. Сөйтіп, нәтижесінде мемлекет пен өкімет туралы ойлар, қағидалар бірте-біртебіздің заманымыздан бұрынғы VI-V ғасырларда теориялық деңгейге жетті.
1.Алексеев С.С. Теория права. М., 1996;
2. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М.,1995; Ч.2.М., 1996;
3. Комаров С.А. Общая теория государства и права. Саранск, 1994;
4.Общая теория государства и права / Под ред. В.В.Лазарева. М., 1996;
5. Марченко М.Н. Теория государства и права. М., 1996; Теория государства и права / Под ред.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1. Мемлекеттің пайда болуы.
2.2. Мемлекеттің түсінігі және мәні.
2.3. Мемлекеттің функциялары.
2.4. Мемлекет механизмі.
2.5. Мемлекет нысаны.
2.6.Мемлекет типтері.
3.Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Адамзаттың даму сатысының ең алғашқы құрылымы алғашқы қауымдық құрылыс болып саналады. Дүние жүіндегі барлықхалықтар осы сатыны бастарынан кешіріреді. Жалпы адамның пайда болуы туралы ғылымда осы күнге дейін екі пікір қалыптасқан. Мемлекет -- белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты. Мемлекет ұғымы жалпы көпшілікке жақсы белгілі. Мемлекет алғашқы, қауымдық қоғамда құрылған жоқ. Саяси ғылым мемлекеттің пайда болуын адамзат қоғамы дамуының белгілі бір тарихи кезеңімен, яғни әлеуметтік топтар мен таптардың пайда болып, қоғамда саяси-әлеуметтік теңсіздіктердің орнығуымен байланыстырады. Экономика саласындағы үстемдік етуші таптың саяси үстемдігін қамтамасыз ету және басқа таптардың қарсылығын болдырмау қажеттілігінен мемлекет пайда болды деген пікір саяси ғылымдардағы негізгі көзқарас. Мемлекет құл иеленуші дәуірде де қазіргідей дәрежеге жетті. Бірақ тарихи ұзақ мерзім бойы "мемлекет" деген түсінік "қоғам", "ел" деген түсініктен ажыратылған жоқ. Мемлекет деген атауды рулық, тайпалық қауымнан ажырату, яғни, алғашқы қауымдық емес деген ұғымды белгілеу үшін пайдаланды. Мысалы, патшалық, қаған, хандық, князьдік, халифат, Алтын орда, Ақ орда, Ноғай ордасы, Сібір ордасы деген сөздер екі түсініктің орнына (біріншісі мемлекет, екіншісі қоғам) пайдалана берілді. Алайда, мемлекеттің пайда болуы әртүрлі әлеуметтік пікірлердің қалыптасуына негіз болды. Саяси өмірдің дамуына байланысты қоғамда мемлекеттің ролі күшейе түсті. Ойшылдар, ғалымдар мемлекетке -- "ел", "қоғам" түсінігі тұрғысынан емес, "өкімет", билік тұрғысынан қарайтын болды. Сөйтіп, нәтижесінде мемлекет пен өкімет туралы ойлар, қағидалар бірте-біртебіздің заманымыздан бұрынғы VI-V ғасырларда теориялық деңгейге жетті. Мемлекет пен қоғам мәселелері адамзат өмірінде әрбір тарихи кезеңге сайөзгерістерге ұшырап отыратыны және оларды адамзаттың шама-шарқынша сәтті түрде шешуге ұдайы ықыластық танытатыны белгілі. Егер өткеніміздіойша шолар болсақ, адамзат тарихы мемлекет жөнінде сан түрлі саяси ойтізбегі мен даналыққа толы екендігін байқаймыз. Солардың ішіндегі ең мәндісі де, өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатыны да ғұлама ойшыл Конфуцийдің идеялары. Бұл ойшылды негізінен мемлекетті басқару мәселелері көп толғандырғанын атап өткен жөн. Конфуцийдің осынау күрделі мемлекет мәселелерін қатаң тәртіп пен бір тәрбиелік ұстанымдардың көмегімен жүзеге асырмақ ниеті және оған қоса шектен шыққан қызулыққа берілмей, көбіне-көп "тепе - теңдік" пен "орталық" принциптерді ұстанғаны белгілі.Түрлі ұсақ иеліктерге бөлініп, бір-бірімен қырқысып жатқан Қытайдағы патшалықтарды бір орталыққа бағынған мемлекетке біріктіруді басты мақсатқа айналдырған ол, сонымен бірге, халықтың тәлім-тәрбиелік күш-қуатын жоғары деңгейге көтеру мен оны "бақытты" ету үшін бар күш-жігерін сарп етті.

Мемлекеттің пайда болуы.
Мемлекетке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік биліктің ерекшеліктері болып мыналар табылады:
- ол тек бір ру көлемінде ғана таралды, оның еркін білдірді және қандық туыстыққа негізделді;
- тікелей қоғамдық болып табылды, алғашқы қауымдық демократияның, өзін-өзі басқарудың бастамаларының негізінде қалыптасты;
- бұл биліктің биліктік органдары ретінде рулық жиналыстар, ақсақалдар, әскербасылары және т.б. қызмет етті, олар алғашқы қауымдық қоғамның өмір сүруінің маңызды мәселелерін шешіп отырды.
Мемлекеттің пайда болу себептері. Мемлекеттің пайда болуы туралы мәселе даулы болып табылады, себебі, этнография және тарих ғылымдары оның пайда болуы туралы күннен-күнге жаңа мәліметтер беруде. Мемлекеттің пайда болу себептері туралы бірқатар теориялар бар, олардың негізгілері болып мыналар табылады:
1. Діни теория - мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда болуының құдайлық бастамасын негізге алады, барлық билік құдайданң деген тұжырымдаманы бекітіп, жақтайды. Өзінің діни мазмұнына қарамастан, бұл теория бірқатар шынайы жағдайларды көрсетеді, нақты айтқанда, алғашқы мемлекеттердің теократиялық нысандарын - абыздар билігін, шіркеудің ролін, діни және әкімшілік орталықтар арасындағы билік бөлінісін. Бұл теорияның көрнекті өкілдерінің бірі - Фома Аквинский.
2. Патриархалды теория - мемлекеттің пайда болуын отбасымен байланыстырады, ал мемлекет басшысының билігін отбасы мүшелерінің алдындағы әке билігінен туындатады. Бұл теория патшаның шексіз билігін негіздеуге бағытталған, ал бұл биліктің қайнар көзі ретінде құдайды емес, отбасындағы әкенің, патриархтың шексіз билігі орын алған отбасы нысанын таниды. Бұл теория Грецияда пайда болған, өз негіздемесін Аристотельдің еңбектерінен иеленсе, өз дамуын ағылшын ғалымы Филмердің еңбектерінен тапты.
3. Шартты теория - ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда кеңінен таралған. Оны жақтаушылардың қатарынан Голландияда Гуго Гроций мен Спиноза, Англияда Д.Локк пен Т.Гоббс, Францияда Ж.-Ж.Руссо, Ресейде А.Радищев орын алды. Мысалы, А.Радищевтің ойынша, билік халыққа тиесілі, алайда ол мемлекет басшысына берілген және оны халық бақылауы тиіс. Шарттық теорияға сәйкес, мемлекет шарт нәтижесі ретінде пайда болады, оның қатысушылары болып адамдар табылады, олар шарттың негізінде өз бостандықтарының, өз билігінің бір бөлігін мемлекетке береді.
4. Күштеу теориясы - мемлекеттің пайда болу негізі ретінде күштеу әрекетін, бір халықтың екінші халықты жаулауын таниды. Жауланған халықтың үстінен билікті бекіту үшін, оған күштеу жүргізу үшін мемлекет құрылады. Күштеу теориясы ХІХ ғасырда пайда болы, оның өкілдері - Л.Гумплович, К.Каутский, Е.Дюринг.
5. Психологиялық теория - мемлекеттің пайда болуын адам психмкасының көріністерімен: бағыну қажеттігімен, еліктеумен, алғашқы қауымдық қоғамның жоғарғы топтарына тәуелділікті сезінумен, белгілі бір әрекет түрлерінің әділдігін түсінумен және т.б. байланыстырады. Психологиялық теорияның өкілдерінің қатарынан Л.Петражицкий мен Г.Тардты атауға болады.
6. Органикалық теория. Бұл теорияның өкілдері Г.Спенсер, Вормс, Х.Прейс мемлекетті ағза ретінде түсіндіреді. Оның бөліктері арасындағы тұрақты байланыстар тірі ағзаның бөліктері арасындағы байланысқа теңестіріледі, яғни, мемлекет - биологиялық дамудың бір түрі ретінде көрініс табатын әлеуметтік даму өнімі. Биологиялық ағзаның бір түрі ретінде мемлекеттің өз миы (басшы) мен оның шешімдерін жүзеге асыру құралдары (халық) болады.
7. Ирригациялық теорияға сәйкес мемлекеттердің алғашқы қанаушы нысандарының пайда болуы шығыстық аграрлық аймақтардағы ірі ирригациялық құрылыстарды жүргізу қажеттігімен байланысты. Бұл теория қазіргі кездегі неміс ғалымы К.А.Виттфогельдің еңбектерінен айрықша көрініс тапқан.
8. Материалистік теория - мемлекеттің пайда болуын әлеуметтік-экономикалық факторлармен, яғни, жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамның таптарға бөлінумен, байланыстырады. Бұл теорияның өкілдері - К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин - мемлекет бір таптың екінші таптың үстінен үстемдігін сақтау және бекіту, қоғамның біртұтас ағза ретінде өмір сүруі мен қызмет етуін қамтамасыз ету мақсаттарында пайда болған деп санайды.
Мемлекеттің қалыптасуы - әртүрлі халықтарда түрліше жүзеге асқан ұзақ үдеріс.
Шығыста өндірістің азиялық тәсілің (Египет, Вавилон, Үндістан, Қытай және т.б.) нысаны кеңінен таралды. Бұл жерде рулық құрылымның әлеуметтік-экономикалық бөліктері - жердік үлес, ұжымдық меншік және т.б. тұрақты сипатты иеленді. Ежелгі Шығыста пайда болған алғашқы мемлекеттер ауылдық қауымдастықтарды қанай отырып, оларды басқарды, яғни, өндірісті ұйымдастырушы ролін атқарды.
Афины мен Римде мемлекеттің пайда болу бағыты басқаша жолмен жүзеге асырылды, бұларда құлиеленушілік мемлекет меншіктің пайда болуы және қоғамның таптарға бөлінуі негізінде пайда болды. Афины - мемлекеттің пайда болуының ең таза, классикалық нысаны, себебі, мемлекет рулық құрылым ішіндегі таптық қарама-қайшылықтардың негізінде пайда болады. Римде мемлекеттің пайда болуы плебейлердің римдік аристократтар - патрицийлерге қарсы күресінің нәтижесінде тездетілді.
Ежелгі герман мемлекетінің пайда болуы көптеген жерлерді алып жатқан бөтен аумақтарды жаулап алумен байланысты, бұл жерлерге үстемдік орнатуда рулық қоғам әлсіз болды, сол себепті, мемлекеттің пайда болу қажеттігі туды.
Барлық нысандағы мемлекеттердің пайда болуына негіз болып 10-12 мың жылдар бұрынғы неолиттік революция табылды. Оның мәні мынада: өз қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында адам дайын өсімдік және жануарлық нысандарын иемденумен байланысты құралдық қызметтен табиғатты өзгертумен және азық дайындаумен байланысты шынайы еңбек қызметіне ауысты, яғни, иемденушіден өндіруші экономикаға өту орын алды.
Сонымен, мемлекет объективтік түрде, сырттан емес, ішкі факторлардың негізінде пайда болады.

Мемлекеттің түсінігі және мәні
Мемлекет - бұл арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын және оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы.
Мемлекетті рулық құрылымдағы әлеуметтік биліктен ажырататын төмендегідей белгілері болады:
1. Бұқаралық биліктің болуы. Міндетті түрде мемлекеттің басқару және мәжбүрлеу аппараты болуы тиіс, себебі, бұқаралық билік - бұл шенеуніктер, әскер, полиция, түрме мен басқа да мекемелер.
2. Аумақтық бөлініс. Мемлекет өз аумағында өмір сүруші барлық адамдарды өз билігімен және қорғау арқылы біріктіреді.
3.Салықтар жүйесі. Олар мемлекеттік аппараттың өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажет.
4. Егемендік. Бұл мемлекетке тән өз аумағындағы үстемдік пен халықаралық қатынастардағы тәуелсіздік.
5. Құқықтың болуы. Мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды, себебі, құқық мемлекеттік билікті заңдастырады.
2. Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің ерекше түрі ретінде. Мемлекеттік билікке сипаттама берместен бұрын әлеуметтік билікке анықтама беріп алу қажет. Әлеуметтік билік - бұл адамдарың кез - келген бірігуіне тән үстемдік пен бағынушылық қатынастары, бұл кезде бір тұлғалардың - билік құрушылардың - еркі мен әрекеттері басқа тұлғалардың - бағынушылардың - еркі мен әрекеттеріне үстемдік құрады. Әлеуметтік билік кез-келген ұйымдасқан, белгілі бір дәрежеде тұрақты адамдар тобына - руға, тайпаға, отбасына, қоғамдық ұйымға, партияға, мемлекетке, қоғамға және т.б. тән.
Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің ерекше бір тұрі ретінде көрініс табады. Бұл мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенген, субъектілер арасындағы үстемдік және бағынушылық сипаттағы бұқаралық-саяси қатынас. Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері:
1. Бұқаралық билік. Ол бүкіл қоғамның, халықтың атынан қызмет етеді және өз қызметінде бұқаралық негізге - қазына мүлкіне, өз кірістеріне, салықтарға ие.
2. Аппараттық билік. Ол аппаратқа, мемлекеттік органдар жүйесіне сүйенеді және олар арқылы жүзеге асырылады.
3. Заң қолдайтын билік. Сол себепті, ол аппарат пен заң нормаларының көмегімен елдегі барлық халық үшін міндетті сипатты иеленеді.
4. Егеменді билік - ол кез-келген биліктен дербес және тәуелсіз.
5. Заңдастырылған билік. Яғни, ол заңды негізді және қоғамдық тануды иеленген.
Мемлекетте еңбек бөлінісі болған жағдайда ғана, яғни, ерекше қызмет түріне негізделген дербес билік түрлері қалыптасқан жағдайда ғана, мемлекеттік биліктің тиімділігі артады. Мұндай биліктің үш түрі бар: заң шығарушы билік, атқарушы билік және сот билігі.
Мемлекеттің мәнін түсіну мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекеттің мәні - бұл оның мазмұнын, мақсаттарын, қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті. Мемлекеттің мәнін бұл түсініктің кең және тар мағынасында анықтауға болады.
Кең мағынада мемлекеттің әлеуметтік мәнін биліктік-саяси ұйымдасқан қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бірлестігі ретінде анықтауға болады. Мұндай бірлестіктердің тұтастығы сәйкес мемлекеттік-құқықтық институттар мен қатынастарда көрініс тапқан бұқаралық-биліктік құрылымдар негізінде қалыптасады.
Тар мағынада мемлекеттің әлеуметтік табиғатын қоғамнан бөлектенген, жекелеген класстар мен әлеуметтік топтардың да, қоғамның да мүддесін білдіруші әрі қорғаушы басқару аппараты, бұқаралық биліктің әртүрлі мекемелерінің жүйесі ретінде анықтайды.
Жоғарыда аталғандардың негізінде, мемлекеттің мәнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор:
1) формальды - кез - келген мемлекеттің саяси биліктің ұйымы екендігі;
2) мазмұнды - осы ұйымның кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.
Мемлекеттің мәнін анықтауда келесі бағыттарды атап өтуге болады:
- класстық, бұған сәйкес мемлекетті экономикалық үстемдік құрушы топтың саяси билігінің ұйымы ретінде анықтауға болады;
- жалпы әлеуметтік, бұған сәйкес мемлекетті әртүрлі класстар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін ескеру үшін жағдай жасайтын саяси биліктің ұйымы ретінде анықтауға болады.
Сонымен, мемлекеттің мәні саяси билік аппаратының көмегімен қоғамның тұтастығын және қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етуден көрінеді.

Мемлекеттің функциялары.
Мемлекет функциялары - бұл мемлекеттің қызметінің негізгі бағыттары, олардан мемлекеттің мәні мен мақсаты көрініс табады. Мемлекеттің функциялары оның міндеттерімен тығыз байланысты, олар мемлекеттің мәніне тәуелді болып келеді және оның өзгеруіне қарай өздері де өзгереді. Сонымен, мемлекет функциялары - ауыспалы сипаттағы категория. Олар мемлекет түрінің басқа түрге ауысу жағдайында да өзгереді.
Мемлекет функцияларын түрлерге бөлуді әртүрлі негіздер бойынша жүзеге асыруға болады:
а) әрекет ету ұзақтығына қарай функциялар тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Тұрақты функциялар мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде жүзегеасырылса, уақытша функциялар төтенше сипаттағы белгілі бір міндетті шешумен өз әрекетін жояды.
ә) маңыздылығына қарай - негізгі және қосымша функциялар;
б) қоғамдық өмірдің қай саласында жүзеге асырылуына байланысты - ішкі және сыртқы функциялар.
Мемлекеттің ішкі функциялары - оның алдында тұрған ішкі міндеттерді шешудегі қызметінің негізгі бағыттары. Ішкі функцияларға мыналар жатады: адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету функциясы, экономикалық функция, салық салу функциясы, әлеуметтік қорғау функциясы, экологиялық функция және мәдени функция.
Мемлекеттің сыртқы функциялары - оның алдында тұрған сыртқы міндеттерді шешуге байланысты қызметінің негізгі бағыттары. Сыртқы функцияларға мыналар жатады: мемлекетті қорғау функциясы, бейбіт тәртіпті сақтау функциясы, басқа мемлекеттермен одақтасу функциясы және т.б.
Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары - бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға бағытталған оның органдарының біртектес қызметі. Мұндай нысандарды екіге бөлуге болады: құқықтық және ұйымдастырушылық нысандар. Құқықтық нысандарға мыналар жатады:
а) құқықшығармашылық - бұл нормативтік актілерді дайындау мен шығаруға қатысты қызмет;
ә) құқыққолданушы - бұл құқық қолдану актілерін шығару арқылы нормативтік актілерді жүзеге асыруға байланысты қызмет, бұл заңдарды орындау мен басқарушылық сипаттағы әртүрлі мәселелерді шешуге байланысты күнделікті жұмыс; б)құқыққорғаушы - бұл адам мен азматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартуға және т.б. байланысты қызмет.
Ұйымдастырушылық нысандарға мыналар жатады:
а) ұйымдастырушылық-реттеуші - бұл белгілі бір құрылымдардың құжаттар жобаларын дайындаумен, сайлаулар жүргізумен т.б. байланысты мемлекеттік органдардың қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы жұмысы;
ә) ұйымдастырушылық - шаруашылық - бұл бухгалтерлік есеппен, статистикамен, қамтамасыз етумен т.б. байланысты жедел-техникалық және шаруашылық жұмыс;
б) ұйымдастырушылық - идеологиялық - бұл жаңадан қабылданған нормативтік актілерді түсіндірумен, қоғамдық көзқарасты қалыптастырумен және т.б. байланысты мемлекеттің әртүрлі функцияларын орындауды идеологиялық қамтамасыз етудегі күнделікті тәрбие жұмысы.

Мемлекет механизмі
Әдетте заң әдебиеттерінде мемлекет механизмің және мемлекеттік аппаратң түсініктері синоним сөздер ретінде қолданылады. Мемлекет механизмі - бұл мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдаусы мен тиімді қызмет етуні қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.
Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:
1) тікелей басқарушылық - бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжірибе алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері;
2) құқықтық нысандар - құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрлері, яғни, олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады және мемлекеттік-міндетті салдарды туындатады. Мемлекет аппараты қызметінің негізгі құқықтық нысандарына мыналар жатады:
а) құқық шығармашылық қызмет - бұл нормативтік актілер жобаларын дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет;
ә) құқық қолданушы қызмет - бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен байланысты қызмет;
б) құқыққ орғаушы қызмет - бұл заңдардың сақталуын бақылаумен және қадағалаумен, кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартумен т.б. байланысты қызмет.
Бұл құрылымға мыналар кіреді:
1) өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланыстағы және өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;
2) биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым т.б. салаларда жалпыәлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар;
3) басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;
4) мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық,қаржылық және күштеу құралдары.
Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидалары - бұл мемлекеттік органдарды құру мен олардың қызмет етуіның негізгі бағыттарын анықтайтын бастамашылық ережелер. Оларға мыналар жатады:
1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының артықшылығы қағидасы, бұл қағидаға сәйкес, мемлекеттік қызмешілер аталған құқықтар мен бостандықтарды мойындауы және қорғауы тиіс;
2) демократиялық қағидасы, бұл қағида мемлекеттік органдар қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыруға азаматтардың кең көлемде қатысуын білдіреді;
3) биліктің тармақтарға бөліну қағидасы, бұл қағида билік органдары мен лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз әрекеттерді болдырмауға негізделген;
4) заңдылық қағидасы, бұл барлық мемлекеттік қызметшілердің Конституцияны, заңдар мен заңға сәйкес актілерді сақтау міндеттілігін білдіреді;
5) жариялылық қағидасы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелдердің конституциялық құқығы пәнінен дәрістер
БИЛІКТІ БӨЛУ ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ СОТ БИЛІГІ
ТМД тарихы
Конституциялық құқықтың негіздері
Шетелдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі
Адам құқығының дамуы жайлы қазақ ойшылдарының идеялары
Шетелдердегі адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесінің негіздері
Қазақ елінің мәдени мұрасы
Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатындағы Н. Назарбаевтің ролі
Құқықтық мемлекеттегі негізгі заңның ерекшеліктері
Пәндер